Сал, сері екеуі де өте ескі дәуірден сақталып келе жатқан халықтың тіршілігіне көп



жүктеу 1.06 Mb.

бет6/9
Дата09.01.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мұсаның  «жалған  жазған  едім»  деп  айтуының  таты  бір  дәлелі,  бұл  тексеруден  кейін  де 

жәбірлік туралы арыздарды ол тіпті аз жазбаған. 

Жаяу Мұса бұл келгенінде генерал-губернатор Казнаковтың қабылдауында болды ма, жоқ 

па, ол арасын Тычинскийдің жазулары көрсетпейді. Казанков жақсы оқыған кісі болса да, 

генерал-губернатордың 

ішіндегі 

аспандап 

қарайтын 

менменсіген 

ұлығырағы 

болғандықтан,  Жаяу  Мұса  сияқты  кісілерге  рахымшылық  көзбен қарауды  білмеген  болу 

керек.  Архивте  сақталған  қағаздар  бойынша,  ол  1877  жылдың  соңында  Семейдің  әскері 

губернаторына тапсыру беріп, Мұса Байжановтың ісін тексеру керек дейді. Осыған орай 

сол жылы, 15 декабрьде, Семей облыстық басқармасының Мұсаның ісін қарауға арналған 

мәжілісі  болды.  Бұл  жылдары  Семейдің  губернаторы  болып  істейтін  кісі  Шоқанның 

өсуіне көп бөгет жасаған «оның жазғандарының бәрі өтірік» деп айтушылардың бірі А.П. 

Троценко  еді.  Шоқанға  анадай  істеп  жүрген  Троценкодан  Жаяу  Мұсаның  рахым  күтуі 

мүмкін  емес  еді.  Губернатордың  шешімі  соның  өзі  болып  шығады.  Семей  облыстық 

басқармасының мәжілісі былай деп қарар шығарады: «Мұса Байжановқа кешірім жасауға 

болмайды.  Ол  полицияға  қарсылық  көрсетіп,  көп  тыныштық  кетірген  кісі.  Сондықтан 

Байжановты  сотқа  тартып  оның  жұмысын  Павлодардың  қылмыс  істерін  қарайтын  сотқа 

тапсыру керек» дейді.

27

 



Бірақ Мұсаны бұрынғыдай қудалап, оны абақтыға жабу керек деген деректер бұдан кейін 

кездеспейді.  Павлодар  қаласында  оның  соты  болды  ма,  жоқ  па,  ол  арасы  да  белгісіз. 

Мүмкін  бұл  документтер  әзір  көзге  түспей  бір  архивтің  түбінде  жасырынып  жатуы  да 

ғажап емес. Оны тауып жарыққа шығару келешектің ісі. 

                                                           

27

 



ГАО, Ф. 3, оп. 8, д. 12778.

 


64 

 

Бұл  жолығудан  кейін  Мұса  бірнеше  уақыт  үлкен  орындарда  ізденумен  жүреді.  Генерал-



губернаторға,  оның  бас  тілмашы  Ешмұхаммед  Абылайхановқа  арыз  беріп,  бұл  істен 

құтқаруды сұрайды. Абылайхановқа қосымша жазған өтінішінде: «Абылайхан ұлы жанат 

қылыңыз.  Жолдасың  мен  қатын-балаңыздың  қызығын  көріңіз,  өміріңіз  ұзарып,  дүниеңіз 

арта  берсін.  Қамаған  бәледен  құтқарсаңыз  ахрет  пен  дүниеңізді  бірдей  берсін.  «Әмин» 

дейді.

28

  Бұл  өтініштің  жауабын  Баянаула  аймағына  қарайтын  Қарамола  болысы  арқылы 



қайтаруды сұрайды. 

Бұған  қарағанда,  сексенінші  жылдарға  қарсы  бұрынғыдай  Жаяу  Мұсаның  соңына  түсу 

болмаған,  әкімшілік  орындарының  бұлай  бәсеңдеу  бір  жағынан  Жаяу  Мұсаның  өзінің 

әдемі,  сыпайы,  майталман  жүрісінен  болса,  екінші  жағынан  бұл  жаман  істен  құтқаруға 

оның  достары  да  аз  көмек  көрсетпеген.  1924  жылы  жолыққанда  Жаяу  Мұсаның  өзінің 

айтқаны «Сұлтанғазы мен Н.М. Ядринцев, Г.Н. Потанин болмағанда қазақ орыстары мені 

тірі қалдырмайтын еді» - деді. Бұл сөзде үлкен шындық бар. Өйткені ол кездегі генерал-

губернатор  Н.Г. Казнаков Н.М. Ядринцевті қатты силап, өзі  кеткенше оны кеңесші  етіп, 

қазақ  халқы  туралы  мәселелерді  сол  кісіге  тапсырып  отыратын.  Г.Н.  Потанин  мен  Н.М. 

Ядринцевке жалғыз Жаяу Мұса емес, зарыққан қазақтардың көбі барып ақыл сұрап, көмек 

алатын.  Міне  сондай  жәрдемнің  арқасында,  басқа  түскен  тұманнан,  (оның  ішінде  кісі 

өлтірді деп көрсетуден,1878 жылғы Жаяу Мұса арылып, ухлеп бір дем алады. Ол туралы 

сол жылғы дәптеріне былай жем жазған: 

Жанмұхаммед Үншібайды қылды жала 

Мұнысы болыстардың таққан пәле 

Мағлұмды өлтірді деп қуса дағы 

Құтқарды өтіріктен хақ тағала. 

 

Көп заман халық мүддесін жоқтаймын деп өмір азабын шеккен Жаяу Мұса, қырық жастан 



асқанша  қатын-баланың  қызығын  көрмей,  әбден  зарығады.  Басынан  қара  тұман  ашыла 

бастаған  соң,  1878  жылы  «қашқын»  болып  жүргенде  танысқан  Ақмоланың  байы, 

Құлыбайдың Сапар деген жас қызына үйленіп, 1879 жылы одан ұл тауып,  атын Бөрібай 

қояды. Орта жасқа таяп жүргенде туған бұл бала Жаяу Мұсаның рухын көтеріп, оны зор 

қуанышқа  келтіреді.  Ол  туғанда  жаны  сергек  Жаяудың  масайрауы  сонша,  оған  арнап 

«Мынажат Бөрібай хақында» - деп бүтін бір жыр шығарады. Бұл жырда не деген? «тарих 

бір  мың  сегіз  жүз  жетпіс  тоғызда  еді,  ақырап  (қазан)  жұлдызының  23-ші  дүйсенбі  күні 

сәске кезінде Шаһінің жүзін көрдік. Бұрын перзентсіз қапы болып жүген едім, Шаһін ұлан 

келген  соң  көңіл  жадырап,  дүние  сайрап,  түлен  тартқандай  болдық  оның  бірінші  атын 

Бөрібай деп қойдық». Жыр: 

Ей Бөрібай - Бөрібай  

Өмір берсін бір құдай  

Рухы мәдет ол болсын  

Орман менен Олжабай  

Екінші аты Хан-Бөрі.  

Ерлерге тисін назары  

Бейсенбі күннен беріде  

Ашылды Мысыр базары  

Үшінші ісмі Бөрі-Хан,  

Бахытты өткей хақ жазған  

                                                           

28

 



Ф. 64, oп. I, д. 4025, л. 51

 


65 

 

Бәледен сені аман қып  



Сақтай көрсін тағдырым.  

Ей Бөрібай – Бөрібай  

Өмір берсін бір құдай  

Рухы мәдет ол болсын  

Орман менен Олжабай 

 

Бірақ,  бір  аянышты  жері  Мұсаның  жақсы  көрген  баласы  тірі  жүрмейді,  XIX  ғ.  аяғында 



Зікен деген баласымен екеуі шешек ауруынан қайтыс болады. 1879 жыл келді, Шаһін 41 

де түске кірді. 27 ақпан, одан әрі: жұма күні, ақтұйғын қойныма келіп кірді. Сонан соң 249 

күн болды білем. «Қазанның 23-де туды балам» 

Бөрібай атын қоюды Жаяу Мұса жапан түзде бөріге кездесіп, соның орайында қойылды - 

дейді.  Сүйіндік  Олжабай  аталықтың  ұрпақтары  есіне  сақталған  аңыз  бойынша  жапан 

түзде не зарыққанда бәрі көрінсе – ол жәй бөрі емес, ер Олжабайдың әруағы деп саналады. 

Олжекең  өлерінде  жақсы  көрген  ұрпағына  зарыққанда  бөрі  болып  көрінемін  деп  өзі 

айтқан дейді аңыз. Бөрі сол аңыз бойынша қойылды дейді. Бұл аңыз Мұсаның «Олжабай» 

деген  поэмасында  толық  берілген.  Онда  былай  деген:  Ақтабан  шұбырынды  кезінде  13 

жасар баланың басына заман ахыр түсіп, Шу бойын өрлеп «қазық» деген жерге келсе, бір 

топ қасқыр жарылып, батырға бір қарап жөніне кетеді. Түні бойы ұйықтамай түсі қашқан 

жас  ұғлан  күндіз  бір  үйге  келсе,  онда  бір  сәуегей  кемпір  бар  екен,  ол  ұланның  түсіне 

қарап, оған түсінде біреу аян бергенін айтады.  

Аңшылар сенің бағың  

Қылыш, найза, темірден болар тағың  

Дүйсенбі түн қамады алты бөрі,  

Ол көрінген дәл өзіңнің әруағың  

Алты бөрі тор басты қанат жайып,  

Бесеуінен бір көкжал кетті айрылып,  

Күн тигізбей бесеуі басқа үйрілді  

Одан артық болама таңғажайып  

 

Төрт-бес  ата  өткен  соң  көкжал  бөрі  қайтып  ұрпағына  келеді,  тағы  да  күншығыстағы 



жауыны қанатын жаяды. 

Жаяу Мұса «менің баламда тәңірім қалап осындай болса» - деп атын Бөрі қояды. 

Жапан түзде өзі көрген бөрі туралы дәптеріне былай жазған: 1879 жылы күз күні. Ақмола 

түбіндегі  қайыны  Құлыбайдың  үйінде  бірнеше  күн  қонақтап  жатқан  соң,  баласы  туар 

кезде  үйіне  жетуге  асығады.  Ол  кездегі  қыстауы  жоғарыда  айтқандай  Шідерті  өзенінің 

бойындағы  Қабанбай  шатында  болатын.  Жаяу  Мұса  інісі  Іскендірмен  тағы  Оспан  қожа 

мен  октябрьдың  21  күні  өлеңдегі  елден  түн  қатып  шығып,  Қабанбайдағы  қыстауына 

жетуге ұмтылады. 

Намазшам Өлеңтіде оқи салып  

Түн қатып Шідертіге жүрдік тығыз  

Түн қаттық дүйсенбіге қараған кеш  

Қараңғы жол жазылып қылдың еңіс  

«Адастық» деп құдая деген халде  

Бұлт жарып, ай туып болды елес  

Сол күні жолдасымның қожа Ғосман  

Іскендір інім менен ат жарысқан  



66 

 

Қарсы деген бір тауда қылып намаз  



Доғадан басқа оқылып болды құптан  

Тұпа-тура намаз ішінде келді бөрі  

Жәй тұрады ол шоңқайып қылмай қастан.  

 

Бөрінің  бұлай  келіп  тұрғанын  Оспан  мен  Іскендір  ырым  етіп,  туатын  баланың  атын 



Бөрібай  деп  қою  керек  -  дейді.

29

  Мұнда  айтылып  отырған  Өлеңті,  Шідерті,  Баянаула 



аймағына  қараған  белгілі  өзендер.  Шідерті  өзенінің  бойы  мен  бүгінде  Ертіс-Қарағанда 

каналы  жүріп  жатыр.  Қарсы  тауы  Өлеңті  мен  Шідерті  өзенінің  арасында  тұратын  биік 

төскей,  жаз  салқын  болатын.  ІІІүйгін  жайлау  (қарсының  қара  құдығы).  Қыс  күні  ол  жер 

елсіз,  жапан  түзге  айналып  бос  тұрады. Жаяу  Мұса  айтқан  ол  Жекең  ұрпағының тарихи 

мекенінің бірі осы ара. 

 

Жаяу  Мұсаның  дәптері  бойынша,  1879  жыл  Мұса  үшін  өте  қуанышты  жыл  болса  да, 



екінші  жағынан  үлкен  апатқа  ұшыратқан  ауыр  жыл  болған.  Бұл  жыл  халықтың  малы 

жұттан  ақсүйек  болып  қырылған,  атақты  «қоян  жылы»  болып  аталады.  Жаяу  Мұса 

дәптерінде  бұл  апаттың  болуын  халықтың  мінез-құлқы  бұзылуынан  өтірік  пен  өсектің, 

ұрлықтың көбеюін соларды көрсін деп тәңірінің жіберген апаты деп анықтайды. 

Ноябрьдің өзінде жылқы бітті,  

Көрсетіп азғандарға құдіретті.  

Ұрлық, өтірік, ант, жанжал малға тиіп  

Аз етті кесір басып көп дәулетті.

30

 

 



Алайда,  өмірдің  ауыртпалығын  көп  көрген  ардақты,  ару  кісі  болашаққа  зор  үміт  пен 

қарайды, «Жаралы байыр, жас өсер» деген халық кемеңгерлік ойын есінен шығармайды. 

Бір мың сегіз жүз болды сексен  

Жаңа жыл туды міне құдіретпен,  

Қайырын өткен жылдың маған беріп  

Бақ, дәулетті несіп етсін өз еркімен  

Өткен жылда құдайдан үміттімін –  

Берер деп кеткен малдың бір қайырын.  

 

Бірақ Жаяу Мұса үшін жаңа жыл тыныш басталмайды. Январьдың 4 күні ару адам ояздан 



шақыру қағаз алып, тағы да қатты сескенеді.  

Басталды январьда бұрынға сөз  

Ояз шақырып жол жабдығы болды ғой тез.

31

 



 

Бұған  қарағанда  1880  жылдар  басында  ояздың  шақыруы  мен  Жаяу  Мұса  Павлодарға 

келеді. Оны не үшін шақырғаны дәптерде айтылса да («бұрынғы сөз») архивте ол туралы 

ешбір  дерек  бүгінше  кездескен  емес.  Жалпы  айтқанда  Жаяудың  1880-1881  жылдарда  не 

болғаны белгісіз, оны Павлодарға соттады ма, абақтыға отырғызды ма, ол әлі де болса бір 

түкпір  де  тығылып  жатыр,  болмаса  1918  жылдары  Павлодар  архиві  мен  бірге  жанып 

                                                           

29

 



Қазан университетінің кітапханасы. 1888, л. 15 об.

 

30



 

Қазан университетінің кітапханасы. 1888, л. 15 об.

 

31

 Қазан университетінің кітапханасы. 1888, л. 15 об. 



67 

 

кетуіде мүмкін. Олай болса Жаяу Мұсаның ең тамаша өмірінің бір бөлігі  мүлде белгісіз 



болып  қала  береді.  Оның  ескі  жұмысын  жаңадан  қолға  алғанда  көрсететін  жоғарыда 

келтірген дәптердегі екі жүз сөз, не халықтың ойында сақталған естеліктер. 

Дегенмен,  Дала  уалаятын  басқарушы  генерал-губернатор  Г.А.  Колпаковский  кезінде 

(1882-1894 жж.) Жаяу Мұса артық қысымшылық көрмей, еркін жүргені байқалады. Басқа 

залым генерал-губернаторларға қарағанда, Колпаковский сөзінің бұрыннан жақсы білетін 

қазақ  халқына  адамшылық  көзімен  қарап,  оларды  қанды,  ауыз  обырлардың  талауында 

қалдырмауға  көбірек  ой  бөледі.  Колпаковский  Шоқанды  жақсы  көрген  оның  жақын 

ашыналарының  бірі  еді.  Шоқан  тірі  күнінде  егер  Дала  уалаятын  басқаруға  Г.  А. 

Колпаковский  oтырca,  онда  әділетте  болар  еді.  Дюгамель,  Кросриус,  Кури, 

Нестеровтармен  бірге  ол  қазақ  бұқарасын  қанамаса  еді  –  деп  үміттенген.  Колпаковский 

Дала уалаятының генерал-губернаторы болып келгенде, Жаяу Мұса да осы үмітте болады. 

Осы оймен елегізген Жаяу Мұса «қашқын» болған кезіндегі жасқаншақты қойып, тағы да 

жаңа  күшпен,  ел  қанаушы  ояздармен  арамза  болыстардың  соңына  түсіп,  олардың 

сойқанды  қылықтарын  арыз  арқылы  әшкерелеп,  Колпаковскийге  ауық-ауық  жеткізіп 

отыруды өзіне міндет етіп қояды. Оязбен, болыстар мен ұстауда Жаяу Мұса отыздан аса 

арыз  жазған,  олардың  негізін  Колпаковский  тұсында  жазған.  Арызды  кейде  өз  атынан 

ашық  жазса,  кейде  саяси  әдіс  қолданып,  өзіне  жақын  кісілердің  атынан,  кедей-

нашарлардың атынан жазады. Кейде аноним (тұйық) түрде белгісі біреулердің атынан қой 

салады.  Жаяу  Мұсаны  Машһүр-Жүсіп  Көпеев  пен  Қысқабастың  Жүнісі  мен,  Жиен 

Құсайынмен,  тағы  басқалармен  бірігіп  жазған  арызы  да  архивте  кездесіп  отырады. 

Мәселен  бір  арызды  Мәшһүрдің  қолы  мен  жаздырып,  оған  біреуі  атын  (Жүсіп),  біреуі 

фамилиясын  кояды.  Жаяу  Мұсаның  арыздарында  көтерген  мәселелері  бұрынғыша  бір 

ғана  халық  бұқарасының  мүддесі  оларды  оязбен  болыстардың  жәбірлеп,  аяқ  астында 

таптауын  әшкерелеу,  момын  шаруалардың  жерін,  мүлкін  зорлық  пен  тартып  алып,  ел 

талайтын обырлығын, тойымсыз парақорлығын айтып жеткізу, әділет туралы айтатын кісі 

болса, оны аяусыз жаншып тірідей жерге тығатынын көрсету.  

Колпаковский кезінде Жаяу Мұсаның аянбай ұстасқан әсіресе Павлодар уезін басқаратын 

ұлықтар  –  Фарафонтов,  Достовалов,  олармен  бірігіп  елді  аямай  қанатан  Баянаула 

дуанының  төрт  баласы  олардың  ішінде  өзінің  соңынан  түскен  Нұрым  Теміров,  Құсайын 

Боштаев,  Мұстафа  Шорманов.  Бұлар  туралы  бірінші  арызын  Колпаковский  Дала 

уәләятының  генерал-губернаторы  болып  отырысымен,  1882  жылы  құпия  түрде, 

кедейлердің атынан жазған. Арыздың толық аты мына түрде: «Сібірдің ғайри күллі қазақ-

қырғыздардың  генерал-губернаторы  Колпаковский  хазретлеріне,  Ақпеттің  елінің  ғарып, 

кедей  нашар  адамдарының  атынан  көп-көп  жылау  арыз»,

32

  арызға  өз  атын  қоймай, 



"Құпиялық" пен деген. Олай көрсетуін баяндағанда: «тақсыр, арызға ат жазуға болмайды, 

егер ат жазылса Боштаев бізді дүние жүзіне тірі қоймайды».

33

 Бұл арызында Құсайын мен 



Нұрымның  бірігіп  атақты  әнші  Мұстафаның  әкесі  Бүркітбайды,  Мұстафаның  өзін 

қастандықпен  өлтіріп,  оның  орнына  Құсайынның  болыс  болғанын  айтады;  екі  мың  үйді 

қан  қақсатып,  оларды  зорлықпен  талағанын  айта  келіп:  тақсыр  «1879  жылғы  қоян 

жылынан  Құсайын  Боштай  ұлының  зорлық  талағаны  артығырақ  болды...  Сарт  Темір 

ұлының халыққа  қасастық  жасағанын,  әр  түрлі  өтірік  жала  жауып,  нашарларға  көп  зиян 

келтіргенін айтып жеткізуге болмайды". 

                                                           

32

 Ф. 64, oп. I, д. 4025, л. 48-52 об. 



33

 Ф. 64, oп. I, д. 4025 



68 

 

Жаяу  Мұсаның  ата-бабаларының  туып-өскен  жері  бұрын  Айдабол  (Ақпеттау)  болысы 



болатын. Сондықтан ол өзінің алғашқы жаз кезін көбінесе осы болысты көп заман билеген 

Хусаин  Боштайұлының  қарамағында,  онымен  ұстасумен  өткізеді.  Ол  ұстасудың  көзге 

тұнжырауы өз атынан не басқа кісілердің атынан жазған арыздардан ашық  сипатталады. 

Солардың  бірі  «Заявления  Мусы  Байжанова  с  жалобой  не  притеснение  его  волостным 

управителем Х.Буштаевым».

34

 Бұл жұмысқа Жаяу Мұсаның бірнеше арыздары тіркелген, 



олардың  ішіндегі  ең  көлемдісі,  ең  жанға  тиері  Нұрым  мен  Құсайынның  үстінен  жаңаша 

жазған құпия арызы,

35

 одан өзге арыздарын Жаяу Мұса әртүрлі жалған атпен, не белгісіз 



адамдардың  атынан  жазған.  Мәселен,  Степной  генерал-губернатор  хазретіне  Павлодар 

уезінің,  Ақпеттау  елінің  адамы  Қопырбай  Сат  ұлынан  көз  жасыммен  арыз  наме»

36



«Жалоба киргиз Акпетовской волости, Павлодарского уезде, Ингаева и др. на притеснения 



их  управителем  Буштаевым  в  землепользовании»

37

,  «болыстардың  қылмысы»



38

«Ақпеттау  еліне  қараған  қазақтардың  Құсайын  болыстың  үстінен  жазған  шағымдары»



39

 

т.б.  Мұсаның  қатты  ерлік  көрсетіп  ұстасқан  кісілері,  Нұрым  мен  Құсайынға  күш  беріп, 



олармен жемтіктес болған әсіресе Павлодар уезін басқарған Фарафонтов пен Достовалов 

болады.  Олардың,  үстінен  жазған  арыздарында  саяси  әдіс  пен  өз  атын  көрсетпей 

жалтарады.  Кедейлердің  атынан,  не  Баянаула  аймағында  болмаған  жалған  кісілердің 

атынан  жазады:  Садуақас  Мұхтаров,  Әбдісатар  Шоқыбаев,  Жүсіп  Байжанов,  Ахмет 

Әлдебеков.  Көп  арызын  жалтарып,  басқа  болыстардың  кісілері  атынан  жазады.  Сондай 

жарқын  арыздардың  бірі  Жүсіп  Байжанов  болып  жазылған  арыз.  Бұл  арызды  Мәшһүр-

Жүсіп Көпеевпен бірігіп, бірі атын, бірі фамилиясын қойып, Мәшһүрдің қолымен не оның 

шәкірттерінің  біреуінің  қолымен  жазғаны  байқалады.  Арыздың  мазмұны  Павлодар  уезін 

басқарушы  Достоваловтың  сойқанды,  бұзақы  істерін,  ел  талағыштығын  көрсету.  Жұмыс 

былай  деп  аталады:  «Жалоба  киргиза  Чакчанской  волости  Байжанова  Джусуфа  на 

Павлодарского уездного начальника об избиении последним киргиз.

40

 Бұл жұмыс ішіндегі 



бір  арыз  былай  деп  көрсетілген:  «Дала  уалаятының  билеуші  генерал-губернатор 

хазретлеріне  далба  елінің  күллі  бұқара  қазақтарынан  жылау  наме».  Уез  басқарушының 

сойқанды қылықтарын Жаяу Мұса бұл арызда аса төндіре суреттеген: «Мал-ақша алудың 

шегі  жоқ.  Біреу  (шағым  айтып)  сөйлегісі  келсе  қамшы  ала  жүгіреді.  Сайлауда  ешкімнің 

аузын  аштырмай,  қамшысын  білеп,  көзін  алартады.  Егер  бұл  оязной  бір-екі  жыл  тұрса 

халық  арасында  жалақорлық  көбейіп,  малы  азайып  бітер.  Бұрынғы  хандар  заманындағы 

таяқ жеуді, зорлықты жаңадан көрдік. Дала халқының бастығы деген атыңыз бар. Рахым 

назарыңызды салмасаңыз біздің халымыз нашар. Жусуф Байжанұлы қолым қойдым. 1892 

жылында  17  октябрьде»

41

.  Тап  осы  сияқты  арыздың  бірі  тағы  да  Шақшан  болысының 



Ахмет Адильбеков атынан жазылған. Мұнда да Достоваловтың сойқанды ел талағыштығы 

                                                           

34

 

Ф.64. №4. оп.І, д , Д.4025, л.38-39, 40-41 об. 42-43.



 

35

 



Ф.64. №4. оп.І, д , Д.4025, л. 50, 51-52. об.

 

36



 .64, оп.1, д.2138, л.23-28 об Ф

 

37



 Ф.64, оп.1. д.572 

38

 Ф.64, оп.1, д.2475; ф.64, оп.1, д.2595 



39

 Ф.64, оп.1, д.2258 

40

 

Ф.64, оп.1, д.5426



 

41

 Ф. 64, оп.1, 5426, л. 7-7 об. 



69 

 

жақсы  көрсетілген.



42

  Олармен  үндес  келетін  Жаяу  Мұсаның  көп  арыздарының  бір  тобы 

«Жалоба киргиза Павлодарского уезда Абдисатара Шокубаева на незаконные действия по 

службе крестьянского начальника Плотникова».

43

 

Бұл  жұмыстағы  көп  шу  көтерген  арыз  «Садуақас  Мұхтаров»  болып  жазылған.  Семейдің 



әскери губернаторы Мұхтаровтың кім екенін білу үшін Баянаула аймағының болыстарына 

тапсырма бергенде, ондай кісіні ешбір болыстан кездестіріп болмайды. Сондықтан, Семей 

губернаторының  жоғары  орына  түсірген  ұсынысында:  «Киргиза  Садвакаса  Мухтарова  в 

Павлодарском уезде нет и что поданное прошение является анонимным доносом. Почему 

оставить таковое без последствий».

44

 



Жаяу Мұсаның ұлықтарды қатты үрпиткен арыздарының бірі, парақор уез басқарушылар 

мен  обыр  болыстардың,  үстінен  берген  арызы.  Ол  арызды  Жаяу  Мұса  Айдабол 

болысының кедейлерінің атынан генерал-губернатор Казнаков жаңа келіп отырғанда, 1875 

жылы,  орыс  тілінде  береді.  «Дело  по  доносу  от  бедных  киргиз  Айдабульской  волости 

Павлодарского  уезде  на  взяточничество  местных  волостных  должностных  лиц,  а  также 

уездного  начальника  на  притеснения  от  них».

45

  Бұл  жұмысты  Жаяу  Мұсаның  қолымен 



жазылған бірнеше арыздар бар. Онда Жаяудың әшкерелегені ең алдымен ояз басқарушы 

Фарафонтов,  оның  ымдас  досы  Нұрым  Теміров  болмаса  Саудагеров.  Арызда  өз  атын 

көрсетпей оны кедейлермен бүркеген. Семей әскери губернаторының Казнаковке түсірген 

анықтамасында:  бұл  «Айдабол  болысының  кедейлері  деп  берген  тұйық  арызды  жазған 

кедейлер емес, оны жазушы полицияға қарсылық көрсетіп, қылмысты болып жүрген Мұса 

Байжанов»  дейді.  Сөйтіп  әділет  пен  шындық  болмаған  заманда  да,  Жаяу  Мұсаның 

зұлымдық  пен  жауыздық  туралы  халық  бұқарасының  кедейлердің  атынан  берген  көп 

арыздарына  патша  үкіметінің  ұлықтары  ешбір  мән  бермейді,  ол  жапан  түзде  зарыққан 

кісінің мұңды үні болып қала береді. 

Мықты  болыстарға  қарсы  ешбір  күш  таба  алмаған  Жаяу  Мұса  ұстасудың  енді  екінші 

түріне ауысады. Тағы да заң жолымен қуып, мықты болыстардан момын елді бөліп алып, 

жеке  болыс  жасау  жолына  түседі.  Оның  ең  алдымен  өзі  қарайтын  Ақпеттау  болысынан 

бастап,  одан  бауыр  қанжығалы  елін  бөліп,  жеке  болыс  жасау  жолын  іздейді.  Бұдан 

бастаудың  себебі,  «Қашқындықтан»  босанып  еліне  келген  соң  Жаяу  Мұса  Құсайын 

болыспен  жақын  отыруды  жаратпайды.  Қанжығалы  еліндегі  мықты  нағашылары 

Күленбай аулына келіп паналап, осы жерде «Сүйек жаңғырту» жолымен інісі Мұстафаны 

үйлендіреді. Мұнда жүргізген түбегейлі ісі нағашыларын тағы басқа Ажыбай-қанжығалы 

елін Құсайын болысқа қарсы өлеңмен сөзбен үгіттеп, Ақпеттеудан бөлініп, жеке, Шақшан 

болысын  болуға  шақырады.  Жаяу  Мұсаның  жалынды  сөздері  Құсайын  болыстан  не 

заманының  жәбірлік  көріп  жүрген  Қанжығалы  еліне  қатты  ұнап,  олардың  жүрегіндегі 

көптен  бергі  дертін  қозғағандай  болады.  Шақшан  елінің  кісілері  бір  күндері  жиналып 

бөлінудің  жобасын  құрып,  арыздар  жазып,  оның  соңына  түсетін  өкілдер  сайлады.  Және 

бұл арыздың көбін жазған тағы да Жаяу Мұсаның өзі болып шығады (Дело по прошению 

                                                           

42

 Ф.64, оп.1, д.5380. 



43

 Ф.64, оп.1, д.2525. 

44

 

Ф. 64. оп.1, д.2525, л.4., 6-6 об.



 

45

 



ГАО, ф.З, оп.8, д.12769

 


70 

 

доверенных  от  общества  1060  кибитковладельцев  Акпетовской  волости  Павлодарского 



уезда Семипалатинской области в разделении названий волости. 1883-1884 гг».

46

 



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал