Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың құрақ құрау өнері туралы білімдерін тереңдету, құрақ



жүктеу 34.28 Kb.

Дата25.02.2017
өлшемі34.28 Kb.
түріСабақ

Құрақ құрау өнері

 

Хайса Наркес

 

№ 25 жалпы орта білім беру мектебінің технология пәнінің мұғалімі, Павлодар 

қаласы 

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік:

 оқушылардың құрақ құрау өнері туралы білімдерін тереңдету, құрақ 

түрлері, шығу тарихы және тігу технологиялық әдістерімен таныстыру. 

Дамытушылық:

 оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік,  шығармашылық 

өздігінен ойлау қабілеттерін  қабілетін дамыту. 



Тәрбиелік:

 үнемділікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, ұлттық  дәстүрді білуге, 

әсемдікті сезіне білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу. 



Сабақтың түрі:

 жаңа сабақ (ойын) 



Сабақтың әдісі: 

 

- суретті-түсіндірмелі (әңгімелесу, сурақ-жауап, дидактикалық        

  материалдармен жұмыс, үлгілерді көрсету) 

- интерактивті тақтамен жұмыс; 

- іздестіру-зерттеу әдісі; 

- СТО дамыту әдістері, деңгейлік оқыту әдісі, трек белгілер әдісі. 



Сабақтың көрнекілігі:

 

- оқушылардың шығармашылық жұмыстары; 



- құрақ түрлерінің үлгілері; 

Ұлының ұлағатты сөздері: 

 « Өнерді таудың бұлағынан, 

Қойдың құлағынан 

Апамның киізінен 

Ешкінің мүйізінен үйрендім» 

                                          Ә. Қастеев. 

«Өнер дегеніміз – адам бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі»  

                                                                                        Л. Толстой. 

«Ою-өрнек, құрақ құрау- қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі »  

                                                                                         Б. Момышұлы. 

Сабақтың барысы: 

 

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ. Өтілген материалға шолу жасау. 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Қызығушылығын ояту, оқушы біліміне ой салу. 

1- аялдама. « Құрақ туралы не білесің? ».  

2- аялдама. « Мен- суретші-модельер ». 

ІҮ. Мағынаны тану кезеңі. 

3-аялдама. « Білімді мыңды жығар ». Деңгейлік тапсырмалар. 

4-аялдама. « Жалғасын тап ! »  

Ү. Ой толғаныс. Рефлексия. 

ҮІ. Бағалау. 

ҮІІ. Үйге тапсырма.  



І . Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа  дайындау, сабаққа қажетті 

құрал-жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру. 



ІІ. Өтілген материалға шолу жасау.

 

Сурақ: 

 

1.

 

Ылғалды жылумен өңдеу дегеніміз не? 



2.

 

Ылғалды жылумен өңдеу терминологияларын ата ? 



3.

 

Бұйымның төмеңгі қиығын өңдеу тігістерін ата? 



4.

 

Жасырын инешаншымдарды не үшін және қайда қолданады? 



5.

 

Желімді таспалар нені өңдеу үшін қолданады? Тиімділігі неде? 

 ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Қызығушылығын ояту, оқушы біліміне ой салу.  

Интерактивті тақтада құрақтың бөлшектерін біріктіру арқылы құрақ 

жастығының суретін салу.    

Сурақ: Интерактивті тақтадан не байқадың ?  



Тақырыпты

 ашу, сабақтың мақсатын айту.  

1-

 

аялдама

. « Құрақ туралы не білесің? ». Трек белгілермен 

жұмыс.Оқушылардың құрақ туралы білім деңгейіне шолу жасау. 

     2- аялдама. « Мен- суретші-модельер ». Шығармашылық жұмыстарды 

төмендегі сурақтар бойынша қорғау. 

 



Жасалған бұйымның атауы ?   

 



Неден жасалынады?   

 



Қайда қолдануға болады? 

ІҮ. Мағынанытану кезеңі.

 Жаңа мәліметтермен танысу. Мәтінмен жұмыс. 

3-аялдама. « Білімді мыңды жығар ». Деңгейлік тапсырмалар. 

І- деңгей: 

1. Жаңа термин сөздерді жаз!( құрақ мозайкасы, декатирлеу, пэчворк, квилт) 

2. Қазақ халқында құрақ өнері қай кезден бастап дамыды? 

3. Құраққа байланысты қандай ырым, наным сенімдерді білесің? 

ІІ-деңгей: 

1.Құрақ неше топқа бөлінеді? 

2. Әр топқа жататын құрақ түрлерін ата? 

3. Құрақтан қандай бұйымдар жасалады? 

 Сауықтыру сәті: аңыз әңгіме айту. « Жібек жібінің шығу тарихы ». Жасыл 

ағаш, көбелектер, түрлі түсті гүлдер, ертегі ханшайымдары, алтын кесе, 

суреттерін тақтадағы А-1 форматқа үйлестіру. 

Жаттығу жасау.  

«Күн нұрындай шашылайық,  

Бәйшешектей ашылыайық, 

Гүлге қонған көбелекбіз 

Қанат қағып жарысайық. 

Бір,екі,үш 

Гүлге қарай ұш». 

 ІІІ-деңгей. 

1.

 



Құрақ құрау технологиясының реттілігін жаз! 

 

       



4-аялдама.  « Жалғасын тап ! »  

Мақал- мәтелдерді, ұлы адамдар сөзін жалғастыр! 

     1. « Өнерді қызықпасаң көре алмайсың, 

          Таспаны үйренбесең ...                                  » 

2.

 

«Өнерлі болу – зейнет 



        Өнерсіз болу ...                     »  

                                                                             

    3. «Ою-өрнек, құрақ құрау- қазақтың ...                              »  

                                                                                         Б. Момышұлы. 

    4. «Әке-асқар тау 

         Ана- ... 

          Бала-...                  » 

    5. «Жеті рет өлшеп, ...                          » 

    6. « Ою ойған ...                                   » 

 

Ү. Ой толғаныс.

  

Құрақ  қурау өнері туралы алған білімдерін жинақтау. 



1. Құрақ құрау дегеніміз не? (Трек белгілемен жұмысты толықтыру.) 

2. Құрақ құраудың қандай әдісі, технологиясы бар? 

3. Құрақ құрауға ең бастысы бөлшектердің  несін ескеруіміз керек?  

4. Құрақ неше топқа бөлінеді? 

5. Кез келген құрақтан адам әсемдікті, қуаныш сезімін алу үшін ... сақталу керек. 

Ақ пен қара түс бұйымға қандай қасиет береді? 

6. Құрақ өнерінің шығуына не себеп болды? 

7.Құрақ  құрау  өнеріне  қызығушылық  туындауына  не  себеп  болды?  Бұл  өнерге 

қызығушылық қай жылдан басталды? 

Рефлексия.

 

Не білдің?   

Не үйрендің?  

Не білгің келеді? 



ҮІ. Бағалау

.  


Оқушылардың сабаққа қатысуна, орындалған жұмыс деңгейіне, сұрақ 

жауаптарына байланысты, жұптық бағалауы, мұғалімнің бағалауы. 



ҮІІ. Үйге тапсырма

.  


Мата қиықтарын әкелу, тігін машинасымен жұмысқа дайындалу. 

Жұмыс орнын жинау



 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал