Сабақтың тақырыбы 1-сабақ. Менің мектебім Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



жүктеу 227.83 Kb.
бет1/12
Дата10.11.2022
өлшемі227.83 Kb.
#23670
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2сын 2 тоқ Атамұра

ІІ ТОҚСАН

Бөлім

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

1-сабақ. Менің мектебім

Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1–1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау;
2.4.2.1 оқыған/аудио/ бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сұраққа жауап (сөйлем) жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлемдер құрайды.
Оқушылардың көбі жасай алады: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: сөздер мен сөйлемдерді сәйкестендіреді, мәтін құрайды.

Сабақтың барысы:


Сабақтың
кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басы (5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мектепте» бейнебаянын көрсету.
Жұмбақ шешу.
Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Бейнебаянда не көргендерін айтып береді. Жұмбақтың шешуін тауып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

бейнебаян,
жұмбақ

Сабақтың
ортасы (35
мин)

Жаңа сөздер: асхана, кітапхана, шеберхана, мүсінші.
1-тапсырма. Тыңдайық.
Мынау – менің мектебім. Мектеп үшқабатты. Бірінші қабатта асхана, спортзал, киім ілетін орын бар. Асхана кең, таза және жарық. Екінші және үшінші қабаттарда кітапхана, сынып бөлмелері орналасқан. Кітапханада қызықты кітаптар көп. Мектепте оқушылар, мұғалімдер бар.
Дәптердегі №1 тапсырма.
2-тапсырма. Оқиық.
«Зуылдақ» әдісі бойынша өлеңді мұқият оқып, қайталап жаттайды. Кез келген жерде тоқтатқанда келесі оқушы жалғастырып, зуылдатып айту керек. Ұмытып қалса, балл берілмейді.
Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық!
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық!

«Сөзден сөйлем» әдісі арқылы жаңа сөздерден сөйлемдер құрастырады.
Мәтін сұрақтарына жауап береді.
– Мектеп неше қабатты?
– Асхана қандай?
– Спортзал нешінші қабатта орналасқан? – Мектепте кімдер бар?
Дәптермен жұмыс.
Өлеңді түсініп оқиды.
Дескриптор:
– мәтінді мұқият тыңдайды;
– сұраққа жауап береді;
– өлеңді жатқа айтады.
Сергіту сәтін жасап, оң және сол сөзін айтып үйренеді.

ҚБ: бірін-бірі
бағалау
«Эмоциялық
бағалау» (Шіркін! Алақай! Қап!)


сюжетті сурет
мектеп туралы
интербелсенді тақта, суреттер
ән тыңдау







3-тапсырма. Айтайық.
1 Асханада әдемі суреттер салады. 2 Кітапханада жаттығулар жасайды. 3 Спортзалда тағамдар дайындайды. 4 Шеберханада қызықты кітаптар оқиды.
Дәптердегі №2 тапсырма.
4-тапсырма. Жазайық.
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.
Керекті сөздер: мүсінші, бұйымдар,
шеберханада, шеберхана.
Мен өскенде ... болғым келеді. Мектебімізде ... бар. Бізге мұғалім ағаштан әртүрлі ... жасауды үйретеді. Маған ... жұмыс істеген ұнайды.

Сөздер мен сөйлемдерді сәйкестендіреді.
Дәптермен жұмыс.
Сөйлемдерді толықтырып жазады.
Дескриптор:
– сөздер мен сөйлемдерді сәйкестендіреді; – көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазады.

ҚБ: қолпаштау
ҚБ: өзін-өзі
бағалау

кесте

Сабақтың
соңы (5 мин)

Кері байланыс. «Қабырға газеті» әдісі. Сабақтан алған әсерлерін смайлик арқылы білдіреді.

.




смайлик


Бөлім

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

2-сабақ. Біздің сыныпта

Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.2.1 сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2–3 сөйлем);
2.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша/жазбаша түрде қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады: сурет бойынша сөйлемдер құрайды, сан есімдерді орынды қолданады. Оқушылардың көбі жасай алады: сурет бойынша сөйлемдер құрайды.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: сурет бойынша сыныптағы заттарды атап әңгімелейді, сан есімді қолданады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың
кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Қуан, шаттан, алақай,

Қайталап айтып, жаттап алады. Бір-бірімен амандасып үйренеді.



интербелсенді тақта







Қуанатын күн келді.
Күліп шықты Күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!










Сабақтың
ортасы
(35 мин)

Жаңа сөздер: аш, ал, сүрт, сана.
1-тапсырма. Тыңдайық.
Сыныпқа қара,
Ал енді сана:
Неше орындық,
Неше парта,
Неше үстел,
Неше тақта
Бар екен біздің сыныпта?
2-тапсырма. Оқиық.
– Сыныпта кімдер бар?
– Сыныпта нелер бар?
Дәптердегі №1 тапсырма.
3-тапсырма. Айтайық.
«Көңілді шаршы» ойыны.
Шаршы лақтыру арқылы сағат тілі
бағытымен жүре отырып, сурет бойынша сөйлемдер құрау.
Үлгі: Сыныпта бір тақта бар.
Дәптердегі №2 тапсырма.

Жаңа сөздерді тыңдалым мәтіні бойынша есте сақтап, қайталайды.
Мәтінді тыңдап, сурет бойынша айтады.
∙ Сыныпта нелер бар? Сана.
Сыныптағы заттарды атап, санап үйренеді. Сұраққа жауап береді.
Дәптермен жұмыс.
Дескриптор:
– сыныптағы заттарды санайды;
– мәтінді түсініп оқиды;
– сұраққа жауап береді.
Сергіту сәті. «Сәйгүлікше».
Өн бойымды тік ұстап,
Таянамын бүйірді.
Бастап кетем дұрыстап,
Бір! Екі! Бір! Екі!
Сурет бойынша сыныптағы заттарды атап, әңгімелейді. Жаңа сөздерді қолданады.
Дәптермен жұмыс.

ҚБ: мұғалімнің көмегімен
оқушылардың
бірін-бірі
бағалауы
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
ҚБ: топтардың бірін-бірі
бағалауы

сюжетті
суреттер, слайд сынып заттары
шаршы







4-тапсырма. Жазайық.
Суретке қара. Сөйлем құрастыр.
Тірек сөздер: дайындалды, сұрады, сүртті.

Суретпен жұмыс жасайды.
Дескриптор:
– сурет бойынша 2–3 сөйлем құрастырады; – тірек сөздерді қолданады.

ҚБ: өзін-өзі
бағалау

суреттер

Сабақтың соңы (5 мин)

Кері байланыс. «Шаршы» әдісі.
Сабақ барысында «Мен үшін сабақта тиімділігі…», «Өзім үшін не түртіп
алдым…», «Келешекте мен нені ескеруім қажет…», «Менің ұсынысым…» бағандарын толтыру арқылы кері байланыс береді.

«Мен үшін сабақта тиімділігі…», «Өзім үшін не түртіп алдым…», «Келешекте мен нені ескеруім қажет…», «Менің ұсынысым…»




стикер


Бөлім

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

3-сабақ. Оқу құралдары

Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары

2.3.1.1 шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп (дауыс ырғағын дұрыс қойып), рөлге бөліп оқу;
2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, сөйлемді суретпен толықтырып жазу/постер құрастыру/берілген иллюстрация бойынша мәтін (3 сөйлемнен кем емес) құрау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады: мәтінді рөлдерге бөліп оқиды, постер құрастырады.
Оқушылардың көбі жасай алады: мәтінді рөлдерге бөліп оқиды, сұраққа жауап береді.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: мәтін бойынша постер жасап қорғайды.



Сабақтың барысы:

Сабақтың
кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім сөмкенің аузын ашып, оқу құралдарын үстелге шығарады. Оқушылар атап айту керек.

Оқушылар бір-бірімен амандасады. Аптаның қай күні екенін сұрайды. Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

«Эмоциялық
бағалау»


оқу құралдары салынған
сөмке

Сабақтың
ортасы (35
мин)


жүктеу 227.83 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет