Сабақтың тақырыбы: Пайыз және күнделікті пайыздың есептері



жүктеу 40.34 Kb.

Дата17.05.2017
өлшемі40.34 Kb.
түріСабақ

 

ЭКСПО көрмелеріне саяхат 

Сынып:  5                                   Пән: математика 

Жалпы мен сабағымды 2017 жылы Астана қаласында болатын ЭКСПО 

2017 көрмесі ретінде өткізгім келіп отыр. 

Сабақтың тақырыбы: Пайыз және күнделікті пайыздың есептері 

Жалпы пайыз тақырыбы бәрімізге мәлім.  Сол себептен мен осы тақырыпты 

алып отырмын. Пайыз - заттың бағасының өсуін,жинақ кассасына салынған 

ақшаның өсімі,оқушылардың үлгерімдері және т.с.с шамаларды айтамыз. 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Оқушылардың  тақырып  бойынша  алған  білімдерін  тереңдетіп, 

жинақтап  жүйелеу.  Пайыз,  яғни  пайыздық  есептерге  амалдар  қолдануды 

үйрету. 

Дамытушылық: Логикалық  ойлау  қабілеті  мен  есептеу  дағдыларын 

жетілдіру,  ой-өрісін  кеңейту.  Пайыздық  есептерді  шығару  кезінде  алған 

теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру. 

Тәрбиелік: Оқушыларды  ұқыптылыққа,  тез  шешім  қабылдай  білуге; 

пәнге  деген  қызығушылығын  арттыра  отырып,  жүйелі  ойлауға, 

нәтижеге  қол  жеткізе  білуге,  өзіне  сенімділікке,  жолдастық  қарым-

қатынасқа тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: қайталау 

Сабақтың  көрнекілігі: карточкалар,  белсенді  тақта,  слайдтар,  бағалау 

парағы, сызбалар. 



Пәнаралық байланыс: тарих 

Сабақтың барысы: 

1.

 



Ұйымдастыру 

2.

 



II. Ой түйін – сұрақтарға жауап беру. 

3.

 



III. Ой толғау – білімдерін пысықтап бекіту. 

4.

 



IV. Ой қозғау – есептер шығару (деңгейлік тапсырмалар) 

5.

 



V. Бейнефильм. Үй жұмысын беру, сабақтың қорытындысы. 

6.

 



VI. Рефлексия 

І. Ұйымдастыру 

кезеңі(оқушылармен 

сәлемдесіп, 

кезекші 


арқылы 

оқушыларды  түгендеу,  сыныптың  сабаққа  дайындығын,  сабаққа  қажетті 

құрал – жабдықтардың барлығын анықтау) 

Сабақтың эпиграфы: 

«Бұл  Қазақстан  үшін  үлкен  құрмет  және  қуанышты  оқиға.  Астанада 

«ЭКСПО  -  2017»  көрмесін  тұрғызамыз,  өз  экспозициямызды  заманауи 

технологиямен қамтамасыз етеміз. Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың 

ең үздік бренді болады» 

Н.Ә.Назарбаев. 

Яғни, EXPO-2017 Астанада. Жалпы Бас қаламызда 2017 жылы ЭКСПО-

ға байланысты көрме болмак. 

II. Ой түйін – сұрақтарға жауап беру. 

1.

 



Пайыз деп не айтады? 

2.

 



Пайыз бөлшекпен қалай жазылады? Мысал келтіріңдер 

3.

 



Бөлшек пайызбен қалай жазылады? Мысал келтіріңдер 

4.

 



Берілген 

санның 

пайызы 

қалай 

табылады? 

Оны 

микрокалькуляторда есептеуді түсіндіріңдер 

5.

 



Пайыздың негізгі формуласы қандай? 

Эйфель мұнарасы 

ЭКСПО  -1889  жылғы  Бастилияны  алудың  жүз  жылдығына  арналып 

өткізілген  ЭКСПО  кезінде  Франция  әйгілі  Эйфель  мұнарасын  жұрт 

назарына  ұсынған.  “Темір  ханым”  деп  атап  кеткен  мұнараға  көрме 

күндерінің  өзінде  2  миллион  адам  көтеріліпті.  Бүгінде  бұл  мұнара 

париждің символы. 

III. Ой толғау – білімдерін пысықтап бекіту. 

1-есеп. 

Жалақысы 10%-ға өскеннен кейін жұмысшы айына 38 500 теңге алатын 

болды. Жұмысшының бастапқы жалақысы қанша болған? 

Жауабы (Жауабы:35000 

теңге) 


 

2-есеп. 

Жинақ кассасына жыл басында 15%-дық өсіммен салынған ақша жыл 

соңында 62100 теңге болды. Жинақ кассасына жыл басында неше теңге 

ақша 

салынған? 

Жауабы (Жауабы:54000 

теңге) 


 

3-есеп. 

Атай  жинақ  кассасына  95000  теңге  ақша  салып,  бір  жылдан  соң  одан 

104500  теңге  алды.  Атай  жинақ  кассасына  салған  ақшасын  неше 

пайыздық өсіммен алды? 

Жауабы (Жауабы:10%) 

 

Шанхай қаласы – ЭКСПО 2010 



"Жақсы қала - жақсы өмір". 

2010  жылдың  1  мамыр  мен  31  қазан  аралығында  Қытайдың  Шанхай 

қаласында  өткен  дүниежүзілік  көрме.  Көрме  тақырыбы  “Жақсы  қала-

жақсы өмір”. Көрменің жалпы ауданы – 

5,28  шаршы  шақырым.  Көрмеге  190-нан  астам  ел  және  шамамен  73 

миллион  адам  қатысқан  екен.  Ұйымдастырушыларға  12  млрд.доллар 

пайда әкелінді.Орта бизнес табысы, кем дегенде 20 пайызға артты. 

 

 



IV  кезең  («Ой  қозғау»  топтастыру  стратегиясы).  Қараевтың  деңгейлеп 

оқыту  технологиясының  элементтері  арқылы  бүгінгі  сабақты 

өткізбекпін.Жалпы  сіздер  3  топқа  бөлініп,  деңгейлік  тапсырмаларды 

орындайсыздар. 

(Деңгейлік тапсырмалар) 

 

А деңгейі 



Балықшы 15 қара балық аулады, ол барлық ұстағанының 30% құрады. 

Балықшы қанша балық ұстады? 

 


 

15 қ/балық. – 30% 

балық ? – 100% 

Жауабы: Балықшы 50 балық ұстады 

 

В деңгейі 



Санырауқұлақ салмағының 90 %-ы су, 

ал  құрғақ  санырауқұлақ  салмағының  12  %-ы  су.  22  кг  жаңа  терілген 

саңырауқұлақтан қанша құрғақ санырауқұлақ алынады? 

Массасы 

% құрамы 

Су (кг) 

Құрғақ зат 

Жаңа терілген санырауқұлақ 

22 кг 

90 % 

0,9 * 22 = 19,8 

2,2 кг 

Құрғақ санырауқұлақ 

х кг 

% 

0,12 х 

0,88 х кг 

Теңдеу құрастырамыз: 0,88 х = 2,2 

х = 25 кг 

Жауабы: 25 кг 

С деңгейі 

Қазіргі таңда әр жанұядағы ең өзекті мәселелердің бірі не деп 

ойлайсыздар? Несие төлеу. Ендеше, несие алу тиімділігін қарастырайық. 

Бір адамға үй алу үшін 3 000 000 теңге ақша керек болды. Оны алу үшін 

сіздердің көмектеріңіз қажет. 

13% 

300000 тг 

21% 

300000 тг 

27% 

300000 тг 

Осы үш банкіден алынған ақшаны қанша өсіммен қайтарамыз, 

есептейік. 

39000тг 

69000тг 

81000тг 

Несиені қандай пайызбен алған тиімді? 

Әрине, ең төмені 13% 

Егерде осы 3 000 000 теңгені тек осы банкіден алғанда, қанша өсіммен 

қайтарылады? 

390 000 тг өсіммен. 

S – банкке салынған ақша 

P – проценттік өсім саны 

n – жыл немесе ай саны 

Sn– күрделі проценттік өсіммен есептелген соңғы ақша 

Монреаль қаласы ЭКСПО -1967 жыл 

1967  және  1986  жылдардағы  Канададағы  халықаралық  көрмелер.  Франция 

Жак-Ив-Кусто  экспедицияларының  олжаларын  қалың  жұртшылыққа 

көрсетсе,  Кеңес  Одағы  Юрий  Гагариннің  Жерді  айналып  шыққан  ғарыш 

капсуласын  әкелді.  1967  жылғы  АҚШ  Монреаль  қаласындағы  павильонда 

көрермендерге  ғарыш  кемелері  ұсынылды.  “Адамдар  планетасы” 



тақырыбындағы  көрмеге  50  миллионнан  астам  адам  келген.  Салыстырып 

көрелік: сол жылдары Канаданың халқы небәрі 2 млн болатын. 

Дүниежүзілік көрме 

Көрме өткен жыл 

Көрме өткен қала 

Көрменің тақырыбы 

1988 жыл 

Лиссабон 

«Мұхиттар – болашақтың мұрасы» 

2000 жыл 

Ганновер 

«Адам.Табиғат.Технология», 

2005 жыл 

Нагоя 

«Табиғат даналығы» 

2008 жыл 

Сарагос 

«Ауыз - су мәселесі» 

2010 жыл 

Шанхай 

«Көрікті қала- үздік өмір» 

2015 жыл 

Милан 

"Планетаны тамақтандыру, өмірге арналған энергия" 

2017 жыл 


Астана 

«Болашақтың энергиясы» 

V. Бейнефильм. 

Үй жұмысын беру, сабақтың қорытындысы. 

VI. Рефлексия 

Қорытынды 

ЭКСПО - ның пайдасы қандай? 

 



Мемлекеттік инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді 

 



Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта 

бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек 

 



Елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі. Көрмеге 

үш  айда  100  елден  5  млн.  адам  (күн  сайын  50  мыңдай)  келеді  деп 

күтілуде 



 



ЭКСПО болашақта Қазақстанды халықаралық ақпараттық- 

экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал