Сабақ тақырыбы Тазалық Мақсаты



жүктеу 23.02 Kb.

Дата25.03.2017
өлшемі23.02 Kb.
түріСабақ

СЫНЫП САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ 

 

Мұғалім  

Абилова А.Т 

 

Мектеп, сынып 

Астана қаласы   

№66 мектеп-лицей, 7-сынып 



Сабақ тақырыбы 

Тазалық  

 

 

Мақсаты: 



Оқушыларға Табиғатты аялау, сүюге тəрбиелеу. Экологиялық білім 

беру. Табиғатты қорғау. Өз қалаларын таза ұстауға дағдыландыру. 



Көрнекіліктері

​: 

Табиғат көріністері – суреттер топтамасы, буклеттер, нақыл сөздер, 

мақал-мəтелдер, «табиғатты қорғайық» ережелері.  



 

Дерек көздері

​: 



 

 

 

http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/11881-tabihatty_qorhajy

q_ayalajyq

 

 

Сабақ барысы: 

 

Президентіміз Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты 

жолдауында əрбір азаматтың табиғат жəне оның байлықтарын 

пайдалану процесінде, табиғатты таза, көркем, мəңгілік қалпында 

сақтап қалудың қажет екені бүгінгі күннің өзекті мəселелерінің бірі 

екендігі атап көрсетілді.  

      Ей замандас ең алдымен досыңды ұқ

         Досың - жер, мөлдір ауа, өсімдік. 

         Ала жүріп осылардың сыйлығын, 

         Осыларды қорлау деген не сұмдық? 

Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат 

мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана! Табиғат 

бұл адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне лəззат шапағатын 

беретін сұлулық пен əсемдік əлемі. 

Табиғатқа қомқорлық жасау - əрбір адамзаттың абыройлы міндеті

əрі парасатты парызы. 

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кəусəр тынысын, 

 



Пəк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың. 

Ей адамдар! Қалай ғана қатігездік жасайсың. 

Ол – анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың: 

Қала - ортақ үйіміз. Сондықтан оның көркейіп, гүлденуіне əрбір 

тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге 

лақтырмай, таза ұстауға атсалысуы тиіс. Бірақ, байқап 

жүргеніміздей, əлі де қалалықтар арасында тазалық шараларына 

қатысуда енжарлық басымырақ. 

Тақтадан 

http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/11881-tabihatty_qorhajyq_a

yalajyq



  бейнеролик көрсетіледі. 



1 . Ой-пікір 

1.

Қоршаған ортаның ластануына əсер ететін факторлар? 



2.

Қала аймақтарын таза ұстауда жүргізілетін жұмыстар 

қандай болуы тиіс? 

Табиғатты қорғау үшін бəріміз күресейік,  

Бір-бір ағаш жəне гүл егейік.  

Текке отырмай жасымыз бен кəріміз,  

Таза ауа үшін терімізді төгейік.  

2. Топпен жұмыс: Топтар жарысы. 

1 топ. Табиғат жайлы мақал – мəтел, нақыл сөздер: 

«Ер - елдің  көркі, орман-тоғай жердің көркі»,  

«Бір тал кессең, он тал ек» , 

«Дəрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,  

«Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»,  

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», 

«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»,  

«Бұлақ көрсең, көзін аш»,  

«Жылап жүріп арық қазсаң,  

  Күліп жүріп су ішерсің». 

2 топ. Табиғат жайлы өлең жырлар . 

1. Табиғант сенде бəрі ортақ, 

Аспаның, күнің айың да. 

Тегінде жаның жомарт-ақ

Ізгілік жатыр бойыңда. 

2. Табиғат қызығам сенің суретіңе, 

Бас ием сенің құдіретіңе. 

 



Тұр асың күллі əлемге нұр таратып, 

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде. 

3. Табиғаттың тарылтпасын  

Мөлдір кəусəр тынысын, 

Пəк табиғат, жүрегімнің тамылжыған жырысың, 

Ей, адамдар! қалай ғана қатыгездік жасайсың. 

Ол Анаң ғой, ал сен оның перзенті . 

Мұғалім сөзі:

​ Сонымен біз табиғат туралы білгенімізді

білетінімізді ортаға салдық. 

Енді табиғатты қалай қорғап қаламыз? Осы төңірегінде ой қозғасақ 

Ал біз болашақ ұрпақ Табиғатты қалай қорғап, сақтап қаламыз ! 

Сұрақ жауап: 

1) Неліктен көктемде ағаш талдарын ақтайды немесе ағартады? 

 Жауабы: Тал –теректерді күннен түскен  сəулені кері қайтарып 

күйіп кетуден, құрғаудан сақтайды .   

 2) Ауаны тазалаушылар нелер? 

    Жауабы: Ағаштар, əсіресе жеміс бермейтін ағаштар ауа 

тазалайды. 

3) Экологиялық  жағдайды қалпына келтіруге қандай  көмек жасар 

едіңдер? 

          Мысалы : мектепте, үйде, көшеде? 

 

Не білдік? Не үйрендік? 



1 . «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ ....» 

2 . Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы , 

аяулы бесігі құтты қонысы , өсіп-өнетін мекені . 

3. Адам– табиғат перзенті. Олай болса табиғат анаға аялы 

алақан , жүрек жылуын арнау əрбір саналы азаматтың парасатты 

адамгершілік борышы . 

4. Жер – қазына , су – алтын , мал – байлық . 

5. Табиғат – халық қазынасы 



Қорытынды:

​ Сынып сағатымызды табиғат туралы мына бір өлең 

шумақтарымен аяқтаймыз.  

Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған! 

Сен – күнсің! 

Көтерілген күліп қырдан . 

Сен – көлсің! Сен – орман! 

Сен – бұлақсың! 

 


Адамды сұлулыққа құнықтырған! 

Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. 

Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда! 

 

 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал