Сабақ Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихы



жүктеу 328.21 Kb.

бет1/4
Дата23.01.2017
өлшемі328.21 Kb.
  1   2   3   4

                                                         БІРІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихы.

Грамматикалық тақырып: Мезгіл, мекен үстеулері.

Мақсаты:   Қазақ   халқының   тілі   және   қазақ   тілі   тарихы   туралы   мәлімет   бере

отырып,   елі   және   жері,   рухани   мәдениеті   мен   тарихы   туралы   әңгімелей   білу.

Қазақстанның   басқа   елдермен   байланысы   туралы   мәлімет     беру.   Мәтін   негізінде

сөздік   қорларын   молайту,   лексика-грамматикалық   тапсырмалар   арқылы   сөйлеу

дағдыларын қалыптастыру.

Қазақ тілі тарихы

                     Қазақ тілі білімі  — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің

тарихы  шартты  түрде:  а) ұлттық  тіл  білімі қалыптасқанға  дейінгі  кезең,  ә) ұлттық  тіл

білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі

кезең   19   ғасырдың   2-жартысынан   басталады.   Қазақ   тілінің   грамматикалық   құрылысы

туралы   алғашқы   мәліметтер   Н.И.   Ильминскийдің   “Материалы   к   изучению   киргиз-

казахского   наречия”   деген   еңбегінде   ұшырасады.   Бұл   —   қазақ   тілінің   кейбір

ерекшеліктерімен   таныстыруға   арналған   тұңғыш   еңбек.   Кейін   М.А.   Терентьевтің

“Грамматика   турецкая‚   персидская‚   киргизская   и   узбекская”   (1875),   П.М.

Мелиоранскийдің   “Краткая   грамматика   казах-киргизского   языка”   (1894‚   1897)

‚ В.В.Катаринскийдің “Грамматика киргизского языка” (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді.

19   ғ-дың   2-жартысында   қазақ   тілінің   лексикография   жұмыстары   қауырт   қолға

алынып‚ дами бастады. 

         Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді (А.Е.

Алекторов,   “Краткий   казахско-русский   словарь”‚   1891;   “Начальное   руководство   к

изучению   арабского‚   персидского   и   татарского   языков   с   наречиями

бухарцев‚ башкир‚ киргизов и жителей Туркестана”‚ 1869; Т.Бокин “Русско-киргизский

словарь”‚   1913;   Н.И.   Ильминский   “Материалы   к   изучению   киргиз-казахского

наречия”‚ 1861, т.б.). Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі а) қуғын-сүргінге

дейінгі   кезең  (1912  —  29);   ә)  қуғын-сүргіннен  кейінгі  кезең  (1930  —  88)  болып   екіге

бөлінеді.    Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсыновтың

есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл — құрал” атты

еңбектерінде,   мақалалары   мен   баяндамаларында   тіл   білімінің   өзекті   мәселелері   сөз

болады.

            Әліппе мен емле. 19 ғ-дың 2-жартысында Ыбырай Алтынсарин қазақ жазуын орыс



графикасына  негіздеуге  талпыныс  жасаса,  20 ғ-дың басында  Байтұрсынов қолданылып

келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді. Бұл орайда ғалым

қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын,

тілдің   фонологиялық   ерекшеліктерін   айқындап   шықты.   Байтұрсыновтың   Қазақ   тіл

білімінің   фонетика,   фонология   салалары   бойынша   жасаған   тұжырымдары   Е.Омаров,

Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов еңбектерінде жалғасын тапты. 



              Грамматика. А .Байтұрсыновтың оқулықтары, мақалалары қазақ тіл білімінің

грамматика   саласының   қалыптасуына   да   негіз   болды.   Ғалым   сөз   жүйесі   мен   түрлері,

сөйлем   жүйесі   мен   түрлері   деп   атаған   оқу   құралдарында   қазақ   тілінің   морфология,

синтаксис   салаларын   арнайы   зерттеп,   оқушыларға   түсінікті   де   жеңіл   тілмен   жеткізуге

тырысты.   Осы   еңбектер   арқылы   сөз   тіркесі,   сөйлем,   бастауыш,   баяндауыш,   зат   есім,

етістік, толықтауыш, т.б. атаулар қалыптасып‚ тұрақталды. Байтұрсыновтың грамматика

саласындағы еңбектерінде функционалды грамматика, сөзжасам мәселелері де сөз болды.

Ғалымның сөзжасамға қатысты тұжырымдары кейінгі еңбектерде дамытылды.



Лексика-грамматикалық тапсырмалар.

1-тапсырма.Мәтінді түсініп, оқыныз.

2 тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз. 

3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.

4 тапсырма.Осы мәтін туралы өз ойыңызды білдіріңіз.

Еске түсірейік:



Іс

әрекет, қимылдың, заттың

сынының түрлі белгілерін

білдіретін

 

сөздердің

лексико

грамматикалық

 

тобы

үстеу

 

деп

аталады.Мағынасына

қарай 8 түрі бар.

Мезгіл   үстеу   (қашан?

Қашаннан?) 

 бүгін, жаздыгүні, анда

 санда,былтыр,жуырда,күн

ара, кейде, әуелде т.б.. Ерте

ояндым,   жете   алмадым

(Абай).

Мекен   үстеу   (қайда?

қайдан?) 

  әрі,   бері,жоғары,   төмен,

алға,   артқа,мұнда,   сонда

т.б..   Ілгері   басқан   жасты

кері   қайтқан   кәрі   кейін

тартады(мақал).

                               

                                                        ЕКІНШІ САБАҚ



Лексикалық тақырып: Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдар

Грамматикалық тақырып: Септік категориясы

Мақсаты: Берілген мәтін арқылы студенттерге қазақ тіл білімін зерттеуші 

ғалымдары туралы мәлімет беру. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-

грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

                                      

Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдар

   Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ 

тіл білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің 

негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" 

(1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында 

қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. 

Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы 

ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді.

Мәулен Балақайұлы Балақаев— қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым. Балақайұлытың

ғылыми-зерттеген еңбектері қазақ тілі ғылымының грамматика, емле, терминология, тіл

мәдениеті, стилистика тәрізді өзекті мәселелеріне арналған. Балақайұлы орта мектептерге,

жоғары   оқу   орындарына   арналған   оқулықтар   мен   оқу   құралдарын   жазуға   белсене   ат

салысты.М. Балақайұлы 150-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 20-ға жуық кітаптар

мен монографиялық зерттеулердің авторы. М. Балақайұлының «Жай сөйлем синтаксисі»

деген   докторлық   диссертациясы   тіл   білімі   тарихындағы   жаңалық   ретінде   жоғары

бағаланды; әсіресе, «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы – синтаксистің салаларын ғылым тұрғыда

жүйелеп, оның құрылымдық қызметін терең зерттеген еңбек. Балақайұлы «Қазақ тіліндегі

сөз тіркесінің негізгі типтері» деген монографиясында синтаксистің дербес саласы ретінде

сөз тіркесін алғаш зерттеді. Еңбектерінің бірқатары қазақ әдеби тілінің дамуы мен көркем

әдебиет тілін зерттеу мәселелеріне арналған. «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары»

деген   монографиясы   үшін   Ш.Ш.Уәлиханов   атындағы   сыйлық   лауреаты   (1986)   атағы

берілді.


           Мархабат Томановтың “Қазақ тілі тарихи грамматикасының мәселелері” (1974),

“Түбірлердің дамуы туралы мәселеге” (1974), “Үстеулердің тарихынан” (1975), “Тарихи

грамматика мәселелері” (1975 ж. екінші авторы – Т. Қордабаев), “Көне түркі жазуының

(Орхон-Енисей) ескерткіштері” (1963), “Махмуд Қашғари (ХІ ғ.)”, “Махмуд Қашғари түркі

тілдерінің фонетикалық құрылымы туралы” (1971), “Тарихи морфологияны зерттеуде көне

мұраларды пайдаланудың принциптері туралы” (1976), “Көне түркі жазба ескерткіштері –

қазақ   тілі   морфологиясының   тарихын   зерттеудің   көзі   болып   табылады”   (1977)   сияқты

туындыларының   әрқайсысы   өз   алдына   бір   күрделі   мәселенің   ауыр   жүгін   арқалап   тұр.

“Қазақ лексикографиясының алғашқы нұсқасы” (1968) деп аталатын тарихи сөздіктануға

арнап жазған мақаласынан бастап, М.Томанов орысша-қазақша сөздіктерді құрастыруға

атсалысты.   Олардың   ішінде   екі   тілді   құрылыс,   архитектура,   физика,   астрология,   заң,

педагогика,   психология   салаларына   арналған   салалық   терминдер   сөздігі   бар.   Көптеген

терминдік сөздіктерге алғысөздер жазып, басылып шығуына мұрындық болды.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Мәтінді түсініп, оқыныз.

2 тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз. 3-тапсырма. Мәтінге жоспар 

құрыңыз.

4 тапсырма.Осы мәтін туралы өз ойыңызды білдіріңіз

5-тапсырма. Берілген сөздерді септеңіз.

Атау   

Ілік

 Барыс

Табыс 

Жатыс

Шығыс

Көмектес

Құрылық

Қоғамдастық

Елшілік

Кеңес

Бедел

Өркениет 

                                                          



    ҮШІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырыпҚ.Жұбанов жасаған қазақ тіл білімі теориялары.

Грамматикалық тақырып: Септеулік шылаулар

Мақсаты: Берілген мәтін арқылы студенттерге  қазақ тіл білімінің негізін салушы  

Қ.Жұбанов  туралы мәлімет беру.Ғалымның ғылыми еңбектері туралы айту. Мәтін 

негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы 

сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Қ.Жұбанов жасаған қазақ тіл білімі теориялары

         Жұбанов Құдайберген Қуанұлы (19.12.1899, Ақтөбе облысы, Темір ауд. – 25.2. 1938)

–   тіл   білімі   саласындағы   алғашқы   қазақ   профессоры   (1932),   түркітанушы,   педагог.

Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. Араб, парсы, орыс,

латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгереді. 

         Жұбанов тіл білімі мәселелерімен 1920 жылдан бастап шұғылдана бастады. Ол қазақ

мектептері  мен жоғары оқу орындары үшін қазақ  тілін оқыту бағдарламаларын жасап,

оқулықтар   мен   әдістемелік   құралдар   жазды.   Сондай-ақ,   оның   “Қазақ   тілінің   ғылыми

грамматикасының   материалдары”   (1-том),   “Фонетика”   (орыс   тілінде),   “Қазақ   тілі

фонетикасының   тарихын   зерттеуге   кіріспе”,   “Қазақ   тілінің   ғылыми   курсы   жөнінен

лекциялар”, “Буын жігін қалай табуға болады”, “Қазақ тілінде біріккен сөздің жазылуы”,

“Қазақ   сөйлеміндегі   сөздердің   орын   тәртібі”,   “Жаңа   грамматиканың   жаңалықтары

жайынан”,   т.б.   іргелі   ғылыми   жұмыстары   қазақ   тіл   білімін   қалыптастыруға   қосылған

елеулі үлес болды. 20 ғасырдың 20 – 30-жылдарында Жұбанов қазақ халқының рухани-

мәдени өмірінде саяси-әлеуметтік, халықтық мәні зор проблемалардың бірі – жазу, емле,

термин мәселелерімен де шұғылданды. 

                          1929   жылы   Қызылордада   өткізілген   тұңғыш   ғылыми-терминологиялық

конференцияда   Жұбанов   қазақ   тілінің   емлесі   жөнінде   ғылыми   негізделген   ұсыныстар

жасады.   1935   жылы   қазақ   әліпбиі   мен   емлесін   жақсартудың   жобасын   ұсынды.   Онда

халықаралық   және   орыс   тілінен   енген   терминдерді   орысша   жазылуына   жақындатып

таңбалау, кейбір қосар дыбыстарды жалаң әріппен беру, біріккен сөзді қосып жазу туралы

пікір айтты. Жұбанов 1933 жылдан саяси қуғын-сүргінге ұшырағанға дейін Қазақстанның

Мемлекеттік   терминологиялық   комиссиясының   төрағасы   болды.   Бұл   салада   ол   термин

жасау   ісіне   мамандарды   жұмылдырып,   олардың   дайындаған   материалдарын   ғылыми

тұрғыдан реттеп, жұртшылық талқысына салып, тәжірибеге енгізуді қадағалады. Жұбанов

– 1935 жылы Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің съезіне    Мемлекеттік терминкомның

атынан   ұсынылған   жобаның   негізгі   авторы.   Ол   ұсынған   принциптер   қазақ

терминологиясын жасаудың үлгісі ретінде әлі күнге дейін қолданылып келеді. 

             1936 жылы ғалымның “Қазақ сөйлем мүшелерінің орны тарихынан” деген кітабы

баспадан  шықты. Бұл кітабында  ол қазақ  тіліндегі  сөйлем мүшелерінің  тарихын  басқа

түркі тілдерінен бөліп қарамай, өзі еркін игерген түркі халықтары  тілдерін бір-бірімен

байланыстыра   зерттеп,   тарихи   салыстырмалы   әдісті   шебер   қолданды.   Бұл   еңбегімен

Жұбанов   қазақстандық   түркітану   ғылымының   қалыптасуына   зор   үлес   қосты.   “Ауыл

мұғалімі” (қазіргі “Қазақстан мектебі”) журналында мұғалімдерге арнап қазақ тілін оқыту

әдістемесі   туралы,   кітапты   қалай   пайдалану,   оқулықтағы   материалдарды   оқушыларға

қалай нәтижелі игерту мәселелерін көтеріп отырды. Осы журналда “Жаңа грамматиканың

жақсылықтары”,   “Шылаулар”,   “Қос   сөздер”,   “Біріккен   сөздер”,   “Әдіс,   бағдарлама

мәселелері”, т.б. мақалаларын жариялады. Жұбанов қазақ әдеби тілі мен музыкалық өнері

туралы да келелі пікірлер айтты. 

Жұбанов тек ғылыммен ғана шұғылданып қоймай, Қазақстанның Оқу-ағарту халық

комиссариаты   жанындағы   әдістеме,   бағдарлама,   оқулықтар   секторының   меңгерушісі

міндетін атқара жүріп, бар ынта-жігерін аз уақыттың ішінде қазақ мектептерін ғылыми



негізде   жазылған   оқулықтармен   қамтамасыз   етуге   жұмсады.         Мұғалімдердің   білімін

жетілдіру курстарында, семинарларында дәріс оқып, ақыл-кеңес беріп отырды. Ол қазақ

тіл білімі мамандарын баулып, тәрбиелеуде де мол еңбек сіңірді. Республикадағы көрнекті

тіл мамандары М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Ә.Шәріпов, Т.Қордабаев, т.б. өздерін

Жұбановтың   шәкіртіміз   деп   санады.   Жұбанов   республикамыздың   саяси-әлеуметтік

өміріне де белсене қатысты. 

          1935 жылғы Қазақстанның мәдениет қызметкерлері съезін ұйымдастыру комитетінің

төрағасы, 1935 жылдан Қазақстан КСР ОАК-нің мүшесі болды. 1937 жылы жалған саяси

айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1957 жылы 3 қазанда КСРО Жоғарғы Соты

Әскери   алқасының   шешімімен   ақталды.   Ақтөбе   мемлекеттік   университетіне,   осы

қаладағы бір көшеге Жұбанов есімі берілген.

Еске түсірейік:

Шылау сөздер



1.

Септеулік шылаулар

Меңгерілетін септіктер

Септеуліктер

1. Атау


арқылы, туралы,  жайында, жайлы, жөнінде,  сияқты, секілді,  бойы, бойда,

бойынша, бойымен, сайын, үшін, ғұрлы, шамалы, шақты, қаралы.

2. Барыс

дейін, шейін, төмен, қарай, қарап, қарсы, салым, тарта, жуық, таяу.

3. Шығыс

бері, кейін, соң, бұрын, бетер, гөрі, әрі, басқа, бөлек, өзге.

4. Көмектес қатар, бірге, қабат, қоса.

2.

Демеулік шылаулар

1. Сұраулық демеуліктер

-ма (ме, ба, бе, па, пе), ше.

2. Күшейткіш демеуліктер -ақ, -ау, -ай, -да (де, та, те).

3. Шектік демеуліктер

-ғана (қана), - ақ, тек. 

4. Болжалдық демеуліктер -мыс, (міс), - ау.

5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері түгел, тұрсын, тұрмақ.

6. Нақтылау мәнді демеуліктер

қой (ғой), ды (ді, ты, ті)



3. Жалғаулық шылаулар

1. Ыңғайластық

мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да (де, та, те), және, әрі.

2. Қарсылықты

бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, өйткенмен, сонда да.

3. Талғаулықты

әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.

4. Себеп-салдарлық себебі, өйткені, сондықтан.



Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Мәтінді түсініп, оқыныз.

2 тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз. 

3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.

4 тапсырма.Осы мәтін туралы өз ойыңызды білдіріңіз

5-тапсырма.Мәтіннен септеулік шылауларды табыңыз. 

6- тапсырма.     Берілген шылаулар арқылы сөйлем құрастырыңыз  

мен,да,де,және ,бірақ,  алайда,себебі,өйткені,неге десең,сол себепті.



            7- тапсырма.Мәтінді әңгімелеңіздер.

8-тапсырма.  Екі қатардағы шылаулар мен сөздерді сәйкестендіріңіз. 

мен 


сайын 

өзім 


туралы 

мыңға


             кейін 

онға


дейін 

түстен 


жөнінде 

сонымен


жуық 

кешке


           тарта

9-тапсырма

. Берілген шылаулармен сөйлем құрастырыңыз. 

Үшін:

Сайын:


Туралы:

Арқылы:


Шейін:

Қарай:


Гөрі:

Бұрын:


Соң:

Қатар:


Бірге: 

Қоса:


10-тапсырма

. Жаңа сөздермен септеулік шылауларды байланыстырыңыз.

сөз  өнері

қарсы 


халықтың тұрмысы

бері


хандығымен

туралы


кезеңінен

бойынша 


жыраулар поэзиясымен

соң


алғашқы өкілдеріне

арқылы


бұлардан

бірге 


отаршылдыққа

кейін


ағартушылық кезеңнен

қатар


бейнелеуден

дейін 


жаңашыл ізденістер

бұрын


ТӨРТІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып:  Шетелдік білім негізі.

Граматикалық тақырыпЕтіс категориясы.

Мақсаты: Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық 

тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Шетелдік білім негізі

             Шетелде тегін бала оқытудың тағы бір жолын бүгін Алматыда осымен алтыншы

мәрте шетелдің халықаралық білім беру мекемелері ұсынып отыр. Екі күн жұмыс істейтін

«шетелде білім алу» деп аталатын халықаралық білім жәрмеңкесіне қатысушылар, жастар

үшін   грант   негізінде,   яғни   тегін   жолмен   шетелде   білім   алу   әдістерінің   жай-жапсарын

насихаттауда. 

                         Шетелдің жоғарғы оқу орындарында білім алуға бел буған талапты жастарға

қойылар шарттар әртүрлі: 



1. Талапкерлердің қаперіне сала кетейік, алдымен Қазақстан азаматы болуыңыз керек

2. Баратын елдің тілінде емін-еркін сөйлегеніңіз абзал. Шетелде білім алуға үгіттейтіндердің

айтуынша, көбіне-көп ағылшын тіліне жетік болғаныңыз ескеріледі.

                 3. Техника саласына  көңілі ауған  білікті жастар  халықаралық магистратураны

меңгеру үшін: еңбек кітапшасы, тіл меңгеру дәрежесін айғақтайтын «TOEFL» «IELTS»-тің

анықтама хатын, жоғарғы оқу орнын тәмәдәу туралы куәлігін, төлқұжаттың көшірмесін,

резюменің 2 данасын әзірлеуі керек;

                  4.   Құжат   әзірлеуден   тыс   тағы   бір   шарт   бар.   Ол   -   жұмыс   істеу   қабілетіңізді

айқындайтын   кәсіби   біліктілік.   Яғни,   кемі   үш   жылға   жуық   мамандығыңыз   бойынша

жұмыс істеуіңіз керек.

              Құжаттар   толық   жиналған   соң,   қазақ-британ   техникалық   университетіне

Ұлыбританияға   жіберіледі.   Осы   талапқа   сай   талапкерлер,   мұнай-газ   саласына   қажетті

мамандар Ұлыбританияның жоғарғы оқу орындарына түседі.

         Италиядан үйренері көп, себебі Италияда ядролық физика соңғы жылдары жылдам

дамып кетті. 

                         Қазір қазақ жастары төрткүл дүниенің жер-жерінде білім алып жатыр. Озық

технологияларды   меңгергісі   келетіндер   АҚШ,   Батыс   Еуропа,   Қытай,   Жапон   елдерінде

білімін   жетілдіруде.   АҚШ   –   тың   білім   беру   жүйесі   нашар   деп   ешкім   айта   алмайды.

Экономикасы мықты елде оқыған жақсы. Оның сыртында Америкада оқығанның көмегі

келешекте бәрі бір болады.

Еске түсірейік:

1.Ырықсыз етіс: түбір +   -ын, -ін,-н

(страдательный)                -ыл, -іл, -л



2. Ортақ етіс: түбір +        -с, - ыс, -іс

(совместный)



3.Өзгелік етіс: түбір +       - қыз, -кіз, -гіз, -ғыз, -дыр, -дір, 

                                             -тыр, -тір, -т



4.Өздік етіс: түбір +          -н, -ын, -ін

Лексика – грамматикалық тапсырмалар

1 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2 тапсырма. Мәтіннен етіс категорияларының түрін анықтаңыз, құрамына қарай 

талдаңыз. 



 3 тапсырма. Мәтінді оқып, өз ойынызды білдіріңіз.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етіс жұрнақтарын қойыңыз.

Біз ұзақ әңгімеле...тік. Қошта...арда көзімізге жас ал...тық.Бұрын хат жаз...ып тұрғанбыз. 

Көр...пегелі көп болған.

                          Іс-әрекеттің ұзақтығының, созылыңқылығының берілуі 

                                   (Обозначение продолжительности действия)

                                                  Қанша уақыт?

анықтауышсыз

                                                                 сәйкес анықтауышымен

минут, сағат бір сағат бойы

күн, түн, кеш, таң

күні бойы, түні бойы, кеш бойы, сәскеге дейін (целое утро), күнімен, 

түнімен

сейсенбі, сәрсенбі бүкіл сейсенбі, бүкіл сәрсенбі



апта

апта бойы, бүкіл апта, екінші апта бойы

ай, сәуір

ай бойы, бүкіл апта бойы, бүкіл сәуір бойы



қыс, көктем, жаз, күз

қыс бойы, көктем бойы, жаз бойы, күз бойы, бүкіл күз бойы

жыл жыл бойы, бүкіл жыл бойы, бірінші жыл, ұзақ жыл

сағат төрт сағат бойы

ай, жыл, ғасыр

бүкіл айлар, ұзақ жылдар бойы, ғасыр бойы

екі, үш, төрт жыл

соңғы үш жылда, бүкіл жыл бойы, өмір бойы, бүкіл жол бойы, барлық

каникул бойы, бүкіл сабақ бойы

5-тапсырма. Мағынасына сәйкес мезгілдік конструкцияны таңдап алып, сөйлемді 

толықтырыңыз: соғыс бойы, бір жарым сағат, ұзақ жылдар, түні бойы, жол бойы, күні 

бойы, бүкіл қыс, қыс бойы, кеш бойы, өмір бойы.

Спектакль ... болды. ... театрдан үйге дейін үнсіз келдік. ... мен кітапханада отырдым. ... 

олар бір-бірін жақсы көрді. Ол оның хаттарын майданнан ... күтті. Хат тоқтап қалған соң, 

олар ... бір-бірі туралы ештеңе білмеді. Ол оны ... сүйіп өтемін деп уәде берген. ... ол 

жылап отырды.

                                                             БЕСІНШІ САБАҚ




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал