М әрпімен белгілейді және өлшем бірлігі г/ моль
Мольдік масса мен салыстырмалы молекулалық массаның (немесе атомдық) сандық мәндері бір - біріне сәйкес болады.
Метанның CH4 мольдік массасын анықтайық:
Mr(CH4) = Ar (C ) + Ar (H) ∙ 4 = 12 + 1∙4 = 16
M(CH4) = 16 г /моль
Өлшемінен көрініп тұрғандай ,мольдік масса зат массасының оның мөлшеріне қатынасымен өрнектеледі.
M = m / n
бұдан моль санын есептеуге болады:
n = m / M
немесе мол саны мен мольдік массалары бойынша заттың массасын есептеуге болады:
m = n ∙ M
Заттың мольдік массасының мәні оның сапалық және сандық құрамымен анықталады, яғни Mr және Ar- ге тәуелді. Сондықтан әртүрлі заттардың моль саны бірдей болса да , массалары түрліше болады.
Барлық формулаларды сандық есептер шығару үшін қолданамыз.
|