Сайф Сараи «Гулистан бит-турки»



жүктеу 19.84 Kb.

Дата14.02.2017
өлшемі19.84 Kb.

Сайф Сараи 

«Гулистан бит-турки» 

(«Түркі тіліндегі Гүлістан») 

 

  Сайф Сараи – Алтын Орда әдебиетінің  ХІV ғасырдағы аса көрнекті өкілдерінің 



бірі. Ол лирик және эпик ақын, жазушы және аудармашы ретінде түркі тектес 

халықтардың әдебиеті мен тілінің өзінен кейінгі кезеңдерде дами түсуіне мол үлес 

қосып, едәуір ықпал еткен қаламгер. 

  Сайф Сараи творчествосын ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті совет ғалымы 

Ә.Н. Нәжіп ақын өз шығармаларының бәрін қыпшақ тіліне жазғанын айта келіп

әрі оның қыпшақтар ішінде кейінірек қазақ халқының негізін құраған ру-

тайпалардан шыққанын ерекше атап көрсетеді. 

  Ақын өмірі мен творчествосы жайында көп мәлімет сақталмаған. С. Сараидың 

бізге жеткен жалғыз көлемді еңбегі бар. Ол – «Гулистан бит-турки» («Түркі 

тіліндегі Гүлістан») деп аталады. Ақын бұл еңбегін Еділ сағасындағы Сарай 

қаласында бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында жазып бітірген екен. Бұл өзі 

парсы-тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидің «Гүлстан» атты 

шығармасының еркін аудармасы. VV 

 

      Жоспар: 



1.

 

«Гулистан бит-турки»  қолжазбасының табылуы, зерттелуі, жариялануы. 



2.

 

Композициялық құрылысы. 



3.

 

Дастанның идеялық мазмұны. 



 

     1.915 жылы Анкарада шығатын журналдардың бірінде түркі тіліне аударылған 

Сағдидің «Гүлстан»дастаны Голландиядан табылғаны туралы шағын ғана хабар 

жарияланды. Бірақ оған ешкім назар аудармады. 1950 жылы профессор Феридун 

Нафиз Узлук Голландияның Лейден университеті  кітапханасы қорынан 

«Гүлстанның» фото көшірмесін алып, оған шағын алғы сөз жазды да, 1954 жылы 

Анкарада жеке кітап етіп басып шығарды.  

  Алайды қыпшақ тілінде жазылған орта ғасырдың аса құнды әдеби ескерткіші – 

«Гүлстан бит-турки» шығармасын егжей-тегжейлі зерттеген совет ғалымы Ә. Н. 

Нәжіп болды. Ғалым С. Сараи шығармасының қызықты жазылу тарихын, оның 

әдеби мәнін, тілін, сол дәуірдің әдеби және тілдік ерекшеліктерін кең көлемде 

зерттеп, «Гүлстан бит-туркті» қазіргі  орыс графикасы бойынша транскрипция 

жасады, әрі орыс тіліне жолма-жол аударма жасап шықты. 

  «Гүлстан бит-турки» қазіргі өзбек тіліне аударылып, басылып шықты. 

 


   2.Сайф Сараи өзі ұстаз тұтқан сағди ақынның «Гүлстанын» аудару барысында 

шығарманың композияциялық құрылысын бұзбай, сол күйінде сақтап қалуға 

әрекет жасаған. Сондықтан парсы тіліндегі «Гүлстан» секілді қыпшақ тіліндегі С. 

Сараи аударған «Гүлстан бит-туркте» сегіз тараудан тұрады. Олар: 

  Бірінші тарау – ел-билеушілер туралы. 

  Екінші тарау – халық бұқарасы жайында. 

  Үшінші тарау – қанағат-ынсаптың пайдасы жөнінде. 

  Төртінші тарау – тілге сақ болудың пайдасы туралы. 

  Бесінші тарау – жігіттік шақтың көріністері хақында. 

  Алтыншы тарау – кәріліктің адамды кәріп етіп қоятыны туралы. 

  Жетінші тарау – тәлім-тәрбиенің әсері жайында. 

  Сегізінші тарау – әңгімелесудегі әдептілік мәселесі туралы. 

  Бәрі прозалық қисса-хикаят түрінде айтылады.  

    


  Сағди Ширази өз «Гүлстанын» ұйқасқа құрылған прозамен жазған. Ара-кідік өз 

ойын өлең жолдарымен түйіп, қорытындылап кететін тұстары да бар. Аудармашы 

Сайф Сараи да солай істеген.Теғк кейде аудармашы-ақын Сағди жырларын 

тәржіме жасап жатпай-ақ дәл сол мағынадағы өз өлеңдерін текстке білдірмей 

қосып жіберіп отырады. Әйтсе де мұның өзі зор шеберлікпен жасалғандықтан 

аударманың идеялық мазмұнына да, көркемдік дәрежесіне де нұқсан келтірмейді. 

Қайта Сағди ақынды Дешті қыпшаққа жақындата түседі. 

  Сағди жазған «Гүлстан» кітабын өзгертпей, сол күйінде аударуды С. Сараи өзіне 

мақсат етіп қоймаған. Қыпшақ ақыны парсы тілін жетік біле тұрып, Сағдидың 

кейбір прозалық хикаяларын, өлеңдерін аудармай тастап кеткен.  

 

   


    3.«Гулистан бит-турки» тұтас сюжетке құрылған шығарма емес. Мұнда қысқа-

қысқа хикаялар, аңыздар, ертегілер, өлеңдер, күлкілі әңгімелер, т.б. белгілі бір 

тақырыптар бойынша жүйеленіп берілген. Дегенмен шығарманың негізгі 

қаһармандары ретінде оқиға желісіне қоғамдық топтың барлық өкілдері дерлік 

қатысып отырады. 

  Сағди ғұмыр бойы ел аралап, жиһангез болған адам. Сондай саяхатта жүріп ақын 

қоғамдық өмірдің түрлі сатысында тұрған адамдарды көреді. Олар: саудагерлер, 

дәруіштер, ақындар, қолөнершілер, диқандар, малшылар, бектер, әкімдер, хандар, 

т.б. Ақын ел кезіп жүріп, көрген-білген қызықты әңгімелерді, афоризмдерді, 

аңыздарды, қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді жазып алып жүрген. Кейін соның 

бәрі «Гүлстан» кітабына арқау болған. 

   Сайф Сараи әрбір хикаяны бастар алдында Сағди Ширази атына мақтау сөздер 

айтып алып, сосын ғана автор идеясын жеткізетін хикаяларды баяндауға көшеді. 


Ақын түсіндіру, насихаттау жолымен қатыгез, әрі зұлым әкімдерді бауырмал

инабатты адам бойындағы ең асыл қасиеттерді – әділдікті, мейірімділікті, ізгілікті, 

жомарттықты, т.б. мадақтайтын қызықты хикаяларға көбірек назар аударған. 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал