Сарсенбаева С. С., Рамазанова Ш. Х., Баймаханова Н. Т. Медициналық жоғАРҒы оқу орындарындағы белсенді оқыту



жүктеу 0.55 Mb.

бет1/6
Дата10.04.2017
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3   4   5   6

 

 



 

 С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сарсенбаева С.С.,  Рамазанова Ш.Х., Баймаханова Н.Т. 

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ 

ӘДІСТЕРІ 

 

Оқу құралы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2011 ж. 


 

 



 

УДК 378:61 

ББК 74.58:51 

С 22 


 

Рецензенттер: 

 

Батырханов  Ш.К.,  педиатрия  Департаментінің  директоры,  медицина  ғылымдарының 



докторы, профессор 

 

Ибрашева  А.Х.,  Тараз  Мемлекеттік  педагогика  институтының  ғылым,  инновациялық  даму 



және  халықаралық  байланыстар  басқармасының  бастығы,  филология  ғылымдарының 

кандидаты. 

 

 

С  22      С.С.  Сарсенбаева      Медициналық  жоғарғы  оқу  орындарындағы  белсенді  оқыту 



әдістері: оқу құралы /С.Сарсенбаева,   Ш.Рамазанова, Н.Баймаханова – Алматы, 2011. – 44 б. 

 

ISBN 978-601-246-278-4 



 

Қазіргі уақыт ағымында жүру үшін педагогқа оқу үрдісіне қолайлы психологиялық ортаны, 

шығармашылық  еркінділікті  қамтамасыз  ететін,  ал  қатысушыға  білім  технологияларын 

таңдауға  мүмкіндік  беретін  белсенді  оқыту  әдістерін  енгізу  қажет.  Медициналық    жоғарғы 

оқу орнында оқу үрдісіне дәстүрлі емес оқыту әрдістерін енгізу тек педагог пен оқушының 

қалауына  ғана  емес,  сонымен  қатар,  педагогтың  ӛзінің кәсіби  шеберлігіне,  шығармашылық 

потенциалына, талпынысына, оның белсенді оқыту әдістерін игеру қабілеті мен оның негізді 

түрде дайындығына байланысты. Оқытудың белсенді  әдістерін қолдану қатысушыда келесі 

маңызды  компетенцияларды  қалыптастырады  –  білім,  дағды,  игерім,  ӛзбетінше  жетілуге 

ұмтылыс,  осымен  қатар  педагог  та  студенттермен  бірмезгілде  дамиды  және  кәсіби  ортада 

жетіледі.  Оқу  құралы  С.Ж.Асфендияров  атындағы  ҚазҰМУ  №  1  бала  аурулары 

кафедрасында  студенттер,  интерндер,  резиденттерді  дайындауда  қолданылатын  белсенді 

оқытудың авторлық технологияларынан тұрады. 

УДК  378:61 

ББК 74.58:51 

 

С.Ж.Асфендияров  атындағы  ҚазҰМУ  әдістемелік  кеңесінде  талқыланды  және  мақұлданды  



(№  4     хаттама, 26.04. 2011 ж.) 

 

 



ISBN 978-601-246-278-4 

 

 



 

 

с     Сарсенбаева С.С., 2011 



 

 

 

Мазмұны 

 

 



 

 

 

Бӛлім 

Беті 

Кіріспе  

 



Медициналық  жоғарғы оқу орындарындағы оқыту әдістері   



 

Белсенді оқыту әдістері 



 

Мәселелі оқыту әдістері 



 

Инновация дегеніміз не? 



 

Инновация және дәстүрлі әдістердің ерекшелігі? 



 

10 


Қатысушының инновациясы мен компетенциялары 

 

12 



«Педагог-қорғаушыдан» «педагог-менеджерге» 

 

13 



Адамдарды ӛз еркімен ӛзіне үлкен жауапкершілікті алуға қалай баулуға 

болады? 


15 

Ұсынылатын оқыту әдістері 

 

17 


Ӛз білімін қалай «қалауға»болады? 

 

Тәжірибелік сабақ сценарийінің мысалдары 



18 

 

19 



 

Интерактивті оқыту әдістерін жүргізу нұсқалары 

 

25 


Жоғарғы  курс  студенттерін  оқытудағы  педагогикалық  стратегияжәне 

тактика  

36 

Бой жазу 



 

40 


Қорытынды 

 

41 


Студенттермен әңгімелесу (анкета жүргізу) бағдарламасының мысалы 

 

Әдебиеттер тізімі 



 

43 


 

44 


 

 

 



 

 

 

 

 

 

  Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясындағы 

 

 



 

 өз уақытын басып озған біздің педиатрия 

 факультетінің барлық ерекше  және  

креативті оқытушыларына арналады … 

 

 

Кіріспе 

Қазақстандағы  денсаулықсақтау  дамуының  қазіргі  сатысында,  алдыңғы  қатарлы 

республиканың жоғарғы оқу орындарының қосылуына байланысты, соның ішінде Болондық 

үрдіске  енген  ҚазҰМУ-ға  жоғары  медицина  мектебінің  мамандарын  дайындауда  қатаң 

талаптар  қойылады.  Бұл  Қазақстандағы  медициналық  білім  беруді  жетілдіру  мен  оны 

оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізу қажеттілігін кӛрсетеді [1]. 

Білім  беру  бағдарламаларының  қайта  қалыптасуы,  ресурстық  мүмкіндіктерінің 

кеңеюі,  соңғы  техникамен  қамтамасыз  етілген  жаңа  ғылыми  медицина  орталықтарының 

салынуы,  жаңа  ойлы  қазақ  жастарының  қалыптасуы,  сонымен  қатар,  жоғары  медицина 

мектептерінің  түлектеріне  қойылатын  жаңа  талаптарға  сәйкес  педиатриялық  білім  беру 

маңызды ӛзгерістерге ұшырады.   

Әлемдік  жаңару  жағдайында  тек  медицина  саласында  ғана  емес,  экономиканың 

кӛптеген  салаларында,  республика  ӛнеркәсібіндегі  болып  жатқан  ӛзгерістерге  қарамастан, 

студенттерді оқытудың  «классикалық», бұрыннан белгілі оқыту әдістерін қолдану ыңғайлы 

деп санайтын, ауысуды қаламайтын бұрынғы және ортаңғы буын оқытушы-педиатрларының 

ойлау  стереотипі  педагогикалық  үрдіске  инновациялық  әдістерді  енгізуде  қиындықтар 

тудырды.  Ресей  ЖООдарындағы  оқытушыларды  анкеталауда  инновацияға  18%  педагогтар 

фрустрациялық-теріс, 26% пассивті-теріс және 10%  белсенді-теріс кӛзқарасын кӛрсетті [2]. 

Қазақстанда        2006  жылдан  бері  халықаралық  стандарттар  бойынша  медицина  кадрларын 

дайындау  жүзеге  асырылып  келеді.  Қазіргі  кезде  тәжірибелік,  семинарлық  сабақтарды, 

дәрістерді  ұйымдастыруда  «қарапайым»,  ыңғайсыз  әдістерді  қолданумен  шектелу  мүмкін 

емес.     

Педиатрия факультетінде мәселелі-бейімдеуші оқыту әдістерін қолдануға алғаш 20-25 

жыл  бұрын  қадам  жасалған  болатын.  Осы  үрдістің  басында  жүрген  профессорлар  мен 

доценттер,    кәсіби  маман-педагогтар  Т.Н.Никонова,  Н.П.Ярочкина,  Огай  Е.А.,  Исмагилова 

А.Ш.,  Сарсенбаева  З.Б.,  ШабдароваС.К.  болған.  Мысалы,  науқас  баланың  жалпы  қан 

анализінің  нәтижесін  талдай  отырып,  студент-түлек  6-жыл  бойы  алған  білім 

компетенцияларын,  нақты  айтсақ  –  бұл  қандай  анализ,  оны  жүргізу  кӛрсетілімі,  қалыпты 

жағдайдағы  негізгі  кӛрсетілімдер,    интерпретациялау  және  ӛзгерістердің  пайда  болу 

себептерін,  болуы  мүмкін  нәтижелерін,  сонымен  бірге,  медициналық  этика  және 

деонтология  туралы  білімін  кӛрсетті.  Осыған  байланысты,  сол  кездің  ӛзінде  болашақ 

педиатрды  дайындауда  компетентті  жолы  қолданылды.  Осы  кезден  бастап  педиатрия 

кафедрасының  доценті  З.Б.Сарсенбаеваның  жетекшілігімен  «авторлық  топтар»  құрылды. 

Сабақ  бере  отырып,  ол  5  және  6  курс  студенттерінің  балалар  аурулары  бойынша  кәсіби 

білімін жетілдіріп қоймай, педиатрлар ішінде медициналық-психологиялық оқулар жүргізді. 

Іскерлік  ойындары,  милық  шабуыл,  дискуссиялар,  эссе  дайындау,  тапсырманың 

эвристикалық  шешімі,  алгоритмдер  құрастырылды,  студенттер  ӛзбетінше  клиникалық 

конференциялар  дайындады.  Сол  уақыттағы  оқытудың  артықшылығы  «Балалар  аурулары» 

пәнінің ұзақтығы 3 есе ұзақ болуында.  Педиатрия факультетінде 70-ші жылдардың соңы мен 

90-шы жылдардың басында инновацияларды қолдану нәтижесінде еліміздің кез-келген жері 



 

 



 

мен шетелдерде еңбек етіп келе жатқан кәсіби шеберлер тобы пайда болды. Университеттен  

кӛптеген  педагог-новаторлардың  кетуіне  байланысты,  «тоқырау»  кезеңі  орын  алды.  «Ескі» 

оқытушылар  ӛз  тәжірибелерімен  бӛлісе  алмады,  ал  жас  оқытушылар  студенттерді  жоғарғы 

кәсіби  деңгейде  оқытуға  дайын  болмады,  себебі  олардың  кӛбісі  ӛзбетінше  жетілуді  қажет 

етті немесе ғылыми ӛсуді мақсат етіп алды.      

90-жылдардың  ортасы  мен  2000  жылдардың  басында,  мойындау  қажет,  медицина 

саласы білімі аз және жеткіліксіздігімен танылды, соның ішінде педиатрлар. Елдегі күрделі 

экономикалық  және  әлеуметтік  жағдайлар,  белсенді  миграциялық  үрдіс,    Қазақстандағы 

қалалар  мен  ауылдар  популяциясының  сандық  және  сапалық  құрамының  ӛзгерісі  «оқып 

үлгірмегендер»  иықтарына  ауыр  жүк  боп  батты.  Кӛріп  отырғанымыздай,  нақты  сол 

жылдарға  сәйкес  келетін  республикамыздағы  нәрестелік  ӛлім-жетім  мен  балалар 

аурушаңдығының  айтарлықтай  артуын  осымен  байланыстыруға  болады.  Сол  ағым 

түлектерінің  кӛбісі кейінгі жылдары белсенді түрде біліміндегі олқылықтарды толтырумен 

айналысты, жетілді, тәжірибе алды. Бірақ оны қаламағандықтан, жалқаулыққа немесе басқа 

да  форс-мажорлық  ӛмір  жағдайларына  байланысты  бұрынғыдай  қала  берді  немесе  аз  ғана 

кәсіби жетістікке жетті. Осы адамдар қазіргі кезде әріптестері мен науқастарының алдында 

медицина мен педиатрияның кемшіліктерін кӛрсетіп жүр.  

Қазақстан  тұрғындарының  әлеуметтік-экономикалық  жағдайының  ӛзгеруі,  ғылым, 

білім  саласында  соңғы  7-8  жылда  байқалған  халықаралық  серіктестік,  сонымен  қатар, 

Болондық  үрдіске  қосылу  (2010  ж.)  педиатрия  факультетінде  мәселелі-бейімделген 

оқытудың жаңғыруына себеп болды.  

Қазіргі  кезде  №1  бала  аурулары  кафедрасында  студенттер  мен  резидент-педиатрларды 

оқытудың келесі әдістері мен түрлері қолданылады:   

 

іскерлік  ойындары    -  топ  студенттерінің  барлығының  рӛлдік  қатысуы  (ата-ана  немесе 



науқас, емхана дәрігері, стационар дәрігері, жеке маман, функционалист, эксперт); 

 

дискуссия (студенттер тақырыпты ӛздері таңдайды); 



 

студенттермен ӛзара сұрақ алмасу (жекпе-жек); 

 

«жеке  ӛзі»  мәселені  шешуі  (бетпе-бет),студентке  ӛзбетінше  емдеу  тактикасын 



анықтауға тура келеді; 

 

студентті қызықтыратын тақырып бойынша эссе жазу; 



 

тақырыптық презентация-жоба құрастыру, кейін оны қорғау (резидентура); 

 

журналдық клуб әдісі (периодты түрде анализ жүргізе отырып, презентация дайындау),  



резиденттерді оқытуда қолданылады

 

кафедрада оқытылатын резиденттердің портфолио құрастыруы; 



 

дәрістердің  электронды  презентациялары,  дефектілі  және  графиктік  тапсырмалар,  

«мылқау» фотосуреттер; 

 

жетекші  мамандардың  қатысуымен  «Жас  педиатрлар  мекбетін»  ұйымдастыру 



(кардиолог, нефролог, эндокринолог және т.б.); 

 

тақырыптық конференцияларды жүргізужәне басқалары. 



Қазіргі  кезде  педиатрларды  дайындау  МЖББС-2006  бойынша  жүзеге  асырылатын 

болғандықтан,  бір  жағынан  педиатрия  мамандығын  «Жалпы  медицина»  факультетінің 

студенттерінің тек кейбіреулері ғана таңдайтындығы туралы біздің ойлау стереотипіміз мұң 

мен  қобалжу  тудыратындығы  сӛзсіз.  Біздің  кӛріп  отырғанымыздай,  бұл  мамандық 

экономикалық жағынан және тәжірибеде кездесетін қиындықтарға байланысты студенттерді 


 

 



 

қызықтырмайтындығы  белгілі.  Екінші  жағынан,  педиатр  мамандығы  бұл  мамандықты 

таңдайтын  шектелген  адамдар  санымен,  сапалық  оқытумен,  оқытудың  жаңа  әдістері  мен 

түрлері  қолданылумен,  балалар  клиникасының  тӛсек  қорын  тиімді  қолдану  мүмкіндігімен 

сипатталатын  жаңа  атаққа  ие  болуы  мүмкін.  Нақты  осы  жағдайда  болашақ  мамандарды 

оқытудың  белсенді  әдістерін,  ӛзара,  сонымен  қатар,  жеке  оқыту  траекториясын  қамтитын, 

қолдану  жүргізілетін  С.Ж.Асфендияров  атындағы  ҚазҰМУ  «авторлық  топтары»  құрылуы 

мүмкін.  

№  1  Бала  аурулары  кафедрасында  құрастырылған  оқу  құралында  авторлармен 

құрастырылған оқыту әдістері мен сабақты жүргізу сценарийлері ұсынылған.  

 

Медициналық жоғарғы оқу орындарында оқыту әдістері 

«Әдіс»  термині  грек  сӛзі  «methodos»  шынайыға  алып  баратын  жол,  әдіс  дегенді 

білдіреді.  

Оқыту  әдістері  –  бұл  тапсырылған  мақсаттар  мен 

міндеттерге  жетуге  бағытталған  оқытушы  мен  оқушылардың 

реттелген  әрекеті.Оқыту  түрі  –  бұл  оқу-тәрбие  үрдісінің 

ерекше  түрі,  оқудың  мазмұнының  болуы  және  оны    жеткізу 

әдісі. Медициналық жоғарғы оқу орындарында дәстүрлі түрде 

жеке-топтық  және  дәрістік-семинарлық  оқыту  түрлері 

қолданылады,  олар  сабақтың  дидактикалық  мақсаты  мен 

студенттер 

санына 


байланысты 

жіктеледі: 

дәрістер, 

семинарлық 

сабақтар, 

консультациялар,  практикумдар, 

зертханалық-тәжірибелік сабақтар,  ӛндірістік  практика,  коллоквиум, сынақ, емтихан [2, 47-

48 б.].  

Қазіргі кезде оқу үрдісінде келесі әдістер қолданылады:  

 

түсіндірме-кӛрнекі  (қатысушы  білімді  дәрістен  немесе  әдістемелік  әдебиеттен  «жалаңаш» 



түрдегі экрандық оқулықтан алады)  [3]. 

 

репродуктивті (меңгерілген үлгі немесе ереже негізінде қабылдау, қатысушылар алгоритмдік 



сипатта  жұмыс  істейді,  яғни  кӛрсетілген  ситуацияларға  ұқсас  нұсқаулар,  ережелер 

бойынша). 

 

ойын  мәселелі  түрде  жеткізу  әдісі  (педагог  мәселені  анықтайды,  танымдық  қабілетін 



қалыптастырады, әртүрлі жолдармен тапсырылған міндетті шешу әдісін кӛрсетеді). 

 

жекеленген-іздеу,  немесежетекшілікпен  жүргізілетін  эвристикалық  әдіс  (эвристикалық 



бағдарламалар  мен  кӛрсетілімдер  негізінде  танымдық  есептер  шешімін  белсенді  іздеуді 

ұйымдастыру). 

 

зерттеу    (материалды,  қойылған  мәселе  мен  есеп  құрылымын  талдағаннан  және  қысқаша 



ауызша  немесе  жазбаша  нұсқаулықтан  кейін  қатысушыәдебиеттерді,  оқулық  кӛздерін 

ӛзбетінше  меңгереді,  бақылау  мен  ӛлшеу  жүргізеді,  басқа  іздеу  жүргізу  түрлерін 

орындайды).  

Педагог нақты сабақты жүргізудің тиімді  әдісін анықтау үшін Ю.К.Бабанский [4, 33 

б.] жеті қадамнан тұратын алгоритм ұсынды: 

1.

 



Материалдың ӛзбетінше немесе педагог жетекшілігімен меңгерілетіндігі туралы шешім; егер 

студент ешқандай күш жұмсамай және кӛп уақытын жібермей материалды терең меңгеретін 

болса,  педагог  кӛмегінің  қажеті  болмайды.  Керісінше  жағдайда  басқа  немесе  сондай  түрде 

педагог кӛмегі қажет болады.  



 

 



 

2.

 



Репродуктивті  және  продуктивті  әдістердің  қатынасы.  Егер  қолайлы  жағдай  болса,  әрине 

негізінен  продуктивті әдістер қолданылады. 

3.

 

Индуктивті  және  дедуктивті  логика,  танымның  аналитикалық  және  синтетикалық 



жолдарының  қатынасы.  Егер  дедукция  және  талдау  үшін  эмпириялық  база  дайын  болса, 

әрине  дедуктивті  және  синтетикалық  әдістер  ересек  адамның  қолынан  келеді.  Олар, 

сӛзсізқатаң, үнемді, ғылыми түрде жеткізуге ұқсас. 

4.

 



Сӛздік, кӛрнекі, тәжірибелік әдістерді біріктіру шаралары мен әдістері. 

5.

 



Студенттерді жігерлендіру әдістерін енгізудің қажеттілігі туралы шешім. 

6.

 



«Нүктелер», интервалдар, бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау әдістерінің түсініктері. 

7.

 



Жоспарланған  оқыту  шынайы  үрдісінен  ауытқыған  жағдайда  қосымша  нұсқаларын  ойлап 

табу. 


Оқыту технологиялары жіктеледі: 

 

әрекет ету бағытына қарай (оқушылар, студенттер, оқытушылар және т.б.); 



 

оқыту мақсатына қарай; 

 

пән сипатына қарай (гуманитарлық, табиғи, техникалық пәндер және т.б.); 



 

техникалық 

құралдардың 

қолданылуына 

қарай 

(аудиовизуальды, 



компьютерлік, 

видеокомпьютерлік және т.б.); 

 

оқу үрдісінің ұйымдастырылуына қарай (жеке, ұжымдық, аралас); 



 

әдістемелік міндетіне қарай (бір зат, құралдар,әдістертехнологиясы). 

Студенттердің ұжымдық жұмысын жүргізуде ұйымдастыру, педагогикалық және әлеуметтік 

жоспарлар жағынан кедергілер туындайды. Топтық жұмыс білім іздеу айтарлықтай нәтижелі 

болуы  үшін,  студенттерге  –  қызықты,  тұлғалық  және  әлеуметтік  маңызды,  қоғамдық-

пайдалы, жеке мүмкіндіктері бойынша қызметтерді бӛлуге болатындай,бірігіп жұмыс істеуді 

ұсыну қажет.  

 

 

Мен естігенімді ұмытамын. 



Мен кӛргенімді есте сақтаймын. 

Мен істегенімді түсінемін. 



Конфуций. 

 

 

Белсенді оқыту әдістері 

Педагогикалық  тәжрибені  талдау  кӛрсеткендей  [4,  5-7  б.],  кейбір  оқытушылар 

ойындық  технологияларын  игермей  жатып  оны  енгізуге  тырысады.  Ойындық  әдістер,  1932 

жылы  КСРО пайда  болған  (мысалы,  іскерлік  ойын),  жаңа  технологияның компетентті  емес 

педагогы, ал оқу үрдісінде ситуацияны, кейс немесе тренинг талдау әдістері – іскерлік ойын 

деп  аталады.  Педагогикалық  жүйеде,  сонымен  қатар,  ойын  әдісі  оқыту  үшін  емес,  немесе 

қатысушыны  дамыту  үшін  емес,  тек  ойын  мақсаттарын  шешу  үшін  қолданылады  деген 

қателіктер де бар.  

Оқу  жұмысын белсендіру түсінігі білім меңгеруде, тәжірибеде қолданылатын игерім 

мен  дағдыларын  қалыптастыруда  студенттердің  қызығушылығы  мен  ӛзбетінше  жұмыс 

істеуін,  шығармашылық  белсенділігін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  оқыту  құралдары  мен 

әдістерін,  түрлерін  ойлап  табуға  бағытталған  оқытушының  мақсатты  жұмысын  білдіреді. 

Сонымен  қатар,  ӛзбетінше  шешім  қабылдауы  және  ӛндірістік  жағдай  болжау  мүмкіндігін 

қалыптастыру.   



 

 



 

Белсенді оқыту әдістері пассивті оқыту әдістерінен былайша ерекшеленеді: 

 

мәжбүрлі  түрде  ойлау  қабілетін  белсендіру  әдісі  қолданылады, 



оқушы қалауынан тыс белсенді болуы керек; 

 

студенттер 



оқу 

үрдісіне 

айтарлықтай 

ұзақ 


уақыт 

қатыстырылады,  себебі  олардың  белсенділігі  қысқа  уақытты 

немесе эпизодты емес, айтарлықтай дәрежеде тұрақты және ұзақ 

(барлық сабақ кӛлемінде) болуы керек

 

белсенді оқыту кезінде ӛзбетінше қатысушыны шығармашылық 



шешім 

қабылдауға 

жігерлендіреді, 

эмоционалды 

және  

мотивация дәрежесі артады; 



 

тікелей және кері байланыс арқылы оқытушы мен студенттің тұрақты түрде ӛзара байланысы 

жүзеге асырылады. 

Белсенді оқыту әдістері:  

 

мәселелі дәрістер («Қазіргі гастроэнтерологияның… ӛзекті мәселелері»),  



 

мәселелі семинарлар («Балалардағы гематуриялық синдром» және басқалары),  

 

тақырыптық  дискуссиялар  («Шешілген  және  шешілмеген  мәселелер…»,  «Дифференциялық 



диагностика мәселелері…», «Күрделі диагноз…» және басқалары),  

 

дӛңгелек үстелдер  («Бронх демікпесі. Қазіргі диагностика және емдеу әдістері»),   



 

милық  шабуыл  («Жедел  аллергиялық  аурулар  кезіндегі  дәрігер  тактикасы»,  «Балалардағы 

ісінулер» және басқалары), 

 

педагогикалық  ойын  жаттығулары  (глоссарий,  кроссворд,  кесте  толтыру,  дифференциялық 



диагностика алгоритмін құрастыру және басқалары), 

 

тәжірибе жинау (науқас курациясы).   



Имитациялық  оқыту  түрлерінің  белсенді  әдістеріне  ойындық  емес  нұсқалары 

жатады:  нақты  ситуацияларды  талдау  (тақырыптық  науқасты  клиникалық  талдау, 

параклиникалық  зерттеу  әдістерінің  нәтижелерін  талдау  және  басқалары),  имитациялық 

жаттығулар, тренинг; 



Ойындық  түрлеріне  жатады:    рӛлдік,  іскерлік  ойындар,  мәселелі-іскерлік  (5-6 

студенттен  тұратын  топ  жағдайды  талдайды және  ӛзбетінше  шешім  қабылдайды,  оқытушы 

тек шешім қабылдауға әсер етеді, бірақ ол дайын жауаптарды ұсынбайды),зерттеу (ғылыми 

жоба),  ұйымдастыру-танымдық  (эссе  құрастыру),    ұйымдастыру-іскерлік  ойындар 

(портфолио),  блиц-ойындар (сұрақ-жауап), ойындық жобалау. Берілген оқыту түрлері кәсіби 

әрекет  етуді  кӛрсетумен  сипатталады,  сондықтан  медициналық  ЖООда  оқу  үрдісінде 

белсенді қолданылуы қажет.  

Белсенді оқыту әдістерінің басты принципі – стдуенттің «мен істей алмаймын», «мен 

білмеймін»  деген  ұстанымдарына  тосқауыл  қою.  Еркін  кеңістік  принципін  ұстану 

ұсынылады:  сабақ  қатысушылары  еркін  қозғалуына,  шеңбер  бойынша  орналасуына,  кіші 

топтарда  бірігіп  жұмыс  істеуіне  болады,  мәселені  шешу,  тапсырманы  орындау  үшін 

жекелене алады және т.б. 

Іскерлік оқыту – бұл принцип, концепция, әдістер мен жолдарды тек түсіну ғана емес, 

алған білімін есте сақтау қабілеті және тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.  



 

 

 

 

 



 

Мәселелі оқыту әдістері 

Болашақ  маман-дәрігерге  қажет,  тұлғаның  шығармашылық  мүмкіндіктерін 

дамытудың жетістікті бағытының бірі мәселелі оқыту болып табылады.  

Мәселелі  оқыту  –  бұл  оқу  барысында  студент  жаңа  білім,  игерім  және  дағдыларды 

меңгеретін  стандартты  емес  тапсырмаларды  шешуге  үйрену.    Берілген  әдістің  басты 

нәтижесі студенттің кәсіби ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады.  

Мәселелі оқыту маманда қалыптастырады: 

 

мәселені ӛзбетінше анықтай білу және құрастыру мүмкіндігі; 



 

гипотезаны анықтау мүмкіндігі, оны тексеру әдісін табу немесе ойлап шығару; 

 

мәліметтер жинау, оларды талдау, оларды ӛңдеу әдістемесін ұсыну;  



 

жалпы  мәселені,  оның  аспектілері  мен  оны  шешу  сатыларын  кӛре  білу  мүмкіндігі,  ал 

ұжыммен жұмыс істеуде – мәселені шешуде жеке тұлға ретінде қатысуын анықтау. 

Мәселелі  оқыту  элементтері  антикалық  кезеңде,  одан  кейін  Жаһандану  кезінде  де 

орын  алды.  Бұл  Сократтың  эвристикалық  әңгімелесулері,  Галилей  диалогтары  мен 

әңгімелесулері, Ж.-Ж.Руссо мәселелі диалогтары, К.А.Тимирязев дәрістері.  

Мәселелі  оқыту  педагогтың  дайын  түрде  білімін  хабарламайтындығына,  оларды 

шешу  әдістері  мен  жолдарын  іздеуді  меңзей  отырып,  қатысушыларғамәселелі  тапсырмалар 

қоюына  негізделген.  Мәселені  шешу  шығармашылық  ойлауды  талап  етеді.  Қазіргі 

педагогикада мәселелі оқытудың үш түрі тәжірибеден ӛтіп жатыр: 

 

дәрісте монологтық тәртіпте немесе семинарда диалогтық тәртіпте оқу материалын мәселелі 



жолмен жеткізу; 

 

лабораториялық жұмыстарда сынақтарды орындауда жекеленген-іздеулік жұмыстары; 



 

ӛзбетінше зерттеу жұмыстары. 

Мәселелі  жолмен  қарастыру  тиімділігін  жоғарылату  СҒЗЖ  арқылы  жүзеге 

асырылады,  оны  орындау  кезінде  студент  кәсіби  ойлау  қабілетін  қалыптастырудың  барлық 

сатыларынан  ӛтеді,  ал  жеке  дәрістер,  семинарлар  немесе  тәжірибелік  сабақтарда  мәселелі 

оқытудың бір ғана немесе шектелген мақсаттары қарастырылады.  

 

Кім ескіні елемей, жаңаға жетсе, ол оқытушы бола алады. 



Конфуций 

 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал