Сабақтың тақырыбы: «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тлендиев»



жүктеу 37.18 Kb.

Дата20.02.2017
өлшемі37.18 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:  

 

«Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тлендиев»  

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Халық қаһарманы, ұлттық 

музыкамыздың барлық жанрына қалам тартқан ұлы сазгер -  

Н.Тілендиевтің шығармашылық туындыларымен, өмірбаянымен 

таныстыру.  

Дамытушылдық: Оқушылардың музыкалық қабілеттерін, музыкалық 

сауаттылығын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, 

әсемдікке баулу.  

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық музыканы түсінуге, оны құрметтеуге, 

одан ләззәт ала білуге, іздемпаздыққа, ірі тұлғаға еліктеушілікке 

тәрбиелеу.  

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.  

Сабаққа қолданған білім технололгия: мультимедия.  

Сабақтың әдісі: аралас, ізденіс..  

Жабдықтары. Слайдтар, электрондық аспабы, домбыра, плакат-

дыбыстық басқыштар.  

Сабақтың жоспары.  

1. Ұйымдастыру кезеңі.  

2. Өткен тақырыпқа шолу.  

3. Жаңа тақырып.  

4. Музыка тыңдату.  

5Дауысты қалпына келтіру 

жаттығуларымен жұмыс.  

6. Ән үйрету.  

7. Қорытынды.  

8. Үй тапсырмасы.  

                                          «Отырар сазы» оркестрі 

Республикамызға танымал «Отырар сазы» оркестрі қазақтың 

фольклорлық-этнографиялық ұлттық өнерімізді шет елдерге танытып 

жүрген үлкен ұжым. «Отырар сазы» дегенде, бірден көз алдымызға 

Н.Тілендиев еске түседі.

  


«Сазгерлердің пайғамбары-Нұраға» 

Әнін жазған: Шабден Омаралиев. 

Сөзін жазған: Фатима Манатова 

1982 жылы қыркүйек айында «Отырар сазы» оркестрін әйгілі 

Нұрғиса Тілендиев ұйымдастырды.. Оркестр құрамына  

консерватория студенттері мен сол оқу орнын тамамдаған  

орындаушылар  іріктеліп алынады.  Жақында  ғана республикалық   

телеарнадан   Нұрғиса туралы  фильм көрсетілді. 1982 жылы қазан 

айының 15 жұлдызында Қазақтың «Жамбыл атындағы 

филармонияның» концерттік залында тұңғыш рет концертін қояды. 

Содан бері 15-ші қазан оркестрдің туған күні болып аталып келеді. 

«Отырар сазы» ел таныған үлкен ұжымға айналып, үлкен табысқа 

жетті. Н.А.Тілендиевке «СССР халық әртісі» деген құрметті атақ 

берілді. Аталған ұжым да Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығына 

ие болды. 

Ресейдің белгілі композиторы Т.Н.Хренников ««Отырар сазы» 

әлемдік музыка өнеріндегі құбылыс, ол өнер мен халықты 

жалғастырып жатқан алтын көпір», - деп баға берді. 

  

 

  


1999 жылы қарашаның 5-ші жұлдызында оркестрге Нұрғиса 

Тілендиевтің есімі берілді. Оркестрдің шығармашылығы «Халық 

қаһарманы», «Халық әртісі», «Мемлекеттік сыйлықтың иегері», 

профессор, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевке тікелей 

байланысты болды. 

  

84  бет  бірінші  абзац  оқулықпен жұмыс  



Нұрғисаның күйі «Қыз Жібек» фильмдеріндегі «аққуларды билеткен». Сценарий 

бойынша, Төлеген мен Жібек некесі қиылған соң, махаббат нышаны ретінде 

айдында жүзіп жүрген аққуларды көрсетеді. Алайда, аққулар бір-біріне 

жақындамайды. Су астындағы сүңгуір мамандар аққуларды қосуға тырысып 

бақса да, екеуі екі жаққа жүзіп кетеді. Осы кезде фильм режиссері Сұлтан 

Қожықов пен Нұрғиса Тілендиев ақылдасып, алдын-ала таспаға жазылып 

алынған «Аққу» күйін қосады. Күйді естіген бойда екі аққу бір-біріне жақындап 

келіп, бастарын түйістіріп, ырғалып билей жөнеледі. 

 -Оркестрдің құрамында домбыра мен қобыздан басқа,қазақтың 

жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай, 

сазсырнай,сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз,тұяқтас,қоңырау т.б. 

аспаптары бар. Оркестр фольклорлық туындылармен қатар 

аңыз,шежіре,күйлер сипатында жазылған Қазақстан 

композиторларының шығармаларын, кинофильмдер музыкасын 

да орындайды. Оркестр құрамында 65 өнерпаз қызмет етеді. 

  Оркестрдің репертуарында халық күйлері-”Кеңес”, “Сары өзен”, 

“Салкүрең”,халық композиторларының шығармалары –

Тәтімтеттің “Қосбасар”, “Саржайлау”, “Сылқылдақ”, “Ерденнің 

күйі”, Ықыластың“Қамбар батыры”, М. Төлебаевтың “Еске алуы”,  

Н. Тілендиевтың “Ата толғауы”, “Көш керуені”, К. Күмісбековтың   

“Қорқыт күйі”, “Фараби сазы” және  т.б күйлері бар. 

 

«Әжеме» атты әнінің тарихына құлақ түрелік!  

 Иә, композитор Нұрғиса Тілендиевтің «асыл әжем» деп шырқалатын әні алыста 

қалған әжесінің ұлағатты әңгімелерін аңсаудан туған еді. Нұрғиса Тілендиев 

осындай терең ойда жүріп, кеудесін бір әдемі әуен кернейді. Бұл әуен жүрегінен 

орын тауып, бойын әбден билеп алғандай болады. Жүгіре басып көршісі Қадыр 

Мырзалиев ақынға барады. Үйіне ертіп келіп: «Маған бір әуен келді. Осы әуенді 

тыңдап көр. Сосын әже туралы өлең жаз», - дейді. Нұрғиса аға әуенді толғана 

отырып орындайды. Сол мезет Қадыр ақынның да көз алдына жайықта қалған 

әжесі оралады. Дәл жанында сары майды кертіп, шәйіна  

салып, асықпай ішіп отырғандай болады. Кейбір иірімдері әжесінің ұршықпен қоса 

уақытты иіріп отырып, әңгіме айтқан сәттерін елестетеді. Ақынның жаны сол 

сәтте-ақ әжеге деген сағыныш жырын төгіп салады.  

Алтын әжем, асыл әжем аңсаған  

Сағынышым сары ормандай самсаған  

Әке болып жүргенімде ұмытып,  

Әлі күнге еркелеймін мен саған...  

дейтін Қадыр ақынның өлең жолдары Нұрғиса Тілендиевтің жүрегінен жарып 

шыққан әуенмен үндесіп, халықтың да жүрегінен орын табады. Бұл ән ел арасында 

«Асыл әжем» деген атпен кеңінен таралып кетеді.  

Асыл әжем,ғасыр әжем аңсаған, 

Сағынышым сары ормандай самсаған. 

Әке болып жүргенімдей ұмытып, 

Әлі күнге еркелеймін мен саған. 

 

Құлындаймын асыр салған албарда, 

Қозындаймын ойнақтаған аңғарда. 

Өзің барда қысылмаймын күлуге, 

Жылауғада қысылмаймын сен барда. 

 

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді, 

Мен өзіңнен қабылдаппын күюді. 

Сенің жаның жүрегіме ораулы, 

Менің жаным жаулығыңа түюлі.

 

 



 

 


Сабақты

 

қорыту

:  

 



Н. Тілендиев

 

кім



 



Н. Тілендиев

 

қай

 

жерде

 

дүниеге

 

келді



 



Н. Тілендиев

 

шығармаларын

 

ата



 



Н. Тілендиевке

 

қандай

 

атақ

 

берілген

?  

 - «Асыл әжем»  әні дүниеге  қалай келді? 

Үй

 

тапсырмасы

: «

Асыл

 

әжем

» 

әнін

 

мәнерлеп

 

орындау



 

Теледидардан

 

тыңдаған

 

Н.Тілендиевтің

 

шығармаларының

 

атауын



әуенін

 

еске

 

сақтау



 

Оқушыларды

 

бағалау



 

Жамбыл облысы ,Меркі ауданы, Меркі ауылы №44 орта мектептің  

музыка пәні  мұғалімі-Омаралиев Шабден Нұрғалиұлының 

 6-


сыныпта жүргізген  сабағы. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал