Сабақтың тақырыбы : «Жетістікке жету жолдары»



жүктеу 38.7 Kb.

Дата11.04.2017
өлшемі38.7 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Жетістікке жету жолдары»

 

Мақсаты:  Оқушылардың  өмірге  бейімділіктерін  арттыру,  заман  талабына 

сай  тұлғаны  қалыптастыру,  адамгершілікке,  ізгі  қасиеттерге  баулу,  бірлікке, 

татулыққа шақыру. 



Көрнекілігі: слайд, суреттер, кітап көрмесі.

 

Барысы



І  Үй  тапсырмасын  тексеру

.  Оқушылар  биіктен  көрініп,  жетістікке  жеткен 

тұлғалардың  өмірінен  дерек  келтіреді.  Олардың  осындай  дәреже  жетудің 

мәнісін түсіндіруге тырысады. 

ІІ

 Пікір алысу. 

1. Жетістік дегеніміз не? 

 

Жетістік  дегеніміз  –  рухани  әрі  дене  қуатын  бір  мақсатқа  бағыттау 



және  сол  мақсатқа  жету.  Қандай  да  бір  істі  тындырымды әрі  тыңғылықты 

істеу  де  –  жетістік.  Ойдағыдай  істелген  іс,  жоспарланғандай  атқарылған 

жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Сондықтан 

жетістік – адам  бақытының  қайнар  көзі.  Бұл  көзді қаншалықты  аршыға  адам 

өмірде  соншалықты  бақыт  табады.  Бақыт  бұлағы  адамға  өз  ләззатын  берген 

сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның 

шаттыққа  оранып,  құмарлана  өмірден  ләззат  алатын,  қуанышқа  бөленіп, 

рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету жолдарының бірі – жетістік. 

2. Жетістіктің он тармағы бар дейді. Соларды атап шығыңыздар. 

Тұқым қуалаушылық  «Әке еңбегі ұл бойына сіңіскен, 

Көрінеді кейін атқа міністен» (Ж.Баласағұн) 

Экономикалық ахуал  «Аш  бала  тоқ  баламен  ойнамайды»  (Ы.Алтынсарин). 

Дегенмен,  Моцарттың  дүниедегі  ең  үздік  болуына 

оның кедейшілік өмірі кедергі бола алмаған. 

Ішкі сенім 

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, 

Еңбегін мен ақылың екі жақтап» (Абай) 

Психологиялық 

жағдай 

М.Әуезовтің 



«Қ

арагөз» 


повесінде  Қарагөзінен 

айырылып 

тек 

с

үлдесі  қалған 



Сырым 

сал 


осы 

аяныпты  күйінен  қалай  құтыла  алды?  Оны  серілігіне 

қайта 

қауыштырып, 



жетістікке 

жетелеге


н 

де 


психологиялық оң өзгерісі еді.  

Уақыт өлшемі 

«Жүз  есе  тырыссаң  да,  мезгілі  жетпей  іс  бітпейді

» 

(Құтып). 



Адал табыс 

Ақ 


адамды 

Алла 


жа

қтайды. 


Алланы 

алдамағандарадамдарды 

алдамайды. 

Б

үкіл  әлемді 



билеп-төстемек  болған  Гитлердің  жеткен  жетістігі 

бүкіләлемдік қарғыс болды емес пе?! 

Адамгершілік сезім 

Кішіпейілділік, 

сыйласымдылы

қ, 


адамгершілік 

сияқты  жоғары  сезімдер  болған  жерде  оң  жетістіктер 



болмай қоймайды. 

Тынымсыз еңбек 

Еңбектенбей жетістікке жету мүмкін емес. 

Білім мен біліктілік 

Қолға алған ісімізді білмесек немесе біліктілік таныта 

алмасақ, одан еш нәтиже шығара алмаймыз. 

Наным мен 

нартәуекел 

Бастаған  ісін  нәтижелі  аяқтайтынына,  жұмыстарын 

дұрыс 


жүргізетініне, 

бұған 


күшінің, 

білімінің, 

біліктілігінің  және  тәжиребесінің  жететініне  шәк 

келтірмеген  адам  «Қалғанына  Алла  төреші»  деп  ісін 

тәуекелге салса, еш шүбәсіз жетістікке жетеді. 

 

3. Уақыттың жауларын білесіздер ме? 



 

Психолог А.Файзуллина уақыттың жаулары деп мыналарды айтады: 

 

Түсініксіз мақсаттар. 



 

Тыңдай білмеу. 



 

Жоқ деп айта алмау. 



 

Телефонмен сөйлесу. 



 

Асығыс шешімдер. 



 

Бәрін бірден орындауға ұмтылу. 



 

Ұмытшақтық. 



 

Толық ақпараттың болмауы. 



 

Өзіндік тәртіптің жоқтығы. 



 

Жұмыс уақытында шай ішуге кететін үзілістер. 



 

Жоспарлай білмеу. 



 

Тосын шешімдер. 



 

Жұмысты аяғына дейін жеткізбеу, т.б. 



Түйін. 

Сен  көз  тастаған  жер – ол  сенің мақсатың. Сол  жерге  туыңды  тігіп,  ордаңды 

құр.  Ол үшін  рухани әрі  дене қуатыңды  сол  мақсатқа  сарқа  жұмса.  Жетістік 

өздігінен келмейді. Оның кілті: талап жіне еңбек. Не істесең де мақсатың мен 

арманыңнан  айныма.  Ісің  ойдағыдай  істелсін,  жұмысың  жоспарланғандай 

атқарылсын, тілегің мұрат етілгендей орындалсын. Сонда жетістікке жетесің. 

Өмірде  жақсы  мен  жаман қатар  жүреді.  Сен  жақсылардың  ізімен  жүр, 

адаспайсың,  Бірақ  жолдың  шегіне  жеткенде  тоқтап  қалма,  оны  ары қарай 

жалғастыра біл. Сен де өкшеңді басатын өзгелерге жол сал. 

4. Жетістікке қай жерде және қалай жетуге болады? 

А) Мектепте жетістікке жету. 

1. Күнделікті сабақ оқы. 

2. Төменгі сынып оқулықтарынан баста. 

3. Мұғалімдерден сабақтан тыс дәріс ал. 



4. Ел сүйсінетіндей тәрбиелі бол. 

5. Қоғамдық жұмыстарға белсене аралас. 

Ә) Отбасында жетістікке жету. 

1. Ата-анаңды құрметте. 

2. Бауырларыңа ыстық бол. 

3. Үй шаруасынан жалықпа. 

4. Қонақтарға көңіл қой. 

5. Өз отбасыңа дайындал. 

Б) Қоғамда жетістікке жету. 

1. Қоғамда адамдар бар. 

2. Қоғамдық салт-дәстүр. 

3. Қоғам біртұтас. 

4. Қоғамдық көзқарас. 

5. Қоғамдық ләззат. 

6. Қоғамдық рақат. 

7. Қоғамдық құлық. 

В) Жұмыста жетістікке жету. 

1. Жұмыс уақытына мән бер. 

2. Жұмыста тиянақты бол. 

3. Жұмысты жауапкешілікпен атқар. 

4. Жұмыста өз пікірлеріңді білдір. 

5. Әріптестеріңмен істесе біл. 

Түйін. 

«Оқусыз  білім  жоқ,  білімсіз  күнің  жоқ»  деген  халық  даналығына  құлақ  сал. 



Білім  жолын  қу,  оқы,  адам  бол. Қызыққа  толы  өмір  сүрем  десең,  оқуың 

болсын.  Мектепте  қандай  білім  алсаң,  өмірде  соның  қызығын  көресің.  Сен 

алатын  тәрбие  ұлттық  тәрбие  болсын.  Ана  тіліңді,  дініңді,  салт-дәстүріңді, 

мәдениетіңді, 

тарихыңды 

бойыңа 


дарытып,  ғұмырыңды 

осылармен 

нақыштай  біл.  Мектеп қабырғасынан  тек  білім  мен  тәрбие  алып  шығамын 

десең, қателесесің. Мектепте сен үлкен өмірге дайындаласың. Бұл дайындық 

қоғамдық  жұмыстарға  араласудан  басталады.  Ата-анаңды  көзі  тірісінде  де, 

дүние  салғаннан  кейін  де  сыйлап өт.  Олардың  ризашылығын  алмай  жеткен 

жетістігің  ешкімге  де  керек  емес.  «Жүзден  жүйрік,  мыңнан  тұлпар»  деген 

даналы сөз бар қазақта. Қоғам – жарыс алаңы. Бұл жарыста оза шауып бәйге 

алу  сенің  қолыңда.  Биікке  талпынған  адам  әуелі  өз  жұмысына  мән  береді. 

Жұмыс  үшін 

жаныңды 

да, 


малы

ңды 


да 

аяма.  Ғұмырың  жұмыспен 

өрнектелсін. Ең бірінші кезекте жұмысты ойла, одан өзге ешетене керек емес.  

ІІІ Қорытынды.

 


 

«Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл»  демей  ме  аталарымыз.  Ж

ұмысты 

жалғыз  болып  атқарғаннан  гөрі  басқалармен  бірігіп  атқарғанға  не  жетсін. 



Бұның  пайдалы  жағы  кісіге  оңай  тиюінде  ғана  емес,  істің  аса  нітижелі 

болуында жатыр. 

 

«Жалғыздың  үні,  жаяудың  шаңы  шықпасы»  рас  қой.  Бір  кісінің 



шамасын  бір  топ  кісінің  шамасыменсалыстыруға  келмес.  Тіпті  «Бір  бас  бас 

емес,  екі  бас -  бас»  демеуші  ме  деі  халқымыз.  Қашан  да  бас  біріктіргендер 

өзгелерден гөрі ілгері жүрген, бір адым озық болған. 

 

Ата-бабаларымыз  бас  біріктіре  алудың  арқасында  ғана  кең  байтақ 



даласын,  елін,  жерін  жауларынан  аман-есен  қорғап  қалыпты.  Бірікпегендер 

болса  тарыдай  шашылып  кетіпті.  Сөйтіп,  олар  Отансыз,  елсіз,  жерсіз  қалды. 

Тіпті тарих бетінен өшіп кеткен ұлттыр қаншама десеңші?! 

 

Мұның  бәрі  басты  біріктіру  мен  бір  жұдырықтай  болуға  байланысты 



екен.  Кейінгі  ұрпақ,  сіздер,  осыны  дұрыс  түсініп,  жұптарыңды  жазбасаңдар 

екен.  Ата-баба  жолын,  дәстүрін  қуып,  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол 

шығара алатындай тәртіпке әрекет қылып, іс-қимыл жасай алсақ игі. 

 ІҮ Үй жұмысы: әр оқушы өз айлық жоспарын құрып келу керек. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал