Сапарғали Бегалин



жүктеу 38.5 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі38.5 Kb.

Білім – өмір шырағы

20

             

     Сапарғали Бегалин

                                                               1895–1982

Сапарғали Бегалин  Шығыс Қазақстан облысы Абай  

ауданы Дегелең ауылында дүниеге келген. «Қазақ жас-

тарына» деген алғашқы өлеңiнен бастап оқырманға 

жақсы таныла бастады. «Сәтжан», «Жеткiншектер», 

«Мектеп  түлектерi», «Ана  қайраты», «Бала  Шоқан» де-

ген  кiтаптары бар. 

Кiтап

Көзiңдi ашып, ойды өсiрiп,

Айтады кiтап өмiр сырын.

Адамдыққа ақыл берiп,

Үйретедi өнер, бiлiм.                              

Сол кiтаптан үйренесiң

Көп әңгiме, қызық кеңес.

Оқып бiл де, анық түсiн,

Жаттап, жазып ертелi-кеш.

Өмiрiңе үлгi үйретер

Кiтабыңды құрмет тұтып,

Тысын қаптап, кiр жолатпай,

Жазбай, жыртпай ұста күтiп!

                                        С. Бегалин

Өлеңдi мәнерлеп оқы, жаттап ал.


21

Кітап оқудың маңызы неде?

Сен өз кiтаптарыңды қалай  күтесiң, құрметтейсiң?

«Кітап оқу – мәдениеттілік белгісі» дегенді қалай түсі-

несің?

Өз сыныптастарыңа ұсынатын және оқығың келетiн 



кiтаптар тiзiмiн жаса.

Кiтапхана – мәдениет орны. Оған баруды әдетке

айналдыр.

                                                        



мақал-мәтелдер

Кiтап – көзi жұмыққа арзан,

Көзi ашыққа маржан.

Жақсы кiтап – жан азығы.



Жұмбақтар

Көп әңгiмем, өлеңiм,

Күнде ақыл беремiн.

Жақсы көрсе менi кiм,

Соған тиер көмегiм.

Мен қара танымаймын,

Ғұмыр бойы жазудан жаңылмаймын.

Жаңылтпаш

– Кiм оқу-құралсыз?

– Тұрар құралсыз,

Құмар құралсыз.



46

                                                   

            Оралхан Бөкей

                                                                   1943–1993

 

Оралхан Бөкей Шығыс Қазақстан облысының Қатон-



Қарағай ауданында дүниеге келген. 

Ол – өзi  туып-өскен жері Алтай тауындай  биiк тұл-

ғалы, дарынды суреткер. «Оралхан Бөкей өз туған жері-

нің табиғатына ұқсас едi. Шығыстан жарқырап шыққан 

жұлдыз болатын», – деп еске алады батыр Қасым 

Қайсенов.  



 анна апайдың бақшасы

Күз. Аспан шайдай ашық. Ағаш жапырақтары сар-

ғайған. Үшбұрыш жасап ұшқан тырналардың  қиқулағаны 

естiледi. 

Ағаштан қиып жасаған үйден жүгiрiп шыққан Же-

ңiс әуедегi маржандай тiзiлген тырналарға қарап қол 

бұлғады. 

– Келесi жылы да бiздiң жаққа келiңдер, – дедi дауыс-

тап. Осы сәтте Мұрат жүгiрiп келдi.

– Әй, сен неғып тұрсың? – дедi ентiгiн  әрең басып.

– Тырналармен қоштасып тұрмын.

– Мен саған бiр қызық айтайын ба?

– Айта бер.

Қазiр ғой, Анна апайдың бақшасы керемет, ә? – деп 

тамсанды.

– Иә…


47

– Шiркiн-ай, қып-қызыл, сап-сары болып пiскен өрiк-

терiн айтсаңшы!..

– Кө-өп! – деп қостап қойды Жеңiс.

– Сұрағанмен бермейдi. Одан да өзiмiз бiр айласын 

табайық.


– Қалайша? – дедi Жеңiс елеңдеп.

– Жүр, – деп Жеңiстiң жеңiнен тартты Мұрат. – Бақ-

шаны қоршаған шарбақтың астынан кеше тесiк жасап 

кеткем. Сол тесiктен кiремiз де, бәрiнен тойғанша жеймiз.

– Ұят қой, – дедi  Жеңiс келiсе қоймай. – Ол кiсi – бiзге 

көршi.


– Онда тұрған не бар?!

– Көрiп қойса…

– Қорқақ, – дедi Мұрат дiкеңдеп. – Балалардың бар-

лығын  жығамын деп босқа бөсесiң.

Жеңiс ойлана бастады. Бармай қойса ғой, ертең бүкiл 

балалардың алдында «қорқақ», «қоян жүрек» деп ма-

зақтайды. Не  iстеу керек?

– Әй, кеттiк, бiрақ көп алмайық…

– Өзiмiз тойсақ болды, – деп Мұрат алға түстi.

Шарбақтың астында расында да тесiк бар екен. Екеуi 

сол жерден  еңбектеп бақшаға кiрдi.  Әп-әдемi болып пiскен 

жемiстерге қойындарын толтырды. Мұрат әрқайсысына 

бiр ұмтылып, мыжып тастады. Бiрақ  балалардың ұрлығын 

ешкiм көрген жоқ. Талдың iшiне отырып алып, жемiстердi 

жумастан-ақ соқты-ай кеп.

Үлкен шаруа бiтiргендей ысқырып үйлерiне қайтты. 

Қас қарайған мезгiлде Жеңiстiң iшi қатты ауырды. 

Дәрiгер аудан орталығына кеткен. Әке-шешесi не iстерiн 

бiлмедi. Осы ауылда бiр адам ауырып қалса, Анна апайға 

жүгiретiн. Жеңiстiң апасы да сол  орыс кемпiрдi ертiп келдi. 



54

мақал-мәтел

Еңбектiң көзiн тапқан

Байлықтың өзiн табады.

Еңбек етпесең, елге өкпелеме,

Егiн екпесең, жерге өкпелеме.

Жұмбақтар

Жезге ұқсас сабағы,

Дәнi – халық тамағы.

                                                                

Дөңестеу жотасы,

Бауырында сызығы.

Тамақтың атасы,

Баршаның ырзығы. 



ауыз әдебиеті жазу өнері қалыптаспаған 

кезде ауызша тараған әдеби туындылар. Көне  

заманда шыққан ертегілер, мақал-мәтелдер, 

батырлар жыры, аңыз-әңгімелер, шешендік сөз-

дер, жаңылтпаш-жұмбақтар, ақындар айтысы

тұр мыс-салт жырлары – ауыз әдебиеті үлгілері. 

Ауыз әдебиеті туындыларының нақты авторы бола 

бермейді. 



55

Боз қырау

Бұта басы боз қырау,

Бұлттан мұздай жас тамды.

Құстар қайтқан кез мынау,

Әнмен тербеп аспанды.

Күн мұңайып тұр бүгiн,

Қыс ызғары келедi.

Құс шуласа, бiр-бiрiн

Жоғалтпасақ дегенi.

Құс керуенi жүр көкте,

Қайда барып тоқтайды?

Ағаш бiткен дiрдектеп

Жапырағын жоқтайды.

Биыл жаздай ту ұстап

Еттiм ғой, – деп, –  мол еңбек.

Дала жатыр тыныстап,

Сәл демалып алам деп.

                         Т. Молдағалиев



ызғар – бет қаритын суық, үскiрiк.

Керуен – алыс сапарға шығатын көлiктер тiзбегi.

Өлеңдi мәнерлеп оқы.

Өлеңде күз мезгілі  қалай суреттелген?

Осы суреттеу күздің қай айына тән?

Өлең неге «Боз қырау» деп аталған?

Ызғар, дiрдектеп  деген сөздердi қатыстырып, өлеңдегі 

табиғатты сипатта.  



56

өзіңді тексер!

1. Күзгі емен, терек, үйеңкі жапырақтарының суретін 

сал. Олардың біреуін сипаттап жаз.

2. Тараудағы тақырыбы рақмет    сөзінің синонимі 

болған мәтінді ата.

Осы мәтіндегі идея, яғни негізгі ойды қай сөз білдіріп тұр?



Күн, Адам  еңбегі, Бұлт, Жер, Жаңбыр, бақша.

3. Күріштің өзі бірнеше түрлі болатынын білсең, 

әңгімеле.

4. Өз бетімен өсетіндер қайсысы? Дәлелде.

а) Бидай, арпа, жүгері.

ә) Сұлы, тары, күріш.

б) Жусан, ошаған.

5. Өз өлкеңдегі күз мезгілін суреттеп шығарма жаз.

6. – Биыл жазда ту ұстап

       Еттім ғой, – деп, – мол еңбек.

       Дала жатыр тыныстап, 

       Сәл демалып алам деп.

Осы өлең жолдарының авторы кім?

Бұл өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?

6. «Күзгі еңбек», «Жыл құстарының қайтуы», «Алтын 

күз» деген тақырыптардың біріне өлең не әңгіме жаз.



Тараудағы жұмбақтардың шешуі: күз, қызанақ, 

бидай, бидай.



Туған елім – Туған Жерім

84

Батырлар жыры

«Қобыланды батыр» жырынан үзiндi

Қақпаның келiп аузына,

Батыр Қобылан ақырды,

Нар түйедей бақырды,

«Алшағыр» деп шақырды...

Хан болғалы Алшағыр

Асып жүрген айласы 

Мұсылманнан қанша ердiң

Басын жойған ер едi... 

Сол уақыттар болғанда

Түлкiдей көзiн жайнатып,

Қаруы сыймай қайнатып,

Тасқа шаншып найзасын,

Қарыс сүйем бойлатып,

Қобылекең келдi бұл жақтан

Тайбурыл атты ойнатып...

Өшiгiп жүрген батырлар

Бiр ауыз сөзге келмей-ақ,

Шегiнiсiп екеуi,

Еменнен найза салысты...

Қанжарменен қармасты,

Семсерменен серместi,

Сөйтiп ойын ойнасты,

Шыбын жанды қинасты.

Жыр үзiндiсiн мәнерлеп, түсiнiп оқы.

Жырда Қобыланды батыр ерлiгi қалай суреттелген?

Қобыландының тұлпары қалай аталады?


85

Қобыланды кiммен шайқасты?

Батырдың қаруларын ата.

Шайқаста кiм жеңдi деп ойлайсың?

Жыр шумақтарын оқығанда қандай әсер алдың?

«Қобыланды батыр» жырын толық оқып ал.

Ауыз әдебиетi шығармаларының халыққа көп 

тараған түрi – батырлар жыры. Батырлар жырын 

айтушылар да, бiзге жеткiзушiлер де  – жыршылар.  

Батырлар жырының мазмұнына Отанын сырт-

қы жаудан қорғау, өз елiн басқаларға тәуелдi етпеу 

мұраты арқау болған. 

Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын сияқты батыр-

лар – өз халқын шын сүйген, елi үшiн еңiреп өткен 

ерлер.  

«алпамыс батыр» жырынан үзiндi

Көк орданың басында,

Көк өзеннiң қасында,

Тайшық ханмен аянбай

Алпамыс берен айқасты.

Тайынбай найза салысты,

Екi найза қағысты.

Осыменен екеуi

Бiраз жерге барысты.

Найзаларын тастасып,



Қылышпенен салысты.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал