Сабақ мақсаты «Бірінші байлық денсаулық»



жүктеу 11.52 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі11.52 Kb.
түріСабақ

Зиянды заттардың зардаптары 

Сабақ мақсаты - «Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ 

еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен 

сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, ӛркениетті 

елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу. 

 

Тәрбие сағатының барысы: 



Біз студенттерді 2 топқа бӛліп отырмыз. Олар «Болашақ» тобы мен «Денсаулық 

сақшылар» тобы. 

Мұғалім: 

Денсаулық дегеніміз - адам жаны мен тәнінің амандығы. Халқымыздың тіршілігі мен 

бірлігі, жарқын келешегі әдетте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде 

қалыптасуына байланысты. Денсаулық - ел дамуының басты арқауы. Денінің сау болуын 

қандай адам қаламайды. Дегенменде, біздің замандастарымыз соны ескерместен әр түрлі 

зиянды заттарға ұрынып жатады. 

 

Темекі туралы жалпы мағлұмат. 



Құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар темекі ӛсімдігің майдаланған, 

құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан шылым жасалады. Темекінің елі 

Америка болып табылады. Американы ашқаннан кейін темекі Еуропада кең таралады. 

Темекінің ішінде ең кӛп мӛлшерде никотин алкалоиді болады. Никотин улы зат 

болғандықтан медицинада қолданылмайды және дәрі болып та саналмайды. Бір қорап 

темекінің құрамындағы никотинді адамға инемен шаншыса, адам ӛліп кетеді. 

 

Темекінің зияндары. 



Мидың қатерлі ісік ауруларының 99, миға қан құйылу ауруының 85 -, ӛкпенің қатерлі ісік 

ауруының 90 - ы, тамақтың қатерлі ісік ауруының 99 - нан темекі себеп болады. Темекінің 

салдарынан ӛмірімен қоштасқан адамдардың саны есірткі ӛліміне қарағанда 13 есе кӛп.  

Есірткі қолданудың себептері. 

Білімсіздік: Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге 

жеңілдікпен қарау. 

Қызығу: Қызығушылықтың туындауына кӛбінесе бұқаралық ақпараттардың ӛздері себеп 

болады дей аламыз. 

Қысым: Жаман достардың қысым жасауы. 

Әуестік: Бір рет кӛрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет кӛру 

адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады. 

Мода: Айналамыздағы адамдарға еліктеу. Қоршаған орта бұзық болса, жаман әдеттердің 

жұғуы ӛте оңай. Жастардың қауіп қатерді жақсы кӛруі, ӛзін - ӛзі кӛрсету, күшін 

дәлелдеуге тырысу, иманның әлсіздігі, жоқшылықтың ӛзін - ӛзі ӛлтіруге итермелеуі 

негізгі себептер болады. 

Ӛз - ӛзіңді ұстай білсең тартынып, 

Ӛмірің бар алда әлі солмайтын, - дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды 

әдеттерге байланысты мақал – мәтелдер мен ұлағатты сӛз жарыстыруға кезек берейік. 

 

Мұғалім: «Ол кім? Бұл не?» бӛлімі 



«Болашақ» тобына сұрақ. 

1. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай? (отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы.) 

2. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (ішімдік). 

3. темекі құрамындағы улы зат? (никотин). 

4. СПИД неліктен қорқынышты? (ауырғаннан кейін ең кӛбі 5 - 7 жыл ӛмір сүреді, ең 

жаманы емі жоқ). 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал