Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



жүктеу 352.77 Kb.

бет1/4
Дата14.09.2017
өлшемі352.77 Kb.
  1   2   3   4

"Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту 

туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 233 бұйрығы. 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11056 тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 

жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 

 сәйкес 


6-тармағына

БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған «Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық 

 бекітілсін.

қағидалары

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын 

қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді 

баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға 

жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 

интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық

экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының



      Ұлттық экономика министрі                             Е.Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ____________А.Сәрінжіпов

      2015 жылғы 15 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________Т.Дүйсенова

      2015 жылғы 10 сәуір

      


Қазақстан Республикасы   

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 19 наурыздағы  

№ 233 бұйрығымен       

бекітілген        

«Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық 

талаптар» санитариялық қағидалары

1. Жалпы ережелер


      1. «Санаториялық және сауықтыру объектiлерiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық 

талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрi – Санитариялық қағидалар) Қазақстан 

Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі 

туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 

 сәйкес әзірленді және 

6-тармағына

санаториялық және сауықтыру объектілерін жобалау, салу, сумен жабдықтау, су бұру, 

жарықтандыру, желдету, үй-жайларын күтіп-ұстау және пайдалану, емдік-профилактикалық және 

қоғамдық тамақтануды, медициналық қамтамасыз етуді, персоналдың тұру және еңбек жағдайларын 

ұйымдастыру кезінде оларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.

      2. Осы Санитариялық қағидалар қызметі емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, 

оқу-тәрбиелеу жұмыстарын және мәдени бос уақыттарын ұйымдастырумен және жүзеге асырумен 

байланысты жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

      3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы киiм – шикізатты, қосымша материалдар мен дайын өнімді механикалық 

бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған 

персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы; 

      2) аэрарий – ауа ванналарын қабылдау үшiн жабдықталған алаң, қалқа;

      3) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнің және дайын 

тағамдардың сапасын бағалау;

      4) Генча сынамасы – сәбидің тыныс алу жүйесiнiң функционалдық жағдайын бағалайтын 

көрсеткiш;

      5) дезинфекциялық және дезинсекциялық құралдар – инфекциялық (паразиттік) аурулардың 

қоздырғыштарын және жәндiктердi жою үшін қолданылатын химиялық заттар;

      6) инсоляция – алаңды, үй-жайды, ғимаратты гигиеналық бағалауға арналған күн 

радиациясының нормаланатын көрсеткiші;

      7) Кетле индексi – баланың дене дамуының үйлесiмдiлiгiн бағалау көрсеткiшi;

      8) климаттық аймақ – климаттық белгiлерi (температура, ылғалдылық) бойынша бөлiнетiн 

аумақ;

      9) палатка түріндегі балаларды сауықтыру ұйымы – бұл жазғы каникул кезінде табиғат 



аясында ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдерді орналастыру және оларға қызмет көрсету

үшін палаткаларды пайдалану арқылы олардың демалу түрі;

      10) санаториялық объектiлер – табиғи емдiк физикалық факторларды (климат, минералды 

сулар, балшықтар), физиотерапиялық әдiстердi, емдiк дене шынықтыру және басқа да жағдайларды

басым пайдалана отырып, белгiленген режимдi сақтау кезiнде профилактикаға, медициналық 

оңалтуға және демалтуға арналған емдеу-профилактикалық мекемелер, оның iшiнде туберкулезге 

қарсы мекемелер (бұдан әрi – санаторийлер);

      11) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі - САҚ) – жерүсті бөлігі мен қазылған 

шұңқыры бар, ғимараттан кемінде 25 метр (бұдан әрі - м) қашықтықта, объектінің аумағында 

орналасқан кәрізденбеген дәретхана. Жерүсті үй-жайларын бір-біріне тығыз жалғасқан 

материалдардан (тақтайлардан, кірпіштерден, блоктардан) жасайды. Шұңқыр су өткізбейтін 

материалдан жасалады. Шұңқырдың тереңдігі жерасты суының деңгейіне байланысты, бірақ 3 

метрден аспайды; 

      12) сауықтыру объектiлерi – 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшiн оқу-тәрбиелеу, дене

шынықтыру-сауықтыру, емдеу-сауықтыру қызметiн және мәдени бос уақыттарын ұйымдастыруды 

жүзеге асыратын балаларды сауықтыру ұйымдары (бұдан әрi - БСҰ), оның iшiнде жалпы, орта және

қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын жыл бойы жұмыс iстейтiн БСҰ;

      13) солярий – күн ванналарын қабылдау үшін жабдықталған алаң, үй-жай;

      14) технологиялық процестің ағымдылығы - таза және кір (киімнің, ыдыстың), шикі және 

дайын өнімдердің қарама-қарсы ағымын, келушілер мен персоналдың қарама-қарсы қозғалысын 

болдырмайтын технологиялық процестердің жүйелілігін қамтамасыз ету.

      4. Объектілердегі персоналдың қызметтерді жүзеге асыру кезінде міндетті медициналық 

тексеруден өткені, жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар 

жеке медициналық кiтапшасы



гигиеналық оқытудан өткенi туралы мәлiметтер болуы қажет.

      5. Балалардың туберкулезге қарсы санаторийiне емдеудiң сүйемелдеушi фазасындағы 

бактерия бөлмейтiн туберкулезбен ауыратын науқас балаларды қоса алғанда 18 жасқа дейiнгi 

балалар, виражбен және гиперергиялық реакциясы бар балалар, сондай-ақ туберкулез инфекциясы 

ошақтарындағы және туберкулезбен ауырып сауыққан балалар қабылданады.


      Санаторийлерде жататын және толық немесе жарым-жартылай өздігінен қозғалу 

мүмкіндігінен айырылған балалар үшiн 10%-ға дейiн орын көзделеді.



2. Санаториялық және сауықтыру объектiлерiн жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, және

пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      6. Санаториялық және сауықтыру ұйымдарын (бұдан әрі - объектілер) жобалауға, салуға, 

қайта жаңартуға және пайдалануға беруге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы

саласындағы уәкілетті органның аумақтық ведомство бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық

 

 болғанда жүзеге асырылады.



қорытындысы

      Маусымдық жазғы БСҰ-да, оның ішінде палатка түріндегі стационарлық БСҰ-да балалар мен 

жасөспірімдерді сауықтыру бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жазғы 

маусым басталар алдында Қазақстан Республикасының 

 белгіленген талаптарға сәйкес

заңнамасында

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық

ведомство бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық 

 уақытылы алу қажет.

қорытындысын

      7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның

аумақтық ведомство бөлімшесі сауықтыру объектісінің болжанып отырған ашылу күнi туралы 

сауықтыру объектісінің басшысына жазбаша хабардар етуi қажет.

      8. Объектілер аумағында тiкенектi бұталарды, гүлдегенде мамықты тұқымдар беретiн жасыл

желектердi (ағаштарды, бұталарды) отырғызбайды.

      9. Сауықтыру объектісінің басшысы сауықтыру объектісінің ашылуы алдында және ары қарай

көрсеткіштер бойынша аумақты дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық өңдеу 

жүргізуді ұйымдастырады.

      10. Жас көшеттерi жоқ аумақта, кiретiн жолдарда, жүк түсiретiн алаңдарда, тротуарларда

, көлiк құралдарының тұрағына арналған орындарда қатты жабыны және жаңбыр мен ерiген су 

ағатын еңiстерi болады.

      11. Объектілердің аумағында: тұрғын үй, мәдени-көпшiлiк, дене шынықтыру-сауықтыру, 

медициналық, әкiмшiлiк, шаруашылық және техникалық мақсаттағы аймақтар көзделеді.

      Шаруашылық және техникалық мақсаттағы аумақтарда отын сақтауға арналған қоймасы бар 

қазандық, сумен жабдықтау құрылысы, гараж, жөндеу шеберханалары, автотұрақ орналасады.

      12. Қабылдау бөлiмшесiнiң, медициналық мақсаттағы үй-жайлардың, ас блогының және 

санитариялық-тұрмыстық бөлмелердің (кiр жуатын орын, дәретхана, қолжуғыш, себезгi бөлмесi) 

қабырғалары мен еденiнiң беттерi жуу және дезинфекциялау құралдарына төзiмдi материалдардан 

орындалады.

      13. Балалар санаторийіндегi тұрғын бөлмелердiң ауданы бiр орынға кемiнде 6,0 шаршы 

метр (бұдан әрі – м ) есебiнен көзделедi, ересектерге –кемінде 10 ш.м.

2

      14. 6-7 жастағы балалар үшiн БСҰ бiр жатын бөлмесіндегі орын саны бір балаға 4,5 м  



2

есебiнен – 10-нан асырмай, 8 жастан 18 жасқа дейiнгi балалар үшiн 5 орыннан асырмай 

көзделеді.

      Отрядқа арналған ойын бөлмесiнiң ауданы бiр балаға 2 м есебiнен көзделедi.

      15. Ингаляторий, оттекпен емдеу кабинетi және дәрiлiк препараттар кабинетi жапсарлас 



орналасады және дәрiлiк шөптердi сақтауға арналған жалпы қосалқы үй-жайы болады.

      16. БСҰ балалардың жас ерекшелiктерiн есепке ала отырып, отрядтар немесе топтар 

бойынша топтастырылады:

      1) 6 жастан 9 жасқа дейiн – 25 адамнан аспау;

      2) 10 жастан 14 жасқа дейiн – 30 адамнан аспау;

      3) 15 жастан 18 жасқа дейiн – 25 адамнан аспау.

      17. Жылытылмайтын ғимараттардағы БСҰ-ның жатын үй-жайларын орналастыру кезiнде 

балалардың орналасуына сыртқы ауаның орташа тәулiктiк температурасы бес күн iшiнде кемiнде 

плюс 16 градус Цельсийде (бұдан әрі –  C) рұқсат етiледi.

0

      18. Балаларды қабылдау денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама болғанда және 



инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен байланыс болмағанда жүзеге асырылады.

      19. Оқу процесі кезінде балалардың бой-жас ерекшелiктерiне сәйкес оқу жиһаздарымен 

қамтамасыз етіледі.

      Санаторийлердің жатын бөлмелері мен тұрғын үй-жайлары кереуеттермен, кереует жанындағы

тумбалар, киімге арналған шкафтармен жадбықталады. Екi қабатты кереуеттер мен қатты емес 


жиналмалы кереуеттердi пайдаланбайды.

      Жиһаз, жабдық, жұмсақ және қатты мүкәммал, санитариялық-техникалық құралдар жұмыс 

жағдайында болады және мақсатына сай пайдаланылады. Үй-жайларды әрлеудегі ахаулар мен 

жабдықтың, жиһаздың істен шығуы уақытылы жөндеуге немесе ауыстыруға жатады.

      20. Объектілердің үй-жайларында терезе желдеткiштерiне және фрамугаларына москит 

торлар орнатылады.

      21. Объектілердің аумағында қоқыс жинауға арналған қоқыс салғыштар орнатылады. Тұрғын 

үй корпусына кірер жерде қоқыс жинауға арналған қоқыс салғыштар мен аяқ-киім тазалағыш 

решеткалар орнатылады.

      22. Қажет болған жағдайда объектілерде ғимаратқа, шатырға ағымдағы жөндеу жүргізіледі,

қолданыстағы инженерлік коммуникацияға ревизия жасалады, сондай-ақ күрделі жөндеу 

жүргізіледі.

      23. Апатты ғимараттарда және үй-жайларда орналасқан объектілерді пайдаланбайды.

      Объектілердің ғимараты объектінің апаттылығы туралы құзыретті органдардың акітісі 

болған кезде апатты жағдайда деп танылады.

3. Санаториялық және сауықтыру объектiлерiн сумен жабдықтауға, суды бұруға, 

желдетуге, жылытуға, жарықтандыруға және микроклиматына қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      24. Объектілер орталықтандырылған суық және ыстық сумен жабдықтау, жылыту және су бұру

жүйелерiне қосылады.

      Барлық жүйелер жұмыс iстейтiн жағдайда болады.

      25. Объектілер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 

наурыздағы № 209 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді 

мемлекеттік тіркеудің № 10774 тізілімінде тіркелген) бекітілген «Су көздеріне, 

шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және 

суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық 

 (бұдан әрі - № 209 бұйрық

қағидаларының

) талаптарына сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiледі.

      26. Ас блогының өндiрiстiк үй-жайлары, кiр жуатын орын, монша, себезгi бөлмесi, қол 

жуатын орын, жеке гигиена кабиналары, медициналық мақсаттағы үй-жайлар ыстық сумен жабдықтау

жүйесімен қамтамасыз етiледi.

      Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесi болмаған жағдайда, су жылытқыштарды 

орнату көзделедi.

      Кәрізделмеген аудандарда ғимараттан 25 м (бұдан әрі - метр) қашықтықта су өтпейтін 

шұңқыры бар аула дәретханалары көзделеді, бұлар көлемінің екіден үш бөлігінің (бұдан әрі - 2

/3) толуына қарай тазартылады.

      27. Объектілерде ауыз су режимі ұйымдастырылады. Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (

графиндерге, шәйнектерге) құйылған және шөлмектердегі су сапасы мен қауіпсіздік 

көрсеткіштері бойынша № 209 бұйрық талаптарына сәйкес келеді.

      Қайнатылған ауыз суды пайдалануға жол беріледі. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін БСҰ 

басшысының бұйрығымен балалар санаториясына жауапты адам тағайындалады. Демалушылардың 

объектілерде болатын барлық уақыт ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімділігі қамтамасыз 

етіледі.


      28. 

 ішу үшін таза ыдысты (шыны ыдысты, фаянсты ыдысты, бір рет қолданатын 

Су

стакандарды) пайдаланады, таза және пайдаланылған ыдыс үшін таңбаланған жеке поднос немесе 



бір рет қолданылған ыдысты жинау үшін контейнерлер бөлінеді. Ыдысқа құйылған суға оның 

қайдан әкелінгендігін, сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттары қоса беріледі.

      29. Ауылдық және жекелей кәріздеу жүргізген жерлерде сарқынды суды жинауға арналған су

өткізбейтін қазылған шұңқырлар жабдықталады, бұлар көлемінің 2/3 бөлігінің болуына қарай 

тазартылады.

      30. Объектінің үй-жайлары жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерiмен жабдықталады.

      31. Барлық үй-жайлар ашылатын терезелер немесе фрамугалар арқылы табиғи желдеткiш 

көзделеді.

      32. Себезгi бөлмелері мен санитариялық тораптар дербес сору желдеткiшiмен жабдықталады

.


      33. Температурасы минус 40  C төмен климаттық аудандарда биiктiгi үш қабат және одан 

0

жоғары тұрғын үй-жайлар сыртқы ауаны жылытатын тарату желдеткiшiмен жабдықталады.



      Объектілердің барлық үй-жайларында табиғи жарық болады. Зат қоятын бөлмелерде, 

санитариялық тораптарда, себезгі бөлмелерінде, киiм iлетiн орындарда, жеке гигиена 

бөлмелерінде, бойлер, сорғы тұрған бөлмелерде екінші жарықпен жарықтандыруға немесе тек 

жасанды жарықтандыруға жол берiледi.

      34. Барлық үй-жайларда жасанды жарықтандыру көзделеді. Шамшырақтарда қорғаныш 

плафондар болады. Үй-жайлардың жасанды жарықтандыру деңгейлері осы Санитариялық қағидаларға 

 сәйкес келеді.

1-қосымшаға

      35. Жарамсыз шамдарды уақтылы ауыстырады. Артық және жарамсыз люминесцентті шамдар 

балалардың қолы жетпейтiн үй-жайларда сақталады.

      Пайдаланылған шамдар мен басқа да құрамында сынабы бар аспаптарды қоқыс жинағыш 

контейнерлерге тастауға тыйым салынады. Пайдаланылған құрамында сынабы бар аспаптарды, 

люминесцентті шамдарды сақтау және шығару жауапты адамға жүктеледi. Пайдаланылған 

люминесцентті шамдар мен құрамында сынабы бар аспаптарды шығаруды және кәдеге жаратуды 

осындай қызмет түріне арналған лицензиясы бар ұйымдар жүргізеді.

      36. Орталықтандырылған жылыту көзі болмаған жағдайда жеке қазандықты орнату көзделеді.

Жылыту кезенінде ауаның температурасы мынадай болып көзделеді:

      1) жатын және оқу үй-жайларында, кабинеттерде, кітапханаларда, мәдени-көпшілік 

іс-шаралар өткізілетін және демалу үй-жайларында, компьютер сыныптарында, 

қызметтік-тұрмыстық, кір жуатын орындарда +18 - 22  C;

0

      2) тамақтану залдарында, буфеттерде, киім үтіктейтін, кептіретін бөлмелерде, 



қоймаларда және киім-кешек бөлмелерінде +16 C;

0

      3) физиотерапевт кабинеттерінде, массаж кабинеттерінде +28 C;



0

      4) медициналық үй-жайларда +20 - 22 C;

0

      5) спорт залда және секциялық сабақтарды өткізуге арналған бөлмерде, рекреацияларда, 



вестибюль мен киім ілетін орындарда, асханада, киімдер мен аяқ киімдерді кептіру 

бөлмелерінде +15 - 17 C;

0

      6) спорт залының киім шешетін орнында +19 - 23 C;



0

      7) ваннасы бар бассейн үй-жайларында +29 - 30 C;

0

      8) себізгі бөлмелерінде +25 C;



0

      Үй-жайлардағы ауаның оңтайлы ылғалдылығы 40 - 55%-ды, ас үйде және кір жуатын 

бөлмелерде 60 - 70%-ға дейін құрайды.

4. Санаториялық және сауықтыру объектiлерiн күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      37. Объектілердің аумағы тазалықта ұсталады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) 3/2 

бөлігi толған кезде тазартылады.

      Учаскенiң жабдығы (үстелдер, орындықтар, дене шынықтыру жабдығы мен шағын сәулет 

нысандары) жарамды жағдайда ұсталады.

      38. Тұрмыстық қоқыс пен қалдықтарды жинау үшiн бетондалған немесе асфальтталған алаңда

орнатылған, қақпақтары бар металл контейнерлер көзделедi. Алаң негiзгi ғимараттардан кемiнде

25 м қашықтықта орналасады.

      39. Сауықтыру науқаны басталар алдында және әрбiр ауысым аяқталған соң техникалық 

персонал күрделi жинау жүргiзедi.

      Сауықтыру ауысымының арасындағы интервал кемінде күнтізбелік 2 күн құрайды, сол арада 

күрделі жинау мен санитариялық тазарту жұмыстары барлық үй-жайларда жүргізіледі. 

      Белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген, қолданылатын дезинфекциялау 

ерітінділері дайындалған күні көрсетіле отырып, таңбаланған ыдыстарда нұсқаулыққа сәйкес 

дайындалады. Дезинфекциялау және жуу құралдары және олардың жұмыс ерітінділері демалушылар 

үшін қол жетпейтін орындарда сақталады.

      40. Сору желдеткiш жүйелерiнiң жалюз торлары шаңнан тазартылады және оларды үй-жайдың 

және сыртқы ауаның температурасы кенеттен өзгерген кезде жабады.

      41. Санаторий және БСҰ жұмыс iстеп тұрған кезде, апатты жағдайды жою жұмыстарын 


қоспағанда, күрделi жөндеуді және жөндеу жұмыстарының басқа да түрлерiн жүргiзбейдi.

      42. Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, щеткалар, шүберектер және тағы басқа) 

таңбаланады және үй-жайларға бөлек бекiтiледі. Пайдаланылғаннан кейiн жинау мүкәммалын жуу 

және дезинфекциялау құралдарымен ыстық сумен жуады және сол үшiн арнайы бөлiнген шкафтарда 

немесе үй-жайларда сақтайды.

      Санитариялық тораптарды жинауға арналған жинау мүкәммалының сигналды (қызыл, сарғылт) 

түсі болады және жеке сақталады.

      43. Төсек-жабдықтарын және сүлгiлердi ауыстыру ластануына байланысты, бiрақ аптасына 

бiр реттен сиретпей (графикке сәйкес) және тұратын адамдар кеткеннен кейiн жүргiзiледi. Лас 

киім -кешек кір жуу орнына (клеенкалы және мата) қаптармен жеткізіледі. Матадан тігілген 

қаптар жууға тапсырылады, клеенкалы-сабынды содалы ерітіндімен өнделеді. Таза киім жуылған 

қаппен жеткізіледі.

      44. Киiм-кешектi жуу кiр жуатын орнында немесе шарт бойынша өзге кiр жуатын орында 

жүзеге асырылуы тиіс. Инфекциялық аурумен ауыратын науқастардың киім-кешектері жуу алдында 

таңбаланған ванналарда дезинфекциялануға жатқызылады. 

      45. Кір жуатын орында таза және лас киім-кешектің қарама-қарсы ағымы болмайтын 

технологиялық процестің ағымдылығы сақталады. Объектілерде киім-кешекті ауыстыру кестесін 

сақтау жөніндегі құжаттама жүргізіледі.

      46. Барлық үй-жайлар мен жабдықтар тәртіппен және тазалықта ұсталады. Үй-жайларды 

жинау күн сайын ылғалды тәсілмен, кейіннен желдету арқылы жүргiзiледi. Медициналық 

мақсаттағы үй-жайлар, ас блогы және дәретханалар жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана 

отырып күнделікті тазартылады. Еден, есік тұтқалары, кран барашкалары, раковиналар және 

унитаздар күн сайын дезинфекциялауға жатады.

      47. Жаңадан сатып алынған бұйымдар (ыдыс-аяқ, төсек әбзелдері, 

парфюмерлік-косметикалық бұйымдар, ойыншықтар, жиһаз және тағы басқа) сапасы мен 

қауіпсіздігін растайтын құжаттарымен бірге беріледі.

      48. Жабдықтар мен мүкаммалға, оның ішінде медициналық жабдықтарға 

санитариялық-дезинфекциялық өңдеу Қазақстан Республикасының белгіленген 

 сәйкес, 

заңнамасына

нұсқаулыққа сай белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен 

жүргізіледі.

      49. Санаториялық және сауықтыру объектілеріндегі медициналық қалдықтарды жинау 

Қазақстан Республикасының белгіленген 

 сәйкес жүргізіледі.

талаптарына



5. Санаториялық және сауықтыру объектілерінің жағажайларын күтіп-ұстауға және 

пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      50. Жағажай оқшауланған учаскеде, айлақтардан, шлюздерден, гидроэлектр станцияларынан,

сарқынды суларды жіберу орындарынан, малдың қорасы мен суатынан және басқа да ластану 

көздерінен алыста орналасады немесе жоғарыда көрсетілген ластану көздерінен кемінде 500 м 

қашықтықта орналасады.

      51. Су қоймасының түбі ұйық, балдырлары, бұжыр ағаштары, үшкір тастары жоқ, құмды 

болып таңдалады. Балалардың шомылатын орындарындағы су қоймасының тереңдігі 0,7-ден 1,3 м-ге

дейін құрайды.

      52. Жағажай күннен қорғайтын қалқалармен, жатақтармен және отырғыштармен жабдықталады.

      Аумақта киім ауыстыратын кабиналар (50 адамға 1), санитариялық-аулалық қондырғылар (75

адамға 1) немесе биодәретханалар орнатылады.

      53. Жағажайды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын құрылғыларымен, сондай-ақ 

емшараларды дозалап қабылдау үшін солярийлермен, аэрарийлермен жабдықтау керек. Солярийлер 

мен аэрарийлерде орын саны жалпы санының (ІІ және ІІІ климаттық аудандарында) 50 %-ынан 

асырмай құрайды. Аэрарийлер мен солярийлердің ауданы 1 орынға 2,5 және 3,0 м  есебімен 

2

қабылданады.



      54. Шомылу маусымы басталар алдында БСҰ немесе санаторий әкімшілігі аккредиттелген 

зертханалардың шаруашылық-ауыз су мақсатында пайдаланылатын суға және су қоймаларынан 

санитариялық-химиялық, микробиологиялық, радиологиялық көрсеткіштерге зерттеу жүргізуін және

паразитологиялық көрсеткіштерге топырақты зерттеу жүргізуді қамтамасыз етеді.

      55. Шомылуға арналған су бетінің шекарасы ашық түсті, жақсы көрінетін қалқитын 

белгілермен белгіленеді.



      56. Жағажайдың аумағында қоқыс жинауға арналған қоқыс салғыштар орнатылады.

      57. Киім ауыстыратын орындар, киім ауыстыруға арналған павильондар, киім ілетін 

орындар тазалықта ұсталады.

      Жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.

      58. Жыл сайын жағажайда таза құм, малта тас себіледі. Құмды жағажайларда аптасына бір 

реттен сиретпей жиналған қалдықтарды шығара отырып, құмның беткі қабатына механикалық 

қопсыту жүргізіледі.

      59. Адамдардың шомылуына арналған орындарда киім-кешекті жумайды және жануарларды 

жуындырмайды.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал