«Сақшы» №70 (4140) 22. 09. 2015ж. Сыпайы сөйлеу — әдептіліктің алғышарты



жүктеу 25.3 Kb.

Дата19.02.2017
өлшемі25.3 Kb.

«Сақшы» №70 (4140) 22.09.2015ж. 

 

 Сыпайы сөйлеу — әдептіліктің алғышарты 

Сөз  сөйлеу  құдіретіне  ие  болу  –  адамның  жер  бетіндегі  тіршілік 

атаулының бәрінен де жоғары сатыда екендігін танытатын, адамды адам етіп 

тұрған адамзат баласының ұлы қабілеттерінің бірі. 

Күнделікті  тіршілік  барысында  адам  әр  түрлі  адамдармен  кездеседі, 

сөйлеседі,  пікір  алысады,  тәжірибе  алмасады.  Ал  олар  адамдардың  өзін-өзі 

ұстауы, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, киім киюі, сөйлеуі арқылы жүзеге асады. 

Адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  моральдық  нормамен  реттеледі. 

Қоғамдық  ортада  адамның  мәдениеттілігі,  өресі  көбіне  оның  сөйлеуінен 

көрінеді.  

Сөйтіп  сөйлеу  әдебінің  өзіне  тән  нормалары  мен  ерекшеліктері 

қалыптасады.  Сөз  арасында  қолданылатын:  кешіріңіз,  мүмкін  болса,  мақұл 

көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін т.б. сөздер тілге сыпайылық сипат 

береді.  Мұндай  майда  сөздер  үлкенге  де,  кішіге  де  жарасымды  болып, 

адамның кішіпейілділігін көрсетіп тұрады.  

Жақсы,  орынды  сөйлеп,  елдің  "тілін  таба  білу"  іскер  адамға  пайдалы. 

Жүздескенде  жылы  шырай  таныту,  басқалардың  сенімін  жоғалтпай,  айтқан 

уәдеде  тұра  білу,  өз  бас  пайдасын  ойлай  тұра  басқалардың  құқығын  тәрк 

етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы 

тиіс.  Басшы  мен  бағынушы  арасындағы  қарым-қатынас  ерекшелігі  олардың 

белгілі  бір  жағдайда  тең  еместігінен  туындайды.  "Ұлық  болсаң,  кішік  бол!" 

деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым 

сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — 

үлкен  өнегелік.  Тіпті  өзіңнің  айтылғанмен  келіспеушілігің  бола  тұра, 

қарсыласыңды  (оппонентінді)  соңына  дейін  тыңдап  шығу  тәрбиелілік 

нышандарының бірі. 

 

Құқық  қоғау  органдары  қызметкерлерінің  кәсіби  этикасы  басқа 



кәсіптерден өзінің деонтологиялық белгісімен ерекшеленеді. 

Кәсіби деонтология – нақты императивтік белгісі бар және белгілі кәсіп 

аясында  жеке  тұлғаның  қажетті  мінез  құлықтарын  регламенттейтін, 

моральдық нормалардың  жиынтығын  зерттейтін  кәсіби  этиканың бір  бөлігі. 

Жай этиканың нормаларынан ерекшелігі бұл нормалар қызметтік құжаттарда 

белгіленіп,  әкімшілік  санкциясымен  бекітілетін  таңдауға  құқық  бермейді. 

Сәйкесінше  құқық  қорғау  органдары  қызметкерлеріне  бірқатар  өзіндік 

моральдық  талаптар  қойылады.  Кейбірде  олар  ар  –  намыс  Кодексі  сияқты 

қызметтік  нормативтік  құжаттарда  кездеседі  және  оның  деонтологиялық 

белгісі болады.  



Құқық  қорғаушылардың  сөйлеу  мәдениеті  жайында    Қазақстан 

Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің  азаматтармен сыпайы 

және 

ілтипатты 



қарым-қатынас 

жасау 


Ережесінде 

айтылған.  

Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін-өзі қауіпсіз сезінуге, полиция қызметкерін 

оның  өмірін,  денсаулығын,  намысы  мен  абыройын  қылмыстық  қол 

сұғушылықтан сенімді қорғауға қабілетті қорғаушы ретінде білуі тиіс. 

Заңгердің  қызметінде  дау,  әңгіме,  диалогтың  ғылым  мен  күнделікті 

өмірде  алатын  орны  жоғары.  Дау  -  өз  пікірлерін  сақтай  отырып  екі  немесе 

бірнеше  тараптардың  арасындағы  ауызша  жарысы.  Дау  көбінесе  сұхбат 

ретінде басталады, ал сұхбат әртүрлі болады.  

Диалогты,  дауды,  сұхбат  пен  пікір  таласты  қатаң  түрде  жүргізу  үшін 

кейбір  ережелерді  сақтаған  жөн.  Осылайша  пікірлесуші  тараптар  бірінші 

кезекте даудың пәнін, яғни дау не жөнінде болмақ, соны білу қажет.  

Егер  адам  дауласатын  болса,  онда  ол  қарсы  жақтың  дәлелдерін 

шыдаммен  тыңдап,  түсініп  және  оларды  бағалап,  өзі  сенімді  дәлелді 

қабылдауы керек..  

Көбінесе,  сұхбаттасу  кезінде  жоспар  құрып  алған  жөн.  Сұхбат,  пікір 

талас кезінде мүмкіндігінше келесі ережелерді сақтауы қажет: 

-

 



дәлелді айғағы болатын болса, өз ұстанымдарынан бас тартпау; 

-

 



өз  ұстанымдарын  ұстануда  табандылық  танытпау,  егер  олар  жоққа 

шығарылған болса; 

-

 

әртүрлі, қиын сұрақтарды шешу кезінде тарихи даму қисынын сақтап, 



қазіргі  заман  мен  әдет  –  ғұрыптың  арасындағы  үзілмес  байланысты 

есте сақтау. 

Көпшілік сөзімді қалай қабылдайды дегенге немқұрайлы қараушылық – 

сендіруді емес, күшпен көндіруді мақсат еткендік екендігін есте ұстаған жөн. 

Сократ  айтады:  «Сөйлеп  көріңіз,  мен  сіздің  кім  екеніңізді  айтайын»  деп. 

Демек,  құқық  қорғаушы  кез  келген  сөйленген  сөз  жанды  құбылыс  іспеттес, 

ол  басы-аяғы бар  дене  секілді және  де  оның  әр бөлігі бір-бірімен үйлесімді 

әрі біртұтастықта өрілген болып келуі заңды екенін есінен шығармауы керек. 

Жақсы сөйлеу – жай ғана естіртіп жақсы ойлау екенін ескеруі ауадай қажет.  

Өз  саласының  майталманы  А.Ф.  Кони  мәнді  ештене  айтпағаннан, 

үндемеуді  артық  көрсе,  білгір  Боуви:  «Ақылды  сөйлеу  –  қиынның  қиыны, 

ақыл  безбеніне  салып  үндемей  қалу  одан  да  қиын»,  -  деп  тұжырымдайды. 

Демек, өзінің тіліне күші жетпеген адамның сөзінде шынайы ақиқат болмасы 

анық.  Қорыта  айтқанда,  құқық  қорғау  қызметкерлеріне  орнымен  сұрауға, 

көңіл  қойып  тыңдауға,  байсалды  түрде  жауап  беруге  және  айтар  ештенесі 

жоқ  кезде  сөйлеуді  доғаруға  үйренгені  абзал.  Құқық  қорғау  саласының 

бүгінгі  кәсіби  маманы  жарқын  да  бейнелі,  тартымды  сөйлей  білуге,  өзіндік 

сөйлеу  стилін  қалыптастыруға,  ішкі  табиғи  қалып,  ерекшелік  және 



икемділіктерді  ескере  келе,  өзіндік  сенімділікті  қоюлатуға  ұмтылу  дұрыс. 

Белгілі  бір  ой  ұшығын  тыңдаушыларғы  жеткізе  отырып,  олардың  бойында 

қажеттім әсер қалдыру үшін ерік күші, темперамент және тер төге еңбек ету 

керек-ақ. 

 

 

 



 

Лилия Кинжебаева  

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы  

Қостанай академиясы  

тілдер кафедрасының 

оқытушысы,  



полиция майоры  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал