Сабақ тақырыбы: Мақсатым: Оқушыларға "тӛзімділік"



жүктеу 36.82 Kb.

Дата14.03.2017
өлшемі36.82 Kb.

 Сабақ  тақырыбы: 

Мақсатым: 

Оқушыларға “тӛзімділік”, “табандылық”  

адами қасиеттер туралы түсінік беру.  

Міндеттері: 

- Тӛзімділік пен табандылықтың адам  

   ӛміріндегі маңыздылығын түсіндіру; 

- Ӛзара жағымды қарым – қатынастарын  



  дамыту; 

- Тӛзімділікке, табандылыққа тәрбиелеу. 

Үнтаспа, ақ қағаздар

оқулық, дәптер, 

қарағайдың сұлбасы, 

қағаздан жасалған 

“ағаш бүрлері” 

 

 

Көрнекі құралдары

 :

 

 

 

Мектеп полькасы 

 

 



Біз – бейбіт ел ұланы,Өнер –білім ұраны. 

Алдымыздан жақсы арман 

Күлім қағып тұрады. 

 

 

Қайырмасы: 

Біз – батыр ел  жастары,     ( 2 рет) 

Бақыт алға бастады. 

Тербетіліп алтын дән 

Теңіздейін толқыған. 

Даламызда тасқындап, 

Еңбек күйі шалқыған. 

 

 

Қайырмасы. 

Күш –қайраты қаулаған, 

Келешекке арналған. 

Алтын Айдын көлінде 

Көгілдір ту қадалған. 

                           Әңгімелесу 

-Төзім , табандылық дегенді қалай түсінесіңдер? 



 

- Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндің бе? 

                  

 

 



 

 

Ә

демі әже.  Р.Әбілқадырова 

 

    Қаладан келген немересі Қайратты ертіп Әдемі әже мен Қайрат автобус аялдамасында  



көп тұрды. Автобус келмеді. 

- Әже, ертең шықсақ қайтеді?- деді Қайрат. 

- Қой , шырағым. Күнде ертең – еріншектің ісі. Жылжи бергеніміз жөн. Күн ұясына батпай  

  барып қаламыз, - деп әжесі жүріп кетті. 

   Күн ыстық. Әжесі өзі терлеген Қайраттың маңдайынан сипап: 

- Әзір – ақ жетіп қаламыз, - дей береді қайталап. «Осы әжем қызық, қызметінен қалып бара  

  жатқандай асығады»,- деп ойлады Қайрат ішінен. 

- Әже, сіз қалай шаршамайсыз, шөлдемеген де сияқтысыз. 

- Е, қарағым, мен қайдан шаршайын. Екі жігіт демеп келе жатқанда, - деді әжесі.  

  Түсінбей қалған Қайрат жан-жағына қарады. Әжесі мұны сезе қойып: 

- Қайратжан, мені демеп келе жатқан төзімділік пен табандылық. Бұл екеуі бойыңда болса

  қиындықтан қорықпайсың.   



-  Әңгімеде берілген тӛзімділік пен табандылық туралы  

   ұғымдардан нені түсіндіңдер? 

 

- Сендердің тӛзімділік пен табандылық танытқан кездерің  



  болды ма?   Естеріңе түсіріп айтып беріңдер? 

Табандылыққа жетудің жолдары. 

 

     Табандылыққа жетудің жолдарын біліп оны  



дәптерлерімізге жазамыз. 

 

1. Еңбектеніңдер! 

2. Қиындықтан қашпаңдар! 

3. Кедергілерді жеңе біліңдер! 

4. Бастаған ісіңді  аяғына дейін орындаңдар! 

5. Мақсатыңа жете біліңдер! 

 

    

Тақтаға  қағаздан  жасалған  қарағайдың  сұлбасы  ілінеді. Балаларға 

қ

ағаздан жасалған қарағайдың  бүрлері  таратылады. 

-  Балалар, сендер  қарағай  туралы  әңгімелер  оқығансыңдар. Қарағай ӛзінің       



    бойындағы  қандай  қасиеттерімен  ерекшеленеді. Естеріңе түсіріп  

кӛріңдер.     

   Балалардың    жауаптары  толықтырылады.  

-  Дұрыс айтасыңдар. Қарағай – қысы –жазы жасыл түсте болып, аязға  да,  

   ыстыққа да тӛтеп бере алатын тӛзімді ағаш. Қолдарыңдағы «қарағай 

бүрінің»   

   артқы   бетіне  достарыңның ішіндегі ең тӛзімді, табандысының есімін 

және   

  неліктен олай  ойлайтындарыңды  жазып, тақтадағы қарағайға       

     орналастырыңдар.    

   Мысалы:  Райымбек тӛзімді, ӛйткені ол  қиындықты жеңе алады және т.б.  

- Балалар ӛз жазғандарын жария етіп, қағаздарын қарағай  

   сұлбасына іліп шыққанда тақтада үлкен қарағай пайда болады. 

- Мұғалімнің балаларға тілегі.-Балалар, сендерде осы қарағайдай тӛзімді 



бола   біліңдер. 

 

Аңызды оқып, Фарабидің бойындағы құнды қасиеттерді тауып  

                                                                 айтып беріңдер.. 

 

 

 

 

Қ

айта-қайта.   Қ.Толыбаев. 

 

     

Фарабидің  жастау  кезі  болса  керек. Бір  күні  жолаушылап  бара  жатқан   

жолдасы:  

 

- Менің  мына  кітаптарымды  сақтап  қой, қайтып келген соң  алармын, - деп,  



  бір бума  кітапты  қолына  ұстатады. Әбунасыр  әлгі  кітаптардың  біреуін  

  алып, кӛз  жүгірте  бастайды.  Кітап  сӛздері  ұнап  қалады  да, аяғына   

  дейін  оқып  шығады. Бірақ  онша  түсіне  қоймайды.  Қайта оқиды. Сонда  да   

  ұғымы  жетіңкіремейді. Үшінші  мәрте  оқиды. Кӛңілі  кӛншімейді.  Ақыры   

  кітаптағы  ойды  толық  ұғып  алғанша,  кітапты қайта-қайта оқи  береді.  

  Сонда  ғана  жазылған  жайлардың  мағынасын  айқын  ұғып, анық  түсінеді. 

  Осы  табандылығының  арқасында  Әбунасыр  ғылымға  бой  ұрып, асқан   

  білікті  философ   болып  жетілген  екен  деседі. 

1. Сен  велосипедті тебуді үйренгің келеді, бірақ   қорқасың.  

Сен табанды болсаң не істейсің? 

2. Сен жақсы  жағына  ӛзгергің  келеді, бірақ  ескі  әдеттеріңді  

қ

айталай  бересің. Сен табанды  болсаң  не  істейсің? 

3. Саған  қиын үй  тапсырмасын  берді, ол  ертеңгі  күнге   

міндетті  түрде  дайын  болуы  керек. Егер   

сен  табанды  болсаң  не  істейсің? 

  

Балаларды  сабақтың  дәйексӛзімен  таныстыру, 

                                                    талдау 

 

- Тӛзімді, табанды  адам  қиындықтан  қорықпайды.  



  Айтылған  сӛзге  де, алдынан шыққан  қиындықтарға  да,  

  құбылыстарға  да  тӛзеді. Сол  жолда  табандылық   

  танытады. Қандай  кедерге  болса да,  жеңіп  шығады.  

  Леонардо  да  Винчидің  «Табандылық  кез-  келген   

  қиындықты  жеңеді» деген  нақыл  сӛзі  осыған   

  байланысты  айтылса  керек. 

Бау бақша белдер 

Орман тау кӛлдер 

Кӛрікті шексіз даламыз 

Дәулеті асқан 

Сәулеті тасқан 

Кӛрікті ауыл қаламыз 

                 Жадырап күндей 

                 Жайнаған гүлдей 

                Бақытты біздер баламыз 

Ӛ

зіміз туған 

Кӛбелек қуған 

Ӛ

лкеде ӛсәп толамыз 

Жалықпай оқып 

Кӛңілге тоқып 

Білімді бала боламыз 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал