Сайын мұратбеков әҢгімелеріндегі кейіпкердің даралық Ұлттық сипаты



жүктеу 45.89 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі45.89 Kb.

ӘОЖ 82-5 

Исмагулова Г.М. – магистрант, 

М. Өтемісов атындағы БҚМУ  

 

САЙЫН МҰРАТБЕКОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ КЕЙІПКЕРДІҢ  

ДАРАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ 

 

Ұлттық  идеяның    әдебиеттегі  көрінісі  –  кейіпкердің  мінезі  арқылы  көрінетін  даралық  ұлттық 

сипаты.  Ұлттық мінез – әр халықтың ділі, тарихы, дәстүрі арқылы қалыптасатын көркем шығармадағы 

бөлінбес бөлшек немесе кейіпкердің ұлттық болмысымен ерекшеленген үрдіс. 

Әр  халықтың  түпкі  тамыры,  табиғи  қалпы  әріде  жатқан  мінез-құлықта  болатыны  секілді,  қазақ 

болмысын,  түр-тұрпатын  түзейтін  кейіпкер  де  ұлттық  кейіпкер  болуы  үшін  оның  бойында  кешелі-

бүгінгі  мінез-бітімі  болуы  заңды.  Жазушы  идеясы  көркем  образ  арқылы  танылса,  шығарманың 

құндылығын  анықтайтын  белгінің  бірі  де  осы  образ.  Ал  толысқан  образ  характер  мәселесімен  терең 

ұштасатыны  белгілі.  Осы  орайда  Сайын  -  өте  талғампаз.  Жазушының  көркем  бейнелері  –  қазақ 

ортасынан ойып алынған кейіпкерлер. Сайын кейіпкерлері ұлттық даралық сипаты айқын, эстетикалық 

талғаммен  сұрыпталып,  типтік  бейне  тұрғысынан  қарауға  болатын  жинақтық  мәніне  ие  оқшау 

тұлғалар.   

«Менің қарындасымдағы» Әлиман, «Күсекен - Күсекеде» Күсеке, «Еркек желдегі» Рысжан, «Тау 

үйдегі»  Ұзақ  пен  Тана,  «Ананың  арманындағы»  әже,  «Ұлтуғандағы»  Ұлтуған,  «Басында  Үш 

қаранындағы»  Зағипа,  «Жеңешедегі»  Қамар,  «Кәментоғайдағы»  Кәмен  бейнелері  -  жазушылық 

шеберлікпен қырланып сомдалған, жинақтау арқылы даралық танытатын көркем жасалған образдар.  

«Ананың  арманы»,  «Отау  үй»,  «Құданың  фокусы»  тәрізді  әңгімелерінде  адамгершілік  мәселесі 

жалғасын тауып, ұлттық идея жаңа қырынан көрінеді. Бұл әңгімелерде жанұялық тіршіліктегі ғасырлар 

бойы  қалыптасқан  ұлттық  психологияның,  сыйластық  категориясының  жаңа  заман  ырғағымен 

өзгеріске  түсе  бастаған  сипаттарын,  кейбір жақсы  қасиеттерді  жазушы  сезімтал  зердемен,  әлеуметтік 

астармен айшықтайды. Ғасырлар бедерінде халық дамуындағы ұрпақтан–ұрпаққа ауысып келе жатқан, 

әлі  де  ауыса  беруге  тиіс,  адамгершілік  қасиеттің  қандай  болмыс–бітіміне  де  сиятын  озық  дәстүр, 

ұнамды  салтты  бүгінгідей  «қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған»  заманда  жаңғырта  берудің  орнына 

«тойып секіретін» , «жаны кедей» жандардың бейнесін көрсетеді. 

Жанұя  жүгін  ажырамас  қалпында  сақтау,  ата–ананың  бала–шаға  арасындағы  байланыс  иірімі, 

ұлттық дәстүрді бойға сіңіру, өнегелі өмір салты қоғамдық мәнге, әлеуметтік құбылысқа айналып отыр. 

Жаңа  ұрпақ  тәрбиелеудегі  инабаттылық,  сыйластық  қағидаларын  ұлттық  өнегеден,  қалыптасқан 

халықтық  дәстүрден  іздеуді  мұрат  еткен  жазушы  ой-өрнегін  кейіпкерлер  бейнесін  ашу  арқылы 

кестелейді.  

Сайын  «Отау  үй»  [1,  36  б]  проблемасының  ең  терең  тұңғиығына  бойлайды.  Кәдімгі  күнделікті 

тұрмыс-тіршілік көрінісінен әдемі сурет ойып, терең ой нақышын жасайды. Махаббат, ата-ана көңілі, 

семья шырғалаңы, өмір туралы түйсік – бәрі осында. 

Шағын  әңгімеде  ата-ана мен  болашақ  ұрпақ желісі, әдет-ғұрып  заңдылығы,  өмірдің  нәрі  -  өзегі 

асқан сезімталдықпен, басыр түйсікпен суреттелген.  

«Отау үй» өмір факторына құрылған адам тағдыры хақындағы хикая. Ұзақ, Тана тағдыры өмір 

суретін  жадағай  көшіру  емес,  оны  жанды  типке  айналдыру.  Филология  ғылымының  докторы  

Н.Ғабдуллин  «Қаһарман және ұлттық сипат» мақаласында [3, 27 б] бірнеше топтама образды талдауда 

Танаға  біраз  тоқталады.  Ғалым  қазақ  қыздарының  бойындағы  ұлттық  бояу  –  ұяңдық,  моральдық, 

кіршіксіздік және адамгершілік парасатын баса айтқан-ды. Тана, міне, осындай образ. Тәнті характер. 

Бір-екі мысал келтірелік. Ұзақ анасының айдау арызымен Тананы бір-екі мәрте жазықсыз жазалайды. 

Алғашқысында  «Тананың  ернін  тістеп,  солқ-солқ  жылаған  кейпі»  көрінсе,  кейін  «Тана  сол  көзі 

боталаған күйінен ауған жоқ. Не жақсы, не жаман деп» ләм демейді. Жас келіншектің бұл мінезі оның 

ынжықтығы,  пәк  көңілділігінен  әрі  жатыр.  Бұл  характердің  парасат  биігінен  көрінуінен.  Тіпті  өз 

алдарына шығып кеткен күнде де Тана: 

-

 

Рас  айтамын,  Ұзақ  мен  саған  титтей  де  ренжімеймін,  үйге  апарып  тасташы...  мен  үшін  әке-



шешеңді ренжітпеші.., - деуі характер қайнауын ширата түседі.  

Тана – Сайын мүсіндеген әйел образдарының ең мөлдірі.  

«Күсен-Күсеке» [1, 18 б] әңгімесінде жазушы Сайын Мұратбеков мүлде жаңа қырынан көрінді, 

жаңаша творчестволық ізденіс үстінде екенін танытты. Жазушы осы әңгімесінде сырын терең білмеген 

сырт  көзге  алаңғасар,  аңқау,  аңқылдақ,  тіпті  берекесіз  көрінетін  Күсен секілді  қазақ  Дон-Кихотының 

жаңа типін жасаған сияқты. Ал шындығында мүлде олай емес. Рас, Күсен өзінің адамгершілік қасиеті, 

сезімі  жағынан  Сайынның  бұрынғы  кейіпкерлеріне  ұқсас.  Сөйтсе  де  бұл  образ  өзінің  әлеуметтік 

салмағымен әлдеқайда күрделі. Күсен - ой көзімен қараған адамға ешқандай да комикалық герой емес, 

керісінше езу тартқызып отырып еңсеңді көтеріп тастайтын, ойламаған жерден терең ойға қалдыратын 


ойлы образ. «Халық іші - қазына» демекші, Күсен сияқты тұрған бойы көркем тұлға боларлық ақ көңіл 

адамдар  ел  арасында  жүздеп  кездесетіндігі  анық.  Жазушы  солардың  типтік  бейнесін  Күсен  арқылы 

әдебиетімізге алып келді.  

Кейбіреулер  үшін  Күсен  ақ  қар,  көк  мұзда  қоғам  малын  бағып  жүріп  тапқан-таянған  мол 

ақшасын бей-берекет  шашушы,    дүниенің  ығын білмейтін  берекесіз  көрінуі  де  әбден мүмкін. Себебі, 

тапқан  ақы,  маңдай  термен  келген  ақша  түгіл,  жолдан  тауып  алған  қара  бақырын  да  шығаруға 

қалтырап, соны қарақан басы үшін ортаймас олжа көретіндер жоқ па екен?! Тоғышар, дүниеқоңыз адам 

үшін дүниенің кілті тек ақша ғана екені түсінікті.  

Белгілі  сыншы  Сағат  Әшімбаев  Күсен  образы  туралы:  «жазушы  Сайын  Мұратбеков  аталмыш 

әңгімесіндегі  Күсен  образы  арқылы  үлкен  әлеуметтік  идея  көтеріп,  оқушыны  оймен  бетпе-бет 

қалдырды.  Сайынның  концепциясы  бойынша,  адамның  адамгершілік  қасиеті,  мейлі  ұлық  бол,  мейлі 

кішік  бол,  көлеңкесіз  көңіл  тазалығынан, өзінен  бұрын өзгеге  деген  сүйіспеншілік  сезімінен көрінеді 

екен.  Сондықтан  да  Күсен  жақыны  мен  жамағайынына  ақшасын  үлестіруші  емес,  шынайы  көңілін 

үлестіруші.  Ол  үшін  дүниедегі  ең  қастерлі  нәрсе  ақша  табу  емес,  адамның  көңілін  табу,  адамның 

қуанышына  да,  қайғысына  да  ортақтаса  білу.  Міне,  осының  өзі  -  біздің  қоғамымыздың  әлеуметтік 

моралінен, адамгершілік принципінен туындайтын қасиет» [4; 328] , - деп көрсетеді. Демек, Күсен өз 

әрекетімен әлеуметтік тұлға екен, Күсеннің жанына бататын нәрсе, кейбір адамдардың бір-біріне деген 

қайырымының  жетпей  жататындығы,  тым  өзімшілдігі,  көңілдерінің  көрсоқырлығы.  Күсенді  тағы  бір 

мазалайтын  жағдай,  ағыл-тегіл  молшылықтың,  барлық  пен  байлықтың  кезінде  көңілдің  таралуы, 

сезімнің жұтаң тартуы, шынайы сүйіспеншіліктің азаюы. 

«Таңғы  шық»  [1,  12  б]  -  адам  тері  жөніндегі  парасатты  әңгіме.  Мұнда  өмір  суретін  қарабайыр 

қайталау емес, мықты ойдың қазығы бар. Осы сөз өнеріндегі жаңалық – ашылым кейіпкер Тұраштың 

тоғымарлық  торына  қалай  шырмалғанын  баяндап  береді.  Сатушы  Тұраштың  бағын  байлап,  сағын 

сындырған  –  қу  құлқын мен  құбылмалы    әйелі.  Түрмеде күйеуіне  жолыққан  әйелі  «Е,  қойшы  сол  он 

метр пүлішке бола соттар деймісің? Шығасың ғой, амандық болса» десе, кейіпкер «Оу, мәселе пүліште 

емес  қой,  басқада...  Енді  неде?  Бәсе?..»  деп  түйіткіл  сансыз  сұрақ  астында  қалады.  Шынында  да 

басқасы несі, тіршілік тиянағы, өмір бақыты не?  Сайын сұрақтар мәселесіне характерді де, оқырманды 

да жұмылдырады. 

Тұрмыстық-отбасылық  проблеманың  қоғамдық  орны  айқын    да  бедерлі.    «Қызғаныштағы» 

Марияның,  «Тұрақтамаған  мекендегі»  Өмірбайдың,  «Таңғы  шықтағы»  Тұрардың  жұбайы,    «Отау 

үйдегі» Ұзақ анасы, «Үскіріктегі» Қайрақбай, «Ұлтуғандағы» Сәндібала,  «Ана арманындағы» келіндер 

– бір қоғамның, бір отбасының бөлшегі, бірақ жарықшақ мінездері, көріксіз характер құбылыстарымен 

тәнті типтер.  

С.Мұратбековтің моральдық-этикалық мәселені  көтерген  әңгімелерінің бірі  – «Ана  арманы»  [2,  

25  б].    Хикаяда  адамды  білудің  күрделілігі,  жақсы  мен  жамандықты  ажырату,  туған  адамдар 

арасындағы  дүниеқоңыздық  сыры  ашылады.  Сайын  әңгімесінің  алғашқы  жолын  «Мен  әжемді 

дүниедегі ең бақытты ананың бірі санайтынмын» деп басталады. Расында солай ма екен? 

Негізі,  Мұратбеков  шығармалары  өзегі  ащы  болып  келеді.  Онда  жылтырақ  характер,  дәмді 

оқиғалар легі жоқтың қасы. Өмір атты үлкен ұғымның ащы-тұщысын алма-кезек алмастырып отырады. 

Сонымен  әженің  сырт  көзге  қағанағы  қарқ,  сағанағы  сарқ.  Үш  бала,  бір  қыз.  Шетінен  азамат. 

Немерелерді қосса бір тайпа ел... Жоқ асықпай тұра тұрыңыз. Бұл алыстан қарағанда ғана. Ал әңгіме 

орманына Жеңісбектің көзімен бір сүңгіңізші. 

Бала мен бала, келін мен қыз арасы дүр араздылыққа толы. Дүниеге талас, ұрыс-керіс. Бақытты 

әженің бір сәті: «Әжем ләм деген жоқ. Бір-ақ уыс боп шөгіп, бүрісті де отырды. Төсекке де со бойын 

жазбаған  күйінде  бір  уыс  қана  боп  жатты.  Түні  бойы  ұйықтаған  жоқ,  әлсін-әлсін  естілер-естілмес 

күрсінумен, уһілеумен болды. Түннің бір уағында оның үнсіз жылап жатқанын да сездім» [2, 27 б].  

Мынау  бейбітшілік  шуағы  мол  заманда  туғандар  арасында  кикілжің  көп.  Сондағысы  –  бірінің 

қолын  бірі  қойып,  сыйлық  қақшу,  бірінің  дүниесін  бірі  алып  кету,  бірін-бірі  көре  алмау.  Сайын 

бақастық, дүниеқорлық тамырын дәл басады. Құлқын көмейін ашады. Шығармадағы «Беу-у, құдай-ай, 

осылардың арасында дәнекер болам деп-ақ өлетін болдым... Бәрінің емгені бір ананың ғана – бір менің 

ғана ақ сүтім еді...» [2, 26 б] – десе, әже қайғысына қалай ортақтасқанымызды білмей қаламыз.  

Қарт  кісі  ақтық  демін  алып  жатқанда,  балаларының  іс–әрекеттері  арқылы  кейбір 

замандастарымыздың  психологиясындағы  келеңсіз  мінездер  мен  рухани  мешеуліктер  бой  көрсетеді. 

Ағайынды  үш  жігіт  арақ  ішіп  жүрсе,  келін  мен  қыз  әлі  жаны  шықпаған  кемпірдің  қолындағы  алтын 

жүзікке  таласып,  саусағымен  қоса  жұлып  ала  жаздайды.  Шымылдықтың  ішінде  жатқан  мүрденің 

Жеңісбекке күрсінгендей болып естілуі көзі тірісінде арманы орындалмай кеткен ананың ішкі шерімен 

лирикалық кейіпкердің жан тынысындағы өкінішті сезімнің ортақтастығын аңғартады.  

Сайын  Мұратбеков  шығармаларындағы  басты  ерекшелік  –  әдебиетте  социалистік  реализм 

салтанат  құрып,  социалистік  идеология  дәуірлеп  тұрған  кезде  ол  жазушы  ретінде  социалистік 

құрылысты  дәріптеген  емес.  Бұл  өмір  шындығын  бәрінен  жоғары  қоюды  мақсат  тұтқан  жазушы 



позициясының  беріктігін  танытады.  Қаламгер  менталитеті  туған  топырағына  сәйкес  қалыптаса 

отырып,  рухани  дүниесі,  ойлау  жүйесі,  мінез–құлқы  –  жалпы  психологиясы  жазушының  өзіндік 

болмыс–бітімімен бірге тұрақталған.   

Қорыта  келе  айтарымыз,  Сайын  Мұратбеков  әдебиеттегі  ұлттық  дәстүр  мен  жаңашылдықты 

қатар игеріп, қазіргі қазақ прозасының биік белеске көтерілуіне атсалысқан, әдебиеттегі өзіндік орны 

бар азамат жазушы. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 

Сайын Мұратбеков. Таңдамалылар. Алматы: Жазушы, 1981 жыл (5,  

12, 18, 36 - бет). 

2.

 

Сайын Мұратбеков. Әңгімелер мен повестер жинағы. ІІ томдық,  

І том.  

Алматы: Жазушы, 1985 жыл (25 -27-бет). 

3.

 

Н.Ғабдуллин  «Қаһарман және ұлттық сипат» // «Жалын» журналы,  

№ 10, 1992 жыл (27 – бет). 

4.

 

С. Әшімбаев. ІІ томдық шығармалар жинағы. ІІ том. Әдеби сын.  

Астана: Елорда баспасы, 2006 жыл (328 – бет). 

*** 

В статье расматриваются литературное мастерство Саина Муратбекова в создании национальной 

образов  персонажей,  а  также  большое  вниманние  уделяется  умению  писателя  глубоко  проникать  в 

психологию национальных характер своих пройзведении. 

*** 

In the articles literary mastery of writer is investigated in creation of characters of personages, and also larg 

attention  is  spared  to  ability  of  S.  Muratbekov  to  interpenetrate  in  psychology  of  heroes  of  the  S.Muratbekov’s 

works. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал