Сабақтар, зертханалық практикум, бақылау жүйесін, студенттердің зерттеу және өзіндік жұмыстарын қамтиды



жүктеу 41.34 Kb.

Дата12.06.2017
өлшемі41.34 Kb.
түріСабақ

Вестник ПГУ №1, 2010

128

УДК 378.147.018.43



ТЕХНИКАЛЫҚ  ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНЫ 

СТУДЕНТТЕРІН ҚАШЫҚТЫҚТАН  ОҚЫТУДЫ 

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Д.Е. Бидайбеков 

М.Тынышбаев ат. Қазақтың көлік және коммуникация академиясы

Қашықтықтан оқытуда техникалық оқу орнында оқу үдерісін дәстүрлі 

ұйымдастырудың негізгі формаларын:  дәрістер, семинарлық және тәжірибелік 

сабақтар, зертханалық практикум, бақылау жүйесін, студенттердің зерттеу 

және өзіндік жұмыстарын қамтиды.

Техникалық оқу орындарында студенттерді қашықтықтан оқытуда 

қолданылатын педагогикалық қызметтің негізгі ұйымдастыру формаларын 

қарастырайық.

Дәрістердің негізгі міндеттері – оқытудың теориялық негізін қамтамасыз 

ету, оқу қызметіне және нақты оқу пәніне қызығушылықтарын дамытуды, 

студенттердің курс барысында өз бетіндік жұмыстарының бағыттарын 

қалыптастыруды көздейді. Дәстүрлі дәріс ақпаратты жеткізудің тәсілі 

ғана емес, оқытушының студенттерге, олардың танымдық белсенділіктерін 

арттыратын, эмоционалдық әрекет жасауының әдісі болып табылады. 

Дәрісті оқу әдістемесі пәнді оқып-үйрену кезеңіне және студенттердің 

жалпы дайындық деңгейіне байланысты болады, оның жүргізілу формасы 

тақырыптың сипатына және материалдың мазмұнына тәуелді. 

Педагогтар күндізгі оқу бөлімінде теориялық материалды беруде 

дәрістердің негізгі үш типін ерекшелейді: кіріспе дәріс, ақпараттық дәріс 

және шолу дәрісі.

Проблемалық дәріс, дәріс-визуализация, дәріс-пресс-конференция

алдын ала ойластырылған қателері бар дәріс және т.б. сияқты дәрістердің 

формалары белгілі. 

Қашықтықтан оқытуда дәстүрлі дәрістер студенттер мен оқытушылардың 

қашықтығына, оқу топтарының тарату сипатына және т.б. байланысты оқу 

қызметін ұйымдастырудың практикалық тұрғыда нақты формасы бола 

алмайды, теориялық материалдарды оқып-үйрену үшін қашықтықтан 

оқыту ерекшеліктерін есепке алатын басқа технологиялар қолданылуы 

қажет. Қашықтықтан оқытуда дәстүрлі дәрістерден басқа бейне дәрістерді, 

интерактивті мультимедиа  дәрістерін ерекшелеуге болады.

Бейне дәріс жағдайында оқытушы дәрісі бейне таспаға жазылады. 

Сызықтық емес монтаж әдісімен ол мультимедиялық қосымшалармен

дәрістерді иллюстрациялайтын мазмұнмен толықтырылады. 


серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

129

Теориялық материалды жеткізудің бұл тәсілінің артықшылығы дәрісті 

қиыншылық тудырған жерлерге қайтып оралуға болатынына, кез келген 

ыңғайлы уақытта тыңдауға мүмкіндік береді. 

Бейне дәріс жоғары оқу орнынан тікелей оқу орталықтарына 

телекоммуникация арқылы тасымалдануы мүмкін.

Студенттер дәріс материалдармен өздік жұмыс жасағанда интерактивті 

компьютерлік оқыту бағдарламаларды пайдаланады. Оқу бағдарламаларында 

мультимедиялық құралдар пайдаланғандықтан теориялық материалдар 

құрылымданған.  Онда әр студент өзіне материалды оқудың қолайлы ұтымды 

траекторясын және оның қабылдау   психофизиологиялық ерекшеліктеріне 

максималды сәйкесетін курспен жұмыс жасаудың қарқынын таңдай алады.  

Осындай бағдарламаларда  оқыту әсері тек қана мазмұнды бөлікпен 

және ыңғайлы интерфейспен ғана емес,  студентке теориялық материалды 

қаншалықты ұққанын бағалауға мүмкіндік беретін тестілеу бағдарламаларын 

қолданумен да жүзеге асырылады.

Осы дәрістердің маңызды элементі интерактивтілік болып табылады. Ол 

бағдарлама интерфейсі арқылы жүзеге асырылады. Интерфейс көмегімен  студент  

керекті әрекеттерді орындай алады: қажетті материалды іздеу, бейне материалды 

қарап шығу, компьютерлік экспериментті өткізу, тесті орындау және т.с.с.

Егер  оқу пәні  оқу - әдістемелік құралдармен жақсы қамтамасыз етілген 

болса, онда қашықтықтан оқытуда дәстүрлі дәрістер болмауы да мүмкін. 

Тәжірибелік сабақтар пәнді  терең оқуға үшін және теориялық 

материалдарды тәжрибеде пайдалану дағдылараын қалыптастырады.

Қашықтықтан оқытуға беімделген тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру 

формаларынан келесілерді ерекшелейміз [1].

Нақты есептерді шешу тәсілдерін меңгерудің үш кезеңі бар. Бірінші 

кезеңде студенттерді басылған оқу құралдар, материалдар, мәліметтер 

базасы, бейне дәрістер, компьютерлік тренажер арқылы есептерді шешу 

әдістемесімен таныстыру қажет. Осы кезеңде студентке көп кездесетін 

есептер беріледі. Оларды есептеу барысында стереотиптік тәсілдерді 

пайдалану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, алынған теориялық 

білімдер мен нақты мәселелерді шешу есептері арасында байланысты түсінуге  

мүмкіндік береді. 

Осы кезеңде өзін бақылау үшін формалданбаған тесттерді пайдаланады. 

Олар тек дұрыс жауапты ғана көрсетпей, қате жауап алынса тәптіштеп 

түсіндіріледі. Осы жерде тесттер тек бақылау қызметін ғана орындамай

оқыту қызметін де орындайды. Сұраққа жауап беру үшін оқытушы немесе 

тьютор консультация бере алады. 

Екінші кезеңде теориялық есептер қарастырылады. Бұл жағдайда 

оқытушы және тьютор рөлі өседі. Оқытушы мен  студенттер арасында қарым-

қатынас on–line технологияларды пайдаланып жүргізіледі. 



Вестник ПГУ №1, 2010

130

Оқытушы кейбір тақырыптарды перефериялық орталықтарда 

сабақты өткізу үшін тьюторға беруіне болады. Мұндай сабақтар тек 

шығармашылық  ойлауды ғана емес мәселені іскерлікпен  талқылау 

дағдыларын қалыптастырады, кәсіптік сөйлеу тілін меңгеруге мүмкіндік 

береді.


Үшінші кезеңде нақты есептерді шешу дағдыларын тексеруге мүмкіндік 

беретін бақылау жұмысы орындалады. Осындай бақылау жұмыстарын 

орындау of-line режимінде де, on-line режимінде де өткізуге болады. Ол 

бақылау тапсырмасының мазмұнынан, көлемінен және қажеттілік деңгейінен 

байланысты болады. Әр бақылау тапсырмасынан кейін көп кездесетін 

қателерді талдау және есептерді шешу әдістемесі бойынша ұсыныстарды беру 

тьютор жетекшілігімен немесе желілік құралдарды пайдаланып консультация 

өткізу арқылы жүреді. 

Ғылыми – зерттеу әрекеті барысында зертханалық жұмыстар теориялық 

- әдістемелік білімдер мен тәжірибелік дағдыларды біріктіруге мүмкіндік 

береді.

Қашықтықтан оқытуда зертханалық жұмыстарды қажетті материалдық 



базасы бар оқыту ортылығында немесе жоғары оқу орындарының  

филиалдарында  тьюторлардың жетекшілігімен немесе оқытушылармен 

өткізілуі қажет.

Зертханалық жұмыстар өткізу бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші 

кезеңі зертханалық практикумға  кіріспе болып табылады. Онда өлшеу 

құралдарымен, әртүрлі шамаларды өлшеу әдістерімен, нәтижені статистикалық 

өңдеу әдістемесімен, алынған нәтижелердің графикалық және т.б. әдістерімен 

танысады. Зертханалық жұмыстардың «жұмыс мақсаты», «эксперимент 

міндеттері», «нәтижелер», оларды пайдалану бойынша ұсыныстар сияқты 

іргелі  ұғымдарды түсіндіруге ерекше мән беріледі. Осы кезеңде білім 

алушылар әдебиеттермен және компьютерлік тренажерлармен  жұмыс 

жасайды. Бақылау жұмысы тест бағдарламалары арқылы орындауда, ал 

оқытушының негізгі жұмысы констультациялық қолдау болып табылады.

Екінші кезенде  нақты ортаны, зертеу нысандарын, эксперимент өткізу 

шарттарын имитациялаудың жаттықтырушылармен (виртуалды зерттеумен) 

жұмыс жасайды. Осындай жаттықтырушылар нақты эксперимент үшін 

қажетті шарттарды және өлшеу құралдарын виртуалды қамтамасыз етеді 

және эксперименттің оңтайлы параметрлерін алуға мүмкіндік береді. 

Тренажерлармен жұмыс, зертханалық экспериментті ұйымдастырудың 

эскиздерін, сұлбаларын құру дағдыларын қалыптастыруға, нақты 

эксперименттерді нысандармен жұмыс жасағанда уақытты босқа кетірмеуге 

мүмкіндік береді. Осы кезеңдегі оқытушылар міндеті студенттерге 

консультация  беру, ал тьютордың міндеті тренажермен жұмыстың жеке 

траекториясын жасау болып табылады.



серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

131

Үшінші кезеңде экспериментті нақты жағдайларда орындайды. Ол үшін 

эксперименттерді ортаға не филиалдың материалдық базасына қашықтықтан 

қол жеткізуге болады. 

Бұл кезеңде педагогикалық жүктеме зертханалық практикумды 

ұйымдастыратын және студенттерге көмек көрсететін тьюторға жүктеледі. 

Атқарылған жұмыстар бойынша есеп курс оқытушысына немесе тьюторға 

ұсынылады. 

Сол себепті, қашықтықтан оқыту барысында зертханалық жұмыстарды 

ұйымдастыру мен жүргізу оқытушының студенттермен тікелей қарым-

қатынасын арттыра түседі, ол бекіту кезеңінде маңызды орынға ие болады. 

Дегенмен зертханалық жұмыс қашықтықтан оқытуда оқу қызметінің 

ұйымдастыру формасы ретінде студенттердің оқу-танымдық қызметтерін 

кеңестік және бақылау ұйымдастыруда оқытушының рөлін күшейтуді және 

студенттердің оқу-әдістемелік материалдармен, әсіресе жаттықтырушылармен 

өз бетіндік жұмыстарын арттыруды ұсынады. 

Зертханалық жұмыстар әртүрлі мамандықтар мен оқу пәндері үшін 

ерекше болып табылады, сол себепті әр мамандықта және оқу пәнінде ерекше 

әдістемелік нұсқаулар болуы қажет.

Оқу қызметін ұйымдастырудың негізгілерінің бірі оқу және ғылыми 

материалдарды оқып-үйренуде зерттеу ықпалын қалыптастыратын 

семинарлық сабақтар табылады. Семинарлардың басты мақсаты – курстың 

неғұрлым теориялық қиын сұрақтарын талқылау, оларды әдіснамалық және 

әдістемелік жағынан қарастыру болып табылады. 

Қашықтықтан оқыту жүйесінде семинарлық сабақтардың барлық үш 

деңгейі жүзеге асырылады: просемиралар, семинарлар, арнайы семинарлар. 

Семинарлардың бөлігі тьютордың жетекшілігімен филиалдарда дәстүрлі 

аудиториялық сабақтар формасында өткізіледі, себебі оқытушылардың  

семинарлық сабақта филиалдарда ұйымдастыру мақсатты түрде 

жоспарланған. 

Дәстүрлі аудиториялық семинарлық сабақтарды жүргізу қажеттігі 

оқылатын пәннің ерекшелігіне байланысты. Бірақ, тәжірибелік сабақтардың 

басқа түрлеріне қарағанда аудиториялық жұмыстың көлемі маңызды 

болып қалатындығында, семинарлық сабақтардың теориялық басы оларды 

ақпараттық технологиялар негізінде тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Семинарлардың басым көпшілігі on-line технологияларының көмегімен 

жүргізіледі: Chat, Audio Conferencing, Internet Video Conferencing.

On-line технологиялар просеминарлар, семинарлар және арнайы 

ғылыми семинарларды жүргізудің негізі болып табылады. Желілік қарым-

қатынас on-line режимінде базалық жоғары оқу орнының оқытушыларымен 

немесе базасында филиалдары құрылған аймақтық жоғары оқу орнының 

оқытушы-кеңесшілермен (тьюторлармен)  ұйымдастырылады. Арнайы 



Вестник ПГУ №1, 2010

132

(ғылыми) желілік семинарларды өткізу үшін сәйкес пәндік аймақтың 

жетекші ғалымдарын қатыстыру тиімді. Осыған байланысты ақпараттық 

технологиялар техникалық бағыттағы студенттердің оқу-танымдық және 

ғылыми-зерттеу қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз ететін мамандардың 

кең ауқымының мүмкіндіктерін ұсынады.

ЛИТЕРАТУРА

1 Демкин В.П., Можаева Г.В. Технологии дистанционного обучения. 

Монография – Томск, 2008.-124 б.

Резюме

В данной статье рассмотрены особенности организации 

дистанционного обучения  студентов технического вуза. Рассмотрены 

методы,  формы, средства организации дистанционного обучения. 

Интерактивность рассматривается как важный элемент 

дистанционных занятий. Представлены способы эффективной 

организации  сетевых занятий.

Resume

In this article features of the organization of remote training of stu-

dents of technical college are considered. Methods, forms, means of the 

organization of training are considered. Interactivity is considered as the 

important element of remote employment. Ways of the effective organiza-

tion of network employment are presented.

УДК 378.147



ҚАШЫҚТЫҚТАН  ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ

Б.Ж.Нурбеков 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қашықтықтан оқыту тарихы ХІХ ғ. ортасынан басталады. Қашықтықтан 

оқытудың шетелдік және отандық тәжірибесі көрсеткендей бүгінде 

аккредитацияланған қашықтықтан оқыту сапа жағынан дәстүрлі оқытудың 

эквиваленті болып табылады. 

Қазірде қашықтықтан оқытудың әртүрлі білім беру сатысы үшін іске 

асырылып, докторлық бағдарламалар бойынша да акредитацияланған 

қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал