Сабақтың тақырыбы: Желкенді сал жасау



жүктеу 12.18 Kb.

Дата25.03.2017
өлшемі12.18 Kb.
түріСабақ

 

Бекітемін:                                                 

Пәні: Еңбекке баулу                                                                             

Сабақтың тақырыбы:  Желкенді сал жасау. 

Сабақтың мақсаты: Желкенді қайықтың үлгісін дайындауға үйрету, қауіпсіздік ережесін сақтауға 

үйрету. 


Сабақтың міндеті: Баланың ақыл-ойын, ой-өрісін, қол еңбегін дамыта түсу. 

Сабақтың тәрбиелік мәні: еңбек ету қабілеттерін арттыра отырып, еңбектене білуге, сүюге, 

өнерлілікке тәрбиелеу. 



Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, ойын. 

Көрнекіліктер: сөзжұмбақ, ғажайып сандық, еңбек туралы жазылған нақыл сөздер, қатырма және 

түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы. 



Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық өткізу: 

-Қане қанат жазайық, 

Қарлығаш боп ұшайық. 

Ұшып-ұшып алайық, 

Орнымызға қонайық. 

(баяу, шапшаңырақ, өте жылдам). 



ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жасап келген гүлкөмбелеріне шолу жасау; 

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе. 

Су жолдарымен жүк тасу үшін сал қолданылады. Оны бөренелерді бір – біріне байланыстыру 

арқылы жасайды. Салды кемемен сүйретеді, кейде ол өзен ағысының күшімен де жылжиды. Ал кейбір 

салдар сырықтың, ескектің немесе желкеннің көмегімен қозғалады. 

Желкенді сал керулі желкенге әсер ететін желдің күшімен қозғалады. Желкен зығыр, мақта, 

синтетикалық маталардан жасалады. Ол төртбұрышты немесе үшбұрышты болады. 

Желкенді сал жасауға қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: ағаш шыбықтары, қағаз, жіп, 

пышақ, қайшы, желім, қылқалам. 



1. Көрнекілікпен жұмыс. 

Тақтаға желкенді қайықтардың және салдың үлгісі ілінеді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

2. Жасалу жолын түсіндіру. 

Ұзындығы бірдей ағаш шыбықтарын дайындаймыз. Қабығын аршып, зімпара қағазбен тазалаймыз. 

Салды жасау үшін қажетті шыбықтардың екі жақ ұшын жіппен тоқып біріктіреміз. Қағаздан 

жасалған желкенді діңгекке шаншып өткіземіз. 

Желкенді көтеретін діңгекті сал ортасына орнатып, жіппен жан – жаққа тартып байлаймыз. 

3. Жұмысты істеу. 

Енді желкенді сал жасауға кірісейік. Ал іске сәт! – деп алып, оған керекті заттарды дайындатамын. 



 

IV. Сабақты қорытындылау. (сұрақ – жауап) 

 - Сонымен біз не жасадық?(желкенді сал) 

 - Желкенді сал қандай бөліктерден тұрады екен? 

-

 



Салды адамдар не үшін пайдаланады? 

VЖелкенді салды бағалау. 

Оқушылардың жұмыстарын бағалау, мадақтау. 



Үйге тапсырма: 

«Желкенді салды» әшекейлеп келу. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал