Сабақтар мен консультациялар өткізу уақыты: жұма, 15-00 ден 16-00ға дейін. Пәннің саясаты: Студенттер міндетті



жүктеу 104.13 Kb.

Дата12.09.2017
өлшемі104.13 Kb.
түріСабақ

 

 


  

Ф ҚМК 705-21-15 Силлабус.Төртінші басылым. 

Ф КМК 705-21-15 Силлабус. Издание четвёртое. 

 

 



 

 


  

Ф ҚМК 705-21-15 Силлабус.Төртінші басылым. 

Ф КМК 705-21-15 Силлабус. Издание четвёртое. 

 

 



1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ 

Аталған пәннің оқытушысы туралы мәлімет: 

Романова О. Л., жоғары санат. 

 

Байланыс ақпараты:  



№ 311 кабинет; 

Сабақтар мен консультациялар өткізу уақыты: жұма, 15-00 ден 16-00ға дейін. 

 

 

Пәннің саясаты: 



Студенттер міндетті: 

1.  Сабақ  кестесіне  сәйкес,  халатпен,  қалпақпен,  екінші  аяқ  киіммен 

дәрістерге, практикалық сабақтарға қатысуға. Дәріс пен сабақ барысында 

ұялы телефондарын сөндіруге.  

2. 

Сабақты  себепсіз  қалдырмауға  (тек  ауырып  қалса),  қалдырған 



сабақтарды меңгеру үшін бөлім меңгерушісінің рұқсатын ұсынуға.   

3. 


Қалдырған  сабақтарды  оқытушы  айтқан  белгілі  бір  уақытта 

меңгеруге.  

 

Оқу уақытының бөлуі: 



 

Барлық сағат 

90 

Теориялық сабақтар 



30 

Зертханалық, практикалық сабақтар 

60 

Модульдер саны 



Дифференциалды 

сынақ 

(семестрді 



көрсету) 

 

Емтихан (семестрді көрсету) 



II семестр 

Мемлекеттік емтихан 

 

ОӨП (бөлімдер мен семестрді көрсету)   



ДӨП (бөлімдер мен семестрді көрсету)   

Семестр бойынша 

Барлығы  

Теор. 


Прак. 

I семестр 

30 

10 


20 

II семестр 

60 

20 


40 

III семестр 

 

 

 



IV семестр 

 

 



 

V семестр 

 

 

 



VI семестр 

 

 



 

 

 



 

  

Ф ҚМК 705-21-15 Силлабус.Төртінші басылым. 

Ф КМК 705-21-15 Силлабус. Издание четвёртое. 

 

 



2. БАҒДАРЛАМА 

2.1  Кіріспе:  сауатты  мамандарды  дайындаудағы  -  физиологияның  рөлі  мен 

маңызы.  Медицина  дамуының  заманауи  кезеңі  студенттерді  қиын,  жан-жақты 

дайындауды  талап  етеді.  Аталған  пәнді  оқу  барысында  ең  бастысы  -  адам  ағзасының 

физиологиялық  функцияларының  жалпы  заңдылықтарын  айыра  білуді  үйрену,  адам 

ағзасының құрылымы мен функциясының біртұтастығы мен өзара байланыстары туралы, 

ағзаның қоршаған ортамен тығыз байланысы туралы ғылыми түсінік алу.   

2.2 Пәннің мақсаты:  

1)  Аталған  пән  сыртқы  ортаның  факторларының  әсерін  ескере  отырып,  тірі  ағзаның 

функциясы  туралы,  сонымен  қатар  осы  функциялардың  реттелу  механизмі  туралы 

білімнің қажетті көлемін анықтайды.  

2)  Студенттерді  клиникалық  пәндерді  меңгеруге  дайындауға  және  алған  білімдерін 

болашақта практикалық қызметінде сауатты қолдануға мүмкіндіку береді.   

2.3 Оқытудың міндеттері:  

Тірі  дені  сау  ағзаның  негізгі  қызмет  ету  механизмдерін  сапалы  меңгеру  үшін 

студент келесіні білуі қажет: 

1) жыныстық және жас ерекшеліктерін және ағзаның қоршаған ортамен өзара байланысын 

ескере отырып, дені сау адамның негізгі физиологиялық сипаттамалары туралы білімдерін 

көрсету; 

2)  ағзаның  тұтас  реакцияларының  қалыптасуы  және  олардың  реттелуінің  әртүрлі 

деңгейлері туралы механизмдері, негізгі заңдылықтары жайында білімдерін пайдалану; 

3) клиникалық, физиологиялық және шығармашылық ойлауды дамытуға арналған ағзалар 

мен жүйелердің қызметі туралы білімдерінің негізін қалыптастыру; 

4) оқиғалар мен көріністерді бақылау және талдау қабілеттерін дамыту;  

5) адам ағзасының ықпалдастық қызметін сипаттау іскерлігін дамыту; 

6)  кәсіби  қарым-қатынас  жасау,  кешенді  кәсіби  алдын  алу  шараларын  жүргізу  және 

науқастарға күтім көрсету дағдыларын дамыту. 

 

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері: 



Білім алушы келесі құзыреттіліктерді меңгеруі тиіс: 

Базалық құзыреттіліктер

БҚ-1 


 

 

БҚ-1.2 



Ақпарат: ақпаратты жинайды және талдайды, білімін 

практикада пайдаланады.  

БҚ-3 

 

 



БҚ-3.2 

Топпен жұмыс: әртүрлі топтарда жұмыс істеп, 

жауапкершілікті көрсетеді.   

 

2.5 Пәнаралық байланыстар (ретроспективті, перспективті): 



    

Физиология  анатомиямен,  молекулалық  биологиямен,  медициналық  генетикамен, 

латын  тілімен  және  экологиямен  тығыз  байланысады.  Жасушалардың,  тіндердің  және 

ағзалардың морфологиялық құрылысын білмесе, олардың қызметтері мен құрылымы бір-

біріне  өзара  себепші  болатындықтан  олардың  қызметін  терең  түсіну  қиын  болады. 

Аталған  пән  келесі  пәндерді  табысты  меңгеруге  негізгі  базаны  қалыптастырады:  жалпы 

патология,  микробиология,  мейіргер  ісінің  негіздері,  бағыттар  бойынша  мейіргер  ісі. 

Физиология І курста екі семестр бойы оқытылады.  

 

 


  

Ф ҚМК 705-21-15 Силлабус.Төртінші басылым. 

Ф КМК 705-21-15 Силлабус. Издание четвёртое. 

 

 



2.6  Пәннің қысқаша мазмұны: 

 

1-2 бөлімдер.      «Адам физиологиясына кіріспе. Қозғыш ұлпалар» 



Пән,  әдістер,  міндеттері.  Даму  тарихы.  Негізгі  физиологиялық  түсініктер:  функция, 

физиологиялық  акт.  Организм  мен  сыртқы  ортаның  тұтастығы.  Физиологияның  негізгі 

принциптері.  Тірі  организмнің  негізгі  қасиеттері:  зат  алмасу,  бейімделу,  өзін  өзі  реттеу. 

Организм  қызметінің  нейрогуморалдық  реттеуі.  Реттеу  жүйелерінің  жұмыс  принциптері. 

Жасушаның  физиологиясы.  Жасуша  аралық  өзара  әрекеттер.  Қозғыш  ұлпалардың  және 

олардың  физиологиялық  қасиеттеріне  жалпы  шолу.  Қоздырғыштардың  жіктелуі. 

Тітіркену заңдары. Тірі тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар: тыныштық потенциалы және 

әрекет 


потенциалы. 

Әрекет 


потенциалының 

пайда 


болу 

механизмі. 

Жүйке 

талшықтарының  физиологиялық  қасиеттері.  Жүйке  талшықтары  бойынша  қозудың  өту 



механизмдері.  Түйістер  туралы  түсінік.  Түйістердің  құрылысы,  қасиеттері  және  түрлері. 

Түйістерде қозудың берілу механизмі. Парабиоз, қозғалу аппараты туралы түсінік.              

          Бұлшықеттердің  физиологиялық  қасиеттері.  Қаңқалық  және  жалпақ  бұлшықеттер 

қасиеттерінің  айырмашылықтары.  Бұлшықет  жиырылу  типтері.  Тетанус,  оның  түрлері. 

Қажу  түсінігі.  Бұлшықеттердегі  биоэлектрлік,  химиялық  және  жылу  үрдістері. 

Динамометрия. Электромиография. 

 

3 бөлім.    «



Асқорыту жүйесінің физиологиясы

» 

Асқорыту жүйесі ағзаларының құрылысы. Ас қорытудың маңызы. Асқорыту ағзаларының 



қызметі.  Асқорыту  ағзаларының  қызметін  зерттеу  әдістері.  Ауыз  қуысындағы  астың 

қорытылуы.  Сілекей,  құрамы,  қасиеттері  және  маңызы.  Сілекей  бөлінуінің  реттелуі. 

Тамақтың  құрамының  сілекейдің  бөлінуіне  тигізетін  әсері.  Асқазандағы  ас  қорыту. 

Асқазаннның  қызметі.  Асқазанның  бездері.  Асқазан  сөлінің  құрамы  және  қасиеттері. 

Асқазан  сөлінің  бөлінуіне  тамақ  сапасының  тигізетін  әсері.  Асқазанның  сөл  шығару 

реттелуі. Асқазанның сөл шығаруын зерттеу  әдістері. Аш ішекте ас қорыту. Ішек сөлінің 

құрамы  және  қасиеті.  Ішектегі  астың  қорытылуы.  Аш  ішектің  қимылдық  қызметі,  оның 

реттелуі. Тоқ ішектегі астың қорытылуы. Тоқ ішектің қимылдық қызметі, оның реттелуі. 

Сіңірілу, оның физиологиялық маңызы. Асқорыту орталығы, түсінігі, орналасуы, қызметі. 

Астың асқазаннан ұлтабарға өту механизмі. 

           Ұлтабардағы  асқорыту.  Панкреатит  сөлінің  құрамы,  қасиеті  және  маңызы.  Ұйқы 

безі  жұмысын  зерттеу  әдістері.  Ұйқы  безі  сөлінің  реттелуі.  Өттің  құрамы,  қасиеті  және 

маңызы. Өттің бөлінуі мен шығарылу үрдісі қызметінің реттелуі және зерттеу әдістері. 

 

 



4 бөлім.     «Зат және қуат алмасу. Жылу реттелуі» 

Метаболизм, 

ассимиляция, 

диссимиляция 

түсініктері. 

Зат 


алмасудың 

маңызы. 


Ақуыздардың,  майлардың,  көмірсулардың  алмасуы  және  олардың  түрлері,  тәуліктік 

қажеттілігі,  қызметтері.  Су-электролит  алмасуы,  маңызы  және  минералдардың  қызметі. 

Дәрумендер,  олардың  рөлі.  Зат  алмасудың  негізгі  түсініктері.  Қуат  алмасу.  Тамақтану, 

оның рөлі және маңызы. Жылу алмасу. Зат алмасу үрдістерінің реттелуі. 

 

5 бөлім.  «



Қан жүйесінің физиологиясы»

 

Организмнің ішкі ортасы туралы түсінік. Қанның қызметі. Қанның физикалық-химиялық 



қасиеттері.  Қанның  құрамы.  Қан  плазмасының  сипаттамасы.  Гемолиз  түсінігі,  оның 

түрлері.  Қанның  буферлік  жүйелері.  Эритроциттер:  морфологиялық  сипаттамасы, 

мөлшері,  мөлшерден  ауытқуы,  өмірлік  циклі,  қызметі.  Гемоглобин,  мөлшері,  мөлшерден 

ауытқуы, түрлері, қосылыстары, сипаттамасы. Лейкоциттер: морфологиялық сипаттамасы, 

мөлшері,  мөлшерден  ауытқуы,  өмірлік  циклі,  қызметі.  Лейкоциттік  формула. 

Тромбоциттер:  морфологиялық  сипаттамасы,  мөлшері,  мөлшерден  ауытқуы,  өмірлік 

циклі,  қызметі.  Иммунитет.  Иммунитеттің  түрлері.  Қанның  ұюын  жылдамдататын  және 

баяулататын факторлар. Гемостаз фазалары. Қан топтары және  резус-сәйкестік. Қан тобы 



  

Ф ҚМК 705-21-15 Силлабус.Төртінші басылым. 

Ф КМК 705-21-15 Силлабус. Издание четвёртое. 

 

 



және резус-фактор бойынша қан сәйкестігі. Резус-сәйкессіздігі түсінігі. Гемопоэз, реттелу 

механизмі. 

 

6 бөлім.  «Тыныс алу жүйесінің физиологиясы» 



Тыныс  алу  жүйесі  ағзаларының  анатомиялық  сипаттамасы.  Тыныс  алу  маңызы.  Тыныс 

алу  кезеңдері.  Дем  алу  және  дем  шығару  механизмі.  Өкпенің  көлемдері.  Өкпенің 

желдетуі. Дем алу, дем шығару және  альвеолалық ауаның құрамы. 

 

Қанмен  газдардың  тасымалдануы.  Тыныс  алу  орталығының  түсінігі,  олардың 



орналасуы,  реттелуі.  Жоғары  және  төменгі  барометрлік  қысым  кезінде  тыныс  алу. 

Организмге темекі шегудің және қоршаған ортаның улы әсері.  

 

7 бөлім.  «Зәр шығару жүйесінің физиологиясы» 



 

Шығынды  бөлетін  ағзалардың  сипатамасы,  олардың  анатомиялық  ерекшеліктері. 

Бүйректің  қызметтері.  Нефронның  құрылысы.  Диурез  және  оның  пайда  болу  механизмі. 

Бүйрек  жұмысының  нейгуморалдық  реттелуі.  Зәрдің  құрамы,  қасиеті  және  мөлшері,  зәр 

шығару механизмі.  

 

8 бөлім.  «Эндокринді жүйенің физиологиясы» 



Эндокринді бездердің анатомиялық сипаттамасы. Эндокринді бездердің физиологиялық 

рөлі. Гормондар туралы түсінік. Гормондардың қасиеттері. Гормондардың адам ағзасына 

әсері бөліну жолдары. ІСБ қызметтерін зерделеу әдістері. Гипоталамус-гипофиз жүйесі. 

Гипофиз, құрылысы, гормондар. Эпифиздің, қалқанша бездің, қалқанша маңы безінің, 

бүйрекүсті бездерінің физиологиялық маңызы. Ұйқы безінің және жыныс бездерінің ішкі 

секреция бөлігі. Эндокринді бездерінің гипофункция және гиперфункция кезіндегі 

жағдайы. Гормондар қалыптасуының реттелуі. 

 

9 бөлім.  «Жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиясы» 



Жүрек-қантамыр  жүйесі  ағзаларының  анатомиялық  сипаттамасы.  Жүрек  бұлшықетінің 

физиологиялық қасиеттері. Жүректің өткізгіштік жүйесі. Жүрек циклі. Жүрек  қызметінің 

көрсеткіштері. Жүрек қызметінің сыртқы көріністері. ЭКГ. Жүрек қызметінің реттелуі.   

 

Қан  тамырларының  түрлері.  Гемодинамиканың  параметрлері.  Қанның  тамырлар 



бойынша 

қозғалу 


заңдылықтары. 

Веналардағы 

қанның 

қозғалу 


ерекшеліктері. 

Микроайналыс  физиологиясы.  Тамырлардың  тонусының  реттелуі.  Физикалық  жүктеме 

кезіндегі жүрек пен тамырлардың жұмысы. Лимфоайналымның физиологиясы. Лимфаның 

құрамы  мен  қасиеті.  Лимфаның  түзілуі.  Лимфаның  тамырлар  бойынша  қозғалысы. 

Лимфатүйіндер мен көкбауырдың қызметі.  

 

10 бөлім.  «Жүйке жүйесінің физиологиясы» 



Жүйке  жүйесінің  жалпы  сипаттамасы.  Жүйке  жүйесінің  анатомиялық  ерекшеліктері. 

Нейрондардың  физиологиялық  жіктелуі.  Рефлекс.  Рефлекторлық  доғасы.  Рефлекстердің 

түрлері. Жүйке орталығы. Жүйке орталықтарының қасиеттері. ОЖЖ тежелу процесі және 

оның маңызы. ОЖЖ қызметіндегі координация принциптері.  

 

Жұлын орталықтары мен қызметтері. Сопақша мидің, ортаңғы мидің, аралық мидің 



және мишықтың физиологиясы. Үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі мен құрылым 

ерекшеліктері.  Үлкен  ми  сыңарларының  қызметтік  маңыздылығы.  Мидың  қызметін 

зерттеу  әдістері.  Жұлын  сұйықтығының  қасиеті  мен  құрамы.  Вегетативтік  жүйке 

жүйесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Парасимпатикалық ВЖЖ-нің 

физиологиясы. 

Симпатикалық 

ВЖЖ-нің 

физиологиясы. 

Л.А.Орбели 

бойынша 


симпатикалық жүйке жүйесінің бейімделу-трофикалық қызметі. Рефлекс түрлері. Шартты 

және  шартсыз  рефлекстің  айырмашылығы.  Шартты  рефлекстің  пайда  болу  механизмі. 

Шартты рефлекстің түрлері. Шартты рефлекстің тежелуі. И.П.Павлов бойынша сигналдық 

жүйелер.  Аристотель-Павлов  бойынша  ЖЖҚ  түрлері.  Ес  мен  сананың  түсініктері.  Ұйқы 

физиологиясы.  

 

 



 

  

Ф ҚМК 705-21-15 Силлабус.Төртінші басылым. 

Ф КМК 705-21-15 Силлабус. Издание четвёртое. 

 

 



            11 бөлім.  «Сезім мүшелерінің физиологиясы»  

Талдағыштар,  рецепторлар  туралы  түсінік.  Рецепторлардың  жіктелуі.  Дәм  сезу,  иіс  сезу 

мүшелері, 

қабылдау 

механизмдері. 

Сипап 


сезу, 

жылуды 


сезу. 

Ноцицепция, 

антиноцицепция.  Көру  мүшесінің  анатомиясы.  Көздің  оптикалық  жүйесі.  Қабылдау 

механизмдері.  Көздегі  жарық  сәулерінің  сыну  аномалиялары.  Бинокулярлық  көру. 

Түстерді  көру.  Есту  және  тепе-теңдік  мүшелері.  Құлақтың  анатомиясы.  Дыбыс 

өткізгіштік. Вестибулярлық аппарат, құрылысы, қозуды өткізу. 

 

 

 



2.7 Тақырыптық жоспар: қосымшаны қараңыз 

 

2.8 Әдебиеттер тізімі: 



НЕГІЗГІ:       

1.  А.  А.  Семенович.  Физиология  человека.  Минск,  «Вышэйшая  школа», 

2012г. 

2. С.А.Георгиева. Физиология. Москва, «Медицина», 1981 г. 



ҚОСЫМША: 

1. Н.И. Поспелов. Физиология пищеварения. Учебно–методическое пособие. 

Караганда, КГМА. 2003 г. 

2.  С.  И.  Гальперин.  Физиология  человека  и  животных.  Москва,    «Высшая 

школа», 1977 г. 

3. М. Ф. Румянцева, Т. Н. Лосева, Т. П. Бунина. Руководство к практическим 

занятиям по физиологии. Москва, «Медицина». 1986 г. 

4. Р. Б. Минкин, Ю. Д. Павлов. Электрокардиография и фонокардиография. 

    Москва, «Медицина». 1988г. 

5. А. Л. Шабад. Учебное пособие по урологии. Москва, «Медицина», 1983г. 

 

2.9 Бақылау түрлері: МБ-1 (1-ші семестр);  



                                     МБ-2, МБ-3, емтихан (2-ші семестр). 

 

 



2.10 Студенттердің білімдерін бағалау белгілері: 

Білім алушыларға теориялық және 

тәжірибелік сабақтарда қойылатын 

бағалар белгіс:і 

5 - «үздік» теориялық материалды жан-жақты және терең түсіне білген, материалды толық 

меңгерген, барлық тапсырмаларды толық көлемде дұрыс және өз бетінше орындай білген 

студентке қойылады.  

4-«жақсы» оқу-бағдарламалық материал бойынша жақсы білім көрсеткен, бағдарламадағы 

көрсетілген  тапсырмаларды  табысты  орындаған,  пән  бойынша  жүйелі  білім  көрсете 

білген, бірақ өз бетінше толықтыра алатын кемшіліктері бар студенттерге қойылады.  

3-  «қанағаттанарлық»  пәнді  оқуға  қажетті  негізгі  оқу-бағдарламалық  материалды  толық 

көлемде  меңгерген,  бірақ  жауап  беру  барысында  бірнеше  қателіктер  жіберген 



  

Ф ҚМК 705-21-15 Силлабус.Төртінші басылым. 

Ф КМК 705-21-15 Силлабус. Издание четвёртое. 

 

 



студенттерге 

қойылады. 

Бұл 

студент 


көрсетілген 

қателіктерді 

оқытушының 

басшылығымен түзете алады және әрі қарай өз бетінше тапсырманы орындайды.  

2-«нашар»  бағасы  білім  алушыда  негізгі  оқу-бағдарламалық  материалды  меңгеруде 

кемшіліктер  анықталғанда,  бағдарламада  қарастырылған  тапсырмаларды  орындау 

барысында  өрескел  қателіктер  жіберген  кезде  қойылады.  «Нашар»  бағасы  студенттің 

оқытушының  басшылығымен  пән  бойынша  қосымша  жұмыссыз  (  қосымша  сабақтар, 

консультациялар) пәнді оқуға жарамайтындығын білдіреді.  

 

Тәжірибелік манипуляцияларды орындау бағасының белгісі:  



5 «үздік» – тәжірибелік манипуляцияларды орындау үшін жұмыс орны барлық талаптарға 

сәйкес жабдықталады; тәжірибелік іс-әрекеттер манипуляцияларды орындау алгоритіміне 

сәйкес  бірізділікпен  орындалады;  науқас  пен  медперсоналдың  қауіпсіздігіне  байланысты 

барлық талаптарды сақталады; іс-әрекет алгоритіміне сәйкес уақыт регламенті сақталады; 

жұмыс  орны  санэпидемиологиялық  тәртібінің  талаптарына  сәйкес  жинастырылады; 

барлық іс-әрекеттер дәлелденеді. 

4 «жақсы» – тәжірибелік манипуляцияларды орындау үшін жұмыс орны  өздігімен толық 

жабдықталмайды; тәжірибелік манипуляциялар бірізділікпен, бірақ сенімсіз орындалады; 

науқас пен медперсоналдың қауіпсіздігіне байланысты барлық талаптарды сақталады; іс-

әрекет 


алгоритіміне 

сәйкес 


уақыт 

регламенті 

бұзылады; 

жұмыс 


орны 

санэпидемиологиялық  тәртібінің  талаптарына  сәйкес  жинастырылады;  оқытушының 

нақтылаушы сұрақтарымен барлық іс-әрекеттер дәлелденеді. 

3  «қанағаттанарлық»  –  тәжірибелік  манипуляцияларды  орындау  үшін  жұмыс  орны 

толық  жабдықталмайды;  орындаудың  бірізділігі  бұзылған;  іс-әрекет  сенімсіз,  іс-

әрекеттерді  дәлелдеу  үшін  оқытушының  жетекші  сұрақтары  және  түсініктемесі  қажет; 

науқас  пен  медперсоналдың  қауіпсіздігіне  байланысты  барлық  талаптарды  сақталады; 

жұмыс орны санэпидемиологиялық тәртібінің талаптарына сәйкес жинастырылады. 

«нашар» 


– 

жұмыс 


орнын 

дайындаудағы 

қиыншылықтар, 

тәжірибелік 

манипуляцияларды  өз  бетінше  орындай  алмау  мүмкіндігі;  науқас  пен  медперсоналдың 

қауіпсізідігі  бұзылатын  іс-әрекеттер  жасалынады,  санэпидемиологиялық  талаптар, 

материалдарды  қолданылатын  аппаратурамен  жұмыс  барысында  қауіпсіздік  техникасы 

бұзылады. 

 

Тестілеу кезіндегі баға шкаласы (% арақатынасы)  



(2008 жылдың 5 наурызындағы ҚР БҒМ м.а. бекіткен №109 бұйрғының  

негізінде Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестацияны 

ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Нұсқаулыққа  сәйкес) 

   


 

 

 



 

 

 



 

 

Баға  



 

 

Бақылау материалындағы сұрақ санынан 



( %) дұрыс жауаптардың саны  

 

«5» 



«4» 

«3» 


«2» 

88-100% 


75-87% 

60-74% 


60% кем 

  

Ф ҚМК 705-21-15 Силлабус.Төртінші басылым. 

Ф КМК 705-21-15 Силлабус. Издание четвёртое. 

 

 



5 сұрақтан тұратын тапсырмаларды бағалау белгілері: 

Ұпайлардың саны = дұрыс жауаптың санына тең. 

 

10 сұрақтан тұратын тапсырмаларды бағалау белгілері: 



0 қате – «5» 

1 қате – «4» 

2-3 қате –«3» 

4 және одан көп қате –«2» 

 

15 сұрақтан тұратын тапсырмаларды бағалау белгілері: 



1 қате – «5» 

2-4 қате – «4» 

5-7 қате –«3» 

8 және одан көп қате –«2» 

 

20 сұрақтан тұратын тапсырмаларды бағалау белгілері: 



1-2 қате – «5» 

3-5 қате – «4» 

6-8 қате –«3» 

9 және одан  көп қате –«2» 

 

 

Ситуациялық есептердің шешілуін бағалау белгілері  



5  «үздік»  -    аурулардың  даму  механизмдерінде,  клиникалық  көріністерінде, 

диагностикалау  тәсілдерінде  еркін  бағдарланатын  білім  алушыға  қойылады.  Іс-әрекеттер 

алгоритміне  сәйкес  шұғыл  дәрігерге  дейінгі  медициналық  көмекті  көрсетуі  бойынша 

жоспарды  құрастырады  және  алдын  ала  диагнозды  қояды,  басты  синдромдарды 

белгілейді, диагнозды дәлелдейді, тексеру және емдеу жоспарын тағайындайды.   

4  «жақсы»  –  аурулардың  даму  механизмдерінде,  клиникалық  көріністерінде, 

диагностикалау  тәсілдерінде  жақсы  бағдарланатын  білім  алушыға  қойылады.  Шұғыл 

дәрігерге  дейінгі  медициналық  көмекті  көрсетуі  бойынша  жоспарды  құрастырады  және 

алдын  ала  диагнозды  қояды,  басты  синдромдарды  белгілейді,  диагнозды  дәлелдейді, 

тексеру  және  емдеу  жоспарын  тағайындайды,  бірақ  білімінде  шамалап  кемшіліктер  бар, 

оларды ол өз бетінше іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес толықтырады.  

3  «қанағаттанарлық»    –    алдын  ала  диагнозды  қойғанда  қателіктер  жіберген  білім 

алушыға  қойылады,  дәлелдегенде  дәлсіздіктер,  емдегенде  қателіктер  жібереді;  бірақ 

барлық  емес  клиникалық  көріністерді  белгілейді,  шұғыл  дәрігерге  дейінгі  медициналық 

көмекті    көрсету  бойынша  іс-әрекеттер  алгоритмін  құрастырғанда    жүйелілікті  бұзады, 

оларды  дәлелдеу  үшін  оқытушының  қосымша  мен  жетекші  сұрақтары  және 

түсініктемелері қажет болады.   

2  «қанағаттанарлық  емес»    –  негізгі  оқу-бағдарламалық  материалдың  білуінде 

кемшіліктер  анықталған  білім  алушыға  қойылады,  алдын  ала  диагнозды  қойғанда,  оны 

дәлелдегенде,  клиникалық  көріністерінде  бағдарланбайды.  Шүғыл  дәрігерге  дейінгі 

көмекті  көрсету  бойынша  іс-әрекеттер  алгоритмін  жасағанда  түбегейлі  қателер  жібереді. 

«Қанағаттанарлық  емес»  бағасы,  студент  оқытушы  басшылығымен  пән  бойынша 

(қосымша  сабақтар,  консультациялар)  қосымша  жұмыссыз  және  өз  бетінше  оқуды 

жалғастыра алмайды екенін белгілейді.   

 


  

Ф ҚМК 705-21-15 Силлабус.Төртінші басылым. 

Ф КМК 705-21-15 Силлабус. Издание четвёртое. 

 

 



Есептік тапсырмаларды шешу бағасының белгісі 

5 «үздік» -теориялық материалды жан-жақты және терең түсіне білген, материалды толық 

меңгерген,  барлық  тапсырмаларды  алгоритм  бойынша  дұрыс  және  өз  бетінше  орындай 

білген,  математикалық  есептерді  сауатты  шешіп,  қажетті  формулаларды  толық  қолдана 

білген студентке қойылады.  

4  «жақсы» - теориялық бағдарламалық материал бойынша жақсы білім көрсеткен, есепті 

шығаруға қажетті формулаларды, сонымен қатар есепте көрсетілген химиялық теңдіктерді 

дұрыс  жазған,  бірақ  есептеу  кезінде  және  алгоритмдік  бірізділігінде  аз  кемшіліктері  бар 

студентке қойылады.  

3  «қанағаттанарлық»  -  пәнді  әрі  қарай  оқуға  қажетті  бірақ  есептерді  шығаруға 

жеткіліксіз  негізгі  теориялық  бағдарламалық  материалды  меңгерген.  Сонымен  қатар 

студент  алгоритм  бойынша  есептің  барысын  анықтауға  мүмкіндігі  жеткенмен  есепті 

оқытушының басшылығымен орындай алатын студентке қойылады. 

 2    «нашар»  -  есептің  мәнін  түсінуде  ғана  емес,  сонымен  қатар  химиялық  теңдеулерді 

жазуда қиындықтары бар және қарапайым қателіктерді жіберетін студенттерге қойылады. 

«Нашар»  бағасы  студенттің  өз  бетінше  алгоритмнің  кезеңдерінде  ешқандай  есептерді 

шығара алмаған, оқытушының басшылығымен пән бойынша қосымша жұмыстың  

(қосымша сабақтар, консультациялар) көмегі қажет екендігін білдіреді. 

 

 

 



Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалау белгілері  

 

№ р/б 



Белгілер  

Максималды 

балл 



Жұмыстың жаңашылдығы және өзектілігі 



Жұмыстың тұтастығы (тақырып пен мазмұнының сәйкес 



келуі) 

15 


Ұсынылатын материалдың мақсаттылығы және логикасы  



Теориялық бөлімдердің өңделуі, теориялық маңыздылығы; 



10 

Практикалық бөлімдердің өңделуі, практикалық 



маңыздылығы; 

10 


Жұмыстың рәсімделуі талапқа сәйкес келуі  

 



 



Баллдардың қорытындысы: 

50 


 

 

 



 

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал