Сабақтың мақсаты: Біліміділік мақсаты: су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды



жүктеу 36.95 Kb.

Дата25.03.2017
өлшемі36.95 Kb.
түріСабақ

Сабақ жоспары 

Пән: Физика 

Мұғалім: Хамитова Анаргуль Кадрбековна 

Сынып: 7 «Б» 

Сабақтың мақсаты: 

          Біліміділік мақсаты: су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды 

үйрете отырып, білім дағдыларын қалыптастыру; сұйықтың тығыздығын анықтайтын құралмен 

танысу, жалпы мағлұмат алу. 

          Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой-өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, 

қорытынды жасауға, өзін-өзі бағалап, сын көзбен қарауға машықтандыру; 

          Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, сыйластыққа, 

ізденушілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 



Сабақтың формасы: жұппен, топтық жұмыс 

Көрнекіліктері: интербелсенді тақта, компьютерлі (виртуальді) зертханалық жұмыс, 

карточкалар, тест 



Құрал-жабдықтар: су, мензурка, тұз, тығын, ареометр, мұз кесегі, қант кесегі (рафинад). 

Сабақтың кезеңдері: 

І Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Тізім бойынша оқушыларды түгендеу. 

ІІ Өткен тақырыпты қайталау: 

1.  Неліктен денені суға батырған кезде динамометрдің көрсеткіші өзгереді? (Виртуальді 

зертханамен жұмысты интербелсенді тақтада бір оқушы көрсетеді(Ауырлық 

күшімен қатар денені судан ығыстыратын ығыстырушы күш әрекет етеді) 

2.  Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті қалай атаймыз? (Архимед күш

3.  Архимед күшінің формуласы қандай? ( F = ρ



g V

д

4.  Архимед күші қандай шамалардан тәуелді? (ρ





– сұйықтың тығыздығы және V

д 

– 

дененің көлемінен) 

5.  Архимед күшінің бағыты қалай бағытталады? (жоғары

 

ІІІ Мотивация: 

 

Кейбір денелер сұйық бетінде жаңқа тәрізді қалқып жүрсе, екіншілері батып кетеді, ал 



үшіншілері сүңгуір қайық тәрізді оның ішінде жүзіп жүре алады. 

            Тәжірибе жасап көрейік (Тақтаға бір оқушыны шығару) 

Шыны ыдысқа су толтырып, оның ішіне мұз кесегін саламыз. 

 

IV Проблемалық сұрақ: 

Неліктен мұз суға батып оның ішінде жүзеді? (Оқушылар тығырыққа тіреліп, өз ойларын айта 

бастайды) 

 

V Тақырыпқа шығу, мақсат қою: 

М: Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай?  

О: Денелердің жүзу шарттары 

М: Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз? 

О: Денелердің жүзу шарттарын анықтау 

М: Сұйықтың ішінде қандай күштер денеге әрекет етеді? 

О: Екі күш әрекет етеді: жоғары бағытталған Архимед күші және төмен бағытталған ауырлық 

күші 


М: Дұрыс. Ал кім тақтадамысал келтіріп, суретін салады? 

 Оқушыларды үш топқа бөліп, тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтарды тараты. Әр топ дененәі 

батып кететінін, судың бетінде қалқып жүретінің және суға батып, оның ішінде жүзіп жүруін 

формулалар арқылы анықтап, суретін салып, қорытынды жасау керек. 



1 топ: Суға қант кесегін салу 

2 топ: Суға тығынды салу 

3 топ: Суға мұз кесегін салу  

М: сұйықтың және қатты денелердің тығыздықтарын қайдан аламыз? 

О: Кітаптың артындағы 6-7 кестелерден аламыз. 

Әр топ кезек-кезекпен тақтаға шығып, тәжірибелерін түсіндіреді. 

 

 Суда рафинад:                       Суда тығын:                                  Суда мұз кесегі: 



қант

 = 1600 кг/м

3

                  .ρ

тығын

 = 240 кг/м

3

                          .ρ

мұз

 = 900 кг/м

3

 



су

 = 1000 кг/м

3

                     .ρ

су

 = 1000 кг/м

3

                             .ρ

су

 = 1000 кг/м

3

 

 F

a

 > F

A

                                    F

a

 < F

A

                                            F

a

 = F

A

  



қант

 >.ρ

су                             

            ρ

тығын

 <.ρ

су                                                                

ρ

мұз

 =.ρ

су           

 

 

Қорытынды: 

- Ауырлық күші Архимед күшінен үлкен болған жағдайда, дене сұйыққы батып кетеді: F

a

 > F

A

 

- Ауырлық күші Архимед күшінен кем болған жағдайда, дене сұйықтың бетінде жүзіп жүреді: 



F

a

 < F

A

 

- Ауырлық күші Архимед күшіне тең немесе жақын болған жағдайда, дене сұйыққа батып, 

оның ішінде жүзіп жүреді: F

a

 = F

A

 

 



М: Бізде барлық жағдайларда сұйықтығымыз су болды. Ал егер судың орнында басқа бір 

белгісіз сұйық болатын болса, онда біз сұйықтың тығыздығын анықтай аламыз ба екен? 

О: тығырыққа тңреліп, ойланады, өз ойларын айтады. 

М: Анықтай аламыз екен. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал – ареометр деп 

аталады. Ол сұйықтың тығыздығын, сүттің сапасын, рған су қосылғанын, не қосылмағанын, 

қант және тұз ерітінділерінің пайыздық мөлшерін анықтау үшін қолданылады. 

     Үш топқа әр түрлі белгісіз сұйық және ареометрлер таратылады. 

1 топта: Қант ерітіндісінің ығыздығын анықтау 

2 топта: Судың тығыздығын анықтау 

3 топта: Тұз ерітіндісінің тығыздығын анықтау. 

Тапсырманы орындағаннан кейін, әр топ өз тәжірибелерін қорытындылайды. 



Қорытынды: 

-  Денелердің жүзу шарттары қандай шамаға байланысты? (ρ



сұйық 

және ρ

дене 

-  Сұйықтың тығыздығын қандай құралдың көмегімен анықтайды? (Ареометр) 

-  Сүттің майлылығын анықтайтын ареометр? (Лактометр) 

           

 

VI Бекіту 

Әр топқа карточкалар тарату 

* карточкалар қосымшада 

 

VII Сергіту сәті*Слайд көрсету 

 

№2 карточканы тарату  



*карточкалар қосымшада 

 

VIII Қорытындылау 



 

М: Сонымен денелердің жүзу шарттары қандай? 

О: Тақтаға шығып тірек-схема сызады 

 

Денелердің жүзу шарттары 



 

 

   Дене батады                         Дене ортасында жүзеді                  Дене бетінде қалқып жүреді 



       F

a

 > F

A

                                        F

a

 < F

A

                                              F

a

 = F

A

  

 


Сабақты  қорытындылау  үшін  оқушыларға  екі  нұсқадан  тұратын  тест  таратылады. 

*  тест 

қосымшада 

 

IX Рефлексия 

1.  Бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік? 

2.  Денелердің жүзу шарттары қандай? 

3.  Неліктен мұз суға батып, оның ішінде жүзіп жүреді? 

4.  Денелердің ж.зу шарттары қандай шамаларға байланысты? 

5.  Сұйықтың тығыздығын қандай құралдың көмегімен анықтайды? 

6.  Сүттің майлылығын қандай ареометрмен анықтайды? 

 

Х Үйге тапсырма 

Эксперименттік  тапсырма.  Құм  және  пробирка  алып,  өздерің  ареометр  жасаңдар.  Оны  таза 

суды  пайдаланып  градуирлеңдер.  Осы  ареометрді  пайдаланып,  тұз  және  қант  ерітінділерінің 

тығыздығын анықтаңдар. 

§56, §57, 30-жаттығу 

 

ХІ Бағалау 

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау. 



 

Бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар! 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал