Сабақтың мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық»



жүктеу 10.69 Kb.

Дата15.09.2017
өлшемі10.69 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Жылы жүрек - жақсы тілек» 

Сыныбы: 3 

Сабақтың мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары 

туралы түсініктерін кеңейту. 

Міндеттері: Білімдік: жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру. 

Тəрбиелілігі: мейірімділік, ізгілікке тəрбиелеу. 

Дамытушылығы: қайырымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту. 

Көрнекіліктер: Сабақтың дəйек сөзі жазылған плакат, жүрекшелер, тарапта парақтар. 

Пəн аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. 

Сабақтың типі: Жана білімді хабарлау сабағы. 

Сабақтың түрі: Блок сабағы. 

 

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі: 



• Сəлемдесу, танысу; 

• Қызығушылықты ояту; 

 

ІІ. Негізгі бөлім: 



• Үй тапсырмасын тексеру; 

• Пікірлесу сұрақтары; 

• Проблемалық сұрақ; 

• Жана ақпарат; 

• Ойын - жаттығу; 

• Мəтінмен жұмыс; 

• Сабақтың дəйек сөзі; 

• Тапсырма; 

• Дəптермен жұмыс; 

• Рефлексия; 

• Қортынды. 

 

Сабақтың барысы: 



Ұйымдастыру кезеңі: Сəлеметсіздер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қалай? 

Бүгінгі өзін - өзі тану сабағын сендермен мен жүргіземін. Сіздермен тағыда қайта 

жүздескеніме қуаныштымын. 

Қызығушылықты ояту: Бүгін сабағымызды бастамас бұрын Ө. Ақылбеков тың «Өзіңді 

тану» өлеңін бірлесе айтайық. 

 

Өзіңді тану 



Жақсы болу - өзіңнен, 

Жаман болу - өзіңнен. 

Өзіңді өзің ая да, 

Өзің үйрен өзіңнен. 

Жақсылық көрсең біреуден, 

«Мен қандаймын?» деп ойла. 

Өзіңді өзің қолыңа ал, 

Өзіңсің - ақыл айнасы. 

Тиеді саған мəні бар 


«Өзіңді тану» пайдасы. 

- Балалар, ең алдымен бірінші қадамды өзімізден бастауымыз керек. Өзіміз қандай 

болсақ, өмірде бізге сондай болып көрінеді. 

 

Үй тапсырмасын тексеру: Ал, енді балалар үйге не берілді соны анықтап алайық. Үй 



тапсырмасын барлықтарың орындап келді деп ойлаймын. Сабақ соңынан 

дəптерлеріңді жинап беріңдер, мен үй тапсырмасын тексеремін. 

Пікірлесу сұрақтары: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Жылы жүрек - жақсы тілек» 

деп аталады. Осы тақырыпқа байланысты «Адамдар қайырымдылығы туралы 

жүректен шыққан жылы, жақсы тілектерін білдіру» жайы өздеріңмен пікірлессем 

деймін. Өздеріңе қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысып отырыңдар. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал