«Саржан» жазушы Әбішев Әлжаппар дың жақында шыққан ұзақ әңгімесі



жүктеу 24.69 Kb.

Дата09.03.2017
өлшемі24.69 Kb.

КІТАП СЫНЫ 

"САРЖАН" 

«Саржан» жазушы Әбішев Әлжаппар-

дың жақында шыққан  ұзақ әңгімесі. 

Әңгіме соғыс жайында,  қазақтың Саржан 

деген полковнигінің  ұлы отан соғысында-

ғы ерлігі жайында. 

Әңгіме соғыс, майдан жағдайын, неміс-

фашист басқыншылардың айуандығын, 

совет адамдарының отанға берілгендігін, 

қаһармандығын, бір сөзбен айтқанда со-

ғыс заманының жайын көзге айқын 

елестетеді, соғыс заманы жөнінде кейін-

гілерге айқын куә бола алады. 

Мұның үстіне әңгіменің сюжет  құр-

лысы, оқыйғасы  қызық, Лермонтовтың 

«Заманымыздың еркесі» деген әңгімесінің 

сюжетті  құрылысы сыяқты: әңгіме айты-

лып келе жатқанда оның кей жерлері 

селкеу, жұмбақ болып  қалып отырады да 

ақырында шешіледі; бір оқыйғаның түйі-

ні екінші оқыйғадан барып шешіледі; 

оқыйға болған ретімен келмей, шалыс ке-

ліп отырады. 

Мысалы, «Саржанның» мазмұны, 

оқыйғасы, сюжеті былай болып келген. 

1942 жылы жазушы майданға барып, 

сондағы әйгілі 8-гвардияда болып,  қай-

тып келе жатады.  Қасында екі серігі бо-

лады: бірі Григорий—жазушының жол-

басшысы, екіншісі Гүлжаһан штабқа кетіп 

бара жатады: Көктем, жер еріп жатыр. 

Жол ауыр: машина, көлік жүре алмай-

ды. Үшеуі жаяу келе жатады. Жол өн-

бейді. Межелі жерге жете алмай, жолау-

шылар далаға түнейді. 

«Тоқтаған жеріміз қалың орманның 

ортасындағы дөңгелек алаң. Алаңды  қақ 

жарып терең өзек жатыр. Сол өзектің екі 

жағында бұрын екі үлкен деревня болған 

екен.  Қазір бірінің орнында екі үйдің 

мұржасы ғана тұр, екіншісінің орнында 

ол да жоқ. Онан басқа көзге түсетін 

нәрсе жаудың  қыйраған танктері мен 

зеңбіректерінің  қалдықтары. Алыстан 

зеңбіректің үні естіліп тұрады. 

Ұзақ, ауыр жолды  қысқартатын да, 

жеңілдететін де әңгіме. Манадан бері көп 

әңгіме айтылады. Бәрі де өлім мен өмір 

жайында, өлім мен өмірдің алысы жайын-

да, өлімді жеңген адамдар жайында бо-

лады. Ақырында Гүлжаһан бір әңгіме 

айтады:—Бүгін майданның арғы сырты-

нан, партизандар жағынан келе жатқан 

бір самолет оққа  ұшыпты. Самолет пен 

бірге  құлаған бір кісі аман  қалыпты,— 

дейді. Бірақ, оның кім екенін,  қалай аман 

қалғанын ешкім білмейді. 

Жолаушылар от басында дастарқан 

жайып, дәм жеп, әңгіме айтып отырады. 

Дәл осы сәтте сылаң жүрісті бір адам 

жетіп келіп, бұлардың әңгімесін бөліп 

жібереді. Сұрастыра келгенде бұл Сар-

жан Муратов болып шығады. 

Бір орайда Саржанның сумкасынан 

күнделік дәптері көрінеді, онда 

көп әңгіме бары байқалады. Жо-

лаушылар 

қолқалап, Саржанға бір-екі 

әңгіме айтқызады. Әңгімеден алғашқы 

соғыс басталған күні Саржанның Шығыс 

Пруссия шекарасында болып,  қаптаған 

қарақшыларға  қарсы соғысып, бір көпір-

ді  қорғағаны, шегінгенде оған ертең 

қайта оралам деген сеніммен шегінгені, 

ақырында партизандарға 

қосылғаны, 

әлгі оққа  ұшқан самолетпен бірге  құла-

ған, бірақ өлмей  қалған осы Саржан еке-

ні аңғарылады. 

Саржан әңгімесін айтып болады да, 

отқа ағаш әкеліп салам деп, анадай 

тұрған орманға кетеді. Ол орманға кірген 

кезде сонда мина жарылады. Жолаушы-

лар жүгіріп барғанда бітеу жара болып 

өліп жатқан Саржанды көреді. Осы кезде 

Саржанды іздеп жүрген біреулер келіп 

қалып, оны алып кетеді. Жолаушылар 

(сонымен бірге оқушы) бір жағынан, 

Саржанның әңгімесін тегіс тыңдай алмай, 

екінші жағынан, өлі-тірісін біле алмай 

арманда  қалады. 

Екі жыл өткен соң жазушы майданда-

ғы Базар деген жолдасынан хат алады. 

Ол өз бөлімінің Шығыс Пруссия жеріне 

өнердегі ерлігін суреттейді, осы кезде 

өзінің командирімен бір 

ұшырасқандағы 

әңгімесін айтады. Базардың хатынан 

Саржанның тірі екені, Базардың коман-

дирі болып жүргені, алғашқы соғыс бас-

талған күні өзі  қорғаған көпірді басып, 

жау жеріне еніп бара жатқаны аңға-

рылды. 


Жазушы Базардың хатын оқып отыр-

ғанда үйіне біреу кіріп келеді. Ол май-

даннан келген баяғы Гүлжаһан болып 

шығады. Гүлжаһан жазушыға Саржан-

ның сәлемін, баяғы күнделік дәптерін, 

тағы көптеген материалдарын алып ке-

леді. Осымен әңгіме аяқталады. 

Әңгіме оқушыны тартып отырады, 

оқыйғалары  қызық. Бірақ, жазушы қызық 

оқыйғаларды  қуалап кете бермеген. Тек 

келісті-келісті  қызық оқыйғаларды ғана 

алып, оларды шебер  қыйыстырып  құра-

ған. Әңгіме жыйнақты. 

Әңгімеде оның бас кейіпкері Саржан-

ның бейнесі жасалған. Ол көзге ірі 

сүйекті, тік мінезді, асау жүректі, терең 

ойлы, өткір сөзді, адамгершілігі мол ко-

мандир болып,  қарамағындағы жауынгер-

лердің әрі командирі, әрі әкесі тәрізді 

қамқоршысы болып елестейді. 

«Саржанның» бір міні тілінде. Әлжап-

пар тілге-сөзге, сөз  құрауға әрі олақ, 

әрі салақ сыяқты. Әлжаппар кей жерде 

тілі жетіп тұрған,  ұста етіп айтуға бола-

тын пікірді пе олақ айтады да не 

орысшылап айтады. Кей жерде сурет, 

кесте оқыйғаны суреттеуге тілі 

жетпей жатады. Суреті, кестесі жарасым-

сыз, оғаш болып шығады. Сондықтан 

әңгімесі-пікірі нанымсыздау болады. Бұл 

әсресе Саржанның алғашқы соғыс бас-

талған күнгі әрекеті мен Наташадан 

айырлатын жердегі күйін суреттегенде 

айқын көрінеді. 

Жалпы алғанда «Саржан» оқушы 

сүйсініп оқырлық  қызық, жақсы әңгіме. 

Б. КЕНЖЕБАЕВ. 

Социалистік Қазақстан. - 1945. - 21 сент. (№ 193). - 3 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал