Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеев шығармашылығы. Мысалдары мен әңгімелері. Сабақтың мақсаты



жүктеу 84.35 Kb.

Дата13.01.2017
өлшемі84.35 Kb.
түріСабақ

Г.Г.Кдырова - Маңғыстау гуманитарлық 

колледжінің қазақ тілі  мен әдебиеті 

пәнінің жоғары санатты  оқытушысы 

 

Мамандығы:  0101000 "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" 

Біліктілігі:      0101013 "Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі" 

Пән: Балалар әдебиеті 

Курс, тобы: ІІ курс, МДБ-21 тобы 

Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеев шығармашылығы. Мысалдары 

мен әңгімелері. 



Сабақтың мақсаты:  

Білімділігі: автордың өмірі мен шығармашылығын меңгерту.Қазақ 

поэзиясына  мағыналы әңгімелер мен мысалдарды  жазуды мақсат еткен  

туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру. 

Дамытушылығы:  әр  студенттің  осы  автор  арқылы  шығармалар  негізінде 

өзіндік  ой-қиялына  ерік  бере  отырып  өзінше  ой  түюге  баулу, 

шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту, 

шеберліктерін арттыру. 



Тәрбиелілігі:  ақын-жазушының  қаламынан  туған  мысал,  әңгімелер 

арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар 

арқылы  жазушының  азаматтық  бейнесін  аша  отырып,  оқушылардың 

адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алуға шақыру. 



Сабақтың түрі: танымдық іздену сабағы (панорамалық сабақ) 

Сабақтың әдісі: СТО технологияларыбаяндау, салыстыру , талдау, 

сұрақ-жауап. 



Сабақтың  көрнекілігі:  С.Көбеев  туралы    слайд,  үлестірме  материалдар, 

интербелсенді тақта, компьютер. 



Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, мәнерлеп оқу. 

Сабақтың барысы: 

 І. Ұйымдастыру бөлімі (2 мин.) 

Психологиялық дайындық. 

Оқушыларды сабақтың белсенді өтуіне ынталандыру. 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин.) 

1)  Ш.Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығы жайлы сұрақтар 

қою. 

2)  Шәкәрімнің балаларға арналған өлеңдерін жаттау және мағынасын ашу. 



Топтық жұмыс болғандықтан, оқушылар берілген тапсырманы топ болып 

қорғайды. 

І топ. Ақынның өмірбаяны, қызметі. 

ІІ топ. Ақынның шығармашылығы. 

ІІІ топ. Ақынның балаларға арналған шығармаларын жатқа оқу. 

ІҮ топ. Ақынның аудармалары. 



 

ІІІ. Жаңа сабақ (10 мин.) 

1) Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау. 



2) Оқушыларды топқа бөлу. 

ІІ. Қызығушылықты ояту (5мин.) 

Әр топқа сұрақтар жазылған қима қағаздар таратылып беріледі. 

1.  Ыбырай Алтынсарин кім? Оның ізін қуған кім? 

2.  Спандияр Көбеевтің өмірі туралы не айта аласыздар? 

3.  Жазушының балаларға арналған туындылары бар? 

4.  С.Көбеевтің қазақ әдебиетінің тарихындағы орны. 

Оқушылардың жауабын тексеру барысында интербелсенді тақтадан 

С.Көбеев туралы кестеге көңіл бөлеміз. Хронологиялық кесте арқылы 

оқушылар өз білімдерін тексереді. 

Мұғалім сөзі: назарларымызды интербелсенді тақтаға аударамыз. 

Тақтадан С.Көбеевке қатысты жылдар мен болған оқиғалар туралы 

мәлімет беріледі (28 мин.). 

 

Жылдар сөйлейді (слайд арқылы) 

 

жылы 

Болған оқиға 

1878 жыл 

қазанның 1-і 

 Спандияр КөбеевҚостанай облысы, Боровский 

ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында 

дүниеге келген. 

1887 ж. 

желтоқсан 

айында 

 Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен ашылған мектепке 



барады. 

1892-1897ж.ж. 

Болыстық мектепте оқиды. 

1899 жылы 

Қостанай қаласында ашылған орыс-қазақ екі кластық 

курсқа түседі. 

1901 жылы 

Бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша 

бiтiрiп шығады. 

1910 жылы 

Алғашқы кітабы «Үлгілі тәржімә» Қазан қаласында 

жарық көреді. 

1912 жылы 

«Үлгілі бала» оқулық-хрестоматиясы жарық көреді. 

1913 жылы 

«Қалың мал» романы басылып шығады. 

1951 жылы 

«Орындалған арман» атты өмірбаяндық шығармасы 

жарық көреді. 

1956 жылы 

Өмірден өтеді. 

 

Оқушыларға «Топтастыру» стратегиясы арқылы С.Көбеев кім деген 



сұраққа жауап аламын. 

 

 



 

 

 



 

                                                    аудармашы 

 

 



 

 

                жазушы                                                            педагог 



           

 

 



 

                                                         ақын 

 

Спандияр Көбеевтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру. 

 

Спандияр Көбеев (1878 – 1956) 

 

ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  мәдениеті  мен  әдебиетінің 



тарихында Спандияр Көбеевтің көрнекті орны бар. Қазақ жерінде ашылған 

алғашқы орыс мектептерінен тәрбие алған ол өзінің барлық саналы өмірін 

туған  халқының  мәдениет  пен  білім  жолында  ілгері  ұмтылуына 

жәрдемдесуге  арнады.  Жаңа  үлгідегі  қазақ  мектептерінде  сабақ  беріп  жас 

ұрпақты  орыстың  тілі  мен  әдебиетін,  мәдениетін  үйренуге  баулыды.  Бұл 

саладағы  қызметін  Спандияр  ұлы  ағартушы  Ыбырай  Алтынсариннің 

педагогтік  үлгісімен  жүргізді.  Би-болыстардың  қырына  ілінген  қыңыр 

әкенің  кесірінен  мектепке  іліге  алмай  қалған  кедей  баласын  алғаш 

орналастырған  да  Торғайдың  оқу  инспекторы  еді.  Ұлы  ұстазы  алдында 

жаутаңдап,  оның  мейірімділігі  мен  кең  пейіліне  риза  болған  Спандияр 

ішінен  соған  ұқсауды  армандағанды.  Ыбырай  секілді  халыққа  пайдалы 

азамат  болу,  өз  білімін  елін  ағартуға  жұмсау  Спандиярдың  өмір  бойғы 

арман-тілегі еді. 

         Спандияр  Көбеев  1878  жылғы  қазан  айының  1  күні  Қостанай  облысы, 

Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге 

келген. 


         Ыбырай  Алтынсарин  ұйымдастырған  ауылдық  мектепте  сауат  ашып, 

Қостанай  қаласында  мұғалімдер  даярлайтын  курсты  1901  жылы  бітірген. 

Осы жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке 

жұмсады.  Ол  өзінің  ұзақ  та  жемісті  ұстаздық  еңбек  жолын  «Орындалған 

арман» 

(1951) 


атты 

мемуарлық 

кітабында 

баяндады. 

Жазушы 

шығармасында  бастан  кешкен  дәуірдің  нақты  тарихи  деректерін  негізге 



ала  отырып,  әлеуметтік-қоғамдық  құбылыстарды  шынайы  суреттеді, 

көптеген адам образдарын бейнеледі. 

       Көбеев  ұстаздық  жұмысы  мен  жазушылық 

қызметін  тығыз 

байланыстыра  жүргізді.  Өзі  оқытқан  шәкірттерінің  кластан  тыс  оқуына 

арнап  орыс  жазушылары  мен  ағартушыларының  бірқатар  шығармаларын 

қазақ  тіліне  аударып,  «Үлгілі  тәржіме»  деген  атпен  жеке  кітап  етіп 

Спандияр  

Көбеев 


бастырды. 

       1912  жылы  Спандиярдың  «Үлгілі  бала»  атты  кітабы  шықты.  Бұл  – 

бастауыш  мектептегі  қазақ  балаларына  арналған  оқу  кітабы  еді.  Ұлы 

ұстазы  Ыбырай  үлгісін  пайдалана  отырып  ол  бұл  кітапқа  өзі  аударған 

Крылов 

мысалдарын, 



орыс 

классиктерінің 

балаларға 

арналған 

шығармаларын,  қазақтың  ауыз  әдебиеті  үлгілерін,  табиғаттың  түрлі 

құбылыстарымен  таныстыратын,  өсімдік,  жануарлар  әлемі  туралы  білім 

беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді. 

      Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен орны – оның 

революциядан  

бұрынғы  әдебиетте  прозаның  тууына,  ондағы  роман  жанрының 

қалыптасуына  сіңірген  еңбегімен  байланысты.  1913  жылы  Қазанда 

басылған  жазушының  «Қалың  мал»  романы  қазақ  әдебиеті  тарихында 

тұңғыш  көлемді  прозалық  туынды  болып  саналады.  Романда  Революция 

алдындағы  қазақ  ауылында  болған  қат-қабат  әлеуметтік  өзгерістер 

шынайы  суреттелген,  дәуір  шындығы  боямасыз  көрсетілген.  Романда 

қалың  мал  әлегі,  қазақ  қызының  аянышты  да  арманды  тағдыры  нанымды 

бейнеленумен 

қатар 


дала 

тіршілігіндегі 

әлеуметтік 

теңсіздіктің, 

жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер 

мен  үстем  тап  өкілдеріне  қарсылық  білдірген  кедей  бұқарасының  әрекеті 

шыншылдықпен  суреттелген.  «Қалың  мал»  романы  –  тілінің  тазалығы, 

көркемдігі  жағынан  да  өзімен  тұстас  прозалық  туындылардан  өзгеше 

шығарма.  Жазушы  романында  халықтың  сөз  байлығын,  мақал-мәтелдерді 

орынды  пайдаланған,  кейіпкерлер  мінезін  даралап  көрсеткен.  Спандияр 

Көбеев екі рет Ленин орденімен марапатталған. 

 

Оқушыларға Ш.Құдайбердиев пен С. Көбеев арасындағы сәйкестік пен 



айырмашылықты «Венн диаграммасы» арқылы көрсетемін. 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ақын, жазушы,аудармашы 



Жылдар сөйлейді. 

Тақтадан жылдар көрсетіліп, оқушылардан жауап алынады. 

1887,1899, 1901,1951. 

Ш.Құдайбердиев 

сазгер 

философ 


Спандияр Көбеев 

педагог 


 

Шығармашылық жұмыс (20мин.) 

Әр топқа  Спандияр Көбеевтің мысалдарын және әңгімелерін кеспеге 

жазылған түрінде таратылып беріледі. Мысал бойынша сурет салып 

көрсету арқылы қорғайды. Әңгіменің мағынасын ашып, көрініс 

дайындалады. Әңгімені оқу барысында дауыс ырғағына, екпін қоюына 

көңіл бөлінеді. 

І топ:   «Маймыл мен көзілдірік»,  «Аю және бөрене» 

ІІ топ: «Аққу, шортан һәм шаян»,  «Балалар мен ғалым» 

ІІІ топ: «Есек пен сандуғаш», «Шал мен балалар» 

ІҮ топ. «Шымшық пен көгершін», «Екі соқа» 



І топ.        Маймыл мен көзілдірік  (мысал) 

Жауыздың сақтаныңыз тіліне ермей, 

Ғасырға тек жүрмеңіз ғақыл бермей, 

Бір маймыл қартайғанда қор болыпты, 

Байғұстың бұрынғыдай көзі көрмей. 

Наданға айтқан сөзің текке кетер, 

Дос болсаң, ықылассыз қызмет етер. 

Бір істі пайдасы үшін паш етсеңіз. 

Ықылас көңіліңіз болар бекер. 

Көре алмай бұрынғыдай қайғыланған, 

Сұрайды:-Ем бар ма?-деп көрген жаннан, 

Бәреуден ақырында құлақтанды, 

Тәуір деп көзілдірік, өзі арзан. 

Бес-алты көзілдірік алды сатып, 

Жарар деп пайдаланса іске ұқсатып; 

Салғаннан төбесіне киіп алды, 

Айырып ешбір жөнін көрмей жатып. 

Сонан соң тұмсығына түсіреді, 

Бір-бірлеп айырмастан алып жатып. 

Онымен ешбір пайда болмаған соң, 

Апардықұлағына саудыратып. 

Құлақтан құйрығына байлап алды, 

Көрген жан күліп жатыр, шегі қатып. 

Ақырында көзге себеп болмаған соң, 

Сындырды ашуланып тасқа атып. 

 

Аю және бөрене (әңгіме) 

 

Қалың  орманды  аралап  келе  жатқан  бір  аю  бал  арасына  кез болады. 



Ағаш  басындағы  бал  арасына  тамсанып,  аузынан  сілекейі  шұбырып,  оны 

жегісі  келеді.  Аю  ағаш  басына  өрмелеп,  ұяға  жақындағанда,  ілініп  тұрған 

ауыр  бөрене  оған  кедергі  жасапты.  Балға  ұмтылған  аю  бөренені  итеріп 

жібереді.  Ары  серпілген  ауыр  бөрене  өз  салмағымен  қайта  оралғанда 

аюдың  басына  сарт  ете  қалады.  Күшіне  сенген  ожар  аю  ашуланып, 

бөренені  одан  бетер  қатты  итереді.  Өз  салмағымен  қайта  оралған  бөрене 



аюдың  басына  тағы  да  сарт  етеді.  Аюдың  құлағы  шыңылдап  басы 

айналады. Бұған ызаланған аю бар күшімен үшінші рет итеріп жібергенде, 

қайта  оралған  бөрене  аюдың  басын  қақ  айырып,  ағаштан  ұшырып 

түсіріпті.  

 

ІІ топ.   Аққу, шортан һәм шаян  (мысал) 

Көп кіріскен іс оңбас ынтымақсыз,  

Көп малдыңкерегі не болса бақсыз 

Таудайын талаптан да бақыт артық 

Болса да қара жаяу жалғыз атсыз. 

Ынтымақ жоқтығынан біздің қазақ, 

Кем жұртқа әрбір түрлі болды мазақ 

Зияны толып жатқан бастан артық, 

Кемітіп ғазиз басын көріп ғазап. 

Мысалы, бірліксіздің ғибыраты, 

Пайдалы салыстырсаң бар лұғаты. 

Кеңесінен аққу, шортан, шаянменен, 

Тыңдаңыз тәржіме етіп жазған хатты: 

Бір аққу, шортан, шаян бұрынырақ 

Кеңесін еттім бәйіт, салсаң құлақ, 

Тартуға жүкті арбаны міндеттенген, 

Оңаша көл басында тұрған жырақ. 

Үшеуі кәдімгідей жегілісіп, 

Қайтсе де тартамыз деп ерегісіп, 

Тырмысып бейшаралар азаптанды, 

Пайдасыз михнаттанып терге түсіп. 

Жөнелді аққу көкке таман, 

Сұңқылдап үсті-үстіне достан жаман, 

Жайда да кесел шіркін жөнге жүрмес, 

Тырмысып кейін қарай жатыр шаян. 

Тартады демалысып кезек-кезек, 

Арбаны қозғалта алмай күдер үзіп, 

Тыпырлап суға қарай бетіменен 

Шамасы келмей жатыр шортан кезіп. 

Кіріскен ынтымақсыз ол басында 

Ерлердің болмай бірлік жолдасында. 

Бетімен әр тарапқа тартқаннан соң, 

Қозғалмай арба қалды көл басында. 

 

Сұрақ: Аққу, шортан һәм шаян мысалы тағы қай ақында кездеседі?   



(А.Байтұрсынов) 

 

Балалар мен ғалым (әңгіме) 

 

Екі бала келе жатып, бір кітап тауып алыпты. Бірінші бала:  



-Бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын көрдім.-дейді. Екінші бала: 

-Жоқ, бұлкітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым,-

дейді. 


 

Екі баланың таласының үстінен шыққан ғалым оларға: 

-Сендер хат танисыңдар ма?-депті. Балалардың екеуі де шынын айтып: 

-Жоқ, хат танымаймыз,-дейді. Сонда ғалым: 

-Кітап сендерге не керек? Бұл кітапты мен алайын. Қай бұрын оқу білгенге 

беремін,-депті. 

 

ІІІ топ. Есек пен сандуғаш (мысал) 

Отырған сандуғаш, келді есек, 

Аузынан сөзі шығып кесек-кесек; 

- Ә, бұлбұл, сені әнші деп естіп едім, 

Сайрашы сынайын мен өзім естіп. 

Бұл кезде жұрт сөзіне сенім бар ма, 

Сыпыртып айтқанының бәрі – өсек. 

Аямай біліміңді паш айлашы, 

Тыңдайын мейірім қанып болса несіп. 

Сандуғаш сол арада әнге басты, 

Жаңғыртып кетті даусы күллі ағаштың. 

Білімін құдай ерген аясын ба, 

Мың түрлі құйқылжытып лебіз шашты. 

Даусын кейде көтеріп, кейде созып, 

Тыңдатуға ләззатты үнін шашаты. 

Құс біткен сайрап жатқан ормандағы 

Бәрі де құлақ салып құп  тыңдасты. 

Аң біткен маңындағы тұра қалып, 

Елтісіп тұрды әніне құлақ салып. 

Аузынан сорғалатып сілекейін, 

Есек те тыңдап тұрды ғажаптанып 

Сол кездесоғып тұрған жел де тынып, 

Ешбір жан бүлк етпеді тамаша ғып, 

Бұлбұлдың қызған сайын басып жатыр, 

Сырнайдың даусындай үні шығып. 

Бір ашып батыр бұлбұл әнге салды, 

Елтітіпмаңындағы күллі жанды, 

Бір кісі қойда жүрген баласымен, 

Мас болып, олар-дағы ұйықтап қалды. 

Наданға еткен қызмет кетер текке, 

Жақсылығың болса сақтан, ондайға етпе, 

Соқтырып әрлі-берлі сандуғашым, 

Тоқтады ұнады ғой деп есекке. 

Көтеріп ақымақ есек жерден басын: 

-Жарайды, ұнайды,-деді,- сандуғашым, 

Жалықпай тыңдауға да болады екен, 

Азырақ кемдігі бар, неғыласың! 


Жоқ па еді әтешпенен таныстығың? 

Кем қылып сайрамаушы ед, ол да сенен. 

Болмайды жамандауға сені-дағы, 

Даусың болса-дағы мысқал төмен. 

Айтамын достығымды құлақ салсаң, 

Кешікпей бұған шығып әтеш барсаң, 

Бұдан да артығырақ соғар едің, 

Егер де сол құстан бір ғибрат алсаң. 

Осылай есек тұрды жынын құсып, 

Білімді жетік мақтауы сол, надан күшік,  

Бұл итті құдай енді кез қылма деп, 

Сандуғаш көтеріліп кетті ұшып. 



 

Шал мен балалар (әңгіме) 

 

Бір жарлы шал есегіне мініп жол жүріп келе жатса, есегінің бақырған 

даусын естіп, бір топ бала алдынан жүгіріп шығады. Олар шалды ажуа, 

мазақ еткілері келіп: 

-Ата, неге сіз есегіңізді өлең айтуға үйреттіңіз,- дейді. 

Сонда шал балаларға: 

-Есегім өлең айтпайды. Сендердей жақсы жолдасын көрген соң, 

Қуанғаннан бақырады,- депті.Бұл сөзді естіген соң, балалар ұялып, ендігәрі 

жарлы адамдарға күлуін қойды. 

 

ІҮ топ.  Шымшық пен көгершін  (мысал) 

Тұзаққа түсті шымшық соры қайнап, 

Шыға алмай талпынса да көзі жайнап. 

Бұлқынып уайымда жатқан жерде 

Кез болды жас көгершін құдай айдап. 

 

Торғайды қапастағы көрді көзі. 



-Ақымақ, бұның не?-деп айтқан сөзі,- 

Тұзаққа білмедің бе түсуіңді. 

Құдайым неге берді екі көзді. 

 

Талтүсте қалай түстің бұл тұзаққа, 



Ем болмас айтқан сөзің ақымаққа, 

Түспеске адамзаттың айласына 

Берер ем уәдені нансаң мықты. 

Аузына түскен сөзбен жатыр сөгіп, 

Шымшық та қозғалмады жатты бұғып. 

Мысқылдап алла ісіне күлемін деп, 

Біріне өзі қалды ілігіп. 

Не іс болса да тағдырдан, 

Мысқыл етіп адамды күлмеңіз. 

Алланың ісі намағлұм, 



Жауыздың тіліне ермеңіз. 

Мазақтың түбі ғазапта, 

Ғазапты болып жүрмеңіз. 

Екі соқа (әңгіме) 

 

Бір заводтан әм бір кесек темірден екі соқа істеліп шықты, олардың 



біреуі кешікпей егіншінің қолына түсіп, жер жырта бастады. Біреуі ешбір 

кәсіпсіз дүкенде жатты. Егіншінің қолындағы соқа жер жыртқаннан 

ағарып, күмісше жылтырап тұрды, дүкендегі соқа тот басып, қарайып 

жатты. Бірнеше уақыт өткен соң екі соқа жолығысты. Сонда дүкендегі соқа 

егіншідегі соқадан сұрады: 

-Не себепті сен мұнша жалтырайсың?-деп. 

-Жұмыс қылып мехнаттансаң, мендей жарқырап тұрар едің,-деді. 

 

Ой толғаныс: Оқыған әңгімелері бойынша шағын эссе жазу. (5мин.) 



Қорытындылау: Рефлексия  (кесте толтыру)  (5 мин.) 

 

Білемін 



Мен үшін 

жаңалық 


Білмеймін  Менің 

ізденістерім 

 

 

 



 

 

Бағалау.Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалаймын. 

(3мин.) 

Бағалау парақшасы 

 

Топ 

Үй 

тапсырмас

ы 

Жаңа сабақ 

бойынша 

сұраққа 

жауап 

Шығарма 

шылық 

жұмыс 

Ой 

толғаныс 

Қорытын 

ды 

І 

 

 

 

 

 

ІІ 

 

 

 

 

 

ІІІ 

 

 

 

 

 

ІҮ 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы.«Орындалған арман» романын оқу, кейіпкерлерге 

мінездеме жазу, «Менің арманым» тақырыбында ойтолғау жазу. (2мин.) 



Пайдаланылған әдебиетттер: 

1.  Қазақ әдебиеті. С.Мақпырұлы, Т.Сыдықов. Астана, 

«Фолиант»,2007ж. 

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. Г.С.Умаров, С.Ғ. Шарабасов. Астана, 

«Фолиант»,2007ж. 

3.  Қазақ әдебиетінің хрестоматиясы. 2-кітап, Ш.Ахметов. «Арман-

ПВ»,2004ж. 

4.  Орындалған арман. С.Көбеев. Алматы, «Жазушы», 1988ж. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал