Сабақтың тақырыбы «Құстар қалай өсіп өнеді?»



жүктеу 25.6 Kb.

Дата22.02.2017
өлшемі25.6 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы «Құстар қалай өсіп өнеді?» 

                                                                                          

Сабақтың мақсаты  

 

  Білімділігі:  Жыл құстары туралы білімдерін қайталата отырып, 

құстардың күн жылына ұя жасап, балапан басып шығару қамына 

кірісетінін түсіндіру . 

      Тәрбиелілігі: Оларды қамқорлыққа  алу керектігін, олардың табиғатқа, 

адамдарға тигізетін пайдасы жөнінде түсіндіру. 

      Дамытушылығы: Әр түрлі құстар туралы мәлімет беру.Оқушыларға  

өздерінің әзірлеген  жұмыстарын оқыту. Жыл құстары жөнінде слайдтар 

көрсету.                             

                                                                                                                      

       Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, оқыту 

Көрнекіліктер: слайдтар, рефераттар, кітапшалар. 

 Пәнаралық байланысы: ана тілі, қазақ тілі. 

Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру бөлімі. 

Психологиялық дайындық. 

 

                 Сәлеметсіздер ме ,ұстаздар!  

                Армысың , алтын Күн! 

                Бармысың, құстарым! 

               Қанатты достарым! 

 

Балалар қазір қандай жыл мезгілі? 

Жыл мезгілі көктем. Көктемде  табиғатта қандай өзгерістер болады? 

Ағаштар бүршік жарады, жыл құстары келеді. 

Біздер құстардың қандай түрлерін білеміз? 

Жыртқыш құстарды.Олар: бүркіт, қыран, лашын, жапала ,үкі. 

Олар немен қоректенеді? 

 

Бүркіт құстардың ең ірісі,қасқыр,түлкі, қоян,тышқан, құстарды 

аулайды.Тіпті қозыныда іліп кетеді. 

 Жапалақ, үкі жемін түнде аулайды.Олар өте саққұлақ, үлкен көздеріі 

қараңғыда  жақсы көреді. 

-Қандай су құстарын білеміз? 

-Олар негізінен жыл құстары: тырна, қоқиқаз, жабайы үйрек- қаз, бірқазан, 

аққу. 

-Олар балықтармен, өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. 

-Отырықшы құстарды ата? 

-Сауысқан, қарға, торғай, көкшымшық, көгершін. 

Олар өсімдіктің тұқымын, тамақ қалдықтарын қорек етеді. 

Құстар сөзіне ассоцияция құратын болсақ: жыл құстары, 

пайдалы,отырықшы 

 Жыл құстары          пайдалы       әдемі     

         әдемі                 Құстар        қорғаушы 

                                жыртқыш 

  Ендеше ,балалар, біздер ребус шешейік 

Құрт, алма,өрік, 12 саны-тақырыпты ашып  алу «Құстар қалай өсіп-

өнеді?» 

Жыл құстары мәтінін оқу  

   Күн жылынып,жәндіктер жер бетіне шықты.Жыл құстары да ұшып 

келді.Құстар ұя салып, жұмыртқа баса бастады.жұмыртқаны 

жарып,балапандар  пайда бола бастады. Құстар балапандарына қорек 

іздеп, құрт-құмырсқаларды аулап жүр. 

Көкшымшықтың бес балапаны бар. Ол балапандарын күніне 600 рет 

қоректендіреді. Сонда әр балапанға 120 үлес тамақ, яғни 40 таңертеңгі ас, 

40 түскі ас, 40 кешкі ас тиеді екен 

Сұрақ. 1 Көкшымшықтар немен қоректенеді? 

2 Олар қандай пайда клтіреді? 

3 Оларға қандай қамқорлық жасау керек? 

Оқулықпен жұмыс 

3топқа бөлу 

1-топҚұстардың көктемгі тіршілігі туралы оқу. 

2-топ қызғылт қоқиқаздар туралы оқу 

3-топ көкек туралы оқу айту. 

Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады? 

Ұя жасаумен немесе ескі ұяны жөндеумен болады. 

ұя оларға не үшін керек? 

Жұмыртқа салу үшін.                        Слайд 

Жұмыртқалаған құстар не істейді ? 

Балапан басып шығарады.                Слайд 

Дұрыс балалар, алғашқы кезде олардың балапандары өте 

кішкентай,қызылшақа болып келеді 

Сергіту сәті  Алақай ау ,алақай! 

                       Қандай жақсы көктем-ай 

                      Гүлге оранды далалар 

                     Келді ауылға көп тоғай 

Оқушылардың шығармашылық жұмысы. Әр түрлі құстар туралы әңгімелеу.  

Жұмбақ шешу       Түгі қара мамықтай 

                             Төсі ақ сыр жаққандай 

                             Ұшса оқтай зулайды 

                             Көктен жұлдыз аққандай. 

Шешуі:/ қарлығаш/ 

Жұмабек қарлығаш туралы өз жұмысын айтады.        Слайд көрсету 

            Ең биік құс ұшатын әлемде 

             Киелі құс ғажайып құс бар елге 

  Шың басына ұя салар өздері 

Бұл қандай құс айтыңдаршы өздерің? 

       Шешуі :/бүркіт/ 

Азамат бүркіт туралы жұмысын айтады.          Слайд көрсету 

Құс сұлуы табиғат көрік сыйлаған 

Мылтығын кезеп еш мерген атуға көзін қимаған 

  Шешуі :/аққу/ 

Аққу туралы Мөлдір әңгімелейді.                          Слайд көрсету 

    

Туысы дейді құстардың 

Інісі дейді тышқанның 

Тышқан да емес, құста емес 

Екеуінен тыс қалдым 

                    шешуі :  /жапалақ/   

           Қызығып әр адам 

Ұстап ап даладан 

Жүнімнен жұлып ап 

Бесікке қадаған 

Бұл қай құс?     Шешуі /үкі/ 

Бұл құстар туралы Азат әңгімелеп береді.       Слайд көрсету 

Құстар туралы мақал-мәтелдер 

Қорытындылау. Балалар көздерін жұмып отырады. Балалар, біздер 

сіздермен саяхатқа шығамыз, әртүрлі жерлерден өтемі , ауа райы 

жаймашуақ, күн жылы, құстардың сайраған даусы естіледі. Біздер қарамай 

қандай  құстың даусы екендігін ажырату керекпіз. 

 Сонымен қорытындылау.  Көктемде құстар немен айналысады және 

олараға қалай көмектесуіміз керек? 

Бағалау 

Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұнын айту.                            

         

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал