С.Қалибекова Шымкент қ., Қазақстан А. Сейдімбектің “КҮзеуде” повесінің даралық сипаты



жүктеу 54.32 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі54.32 Kb.

 

 

 



http://www.enu.kz

 

С.Қалибекова 



Шымкент қ., Қазақстан 

  

А. СЕЙДІМБЕКТІҢ “КҮЗЕУДЕ” ПОВЕСІНІҢ ДАРАЛЫҚ СИПАТЫ 

http://www.enu.kz

 

 

    Әдебиет  қашан  да  ұлттық-азаматтық  сана-сезім  мен  ұлттық  мораль  қалыптастырушы 

гуманистік қасиеттің жаршысы міндеттерін атқарады. Шын мәніндегі әдеби шығарма игі 

ниетті  халықтарды  бір-бірімен  таныстыратын  дәнекер.  Осы  тұрғыдан  келгенде  нағыз 

кӛркем  туынды  эмоциялық  әсерлі  сезім  сыйлаумен  қатар,  сол  ұлттың  ұлағатын, 

азаматтық-адамгершілік  игі  дәстүрлерін,  тамаша  қасиеттерін  жеткізетін  қоғамдық-

философиялық  ойдың  кӛркем  формасы  екені  мәлім.  Біз  қаламгер  шығармаларынан 

кӛкейіңе  жылылық,  жүрегіңе  жақындық  әкелетін  ӛзгеше  бір  қасиетті  сезінеміз.  Бұл 

жазушы стиліне тән орнықтылық, даралық сипат болса керек.  

      А.Сейдімбектің  “Күзеуде”  повесіндегі  негізгі  кейіпкерлер  -  Ршыман,  оның  әйелі 

Уәкила,  баласы  Құдайменде,  Торғын.  Хикаят  күздің  кӛрінісін  суреттеуден  басталады: 

“Сарыарқаның саумал иісті, сары ала жапырақты күзі еді. Бұл кездің жер бауырлап жатып 

алатын  қорғасын  бұлты  да,  кӛк  иық  етіп  ұзақ  сілбілейтін  жауыны  да  бой  жаздырмас 

ызғарлы суығы да әзірше білінбей тұр. Оның орнына күзгі таңның хабаршысындай болып 

басталатын майда леп күн арқан бойы кӛтерілгенше толқи есіп, күй сазындай кӛңіл сергіте 

тербеумен  болады.  Осы  сәтте  әбден  бояуы  қанған  табиғат  қыс  түспей  соңғы  рет  дәурен 

күйін  шертіп  қалғысы  келгендей  малына  құлпырады”  [1,3-б].  Әрине,  күздің  табиғаты 

былайша мамыражай болып тұра бермесі белгілі. Оның сүйектен ӛтер қара суығы, адамды 

мезі  ететін сылбыр жаңбыры мен сұрқай күні  алда. Осы мезетті  автор жайдан жай алып 

отырған  жоқ.  Бұл  уақытша,  алдамшы  сәт  қарттық  жеткенде  ойы  мен  кӛңілі  бұзылған 

Ршыманның  жағдайына  дӛп  келеді.  Үй  ішін  жайлаған  үнсіздік  пен  салқын  қабақ  алда 

болатын бір жағымсыз оқиғадан хабар береді. Сӛйтсе де ұзақ отасып бір-біріне сыралғы 

жандар әліптің артын бағып, әлі бет жыртыса қойған жоқ.  

      Оқиғаның бәрі жылқысын іздеп жүріп, “Лесник” қыстауына келгенде,  мінген аты қада 

ағашқа  сүрініп,  шынтағын  жаралап  алған  сәттен  басталады.  Орманшы  Әубәкірдің  әйелі 

Торғын тӛрт жасар баласымен жалғыз отыр еді. Күйеуі осыдан бір жыл бұрын аз ауырып 

қайтыс болады. Торғынның ағасы Жақып кӛшіріп әкетейін дегенде “жылын ӛткізейін” деп 

қалып  қойған  еді.  Жараланған  шынтағын  таңып,  шай  беріп  аттандырған  Торғынға 

Ршыман  сол  кеште  қайта  оралады.  Осыдан  бастап,  олардың  арасында  қимас  бір  қарым-

қатынас  орнайды.  Екеуінің  арасындағы  бұл  байланыс  соншалықты  нәзік,  ынтық  сезімге 

айналған еді. Оны жазушы: “Сонда толған айдай жесір  әйелге деген лып етпе құмарлық 

қызығуы  емес,  бір  жұма  кӛрмесе  кәдуілгідей  сағынып,  құлазып,  кӛзіне  ештеңе  ілікпей 

қоңылтақси  берген  соң  келетін.  Торғын  да  Ршыманға  кәдуілгідей  бауыр  басып,  еті 

үйреніп,  оның  шыншыл  пейілінен  қанағат  тапқан  соң  келуін  күтіп,  елеңдеп  жүретін 

болған”[1, 13-б],- деп суреттейді.  Ршыман бұл тірлігінің осы жасында ӛрескел екендігін 

сезеді. Сӛйте тұра, Торғын ӛзінің сәби күтетінін айтқанда, дегбірі кетіп, есеңгіреп қалады. 

Үш  ұлын  соғыс  жалмады,  екі  қызы  есейіп  қалғанда  қайтты.  Қалғандары  қиын-қыстау 

кезеңде  туғаннан  ба,  жастай  шетінеді.  Құдайменде  -  ең  кенжесі.  Ол  да  тұрмай  ма  деп 

қорыққан  Ршыман  баласының  кіндігін  балтамен  ӛзі  кеседі.  Сӛйтіп,  жалғызының  тілеуін 

тілеп  қалғанда,  Торғынның  жүкті  болуы  шынында  да  есеңгірететіндей  қуаныш  еді. 

Осыдан  кейін  “Лесник”  қыстауына  баруын  да  жиілетіп,  баласы  мен  әйелін  қыстауды 

ертерек  қамдай  беруге  жібергісі  келеді.  Ршыман  оларға  үйге  жапсарлас  салынған 

шошаланы  жӛндеп,  ішіне  үш  құдық  пеш  алу  керектігін  де  тапсырады.  Ондағы  ойы 

кейінірек кӛмекшінің жоғын сылтауратып, Торғынды кӛшіріп алу еді.  

     Шағын  жанрда  кейіпкердің  сюжетке  қатысуы  негізінен  бір  желіде  болады.  Қаламгер 

шығарма құрылымындағы баяндау ситуациясын шектеулі уақытқа құрады. Сондықтан да 

кейіпкердің  мінезіндегі  ӛзгеру  немесе  қайшылықты  кӛрініс  оқиға  ӛрімінде  кӛзге  бірден 


 

 

 



http://www.enu.kz

 

шалынып отырады. Қаламгер Ршыманның аз уақытта ӛзге күйге түсуін бірден байқатады. 



Ол сырт кӛзге томырық, салқын мінезі бар адам. Енді тіпті де ой иектегіш, тұйық болып 

алды. Кейде сабыры кетіп, ұрлық қылғандай қуыстанса, кейде қиянат, зорлығым болмаса, 

неден жасқанам деп ӛз-ӛзін қайрайды. “Ршыман қанша ой жады болғанымен осының бәрі 

де  мезгілсіз  келген  махаббат  шарпуы  екенін  сезбеді.  Тіптен,  осынау  ұзақ  ӛмірінде  әйел 

затына  бұлайша  ынтық  болып  кӛрмегенін,  жүрек  шіркіннің  ағыл-тӛгіл  тӛгіле  бір  ақ  рет 

балқитынын,  сол  балқудың  сәті  кештетіп  келгенін  ойлап  та  кӛрген  жоқ.  Мұнысын 

“махаббат,  ғашықтық”  деп  бағалауға  жүрегі  дауаламайды.  Тіптен  күрсіне  отырып  ӛз 

ойынан  қолайсызданғандай  болады.  Бірақ  бұл  тірлігінің  оғаштығын  бар  болмысымен 

қанша  сезінсе  де  күн  ӛткен  сайын  Торғынға  деген  аяулы  сезімнің  құлына  айналып  бара 

жатты”  [1,17-б].    Жалпы,  мінезі  сабырлы,  кісілігі  де  жеткілікті  Ршыман  қаншама  уақыт 

отасқан  жұбайын  мұндай  кӛңіл  алағызуына  қимайды  да.  Сӛйтсе  де  қанша  қиналып, 

толқыса да Уәкиламен бет ашысуды жӛн кӛреді. Уәкила: “Бұ тоқсан кӛремін деген жасым 

ба еді, быламық татамын деген асым ба еді”, дегендей, мұндай масқараға кездесем деген 

ойымда бар ма... Бұған дейін кӛрдім деген қоқайым жырдың күйі екен ғой. Тарықсам да, 

жабықсам да сырдың суы тобығымнан келмей, ӛзіңді тірек етіп жүргенде, кӛрсеткенің осы 

болса, бұл тірліктің не бағасы қалды?”-деп, ӛкси шағымданады» [1,18-б]. Бұл сӛзге пейілі 

құлай құптаған Ршыман да: “... Саған тағар еш кінәм жоқ. Ӛзіңмен отасқан ұзақ ӛмірімде 

жанашыр  жақындығыңнан  басқа,  жатсынар  мінезіңді  кӛрген  емеспін.  Шүкір,  етегің 

құтсыз  болған  жоқ,  туып  сүйініп,  ӛліп  күйінбеген  де  бар.  Ӛзіміз  тудық  сүйіндік,  ӛлді 

күйіндік, енді қалғанына қанағат. Сӛйтсе де жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Балаңның 

ӛкшесін  басып,  соңыңнан  апалап  жүретін  бір  жас  иіс  болса  оның  несі  айып!  Құдайдан 

жасырмағанды адамнан жасырып болмайды екен, тәңірім талайыма не жазса да, бір іске 

бел буғаным рас. Ақталып отыр деп ойлама, алдыңнан ӛткені деп қабылда” [1,19-б],- деп 

суырыла сӛйлеп, ағынан жарылады. Ақыры Торғынды кӛшіріп ап, Ршыманның жаны жай 

табады.  

      Автор  адамдар  арасындағы  кірбің,  қақтығысты  айту  үстінде  табиғатпен  астастыруды 

да назарынан тыс қалдырмайды. “... Қоңыр күздің жанға рахат маужыр күндері зымырап 

ӛтіп жатты. Табиғат шіркіннің осынау бір ашық-жарқын саумал шағы малға да, адамға да 

келер  күннің  қатал  суығы  барын  ойлатпаған  еді”  [1,22-б].  Әрине,  бұл  жандардың  кӛңіл 

түкпірінде мазасыздық, алаңдау жоқ деуге болмайды. Ршыман түс секілді болған сезімнің 

ӛңінде болғанына қуанып, ұзағынан сүйіндіруін тілек етсе, Торғын бұл жайына разылық 

танытқанымен,  келер  күнін,  күні  ертең  Уәкиламен  қалай  кездесетінін  ойлап, 

мазасызданады.  Шынында  да  Уәкиламен  бетпе-бет  келетін  сәт  жетеді.  Ішкі  мұң-шерін 

армансыз  ақтарып,  кінәласу  сӛзінен  соң:  “Мені  қойшы:  тулармын  да  бастығармын, 

жылармын да жұбанармын, әне бір жалғыз ұл болмаса...” [1,26-б] кӛнген қалып танытып, 

аттанып кетеді.  

     Бұл дәуреннің ұзаққа созылмасын Ршыман да, Торғын да іштей сезетіндей. Сондықтан 

болар, олардың кӛңілдері алаңдаулы еді. Осы тұста табиғат та ӛзгеріп сала береді: “Жер 

бетін  бозарта  жапқан  боқыраудың  қырбығын  күн  нұры  шалған  соң,  осынау  қоңыр  леп 

елеусіз  ғана  тынушы  еді,  бүгін  ӛйткен  жоқ. Керісінше,  күн  кӛтерілген  сайын  бірте-бірте 

екпін алып, ызыңдай соққан суық жел келіп қалған қыстың деміндей ызғарын үдете түсті” 

[1,27-б]. Ақыры Торғынды ағасы кӛшіріп әкетеді де, Ршыман күңіреніп қала береді. Осы 

шағын  шығармада  қаламгер  Ршыман  ақсақалдың  кӛңіліндегі  оқыс  туған  сезім  сәтін 

шыншылдықпен қызғылықты баяндайды. Торғынға ынта-ықыласы ауған Ршыманның жан 

күйзелісі күзгі табиғатпен астарлана суреттеледі де, қартайғанда “ӛзгерген”, ӛмірінің кӛбі 

кетіп, азы қалған кейіпкердің әрекетіне кешіріммен қарайсыз.   

      Осы  шығарма  туралы  ақын  С.Ақсұңқарұлы:  “Сейдімбеков  суреткер.  Хас  суреткер 

қандай қоғамдық система, нендей жалмауыз цензор қасқая қарап тұрса да, ӛзегін ӛртеген 

ШЫНДЫҚТЫ кӛркем ойға бӛлеп, кӛз алдыңа тарта алады. Күшеншек “жалған” жазушы 

қолындағы  қаламын  қанша  жерден  сүйреңдеткенімен,  Суреткер  кӛтерілген  биікке 

кӛтеріле алмай ӛмірден ӛтіп жатыр, ӛмірге келіп жатыр. “Күзеуде” - Ақселеудің перзенті. 


 

 

 



http://www.enu.kz

 

Мұнда  исі  қазаққа  деген  риясыз  кӛңіл-күйі,  алты  Алаш  атаулыға  деген  асқақ  махаббаты 



кӛзге ұрып тұр”[2], -деп тебірене пікір білдіреді.  

      Кӛркем  уақыт  әдебиеттану  ғылымында  негізінен  екі  аспектіде  қаралған.  Эстетикалық 

сана  үшін  уақыт  ұрпақ,  дәуір  мен  адамдар  арасындағы  байланыстың  және  қозғалыс  пен 

дамудың, ӛзгерістің кӛрінісі. Алайда кейінгі жылдары осы екі бағыттың үндесуі байқалды. 

Егер  кең  түрде  алсақ,  кеңістік  дегеннің  ӛзі  шартты.  Себебі,  кӛркем  шығармада 

бейнеленген  кеңістік  кӛп  жағдайда  шығармашылық  ойлауға,  қаламгердің  фантазиясына, 

кӛзқарасы мен дүниетанымына байланысты. Сондықтан, автор ӛзіне жақын дүниені ӛзінің 

қабылдауында  кең  немесе  тар  шеңберде  береді.  Осыған  байланысты  автор  бір  оқиғаны 

жеңіл, үстіртін, шолу түрінде, кейбірін терең, толық суреттеп жатады. Осы ретте кеңістік 

шеңбері ұлғаяды немесе тарылады. Мәселен, халқымыздың тұрмыс-салтын бір ғұрыптың 

орындалуы  арқылы  да,  бірнеше  түрін  кең  суреттеу  арқылы  да  жеткізуге  болады.  Соған 

сәйкес  кеңістікті  толтыратын  оқиға  мен  адамдар  әр  қилы  болады.  Кӛркем  кеңістік 

шынайы  дүние  ретінде  географиялық  сипатты  иеленеді.  Қаламгер  А.Сейдімбектің 

кейіпкерлері кей кезде уақыт ырқына бағынғысы келмейді. Ӛздерінің жүрек қалауындағы 

сезімге  ерік  беріп,  бір  сәт  адамға  тән  бақыттың  дәмін  татуға  бел  буады.  Осыған  табан 

тіреген Ршыман: “Тәңірім қадамыңды қайырлы, құтты қылсын, Торғын. Ӛзіңе ғана айтқан 

имандай сырым ғой осы жасқа келгенше дәл қазіргідей пендеге лайық зор қуаныш кешкен 

емеспін”[1,26-б],- деп ағынан жарылады. Ӛзінің шешіміне риза қалып танытады Бұл жас 

емес, жер ортасына келген адамның ағынан ақтарыла, қуана айтқан сыры. Адам ретіндегі 

ӛзіндік,  ішкі  сезім  қабатындағы  жеке  сырын  ашуы.  Әрі  болашақ  ұрпағымның  анасы, 

жарым деп айтқан сыры.  

     Жүсіпбек Аймауытовтың айтуынша, әрбір адамда үш «мен» болады  [3, 259-б]. Мұның 

біріншісі  –  мендік  “мен”.  Екіншісі  –  меншік  “мен”.  Үшіншісі  -  әлеуметтік  “мен”. 

Жазушының  дәлелдеуінше,  адамды  тұтас  әрі  толық  тану  үшін  осы  үш  “менді”  де  тығыз 

бірлікте,  тұтастықта  қарастыру  керек.  Адамды,  адамның  жанын  зерттеген  кезде,  әсіресе, 

мендік  “менге”  айрықша  кӛңіл  бӛлген  жӛн.  Ӛйткені,  адамның  “жан  дүниесінің  шын 

суреті”, “әр қилы ықтиярсыздықтары”, “жанның дәйімгі, орнықты халдеріне ұқсамайтын 

тосын  күйлері,  кейде  кенеттен  жолығатын  соқпа  халдері”,  “құлпырмалы  күйлері”, 

“жүректің асыруға да, жасыруға да болмайтын шын халдері”, “жан құбылыстарының күйі 

мен реңі”, “адамның ӛзін-ӛзі іздеген халі”, “санамен білінетін заттардан басқа, бір кӛмескі, 

мәлімсіз  қуат  арқылы  білінетін  ойлары”,  “кейде  не  себепті,  қайдан  шыққаны  мәлімсіз 

тӛтенше ойлары”, “біздің санамызға ғана байланысты, санамыздың екінші бір дәрежесіне 

байлаулы  жатқан,  санамыздың  ар  жағындағы  мұнартқан  санасыздық  дүниясымен 

байланысып  жатқан  сезімдеріміз”,  “жанның  әрбір  толқынды,  жүректің  терең  сырлары”, 

“жан  дүниенің  жалпы  ағыны”  осы  мендік  “менде”  кӛбірек  кӛрініс  береді.  Сондықтан  да 

адамның жанын терең ашу үшін осы мендік “менге” ерекше мән беру керек. 

      Ӛмірді танып-білу, адамның табиғатына үңілу қоғамдық талаптың биігіне кӛтеріліп, ӛз 

айналасының ұлттық сипаттарын ашу, характерлердің жанды, нәзік сырларын тауып, қай 

тақырыпта жазса да, ол халқының бағалы мұрасына айналатындай болғаны жӛн.  

      Сырт  қарағанда  ӛзімізге  таныс,  ӛмірде  жиі  кездесетін  қарапайым  ғана  оқиғаны  ала 

отырып,  жазушы  шеберлігі  осы  шағын  оқиғаны  үлкен  философиялық  мәні  бар  кӛркем 

туындының  негізіне  айналдыра  алуынан  кӛрінеді.  Бұл  жерде  жазушының  жүрек  сыры, 

тебіренісі,  айтылар  ойдың  мәнділігі,  кӛздеген  мақсатының  айқындылығы  ӛте  маңызды. 

Автор  ойы  кейіпкер  ойымен  үндесе  ӛріліп,  оқиға  ӛрісіне  араласатын  басқа  да 

кейіпкерлердің сӛзімен айқындала түсу керек. Кӛп жағдайда авторлық «мен» кейіпкердің 

«менімен» тұтасып,  бірігіп кетеді. 

     Жазушы  А.Сейдімбектің  ӛмірдің  әр  тарапты  құбылыстарын  тоқайластырып,  тұтас 

кӛркем  дүние  жасауға  деген  ұмтылысы  шығармаларынан  айқын  байқалады.  Ӛмірдің 

диалектикалық байланысы мен адамның кәдімгі тірлігі кӛркем бейнеленген.   

      Жазушының  кейіпкерлері  даланың  тыныс-тіршілігін  бағып  ӛскен  жандар.    Олар 

даланың  әрбір  құбылысын  тап  басып,  оның  әрбір  маусымдағы  тірлігін,  ӛзгерісін  жіті 


 

 

 



http://www.enu.kz

 

бақылайды,  солардан  ӛз  байламдарын  жасап  отырады.  Содан  да  қаламгер  бейнелеген 



кейіпкерлер  ойға,  пайымға  бай,  дүниетанымдары  терең,  сӛзге  жүйрік,  кӛшелі. 

А.Сейдімбектің    әңгіме-повестері  белгілі  бір  желіге,  жүйелі  тақырыпқа  құрылады. 

Ӛйткені,  жазушы  ең  алдымен  ӛмір  шындығын,  кӛрген,  сезген  етене  тақырыпты  нысан 

етеді. Автор шығармаларының тақырыптық-идеялық, жанрлық, кӛркемдік қуаты бір-бірін 

толықтырып  отырады.  Суреткердің  кӛркем  бейнелері  ұлттық,  кӛркемдік-эстетикалық 

жағынан,  ұлттық  сана  мен  ойлау  жүйесі  тұрғысынан  астасып,  орайласып,  оның 

қаламгерлік шеберлігін айғақтайды.  

 

ӘДЕБИЕТ 

1. Сейдімбек А. Аққыз. Повестер мен әңгімелер. Алматы: Атамұра, 2002. 288 б.   

2. Ақсұңқарұлы С. Алаштың Ақселеуі. // Орталық Қазақстан. 2. 11. 1992. 



3. Аймауытов Ж. Псиқолоғия. Алматы: Рауан, 1995. 312 б. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал