Сабақтың басталуына бес минут қалғанда қаржы ғылымдарының зертханасына Қоржын мысық кіріп



жүктеу 73.38 Kb.

Дата22.04.2017
өлшемі73.38 Kb.

Сабақтың басталуына бес минут қалғанда қаржы 

ғылымдарының зертханасына Қоржын мысық кіріп 

келді.  Оның  түрінен  әлдебір  маңғаздық  сезіліп 

тұрғандай  еді.  Аузына  теріден  тігілген  кішкентай 

дорба  тістеп  алыпты.  Кірген  бойда  мұғалімнің 

үстеліне секіріп шықты да, дорбаны Дана Ғалымқы-

зының дәл алдына тастай салды. 

– Мынау сізге! – деді Қоржын. – Сонау Англия-

дан арнайы жолдапты. Бір кәдеге жарап қалар.

Мұғалім апай жылы жымиды да, Қоржын мысық 

әкелген дорбаны тік көтеріп, балаларға көрсетті. 

– Бұл сәлемдеменің бүгінгі сабағымызға тікелей 

қатысы бар, – деді Дана Ғалымқызы шәкірттеріне. 

– Неге екенін табыңдаршы, қане?

Балалар  орындарынан  атып  тұрып,  әп-сәтте 

апайларын қоршап алды. 

–  Мұның  ішіне  ақша  салынатын  шығар?  – 

деді Марат.

– Иә, бірақ жауабың толық емес.

Қоржын  мысық  балақайдың 

құлағына сыбырлады:

– Жауабын жаңа айтып 

қойдым ғой. Ойлан...

Кітап «Қаржы мәдениеті» ағартушылық жобасы аясында әзірленді

«Балаларға қаржы жайлы» сериясы



«Ақша тиыннан құралады»

3 кітап


Авторы  – 

Ольга Гумирова

Суретшісі – 



Юлия Чернова 

Қазақ тіліне аударған 



Бағдат Мәжитов

Тегін таратылады

Қымбатты балалар!

Сендердің қолдарыңдағы кітап – ерекше кітап. Бұл 

кітап сендерді қаржылық сауаттылықтың негіздерімен 

таныстырады. Басты кейіпкерлері – Марат, Артем және 

Шолпан  есімді  балақайлар.  Олар  өздеріңмен  бірге 

«Қаржы  ғылымдарының  зертханасы»  деп  аталатын 

таңғажайып  оқу  орнында  тәлім  алып,  қызықты 

тәжірибелер  өткізеді.  Үш  достың  бастан  кешкен 

оқиғаларымен  таныса  отырып,  «Банк  қалай  жұмыс 

істейді? Ақшаны қалай тиімді жұмсауға болады? Қор 

жинаудың маңызы неде? Несиені қай кезде алып, қай 

кезде  алмау  керек?  Отбасылық  бюджет  деген  не?» 

сияқты сан түрлі сауалдарға жауап аласыңдар.

Бұл  кітап  сендердің  білімдеріңе  білім  қосады  деп 

үміттенеміз.  Өйткені,  бүгінгінің  баласына  қаржылық 

сауаттылық ауадай қажет. 

Ендеше, іске сәт! 



Kaspi Bank командасы

Алматы 2015



Балалар ойланып қалды.

– Ақша салатын дорба... Англия... 

– Таптым! – деді Артем бір кезде. – Ертеде Ан-

глияда  мынадай  дәстүр  болыпты:  бас  қазынашы 

елдің алдына шығып, көпшілікке теріден жасалған 

дорбаны  көрсетеді  екен.  Сосын  қазынаға  қанша 

ақша  түсіп,  қанша  шығын 

шыққанын 

жариялайды 

екен. «Бюджет» деген сөзді 

бәріміз  білеміз  ғой!  Осы 

сөз  ағылшын  тілінде  «тері-

ден тігілген дорба» дегенді 

білдіреді.  Бұл  жайында  бір 

кітаптан оқығаным бар.

–  Жарайсың!  Бастама 

жаман емес! – деді мұғалім балақайдың жауабына 

дән риза болып. – Шынымен-ақ, бүгін біз бюджет 

жайлы  әңгіме  қозғаймыз.  Дәлірек  айтсақ,  сабағы-

мыздың тақырыбы – Отбасылық бюджет. Тақырып 

өте қызық әрі қиын. Сондықтан...

Дана  Ғалымқызы  сөзін  аяқтап  үлгермеді,  бала-

лар:

– ... ойын ойнаймыз!!! – деп шу ете қалды. 



–  Әрине!  –  деді  профессор.  –  Бірақ  бұл  жолы 

әр топта бес адамнан болады. Әр топ  бір отбасы 

секілді ата-ана, ата-әже және екі баладан құрала-

ды.


Сынып іші у да шу болып кетті.

– Бізге бір ойыншы жетпейді! – деп шағымданды 

Шолпан.

– Онда Қоржынды қосып алыңдар, – деді Дана 



Ғалымқызы.

– Келістік! Қоржын менің інім болсын! – деді Ма-

рат мысыққа көзін қысып.

Бұл ұсынысты Қоржын жақтыра қоймады.

–  Менің  мысық  болғым  келеді!  Үйлеріңде  мен 

секілді ақылды үй жануарына бір орын табылатын 

шығар?! – деп кергіді Қоржын.

Ақыры достар мынадай шешімге келді: Шолпан 

–  «апасы», Артем –  «әкесі», Марат «студент ба-

ласы» болды. Ал Лена есімді қызға «әженің» рөлі 

бұйырды. 

   


Рөлдер  бөлініп  болған 

соң,  Дана  Ғалымқызы 

ойын  шартымен  та-

ныстырды.

2


– Бұл бір жағынан ойын, бір жағынан тәжірибе. 

Мақсаты – отбасылық бюджетті дұрыс жоспарлау-

ды үйрету. Ең алдымен, отбасылық бюджет неден 

құралатынын анықтап алайықшы. Қане, кім біледі?

– Кіріс пен шығыстан, – деп Артем алдымен жа-

уап берді. 

Марат досын қостай кетті:

–  Кіріс  дегеніміз  –  отбасы  мү-

шелері табатын ақша. Ал шығыс 

– жұмсалатын ақша.

– Дұрыс! Енді табыстың неден 

құралатынын айтыңдаршы?

–  Ата-анамыз  жұмыс  істейді. 

Сол үшін еңбекақы алады!

–  Егер  отбасында  зейнет-

кер  болса,  ол  кісіге  зейнетақы 

беріледі,  –  деді  Лена  да  қа-

лыспай.


–  Студенттер  жақсы  оқыса, 

шәкіртақы алады! – деді Марат. – 

Бұл да табыс көзі.

– Дұрыс айтасың! – деді Дана 

Ғалымқызы.  –  Білім  бар  жерде 

пайда бар! Сонымен қатар, мемлекет беретін түрлі 

жәрдемақылар да кіріске жатады. Саяжайдағы бақ-

шаның өнімі де – пайда. Мұның сыртында банкте-

гі депозиттер де отбасылық бюджетке едәуір кіріс 

кіргізеді. 

– Мақала немесе кітап жазып, бір жерден қала-

мақы алсаң, ол да – кіріс. Сыйақылар мен лотере-

ядан ұтып алатын ақшаны да ұмытпау керек! – деп 

Қоржын да ақыл қосты.

– Сендердің міндеттерің – отбасылық бюджетті 

үйдегі  әрбір  адамның  қажетіне  сай  бөліп,  бәріне 

жеткізу. Ақша артылып қалса, тіптен жақсы! Ойын-

дағы  отбасының  кірісін  былай  белгілейік:  әкесінің 

табысы – 110 000 теңге, апасынікі 60 000 теңге бол-

сын. Әжесі  50 000 теңге зейнетақы алсын. Ал сту-

дент баласы алатын шәкіртақы – 30 000 теңге. 

Сонымен, ойын басталды. Уақыт шектеулі, ұмыт-

паңдар! – деп Дана Ғалымқызы сағатына қарады. 

   


–  Неден  бастасақ  екен?  –  деп  сұрады  Шолпан 

достарынан.

–  Мен  есептеп  үлгердім,  –  деді  Артем  лезде. 

4


–  Отбасы мүшелері айына 250 000 теңге табыс та-

бады екен.

Маратқа бұл сома ұнай кетті.

– Көп екен! – деді балақай қуанып.

–  Дана  Ғалымқызы  «ақшаны  дұрыс  бөліңдер» 

деді ғой. Отбасының әрбір мүшесінің сұранысын 

ескеру қажет! – деді Артем. – Сондықтан әр адам 

өзіне  не  керек  екенін  планшетке  тізіп  жазсын. 

Соған қарап отырып, ақшаны бөлеміз.

–  Отбасылық  бюджетті  жоспарлауды  осыдан 

бастау керек пе? Ойланшы.. –деді Қоржын досы-

на.


Бірақ оның сөзіне ешкім мән бермеді. Балалар 

Артемді қолдады. Көп ұзамай достар пернетақта-

ны  тақылдатып,  өздеріне  керектіні 

экранға  тізе  бастады.  Қоржын 

жұмысты  елден  бұрын  бітірді. 

Өйткені, оның тізімі қып-қысқа 

болатын.  Ол  өзіне  «5  келі 

тауық еті, жаңа аквариум мен 5 балық (Қоржекең 

өткенде балықтарды жеп қойған болатын) және 2 

ойыншық  тышқан  керек»  деп 

жазыпты.

Әке  міндетін  атқарушы  Ар-

темнің  тізімі  ұзақтау  еді.  Ол 

«жаңа теледидар, автокөлігіне 

шина, жаңа диван» деп жазып-

ты.  Сонымен  қатар,  тікұшаққа 

мініп,  саяхатқа  шыққысы  ке-

леді екен.

Шолпан  біраз  ойланды. 

Тізіміне  жаңа  перде,  ыдыс-аяқ,  көйлек  пен  аяқ 

киімді  тізіпті.  Әр  апта  сайын  отбасымен  театрға 

барғысы келеді екен. Соңынан тізімге тонды қосты.

Әже  атанған  Ленаға  кіржуғыш  мәшине,  муль-

типісіргіш, тостер, су жаңа кілем мен тоқыма тоқи-

тын жіп керек екен.

Студент  бала  Марат  бәрінен  асып  түсті.  Ол 

тізіміне  жаңа  ноутбук,  жаңа  компьютер  үстелін, 

жаңа джинсы мен күртеше, кроссовканы кіргізіпті. 

Сондай-ақ, демалыс күндері сауда орталығындағы 

ойын-сауыққа  барып,  жаңа  ұялы  телефон,  жаңа 

велосипед, жаңа рюкзак сатып алмақшы екен. Күн 

сайын пиццаға тапсырыс беретінін де жазыпты.

Мараттың  ұзын-сонар  тізіміне  нүкте  қойылған 

соң, Артем қуанышты кейіппен:

– Тапсырма ойдағыдай орындалды! – деді.

Балалар апайларына қарады.

7


   

–  Біздің  отбасылық  бюджетіміз 

қалай  екен?  –  деп  сұрады  Шол-

пан. – Меніңше, біз бәрін ескерген 

сияқтымыз.

Дана  Ғалымқызы  балалар-

дың  жазбаларын  асықпай  қарап 

шықты  да,  планшетіндегі  каль-

кулятормен 

есептей 


бастады.

–  Сонымен,  тапсыр-

ма орындалды деп ой-

лайсыңдар ма? 

–  Әрине!  –  десті  ба-

лалар.


–  Қап,  әттеген-ай! 

Сендер ақша үнемдеуді 

білмейді екенсіңдер! – деді мұғалім басын шайқап. 

–  Жұмсайтын  ақшаларың  кірістен  100  есе  артық 

қой! Тізімге әрнені тізген жақсы! Бірақ оның бәріне 

ақша қайда?

–  Біреуден  қарыз  сұраймыз  немесе  несие  ала-

мыз! – деді Марат білгішсініп.

Дана Ғалымқызы қабағын шытты.

– Жоқ! Бүйте берсеңдер, қарызға белшеден ба-

тасыңдар! Қазір талдау жасап, қандай қате жібер-

гендеріңді айтып беремін. Қоржын, маған көмекте-

сесің бе?

   


  

Мұғалім интерактивті тақтаны іске қосты.

–  Сендер өте маңызды екі мәселені ескермедің-

дер.  Біріншіден,  орманда  тұратындай,  коммунал-

дық төлемдерді ұмытып кеттіңдер. Ноутбук, теле-

дидар, ұялы телефонға электр қуаты керек. Суды 

да өзеннен тасымайсыңдар. Солай емес пе?

Қоржын  тақтаға  «Коммуналдық  төлемдер»  деп 

жазды.

– Енді екінші мәселеге келейік. Бір ай бойы не 



жейсіңдер? Бір ғана пицца сендерге азық болмай-

ды.  Оны  кімнің  аузынан  табасыңдар?  Байқасам, 

Қоржыннан басқаларыңа тамақ керек емес секілді 

ғой?!


Мысық тақтаға «Тамақ» деп жазды.

–  Жолақыны  қайтпексіңдер?  Мәши-

неге бензин, автобусқа билет керек. 

8


Сендер мұны да ескермедіңдер. 

Қоржын  тақтадағы  жазбаға  «Көлік»  дегенді  қо-

сты.

–  Марат  жап-жаңа  ұялы  телефон  сатып  алмақ 



екен. Оның қажеті қанша? Телефон алғаныңа жар-

ты-ақ жыл болды ғой! Артем тізімге жаңа теледи-

дарды қосыпты. Бұл да – артық шығын.  Шолпан 

су жаңа тонға бекер қызығып отыр. Ленаға да ай-

тарым осы. Ескі мультипісіргіш істен шықпайынша, 

жаңасын сатып алудың қажеті шамалы.

Естеріңде болсын, отбасылық шығындар міндет-

ті және ағымдағы деген екі бөлікке бөлінеді. Міндет-

тіге тамақ пен коммуналдық төлемдер кіреді. Газ, 

жарық, телефон және тағы басқаларды осы тізімге 

енгізу керек. Ал киім-кешек, жолақысы, 

дәрі-дәрмек, ойын-сауық пен оқуға 

жұмсалатын  ақшалар  ағымдағы 

шығындарға жатады.

– Түсінікті, – деді Марат ұнжырғасы түсіп. – Біз 

бүгін ең төменгі бағаға да қол жеткізе алмадық.

Дана  Ғалымқызы  балақайдың  мына  түріне  қа-

рап, күліп жіберді. 

–  Ақшаны  басқару  оңай  шаруа  емес.  Бір  күнде 

бәрін үйрене алмайсыңдар. Қаржылық сауаттылық 

деген біртіндеп қалыптасады.

Қателеріңді  түзетіп,  отбасылық  бюджетті  қай-

та  түзгілерің  келсе,  тағы  да  қосымша  40  минут 

уақыт берейін. Бірақ абайлаңдар! Бұл жолы шығын 

кірі стен асып кетпесін.

– Сонда ақшаны қалай жеткізуге болады? – деп 

сұрады Марат.

Көп тапсаң, бәріне жетеді! – деді Артем. 

–  Әрине,  көп  ақша  тапқан  жақсы.  Бірақ  ақша 

адамға бәрібір жетпейді. Өйткені, көп адамдар ақ-

шаны мақсатсыз жұмсайды. Керек емес нәрселер-

ге шығындайды, – деді Дана Ғалымқызы. – Бірақ 

11


сендер ондай болмаңдар. Осы бастан ақша үнем-

деп үйреніңдер. Ең қажетті дүниелерге ғана жұм-

саңдар. Сонда 100 000 теңге де, 1 000 000 теңге де 

жетеді!


– Бізге тағы қандай кеңес бересіз? – деді Шол-

пан ұстазына.

–  Крандағы  су  бекер  ағып,  электр  шамы  бекер 

жанып тұрмасын! Бұл да – үнем. Киім-кешекті күтіп 

киіңдер.  Сонда  ақша  шығындап,  жаңасын  сатып 

алмайсыңдар.  Ең  бастысы,  түкке  қажеті  жоқ,  күні 

ертең босқа қалатын, шаң басып шкафта жататын 

заттарға әуес болмаңдар. 

Егер шығын табыстан асып кетсе, болашақта қа-

жетті  нәрселерге  қол  жеткізе  алмай  қаласыңдар. 

Қор да жиналмайды. Ақшаны бейберекет жұмсаған 

адам қарызға батады. Басы бәлеге қалады.

Ал егер ай сайын азғантай болса да ақша үнем-

деп, жинай берсеңдер, түбінде бір кәдеге жарайды. 

«Ақша тиыннан құралады». Осыны ұмытпаңдар!

   


–  Дана  Ғалымқызы,  ата-анам  маған  жолға,  та-

маққа, анау-мынауға деп аптасына 1000 теңге бе-

реді. Бұл да отбасылық бюджетке жата ма? – деп 

сұрады сабақ соңында Шолпан.

– Маған да сондай ақша береді! – деді Марат.

–  Сұрағың  орынды!  –  деді  Дана  Ғалымқызы.  – 

Күнделікті жұмсалатын ақша да – отбасылық бюд-

жеттің  құрамдас  бөлігі.  Және  де  бұл  –  өздеріңнің 

жеке бюджеттерің. Қалай жаратсаңдар да, өз ерік-

терің. Үнемдеп жұмсай алсаңдар, тіптен жақсы!

– Егер жартысын тамаққа, жартысын жолға жұм-

сасақ, несі қалады? – деді Артем.

13

12


Қоржын мысықтың сөздігі

Бюджет

  –  мемлекеттің,  кәсіпорынның,  отбасының 

немесе жеке тұлғаның белгілі бір мерзімдегі кірісі мен 

шығысы.


Отбасылық бюджет

 – бір отбасының кіріс-шығысы.



Табыс, кіріс, түсім

 

– сатылған өнімнен, көрсетілген 

қызметтен көретін пайда.

Еңбекақы, жалақы

 – адамға белгілі бір мерзімдегі 

(ай, күн, апта) еңбегі үшін төленетін ақша.

Шығыс,  шығын

  –  белгілі  бір  мақсатқа  жұмсалған 

ақша.

Дефицит

 – бір нәрсенің тапшылығы.



Профицит

 

– шығынның табыстан асып кетуі.



Активтер

 – әралуан мүлік түріндегі пайдалы меншік.



Пассивтер

  –  жеке  тұлғаның  немесе  кәсіпорынның 

қарыздары.

Жинақ, жиынтық, қор

 – табыстың артылған, жина-

латын бөлігі.

Күнделікті  жұмсалатын  ақша

  –  ересек  адам 

ұсақ-түйекке жұмсайтын ақша, ата-ананың балалары-

на тамаққа, жолға беретін ақшасы. Күнделікті ақшаны 

дұрыс жұмсаудың маңызы зор. Ата-анасы берген ақ-

шаны үнемдей білген бала ерте жастан ұқыптылыққа 

дағдыланады.

–  Бұл  туралы  бүгінгі  сабақта 

айтылды  ғой!  –  деді  Қоржын  ба-

лақайға.


– Иә, есімде! 5 күн жол жүрсем, 

500  теңге  қалады  екен.  Егер  ара-

сында ғана тамақ немесе шоколад ал-

сам, біраз ақша артылып қалады. Соны жинауға да 

болады, – деді Артем қуанып.

–  Кәмпитке  ақша  жұмсағанша,  үйден  алма  не-

месе бутерброд ала шыққан дұрыс! –деді Шолпан 

досына.


–  Бәрекелді!  Бүгін  біраз  нәрсе  үйрендіңдер,  – 

деді  Дана  Ғалымқызы.  –  Енді  сендерге  берілетін 

үй тапсырмасы: күнделікті ақшаны жаратудың түр-

лі жолдарын қарастырыңдар.

– Жарайды! 

Балалар ұстаздарымен қош- 

тасып, үйлеріне асықты.

15


Отбасылық бюджет≫

лабиринт- ойыны

Бұл ойын сендерді отбасылық бюджетті 

дұрыс жоспарлауға үйретеді. Лабиринттің 

оң жақ бөлігіне ақша жинауларың керек. Бұл 

– отбасының табысы. Тиісті шеңберлерге 

түрлі сомаларды (ата-ананың жалақысы, 

ата-әженің зейнетақысы, жәрдемақылар, 

депозиттен түсетін пайыз, басқа да табыс 

түрлері) жазуға тиіссіңдер. Ойын алаңының 

сол жағы – ақша жұмсауға арналған бөлік. 

Бірақ естеріңде болсын, шығын табыстан 

асып кетпеуі керек! Артылған ақша «банкке» 

салынады. Одан пайыз алып отырасыңдар.

Қоржын мысықтың кеңестері

1.

   Кіріс пен шығысты әр апта, ай, жыл сайын есептеп 



отырыңдар. Ол үшін арнайы журнал ашыңдар. Сон-

да  сендер  ақшаның  қайда,  не  үшін  жұмсалғанын 

білетін боласыңдар.

2.  


Ақшаны үнемдеп, ұқыптап жұмсауға дағдыланыңдар. 

Киімді тоздырмай, күтіп кисеңдер, бөлмеден шығар-

да  жарықты  сөндіріп  жүрсеңдер,  крандағы  суды 

босқа  ағызбасаңдар,  жақын  жерге  жаяу  барсаңдар, 

біршама қаржы-қаражат үнемделеді.

3.

   Ақшаны  ақылмен  жұмсаңдар.  Әлдебір  зат  аларда 



«осы зат маған шынымен-ақ қажет пе?» деп ойланып 

алыңдар. Жылтыраған жарнамаға сене бермеңдер.

4.  

Ысырапшыл болмаңдар. Үнемшіл болыңдар! Ақша-



ны ақылмен жұмсап үйренген бала, есейгенде қинал-

май өмір сүреді. Қателіктерге ұрынбайды.

5.

   Біреуден қарыз алсаңдар, уақытында қайтарыңдар. 



Қарызды қайтармау – ұят нәрсе. Абыройсыздыққа 

апарады.  Ал  адамның  абыройы  алтыннан  да 



қымбат. Осыны ұмытпаңдар!




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал