Салықов К. Евней Бөкетов – шығармашылық пен қайырымды істердің шыңы / Кəкімбек Салықов // Орталық Қазақстан



жүктеу 59.87 Kb.

Дата26.01.2017
өлшемі59.87 Kb.

     Салықов К. 

         Евней  Бөкетов – шығармашылық  пен  қайырымды 

істердің  шыңы / Кəкімбек  Салықов // Орталық  Қазақстан. – 

2004. – 17 сəуір (№74-75). 

 

     Қарағанды  мемлекеттік  университетінің  бірінші  ректоры  жəне  оның 



негізін қалаушы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Евней 

Арыстанұлы Бөкетов көрнекті ғалым ретінде Қазақстанның химия-металлур-

гия  ғылымында  басты  тұлға  болды.  Қазақстан  Ғылым  академиясының 

бірінші президенті Қ.Сəтбаев оны отыз бес жасында Қарағанды қаласындағы 

ҒА химия-металлургия институтына директор етіп жібереді. Мұнда ол он екі 

жыл бойы өз қызметін өте жоғары деңгейде атқарды. Қазақ кен-металлургия 

институты  директорының  бұрынғы  орынбасары,  техника  ғылымдарының 

кандидаты өзіне сеніп тапсырылған жұмысқа батыл əрі құштарлықпен кірісіп 

кетеді. 

   Сол кезеңдерде Е.Бөкетов өзінің негізгі мамандығымен қатар əдеби сыншы 

ретінде  де  таныла  бастаған  болатын.  Орыс  жəне  шетел  жазушылары  мен 

ақындарының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударып үлгерген-ді. Сол 

кездің  өзінде-ақ  оның  есімі  жарқырап  жанған  жарық  жұлдыздай  белгілі  еді. 

Осы  жерде  А.Эйзенштейннің  мына  бір  пікірі  ойға  оралады: «Ғылыми 

ойлауда поэзияның элементі əркезде болады. Нағыз ғылым мен нағыз музыка 

біртекті ойлау машығын талап етеді. Демек, барлық құпия осы «ойлау машы-

ғының біртектілігінде» жатса керек». 

   Қ.Сəтбаев  пен  Е.Бөкетовке  қандай  қасиеттер  ортақ?  Екеуі  де  мақсат  пен 

арман-мұраттарын  нақты  нəтижемен  сабақтастыра  білді.  Сəтбаевтің  өмір 

жолын  ұзақ  зерттеу  нəтижесінде  мен  осы  бір  ұлы  адамның  өмірі  мен  ақыл-

ойы ғылым мен өңдірісті жүйелі дамыту үрдісіне бағытталған деген тоқтамға 

келдім. Бұлар: түрлі металдарды іздеу мен барлау, оларды зерттеу мен өңдеу 

жəне  байыту,  ірі  индустриалды  буындар  мен  халык,  шаруашылығын 

индустриаландырудың  барлық  кешенді  жүйесін  құру.  Бөкетов  осы  жүйеге 

химик-металлург  ретінде  қатысып,  үлкен  буынның  бір  жауапты  саласын 

жүргізді,  ол  сирек  металдар  металлургиясын  басты  мұрат  тұтып,  мысты 

қорыту  мен  сапасын  жақсартуға,  сондай-ақ  концентраттардан,  шөгінділер 

мен  металлургиялық  процесс  газдарынан  барлық  компоненттерді  кешенді 

түрде  шығарып  алуға  бағытталды.  Кейіннен  ол  көмірді  гидрогенизациялау, 

синтетикалық  мұнай  алу  секілді  күрделі  проблемаларға  ауысып,  бірте-бірте 

мұнай өңдеу заводтарында сол көмір сутектерін, табиғи мұнай сияқты мұнай 

өнімдерін  алу  мəселелерін  қолға  алды.  Екеуі  де  табиғат  ресурстарын  тиімді 

пайдалану  үшін  қарапайым  міндеттерден  күрделі  проблемаларға  көшіп 

отырды. 


   Евней  Арыстанұлы  адамдарға  деген  ықыласымен  ерекшеленген  тұлға. 

Оның мінез-құлқында этикалық нормалардың барлық бояуы – өзін-өзінұстау, 

салт-дəстүрді сақтау жəне этиканың тамаша бір талаптары мол болатын. Осы 

бір  қарапайым  əрі  нар  тұлғалы  адамның  өн  бойында  ана  сүтімен  бірге 



жоғары  мəдениеттілік,  қарапайымдылық  пен  ізеттілік  қасиеттер  қандай  көп 

еді.  Бұл  қасиеттер  оның  бүкіл  өмірі  мен  шығармашылық  қызметінің  қадір-

қасиетін арттыра түсті. Ол өзінің ұстазы секілді маңайына жақсы мамандар-

ды, ғалымдар мен еңбек етуге ынталы ұжымды шоғырландыра білді. 

   Мен  оны  жан-жақты  таныдым,  оның  да,  менің  де  достарымның  арасында 

көп  пікірлестік.  Мені,  ең  алдымен,  таң  қалдырғаны  оның  энциклопедиялық 

білімі,  талантының  сан-қырлылығы,  қарапайымдылығы  əрі  кез  келген 

адамды  өзіне  қарай  үйіре  білетін  жан  жылулығы.  Оның  осы  мінездері  алып 

тұлғасымен  қалай  үйлесетініне  таңданбаған  пенде  жоқ  болар.  Мінез-құлқы 

мен іс-əрекетінде ешқандай жасандылық болмайтын, ол баппен ағып жатқан 

үлкен  айдынды  өзенге  ұқсап  тұратын.  Əңгімелескен  адамын  əжесінің 

ертегісіне ұйыған жас баладай асқан құмарлықпен тыңдайтын. Адамдар оған, 

өзі де адамдарға сенетін, ұжымнан өзін бөлек ұстамайтын. 

   Евней Арыстанұлы элитарлық эпархияның ең зиялы адамы еді. Ол баппен 

сөйлегенде,  бар  болмысыңмен  беріліп  кеткеніңді  өзің  де  байқамай  қаласың. 

Оның шешендік өнерінің өзі бір тұңғиық əлем еді. Евекеңмен əрбір кездескен 

сайын рухани жағынан байып шығатын еді адамдар. 

   Бірде, 1970 жылдардың  соңында  Евней  Арыстанұлы  менің  А.Пушкиннің 

«Евгений  Онегин»  поэмасын  қазақ  тіліне  аудара  бастағанымды  естігеннен 

кейін, менің бұл бастамамды қуана қолдап, осы дастанды ауызша оқып берді. 

Мен оның есте сақтау қабілеті мен мəнерлеп оқу шеберлігіне тəнті болдым. 

Ол  поэманы  оқыған  кезде  студенттік  жылдары  талай  рет  естіген  Пушкин 

шығармаларын  мəнерлеп  оқудын  мəскеулік  шеберлерінен  əсте  кем  түскен 

жоқ.  Ол  "Евгений  Онегинді»  пушкинтанушы  тəжірибелі  профессордың 

классикалық  лекциясындай  барлық  проблемалары  мен  образдары  бойынша 

жан-жақты əңгімелеп берді. Пушкин тілінің қиындығына тоқталып, олардың 

мəнін ежелгі ресей тілінің маманы ретінде түсіндіріп бергені əлі күнге дейін 

есімде. 


   Е.Бөкетов  ұлы  адамдардың  шығармаларын  талдау  кезінде  ғана  емес, 

барлық  ғылыми,  педагогикалық  жəне  өмірлік  кейбір  жайларды  тереңінен 

талқылауға  бейім  тұратын.  Мені  Жезқазған  қалалық  партия  комитетінің 

бірінші  хатшысы  етіп  сайлағанда,  арнайы  құттықтап,  былай  деген  еді: 

«Адамдар  əзірге  мақтаудан  өлген  жоқ,  жөн-жосықсыз  сыннан  инфаркт 

алады».  Осы  бір  даналық  ой  бүкіл  өмірімде,  əсіресе  партиялық  жəне 

қоғамдық қызметте əрдайым жадымнан өшкен жоқ. 

   Евней Арыстанұлының өмірі мен шығармашылығы туралы көлемді эпопея 

жазуға болады. Ол жайында бүгінге дейін бірқатар дүниелер жарық көрді, əлі 

дежарық  көретініне  күмəнім  жоқ.  Евней 7-8 сыныптарда  оқып  жүріп-ақ 

А.Пушкиннің  «Тас  мейман»  трагедиясын  қазақ  тіліне  аударған.  Студенттік 

жылдарында  ол  И.Васильенконың  «Артемка»  əңгімесін,  Эмиль  Золяның 

əңгімелері  мен  повестерін,  И.Вазовтың  «Бұғауда»  романын  ана  тілімізде 

сөйлетті.  Сонау 1953 жылы  аспирант  болып  жүріп, «Сын  жəне  библиогра-

фия»  деген  мақаласымен  жарық  етіп  көрінді.  Ол  бұл  мақаласында  сын-

шылардың  өзі  сынап  отырған  шығарманы  тарихи  кезеңмен  жəне  автордың 

өмірбаянымен байланыстыра алмауын, барлық қазақ жəне орыс əдебиетімен 


салыстырғандағы  шеберлік  деңгейін  бағалай  алмауын  сын  тезіне  алады. 

Қазақ  прозасының  классигі  Ғабит  Мүсіреповтің  «Оянған  өлке»  романы 

туралы  мақаласы  да  автордың  əдебиет  əлеміндегі  орнын  бірден  айшықтап 

берді.  Бұл  мақаланы  Мəскеудің  Ленин  атындағы  кітапханасында  студенттік 

жылдары  оқыған  мен  əзірге  беймəлім  автордың  қалам  сілтесіне  таңданған 

едім. Кейіннен осындағы жерлес студенттер оның есімін мақтаныш тұтатын 

болдық. 

   Евней Арыстанұлы 1950 жылы институтты үздік бітіргендіктен, студенттік 

жылдарының  өзінде  ғылымға  бейімділігін  байқатқандықтан  аспирантураға 

қалдырылады. Ғылыми жұмысын барынша өрістете түседі. Осы жылдары ол 

аудармашы  жəне  əдеби  сыншы  ретінде  де  таныла  бастайды.  Театр 

қойылымдары  мен  актерлер  шеберлігі  туралы  да  жазады.  Маяковскийдің 

«Қандала»  жəне  «Шалбарлы  бұлт»  поэмаларын  қазақ  тіліне  тамаша  етіп 

аударады.  Бұл  еңбектер  əдебиет  əлеміндегі  қаламгерлерді  Евекеңнің 

талантты  жазушы  əрі  аудармашы  екендігін  мойындатады.  Е.Бөкетовтің 

əдеби-сын  өмірінде  тамаша  ақын  Ж.Молдағалиевтің  «Өз  көкжиегімде 

қаламын»  жинағына  қазақ  жəне  орыс  тілдерінде  жазған  рецензиялары 

айрықша  орын  алады.  Кейіннен  «Жарқын  тағдыр  уақыты» (Ғылыми 

қызметкердің жазбалары) деректі повесі «Простор» журналының №8 жəне 9 

сандарында  жарық  көрді.  Сергей  Есениннің  өлеңдері  мен  «Анна  Снегина» 

жəне  В.Маяковскийдің  «Жақсы»  поэмаларын  аударады.  Е.Бөкетовтің  əдеби 

шығармашылығы  туралы  сол  кезеңдегі  танымал  сыншы,  академик  М.Қара-

таев  оң  бағасын  берген  болатын. 1955-57 жылдары  мерзімді  басылымдарда 

оның  С.Мұқановтың  «Шоқан  Уəлиханов»,  Ə.Тəжібаевтың  «Майра», 

З.Шашкин  мен  М.Гольблаттың  «Тоқаш  Бокин»  жəне  Ш.Құсайыновтың 

«Кеше жəне бүгін» пьессалары туралы рецензиялары жарық көрді. 

   Орыстың  тамаша  ақыны  Владимир  Солоухиннің  мынадай  нақылы  бар: 

«Жазушы  мен  суреткер  үшін  оларға  керемет  марапат  ретіндегі  дəл  тауып 

айтылған  анықтама - ол  зерттеуші».  Е.Бөкетов  көрнекті  ғалым  ретінде  жан-

жақты  зерттеуші,  ал  тамаша  жазушы  ретінде  де  ол  Шоқан  Уəлиханов, 

Дмитрий  Иванович  Менделеев,  Қаныш  Имантайұлы  Сəтбаев  жəне  Мұқтар 

Омарханұлы Əуезов секілді ұлыларды зерттеуші болып қала береді. 

   Қазақстан  Республикасынан  тысқары  жерлерге  де  белгілі  «Түйе  қомында 

туған  адам  жəне  оның  замандастары»  повесінде  автор  көшпенділер  өмірін 

жан-жақты  суреттеп  береді.  Түйе  қомында  туған  адам,  Қазақстанның 

бұрынғы  денсаулық  министрі,  көрнекті  ғалым,  қоғам  қайраткері,  публицист 

Ишанбай Қарақұлов болатын. 

   Е.Бөкетовтің барлық əдеби еңбектерін санап шығу қажет емес болар. Ол өзі 

де,  оқырман  да  рухани  лəззат  алу  үшін  жазған.  Жақсы  жазушыларды 

«табиғат  бере  салған  талант»  дейді.  Ғылыммен,  директорлық  жұмыспен, 

қоғамдық қызметпен беріле айналысқан ол əдеби шығармашылықтан да қол 

үзбеген. Əйтпесе ол табиғат берген талантымен тамаша жазушы да, ақын да 

болар  ма  еді.  Р.Ролланның  «Осы  заманғы  ғалымдар - бұлар  шын  мəніндегі 

ақындар» дегені осы Евней Арыстанұлына арналып айтылғандай. 

   Ол əдеби салада Абай мен Əуезовтен, ал ғылым саласында Менделеев пен 


Сəтбаевтан  үйренді.  Сондықтан  Сəтбаевтың  ғылыми  өмірі  ол  үшін  таңсық 

емес.  Ол  ғалымның  ғұмырнамасын  бүге-шігесіне  дейін  зерттеген,  ұстазы 

жайында Əуезовтің «Абай жолы» секілді көркем шығарма жазбақ та болған. 

Ал,  осындай  кең  көлемді  еңбек  жазуға  оның  қабілет-қарымы  да,  білімі  де 

жететін еді. Бөкетовтің тілі əдемі де құнарлы, бай да кестелі. 

   Өкінішке қарай, үлкен жүректі адамның өмірі қысқа болды. 1983 жылы 58 

жасында  қазақ  халқының  ардақты  ұлдарының  бірі  Евней  Арыстанұлы 

Бөкетовтің жүрегі соғуын тоқтатты. Осы бір қайғылы хабар бүкіл Қазақстан 

мен Кеңестер Одағының ғылыми əлемін лезде шарлап кетті. Сол бір қаралы 

күндері СОКП ОК делегациясының құрамында шетелдерде іссапарда жүрген 

едім. Қоштаса алмадым, сондықтан да ол қымбатты бауыр, дос жəне ақ көңіл 

ұстаз  ретінде  əлі  де  тірі  жүрген  секілді  қасымызда.  Ара-тұра  сонау  алыстан 

күлімсіреп тұрған бейнесін көріп жүремін... 

   Академик  Е.Бөкетовтің  қайтыс  болғандығы  туралы  хабар  КСРО  Ғылым 

академиясына жеткенде, Социалистік Еңбек Ері, КСРО ҒА физикалық химия 

институтының  директоры,  академик  В.Спицын  тосыннан  жеткен  суық 

хабарға абдырап қалып былай деген екен: « Неге ол қайтыс болады? Келесі 

аптада ол Ғылыми кеңесте, содан кейін КСРО ҒА Президиумында баяндама 

жасауы  керек  еді  ғой».  Əңгіме  Е.Бөкетовтің  төменгі  сортты  қазақстандық 

көмірді  мотор  отынына  айналдыру,  басқаша  айтқанда  көмірді  мұнайға 

гидрогенизациялау  мəселесі  туралы  екен.  Осы  бір  ғажап  ой  оның  екінші 

ғаламат  ісі  болатын,  оны  төтеден  келген  ажалдың  кесірінен  аяқтай  алмады. 

Шынында,  ресми  құжаттарға  сүйенер  болсақ, 1984 жылдың  қаңтарыңда 

жоғары одақтық ғылыми деңгейде оның баяндамасын тыңдау жоспарланған 

екен. Демек, Е.Бөкетовтің идеясы «жай ғана профессорлық арман» ғана емес, 

бүкіл адамзаттың мүддесін қозғайтын орасан зор іс болғаны ғой. 

   Евней  Арыстанұлы  өмірінің  соңына  дейінгі  мақсаты  бір-бірімен  тығыз 

байланысқан  табиғи  массадан  химиялық  əсер  ету  жолымен  барлық 

элементтерді  босату  арқылы  табиғат  құпиясын  тереңнен  меңгеру  болатын. 

Осы  жолда  ол  тамаша  табыстарға  жетті  де. 1954 жылы  ол  кандидаттық 

диссертациясын молибденді алу жəне оның химиялық анализ проблемасына 

арнаса,  докторлық  диссертациясында (1966 жыл)  мыс  электролиттерінің 

шөгінділерінен  селен  мен  теллунды  айыру  мəселелерін  «шемішкедей» 

шағады. Оған Балқаш кен-металлургия комбинатының мыс концентраттарын 

кешенді  өңдеу  технологиясын  жасау  мен  енгізуге  қатысқаны  үшін  КСРО 

Мемлекеттік  сыйлығы  берілді.  Евней  Арыстанұлының  осындай  өзекті 

мəселелерді  зерттеуі  оны  Қазақстан  металлургия  химиясының  білгірі  əрі 

түсті металлургия саласының білікті ғалымы деңгейіне көтерді. 

   Ол  Балқашта  да,  Жезқазғаңда  да  үлкен  құрметке  ие  болды.  Осындай  сан-

салалы  ғылыми  бағыттан  хальногендер  мен  хальногенидтер  химиясы  мен 

технологиясы  атты  ерекше  тақырып  дараланып  шықты.  Академиктің 

монографиясы  да  осы  тақырыпқа  арналған  болатын.  Сонымен  қатар 

электролиттен  мышьякті  алу  тақырыбы  да  ғылым  əлемін  таңқалдырған 

тақырыптардың  бірі  еді.  Көмір  химиясы  саласы  да  оның  ғылыми 

еңбектерінің шыңына айналды. 


   Евней  Арыстанұлы  Қазақстан  ҒА  металлургия  институтының  директоры 

қызметінде 12 жыл  болған  кезінде  осы  ғылыми  мекеме  «хальногендер  мен 

хальногенидтер химиясы мен технологиясы» тақырыбы бойынша бүкіл одақ 

мойындаған  ғылыми  мектеп  деңгейіне  көтерілді.  Осы  мектептің  басшысы 

ретінде  директор-академик 9 ғылыми  монография  қалдырды,  шəкірттерінің 

14  монографиясы  өзінің  тікелей  басшылығымен  жарық  көрді, 242 ғылыми 

еңбекті өз əріптестерімен жəне оқушыларымен бірлесіп жазды, 100 авторлық 

құқықалды,  жекелеген  жаңалықтары  үшін  АҚШ-тың,  Францияның, 

Англияның, Канаданың, Австралияның, Италияның, Германия мен Жапония-

ның патенттерін алды. Көптеген ғылыми жаңалықтары  мен өнертапқыштық 

ұсыныстары  өндіріске  енгізілді,  бүгін  де  көптеген  кірістер  əкелуде. 

Е.Бөкетовтің  басшылығымен 61 маман  кандидаттық  диссертация  қорғады, 

олардың 22-сі  ғылым  докторы  болды,  өзі  жетекшілік  жасаған 9 шəкірті 

академик қайтыс болғаннан кейін ғылым кандидаты атанды. 

   Оның  шəкірттері  мен  əріптестері  академиктер  М.Журинов,  З.Молдах-

метов,  А.Қошанов,  профессор  В.Малышев  Қазақстанның  көрнекті  ғалымда-

ры  болды.  М.Журинов  жуырда  ғана  «Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

Ғылым  академиясы»  республикалық  қоғамдық  бірлестігінің  бірінші 

президенті болып сайланды.  Академик Ғ.Мұсірепов, И.Шухов, Ғ.Мұстафин, 

Ж.Бектұров,  С.Никитин  секілді  жазушылармен,  академик  Ш.Есеновпен, 

КСРО  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  Д.Ешпановпен  жəне  еліміздің 

көптеген  таңдаулы  азаматтарымен  достық  қарым-қатынаста  болды.  Евней 

Арыстанұлының  достары  мен  сырластарын  түгелдеп  шығу  мүмкін  емес. 

Олардың барлығы да Евней Арыстанұлын құрметтеуден танған жоқ. 

   2005  жылы  академик  Евней  Арыстанұлының  туғанына 80 жыл  толады. 

Халықтың  сүйікті  ұлын,  сан  қырлы  талант  иесін  құрметтейтін  жəне  оны 

білетін  замандастары - ақсақалдар  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Назарбаевқа  академик  Е.Бөкетовтің  есімін  мəңгілікке  есте  қалдыруға 

байланысты  бірқатар  шаралар  жөнінде  ұсыныстар  жасады.  Олар  Қарағанды 

қаласында ғалымға ескерткіш орнату, оның ғылыми жəне əдеби еңбектерінің 

толық жинағын шығару жəне ҚарМУ-дегі мұражайына мемлекеттік мəртебе 

беру секілді шаралардан тұрады. Біздің ұсыныстарымызды қарағандылықтар 

да,  бүкіл  қазақстандықтар  да  қолдайтынына  сенімдіміз.  Ал  осы 

салтанаттардың  көрнекті  ғалымның,  танымал  жазушының,  жоғары  мектеп 

пен  ғылымды  білікті  ұйымдастырушының  жəне  қазақтың  үлкен  жүректі 

азаматының  есіміне  лайық  өтуіне  барша  қазақстандықтар  атсалысады  деген 



үміттеміз. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал