Сал, сері екеуі де өте ескі дәуірден сақталып келе жатқан халықтың тіршілігіне көп



жүктеу 1.06 Mb.

бет3/9
Дата09.01.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

БІРЖАН САЛ 

Біржан  сал  қазақ  халқының  өнеріне,  мәдениет,  тарихына  жойқын  ірге  салған  атақты 

салдардың  бірі  Біржан  сал  (1834-1897  жж.).  Оның  туып  өскен  жері  Көкшетау  төңірегін 

қоныстаған  ақсары  керейлер  бұрынғы  кен  шығатын  Мың-Шұқыр  (Степняк)  қаласының 

түбінен  ағатын  Қожағұл  бұлағының  бойында  тұратын  ата-бабаларының  қыстағында 

жасаған.  Өз  әкесі  Тұрылбай  Қожағұл  атасы.  Ол  бірталай  ауқатты,  абыройлы,  би  болған 


33 

 

кісі. XVIII ғасырдың соңындағы Уәлиханның көп билерінің бірі, Майталман - аса шешен 



кісі.  Оны  Уәлихан  екі  рет  баласы  Аббасқа  ертіп,  қытайға  елші  қылып  жібереді.  Шоқан 

1876-жылы  Петерборда  көрсетілген  өнер  көрмесін  Қожағұлдың  елші  болып  жүргенде 

мінетін  әсем  ертоқымын,  алтынмен  өрнектеген  көркем  қанжарын  көрсеткен.  Сарамен 

айтысқанда, Біржанның өз куәлігі бойынша Қожағұлда мың жарым жылқы болған. Бірақ 

Біржан  oн  жеті  жасынан  салдық  құрып,  он  жылқыны  қыздарға  тартуға  силап,  тез  арада 

жойып  құртқан.  Ол  жыл  сайын  қасына  он  шақты  сері  жігіт  ертіп,  олардың  атын,  әдемі 

киімін өзі беріп отырған. Сарамен айтысуға барғанда қасында он бір сері жігіт болды. 

Он бір кісі жолдасым ертең түсте 

Біржанның қарық боларсың олжасына. 

 

Үш  ұлдың  кенжесі,  жас  күнінде  еркелеу  болып  өскен.  Ол  салдық  құрып  жүргенде  де 



халықтың көзіне ерке болып жүреді. 

Біржан шүңірек көз, ат жақты, орта бойлы, қара сұр кісі. Ол жас күнінен өнердің соңына 

түскен.  «Жат  мінезді»,  ойын-сауық,  ас,  той,  мерекеден  басқаны  білмеген.  Шаруаға  жәйі 

болмай,  оны  кейін  қартайған  кезінде  есіне  түсіріп  қамығады.  Оның  жас  күнінде  малды 

босқа шашқанына ағалары Ержан мен Нұржан ұнатпайды. Өзге салдар сияқты Біржан да 

үйленбей тұрғанда бар малын жібек  пен алтын, күміске жұмсап, оларды аямай қыздарға 

таратып отырған. Қызға арнаған жырларында оны өзі де ашық айтады:  

Мың жарым жылқы біткен Қожағұлға  

Асықша ақ жамбыны сұлуға аттым.  

 

Біржанның бір өзгеше жері, оның қыстауы алтынның ну ортасы Мың-Шұқырдың қасында 



болған.  Одан  шыққан  көп  алтынды  зерттеулерге  беріп,  әйелді  көркейтетін  неше  алуан 

әдемі алқалар, сұлу сырғалар, жойқын білезіктер, сақина жүзіктер жасатады. Өзіне арнап 

көркем  сұлу  алтын  балдақ,  алтын  ер,  алтын  жүген,  алтын  шідер  жасатады.  Бұлар  аңыз 

емес, тура болған нәрсе. Оларды Біржан сал жұмысына ұстайды, ел аралап жүргенде сұлу 

қыздарға таратып отырады. Олардың мазмұны сұлу қыздарға арнап шығарған әндерінде, 

оның ішінде «Алтын балдақ», «Ләйлім шырақ», «Ақтентек» сияқты әндерінде суреттеліп 

отырады.  Ең  қызық  әннің  бірі  «Алтын  балдақ»  -  алтыннан  құйып  жасаған  көркем  таяқ, 

қызға ел аралып барғанда өзін салтанатты етіп көрсететін сұлу дүние. Жыр: 

Қолыма асынғаным алтын балдақ  

Мен келдім әкем керді суға жалдап,  

Болғанда кешке жақын апақ-сапақ,  

Алдымен шықты сәулем бейне шуақ.  

Атымның шаужайынан ұстай алып,  

Мен кеттім сол қалқаны сөзбен алдап.  

 

Бір қызық нәрсе, Біржанның аса таңсық болғаны, алтыннан құйылған әсем шідері. 



Ол  көрші  ауылға  барғанда  Ләйлім  деген  бір  қыз  ұрлап  алып,  Біржанға  бермей  қояды. 

Біржан  ол  қызға  арнап  «Ләйлім-шырақ»  деген  ән  шығарады.  Ән  көбінесе  қыздың 

ағаларын түйреді, әдептілік, сыпайылық жоқ екенін бетіне басады. Ән: 

Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ.  

Шідерімнің бағасы қырық қысырақ

*



                                                           

*

 Болмаса жүз мың сом. 



34 

 

Шідерімді кім алды, Ләйлі алмай  



Балағы шідерімнің алтын еді.  

Асығыстан барамын сұрай алмай,  

Көлбай-Жанбай тыңдашы, асыл тасым.  

Біте қайнап, бірге өскен замандасым  

Көктен-жерден шайтан әкеткен жоқ.  

Ұрлап алған өзіңнің қарындасың  

Формасын шідерімнің сұрасаңыз  

Іші күміс, балағы алтын, тиек басы.  

 

Алтын  шідерін  жоғалтқан  caл  Біржан,  Көлбай-Жанбай  ауылында  біраз  ашуы  келіп, 



оларды жырмен аптығын қуырған. 

«Айтпай» деген сұлу қызға шығарған әні де сұлу өмірдің бір көркем түрі. 

Мамекем

*

, Айтпай десем күлімдейді,  



Сұр жорға ат астындағы сүрінбейді.  

Аққудай аспандағы жүз құбылып  

Сал Біржан ән салуға ерінбейді.  

 

Сал  Біржан  ел  аралап  жүріп,  жақсы  көрген  Өпіш  деген  қызды  алады.  Содан  Теміртас, 



Асыл, Ақық деген екі қыз, бір ұл туады. Кейін кедейленген кезінде ағалары малдарынан 

аздап  бөліп  беріп,  енді  ел  аралауға  бармайсың  деп  ант  қояды.  Біржанның  іші  пысады. 

Келген  қазақтарға  бар  малын  сойып  тауысып,  малсыз  қалады.  Әбден  іші  пысқан  соң 

домбырасын  қолына  алып,  қыстаудың  қасындағы  төбеге  шығып  ай  далада  ән  салып, 

отырады. Бір күні ағалары оны ұстап алып есінен адасқан деп байлап қояды. Оны Біржан 

балаларына арнап шығарған әнінде айтады: 

Үш жүздің ортасында Біржан едім  

Бұл күнде қойды құдай шалықтатып  

Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті 

Кем қылмай өсіріп ем Салтанатты.  

Әкең ем аяйтұғын жаным ашып,  

Жетсеңші білегіме арқан батты.  

 

Бұл  Біржанның  үйленіп,  бала  туылып,  тарлан  бола  бастаған  кезінде  болған  оқиға.  Жас 



кезінде  ол  орасан  жүйрік,  өнердің  соңына  жарқын  түскен,  соның  саңлағы.  Тұлпар 

аттарына  отырып,  олардың  ортасында  ойын-сауық  базарын  күшейтіп,  не  ғажайып  әндер 

шығарып,  аңыз  жырларды  үсті-үстіне  төндіріп  жүрген  кезі.  Ол  туралы  өзінің  кірісуінде 

ашық, еркін түрде айтқан: 

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,  

Ешкімге зияным жоқ жүрген жанмын.  

Кісіге өзім деген бас иемін  

Өзім әнші, өзім caл, кімге зармын?!  

 

Бір тамсанатын нәрсе, Біржан салдың әншілік қасиеті, ол оның өзіне қас, аса дарыған жан 



күйінің толығуы, соның гаухар тасы. 

                                                           

*

 

Мамеке - әнші, Шыңғыс Уәлихановтың інісі.



 

35 

 

Біржан эн салғанда – дейді өліп кеткен ескі әншілер әрқашан дауысын шалқыта көтеріп, 



өте алысқа жеткізетін. Ол аптықпай кең толғаумен әдемі  сұлу үнмен мөлдірете айтатын. 

Мұны Біржанның өзі де Сарамен айтысқанда есіне түсіріп отырады.  

Жан жетпес ән шырқасам өрісіне  

Құданың ризамын берісіне.  

Алыстан түлеп ұшқан түз құсындай,  

Біржанның жұрт таң қалар сермесіне.  

Аққумен аспандағы ән қосамын,  

Орта жүз осыған да сүйсінеді. 

 

Бірінші әнін аса қызықтап, оны ерекше ардақтап биікке көтерген, ойшылар Құнанбай мен 



оның  аяулы  ұлы  Абай.  Біржан  Сара  қызбен  жолығуды  үш  жыл  бүрын  есінде  елес  етіп 

ұстаған. Бір жылы Көкшетаудан аттанып (1872 ж.), көп кісімен сонда бара жатып, бір жыл 

бойы Тобықтыда, Абай ауылында болды. Біржанның Абай ауылына келуі оның өнеріндегі 

бір жарқын көрініс. Ол кезде Біржан 33 жаста, Абай 28 де жас ақын. Екі ұлы кемеңгердің 

кездесуі байтақ мәдениеттің, өнер саласының көркейіп өсуіне үлкен әсер етеді, тарихта бір 

сирек  жолығатын  оқиға.  Ойшылардың  дүниені  тануы  да,  әлеуметтік  тұрмысты  бірдей 

ашық білуі де таң қаларлық нәрсе. Ол Біржанның «Жанбота», «Адасқақ» деген әндерінде 

кер  тартып  тұрмысқа  қарсылық  білдірсе,  Абайдың  көп  шығармаларында  жарқын  түрде 

суреттелген. Біржан мен Абай бұл кездесуде көп уақытын ән мен күй төңірегінде өткізіп, 

бар  тілегін  сол  өнердің  көркейіп,  өсуіне  мән  береді.  Біржан  Абайдың  өзі  шығарған 

әндеріне  ерекше  көңіл  аударып,  оны  пайдалануға  қызығады.  Мұхтардың  «Абай» 

романында  айтуы  бойынша  Абай  да  Біржанды  өте  қызықтап  оған  талай  әдемі  кеңес 

береді. Жаз бойы Біржанды тыңдап, оның айту қасиетін өнершілдіктің бір биік белесі деп 

біледі.  Біржанды  жоғары  көтеріп  ардақтайды.  Оның  алдында  бір  сұлу  өлең  шығарып, 

Біржанға оқып береді: 

Құлақтан кіріп бойды алар  

Жақсы ән мен тәтті күй.  

Көңілге түрлі ой салар  

Әнді сүйсең мендей сүй. 

 

Бұл жыр Біржанның Абай алдында неше түрлі сұлу әндер айтқанының орайында туған бір 



әдемі  сөз.  Бұл  өлең  әнші  ағаға  бір  ой  тірегі  болып  танылады.  Оның  сұлу  құрылысына 

қарап, Біржан Абайды асқан ақын, ойшы кісі деп түсінеді. 

Біржан Абайдың үйінен аттанарда оны Абайдың барлық туысқандары, қыз-келіншектері 

қолтығынан көтеріп, атқа отырғызбақ болады, Біржан сол жерде ат үстінде тұрып тағы да 

ән  шырқайды.  Содан  кейін  оның  сұраған  тілегі,  сендер  де  қосылып  «Жиырма  бесті» 

шырқаңдар.  Ол  менімен  қоштасқандарың  болсын,  ардақты  інілерім  –  деді.  Абай  да  оны 

мақұл  көріп,  бәрі  қосылып  шырқап  берді.  Біржан  басын  иіп  ілгері  жүріп  кетті  (Мұхтар 

Әуезов). 

Ендігі  беті  Аягөз,  Лeпci,  Алатау,  Ешкі  өлместің  жайлауы,  сол  жерде  думан  құрып, 

Матайдың  әнші  қызы  Сарамен  қайымдасу.  Бұл  оқиға  қазақ  мәдениетінің,  оның  өнер 

тарихының ешқашан өлмейтін бір жарқын елесі, ғажайып сурет. 

Баласы Қожағұлдың сері Біржан,  

Сараны іздеп шыққан әлде қайдан.  

Елі керей, ұраны алтай – қарпық,  

Сауықпен дауылдатып асып жүрген.  


36 

 

 



Сараның  Жүсіпбек  ақынға  айтқан  еске  түсіруінде,  бұл  атақты  думан  күні  бұрын 

дайындалған. Оны көруге Матай мен Садыр елінің көп қадірлі адамдары, ақындары тегіс 

жиналды.  Демек,  Біржан  сал  да,  Сара  да  орта  жүз  қазақтардың  арасында  аты  шыққан 

жойқын ақындар. Оларды естіп білу бір бақыт сәулесі болып көрінген. 

Сараның өз шешуі бойынша айтыс Тұрысбектің ордасында өтпекші. 

Үйінде отыр едім Тұрысбектің  

Бұл үйге құдай айдап дұрыс кеппін. 

Қасында жеті-сегіз жолдасы бар  

«Сөйле» дауысы шықты Жүніспектің.  

 

Жүніспек  айтысты  басқаратын  ел  ақсақалы,  барлық  қадірлі  адамдар  соның  маңайына 



топталды. 

Біржанның «Ешкі өлмес» жайлауына қалай келгенін Сара кіріспе сөзінде әдемі айтқан. 

Сараны естіп жүрген Біржан анық,  

Бұған да жүрген екен өнер дарып.  

Құдай берген дәулетті аясын ба?  

Шығыпты он бір жігіт қасына ерітіп  

Серілік жас күнінен болған өнер  

Пендеге әрне болса тәңірім берер.  

Мың жарым жылқысы бар атасының  

Келіпті отыз сегіз жасқа кемел.  

Келеді он бір кісі жолдас ертіп  

Дулатып түрлі-түрлі әнге салып.  

 

Осылай  әнді  дулатып,  Біржан  сал  Тұрысбектің  үйінің  сыртына  келіп,  тағы  да  әнді  үсті-



үстіне жүйткітеді: 

Бұл үйде Сара бар ма келсін бері,  

Іздеген келіп тұрмын Біржан сері.  

Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар,  

Ауылында Тұрысбектің көрер жері.  

 

Сараны  көрген  жерде  Біржан  махаббаттың  аясына  түсіп,  өркендей  бастады.  Оның  әдемі 



домбырасын, әнді қалай шалқыта айтатынын Сара есіне түсіріп, аса қызыққан. 

Сырлаған домбырасын қолына алып.  

Ән шырқап қоя берді жүндей сабап.  

Тұрды атын ұстап біреу шаужайынан,  

Сөзінің білдім Біржан ыңғайынан.  

Толықсып төңкеріліп, ән шырқап тұр,  

Сөйтсе де шошымадым ыңғайынан.  

 

Сал Біржан Сарамен айтысқа түскен кезде ерекше түрлене бастайды. Оны Сара өзінің еске 



түсіруінде тағы былай келтіреді: 

Сол Біржан домбырасын көкке сермеп,  

Жіберді түрлендіріп әннен өрнек.  


37 

 

Менімен айтысуға түскен кезде,  



Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп. 

 

Сарамен  айтысуға  түсіп,  шабытына  келген  кезде,  сал  Біржан  өзін  асқақтатып,  алтайдың 



Мұзбалақ  ақиығымын,  маған  пар  келетін  әнші  бола  қоймас  деп,  өзін  жоғары  көтеріп 

серпілді. Оның алысқа созылған әнінен мынадай толқынды үндер шығады:  

Қазақ жоқ Біржан десе нанбайтұғын,  

Дауысымның енді шықты асқан түрі.  

Дәуірлеп барған сайын болмайтұғын,  

Қырымға қарайтұғын тарлан кермін.  

Аң алмай жерге бекер қонбайтұғын.  

Айнымас қанды балақ ақиықпын  

Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын.  

Асылмын аспандағы түз құсындай  

Қаңтарда қалтылдаған тоңбайтұғын.  

 

Алайда,  Біржан  Сараның  көркем  түрде  жасалған  жан  күйінің  қасиетін  ерекше  ардақтап, 



оның  соншалық  бай  жасалған  дарынынан,  білімпаздығын,  сезгіштігін  жұрт  көзінше 

жеткізе бағалап, оның артық туған кісі екенін төндіре айтып береді, Біржан:  

Шырағым, Сара сендей тумас бала,  

Шежіре туармысың сондай дана,  

Қиып кеткім келмейді мен қасыңнан,  

Кемітер қай жеріңді дұшмандағы.  

Ұмытпай Сара сені әр уақытта,  

Көрермін қайта айналып, қай уақытта?  

Адамның артығы екен осы тұста  

Ілеспес ақын түгіл, ұшқан құста!  

 

Демек,  Біржан  сал  Сара  қызды  жеңуді  өзіне  мақсат  етіп  қоймаған.  Қайта  оған  бәйек 



болып, махаббат құшағын ашып, қызыққан. Оның бар айтқаны Сараның бақытсыз өмірі, 

соны  жұрт  алдында  әшкерелеп  сипаттау,  оның  тең  емес  жәдігөй  Жаманқұлға  шығып, 

өмірін  өксіту,  Жиенқұлды  топ  алдында  мазақтау.  Сара  мұны  да  еске  түсіруінде  бар 

жүрегімен егіле айтқан: 

Сөз айтты сонда Біржан біздің жақка,  

Ұмытпан Сара сені әр уақытта,  

Қайырған сөзбен жетіп есіл шіркін,  

Көремін, қайта айналып, қай уақытта?  

 

Сара қыз Біржан салды аттандырып тұрып, оған өзінің де махаббатын ашық егіліп айтады: 



Сал Біржан жүріп кетті амандасып,  

Екі күн арпалыстым табандасып,  

Шіркінге қимағаннан жорға бердім  

Басында сөйлесем де жамандасып.  

Қош, Біржан, сау бол дедім сағым керім,  

Ардагер сен жігітсің, алған білім.  

Қашан өзің өлгенше есіл қыран,  

Күнде той, күнде жиын жүрген жерін.  



38 

 

Жүре гөр ақын Біржан бізді сұрай,  



Тысқары топырақтан қылса, құдай.  

Аптығып, арғынсынып есерленбе,  

Көзіңе қыз көрінсе бұдан былай.  

 

Демек,  Сараның  өзі  де  Біржанға  жақын  болуды  үміт  етіп,  өзге  қызға  бас  ұрудан  бас 



тартуды, тілек етеді. Біржан да Сарадан кетерде ойына күшті толғау түсіп, оны қиып кете 

алмай, қатты толқуда болады.  

Қарайып Қара көлде қамыс қалды,  

Ауылы ғашық жардың алыс қалды.  

Ауылы ғашық жардың алыс қалып  

Сағынғаннан қараумен көзім талды. 

  

Біржан Сараны көп ойлаумен еліне келеді. Оны алып кетуді мәселе етіп қоймайды. Кейін 



бірте-бірте  ұмыта  береді.  Ел  ішіндегі  қолына  алған  жұмысы,  жастарға  үлгі  беру  ісін  бір 

көркем дүние деп түсінеді. Оларға арнап жыр шығарады: 

Ер жігіт дүниені көрген артық,  

Дүниеде не бар-жоғын сезген артық. 

Түскендей аспан жерге іс болса да  

Бел байлап, тәуекел деп, төзген артық.  

 

Бұл ойдың ұзақ өрісін ол бірінші рет Абай мен кездескенде мәселе етіп көтерсе, енді бір 



ұшын  түрік  қағанаты  кезінде  айтылатын  «аспан  жерге  түссе  де»  деген  ұғымды  еске 

келтіреді. 

Әлеуметтік  істі  еске  түсіруде  көңілге  сәуле  түсіретін  Біржанның  үш  әні  «Егіз  тауық», 

«Жанбота»,  «Адасқан»,  «Егіз  тауық»  әнін  Біржан  1842  тауық  жылы  шығарған.  Бұл  жыл 

халықты  әбден  күйзелткен  қиын  жыл.  Шоқанның  жазуынша  патша  ұлықтары  халықты 

аяусыз  басынып,  сондай  ауыр  халге  келтіреді  (Тауық  жылы).  Бұл  жылы  Біржан  сал  да 

ұмытпай, бар қиындықты еске түсіріп ән салады:  

Жұтатты ғой елімді егіз тауық,  

Міне алмады жігіттер семіз тауып.  

Арық атқа мінбейтін сал Біржанның,  

Қоңыр шолақ мінбеді-ау, өгіз тауып.  

Шақырушы ең Біржан деп атымды атап,  

Мал береді Мырзалар қысырақ матап.  

Айдын көлдей шалқыған қайран елім,  

Әр ағаштың түбінде қалдың қатып.  

Біржан өлең айтады буын-буын,  

Айқайласа тігіпті әннің туын.  

Қазы қарта жемейтін сал Біржаның  

Тауық жылы ішті ғой жасық суын.  

 

Әлеуметтік  тұрмысты  сипаттауда  Біржанның  бұл  әнмен  айтқан  сөзі  тарихқа  жазылған 



жарқын сөзбен бірдей, ғажайып ойлар. Біржанның тамаша әндерінің бірі, өзінің ел аралап 

жүргенде,  өзіне  серік  болған  тұлпар  аттарына  шығарған  әндері  –  «Ақсеркеш», 

«Телқоңыр», «Бурыл – тай», «Кертөбел», тағы басқалар. 

«Ақсеркеш» - жүйрік ойыншы ат. Соған шығарған сұлу ән. 



39 

 

Жем жейді арғымағым «түрт» дегенде,  



Аяғын жекей басар «қық» дегенде  

Жерлерге үш айшылық жүріп кетер,  

Аузынан жан қалқаның «оп» дегенше.  

 

«Телқоңыр» жүйрік атқа арналған әсем ән. Телқоңыр тұлпармен сыр бойына барғанда, ат 



ол  жердің  шөбін  жемей  қатты  ашығады.  Арқа  жаққа  қарай  береді.  Әнші  оны  Арқаға 

қайырып жібереді.  

Телқоңыр қайтып кетті елге таман  

Ит-құстан барар ма екен есен-аман?  

Жібердім Телқоңырды елге бар деп,  

Жүруге бұл маңайда жолың тар деп,  

Жаныма бағалаған жануарым  

Шығардым осы әнімді саған арнап.  

 

«Бурыл-тай» - тұлпар атқа арналған көркем ән. Біржан оның үстінде жүргенде өте сәулетті 



болып, шаттанып отыратын. Ол әнді былай деп айтқан:  

Таңбасы жоқ, ені жоқ Бурыл-тайдың  

Сағасы өткел бермес терең сайдың.  

Құба жонға жүгіртіп шыға келсем,  

Жұрты жатыр өзі жоқ қалқатайдың.  

 

Біржан  қартайған  кезінде  қызық  көрген  жас  дәуренін  ұмытпайды,  оны  да  лайым  еске 



түсіріп,  ойға  батады.  Бұл  кезде  де  бірталай  сұлу  әндер  шығарған,  бірақ  қағаз  бетіне 

түспей,  ел  аузында  аңыз  болып  қалған.  Сондай  жас  күнін  еске  түсіру  әндерінің  бірі 

«Жамбас сипар», «Егіз қызыл», «Ал дүние».  

Ал дүние өтеріңді біліп едім  

Білдірмей серілікпен жүріп едім.  

Бұл күнде арық қойдан бағам кейін,  

Үш жүздің сайран қылған Біржан едім  

Ел кездім Кертөбелді арықтатып.  

Жақсыға сөз сөйледім анықтатып.  

 

Мәселен, Біржан салдың Құнанбаймен, Абаймен, Сарамен сұхбаттасқан күндері. 



Еске  түсіру  әндерінің  ең  әсемі  «Жамбас  сипар».  Онда  да  халық  не  заман  думан  құрып, 

халық бұхарасына айтулы қуаныш қалдырғаны есіне келеді.  

Ұшына орамалдың түйдім сусар,  

Көп жылқы көк алалы көлде жусар.  

Кешегі ел қыдырған есер шақта  

Ән еді Біржан салған «Жамбас сипар».  

Деген соң біз қартайдық, біз қартайдық  

Белгісі қартайған соң серттен тайдық.  

Қанекей, соны мен шыққан мүйіз  

Қасына сұлу қыздың көп жантайдық.  

 

Біржан  көркем  ән  айтумен  бірге,  өткен  дәуірлерден  келе  жатқан,  сәулетті  эпикалы 



жырларын  да  қоңыр  қаздың  дауысындай  әдемі  әнмен  келістіре  айтып  жүрді.  Бұлардың 

40 

 

барлығы Біржан салдың қазақ халқының мәдениетіне, оның өнерінің көркейіп өсуіне ірге 



салған әншінің үлесі болатын. 

Біржан салдың мұрасын бізге әкеліп жеткізген әншілер, ақындар орасан көп, олардың өзі 

ел аузында аңыз бола бастаған. Біржан салдың әндерін ең ескі айтушылар Теңіздің ақыны 

Құлтума, Ақан сері, Соқыр Қапаш (Атбасар), Жарылғапберді, Балуан-Шолақ, Жаяу Мұса, 

Естай,  Ғазиз  әнші.  Бергі  совет  дәуірінде  Біржан  салдың  әндерін  келістіре  айтушылар 

Қосымжан  Бабаков,  Қали  Байжанов,  Ғаббас  Айтпаев,  Әміре  Қашаубаев,  Жүсіпбек 

Елебеков, тағы басқалар. Біржан туралы әдебиет  те өте бай. Оны келістіре зерттеушілер 

А.В. Затаевич, А.К. Жұбанов, Б. Ерзакович, тағы басқалар. 

 

АҚАН СЕРІ 

Өмірі  сұлулыққа  бөленіп,  Көкшенің  мұнартқан  тауларында,  орманды  сайларында, 

мөлдіреген  әдемі  көлдерінде  ерке  өскен  Арқаның  асқан  әншісі  Ақанды  халық  еркелетіп 

«сері» деп кеткен. Оның өмірі шын мағынасында сұлу ертегідей адам ойын өзіне еріксіз 

тартатын, шытырман, ғажайып өмір болған. Оның шығарған сөзі қандай сұлу болса, өмірі 

де  сондай  сұлу,  қызық  еді.  Ақанды  жүйрік  білген  Қоқыш  қарт  (1927  ж.).  Ақан  туралы 

әдемі ойларды айтып берген шын мағынасында Шоқан Уәлиханов, өзінің ауылдасы ақын 

Абдулла Айдарбеков, Науар Буланбаев. Ақанды бұл үшеуінен артық ешкім айта білмейді. 

Олардың  айтуынша  Ақанның  арғы  атасы  Наршөккен,  одан  Қарқынбай,  одан  Құрамса  – 

Ақанның  әкесі,  шешесі  Жаңыл.  Олардың  қыстауы  Сырымбеттің  күнбатыс  алабында 

Қоскөл  деген  жер.  Құрамса  осы  арада  сауда  істеп,  бірталай  ауқатты  кісі  болған.  1843 

жылы Қоскөлде Ақан сері туып, шын атын – Ақжігіт деп қояды. Түсі ақшыл, ұзын бойлы 

сұлу  кісі  болған.  Он  үш  жасқа  дейін  сегіз  жылдай  ауылдағы  мектепте  Күнтеу  деген 

молдадан  оқып,  жеті-сегіз  жылдан  кейін  араб,  парсы,  шағатай  тілдері  мен  әуестене 

бастайды.  Әсіресе,  парсы,  шағатай  әдебиетіне  қызыға  қарап,  ол  туралы  өзін  оқытып 

жүрген молдамен бақасқа түседі. 

Ойы  тасқындап,  көп  нәрсені  білуге  құмартқан  алғыр  жасқа,  молдакең  тойғызарлық 

ешнәрсе айта алмайды. Осы ретте жас Ақан молдасымен қырғи-қабақ болып, сегіз жылдан 

кейін  мектебімен  қоштасады.  Қаладан,  жәрмеңкеден  шағатай  парсы  тіліндегі  кітаптарды 

тауып  алып  оқиды.  Ер  жете  келе  білім,  поэзия  саласына  өте  үңіле  қарайды,  ол  туралы 

Мәшһүр-Жүсіп,  Қасен  молда  сияқты  әдебиеттен  хабары  бар  ғұлама  кісілермен  ой 

таластырады.  Дегенмен,  Шағатай,  парсы  әдебиетіне  қанша  қызықса  да  Ақан  сері  оның 

ғұламасы болудан гөрі, ойы, жан күйі сахараның сұлу әніне, домбыраның толқынды үніне 

ойыса береді. Оқуды тастасымен енді бір ғана осының соңына түседі. Серілікті тіпті жас 

күнінен бастайды. Он төрт-он бес жасының өзінде шырқап салған сәулетті әндерімен жас 

Ақан  жұртшылық  көзіне  түсе  бастайды.  Енді  біраз  жыл  өткен  соң,  ол  Көкшетау 

төңірегінде болып, жиылған әлеуметті өзінің толқынды әндерінің құшағына бөлейді. Ақан 

серісіз  өткізген  ас-тойдың,  ойын-сауықтың  бұдан  былай  қызығы  болмайды.  Халықтың 

жас  әншіні  ардақтап,  жас  әйелдің  оны  қызықтауы  Ақанның  серілікті  тереңдете  беруіне 

үлкен себеп болады. Кигені сұлу киім, мәпелеуі жүйрік ат, қызықтауы құмай тазы, ақ иық 

қыран  бүркіт.  Осы  ретте  Ақан  қазақтың  тарихи  спортына  зор  мән  беріп,  ескі  серілерше 

қасына көп жігіт ертіп, ат ойнату, саят құру өнерінің соңына түседі. 

Спортты  таңсық  ету  әсіресе  «Мылтықпен  мергеншілік»  туралы  айтқан  жырында  ашық 

суреттелген. 

Мылтығы түзу болсын, өзі сырлы.  

Сүйменді оғы болсын алты қырлы.  

Қолында қызыл темір, қалың ауыз  


41 

 

Алысымен талғамас жақын жерді. 



 

Мылтығы шаңқ еткенде жерді жарып,  

Көздеген түп жеріне тисе барып.  

Асығып жан-жағына қарап мерген,  

Мақтанып бауыздайды қоразданып.  

 

Сері  дүниесін  желаяқ  тұлпарға,  алғыр  қыранға,  құмай  тазы  жинауға  салған.  Сұлулықты 



жаны сүйген Ақан аттың түсінің әдемі болуына да ерекше мән берген. Ол бір ыңғай боз 

ат, қара ат, құла ат қатарын тізуді жақсы көрген. Түнге қарай ақ киіп боз атқа мінсе, күндіз 

сұр киініп құлаға отырады, күз айларында қара киініп қара атқа мінеді. Оның аса құмар 

болғаны  әсіресе  жүйрік  ат,  қыран  құс,  құмай  тазы.  Бұлардың  спорттық  тамаша  түрлерін 

сыншы  Ақан  қалайда  тауып  қолына  түсіре  білген.  Соның  бірі  қас  тұлпарды  алдына 

түсірмеген  Ақанның  Құлагері,  қанаттылардан  алмағаны  болмаған  Көк  қыраны, 

аяқтыларға  жетпей  қоймаған  Алақұмайы  айқын  дәлелдей  алады.  Серіліктің  бас  шарты 

сұлу  киіну  болса  Ақан  оғанда  ерекше  көңіл  бөлген.  Ақан  серіні  көп  заман  қызықтап, 

онымен  бала  күнінен  бірге  жасасқан  Қоқыштың  (1927),  Жауардың,  Құлыштың  (1959), 

тағы  өзге  қарттардың  айтуынша,  Көкшетау  қазағында  Ақан  серідей  ешкім  әдемі 

киінбеген.  Оның  қысқы-жазғы  киімдері  бірнешеден  болған.  Басына  киетін  пұшпақ 

бөріктің  өзін  әсем  тігетін  қыз-келіншектерге  әртүрлі  үлгімен  жасатқан.  Аяғында  кебіс-

мәсі  кимей,  жылтыр  қара  етік  киетін  болған.  Қасым  қарттың  айтуынша:  «басқа  қазақ 

қисық  табан  жылтыр  етік  киген  емес.  Оны  киген  жалғыз-ақ  Ақан  аға»  дейді.  Үстіне 

киетіні мауыты шекпен, шапанның бірнеше қымбат түрлері, жақсы көргендері сұр шапан, 

қызыл-күрең шапан, кестеленген тақыр күрең жарғақ, суық айларда кигені құлын жарғақ, 

бөкен  жарғақ  (жауар).  Аяқ  киімі  болмаса  өзгесінің  барлығы  бұрынғы  атақты  серілердің 

дәстүрін көрсетеді. 1928-1924-жылдары Мұхтар да ескі серілердің дәстүріне түсіп, Семей 

көшесіне салдардың сылқым киімімен шығатын. 

 

Ақан сері аңға шыққанда, тойға барғанда ерте замандағы Ерсайын, Манас сияқты қасына 



топ әнші, әрі сері, әрі ойыншы, әрі мерген, әрі балуан алпауыт жігіттерді ертіп, сұлу қыз, 

ерке  келіншектері  көп  елді  қырындап,  уақытын  бір  ғана  ән  шырқаумен,  ойын-сауық 

құрумен өткізеді. Серіліктің бұл түрін Ақан өзінің өлеңінде айтқан. 

Торыны таң асырып мінген қандай!?  

Үкілеп әсемдетіп жүрген қандай !?  

Тұсына қызды ауылдың өлеңдетіп,  

Сыбанып ақ білекті түрген қандай!?  

 

Ақан  қалың  ел  ортасында  ән  шырқағанда  сұлу  қыз  кестесін,  зергер  жұмысын,  кемпір 



тоқып отырған өрмегін қойып тыңдайды (Қошы). Ақан серіні әдемі тыңдаған кісінің бірі 

Көкшенің  шүйгін  қойнауларын  көп  заман  жебелеп,  оның  сұлу  әндерін  Арқаға  таратқан 

Баянауланың  атақты  әншісі  Жарылғапберді.  Ол  Мұсаға  еріп  Сырымбетке  бірнеше  рет 

барып,  Ақанның  әнін  Шоқанның  әкесі  Шыңғыстың  үйінде  талай  рет  тыңдаған.  Оның 

көбін  Баянауланың  және  Қарқаралы  төңірегіне  әкеліп  таратады.  Жарылғапбердінің  өзі 

оны былай деген: 

Көкшетау, Баянаула жер науаны,  

Елінен көктей гүлдеп шығады әні,  

Жерінде Көкшетаудың көкте жатып  

Толқытып Жарылғаптың салған әні.  

Жарылғап ескі әншінің ардагері  


42 

 

Күйді ерттеп, әнді мінген кемеңгері.  



Осы әнді Көкшетауда естідім деп,  

Баянға алып келіп жайған еді. 

 

Жарылғапберді  Ақан  серінің  замандасы.  Ақаннан  үш  жыл  соң  қайтыс  болды  (1916  ж.). 



Шыңғыстың үйінде болған кездесулерде екі бірдей даңқты әншілердің ол үйде қатарынан 

ән шырқауы бір дүние болу керек. 

Сұлулықты  ардақтау,  оны  сүю  серілердің  көбіне  тән  нәрсе.  Кіршіксіз  тазалықты, 

сыпайылықты  олар  сұлулықтың  бір  түрі  деп  қараған.  Абайдың,  Жаяу  Мұсаның, 

Сұлтанмахмұттың  жазуларында  бұл  ашық  айтылған.  Сыпайылық,  тазалыққа  аса  нәзік 

қараған  әсіресе  Ақан  сері.  Сұлулықты,  кіршіксіз  тазалықты  үгіттейтін  Ақан,  қотыры, 

сасық иісі бар кісіден қашып жүрген, кез келген үйге түсе бермеген, тек сұлу қыз, маңғаз 

келіншектері  бар,  таза  үйлерге  қонатын  болған.  Жүн,  жен,  жабағы  жамылатын  нас,  өзі 

сараң байлардың үйлеріне шақырса да бармаған. Басқа бір үйге барғанда ең алдымен ол 

үйдің  тазалығына,  төсек  орын,  ыдыс  аяғының  тазалығына  ерекше  көңіл  қоятын  болған; 

егер  бет-аузын  кір  басқан,  салақ,  лас  әйелге  көзі  түссе  оның  дайындап  жатқан  асына 

қарамай кетіп қалған.  

Көйлегі кір болады май-май ғана,  

Ұрысар байыменен таймай ғана.  

Сыртына шөмішінің балшық жағып,  

Салады қазанына шаймай ғана.  

 

Бір  табақтас,  дәмдес  болып  отырған  біреулердің  кірлі  қолын  көре  қалса,  Жаяу  Мұса 



сияқты,  ол  табақтан  бір  жапырақ  етті  аузына  салмаған.  Ақан  серінің  бұл  мінездері  ол 

кездегі  қарапайым  қазақтарға  ерсі  болып  көрінсе  де,  оның  негізгі  осы  күнгі  медицина 

ғылымына дәл келетін, жарқын кіршіксіз таза ойлар. Оның түбегейлі  аялғысы настыққа, 

надандыққа, қараңғылыққа қарсы тұрғандықты көрсетеді. Мұны кейінірек Сұлтанмахмұт, 

тағы өзге қазақ жазушылары да аса өткір түрде жаза бастаған. 

Жиырма  бес  жастарында  Ақан  өз  елінің  қызы  Бәтимаға  үйленіп,  онымен  он  жылдай 

тұрады. Бәтима өлген соң, Ақан жаңа түлеп ұшқан тау қыранындай, қиялға көз салып, әр 

жерден  тоят  іздейді.  Серіліктің  базарына  бұрынғыдан  гөрі  күштірек  түседі,  күндіз-түні 

ойлайтыны  сұлу  қыз  болады.  Көп  уақыт  толқумен,  ойланумен  жүргенде,  аяулы  нәзік 

жанның  көзі  даңқы  Көкшетау  алабына  жайылған  Арқаның  ерке  қызы  Ақтоқтыға  түседі. 

Ақтоқты  ол  кездегі  дала  қызының  ару  мүсіні.  Жаратылыс  оған  түрі  мен  ақылды  бірдей 

молынан төксе, оның ішкі мінезі де сондай сабырлы, байсалды, сыпайы болған. Ақтоқты 

алғаш  көргенде  Ақан  серінің  көңіл-күйі  шабытына  келіп,  шалқыған  әндерімен  өзінің 

тұңғиық махаббатын жарыққа шығара бастайды. Оны жақсы түсінген ақылды Ақтоқты да 

жайдары  мінезімен  Ақанның  жүрегіне  ем  болатын  белгілер  білдіреді.  Содан  екеуі  көңіл 

қосып,  аз  уақыт  махаббат  қызығына  бөленеді.  Бірақ  Ақтоқтымен  қосылу  мүмкін  емес, 

оған алдақашан бір мықты кісі құда түсіп қойған. Жеме-жемге келгенде Ақтоқты осыдан 

шыға  алмайды,  дәлелді  сөздерді  айтып,  Ақанның  жалынды  жүрегін  суыта  береді. 

Ақтоқтыдан торыққан Ақан сері гөй-гөй тартып, уақытын күңіренумен өткізеді. Бірақ үміт 

сәулесі  одан  алыстап  кетпейді.  Тағы  да  қияға  көз  салып,  сұлу  қыз  іздейді.  Көкшетау 

төңірегіндегі Тынәлі қажы деген кісінің ару қызы Ұрқияға ғашық болады оған арнап, ән 

мен  өлең  шығарады.  Ұрқия  Ақанмен  көңілін  қосып,  оны  жақсы  көрсе  де  қиындықтар 

айтып,  Ақанның  ұсыныстарына  ашық  жауап  бермейді.  Ақырында  Ақан  сері  оны  алып 

қашады. Бірақ бақытсыздыққа қарай Ұрқия үш ай тұрып, қайтыс болады. 



43 

 

Ақ маңдай, қарақат көз сүйген сәулем, 



Секілді нәзік белің сымға тартқан... 

Арылдым тағдыр айдап бұлбұл құстан 

Тарттым мен қайғы-қасірет бала жастан. 

 

Онымен  бірге  Ақанның  жақсы  көрген  інісі  де  өліп,  Ақан  үлкен  күйзеліске  ұшырайды. 



Көңіл  жұбатар  ош  нәрсе  таба  алмай,  Ақан  ескі  досы  Ақтоқтыға  қайта  оралады.  Бірақ 

жақын  арада  ол  ұмытылмақ.  Ескі  махаббат  жалыны  еске  түсіріп,  оған  бірнеше  өлеңдер 

шығарады, жауап қайтпайды. Алайда, Ақтоқтысыз өмірді Ақан өмір деп білмейді. Әлден 

уақытта  ұзатайын  деп  отырған  Ақтоқтыны  Ақан  алып  қашады.  Бірақ  онымен  кетуге 

Ақтоқты  көнбейді.  Сарымидың  басында  Ақанның  бүйіріне  пышақ  салып,  томардың 

ішінде  айдалада  қалдырып  кетеді.  Ақтоқты  ұзатылып  кетеді.  Махаббат  дертінен  құса 

болған Ақан жазылып тұрған соң, оған арнап тағы да өлеңдер шығарады:  

Бәрекелді Ақтоқты тапқаныңа,  

Жібектен шоқ шекеңе таққаныңа.  

Бұдан артық құдайдан не тілейсің,  

Шолақ қасқыр түсіпті қақпаныңа.  

 

Ақан  серінің  бұлай  айтуы  Ақтоқтының  шыққан  күйеуі  өр  кеуде  атаның  тұқымы  екен. 



Ақан сері Ақтоқтының бетіне осыны басып, оны мазақ етпекші болады. Бірақ Ақтоқтыны 

сүюі тасқындай бермесе, еш уақытта сөнген емес, оны тағы мына өлеңнен көруге болады: 

Ақтоқты кеткенің бе шыныменен  

Бал бердің талай жерде тіліңменен.  

Басыңды Сары мида кесіп алып  

Өмірімше даулассамшы құныңмен.  

Дарияның қайранындай қалқа бала  

Зарланып ән шырқаймын үнімменен.  

 

Сүйтіп Ақанның жанына сусын болған Көкшенің екі аруы – Ұрқия мен Ақтоқты өткінші 



дәурендей өте шықты. Ақан зарлап жалғыз қалды. Күндіз-түні оның жүрегін зарығумен ой 

құсасы  тесетін  болды.  Сұлу  қыздан  үміт  үзген  Ақанның  ендігі  көңіл  жұбатары  бір  ғана 

оның  Құлагері  болды.  Бұрынғы  саңлақтар  аруы  адамды  жұбатқандай:  «қайғың  сұлудың 

құшағында, тұлпардың тұяғында, сұңқардың қияғында қалады»  - деп тегін айтпаған ғой. 

Махаббаттан  торыққан  Ақан  сұлулықты  енді  Құлагердің  әдемі  мүсінінен,  бөкен  қабақ 

жаудыраған  көзінен,  қаламының  ұшындай  әдемі  құлағынан,  салбөксе  денесінен,  бота 

тірсек,  алмас  тұнығынан  іздейді.  Аузымен  құс  тістейтін  даланың  желаяқ  жануары 

Ақанның  тарыққанда жан  серігі  болып  табылады.  Құлагер  Көкшенің  шүйгін  бетегесінде 

жайылып, оның мөлдір суын ішіп өскен қырдың тума жылқысының ұрпағы.  Оның асқан 

жүйрік  болатынын  қарауыл  Елторы  сыншы  құлын  күнінен  айырып  қояды.  Ақан 

нағашыларының  ауылына  келіп  жүргенде  оның  қасындағы  Елторы  ойнақ  салып  жүрген 

кер құлынға көзі түсіп қалады. 

-  Мынау  бір  болайын  деп  тұрған  жануар  екен.  Бір  кезде  ол  ұран  шақыртпай  қоймайды. 

Жақсылап күтіңдер дейді. Керқұлынның енесін саумайды, ол бұла болып, еркімен өседі. 

Оның мінезі, бәдені өскен сайын өзге жылқыдан артыла береді. Қас сыншының айтқаны 

еш  заманда  қате  кетпеген.  Екі  жыл  өткен  соң  құлагердің  жүйріктігі  жұрт  көзіне  көріне 

бастайды.  Мұны  естіген  Ақанның  қуанышы  қойнына  сыймай,  дәуірлеп  тұрған  кезінде 

нағашысына қолқа сала келіп, Құлагерді сыйға алады. Оны мәпелеп бағады, тұмсықтыға 

шоқыттырмай,  күнге  күйдірмей,  суыққа  тоңғызбай,  күндіз-түні  төгілген  әдемі  жабумен 


44 

 

ұстайды.  Жаз  биенің  сүтімен  суарып,  қыс  сұлымен  бағады.  Құлагер  Ақанның  еркелетіп 



өсірген баласымен бірдей болады. Сұлулықты жанындай сүйетін ару жан оның тұмсығын, 

мөлдіреген  көзін,  ауық-ауық  иіскеп,  жалын,  құйрығын  тарап,  жонын  сипап  қояды. 

Екеуінің жүзара мерейі екі достың мерейінен артық болмаса, кем болмайды. Ақан сері аз 

уақыт  көрінбесе  Құлагер  жер  тарпып,  кісінеп,  елегізи  бастайды.  Үстіне  ертоқымы,  сала 

бастаса оттай жанған екі көзін Ақанға төңкере тастап, шалқыған шабытпен оны ұшырып 

әкетуге құмартады. 

Қас жүйрік қан майданда сыналмаса оның қасиеті қандай екенін ешкім біле қоймайды ғой. 

Көкшетау мен Атбасар төңірегінде болған ас-тойда Құлагер алдына қара салмай, барлық 

атақты сәйгүлік тұлпарлардың алдынан жеке қара келіп, ылғи бас бәйгені алып отырады. 

Құлагердің асқан жүйріктігі бұдан былай ел ішіне дәуірлеп, даңқы Ақанның өзімен қатар 

барлық  Арқаға  жайылады.  Ақан  енді  оны  Арқада  болған  кейбір  атақты  асқа  апара 

бастайды. XIX ғасырдың екінші кезеңінде Арқада болған ас-тойда Құлагерден озған ешбір 

тұлпар болмаған. Құлагердің бүкіл Арқаға дәуірлеп көтерілуі әсіресе Сайдалының асына 

қатысудан  кейін.  Бұл  ас  XIX  ғасырдың  жетпісінші  жылдары  да,  осы  күнгі  Қорғалжын 

ауданының  жерінде,  Қарақойын-Қашырлы  деген  атақты  қоныста  болған.  Асқа  орта  жүз 

бен Кіші жүздің не қаз мойын тұлпарлары қатынасқан. Олардың ішінде адай, текежаумыт, 

қуандық жылқыларының не түрлі желаяқ жүйріктері бар. Олардың ішінде Арқадағы атқа 

бәйге  бермеген  Саңырықтың  құла  бестісі,  Батырақтың  қоңыр  төбесі,  тағы  басқалар. 

Барлығы  үш  жүз  ат.  Құлагер  осы  үш  жүз  сәйгүлік  тұлпардың  алдынан  жеке  қара  келіп, 

Ақан  серінің  мақтаныш  сезімін  жоғары  шырқатады.  Жиылған  әлеумет  Құлагерді 

тамашалап, бәрі оны көргісі келеді. Кейбіреулері Ақан серіні қаумалап, оған құтты болсын 

айтқысы  келеді.  Бұл  астың  суреті,  оған  Құлагерімен  Ақанның  келуі,  Есіл,  Қорғалжын, 

Нұра,  Сарысу  бойында  жасаған  қарттардың  есінде  осы  соңғы  заманға  дейін  сақталған. 

Соның бір атақты атқұмар Батыраштың қызы Қалиман, 1967 жылы 90-нан асқан кемпір, 

ата-мекені Шерубай-Нұра, Соқыр өзенінің бойы, бұрынғы Спас заводына жақын жерлер. 

Кейін  Успен  руднигінде  тұратын  болған.  Әкесі  Батыраштың,  ағасы  Жүністің  айтуынша, 

олар  Ақан  серіні  де,  оның  Құлагерін  де  аса  жақсы  білген.  Ақан  сері  мен  Құлагерді 

ауылында,  үй  ішінде  әкесінің  әңгімелеп  отырғанын  Қалиман  талай  рет  естіген. 

Қалиманның айтуынша, Сайдалының асында Ақан серіні құттықтауға барған кісінің бірі 

Батыраш.  Батыраш  Ақан  серіні  тек  құттықтап  кетіп  қалмайды,  оның  қасында  бірталай 

бөгеліп,  жүйрік  атты  жақсы  көретінін  айтып,  оны  қалай  жаратып,  қалай  бәйгеге  қосуды 

әңгіме  етеді.  Құлагерге  қызығып,  оның  қасынан  кеткісі  келмейді.  Ақанның  бой  жеткен 

қызы бар екен, одан кейін сөз тартып, онымен жуықтасуды ойлайды. 

- Екеуміз де бәйге атын құмар қылатын кісіміз, дос болайық. Сенің қызың бар деп естідім, 

менің  ұлым  бар,  құда  болайық.  Мына  Құлагерді  маған  қарғыбауға  беріп  кет!  -  дейді. 

Батыраштың бұл сөзі Ақанның нәзік сезіміне тұрпайы болып көрінеді. Ақанның намысы 

келіп: 

- Әрі қызымды, әрі атымды беріп не болғаным? Үйтіп құда болғанша жәй жүргенім артық 



емес  пе?  -  деп  теріс  айналып  кетеді.  Ешуақытта  мұндай  беті  қайтып  көрмеген  мықты 

атаның баласы Батыраш Ақан серінің тәкаппарлық көрсеткенін ішіне кек етіп қалады. 

Арада бір-екі жыл өткен соң, Ереймен тауының теріскей бөктерінен ағатын Сілеті өзенінің 

бойында қырдағы алпауыттың бірі атақты Сағынайдың асы болады. Бұл асқа қырдың бес 

дуан  елінен  325  ат  келген.  Сонда  көп  тұлпардың  алдынан  Құлагер  тағы  да  ағып  келе 

жатқанда, ат алдынан «қарауылға шыққан» болып тосып тұрған Батыраштың кісілері лап 

қойып  көлденеңнен  соқтыққанда,  алыстан  мойын  созып,  танаулатып  келе  жатқан  аяулы 

Құлагер  мұрттай  ұшады.  Соқтығушы  Қараөткел  қаласында  алыпсатар  болып  тұрушы 



45 

 

саудагер  Нұрпейіс  Жантас  баласы.  Құлагерге  көлденең  соқтыққанда  Нұрпейіс  те  ат-



матымен  бірге  құлайды.  Бірақ  оның  аты  біраз  талып  жатып  есін  жиып  тұра  келеді. 

Жаздың  ыстығында  ұзақ  жерден  түтеп  келе  жатқан  Құлагердің  жүрегі  үзіліп  сол  жерде 

қалады.  Халық  Құлагерді  өлтірген  қаланың  саудагері  Нұрпейісті  алқымынан  алып, 

билердің тергеуіне беруді сұрайды. Батыраш сыр білдірмей бұғып қалады. Одан көп дүние 

алған  саудагер  қаланың  ұлықтарын  арқа  тұтып,  ол  жердегі  жазадан  құтылады.  Іс  саяси 

түрге  айналады.  Бірақ  намысы  қайнаған  кемеңгер  кісілер  саудагердің  соңынан  жылпос 

жігіттерді  тексеріп,  Құлагердің  кегін  алуды  қауымның  міндеті  деп  санайды.  Нұрпейіс 

кешке жақын Қараөткел қаласына кіріп, ноғай моласының жанынан өте бергенде моланың 

ішінде  бұғып  отырған  атақты  мерген  үні  шықпайтын  мылтықпен  атып,  оны  қалпақтай 

түсіреді. Жұрт у-шу болып жатқанша қас қарайып түн түседі. Көрдің қуысында тығылып 

жатқан  мерген  кешке  қарай  өз  бетімен  кетеді.  Кім  атқанын  бірер  сағаттан  кейін  келген 

полиция  іздеп  таба  алмайды.  Қаланың  кейбір  саудагерлері  Нұрпейісті  атқызған  қалада 

тұратын Қанжығалы Айтпай қажы деп, жала жаппақшы болады. Халық Құлагерді жыққан 

Нұрпейістің өлгеніне риза болып, оны көрге қоярда: «іздегенің осы еді, енді көріңде өкір» 

деп лағынет айтып тарқайды. 

Ақан  сері  жапан  түзде  өліп  жатқан  Құлагердің  басында  бір  күн,  бір  түн  болып,  оның 

басын  құшып,  қабағын,  көзін  сүйіп,  бұршақтаған  көз  жасымен  өзінің  атақты  «Құлагер» 

әнін шығарады:  

Жануар Құлагерім қолдан кетті,  

Дұшпанның қастығынан қаза жетті.  

Қаржас боп, Қанжығалы, Керей, Алтай,  

Қуандық, Сүйіндік боп намыс етті.  

Тамам жұрт көтермекке аттанғанда  

Алдынан қарсы бармай маған нетті? 

 

Құлагерді  жоқтап,  мауқын  басып  болған  соң,  ертеңінде  құлаған  Аққұсақ  көлінің 



жағасында оның сүйегін жерге көмеді. Бірнеше жыл өткен соң, Ақан сері қызына ғашық 

болған, өзі де ән мен өнерді қадірлей білетін Жүсіп төре, Құлагердің басына тас үйдіріп, 

кішкене  оба  тұрғызады.  «Құлагер»  поэмасын  жазу  үстінде  ойға  батып  жүрген  Ілияс 

Жансүгіров  1931  жылы  бүкіл  Ереймен  тауын  аралап,  жергілікті  халықтың  көрсетуі 

бойынша  Аққұсақтың  жағасынан  Жүсіп  төренің  үйдірген  тасын  тауып,  оған  енді  діңгек 

қақтырады. 

Құлагердің жығылған жерін ұмытпайтын еткен кісінің бірі Әшім Бектасов. О да сол жерге 

биік  қанаттас  орнатып  кеткен.  Құлагер  ат  спорты  тарихынан  әдемі  орын  алатын  құс 

жануар. Ол туралы жырлар, поэмалар, халық аузында айтылатын ғажайып легендалар аз 

емес. Осыларды еске алып, халықтың ой-қазынасына айналған атақты тұлпардың басына 

одан гөрі де осы күнгі өскен заманға лайықты мәңгілік ескерткіш тас орнатса, жас ұрпаққа 

оның тәрбиелік мәні  аз болмас еді. Ондай тарихи, мәдени маңызы бар спорт  түрлері  еш 

уақытта ұмытылған емес, ұмытылмақшы емес те. Оған жұртшылық жақсылап көңіл қояды 

деп сенуге болады. 

Ақтоқтыдан кейін Ақанға көңіл жұбанышы болған Құлагердің өлімі үлкен соққы болды. 

Жастықтың  соңында,  кәріліктің  алдында  жүрген  күйрек  жанды  кісіге  бұл  соққы  кейін 

үсті-үстіне қосыла береді. Құлагердің соңын ала күтімі болмаған соң, оның қыран бүркіті 

мен ала құмайы тағы өледі, тұғырда байлаулы тұрған көк лашын аңға алып шықпаған соң, 

балақ бауын үзіп ұшып өледі. Ақан тағы егіліп, сұңқарын жоқтап өлең шығарады. 


46 

 

Бұл  соққыдан  кейін,  серілік  өмірден  түңілген  Ақан  онымен  қоштасып,  қалаға  кетеді, 



ислам  фәлсафасының  соңына  түсіп,  Көкшетау  медресесіндегі  Науаи  хазіреттің  дәрісін 

тыңдайды. Бірақ хазірет Ақанды онша қызықтыра қоймайды, бойға біткен серіліктің алып 

күші  оған  қарама-қарсы  тұрады.  Ақанды  жаңадан  елегізітіп  жазғытұры  ел  жайлауға 

көшерде  Ақан  Қоскөлдегі  ағаш  үйіне  келіп  жаз  бойы  онда  жалғыз  жатады,  қасында  бір 

ғана ауру баласы болады. Ақанның бұлай жалғыз қалуын жұрт әлденеше саққа жүгіртеді. 

Әуелі  жарынан,  кейін  тұлпары  мен  сұңқарынан  айырылған  Ақан,  тіршілікпен  күресуге 

өткен  қиын  заманда  жол  таба  алмай,  қатты  қамығады,  күңіренеді.  Ойшы  адамды  жау 

көріп,  оған  мерей  көрсетпейтін  қанаушы  топты  сынап,  жалғыз  жатып  күндіз-түні  өлең 

шығарады, оны өз сарынымен шырқайтын әнге айналдырады. 

Ақан  жас  кезінде  ән  мен  жырды  бір  ғана  қыздарға  арнап  шығарған.  Бұл  топқа  кіретін 

әндер,  өлеңмен  жазылған  хаттар  өте  көп.  Олардың  ішінде  махаббатқа  тереңдетіп  айтқан 

шығармалары «Қыз сипаты», «Сүйген қалқа», «Біздің көңіл қайда жатыр», «Көңіл тілегі», 

«Ұрқияға»,  «Ақтоқтыға»,  «Ұзатылайын  деп  жатқан  қызға  айтқаны»,  «Көңіл  сыры».  Бұл 

әнді Ақан егіле айтады: 

Ей, қалқа сенің үшін жайдым торды,  

Танитын кезің болды, оңды-солды.  

Сүмбіл шаш, қарақат көз, жазық маңдай,  

Көретін күн бола ма, бейне хорды. 

 

«Көңіл тілегінде» Ақан қызға өте бәйек болады:  



 

Бағаңа күнжетпестің бірі едіңіз,  

Бақшада жаңа шыққан гүл едіңіз,  

Сұсырдай су ішінде мекен етіп, 

Ілінбей қармағыма жүр едіңіз.  

Үмітім көңілімдегі бітер еді,  

Артылса ақ төсіңе білегіміз. 

 

«Сүйген қалқа» әнінде Ақан терең махаббат сезімімен толқытқан: 



Серінің қалқасы бар бір басыңда,  

Күн сәулесі елес беріп тұр қасыңда.  

Өмірің өткіншідей өте шығар,  

Қызықты көре алмассың дер жасыңда.  

 

Ақан терең ойшы, өте сезгіш, есті, тым шешен болған кісі. Қоскөлге фәлсафалық мұрамен 



ойға  батып  келгенде,  ол  бір  ғана  әлеуметтік  мәселені  алдына  көтереді,  мақсат  етеді.  Ең 

алдымен ойлағаны білім, мәдениет, халық бұқарасын қалай ілгері бастыруға болады соны 

толғайды.  Бұл  ретте  көп  үміт  еткені  халық  ортасындағы  білетін  данышпан  адамдар, 

халықтың ой азығы солар. Оны Ақан сері өте терең түрде түсіндірген. 

Ақыл көп таусылмайтын жанға көрік,  

Бастан шыққан сөзіңе тілің серік.  

Қалай айтып сөйлесең ерік өзіңде  

Данышпанның айтқанының бәрі берік.  

Атағы ерге шапқан кейбір сабаз,  

Өзі өлсе де оның сөзі өлмек емес.  

Бір мінез әрі дана, әрі шешен,  


47 

 

Қолға алса барлық жанды жарық еткен.  



 

Фәлсафалық  әлеуметтік  тұрмысқа  арналған  жазуларында  Ақанның  тілі,  ойы  аса  өткір, 

тигізе айтқан. Соның ішінде бір таңсық нәрсе «Әйелдердің сипаты». Әйелдердің өркендеу 

жолында келтірген қасиетін айта келіп, «Ақылды әйел адамның барып тұрған ақ маңдайы, 

жұртшылықтың,  үй-ішінің  тірегі»  деп  суреттейді.  Сондай  ашық  фәлсафалық  ойларды 

жастарға, жігіттерге де арнаған. Соның бір жарқын түрі «Жігіттің сипаты», «Жігіттерге», 

«Достарға»,  «Замандасқа»  деген  жырлары.  Оларға  арнаған  сөзінде  жігіт  болсаң  ақылды, 

жарқын  бол,  адалдықты  сүй,  ой-санаңның  ашық  болуын  ізде,  ең  алдымен  халық 

бұқарасының  мұқтаждығын  көруге  ой  бөл.  «Достарға»  деген  жырын  біраз  сын  көзімен 

қараған.  Патша  заманында,  кертартпа  дәуірде  жанкүйерлік  дос  табу  қиынырақ  болған. 

«Доспын деп жүргендердің бәрі жалтақ, өсекші. Дос қайда айырылмайтын бір он жылдық. 

Осымен қатар болыс пен билерді сынап олардың ел жегіштік залымдығын бетіне басады. 

«Заманға  қарап»  деген  жыры  әшкерелеп  айқындайды.  Онда  бір  әділ,  жаңа  дүние 

іздегендей болады.  

Болғанда мұндай күйде заманымыз,  

Жәй жатып сахарада қамаламыз.  

Болыс, би ет пен шәйға мәз болуда  

Қайткенде тура жолды таба аламыз.  

 

Ақынның бір жақсы шығармасы сол кездегі адамдардың мінезін сол өз қалпында болған 



кейіпте  жарқыратып  сипаттау.  «Замандасқа»  олардың  барлық  тобын  он  алты  кейіпке 

бөледі. Бірінші адам ақылы кең, таусылмайтын жанның көркі оның серігі өнер иесі, өзінің 

білімімен,  шебер  қолымен  халық  бұқарасын  бір  ғана  қуанышқа  келтіретін  ой,  өнер  иесі, 

екінші жігіт ілгері баспайтын байлауда тұрған сияқты еш нәрсеге еркі жоқ, меңіреу адам, 

үшінші  жігіт  өр  кеуде,  кеудесін  жоғары  көтеріп,  биік  таудай  зорайып  жүреді,  төртінші 

жігіт ауыр мінезді, сезімі жүйрік, бірақ заманына қарай ілгері ұмтылуды білмейді, бесінші 

жігіт ақылды, өте қу, еш адамға сыр айтып отырмайды. 

Ол адам терең ойлы,  

Сыр айтып еш адамға бермес бойды.  

Біреуге жүйрік ақыл бере тастап,  

Талайдың қабыл-ғапыл сырын жойды.  

Түсіріп ақ көңілді қайласына  

Ішінен білдірместен бітеу сойды.  

 

Алтыншы жігіт қарқылдаған даң бас, арсызды абыройлы кісі деп, соған бас иеді, жетінші 



жігіт желдей ескен есер. 

Көргенін жат адамға сыр қылып айтып,  

Ішіндегі дертін қозғап бәрін шешер.  

Баянсыз ұшпа бұлт секілденіп,  

Дүниеден би опасыз күні кетер.  

 

Сегізінші  жігіт  сегіз  қырлы,  бір  сырлы,  ашық  сөзді,  жарқын  көңілді.  Ақ  иық  бүркіттей 



төңкеріліп,  әр  ісімнің  қылығын  танып  жүреді.  Олардың  өзіне  лайықты  сөз  табады. 

Тоғызыншы жігіт, қоңыр бөрік, жел тұрмай қозғалмайды. Оныншы жігіт  – қатын жанды 

әйелі не айтса соны істейді. Он бірінші жігіт – өсекші, он екінші жігіт – кербез, сал өзінен 

басқа адамды танығысы келмейді, дүние малды ойына да алмайды. 



48 

 

Ақан серінің осы сияқты фәлсафалық терең оймен айтқан толғау сөздері, өткір сыны, аса 



білгіштігі кісіні толғандырмай қоймайды. 

Бұны жазған кезде Ақан сері  елуге келіп шар тарта бастаған, бірақ тұғырынан түспеген, 

серілік  өмірдің  сұлу  елесі  оны  әлі  де  өмірге  шақырып,  көңілін  толқытады,  жүрегіне  от 

сәулесін  түсіріп,  тағы  да  махаббатқа,  жар  сүюге  үңілтеді.  Қартая  бастағанда  Ақанның 

жүрегіне бүл  кезде от  жаққан Көкшетау төрелерінің үш қара көз сұлулары. Ақан  оларға 

«Үш  тоты  құс»  деп  ат  қояды.  Олардың  ішіндегі  ең  сұлуы,  естісі,  өзі  маңғаз,  өзі  шешен, 

айтысқа  Ақанмен  тең  түсетін,  әрі  ақын,  әрі  әнші,  ел  аузынан  түсірмейтін  Ақанның  ару 

сұлуы  Жамал  болады.  Бұл  жоғарыда  айтылған  Құлагердің  басына  тас  орнатқан  Жүсіп 

төренің  қызы,  Шыңғыстың  немересі.  Ақан  серінің  қыран  көзі  ең  алдымен  осы  Жамалға 

түседі. Жамал 16-да Ақан елу жаста. 

Екеуінің жас айырмасы соншалық көп болса да, ғашықтық оты күйдірген соң Ақан шыдап 

тұра  алмайды.  Үш  тотының  ішінен  Жамалды  «Қалқа  бала»  деп  оның  алдында  үзіліп, 

бәйек болады, өртенген жүрегінің назын айтып өлең шығарады. 

Қыздарды мен не қылам қылаң-сылаң,  

Қалайша ғашық отқа сабыр қылам.  

Жаңартқан өмірімді қалқа бала  

Басы жұм, ортасы миым, аяғы ләм (Жамал).  

 

Жасы келіп қалған кемеңгер ақын, баласындай Жамалға көз салғанын жұрт қауесет ете ме 



деп, көп ойланады. Жамалды тек ішінен сүйіп, оған арнап өлең шығарумен жүреді. Бірақ 

жастың  үлкендігі  қанша  тежегенмен,  махаббат  оты  сыртқа  шықпай  қалмайды.  Сезімі 

тасқындап жүргенде Ақан Жамалға мынадай сұрақ қояды: 

Тау тасты шабыт қылған ақ иықпын,  

Болмайды сені ойласам ішкенім ас.  

Жортқан түс секілді жіберейін,  

Бұл сөздің фаһімін біл де, түндігін аш.  

Ақылына далбай тастап шырғаладым,  

Шабытқа келе алмасаң қылғаның қас.  

 

Жамалдан жылы жауап алмаған соң, Ақанның жүрегі  өрт  болып жанады, махаббат үсті-



үстіне өртене береді. Оның Жамалға ғашық болуы не түрлі толқынды ән, өлең шығаруға 

бейімдейді, оның көбін Жамалдың өзіне арнап шығарады. Соның бірі атақты «Сырымбет» 

әні. Сырымбетте туып-өскен Жамалға арналады: 

Ауылың қонған Сырымбет саласына,  

Ғашық болдым Ақсұңқар баласына –  

 

дейтіні  Жамалды  мегзеп  айтқаны.  Үш  тотының  қалған  екеуі  де  осы  Сырымбетті 



мекендейтін төрелердің әдемі қыздары, Шоқанның немере қарындастары. 

Серіліктің соңында жүрген Ақан әлеуметтік тұрмысқа да жиі ойысып отырған. Көпшілік 

жиналған  жерде  Ақан  жалғыз  әнімен  емес,  өзінің  ойшы,  тапқыш,  шешендігімен  де 

халыққа қадірлі көрінген. Елдің қандай білгіш адамдары бас қосса алдымен сөзді Ақанға 

бастатқан, ел жиылып шеше алмаған «шиеленіскен қиын дауды» Ақан аға не айтса соған 

тұрдық» деген. 



49 

 

1865  жылы  Шоқан  Алтын-Емелде  қайтыс  болғанда  Ақан  сері  оған  қатты  күйзеледі. 



Көкшетау  елі  болып  әкесі  Шыңғысқа  естіртуге  барғанда,  Ақан  Шоқанның  адамшылық, 

кемеңгерлік істерін еске түсіріп, мынадай өлең шығарады: 

Дейсіз бе бұл жалғанда өлмеген бар,  

Тағдырдың құдіретіне көнбеген бар.  

Айырылып не жақсыдан елі жұрты  

Жас төгіп, жанын үзіп, етпеген зер.  

Шыңғыстың сүйер ұлы Шоқан еді,  

Империя жұрттарын көрген еді.  

Өнері жұрттан асқан есіл сабаз,  

Оған да сапар жолда қаза берді.  

 

Ақан серінің өмірін бұрын жүйрік білген Шоқанның інілері Махмет, Қоқыш, Мақы және 



Үкілі  Ыбырай  болған.  Қоқышты  мен  студент  кезімде  Көкшетауда  кездестіріп,  мұнда 

айтылған ойлардың көбін сол кісіден естідім. Кейінірек Құлыш Уәлихановпен Жауардан 

естідім.  Ақан  серіні  бүгінде  жақсы  білетін  оның  жерлестері  Әшімғали,  Абдулла 

Айдарбеков, Разия, Қапар Досмағамбетов, Қасым Жандосов. Бұлардың барлығы Ақан сері 

үлгісінде тәрбие алған, арабша жақсы білетін, көзі  ашық, халық ақындары. Ақан серінің 

қандай  аста,  қандай  жәрмеңкеде  болғанын  бұлар  әлі  ұмытпаған,  оны  көрген  кісілерден 

қалғандар осылар.  Ақан сері  қайтыс болғанда Әшімғали  – 27, Разия  – 25, Абдулла  – 24, 

Қасым  –  16-да  болған.  Қапекең  де  (Қапаров  солармен  замандас).  Ақан  серінің  сыртқы 

келбетінің  қандай  болғаны  бүгінгі  жас  ұрпаққа  білу  жұмбақпен  бірдей.  Өйткені,  оның 

бүгінге  дейін  сақталып  келген  не  фотосы,  не  суреті  бүтіндей  болмаған  соң,  білу  мүмкін 

емес.  Жұрттың  айтуынша  Ақан  сері  жас  күнінде  фотоға  талай  рет  түскен  әсіресе 

Шоқанның  ауылында  оның  інілерімен  бірге  түскенін  жұрт  есінде  берік  ұстаған.  Бірақ 

ондай фото сақталды ма оны ешкім білмейді. Тек терең зерттеу соңында біз Ақан серінің 

бір  ғана  фотосын  таптық.  Ол  фото  1868  жылы  Владимир  князьдің  қазақ  сахарасына 

келуіне  орай  түсірілген.  Князьдің  қашан,  қалай  келгенін,  оны  қыр  қазақтарының  Ертіс 

жағасында  қарсы  алып,  үлкен  той  жасағанын,  біз  жас  Абайдың  фотосына  берген 

анықтауда сөз еткеміз. 

Бұл тойда Ақан сері «Певцы и музыканты» деген топта, оңнан солға қарай төртінші болып 

түскен.  Барлығы  оншақты  ақын  жыраулар,  әнші-күйшілер,  олардың  ішінде  скрипка 

тартып отырған Жаяу Мұса, қобыз тартып отырған жыршы кім? Домбыра шертіп отырған 

әнші Ақан сері, Жаяу Мұса – қобызшы, тағы бір қарт жыршы шәкірт балаларша жүгініп 

отыр,  өзгесі  малдас  құрып  отыр.  Жүгініп  отыру  революциядан  бұрынғы  ақын-

жыраулардың  көбіне  тән  нәрсе.  1825  жылы  атақты  Сақау  ақын  Саржанның  алдында 

жүгініп отырып «Арқаның сары белі» деген жырды төгілтеді. Жанақ ақын Құнанбайдың 

алдында  жүгініп  отырып  «Қозы  Көрпеш»  жырын  қобызға  қосып  екі  күндей  жырлайды. 

Болат Петерборға барғанда сарай ұлықтарының алдында жүгініп отырып «Қозы-Көрпеш» 

жырын  бір-екі  күн  жырлайды  («Русский  инвалид»),  Шоқан  Петербордан  елге  келгенде, 

Орынбай ақын оның алдында жүгініп отырып, елге келгенін қошемет етіп жыр шығарады. 

Жүгіну – ту баста бас июдің түрін көрсетсе, бергі кезде ол өзінің тарихи мәнін сақтаумен 

қатар,  сыпайылықтың,  әдеби  ептіліктің,  кішіпейіл  мінездің  түрінде  айналады.  Бұл  түрді 

көбірек қолданған халықтың сезгіш тобы ақын-жыраулар. 

Ақан серінің әндерін, жазу мұраларын біздің заманға дейін айтып келген атақты әншілер 

Жарылғапберді,  Жаяу-Мұса,  Иман-Жүсіп,  Үкілі  Ыбырай,  Мәшһүр  Жүсіп,  Естай,  Ғазиз 

әнші, Қали Байжанов, Мұхтар Жылқайдаров, Жүсіпбек Елебеков, тағы басқалар. 

 


50 

 



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал