Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата ізгілігімен Амангелді Имановтың



жүктеу 53.3 Kb.

Дата26.03.2017
өлшемі53.3 Kb.
түріСабақ

                                                                 Кішкенекөл мектеп – гимназиясының  

                                                                 тарих, қоғамтану пәндерінің мұғалімі   

                                                                                            Жұмажанова З.Ә 

 11- сынып  

 

Сабақтың  тақырыбы:   Қорқыт ата ізгілігімен  Амангелді  Имановтың                 

                                                                           батырлығының  біртұтастығы 



Сабақтың  мақсаты:   Білімділік:  Адам бойындағы  ізгілік пен батырлық                                                                                                                                    

қасиеттерінің үндесуі, тарихи сананы қалыптастырудың  біртұтас тірегі  

                                                                          екендігінің  маңызынашу 

Дамытушылық:                 Оқушылардың  шығармашылық  

                                               белсенділіктерін  арттыра отырып,  

                                              танымдық ой – өрістерін  кеңейту    

Тәрбиелік:                            Тарих пен әдебиет пәндерінің  

                                              байланысы арқылы оқушыларды  

                                               патриоттық, отансүйгіштікке  тәрбиелеу. 

Көрнекілігі:     Карта, интерактивті тақта. 

Әдісі:  Баяндау, пікір алмасу. 

   Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі. 

1.

 

Кіріспе сөз. 

Қазір дүние біртұтас жүйеге айналуда. Әлемдік бұл жүйенің әр бөлігі 

басқа бөліктерге ықпал етіп, өзі де өзгенің ықпалына түседі. Қазақстан 

да бұл тарихи үрдістен шет қалмайды. Сондықтан халық, ел қоғам 

өзгерісіне ілесе отырып, өзінің ұрпаққа қалдырар тағлымына, яғни, 

тіліне, діліне, салт-дәстүріне, мәдениетіне сақтықпен қарау 

керек.Атадан балаға мұра ету жолын жалғастыруды ұмытпаған жөн.  

Бүгінгі кіріктілген сабақ арқылы  талай жыл, ғасыр, дәуір өтсе де 

ұлтымызға тән тағылым – қасиеттердің өшпей, жаһандану үрдісі  

кезінде де халықтың тарихи сананы қалыптастыруға арқау 

болатындығына  көз жеткізуге болады.  

2.

 

«Ойталқы» сәті. 

Қорқыт, Амангеді Иманов  деген сөздерді естігенде еске оралған 

сөздерді тізіп жазып, ой – өрісімізді жинақтап көрейік. 



(Жырау, қобызшы, әулие;  батыр, ержүрек, қатал т. б. Әрқайсынан  әртүрлі 

қасиеттерді, ерекшеліктерді байқасақ та, екеуінде де ортақ қасиет – тұлға, 

тарихи тұлға екенін байқаймыз.) 

3.«Қорқыт ата» өмір жолынан әңгімелеу.Қорқыт (VIII-IX ғғ.) оғыз, 

қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, 

келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Оның өмірде болғаны Сыр бойы 

мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкен. Ата жағынан Қорқыт оғыз 

тайпасының Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың 

қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына 

белгілі Қара (Қарақожа) кісі болса керек. Қорқыт оғыз бен қыпшаққа бірдей 

басшылық жасаған кемеңгер,көсем  



3.Сәйкестендіру тест жұмысы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.« Қорқыт ата»  кітабынанкейбір өсиет-нақыл сөздерді талдау. 

«Қорқыт -  батыр емес, абыз, халық  даналығын паш етуші, сақтаушы, оның 

парасатына  дүйім  жұрт  ден  қояды»  -  деген  В.В.Бартольд.  Бұл  тұжырымды  

растайтын  оның  нақыл,  өсиет    сөздері  бар  екендігін  біз  білеміз.  «Қара 



есектің  басына  жүген  таққанмен,  тұлпар  болмас,  күңге  сары  пай  шапан 

жапқанмен,  бәйбіше  болмас»,  «Анадан  өнеге  көрмеген  қыз  жаман,  атадан 

өнеге  алмаған  ұл  жаман»,  «Атақ-даңқын  шығаратын  өзінің  тегін  қуған 

балаға  ешкім  жетпейд»,  «Өтірік  сөз  өрге  баспайды».  Қорқыт  ата  оғыз 

қыпшақ  ортасындағы  саяси  әлеуметтік  мәселелерді  шешуде  жол  көрсетуші 

бас  тұлға.  Ол  ел  ішіндегі  жөн  жоралғыны,  салт-дәстүрді  реттеуші  батагөй 

дана.  Халықтың  сыртқы  жаудан,  ішкі  даудан  аман  болуын  қадағалаушы 

ақылгөй.  Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен «Қорқыт ата кітабы» 

Реті  Сауалдар 

Жауаптар 

 

1. 

Оғыз мемлекеті өмір сүрген 

кезең? 

ХІғ. 

2. 

Қыпшақ хандығы құрылды? 

Әл - Омар 

3. 

Алғаш оғыз мемлекеті 

туралы кімнің еңбегінде 

айтылды? 

ІХғ соңы –ХІғ басы 

4. 

Қыпшақтардың көшуі 

туралы мәлімет қалдырған? 

Әл-Якуби 

5. 

Қыпшақ мемлекеті араб 

деректерінде қалай аталды? 

Құрылтай жиналыс 

6. 

Оғыздардың ел басқарудағы 

жоғарғы орны? 

Дешті Қыпшақ  

7. 

Қыпшақтарда хандық 

биліктің орталығы? 

Орда 


(XVғ.жазылған  екі  нұсқасы  белгілі.  Бірі  –  12  тараудан  тұратын  Дрезден 

нұсқасы, екіншісі Ватикан нұсқасы). 

«Қорқыт  ата»  кітабы  «Құтты  білік»(Ж.Баласағұн),    «Ақиқат  сыйы» 

(А.Иүгенеки),  «Диуани хикмет» (А. Иассауи)  еңбектерінің өмірге келуіне де 

әсер еткен екен. 

      Қорқыт бабамыз Желмаясымен дүниенің төрт бұрышын шарласа да туған 

өлкесі  Сарыарқаға  оралып,  өмірден  өтуінің  өзі  оның  туған  елге  деген 

сүйіспеншілігі,  халқына  деген  құрметі.  Қорқыт  бабаны  халқы  өсиет- 

нақылдарымен  жадында  сақтаса,  батырлық  іс-әрекетімен  көзге  түскен 

Амангелді Иманов туралы білімімізді кеңейту үшін кестеге көңіл аударайық. 



 

5.Кестемен жұмыс. 

 

Жылдар/Ұлт- 

азаттық 

көтеріліс 

басшылары 

1936/ 

1938ж 

1936/ 

1938ж 

1783/ 

1797ж 

1837/ 

1847ж 

1916ж  ХІХғ 

50ж 

С. Датұлы 

 

 

 

 

 

 

Кенесары 

Қасымұлы 

 

 

 

 

 

 

Исатай 

мен 

Махамбет 

 

 

 

 

 

 

А.Иманов 

 

 

 

 

 

 

Жанқожа 

Нұрмұхамбетов 

 

 

 

 

 

 

Ескерту: «+» белгісін қою. 

1916ж  ұлт-  азаттық  көтеріліс  кезінде  халық  жоғын  жоқтап,  мұңын 

мұңдайтын, елін, жерін қорғайтын Б. Әшекеев, Т. Бокин, Ә. Бөкейханов, М. 

Дулатов,  А.  Иманов  сынды  қаһармандарын  таныды.  (Көтеріліс  туралы 

жалпы  не  білесіздер?  Қозғаушы  күші  кімдер?  Көтеріліс  қай  жерлерде 

болды? Басшылары кімдер?т.б. оқушылар мәліметін тыңдау сәті). 

 

 Қайталау   жабық  тест жұмысы. 

1. 1916 ж. көтеріліске түрткі болған оқиға? 

2. Патша үкіметінің қолданған тактикасы? 

3. Дала өлкесінен Түркістаннан қанша адам алынды? 

4. Көтерілістің негізгі ошағы саналған жерлер? 

5. 1907 -1912 ж Қазақстанға  қанша адам қоныстандырылды? 

6. Ұлт – азаттық көтерілістің тарихи маңызы неде? 

7. Ресей қазақ даласынан арзан бағамен не сатып алды? 

 

 

 

 

 

6. Құжатпен жұмыс. 

Тарихтан  1916  ж.  ұлт  –  азаттық  көтерілістің  алатын  орны  ерекше.    Бұл 

көтеріліс туралы аты алашқа әйгілі Т.Рысқұлов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, 

Ә.  Бөкейханов,  М.Тынышбаев,  С.  Сейфуллин,  М.  Әуезов  т.  б. 

жазғанеңбектері бар.М: «Қилы заман»,  

«Тар жол тайғақ кешу», « Ботагөз», «Қартқожа» т. б. 



     Құжаттан үзінді. Революциялық бағыт ұстанған Т. Рысқұловтың «1916 

ж.көтеріліс»  атты  құжатынан  үзінді  алсақ,  ...  көтеріліс    желеуі  –  соғыс 

майданына  қара  жұмысқа  бұратана  елдерден  адам  алу.  Мұны  тұрғын  ел, 

қала  өзінше  ұғынды.    ...Түркістан  губернаторы  бұйрық  шығарды. 

Патшаның  әмірі  бойынша  соғыс  майданындағы  жол  түзету,  соғыс 

қорғандарын  жасау  жұмысына  соғыс  біткенше  қара  жұмысқа  адам 

алынатынын жариялады. Жарлық бойынша Түркістан өлкесінен алынатын 

адам саны -200 000;  Сырдария облысынан - 60 000; Самарқан облысынан – 

32 407; облысынан – 13 830. Бұл бұйрықта «мақта егетін елдерге жеңілдік» 

үшін      Ферғана,  Сырдария,  Самарқан  облысынан  40 000  адам  кемітіліп, 

«мақта екпейтін» көшпелі елдерге   күштеп бөлініп салынады.  

...  Шыдаудың  да  шегіне  шыққан  халық  алды  -  артына  қарамай  1916ж. 

көтеріліс жасады.                                                                                                   

                                                                                                                                     

1926 жыл. 

7. А. Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. 

а) оқушылардың көмегімен баяндау 

ә) мұғалімнің толықтыруы.А.Иманов Торғай өңірінің тумасы.  Жеке басын 

дәріптеп  жазған  еңбектер  жоқтың  қасы.  Дегенмен,  А.  Иманов  туралы  

дыбыссыз фильм шығарылғанын білеміз. (1938 ж). 

«Патша жарлығын орындамаймыз! – халық шешімі осы, майдандағы  қара 

жұмысқа адам бермейміз! – деп айтқан  А.Имановты бағалаған жандардың 

бірі - ХХ ғ. Гомері атанған Ж. Жабаев. «Зілді бұйрық» деген өлеңінде:  

Батыр бол, балаларым, бәрің –дағы, 

Тап берген дұшпан иттің сынсын сағы, 

Семсерін  Амангелді тот баснасын, 

Ел қорға ұлы күннің туса шағы, -  деп, батырлық ісін,бойындағы 



париоттық қасиетін дәріптегенін байқаймыз. Ерлік ісі ұрпақтан ұрпаққа 

жалғасын тауып, тағылым болып қала береді. Аты аңызға айналған 

Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев, Т.Тоқтаров, Мәншүк пен Әлия т. б. 

 8.Венн диаграммасын құру. 

 

 

9. «Желтоқсан – 1986жыл» көтерілісіне  тоқталу. 

Ортақ  қасиет  отансүйгіштік,  патриоттық  сезім  күштілігінде.  Ата  –  бабамыз 

қол  жеткізе  алмаған  Тәуелсіздікке  қол  жеткіздік.  Қаһармандары: 

Қ.Рысқұлбеков,Л.Асанова,Е. Сыпатаев т.б.   

Н.Ә.  Назарбаев:«Қазақстан  Тәуелсіздігі  бейбіт  жолмен  келді.  Бұл  азаттық 

үшін  алысқан  мың  –  мыңдаған  азаматтардың  қанының  өтеуі.  Бұл  бүкіл 

тарихымызда  өзгелерге  қиянат  жасау  дегенді  білмеген  халықтың  пейілінің 

қайтарымы» деп бағалаған болатын. 

Тарих  -  жүріп  өткен  жол.  Ол  қоғаммен  бірге  біте  қайнасып,  бірге  дамиды. 

Тарихқа  зер  салсақ,  қоғамның  мәнін  түсінеміз.  Онымен  бірге  жылжимыз.  

Н.Ә.Назарбаев: «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден  – бір 

саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке 

тәрбиелей  алмайды»  -  деп,  тәуелсіздік  тұғырының  негізі  мықты  болу  үшін 

тәрбиенің, ата жолы тағылымның маңыздылығын ашып көрсеткенін байқауға 

болады. 

    Бүгінде  130–дай  ұлт  өкілін  бір  елде  ұйытып  отырған  Елбасының 

кеменгерлігімен сыртқы саясаттағы қайраткерлігі деп білеміз. 

 

8. «Мен елімнің патриотымын» (шағын эссе жазу)



 

9. Үй тапсырмасы.  (Оқу, тест құрастыру) 

Қорытынды. Бағалау.       

 

 

Қорқыт ата 

ерекшелігі 

Ортақ 


қасиеттері 

Амангелді 

Имановтың

 

ерекшелігі



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал