Сабақтың барысы: Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»



жүктеу 68.45 Kb.

Дата20.02.2017
өлшемі68.45 Kb.
түріСабақ

 

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...»

 

Мақсаты: оқушыларды үлкенді құрметтеуге, сыйлауға, кішіге көмектесуге, 

инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: фотосуреттер, слайд, түрлі түсті қағаздар, түрлі түсті қарындаш, 

қайшы.

 

Сабақтың барысы:



 

Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамзаттың бәрін 

сүй, бауырым деп».

 

Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы



олардың мейірімілігі, сүйіспеншілігі, имандылығы туралы сөз етеміз.

 

Шаттық шеңбері

 

Мұғалім: Балалар, бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық.

 

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,



 

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

 

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,



 

Үлгі алсын көрген жана мына бізден.

 

Осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар балаларымды көргеніме өте 



қуаныштымын. Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін өзімізге және 

келген қонақтарға жақсылық, көтереңкі көңіл тілейік.

 

 

Біз тағы да біргеміз,



 

Сөгілмейді іргеміз.

 

Құшып күннің шуағын,



 

Көрісеміз қуанып.

 

Амансыз ба, Алтын күн,



 

Амансыз ба, Көк аспан!

 

Амансыз ба, ағайын!



 

Сіздерді көрсем қуанам.

 

 

-Міне, тамаша! Ал, енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырымын. 



 

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» - бұл қазақтың ұлы ақыны Абайдың сөзі. 

Енді адамзат деген сөзге тоқталайық. Адамзат - бүкіл адам баласы деген сөз.

 

Адамды сүю - адам танудан басталады. Адам тану-адамзат арасындағы қарым - 



қатынас мейірімнен басталады.

 

Ал адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік, қайырымдылық - ең әуелі әркімнің өз 



отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол үйдің отбасын құрайды. 

Отбасы деген не? Осы сөзді айтқанда сіздер кімді есіне аласыздар? Кім өз отбасы 

туралы айтып береді.

 

Оқушы әңгімесі тыңдалады.

 

Мұғалім: Отбасындағы ең үлкен, қадірлі адам кім?

 

Оқушылар: Ол - ата. 

 

Фарида:

 

 



Менің атам мықты адам,

 

Күштілерден ықпаған.



 

Жас кезінің өзінде

 


Жігіті жоқ жықпаған.

 

Менің атам мықты адам,



 

Бораннан да ықпаған.

 

Жылқы жайып, қой бағып,



 

Биігі жоқ шықпаған.

 

(Н.Айтов.)



 

 

Салтанат:

 

 

Мен атама татқанмын



 

Домбырасын қолға алып,

 

Ән салады аташым.



 

Күй тартқанда толғанып,

 

Қызығына батасың.



 

Мен атама тартқанмын.

 

Домбырасын тартамын,



 

Өнегесін аламын.

 

Шырқап әнін саламын.



 

Өнер қуған баламын,

 

Мен атамдай баламын!



 

 

Мейрамгүл:

 

 

Айтады ертек жан атам,



 

Ақ сақалын салалап.

 

Құмарымды тарқатам,



 

Жер мен көкті аралап.

 

Ертегілер еліне



 

Бір шегетін сапарды,

 

Ардақтаймын өмірде



 

Асқар таудай атамды.

 

 

Мұғалім: Отбасындағы атадан кейінгі адам - әже. (Өз әжелері туралы айтып 



береді). 

 

Данияр:

 

 

Әжем туралы әңгіме



 

Саусағы сары ала жүзікті,

 

Қолынан түспейді жүргенде.



 

Бұрышқа апарып қояды

 

Даладан бөлмеге кіргенде.



 

Куәгер кешегі заманға

 

Әрдайым жайдары,



 

Жаз өңді,

 

Көп ертек білетін қызықты



 

Көрсеңдер аяулы әжемді!

 

Әлдекім әжемнің шашына



 

Әдейі бор жағып қойғандай.

 


Кимешек тартқанда басына

 

Болады ақша бұл қонғандай.



 

(Қ.Қоянбаев).

 

 

Біржан:



 

 

Аналардың анасы



 

Әпкем-әже баласы,

 

Әкем-әже баласы.



 

Апамыздың ағасы-

 

Ол да әжемнің баласы.



 

Анам дейді мамашым.

 

Әже деген шамасы-



 

Аналардың анасы.

 

(Ә.Табылдиев)



 

 

Құламерген: 

 

Менің әжем!

 

Менің әжемнің аты - Айтжамал. Ол кісі 72 жаста.  



 

Мұғалім: Балалар, сендердің өз ата, әжелеріңнен басқа тағы қандай ата, әжелерің 

болады? 


 

Оқушылар: Нағашы ата, әжеміз. 

 

Мұғалім: Нағашы ата, әже деп кімді айтамыз? 

 

Оқушылар: Анамыздың әке, шешесін, туысын. 

 

Оқушылар өз нағашы ата, әжесі туралы айтады. 



 

Арлан:

 

Жігіттің үш жұрты болады екен

 

Жігіттің үш жұрты болады екен



 

Өз жұрты сынаққа әбден салады екен.

 

Қайын жұрты сын көзімен қарағанда



 

Сенетін нағашы жұрт қалады екен.

 

Үйдің жақсы болмағы ағашынан,



 

Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан.

 

Хасен нағашы атам мінгізген,

 

Тәй-тәйлатып Айсұлу апам жүргізген.



 

Нағашы жиен болып тарасамыз,

 

Бір атаның баласы болып жарасамыз. 



 

Мұғалім: Сонымен, осы ата, әжелерді қандай кісі дейді? 

 

Оқушылар: Үлкен кісі, қарт, ақсақал.

 


Мұғалім: Олай болса, осы үлкен адамдармен қалай сәлемдесу керек екенін 

айтайық. 

 

Ер бала: Ассалаумағалейкүм, ата!



 

Ата: Уағалейкүм ассалам, бар бол, балам!

 

Қыз бала: Сәлеметсіз бе, ата!



 

Ата: Көп жаса, бақытты бол, қызым! 

 

Мұғалім: Отбасындағы ата мен әжеден кейінгі адам - әке.

 

Атаңның баласы.



 

Кей кезде таласып,

 

Қаласың әжеге,



 

Білгенің асады кәдеге.

 

Ол кім? (Әкең)



 

Өз әке-шешелері туралы оқушылар айтып береді. 

 

Карим:

 

 



Атам айтса «Ұлым» деп,

 

Әжем айтар «Күнім» деп,



 

Екеуінен қаймығып,

 

Айтады әкем «Інім» деп.



 

Ықыласы бір меңде,

 

Бір шытпайды қабағын.



 

Үйде, түзде жүргенде,

 

Соған ұқсап бағамын.



 

 

Фарида:

 

 

Өмірдің көрген талай жол торабын,



 

Әкеден кім аяиды қолда барын.

 

Әкенің ақ тілегін өтеу парыз,



 

Мен бүгін әкемді ойлап толғанамын.

 

Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,



 

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

 

Өмірдің соқтығымен өрге тартып,



 

Алдымен адам бол деп жетелеген.

 

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,



 

Біз үшін түскен майдан ортасына.

 

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз,



 

Біз бүгін әкелердің арқасында.

 

(Н.Шәкенов)



 

 

Ән:

 

«Асыл ана»



 

Өлеңін жазған-

 

Әнін жазған-



 

Самайдағы, ақ шашыңның әр талына қарызбын,

 

Еш нәрсемен өтелмейді – ау парызым.



 

Жауаптымын, жанарыңнан, сырғанаса тамшы жас,

 

Маған, бәрі сын.



 

Ауырмашы, аман жүрші, көз алдымда көрініп,

 

Арамыздан ұзамашы бөлініп.



 

Көңіліңе қаяу түссе, шырылдайды – ау жүрегім,

 

Жаным, егіліп 



 

Қайырмасы: 

 

Асыл ана, жаулығы желбіреген



 

Асыл ана, жүрегі елжіреген.

 

Асыл ана, жаулығы желбіреген



 

Асыл ана, жүрегі елжіреген.

 

Ақ тілекшім , ақ жолдайым, ақ жүректі анашым.



 

Бәйек болып, қабағамды бағасың,

 

Сан айналып, өтсем дағы, таба алмаспын әлемнен.



 

Сендей жан ашыр.

 

Есейсемде, аңсатады алақаның, аялы,



 

Еске салып сәби күнді баяғы.

 

Айналайын деген сөзің жүрегімде анашым,



 

Мәңгі қалады. 

 

Қайырмасы:  

 

Асыл ана, жаулығы желбіреген



 

Асыл ана, жүрегі елжіреген.

 

Асыл ана, жаулығы желбіреген



 

Асыл ана, жүрегі елжіреген. 

 

Қайырмасы:  

 

Асыл ана, жаулығы желбіреген



 

Асыл ана, жүрегі елжіреген.

 

Асыл ана, жаулығы желбіреген



 

Асыл ана, жүрегі елжіреген.

 

Асыл ана, жүрегі елжіреген



 

Жағдаяттарды талдау. 

 

Мұғалім:

 

Жұмыстан келген анасы ұлына: 



 

-Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен?-деді.

 

-Жата беріңіз,-деді кітаптың қызығына түскен ұлы назар аудармастан.



 

Анасы төсегіне барып жатты да, ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. 

Ұлы орнынан салдыр-күлдір еткізіп, ренжи тұрды да, үн-түнсіз оның өтінішін 

орындады. (В.Воробьев) 

 

Бала анасына жанашырлық білдіре алды ма?



 

Сен оның орнында болсаң не істер едің? 

 


Мұғалім: Ал, сіздерде бір мезгілде отбасындағы бір мүшесін ренжіткен сәттеріңіз 

болды ма? Ал аналарыңызды ренжітіндер ме? 

 

Оқушылар өз жауаптарын айтып береді.  

 

Шығармашылық жұмыс 

 

Аналардың алақаны. Әр оқушының үстелінде түрлі түсті қағаздан кесілген 



аналардың алақаны жатады. Әрбір саусақтарына анасы қандай жан екенін және 

алақаның ортасына қандай жағдайда ренжіткенін жазып шығады.

 

Кейін басқа қағазға өзінің алақаның сызып, қайшымен кеседі. Өзінің сызған 



алақанына анасынан кешірім сөздерін жазады. Сосын екі алақанды бірге бастырып 

қояды: ананың алақаны астында, баланың алақаны үстінде.  

 

Оқушылар жазғандарын оқып береді.  

 

Мұғалім: Не себепті отбасында сүю, қадірлеу, бір-бірінді түсіну ең маңызды деп 

санаймыз? Сонымен, сендер үшін ата, әже, әке, шеше қандай адамдар? 

 

Оқушылар: Ең қымбат адамдар. 

 

Салтанат:

 

Кім қымбат?

 

 

Құт-береке қымбат,



 

Мейірімді әжең қымбат.

 

Асқар тауың әкең қымбат,



 

Аймалайтын анаң қымбат.

 

 

Мұғалім: Балалар, сендердің әкелеріңнің әкесі-ата, ал одан арғы аталарыңды баба 



дейміз. Әр бала осы аталарының ең аз дегенде жетеуін білуі керек.

 

Қазақта «Жеті атасын білмеген-жетесіз», «Жеті атаны білсең, ата дәстүрді 



сақтағаның» деген сөздер бар.

 

Кім өзінің жеті атасын айтып береді? 



 

Мұғалім: Отбасында тағы кімдер болады? 

 

Оқушылар: - Әпке, аға, іні, қарындас, бөпе. 

 

Мейрамгүл:

 

Менің әпкем

 

 

 



Сағынғанда көтеріп,

 

Құшырлана сүйеді.



 

Шапалағы шарт етіп,

 

Жағыма кеп тиеді.



 

Үндемеймін оған мен,

 

Үндемеуге бекінем.



 

Қанша қатал болғанмен,

 

Сүйеді кеп бетімнен. 



 

 

Карим:

 

 

Киімімді жуады



 

Барлық ынта, зейінмен.

 

Үйдегі бір мұғалім



 

Өзі шығар деймін мен.

 

Кейде бәйек бола ғап,



 

Асымды да қойды алға.

 

Сағатына қарап ап,



 

Жібереді ойнауға.

 

 

Құламерген: 



 

Жүрем оның бейнесін

 

Жүрегіме орап мен.



 

Сағынамын көрмесем,

 

Алтын әпкем, жан әпкем.



 

(Т.Молдағалиев) 

 

Жүректен жүрекке 

 

Мұғалім: Құрметті оқушылар, сабағымыз да өз мәресіне жетті. Сендердің 

қуанышты, жайдары, аржарқын жүздеріңнен сүйіспеншіліктің белгісін көріп 

тұрмын. Әрбір сабағымыз сендердің жан дүниелеріңе кішкене болса да жылулық 

ұялатып, ізгілікке қарай бастағанына қуаныштымын. Балалар, осындай асқар 

әкелерің, мейірімді әжелерің, әр үйдің құт-ырысы аталарың, аймалайтын аналарың 

бар сендер ең бақытты балаларсыңдар. Алла тағала осы бақыттарыңнан 

айырмасын, отбасындағы адамдардың бәрі аман болсын.

 

 

Анаң - күнің, жүрегің,



 

Әкең - өмір тірегің.

 

Сен бақытты ұлансың,



 

Бәрі саған қуансын.

 

Әжең-асыл ардағың,



 

Атаң-дана қорғаның.

 

Сен бақытты ұлансың,



 

Бәрі саған қуансың.

 

 

Осы өлең жолдарымен біз бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.



 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал