Сабақтың тақырыбы Жер бетіндегі климат неге тәуелді? Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



жүктеу 20.77 Kb.
бет1/2
Дата07.11.2022
өлшемі20.77 Kb.
#23452
түріСабақ
  1   2
дүниет,қмж


Сембаев Д.Серикбаевич

Бөлім:

Жанды табиғат

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жер бетіндегі климат неге тәуелді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.2.1 жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтау;
3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) орналасуын талдау;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтай алады.
Көптеген оқушылар: адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдай алады.
Кейбір оқушылар: адамға климатты зерттеу қажеттілігін дәлелдеп, қорытынды жасайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: көңіл күйді көтеретін ән тыңдау.
Оқу материалын жариялау:
«Мюссенберг» әдісі.
Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
ралиажандымвмаввыптабиғатсччччщнЖерпывыыкеаннбетіндегіушәмінклиматдетжпгвнегедтжпгвтәуелдіпвущпдпщ
-Қандай сөздер шықты?
-Табиғат деген не?
-Табиғаттың адам өміріне әсері бар ма? Қандай?
-Климат дегенді естідіңдер ме?
-Жер бетіндегі ауа райы тұрақты ма? Әлде ауысып тұра ма?
- Алда болатын ауа райын болжау не үшін қажет?
-Ауа райын зерттеу туралы не айта аласың?
- Ендеше бүгінгі сабақта не туралы білетін боламыз?

Ән тыңдайды.
Сөздерді тауып, тақырыпты ашады.

ҚБ:
мадақтау








Сабақтың ортасы
15 мин

2 мин



18 мин

Жаңа сабақ.-Балалар, осы сендер ауа райы деген сөзді естігенде көз алдыларыңа не елестейді?
(жаңбырдың жаууы, желдің соғуы, қардың жаууы, аяз )
-Ал климат дегенді қалай түсінесіңдер?
-Олай болса осы екі ережеге анықтама беріп көрейікші.
Ауа райы –қысқа мерзімді жергілікті атмосфералық жағдай.
Климат-ұзақ мерзімді орташа атмосфералық жағдай.Жер бетіндегі климат неге тәуелді? Олай болса мына бейне-роликке көңіл аударайықшы. Бейнежазба арқылы түсін-діру
https://www.youtube.com/watch?v=jG-ClZyVAP0
Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтың 6 бетінде көрсетілген климаттық картаға назар аударыңыз.
- Неге карта әр түске боялған?
- Бұл түстер нені білдіреді деп ойлайсыңдар?
Әлемдік климаттық аймақтар 4 кезеңге бөлінеді.
Полярлық Қоңыржай Субтропикалық Құрғақ
Олай болса мына бейнероликке көңіл аударайықшы. Бейнежазба арқылы түсіндіру
https://youtu.be/luMr0KmWEmY
-Ал енді балалар осы кезеңдерге жеке тоқталып кетейік.
Полярлық белдеу. Ол жердегі өсімдіктер мен жануар-ларға тоқталатын болсақ. Ол жердегі өсімдіктер мен жан-уарлар сол жердің климатына қарай өмір сүреді. мысалы ақ аюды біздің елге әкеліп өсіре алмаймыз себебі ол суық жаққа бейімделген жануар.Өсімдіктеріде дәл солай.
Субтропикалық белдеу. Мысалы ананас, анар, банан сияқты жемістер біздің елімізде өспейді, олар сол жердің табиғатына бейімделген, суретте көріп отырған жануар-лары да сол аймаққа бейімделген.
Қоңыржай белдеу.Бұл белдеудің басқа белдеуден ерек-шелігі жылдың төрт мезгілі де өтеді.Бұл аймақтағы жан-уарларыда мен өсімдіктері де бейімделген.
Құрғақ белдеу.Бұл белдеуде ыстық аймақтардың біріне жатады. Сондықтан құмда өмір сүретін,ыстыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар өмір сүреді.
Миға шабуыл
-Қалай ойлайсыңдар Қазақстан қандай климаттық белдеу-де орналасқан?
( картамен жұмыс )
Қазақстан аумағы қоңыржай климаттық белдеуде орна-ласқан. Бұл белдеуде жылдың төрт мезгілі де болады.
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады.
А) Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Ә) Картамен жұмыс.
-Дүниежүзінің климат картасынан қара.
-Климаттық белдеулердің орналасуын біліп ал.
-Жер бетінің оңтүстік және солтүстік полюстерін карта-дан көрсет.


Сергіту сәті:
Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.



жүктеу 20.77 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет