Сарсенбаева ж. Б



жүктеу 54.1 Kb.

Дата23.05.2017
өлшемі54.1 Kb.

 

 

«SMART – оқыту негізінде оқытушының кәсіби деңгейі»  

 

САРСЕНБАЕВА Ж. Б. 

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық коледжінің 

екінші санатты «Информатика» пәнінң оқытушысы 

 

Аннотация 

Баяндамада Smart- оқытудың  мақсаты мен маңыздылығы және негізгі бағыттары 

айтылады. Оқу үдерісінде қолданылуы бойынша іс – тәжірибеден мысалдар келтірілді. 

Smart- технологияларды қолданып өткізілген сабақ үлгісі көрсетіледі.  



Кілт  сөздер:  Smart-  оқыту,  веб-сайт,  мобильді  оқыту,  электронды  оқыту, 

инновация. 

 

Smart-  оқытудың    негіздері,  оны  сабақта  тиімді  пайдалану.  Электронды  оқыту 



кезеңіне  дейін  «Уақыт  келе  білім  беру   дәстүрлі  оқытудың  шегінен  шығады»-  деп 

Питер  Друкер  айтқан  екен.  Smart  оқыту  да   мақсатқа  және  ең  үздік 

нәтижеге  талпынуды  болжайды.  Мақсатты  дұрыс  қоя  білу  –  бұл  жетістіктің 

жартысы. Smart мақсаты да осындай, әр сөзі бір бағытты көрсетеді:

 

S – Self Directed (өзін-өзі оқытуға бағдарланған)

 

M - Motived – (белсенді танымдық іс-әрекетті негіздейді)

 

– Adaptive – (білім беру субъектісіне бейімделген)

 

R – Resourse Free – (білім беру ресурстарына еркін қолжетімділігі бар)

 

T – Technology Embedded – (технологиялармен қамтамасыз етіледі) 

SMART оқытудың құралдары: 

-

 



Сандық оқыту құралдары

-

 



Ақпарттық оқыту құралдары; 

-

 



Технологиялық оқыту құралдары. 

SMART оқытудың бағыттары: 

-

 



Сандық басты реурстарды арттыру

-

 



Онлайн сабақтардың белсенділігін арттыру; 

-

 



SMART контенттерін пайдалану жүйесін құру; 

-

 



Контент  (  мазмұн,тауар) -ақпараттық  реурстарды,  кез-келген  веб-сайтты 

маңызды ақпаратпен не мазмұнмен толықтыру. 

Оқу  контенттері  көптеген  қаражатты  қажет  етеді.  Осы  жерде  Ахмет 

Байтұрсынұлының «Оқытудың  үш  жағы  бар,  үшеуі  үш  нәрсеге  тіреледі:  біреуі  оқу 

құралдарына,  екіншісі  ақша  –  қаражатқа,  үшіншісі  жақсы  мұғалімге» деген  сөзін 

қолданғым  келеді.  Неге  десеңіз  жақсы  мұғалім  қолындағы  бар  оқу  құралдарын 

пайдаланып шеберлік танытады. 

SMART оқытудың өзі :  

-

 



кез-келген жерде,кез-келген ортада оқыту; 

-

 



өзіндік оқу; 

-

 



мобильді оқыту; 

-

 



электронды оқыту. 

Ұлттық  және  адамгершілік  құндылықтарды  құрметтейтін,  мәдениеті  жоғары 

деңгейде,  «ақылды  технологияларды»  пайдаланатын,  бәсекелесе  оқыту  ортасы 

үйлесімді мемлекет әлемдік рейтингте жетекші позицияға жеткені таңғанарлық емес.  

Мемлекеттің  дамуындағы  негізгі  бағыттарды  атап  өтуге  болады:  ақпараттық 

технологиялар,  электронды  тауарлар,  автомобилдік  өнеркәсіп,  кеме  жасау. 

Статистикалық  мәліметтерге  сүйнетін  болсақ  Корея  әлемде   жетекші  позицияда: 

цифрлық  ТД,  кеме  жасаудан  1  орын,  мобилдік  байланыстан  2  орын,  телематикадан  3 



орын, интеллектуалды робот жасаудан 4 орын, үй байланысынан 5 орында (2007 жыл 

мәліметінен).  Қазіргі  уақыттаSamsung  смартфондар  үлесі  бойынша  әлемдік 

нарықта 31,2% құрайды.Мемлекеттің  шапшаң   қарқынды  даму  себебі:  жоғары  сапалы 

мамандарды  оқытуда,  еңбексүйгіштік  пен  табандылықт,  «пале-пале»(шапшаң) 

мәдениетінде. Қоғамда халқының  70-80% жоғары білім алады, мақсаты өмір бойы оқу, 

уақыт  пен  кеңістікте   шегі  жоқ  «кез-келген  жерде,  кез-келген  уақытта»  ұтқырлықты 

және маңыздылықты болжайды. Бұл ойлануға тұратын фактілер. 

Смарт құрылғылар не үшін қажет? 

-

 



смарт  телефон,  планшет  сияқты  соңғы  технологияны  қолданып  жүрген 

оқушыларға бұл тақта түсінікті, әрі сабаққа деген қызығушылығын арттырады; 

-

 

бұл сенсорлы экран тез жұмыс жасаумен қатар, бір уақытта бірнеше оқушының 



жұмыс жасауына көмектеседі; 

-

 



технология жаңартылған сайын ол кешендендіріліп, сабаққа керекті материалдар 

да толықтырыла түседі; 

-

 

сабақтың  центрден  есте  сақтау  қабілетіне   үлкен  экраннан  көрсетілуіне,  сол 



уақытта оқушылар өздері тапсырманы жасап, немесе сол бағытта басқа бір тапсырманы 

жасай алуларына болады; 

-

 

сабаққа қажетті құралдарды ресурстар сайтынан алуларына немесе интернетпен 



жұмыс жасауға болады; 

-

 



3D объектілерді түсіндіруге көп көмегі тиеді; 

-

 



оқушылардың сабаққа қызықты, әрі белсенді қатысуына ықпал етеді

-

 



оқушылардың  бір  уақытта  бірнеше  оқушы  жұмыс  жасай  алуына  байланысты, 

 топпен жұмыс жасауға да ыңғайлы; 

-

 

смарт  экранда  объектілер  мен  жазбаларды  қозғауға,  суреттер  мен 



диаграммаларға қосуға мүмкіндік береді; 

-

 



сабақты қызықты етіп өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттырады; 

-

 



оқушылардың  жеке  және  әлеуметтік  қабілеттерін  арттыра  отырып,  топпен 

жұмыс жасауға көмектеседі; 

-

 

сақтау және баспаға басу мүмкіндіктері арқасында жазудан құтқарады



-

 

материалды   түсінікті,  көрнекі  етіп  беру  арқасында  оқушылардың  қиын 



материалдарды да түсінуін жеңілдетеді; 

-

 



оқушылардың  өздеріне  деген  сенімі  артып,  шығармашылық  жұмыс  жасаулары 

артады; 


-

 

оқушылардың сабақтан тыс та көп қызықты жұмыстар жасауына да көмектеседі. 



Кореяда  Smart  технологиялардың  ілгеріленгені  соншалықты,  әр  жоғары  оқу 

орындары  оқыту  контенттерін  жоғары  деңгейде  құруға  мүмкіндіктері  бар.  Суншил 

Кибер Университетінде (Soongsil Cyber University) қашықтықтан оқытуды қамтамасыз 

ету  үшін Chroma  Key жұмысының  негізін  қолданатын  инновациялық  бейнетүсіру 

мүмкіндіктерімен   6  автоматтандырылған  және  3  хабар  тарату  студиялары  жұмыс 

істейді.


 

Smart  оқытудың келеңсіз  жағы  да  бар,  атап  айтатын  болсақ  Интернетке  зияны,  

смартфондардың  балалардың  денсаулығы  мен  дамуына  (ойындар,  балалардың 

Интернетке  тәуелділігі,  т.б.),  бірақ оқытудың  келешегі  инновацияда екенін   түсіну 

керек.


 

Жеке  тұлғаның  интеллектуалдық  қабілетін   жан-жақты  дамыту  үшін  оған  әсер 

ететін факторларды, алғышарттарды білу керек. Интеллектуалдық қабілетті дамытудың 

ең маңызды факторларының бірі  - білім беру жүйесіндегі технологиялар.

 

Соңғы  онжылдықта  цифрлық  қоғам  белсенді  түрде  қалыптасып,  электронды 



оқыту,  электронды  денсаулық  сақтау,  электронды  үкімет,  электронды  ғылым  т.б. 

ұғымдармен  біздің  сөздік  қорымыз  толықты.  Ақпараттық  қоғамның  сөздік  қорында 



тағы да бір жаңа ұғымдар - Smart, Smart education ұғымдары белсенді түрде еніп келеді. 

Smart  education  ұғымы  тіпті  көптеген  елдерде  іс  жүзінде  жиі  қолдануда.   Smart 

education  ұғымының  негізгі  мәні  неде?  Сөздің  түбіріне  келетін  болсақ,  «smart» сөзі 

ағылшын  тілінен  аударғанда  «зерек»,  «ақылды»  дегенді  білдіреді.  Смарт  -  бұл 

неологизм,  сын  есім  ретіндегі  негізгі  мағынасы   -  парасатты,  тапқыр,  ақылды,  ал  зат 

есім ретінде  – ақыл, алғырлық, зеректілік деген мағынаны білдіреді. Осы сұраққа кең 

көлемде  жауап  беру  үшін  білім  беру  жүйесіндегі  бағыттардың  дамуын  қарастырған 

орынды.  Бұл  бағыттарды  үш  кезеңге  бөліп,  қарауға  болады.  І  кезең  «өткен  шақта» 

студент  үшін  жалғыз  білім  көзі  оқытушының  өзі   болып,  оқытушының  кеңесімен  

студент жаңа білімдерді аудиторияда немесе оқулықтардан  ала алатын болды. ІІ кезең 

«қазіргі  кезде»  білім  тек  оқытушыдан  студентке  беріліп  қана  қоймай,  студенттен 

студентке де беріледі, ал бұл білімнің жаңа деңгейін құруға мүмкіндік береді.

 

Қазіргі  кезде  әлемнің  түкпір-түкпіріне   SMART  Technologies  компаниялары 



инновациялық  құралдарын  ұсынып,  жұмыс  пен  оқытуға  деген  адамның  көзқарасын 

түбірімен  өзгертті.  Бұл  компанияның  жұмыс  нәтижесін  тапсырыс  берушілер:  бұлар 

мұғалімдер, оқушылар және де іскер адамдар SMART құрылғыларының оқытуда жаңа 

тәсілдер  енгізуге,  бірлескен  жұмыстың   жаңа  тәсілін  ойлап табуға  және  жаңа  идеялар 

тудыруға  мол  көмегі  тигендігі  жөнінде  пікірлерімен  анықтауда.  SMART 

құрылғыларының ең танымалы 1991 жылы қолданысқа енген интерактивті тақталарды 

ерекше  атап  өтуге  болады.   SMART  құрылғылары  білім  беру  жүйесінде  де,  жоғары 

білім беру жүйесінде де, бизнес саласында да, әкімшілік пен қарулы күштер саласында 

да  сұранысқа  ие.  SMART  өнімдерін  әлемнің  175  елі  кең  қолдануда.  SMART 

құрылғыларының  ең  танымалы  интерактивті  тақталардан  басқа,  қазіргі  кезде 

интерактивті  панельдер,  интерактивті  орталықтар,  үстелдер,  интерактивті  экрандар, 

оқушылар  үшін  жауаптар  жүйесі,  сымсыз  "грифельді"  тақталар,  күшейткіш 

аудиожүйелер, документ-камера секілді т.б. бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған 

құрылғыларды  ұсынып  келеді.   SMART  education-нің  негізгі  идеясы  техникалық 

құралдарды,  қызметтер  мен  интернетті  қолдану  арқылы  адам  өмірінің  барлық 

аспектісін  жетілдіру  болып  табылады.  Мұндай  стратегия  АҚШ,  Корея,  Жапон  және 

еуропа  елдері  үшін  эталонға  айналды.  Ал  Кореяда  инновациялық  білім  беру  

технологиялары  1996 жылдан беру белсенді  дамып келетінін ескеретін болсақ, біздің 

білім  беру  саласындағы  мұндай  инновациялық  жаңалығымыз  кешеуілдеп  дамып  келе 

жатқандығын көрсетеді.  Егер дамыған 30 елдердің қатарына енгіміз келсе, білім беру 

жүйесінің сапасын арттыру мақсатын қойып, білім саласын қаржыландыруымыз қажет.

 

 Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа  жолдауындағы  «Оқу  үрдісінде  ақпараттық 



технологияларды  білім  беру  саласын  жақсартуда  қолданысын  кеңейту  керек»  деген 

сөзін  басшылыққа  ала  отырып,  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  жаңа  ақпараттық 

технологияларды  пайдаланып,  аталмыш  оқыту  жүйесіне  жаппай  көшу  арқылы   білім 

беруді  жетілдіру  керек.  Себебі  2014  жылғы  17  қаңтардағы  ҚР  Президентінің 

«Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты   жолдауында: 

«Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында басты 

басымдылық ретінде ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту, оқыту 

нәтижесі  оқушылардың  сындарлы  ойлау,  өзіндік  ізденіс  пен  ақпаратты  терең  талдау 

машығын игеру болуға тиіс» деп белгілеген болатын. Осы орайда колледжде  SMART 

технологиясы  технологиясы пайдаланып келеді.  Интерактивті тақтамен  интерактивті 

панельдер көбіне қолданамыз (слайд түрінде іс – тәжірибеден мысалдар көрсетіледі). 

Жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың кешенді үрдісі немесе 

ғылыми-техникалық  шешімнің,  адамдардың,  ұсыныстардың,  жаңа  идеялардың 

тәжірибеге  енуі,  іске  асырылуы  және  де  соңында  қолданылуы  –  инновация 

көрсеткіштері. Осы талаптарға отандық білім жүйесінің сай келуі, соңғы болып жатқан 


өзгерістерге,  өскелең  сұраныстарына  үлгеру  басты  талапқа  айналып  отыр.  Қай  елдің 

болсын,  заман  ыңғайына  қарай  экономикалық-қоғамдық  қатынастарының  барлық 

саласы  өзгеріп,  дамыған  сайын  білім  беру  жүйесі  де  өзгеше  мән-мазмұнға  ие  болып, 

сол қатынастарға сәйкес дамитыны табиғи заңдылық. 

Бүгінде  әлемдік  озық  технологиялар  мен  жаңашыл  ізденістер  отандық  білім 

жүйесінде  кең  қолданысқа  ие  болып  отыр.  Smart  технологиясының  кешенді  дамуы  – 

Smart-қалалардың негізі болып табылады, ал бірлесіп жұмыстануымыздың нәтижесінде 

Smart-Қазақстанды құраймыз деген үлкен мақсатқа қол жеткізуге үміттіміз. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

1.

 



E-Learning  practices.  Cases  on  Challenges  Facing  e-Learhihg  and  National 

Development: Institutional Stadies and Practices / ed. U.Demiray. V.1-2 – Eskisehir-Turkey, 

Anadolu University, 2010. 

2.

 



Государственная  программа  развития  образования  Республики  Казахстан  на 

2011-2020  годы,  утвержденная  Указом  Президента  РК  Н.А.Назарбаева  №1118  от 

07.12.2010. 

3.

 



Д.Белл 

Социальные 

рамки 

информационного 



общества 

//Новая 


технократическая волна на Западе. - М.: Прогресс, 1986 г. - С. 330-342. 

4.

 



Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы. Астана, Ақорда, 

2007 жылғы қаңтардың 11-і, №217 – ІІІ ҚРЗ. 

5.

 

Н.Ә.Назарбаев.  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалайық»  Қазақстан  халқына 



Жолдауы. //Егемен Қазақстан, 29.01.2011 ж. 

6.

 



Ю.Сарвиро.  Создание  курсов  дистанционного  обучения  с  помощью  Microsoft 

Learning  Content  Development,  «День  некоммерческих  организаций»,  Конференция, 



Краснодар, 13 октября 2011 года. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал