Сахих әл-бұхари



жүктеу 0.79 Mb.

бет1/12
Дата08.06.2017
өлшемі0.79 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

САХИХ  ӘЛ-БҰХАРИ

(Ықшамдалған нұсқасы)

әт-тәжрид әс-сарих ли-ахадис әл-жамиъ әс-сахих

                                             

Құрастырған: имам әбул-аббас ахмад ибн абдул-латиф әз-Зубәйди

(812 – 893 һ. ж.)

Аударған: 

Қ. спатай

Алматы, 2009


УдК 29

ББК  86.38

       

       с  66



с 66. сахих әл-Бұхари / ауд. Қ. спатай. —алматы: «Кәусар-саяхат» жШс, 2009.—922 б.

ISBN 978-601-7016-05-0

Қолдарыңыздағы кітап—имам әл-Бұхаридың «сахихына» енген хадистердің үлкен бөлі-

гінің аудармасы. Пайғамбарымыздың  сүннеті маңыздылығы жағынан Құраннан кейін 

екінші орынды иемденетіні әрі «сахих» жинағы сүннеттің бір бөлігін қамтитындықтан, бұл 

еңбек  мұсылман  әлемінде  аса  жоғары  бағаланады.  Оның  былай  болу  себептерінің  бірі—

имам  әл-Бұхари  осы  еңбекке  енген  хадистерді  іріктеп-сұрыптағанда  қатал  талап  қойған. 

«сахих»  кітабының  бірнеше  ықшамдалған  нұсқалары  бар.  соның  бірі—оқырмандар  на--

зарына ұсынып отырған имам ахмад ибн абдул-латиф әз-Зубәйдидің осы нұсқасы. Бұл 

нұсқа ең сәтті шыққан туынды деп саналған. Кітапта ислам ақидасына, намаз, ораза, зекет 

және қажылық сияқты құлшылық түрлеріне, сондай-ақ адамгершілік әдептер, адамдардың 

өзара қарым-қатынасы мен одан тысқары да көптеген аса маңызды мәселелерге қатысты екі 

мыңнан астам хадис бар.

УДК 29

ББК  86.38

с 0403000000

     00 (05)–09   

                                                     

ISBN 978-601-7016-05-0                                                             © «Кәусар-саяхат» жШс, 2009.

                                                                                                           

-09


с

ахих әл-Бұхари

3

Алғы сөз

Барлық мақтау-мадақ әлемдердің раббысы аллаһ тағалаға тән! адамзатқа тура жол көрсетуші 

ретінде  жіберілген  елшілердің  ең  соңғысы  әрі  абзалы,  сүйікті  пайғамбарымыз  мұхаммедке 

аллаһ тағаланың игілігі, берекеті және сәлемі болсын! 

Еліміз  Егемендігін  алған  тоқсаныншы  жылдардың  басынан  бері  халқымыздың  өз  Отанына, 

дініне және тіліне деген сүйіспеншілігі мен оларды қадірлеп-қастерлеуі арта түсуде. Нәтижесінде 

Қазақ  елінің,  қазақ  жерінің  даңқы  әлемге  танылып,  өзге  елдер  мен  ұлыстар  біздің  елдің 

экономикалық даму үрдісі мен мәдениетінің күн санап құлпыра түскеніне куә болды. мұндай игі 

нәтижелерге қол жеткізудің өзі халқымыздың қоғамдық өмірдің барлық саласында аянбай еңбек 

етіп, тер төгуінің жемісі болар. соның бірі «мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясын--

да атқарылып жатқан халқымыздың, ұлтымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қасиетті 

тілі мен мәдениетін жаңғырту істері болса, енді бірі ретінде ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу, 

саналы  азаматтарының  өз  халқына,  келешек  ұрпағына  сыйға  тартқан,  ата-баба  діні  исламның 

қадір-қасиетін паш еткен, өз тілімізде жарық көрген осынау діни әдебиеттерді, құндылықтарды 

атауға  болады.  Өйткені  әр  халықтың,  әрбір  ұлттың  біртұтас,  мықты  ел  болып  қалыптасуы  сол 

қауымның тілі мен ұстанған дініне тікелей байланысты. 

міне,  сол  рухани  құндылықтарымыздың  қатарына  ана  тілімізде  жарық  көрген  имам  әл-

Бұхаридың  «сахих  хадистер  жинағы»  кітабының  ықшамдалған  нұсқасын  жатқызуға  болады. 

Бұл  кітап  имандылық,  намаз,  ораза,  зекет,  қажылық,  мұсылманшылық  әдептер  мен  адамдар 

арасындағы қарым-қатынастар және т.б. саладағы аса маңызды мәселелерге қатысты мұхаммед 

пайғамбардың  екі мыңнан астам хадисін қамтығандығымен құнды.

Еңбектің оқырмандар қолына өз тілінде жетуіне аянбай еңбек етіп, терін төккен бірқатар аға-

інілерімізге «Кәусар-саяхат» баспасы атынан мол алғысымызды айта келе, жаратқан иемізден 

Егеменді  Елімізге  әрдайым  амандық  пен  тыныштық,  халқымызға  бірлік-береке  мен  екі  дүние 

жақсылықтарын тілейміз.

                                                                                          

                                                                                                                                                                                        Редакция

   

   


с

ахих әл-Бұхари

4

Кіріспе

жүрегімізге  имандылық  нұрын  ұялатып,  тура  жолды  табуды  нәсіп  еткен  аллаһқа  сансыз 

мадақ  және  Оның  ең  соңғы  елшісі  мұхаммедке,  отбасына,  сахабаларына,  сондай-ақ  олардың 

соңынан ілескен бүкіл мүмін-мұсылмандарға аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын!

ислам—аллаһ  тағаланың  мұхаммед  пайғамбар    арқылы  барша  адамзатқа  разы  болып 

жіберген діні. ислам дініндегі сенім-наным негіздері, шариғат үкімдері, әдеп, мінез-құлық, адамдар 

арасындағы  қарым-қатынас  заңдары  Құран  мен  хадистен  алынады.  Құран—аллаһ  тағаланың 

мұхаммед пайғамбарға  түсірген Өзінің мұғжиза кітабы.

хадистер—тар мағынада алғанда, дін үйренуге, ислам әдептері мен мұсылмандардың тұр мыс-

тіршілігіне қатысты Құран үкімдерін түсіндіруге бағытталған пайғамбарымыз мұхаммед тің  

нақыл сөздері. ал кеңірек мағынада қарастырсақ, олар аллаһ елшісінің  тек нақыл сөздерін ғана 

емес, мұсылмандардың тұрмыс-тіршілігіндегі түрлі мәселелерге байланысты нұсқауларын, оның 

мінез-құлқын, сахабаларына немесе жақтастары мен дұшпандарына қатысты мәмілесін, сондай-

ақ  іргелес  мемлекеттердің  бас шы ларына  жолдаған  хаттарын  да  қамтиды.  сонымен  қатар  орын 

алған жайттардың түсіндірмелері және бүкіл мүмін-мұсылмандардың аға буыны—сахабалардың 

айтқан сөздері мен іс-әрекеттері де хадистер қатарынан орын алады.



Ислам дінінде хадистердің орны

хадистер  аллаһтың  сөзі—Қасиетті  Құраннан  кейінгі  ислам  дінінің  негізгі  қайнар 

көзі  ретінде  қарастырылады.  Құран  мен  хадистер—бір-бірінен  ажырағысыз  исламның 

қос  қайнар  көзі.  дегенмен  әрқайсысының  өзіндік  орны  бар.  хадистер  Құранға  сәйкес  әрі 

оған  қайшы  келмейді,  керісінше,  оны  кең  тұрғыда  түсіндіріп,  аллаһтың  кітабында  нұсқау 

жасалған  мәселелерді  талдап-таратады.  Құранда  ереже-нұсқау,  үкімдер  қысқа  да  нақты 

сөзбен келтірілген. Бұл тұрғыдан мұсылмандардың діни іс-амалдар мен күнделікті тіршілікте 

кездесетін  мәселелерде  Құранның  ереже-бұйрықтары  мен  үкімдерін  ұстану  үшін  аяттардың 

егжей-тегжейлі  түсіндірмесіне  мұқтаж  болуы  заңды.  сондықтан  аллаһ  тағала  Пайғамбарға 

 Құранды түсіндіруді тапсырып: «Саған да адамдарға олар үшін түсірілгенді түсіндірерсің 



деп Құранды түсірдік»,—деген 

(«Нахл» сүресі, 44-аят)

.

аллаһ тағала Құранда: 



«Ол (Пайғамбар) өз ойынан сөйлемейді»,—дейді 

(«Нәжм» сүресі, 2-аят)

демек, аллаһтың дінін жеткізу барысындағы Пайғамбардың  барлық сөздері мен іс-әрекеттері 



оның нәпсі қалауынан туындамай, жоғарыдан басқарылған.

аллаһ  тағала  Пайғамбарымызға    ерекше  өкілдікті  нәсіп  етіп:   «Ал  кім  Аллаһқа  және 



Елшіге бойсұнса, міне, солар—Аллаһ нығмет ке бөлеген пайғамбарлармен, шыншылдармен, 

шәһидтер мен  және  игілермен  бірге  болады» 

(«Ниса»  сүресі,  69-аят)



;  «Ей,  иман  келтіргендер! 

Аллаһқа бойсұныңдар жә не Елшіге бойсұныңдар. Егер бір нәрседе талассаңдар, оны Аллаһқа 

және  Елшіге  жүгінтіңдер» 

(«Ниса»  сүресі,  59-аят)



;  «Елші  неден  тыйса,  содан  тыйылыңдар» 

(«хашр»  сүресі,  7-аят)



;    «Олар  өзара  таласқан  нәрселерінде  сені  төреші  етіп,  сосын  шығарған 

үкіміңе қатысты көңілдерінде қаяу таппай, толық бойсұнғанға дейін мүмін бола алмайды»,—

деп  айтқан 

(«Ниса»  сүресі,  65-аят)

.  міне,  осылайша,  аллаһ  тағала  мүміндерге  Құранмен  қатар, 

Пайғамбарының  сүннетін де басшылыққа алуды бұйырды. ал Пайғамбардың  сүннетін 

ұстану арқылы оған бойсұнуды аллаһ тағала Өзіне бойсұнумен теңестіріп: 



«Кім пайғамбарға 

бағынса, расында, Аллаһқа бағынған болады»,—деген 

(«Ниса» сүресі, 80-аят)

.

 

аллаһ тағала Өз елшісінің сөздері мен іс-амалдарын, өмір жолын бүкіл мұсылман атаулыға 

үлгі етіп берді, мұнда жалпы мұсылман үмбеті мен жеке мұсылман басшылыққа алатын үлгі-

өнеге қайнары мол. 



«Расында, сендер үшін Аллаһтың елшісінде көркем өнегелер бар» 

(«ахзаб» 

сүресі, 21-аят)

. Бұл—адамдардың Пайғамбарымыздан  үлгі алуын меңзеген аллаһ тағаланың 

тікелей бұйрығы. 


с

ахих әл-Бұхари

5

Пайғамбарымыздың    нұсқаулары  мен  жүріс-тұрысы  мұсылмандар  өмі  рінде  үстемдікке 



жетіп,  олар  үшін  күнделікті  өмір  салтына,  әдет-ғұрыпқа  ай налып,  ол  «сүннет»

1

  деген  ұғым 

аясында  қарастырылды.  Бұл  сүннеттің  негізгі  дәлел  көзі—Пайғамбардан    келіп  жеткен 

сенімді хадистер. сондай-ақ хадистер шариғат, яғни ислами заң бойынша бірден-бір құқықтық 

маңызға ие.  

Хадистердің хатқа түсуі

Құран  аяттарының  сақталуына,  олардың  дәлме-дәл  жазылуына  айрықша  көңіл  аударған 

Пайғамбарымыз  өзінің елшілік қызметінің алғашқы жылдарында хадистерді хатқа түсіруге 

тыйым  салған-ды.  Бірақ  мұсылмандардың  саны  бірте-бірте  көбейіп,  ислам  өркениеті  мәдина 

қаласынан шалғайға тарай бастады да, мұсылмандардың діни іс-әрекеттері мен күнделікті өмірін 

тәртіпке келтіру, олардың тұрмыс-тіршілігін қайта құру барысында туындаған сауалдарға жауап 

беретін нұсқауларға деген сұраныстың артуына алып келді және мұндай талапты қанағаттандыруға 

тек Пайғамбарымыздың  ғана мүмкіндігі бар еді. сондай-ақ, өз кезегінде, Құранды терең оқып-

үйрену де көптеген сауалдарды туындатты. мұны сезген Пайғамбар  хадистерді жазуға рұқсат 

етіп, сахабалары оның көзі тірі кезінде-ақ хадистерді хатқа түсіруді қолға алған-ды. 

Пайғамбарымыз    дүниеден  өткен  соң  хадистер  жазбаша  түрде  кеңінен  тарай  бастады. 

Онымен жақын араласқан адамдардың көпшілігінің қолында хатқа түскен жазбаша хадистер бар 

еді. хадистердің ең алғашқы жинақтарын әли ибн әбу талиб (һижраның 40 жылы дүние салған) 

пен абдуллаһ ибн аббас (һижраның 68 жылы дүние салған) құрастырды. Олар «әл-Қадайя» деп 

аталған. 

сосын бұл іс жалғасын тауып, VII ғасырдың орта шенінен бастап «муснад» деп аталатын бір 

ғана  хадис  жеткізушінің  хабарларын  біріктірген  алғашқы  хадис  жинақтары,  ал  біраз  уақыттан 

кейін «му саннаф» деп аталған тақырыптық жинақтар пайда болды. әйтсе де хадистерді жазып 

алумен жекелеген адамдар ғана айналысып, тек бірен-саран ғалымдар ғана хадистерді жүйелеп 

топтастырумен шұғылданды. «муснад» тәсіліне мысал ретінде әбу Һурайрадан (аллаһ оған разы 

болсын) жеткен хадистерді топтастырған хаммам ибн мунаббиһтың ең сенімді хадистер жинағын 

айтуға болады. Бұл жинақты кейіннен мухаддистер хадис жинақтау ісінде кеңінен пайдаланды.

арада  жүз  жыл  өтер-өтпес  уақыт  кезеңінде  ислам  дүниежүзілік  дінге  айна лып,  ол  Батыста 

андалустан (испания) бастап, Шығыста Қашқарға дейін тара ды. әлемдегі ең ірі мемлекеттердің 

бірі—ислам  халифатына  көптеген  тілдерде  сөйлеп,  алуан  түрлі  салт-дәстүрлер  мен  әдет-

ғұрыптарды  ұстанатын  халықтар  орналасқан  аймақтар  енді.  сөйтіп,  олардың  мұсылмандықты 

қабылдаған елеулі бөлігі жаңаша заңдар мен ережелер бойынша өмір сүруге бет бұрды және ол 

заң-ережелердің көпшілігі хадистерде келгендіктен, хатқа түскен, табылуы оңай, дайын хадистерге 

мұқтаждық арта түсті.

Бұл  қажеттілікті  түсініп  қана  қоймай,  оны  қанағаттандыруға  алғаш  қадам  жасаған  адам 

һижраның 61-101 жылдары өмір сүрген халифа Омар ибн абдул-азиз болды. Ол хадис білгірлерін 

Пайғамбарымыздың  сөздерін таратумен қатар, оларды жинауды да қоса міндеттеп, халифаттың 

түкпір-түкпіріне аттандырды. сол жұмсаған кісілерінің бірі имам әз-Зуһри (50-124 һ.ж.) сүннетті 

ресми түрде хатқа түсірумен айналысқан алғашқы адам ретінде хадистердің алғаш құрастырылған 

қолжазбаларын едәуір кеңейтті. 

Хадистерді зерттеу ғылымдарының пайда болуы

Ел  аузындағы  хадистердің  саны  өте  көп  болып,  көбіне  ауызша  жатқа  айту  арқылы  жеткен-

діктен, олардың дұрыстығына баса назар аударылды. Осы тұрғыда хадис ғалымдары бірте-бірте 

хадистерді зерттеудің айрықша пәнін, иснадтар—хадис жеткізушілердің тізбегі арқылы олардың 

дұрыстығының дәрежесін анықтау пәнін қалыптастырды. иснадтың сапасы хадистің дұрысты-

ғының  кепілі  ретінде  қаралды.  сондықтан  мухаддистер  «маърифат  әр-рижал»  (адамдарды 



1

 араб тілінде «сүннет» сөзі салт-дәстүр, әдет-ғұрып мағыналарын береді.



с

ахих әл-Бұхари

6

тану) деп аталатын ғылым аясында хадисті жеткізушілер тізбегінің тұтастығын, олардың бір-



бірімен  жолығу  мүмкіндіктерін,  естігендерін  дұрыс  жеткізе  алу  қабілеттері  мен  адамгершілік 

қасиеттерін, толық аты-жөндерін, өмір сүрген жылдары мен өмір деректерін тексеріп отырды. 

хадис жеткізушілердің дұрыстығын тексеру «әл-жарх уә әт-таъдил» (дұрыстау мен бұрыстау) 

деген атқа ие болды. Бұл өз кезегінде хадис жеткізушілердің өмірбаяндары мен олардың сенім-

ді-сенімсіздігіне қатысты өте үлкен анықтамалықтың құрастырылуына алып келді. хадистер-

дің  дұрыстық  дәрежесін  анықтауға  байланысты  өзіндік  терминология  жасалып,  хадистер: 

дұрыс (сахих), жақсы (хасан) және әлсіз (даъиф) деген үш топқа бөлінді. тексеру барысында 

хадистер ис над пен мәтін ерекшеліктеріне байланысты басқа да белгі-нышандары және хадис 

жеткізушілердің саны мен хадистің жету жолдары, сондай-ақ көптеген дәйектемелер бойынша 

топ-топқа ажыратылды.



с

ахих әл-Бұхари

7

Имам әл-Бұхаридың өмірбаяны

(һ.ж. 194-256 / м.ж. 810-870)



Әл-Бұхаридың толық аты-жөні мен тегі

имамның толық аты-жөні—мұхаммед ибн исмаил ибн ибраһим ибн муғира ибн Бардизбаһ 

әл-Бұхари әл-жуғфи, күния есімі—әбу абдуллаһ.

Дүниеге келуі мен өмір жолы 

имам әл-Бұхари һижра жыл санағы бойынша 194 жылы шәууәл айының он бірінде, жұма күні 

Бұхарада дүниеге келген. әкесінен ерте айырылған оған Бұхарадағы бір мешіттің имам-хатибы 

болған атасы жастайынан діни тәрбие берген. Ол балалық шағының бас кезінде көзі көрмей, соқыр 

боп қалады. Біраз уақыт өткен соң анасы түсінде ибраһим пайғамбарды (аләйһис-сәләм) көреді. 

Ол: «Ей, пәленше! Көп жалбарынуың себепті аллаһ балаңның көз жанарын қайтарды»,—дейді. 

аллаһ тағала оған бала кезінен-ақ хадистерді жаттап алу қабілетін дарытты. әбу жағфар әл-

Уаррақ: «Бірде әбу абдуллаһ: әл-Бұхаридан «сен хадистерді қалай оқып-үйрене бастадың?» деп 

сұрағаным да,  ол:  «Он  жасымда  не  одан  да  ертерек  хадистерді  оқып-үйренуді  бастаған  кезімде, 

маған оларды жат тап алу қажеттігі туралы ой келді. сосын медресені тастап, әртүрлі ұстаздардан 

білім  ала  бастадым.  Он  ал ты  жасқа  жеткен  шағымда  ибн  мубарак  пен  Уакиғдың  кітаптарын 

жатқа оқып, олардың айтқандарын ойға тоқып үлгердім. содан кейін анам және ағам ахмадпен 

бірге меккеге бардық та, сол жерде хадистер жинау мақсатында тұрақтап қалдық. сөйтіп, он сегіз 

жасқа  келгенімде,  сахабалар  мен  табиғиндер  және  олардың  айтқандары  жайлы  мағлұматтарды 

сұрыптауға кірістім»,—деп айтты»,—деген.

әбу абдуллаһ әл-Бұхари меккеде төрт жыл тұрып, әйгілі мухаддис ахмад ибн ханбалдың 

басшылығымен хадистерді зерттеп, үйрене жүріп, белгілі дін ғұламаларымен кездеседі. сосын сол 

кездегі ислам халифатының астанасы, ғылыми оқу орталығы ретінде танылған Бағдатта бірнеше 

жыл  өмір  кешеді.  Кейіннен  мысырға,  Шамға,  самарқанға,  Нишапурға  сапар  шегеді.  жүрген 

жерлерінің бәрінде жаңа хадистерді жинаумен және оларды жүйелеп жинақтаумен айналысады.

хадистерді іздеу барысында ол, өзінің айтуынша, мыңнан астам мухад дистермен жолығады, 

таяу Шығыс пен Орта азияның көптеген қалаларын аралайды.



Есте сақтау қабілетінің ерекшелігі

аллаһ  тағаланың  оған  кереметтей  есте  сақтау  қабілетін  дарытқаны  оның   жас  кезінде-ақ 

белгілі  болған.  Ол  алты  жасында-ақ  Құранның  көптеген  сүрелерін  жаттап  алған.  хамид  ибн 

исмаил: «әл-Бұхари Басрада, ол кезде балаң жігіт шағы, бізбен бірге хадис білгірлері саналған 

әртүрлі ғұламалар дың сұхбатына қатысып жүрді, бірақ ол еш нәрсені жазып ал майтын. Біраз 

күндерден кейін оған «сен бізбен бірге әртүрлі ғұламаларға барасың да, еш нәрсе жазбайсың. 

Неге бұлай етесің?» дедік. Он алты күн өткен соң ол бізге «сендер тым көп сөйлеп, мазамды 

алдыңдар! Қане, не жазғандарыңды көрсетіңдерші» деді. Біз өзіміз жазған он бес мыңнан астам 

хадистерімізді алып ұсындық. сонда ол оның бәрін жатқа айта бастады, тіпті біз қателерімізді 

оның айтқанына қарап түзетуге кірістік. сосын ол: «мені ғұламаларға уақытты босқа өткізіп, 

еріккеннен барып жүр деп ойлайсыңдар ма?»—деді. содан кейін ешкімнің одан оза алмасына 

көзіміз жетті»,—деген. 

әлі мұрты да тебіндемеген балаң жігіт шағында әл-Бұхаридан хадис тыңдағысы келген Басра 

тұрғындары соңынан қалмай, отыруға мәжбүрлеп, одан хадис тыңдайтын және олардың көпшілігі 

оның айтқандарын жазып алатын. 

әл-Бұхаридың ерекше есте сақтау және айна-қатесіз дәл айту қабілетіне ие екендігінің тағы 

бір дәлелі оның самарқанда төрт жүздей мухаддиспен кездес кені туралы хабарда көрінеді. Олар 

Шам мен ирак аймағындағы хадистердің иснадтарын араластырып, бір хадистің иснадын басқа 

хадистің мәтініне тіркеп, әл-Бұхариға оқып бергенде, ол қайсы мәтіннің қай иснадқа тиісті екенін 


с

ахих әл-Бұхари

8

көрсетіп, бәрін реттеп шыққан. Олардың ешқайсысы бірде-бір иснадтан не мәтіннен қателік неме--



се дәлсіздік таба алмаған. Осы секілді оқиға Бағдатта да қайталанған. Оның бір рет оқып шыққан 

кітабын жатқа соғатыны туралы да көптеген хабарлар бар. 



Имамның қадір-қасиеттері

имам  әл-Бұхари  өз  өмірін  бүтіндей  ғылым  мен  құлшылыққа  арнады.  Ол:  «мен  ешуақытта 

ешкімнен бір дирһам құнындай нәрсе сатып та алған емеспін және ешкімге бір дирһам құнындай 

нәрсе  сатқан  да  емеспін»,—деп  жиі  айтатын.  Бірде  әл-Бұхаридан  оның  қалай  нан  сатып 

алатыны жайлы сұрағанда: «мен оны біреуге тапсырамын. сол сатып әкеп береді»,—деп жауап 

қайтарыпты. 

имам өте арлылығымен, өжеттігімен, жомарттығымен, тақуалығымен, фәни дүниені тәрк етуі 

және мәңгілік өмірге ұмтылуымен ерекшеленген. Ол өзінің қадір-қасиеті мен абыройының аяқас ты 

етілуіне жол бермеген. сол замандағы әмірдің бірі баласының әл-Бұхаридан білім алғанын қалап, 

имамды алып келу үшін кісі жібергенде, ол әмірге «Білім іздеуші білім иесіне өзі келуі тиіс» деп 

сәлем жолдап, оған барудан бас тартқан. Бәкір ибн мунирдің: «Бір күні Бұхараның әмірі халид 

ибн ахмад әз-Зухали имам мұхаммед ибн исмаил әл-Бұхариға «маған «әл-жамиъ», «әт-тарих» 

және басқа да кітаптарыңды алып кел, не жазғаныңды өз аузыңнан естиін» деп сәлем жолдап, кісі 

жібереді. сонда әл-Бұхари оған жіберген адамы арқылы «ақиқатында, мен білімді адамдардың 

есігіне апарып қорламаймын, егер білімнен әлденеге мұқтаж болсаң, онда мешітіме немесе үйіме 

өзің кел» деп жауап қайтарады»,—дегені туралы хабар бар. Басқа бір деректе: әмір әл-Бұхариға 

тек өзінің балаларын ғана хадиске үйретуді және ол мәжіліске басқа ешкімнің қатыспауын талап 

етіп  кісі  жұмсағанда,  имам  «мен  хадис  тыңдауға  біреулерді  қатыстырып,  екінші  біреулерді 

қатыстырмай қоя алмаймын» деп сәлем жолдапты.

Ол күндіз жиі ораза тұтып, түндерін құлшылыққа арнап, Құран оқитын әсіресе қасиетті рама-

зан айында ғибадатты арттыра түсетін. әбу Бәкір әл-Бағдади мәсих ибн сағидтың: «рамазанның 

алғашқы түні кіре салысымен мұхаммед ибн исмаил әл-Бұхаридың үйіне жолдастары жиналатын 

да, ол әр ракағатта Құранның жиырма аятынан оқып, солармен бірге намаз оқитын және Құранды 

қатым қылғанша осылай жалғасатын»,—деп айтқанын баяндайды.

Бір күні намаз оқып жатқанында имамның он жеті жерінен ара шағады. Намазын аяқтаған соң: 

«Қараңдаршы,  намаз  кезінде  мені  не  мазалағанын»,—дейді.  адамдар  қараса,  денесінің  он  жеті 

жерінде араның шаққан ізі бар екен, имам сонда да намазын үзбепті.

Имам әл-Бұхари туралы ғұламалардың пікірлері

имам  әл-Бұхари  туралы  онымен  замандас  өмір  сүрген  ғұламалар дың  көпшілігі  өте  жақсы 

пікірде болған. мысалы, оның хадис ғылы мы саласында «мүміндердің әміршісі» деген лақап атты 

иеленгенін айтсақ та жеткілікті. Бұл пікірге ешкім де қарсылық танытпаған. Бірде имам муслим 

оның  маңдайынан  сүйіп:  «Уа,  ұстаздардың  ұстазы,  мухаддистердің  мырзасы  және  хадистер 

ақауының емшісі, аяғыңды сүюіме рұқсат ет!»—деп, оған кездесудің өтеуі



1

 жайлы хадиске қатысты 

сұрақ қойғанда, әл-Бұхари бұл хадистің олқылығын көрсетіп береді. сонда муслим: «сені күншіл 

ғана жек көруі мүмкін! Бұл дүниеде саған тең келер ешкімнің жоғына куәлік беремін»,—депті. 

Биндар: «мухаддистердің ең көрнектілері төртеу: рейлік—әбу Зурға, нишапурлық—муслим, 

самарқандық—әд-дәрими және бұхаралық—әл-Бұхари»,—деп айтқан. имам ахмад: «хорасан--

да оған тең келер ешкім болған емес»,—депті. әли ибн әл-мәдини: «әл-Бұхари ешуақытта өзіне 

тең  келер  ешкімді  кездестірген  емес»,—десе,  исхақ  ибн  раһауайһ:  «Егер  ол  хасанның  кезінде 



1 

Бұл  жерде  мәжіліс  не  кездесудің  соңында  айтылатын  сөздер  меңзелген.  мүміндердің  анасы  айша 

(аллаһ оған разы болсын): «аллаһ елшісі  біреумен жолығып, Құран оқыса не ғибадат жасаса, соңында 

міндетті  түрде:  «субханәкә,  аллаһумма,  уә  бихамдикә,  әшһәду  әллә  иләһә  иллә  әнтә,  әстағфирукә, 

уә  әтубу  иләйкә  (сені  дәріптеп,  мадақтаймын,  аллаһым!  сенен  өзге  құдай  жоқтығына  куәлік  беремін, 

Өзіңнен кешірім өтінем және Өзіңе тәубе қыламын)»,—деп айтатын»,—деген.



с

ахих әл-Бұхари

9

өмір сүрсе де, адамдар оның хадистеріне және дүниетанымы мен фиқһқа қатысты біліміне сөзсіз 



мұқтаж  болар  еді»,—деген.  әбул-аббас  әд-дағлауи  Бағдад  тұрғындарының  әл-Бұхариға  «сен 

мұсылмандармен бірге тұрғанда олардан игілік кетпейді. Өзіңнен кейін сенен жақсы табылмайды, 

сенің орның әрдайым ойсырап тұрады» деген сөздер жазылған жолдау хат жібергенін айтады. әбу 

хатим әр-рази: «расында, ол—Бағдадқа келгендердің ең білімдісі»,—депті. ибн хузайма: «мен 

бұл дүниеде аллаһ елшісінің  хадистері саласында әл-Бұхаридан артық хабары бар және хадис-

терді одан көбірек білетін ешкімді көрмедім»,—деп баға берген. ал әт-тирмизи: «мен иракта да, 

хорасанда да тарихты әл-Бұхаридан артық білетін және хадистердің олқылықтары мен иснадын 

одан артық талдайтын бірде-бір адамды көрмедім»,—деген.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал