Сабақтың тақырыбы Мәтін Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсат-тары



жүктеу 89.5 Kb.
Дата02.11.2022
өлшемі89.5 Kb.
#23209
түріСабақ
қаз.тілі,қмж

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:



Бөлім

Жанды табиғат

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәтін

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсат-тары

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: мәтіндегі тірек сөздерді белгілейді, сұрақтарға жауап береді, мәтіннің мазмұнын болжай алады.
Көптеген оқушылар: мәтінге жоспар құрып, мазмұндама жаза алады.
Кейбір оқушылар: мәтінді пайымдау мәтініне айналдырып айта алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Күн шұғыласы» ойыны ойналады.
«Мәтін» туралы білетіндеріңді жазыңдар.
Оқу материалын жариялау:
- Мәтін деген не?
-Қандай түрлерін білесің?
-Сұрақтары қандай?
-Мәтінді қалай ажыратасыңдар?
-Ендеше бүгінгі сабақта да мәтін түрлері туралы тапсырмалар орындаймыз.

Жақсы тілек айта-ды.





  1. Сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты ашады.




ҚБ: «Бағдаршам» әдісі.






Сабақтың ортасы
15 мин

2 мин
10 мин





(Д) Дәптермен жұмыс.
27-жаттығу. Мәтінді оқып, не туралы екенін анық-та. Ат қой. Мәтінге жоспар құрып, мазмұндама жаз.



28-жаттығу. Мәтінді оқы.Оқығандарың сипаттау мәтіні екенін дәлелде. Оған ат қой.
1. Жыртқыш құс.
2. Үкінің түр-түсі.
3. Оның пайдасы.
Осы жоспар арқылы мәтін бөліктерін талда. Қай бөлік жазылмаған? Соңғы бөлікті құрастырып айт.


Сергіту жаттығуы
(Т) «Рөлдік ойын» әдісі.
29-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Баласын тізіп соңына,
Сүңгіп жүріп үйретті.
Су жұқпайтын тонына
Кім біледі …?
30-жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтіннің өзің қалаған бөлігін көшіріп жаз, оған ат қой.
Егер біз осы жаттығу мен 29-жаттығудағы мәтін бойынша мультфильм жасайтын болсақ, қай мәтін мазмұнын бір ғана кадрмен немесе бірнеше кадрмен көрсетер едік? Соны сахналап көрсетіңдер.



Мәтіннің не туралы екенін анықтайды.


Мәтіндерге ат қоя-ды.


Мәтінге жоспар құрып, мазмұндама жазады.


Сипаттау мәтіні екенін дәлелдейді.
Жоспар арқылы мәтін бөліктерін талдайды.Жазыл-маған бөлікті анық-тайды. Соңғы бөлік-ті құрастырып айта-ды.

Жұмбақты оқып, шешуін табады.


Мәтіннің өзі қалаған бөлігін көшіріп жаза-ды, оған ат қояды.


Бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыс-тырып көлбеу жəне таза жазады.

ФБ: 1-10 балл
ФБ: 1-10 балл

ФБ: 1-10 балл



оқулық
дәптер

оқулық
дәптер


оқулық
дәптер





Бекіту

10 мин


«Жұмбақ ойын»«Бұл қай құс?»
1.Бұл- өте сүйкімді, бауыры ақ, пайдалы.Бір жылда бір милион құрт жейді. Ұясын адамға жақын жерге салады.Бұл құсты адамның досы деп те аталады. Ендеше бұл қайқұс?-қарлығаш
2.Бұл құстың тұмсығы ұзын, ағаш діңінде отырып, тұмсығын дінге тоқ-тоқ соғады. Ағаш қабығында-ғы құрт, көбелектерді тазалайды.Бұл құсты емші құс деп те атаймыз, Бұл қай құс- Тоқылдақ.
3.Өте айлалы, өте сақ құс. Маңына ешкімді жуыт-пайды. Бұл құстың ұшуы да ерекше, олар ауада ұшпай,мұхитта жүзіп «сүңгіп» жүргендей әсер қалдырады.
«Құсты ұшқанына қарай біл» деген мақал тура осы құсқа айтылғандай
Ендеше, бұл қай құс?-сауысқан.

Әр құсты сипаттау арқылы жасырыл- ған жұмбақтарды шешеді.

Мәтін түрлерін (сипаттау) сұрақ қою арқылы ажыратады, дәлелдейді.



ФБ: 1-10 балл






Сабақтың соңы
3 мин

Рефлексия: «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша өтеді.
Үйге:

Сабақтан алған білімін, не үйренгенін айтады.







жүктеу 89.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет