Салып, өлшеу жəне есептеу барысында дəрілік өсімдіктердің шикізат ресурстарының



жүктеу 99.88 Kb.

Дата15.09.2017
өлшемі99.88 Kb.

116 

 

салып,  өлшеу  жəне  есептеу  барысында  дəрілік    өсімдіктердің  шикізат  ресурстарының 



өнімділігі  орманның  типіне,  толымдылығына,  зерттелетін  объектінің  тығыздығына 

тəуелділігінің нəтижелері сипатталған. 



 

Кілт  сөздер:  Дəрілік  өсімдіктердің  өнімділігін  бағалау,  түймедақ,  мыңжапырақ, 

жусан, түйежапырақ, қандышөп. 

 

R.S. Sirmakbaev, М.O. Baitassov 



 

PRODUCTIVITY PHYTOMASS HERBS IN THE FORESTS OF THE NORTHERN REGION 

OF KAZAKHSTAN  

 

In this article are given the study results of the average productivity of medicinal plants 

phytomass of Sandyktauskiy national forest institution located in  Kostanay region.  During the 

research it was determined that the process of the productivity of medicinal plants basically 

depends on the type of forest, crop and crown density of the projective body of interest. 

 

Key words: productivity evaluation of analyzed medicinal plants such as 

 

chamomile, burdock, burnet, tarragon, horsetail, yarrow.  



 

 

ƏОЖ 599.323  



 

А.Д. Тажиева, Е. Орақбаев  

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

 

САЙРАМ-ӨГЕМ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕГІ АҢШЫЛЫҚ 



ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН БИОТЕХНИЯЛЫҚ ШАРАЛАРЫ 

 

Аңдатпа.  Мақалада  Сайрам-Өгем  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  парктің  негізгі 

сүтқоректі  аңшылық  жануарлардың  түрлері  мен  олардың  соңғы  үш  жылғы  санының 

динамикасы жəне жүргізілген биотехниялық іс-шаралардың мөлшері келтірілген. 

 

Кілт  сөздер:  Сайрам-Өгем  МҰТП,  биотехниялық  іс-шаралар,  аңшылық 

шаруашылық,  қостұяқтылар,  жыртқыштар,  қоянтəрізділер,  жануарлар  дүниесін  қорғау, 

жануарлардың мониторингі. 

 

Кіріспе.  Сайрам-Өгем  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  паркі  Батыс  Тянь-Шань  тау 

жүйесінің  солтүстік-батыс  бөлігінде  Өгем,  Қаржантау,  Қазығұрт  жəне  Боралдайтау 

жоталарында  орналасқан.  Парк  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2006 жылғы 26 

қаңтардағы  №52  қаулысына  сəйкес  Түлкібас,  Төлеби  жəне  Өгем  орман  жəне  жануарлар 

дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің қосылу жолымен ұйымдастырылды. 

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құрудағы басты мақсат Батыс Тянь-Шань 

өңіріндегі ерекше экологиялық, рекреациялық жəне ғылыми құндылығы бар табиғи жəне 

тарихи-мəдени  кешендер  мен  объектілерді  сақтау,  қалпына  келтіру  жəне  көп  салалы 

мақсатта  пайдалану  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Сонымен 

бірге  жануарлар  дүниесін  қорғау  жəне  өсімін  молайту  бағытында  нақты  іс-шаралар 

жасалынып, мына жұмыстарға баса көңіл бөлінді: аңдар мен құстардың нақты сандарын, 

олардың  түрлерін  анықтау;  биотехниялық  іс-шараларды  сапалы  жүргізіп,  жануарлардың 


117 

 

мониторлық кадастрлық жұмыстарын жетілдіру. 



Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі территориясында (жер көлемі 149053 га) зерттеу 

жұмыстары 2009-2011 жылдарда жүргізілді. Аңшылық сүтқоректі жануралардың түрлерін 

анықтау жəне оларды есепке алу саласында аңшылықтануда қолданылатын жалпыға ортақ 

əдістермен  орындалды [1,2]. Биотехниялық  іс  шараларды  ұйымдастыру  үшін               

Б.А.  Кузнецов  əзірлеген  əдістемелері  қолданылған [3]. Сонымен  қатар  ұлттық  парктің 

инспекторлар құрамынан сұрастыру мəліметтері пайдаға асырылған. 

Ұлттық парк Батыс Тянь-Шань жүйесінің солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр жəне 

жеке Батыс Тянь-Шань  жүйесіне  кіретін - Өгем, Қаржантау, Қазығұрт, Боралдайтаудың 

тау сілемдері мен тау етегіндегі жазықтардан тұрады [4].  

Ауа-райы  жылудың  көптігімен,  құрғақшылық  жəне  континентальдылығымен 

айшықталады.  Жазы  ыстық,  құрғақ  жəне  ұзақ.  Ең  ыстық - маусым  айында  орташа  

температурасы  21-29

0

С,  абсолюттік  жоғарғы  температура – 40



0

С.  Қысы  жұмсақ,  жиі 

жылылық  түсіп  тұрады.  Ең  суық  ай – қаңтар  айының  орташа  температурасы  – 11,5

0

С. 



Абсолюттік төменгі температура  – 30

0

С .  



Қуаншылық – облыстағы ауа-райының ең бір негізгі ерекшелігі. Жауын-шашынның 

жылдық мөлшері тау етегінде 400-600 мм жəне өзен жолдары, таулы аудандарда 800 мм 

жəне  одан  жоғары.  Солтүстік,  солтүстік-шығыс  жəне  шығыстан  соққан  желдер  басым 

болады. Олардың жылдық орта жылдамдығы 1,9-3,9 м/сек аралығында.  

Жер бедері төменгі таулы, ортатаулы жəне биіктаулы. Басым көпшілігі қия беткейлі. 

Жазық жерлер де кездеседі. Далалы ормандар алқаптары, сондай-ақ, жапырақтары түскіш 

бұталар  төменгі  тау – адырлы  саваноидтар  белдеуінде.  Ортатау  жəне  биіктау  шегінде 

жарты  бұталы  таулы – ксерофиттің  экожүйе  класы  ерекше  тасты – қиыршық  тасты 

жерлерде  таралуы  ұштастырылған.  Барлық  биіктік  белдеулерінде  жартаспен  шашылған 

тастар  алқаптары  кездеседі.  Қосымша  ылғалданған  өзен  аңғарында  майда-жапырақты 

ормандар алқаптары орналасқан. 

 Тау  жоталарынан  ағатын  көптеген  өзендер  есебінен  аймақ  жақсы  суландырылған, 

ірі  өзендердің  бірі  –Шақпақ  шатқалындағы  бұлақтардан  бастау  алатын – Арыс  өзені. 

Талас  Алатауы  мен  Қаратаудың  беткейлерінен  ағатын    көптеген  бұлақтар  мен  тумалар 

Арыс өзеніне құяды. Бұдан əрі Жабағылысу, Машат, Ақсу құйылып суы көбейеді [4]. 

Нəтижелер  жəне  оларды  талдау.  Аңшылық  шаруашылығындағы  аң  санағын 

жүргізу, соның ішінде соңғы үш жылда, жақсы қолға алынған. Жыл сайын тұяқтылардың 

3 түрі (тау теке, елік, қабан), 3 ірі жыртқыштардың түрі (қасқыр, түлкі жəне борсық), құм 

қояны,  кеміргіштерден  (ондатр)  есепке  алынып,  саны  анықталады.  Сол  себептен  де 

аңшылық шаруашылығындағы аңшылық жануарлардың саны белгілі.   

 Аңшылық  орналастыру  алдындағы 3 жылдағы  шаруашылықтағы  аңшылық 

жануарлар  санының  динамикасын  жақсы  деп  бағалауға  болады.  Себебі  ерекше 

қорғалатын табиғи аумақ мəртебесін иеленген мемлекеттік ұлттық табиғи парк құрылып, 

ондағы  күзет,  қорғау  режимі  күшейтіліп,  əр  түрлі  табиғатты  қорғау  заңдылықтарын 

бұзушыларға тосқауыл қойылып, соның ішінде қаскерлікпен күрес жүргізу қолға алынған 

болатын.  Шаруашылық  аумағының  басым  жерлерінде  тыныштық  аумағы  орнап,  ол 

жануарлардың шаруашылық аумағында тыныштықта өмір сүріп, осы жерлерде мекендеп 

өсіп жəне көбеюлеріне ықпал еткен. 

 Жалпы  шаруашылықтағы  аңшылық  жануарлардың  санының  өсуіне  барлық 

мүмкіншіліктер бар, ал олардың қазіргі деңгейін жақсы деп есептеуге болады. 

Шаруашылықтағы  соңғы  жылдардағы  жануарлардың  саны 1-кестеде  көрсетілген. 

Аңшылық  жануарларды  қосымша  азықтандыру,  аңшылық  алқаптардағы  табиғи  азықтың 

жетіспеушілігін  өтейтін  əр  түрлі  азықтар  есебі  деп  атап  қабылдау  керек.  Қосымша 

азықтандыру  азық  жоқ  кезде  жануарлардың  өлуінен  құтқарады,  əр  түрлі  аурулардан 


118 

 

сақтандырады  жəне  қарсы  тұруын  көтереді,  жануарлардың  қоныс  аударуын  тоқтатады, 



ауылшаруашылық дақылдардың жəне орман екпелердің зақымдануын төмендетеді. 

   


1-кесте. Аңшылық жануарлардың негізгі түрлер санының динамикасы 

Жануарлар түрлері 

Өзіне тəн көлемі, 

мың га 


Жылдар бойынша аңдардың саны (бас) 

2009 2010  2011 

Қостұяқтылар 

 

Сібір елігі 



Сібір тау текесі 

Жабайы шошқа 

 

Жыртқыштар 



 

Қасқыр 


Түлкі 

Борсық 


 

Қоянтəрізділер 

Құм қояны 

 

Кеміргіштер 



Ондатр 

 

 



60,0 

92,0 


14,0 

 

 



 

49,0 


52,0 

13,0 


 

 

27,0 



 

 

--- 



 

 

134 



1244 

89 


 

 

 



20 

680 


169 

 

 



761 

 

 



37 

 

 



159 

1253 


136 

 

 



 

16 


695 

180 


 

 

768 



 

 

40 



 

 

179 



1267 

151 


 

 

 



22 

713 


203 

 

 



778 

 

 



43 

 

Қосымша  азықтандыру  шараларын  дұрыс  жүргізбеу,  осы  жерде  жануарлар  түрінің 



шамадан тыс шоғырланып одан кейін жұқпалыа аурулардың көбею қаупін тудырады. Ол 

жануарлардың адамға үйрену дəрежесінің артуына əкеп соқтырады: 

-  əдетте  қосымша  азықтандыруды    тəулік  бойы  жүргізбейді,  оны  жануарлар  өмір 

сүру  ортасында  азық  азайған  кезеңде  немесе  азыққа  қол  жеткізу  қиын  жағдай 

туындағанда; 

-  қысқы  уақытта  азық  жоқтығына  жəне  азыққа  қол  жеткізу  қиын  жағдай 

туындағанда; 

 -  ата-аналарының  көп  мөлшерде  азық  тауып  беруі  қиындағанда  төлдерді  қосымша 

азықтандыру уақыты ; 

- су мол болғанда жəне стихиялық апат жағдайы кезінде жануарлар баспанасы мен 

азығынан айырылған уақытта. 

Əртүрлі  аңшылық  жануарлардың  қосымша  азықтандыру  мөлшері  бірдей  емес. 

Кейбір  аңдар  қыс  бойы  қосымша  азықты  қажет  етпейді.  Республиканың  көптеген 

аудандарында аңдардың бір қатар түрлері (таутеке, елік, қабан, қоян жəне басқа) қосымша 

азықтандыруды  қажет  етеді.  Қосымша  азықтандырудың  мөлшері  мен  сипаттамасы 

аңшылық  жануарлардың  түрінің  құрамына,  санына,  шаруашылық  алқабына  таралуына 

жəне табиғи азық өніміне қарай анықталады.  

Аңшылық  алқаптарда  қосымша  азықтандыруды  салуды  есептегенде  мына 

талаптарды ұстану қажет: 

жануарларға қажетті азық көлемі жəне сапасы берілген жыл уақытына сəйкес болуы; 

-  қосымша азықтанатын жануарлар үшін, азық жеткілікті болуы тиіс; 

-  шаруашылық  аумағындағы  қосымша  азықтандыратын  жерді  бөлгенде  оның 

айналасына  басқа  қосымша  азықтанатын  жануарлар  түрінің  шоғырлануы  болмауын 

қарастыру керек; 

-  қосымша  азықтандыру  үшін  осы  жағдайға  экономикалық  тиімді  болатын  азық 

пайдалануы қажет; 

- қосымша азықтандыратын жерге қызмет көрсетуде жұмыс өнімділігі жоғары жəне 

еңбек көлемі аз болуы тиіс; 



119 

 

- салынатын азықтың сапасы жоғары, бұзылмаған жəне жатып қалмаған болуы тиіс; 



-  қосымша  азықтандыратын  жерді  азық  қалдықтарынан,  қидан  тазалап  əр  түрлі 

аурулар тарамас үшін ұстау керек; 

-  жануарлар  əр  түрлі  гельминттер  жұқтырмау  үшін,  қосымша  азықтандыратын  

жерді құрғақ,таза алаңқайларда орналастыру керек; 

- қосымша азықтандыратын жерге азық алып келетін жол салыну керек; 

- қосымша азықтандыратын жерге азық көлемін жеткілікті есептеп үнемі салып тұру 

қажет, сол кезде аңдар ол жерге келіп өздеріне қажетті қосымша азық жейді; 

-  қосымша азықтандыратын жердің жанынан паналайтын орын қарастыру қажет; 

-  қосымша  азықтандыратын  жерге    жануарлар  келу  жолы  ашық  жəне  қалың  қар 

кезінде соқпақты тазалап тұру керек; 

 Қосымша азықтандыратын жерге жануарлар мен құстардың келуін, салынған азық 

мөлшерінің желінуін оларға күнделікті салынып отырған азық көлемін есепке ала отырып 

журналға жазып күнделікті бақылау жүргізіледі.  

Соңғы  үш  жылдағы  биотехниялық  іс-шаралардың  жүргізілген  мөлшері 2-кестеде 

көрсетілген.  Мысалы,  кептірген  шөп 31,10 т,  қурама  жем 1,5 т,  тұздықтарға  салынатын 

6,10 т қосымша азықтандыруға жұмсалған.  



 

2-кесте. Сайрам-Өгем Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің биотехниялық іс-шаралар 

бойынша 2009-2011 жыл аралығында атқарылған жұмыстардың орындалғаны 

 

Еліктерді қосымша азықтандыру. Ұлттық паркте еліктерді қосымша азықтандыруды 



дұрыс  ұйымдастыру,  осы  аң  түрінің  басының  өсімінің  көбеюіне  əсерін  тигізеді.  Қыстың 

күні  елікті  қосымша  азықтануына  салынған  шабылып  тұздалған  шөпті  жақсы  жейтіндігі 

тəжірибеде  байқалған.  Ол  орман  жəне  шалғын  жалпақ  жапырақты  шөпті  жақсы  жейді, 

астық тектес шөпті көп қаламайды. Сонымен қатар, батпақты жəне қияқ шөпті аз жейді. 

№ 

Жұмыс түрлері 



Өлшем 

бірлігі 


2009 

жыл 


2010  

жыл 


2011 

жыл 


Барлығы 

Аңдарға азықтануға көмек ретінде орындар 



жасау 

дана 10 12 11  33 

Бастырма орындарын жаңадан жасау -//- 





Жабайы аңдарға тұз салатын орындар жасау -//- 





22 22 


Жабайы аңдарға азықтануға жем салатын 

науалар жасау 

-//- 

11 

- -  11 

Жаңадан ландшафтар жасау -//- 



17 

 

10 27 


Бөлмелерді жабдықтау -//- 

 





Аңдарға жемдік азықтарын дайындау  



 -тұз 

 

т 



 

 

1,5 



 

 

2,4 



 

 

2,137 



 

 

6,0 



-құрама жем 

т 1,0 


0,5 

- 1,5 


Аңдарға шөп дайындап жинап қою -//- 

10 

10 


11 

31 


Аңдарға тау қойнауларында суғару 

орындарын жасау жəне құру 

дана 21 15 14  50 

10 

Бұлақтардың көзін тазалау жəне жаңадан 



ашу 

-//- 62 


63 

61 186 


11 

Жыртқыш аңдарды жою оның ішінде; 

бас 343 

195 


640 

1178 


Қасқыр 

бас 17 15 6  38 

Қаңғыбас ит 

бас 82 45 

59 186 

Сауысқан 



бас 110 65 92 267 

Қарға 


бас 134 70 92 296 

12 


Жабайы аң-құстардың есебін жүргізу 

рет 1 2 3  6 



120 

 

Елік жоңышқа шөбін жақсы жейді. Ол аш бола тұра ескі немесе уақытынан кеш шабылған 



шөпті жəне батпақты  өсімдіктер мен қияқ шөптерді əзер жейді. Шөп дайындауды шілде 

айынан  кешіктірмеу керек.  Егер  шабылған шөпті  қосымша  азықтандыру  жерінен  алыста 

дайындаса, оны маялап жинау керек жəне асқа салатын тұзды бір мая шөпке 3-5 кг есебі 

мөлшерінде  шашу  немесе  ерітілген  тұзды  себу  қажет.  Кей  кезде  шабылған  шөпті 

шөмелемен  ағаш  торабына  немесе  қалың  бұтада  жинап  қалдырады.  Бұндай 

азықтандыруда  шөптің  бірнеше  бөлігі  қар  астында  қалып  шіріп  кетеді,  сондықтан  елікті 

қосымша  азықтандыру  орнындағы  шөппен  азықтандырған  жөн.  Осы  мақсатта  көбінесе, 

яғни  шөп  шашу  орны  пайдаланылады.  Шөпті  призма  тəріздес  ақыршаларға  салады. 

Ақыршалар  орнының  екі  жағына  тұз,  тамыр  жеміс,  концентрат  жəне  шөп  салатын  науа 

бекітіледі. Көптеген аңшылық шаруашылықтарда елікті қосымша азықтандыруға əр түрлі 

жапырақты,  бұталы  ағаш  тұқымдарының  сабағы  жапырағымен  пайдаланылады.  Ол  үшін 

көбіне шетен, үйеңкі қажет. 

Қабандарды  қосымша  азықтандыру.  Қабанды  қосымша  азықтандыру  үшін  төменгі 

сорттағы  картопты,  топинамбур,  қызылша,  шошқа  жаңғақ,  жүгері  собығы,  дəн, 

құнарландырылған  азық,  ет  қалдығы,  сорпа  өнімі,  балық,  пішендеме  жəне  тағы  басқа 

азықтарды  пайдаланады.  Бұларды  қар  басып  қалмас  үшін,  қалың  қарағай  астында 

қабандар  мекендейтін  жерде  арнайы  дайындалған  қосымша  азықтандыратын  алаңдарға 

салады. Қосымша азықтандыру қар қалыңдаған кез желтоқсан айынан басталады. Оларды 

аталығы  аналықпен  төлдерді  қуаламас  үшін,  алаңда 5-15 м  диаметрде  жерге  жəне  қарға 

біртегіс етіп жайып алады. Дəнді науаға салады. Қосымша азықтандыруды күнділікті бір 

уақытта  жүргізген  жөн.  Қатты  аяздарда  тамыр  жемісін  жəне  көкөністі  аз  беріп, 

құнарландырылған  азық  көбірек  керек.  Кейде  қысқы  қосымша  азықтандару  басқаша 

жүргізуге болады. Күзде қабандар мекендейтін жерде ұзындығы 5-6 м, көлемі 0,5м картоп 

жəне  топинамбур  кертпесін  қояды.  Оны  түскен  жапырақпен  немесе  сабанмен  жауып, 

үстіне  құм  шашады.  Сонан  соң  тағы  жапырақпен  жабады.  Бұндай  кертпелерді  қабандар 

өздері ашып алып, көп уақыт бойы сол жерде азықтанады.  

 Құм қояндарды қосымша азықтандыру. Қыста қояндарды шөппен астық баулармен, 

бұршақпен,  жоңышқа,  тамыр  жемістермен,  көкөніс,  жүгері  собығымен  қосымша 

азықтандырады.  Тоғайда  күтіп  баптау  үшін  ағаш  кескенде  терек,  тал  бұтақтарын  жинап 

қалдырып кету керек.  

Азықтандыру маусымы 3 кезеңге бөлінеді - қосымша жемдеу 30 күн, 1 қарашадан 30 

қарашаны қосқанда, азықтың тəуліктік мөлшерінің 25 пайызы салынғанда; 2 кезең- өтпелі, 

31  күн, 1 желтоқсаннан 31 қоса  алғанда,  бұл  кезеңде  азықтың  тəуліктік  мөлшерінің 50 

пайызы салынады; 3 кезең - негізгі 59 күн 1 қаңтардан 15 наурыз айлары аралығы алынды. 

Бұл кезеңде азықтың тəуліктік мөлшері толығымен салынады.  

 Өткен  аңшылық  шаруашылықтардың  қызметін  саралауына  жəне  көп  жылғы 

бақылау  негізінде  орташа  маусым  бойынша  жалпы  азық  есебі  жəне  сонымен  қатар, 

19.09.06 жылы №199 АШМ Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитетімен бекітілген 

«ҚР  аумағында  аңшылық  шаруашылғын  жүргізудегі  биотехниялық  іс  шараларының 

нормативтері» азық мөлшерін есептеу үшін, кезеңдегі 120 күнге бір басқа азық дайындау 

мөлшері алынды (Қазақстанның оңтүстік аймағы үшін). 

 Биотехниялық  іс-шаралары  аңшылық  шаруашылығын  дамытуда  ең  негізгі  фактор 

боп  есептеледі.  Ол  қыста  қиын  кездері  аңдарға  қолқабыс  тигізу  үшін  жүргізіледі. 

Алқаптағы аңдар санын көбейтуге, қорғауға, азықтануының жақсаруына септігін тигізеді.  

Аңшылық  шаруашылық  жағдайына,  хайуанаттар  дүниесіне  теріс  факторларға 

жататындар: 

- еліктің бұтақ азығын жеуге бару мүмкіндігіне кедергі келтіретін, алқаағаштардағы 

қар жамылғысы; 

- туристер жəне шөп дайындау кезеңіндегі мазасыздау факторы; 


121 

 

-  хайуанаттар  дүниесіне  төрт  аяқты  жыртқыштар  (қасқыр,  түлкі,  қаңғыбас  иттер), 



қанаттылар ( қаршыға, сауысқан жəне қарға) қысымы. 

Елік,  қабанды  қыста  қосымша  азықтандыруды  ұйымдастыру  қар  жамылғысы 

қалыңдамай тұрғанға дейін бастау қажет.  

Оттық  ақырды  жəне  шөптің  шөмелейін  жазда  жануарлар  келіп,  үйренген  азық 

алаңқайына  жақын  орналастырған  жөн.  Оттық  ақыр  алқаағаштан 100 м  алыс  емес  ашық 

жерде  орналасуы  керек.  Ормандағы  оттық  ақырға  еліктер  жыртқыштар  тап  береме  деп 

бара бермейді. Оттық ақырда жыл бойы тұз болу керек. Сол кезде ақырда азық болмаса да 

тұздыққа  аң  келіп  жүре  береді.  Қыс  түсе  бастағанда  қосымша  азықтандыруды  бастау 

керек.  Ол  кезде  жобалаған  азық  өлшемінің  үштен  бірі  ғана  салынады.  Ал,  қабанға 

тəуліктік  қосымша  азық  мөлшері  оларды  тарту  үшін  салынады.  Осы  мақсатта  оттық 

ақырдан  əр  түрлі  бағытқа  арақашықтығы 10-20 метрде  тал,  терек,  қайың  жəне  жусан 

жапырақтарын  іліп  қояды.  Жабайы  жануарларға  (таутеке,  елік)  тұз  минералды  қосымша 

азық үнемі керек, əсіресе буаз жəне емізетін кезде өте қажет етеді.  

Жолы  қиын  жерлерде  елік  үшін  қысқы  қосымша  азықты  сол  жерде  дайындап 

шөмеле жасап жинап қойған тиімді.  

Тұяқты  жануарлар  үшін  қосымша  азықтану  орны  ақырша  түрінде  жасалады. 

Таутекегеде  шөп  үлкен  емес,  шөмеле  түрінде  жиналып  салынады.  Дəн  азығын  (астық 

қалдықтары,  құрама  жем)  ағаш  діңнен,  бөренеден  жасалған  астауларға  салып  береді. 

Тұзды  осы  астауға  араластырып  салады.  Тас  тұздарды  арнайы  ойылған  діңдерге  немесе 

ағашқа іліп қояды. 

Тұяқты жануарларға ақыршалардың (қабан, қоянға) қосымша азықтандыру орнының 

тұздықтардың  жалпы  мөлшері  негізгі  аңшылық  жануарлардың  санының  өсуіне  қарай 

пропорционалды өзгеріп тұрады.  

Зиянды жыртқыш-аң жəне құс түрлерімен күресу жолдары. 

Аңшылық  шаруашылық  аумағында  зиянды  аң  түрінен  мекен  ететіндер:  қасқыр, 

жабайы иттер, ал құстардан қарға, сауысқан.  

 Қасқырды  апанында  атып,  сонан  соң  күшіктерін  жоюға  болады.  Қыс  кезінде 

қасқырды  өлекселерге  келгенде  атып  немесе  қақпанға  салынған  азық  арқылы  аулауға 

болады.  Жабайы  иттер  аумақта  болған  жағдайда  оларды  жыл  бойы  атып  немесе  аулау 

керек.  Тауық  тұқымдастардың  ұясына  зиян  келтіретін  қарғаларды  жою,  олардың  ұясын 

бұзу арқылы іске асыруға болады. 

 

Əдебиеттер 



 1. Новиков Г.А. Полевые исследования по экологии наземных позвоночных.- М.; 

Советская наука,1953.-501с. 

 2. Методы учета охотничье-промысловых и редких видов животных Казахстана.-

Алматы.2003.-203с. 

3. Кузнецов Б.А. Биотехнические мероприятия в охотничьем хозяистве.-М.; Лесная 

промышленность-,1974.-221с. 

 4. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2009-2013 жылдарға арналған 

басқару жоспары.– Шымкент; 2008. 

 

А.Д. Тажиева, Е. Орақбаев  



 

БИОТЕХНИЧЕСКИЕ МЕРОПРИЯТИЯ ПРОВОДИМЫХ В ОХОТНИЧЬЕМ ХОЗЯЙСТВЕ 

САЙРАМ-УГАМСКОГО НАЦИОНАЛЬНОГО ПРИРОДНОГО ПАРКА 

 

В  статье  приведены  материалы  по  фактической  численности  основных  видов 



охотничьей  фауны  из  числа  млекопитающих,  а  также  объемы  проводимых 

122 

 

биотехнических  мероприятий  в  национальном  парке  «Сайрам-Угам»  за 2009-2011 гг.  А 



также  были  приведены  примеры  дополнительной  подкормки  для  разных  видов 

охотничьих животных. 

 

A.D. Tazhyeva, E.Orakbaev  



 

BIOTECHNICAL ACTIONS CARRIED OUT IN HUNTING ECONOMY  

OF NATIONAL PARK OF SAYRAM-UGAM 

 

The article materials on the actual number of main types of hunting fauna from among 



mammals, and also volumes of held biotechnical events are given in national park "Sayram-

Ugam" for 009-2011gg. 

 

 

ƏОЖ 599.323  



 

А.Д. Тажиева, Е.Х. Төлеміс, А.Ж. Тоқтасынов  

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

 

САЙРАМ-ӨГЕМ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕГІ АҢШЫЛЫҚ 

АЛҚАПТАРДЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ  

 

Аңдатпа.  Мақалада  Сайрам-Өгем  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  паркінің 

территориясында аңшылық алқаптарының типологиялары бойынша жүргізілген жобалау-

ізденіс  жұмыстарының  нəтижелері  келтірілген.  Барлығы 11 аңшылық  алқап  типіне 

топтастырылды, оның ішінде 4 орманды жəне 7 орманды емес. 



 

Кілт  сөздер:  Сайрам-Өгем  МҰТП,  жобалау-ізденіс  жұмыстары,  аңшылық 

шаруашылық, қостұяқтылар, жыртқыштар, жайылымдар, алқаптар түрлері, жануарлардың 

мониторингі. 

 

Кіріспе.  Сайрам–Өгем  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  паркі  «Оңтүстік  Қазақстан 

облысының  жекелеген  мемлекеттік  мекемелерінің  кейбір  мəселелері  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2006 ж. 26 қаңтардағы №52 қаулысына сəйкес Түлкібас, Төле би 

жəне Өгем орман жəне жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің 

қосылу  жолымен  ұйымдастырылды.  Парктің  жалпы  жер  көлемі 149053га.  Аңшылық 

шаруашылығын  жүргізуі  негізгі  əрекетінің  бірі  болып  саналғанда  осы  аумағында  қазіргі 

уақытқа дейін ішкі аңшылық ұйымдастыру жұмыстары орындалған емес. 

Парк  Батыс  Тянь-Шань  жүйесінің  солтүстік-шығыс  бөлігіне  орналасып  жəне  жеке 

сол  жүйесіне  кіретін  Өгем,  Қаржантау,  Қазығұрт  пен    Боралдай  тауының  тау  сілемдері 

мен тау етегіндегі жазықтардан тұрады.  

Ауа-райы жағдайы жылудың көптігімен, құрғақшылық жəне континентальдығымен 

айшықталады.  Жазы  ыстық,  құрғақ  жəне  ұзақ.  Ең  ыстық  маусым  айында  орташа 

температурасы 21-29°С,  ал  абсолюттік  жоғарғы  температурасы - 40°С  дейін  көтеріледі. 

Қысы  жұмсақ,  жиі  жылылық  түсіп  тұрады.  Ең  суық  ай – қаңтар  айының  орташа 

температурасы-11°С. Абсолюттік төменгі температура -30°С. Жауын-шашынның жылдық 

мөлшері тау етегінде 400-600мм жəне орта мен биік таулы аудандарда 800мм жəне одан 



жоғары.  




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал