Сабақ кестесін құрастыру жөніндегі Əдістемелік ұсынымдар



жүктеу 213.56 Kb.

Дата16.03.2017
өлшемі213.56 Kb.

3

«КƏСІПҚОР» ХОЛДИНГІ» 

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК

 ҚОҒАМЫ

АСТАНА

2016

Оқудың сабақ кестесін 

құрастыру жөніндегі

ƏДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

(модульдік оқу кезінде)



4

5

Әзірлеушілер: Бөрібеков К.К., Әлмағамбето-

ва А.Е.

Ұсынымдардың мақсаты – оқудың сабақ ке-

стесін құрастыру кезінде техникалық және кәсіптік 

білім  беретін  оқу  орындарының  оқу  бөлімі  қыз-

меткерлеріне көмек көрсету.



Ұсынымдар  модульдік  оқу  кезінде  сабақ  ке-

стесінің құрылымдық ресімделуін және құрасты-

ру  технологиясын  сипаттайтын  мәтін  бойынша 

нысандармен сүйемелденеді.



Әдістемелік  ұсынымдар  директорлардың 

орынбасарларына,  бөлімше  меңгерушілеріне, 

циклдік  комиссиялардың  төрағаларына,  білім 

беру ұйымдарының оқу бөлімінің қызметкерлері-

не ТжКБ оқу орындарында оқудың сабақ кестесін 

құрастыру кезінде пайдалану үшін арналған. 



6

Әдістемелік ұсынымдар «Кәсіпқор Холдингі» 

коммерциялық  емес  акционерлік  қоғамы  Ғылы-

ми-әдістемелік кеңесінің 2016 жылғы 5 шілдедегі 

№ 2 шешімімен Техникалық және кәсіптік білім 



беру оқу орындарының модульдік оқу кезінде оқу-

дың сабақ кестесін құрастыру барысында қолда-

нуы үшін мақұлданған.



Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  маман-

дықтары бойынша модульдік оқу кезінде оқудың 

сабақ кестесін құрастыру жөніндегі Әдістемелік 

ұсынымдардың сапасын жақсарту жөніндегі бар-

лық  ескертулеріңіз  бен  ұсыныстарыңызды  мына 

электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұрай-

мыз: 

kboribekov@tvet.kz



almagambetova@tvet.kz



al-anara@mail.ru

 


7

КІРІСПЕ

«Білім туралы» ҚР Заңының 28-бабына сәйкес, 

оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру негізі білім 

беру ұйымы жүзеге асыратын оқу-тәрбиелеу жұ-

мысын жоспарлау және есепке алу болып табыла-

ды. 


Техникалық  және  кәсіптік  білім  берудің  оқу 

бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  ұй-

ымдарындағы оқу-тәрбиелеу жұмысын жоспарлау 

оқу  жылына  арналған  оқу-тәрбиелеу  процесінің 

бекітілген кестесі мен теориялық және практика-

лық сабақтар кестесі негізінде жүзеге асырылады. 

Оқу  сабақтарының  кестесі  педагог  қызмет-

керлердің  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларды 

уақтылы және сапалы орындауы оған байланысты 

болатын  оқу  орнының  оқу-тәрбиелеу  жұмысын 

ұйымдастыруды  жоспарлаудың  ажырамас  бөлігі 

болып табылады. 

Оқудың сабақ кестесі теориялық және практика-

лық сабақтарды, сондай-ақ бақылау іс-шараларын 

(білім  алушыларды  ағымдағы  және  аралық  атте-

статтау)  өткізудің  жүйелілігін  анықтау  бөлігінде 

білім алушылардың оқу материалдарын қабылда-

уы мен кейіннен меңгеруінің педагогикалық-пси-

хологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оқу 

процесінің  ұйымдастырылуын  реттейтін

негізгі 


жоспарлау құжаттарының бірі болып табылады.

Сабақ  кестесі  техникалық  және  кәсіптік  білім 

беретін оқу орындарындағы оқу процесін сапалы 

ұйымдастырудың  тиімділігін  қамтамасыз  етуді 

басқарудың  айқындаушы  құралдарының  бірі  бо-

лып табылады. 



8

Сабақ  кестесі  теориялық  және  практикалық 

сабақтарды жүргізуге тартылған педагог қызмет-

керлердің жұмыс күнінің режимін ғана емес, сон-

дай-ақ білім алушылардың оқу жұмысын ұйымда-

стырудың оңтайлы нұсқасын да реттейді. 

Жоғарыда  айтылғаннан  көрініп  тұрғандай,  са-

бақ кестесін құрастыру - педагогикалық талаптар-

ды сақтауды, пәнаралық байланыстар мен ықпал-

дастырылған  оқыту  қағидаттарын  қамтамасыз 

етуді,  сондай-ақ  педагогикалық  оқу  жүктемесін 

педагог  қызметкерлер  арасында  оңтайлы  бөлу-

ді  талап  ететін  шығармашылық  процесс.    Одан 

басқа,  оқудың  сабақ  кестесін  құрастыру  кезінде 

білім  алушылар  мен  оқытушылар  үшін  мынадай 

жағдайлардың жасалуын ескеру қажет: 

-  дәрістік  және  практикалық  сабақтарды  (өн-

дірістік оқу және практикалық сабақтар), оқу ма-

териалын  қабылдаудың  күрделілігіне  қарай  әр 

түрлі модульдер мен пәндерді алмастыру арқылы 

теориялық және практикалық материалды жақсы-

рақ меңгеру үшін;  

- білім алушылар мен оқытушылардың бір оқу 

корпусынан  басқасына  ауысуымен  байланысты 

уақытты барынша аз жұмсау; 

-  оқу  күнінің  ортасында  ықтимал  үзілістердің 

(бос сабақ) туындауына жол бермеу. 

Оқудың  сабақ  кестесі  оқу  курстары  бойынша 

техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі 

білім  беру  бағдарламаларының  түрлері  бойын-

ша әр түрлі оқу нысандарындағы білім алушылар 

үшін бөлек құрастырылады және оны білім беру 

ұйымының басшысы бекітеді.  

Бекітілген  сабақ  кестесіне  өзгерістер  мен  то-



9

лықтырулар оқу бөлімінің ұсынысы бойынша ди-

ректордың  оқу  жұмысы  жөніндегі  орынбасары-

ның өкмімен және кейіннен оқу бөлімі басшысы-

ның бұйрығымен ресімдеу арқылы енгізіледі. 

Оқудың сабақ кестелерін дайындауға, құрасты-

руға және орындауға жалпы басшылықты дирек-

тордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары жүзе-

ге асырады.  Сабақ кестелерін құрастыру бойын-

ша тікелей жұмысты оқу бөлімі жүзеге асырады.  

сабақ  кестесі  бойынша  сабақтардың  өткізілуін 

бақылауды бөлім меңгерушілері, циклдік комисси-

ялардың төрағалары және сабақтардың өткізілуі-

не дербес жауапты болатын оқытушылар тікелей 

қамтамасыз етеді.  

Техникалық  және  кәсіптік  білім  беретін  оқу 

орындарының  басшыларына  әдіснамалық  көмек 

көрсету  мақсатында,  «Кәсіпқор»  холдингі»  ком-

мерциялық емес акционерлік қоғамы нормативтік 

құқықтық базаны және техникалық және кәсіптік 

білім  беретін  оқу  орындарындағы  оқудың  сабақ 

кестесін құрастыру жөніндегі практиканы зерттеу 

бойынша жұмыс ұйымдастырған.

ТжКБ оқу орындарындағы оқу процесін сабақ 

бойынша  жүйемен  ұйымдастыру  ерекшеліктерін 

және сабақ кестелерін құрастырудың қиындығын 

ескере  отырып,  техникалық  және  кәсіптік  білім 

беретін оқу орындарының, оқу бөлімдерінің сабақ 

кестесін құрастырумен айналысатын педагог қы-

зметкерлеріне практикалық көмек көрсету мақса-

тында, осы әдістемелік ұсынымдар әзірленген. 


10

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы  әдістемелік  ұсынымдар  барлық  оқу  ны-

сандарының сабақ кестелерін дайындаудың, құра-

стырудың,  келісудің  және  бекітудің  әдіснамалық 

тәртібін сипаттайды. 

  Осы  ұсынымдарда  «Білім  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңына және Техникалық және 

кәсіптік  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  мін-

детті стандартына сәйкес терминдер мен анықта-

малар  қолданылады.    Оларға  қосымша  мынадай 

терминдер мен олардың анықтамалары қосылған:

аудиториялық  қор  -  оқу  сабақтарын  өткізуге 

арналған:  оқу  кабинеттерінің,  зертханалардың, 

оқу-өндірістік  шеберханаларының,  оқу  полигон-

дарының жиынтығы;



білім  беру  ұйымдарындағы  білім  алушы-

ларды  қорытынды  аттестаттау  -  оқу  жұмыс 

жоспарларында  көзделген  оқу  бағдарламалары-

ның көлемін меңгеру деңгейін анықтау мақсатын-

да ТжКБ оқу орны өткізетін шара. 



зертханалық-емтихандық сесия – сырттай оқу 

бөлімінің білім алушыларымен зертханалық-прак-

тикалық сабақтар өткізу және оқу орнында емти-

хан тапсыру кезеңі



модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, 

өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту 

кезеңі; 

модульдік  оқыту  –  модульдік  білім  беру 

бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін 

ұйымдастыру тәсілі;

қос  сабақ  –  оқу  модульдерінің  немесе  пән-


11

дерінің  бір  тақырыбы  бойынша  екі  біріктірілген 

сабақ түріндегі сабақ.  Қос сабақтардың ұзақтығы 

2 академиялық сағатты немесе 90 минутты құрай-

ды;

практикалық сабақ – тапсырмаларды орындау 

арқылы білімді, дағдыларды, машықтарды бекіту 

және кәсіптік біліктілікті қалыптастыру;  

–  бұл оқу аудиториясында оқытушының басқа-

руымен өткізілетін, теориялық білімді тереңдету-

ге және өз бетінше жұмыс істеудің белгілі бір әді-

стерін меңгеруге бағытталған сабақ. 

білім алушыларды аралық аттестаттау - білім 

алушылардың  бір  оқу  пәнін  оқуды  аяқтағаннан 

кейін оның бір бөлігінің немесе толық көлемінің 

мазмұнын  меңгеру  сапасын  бағалау  мақсатында 

өткізілетін шара; 

күн тәртібі – оқу орнының жұмысын тиімді ұй-

ымдастыруға ықпал ететін, қызмет түрлері мен де-

малыс уақытының ұтымды бөлінуі және бір тәулік 

ішіндегі дұрыс тәртібі;  



бос сабақ – оқытушының оқу сабақтарын өткіз-

бейтін бос жұмыс уақыты; 



ағымдағы  бақылау  -  білім  алушылардың  үл-

герімін ағымдағы бақылау - бұл оқытушы модуль-

дер  мен  пәндердің  оқу  бағдарламасына  сәйкес 

ағымдағы  сабақта  өткізетін,  білім  алушылардың 

білімін жүйелі тексеру;  

теориялық  сабақ  -  кәдімгі  аралас  сабақ,  бей-

не-аудио-фото материалдарды және т.б. пайдалана 

отырып өткізілетін жаңа материалды өту сабағы; 

Сабақтардың типтері мен түрлері: жаңа білім алу 

сабағы (түрлері: дәріс, әңгімелесу, таныстыру, са-

яхат, зерттеу, жоба құрастыру), білімді бекіту және 



12

БДМ  қалыптастыру  сабағы  (түрлері:  тәжірибе, 

пікірталас, зертханалық жұмыс, жоба, кейс құра-

стыру,  іскерлік  ойын,  конкурс),  жалпылау  және 

жүйелендіру  сабағы  (түрлері:  семинар,  әңгіме-

лесу, зерттеу, пікірталас, пікірсайыс, рөлдік және 

іскерлік  ойындар,  саяхат,  конкурстар,  сұрақ-жау-

ап), аралас сабақ;  



тарифтеу тізімі - штат кестесіне қарағанда, та-

рифтеу тізімі аттары аталған тізім болып табыла-

ды.  Тарифтеумен  әрбір  оқытушының  модульдер, 

топтар,  мамандықтар  бойынша  педагогикалық 

жүктемесінің көлемі бекітіледі және ол белгілен-

ген жүктеме ескерілген қызметкерлердің еңбекақы 

құралы болып табылады. 

оқу сабағы — бұл өзара байланысты элементтер 

жүйесін құрайтын процесс: білім беру жағдайла-

ры, қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымда-

стыру  нысандары,  білім  беру  міндеті  (мақсаты), 

білім беру мазмұны, оқыту әдістері мен құралда-

ры; 


оқу  аптасы  –  дүйсенбіден  басталатын  бес 

(алты) күндік уақыт аралығы;



сабақ  жүйесі  –  оқу  сабақтарын  өткізу  үшін 

жасы  бірдей  білім  алушылар  белгіленген  уақыт 

кезеңі  ішінде  (әдетте  —  оқу  жылы)  өз  құрамын 

сақтайтын  шағын  ұжымдарға  (топтарға)  топта-

стырылатын,  қазіргі білім беру  жүйесінде  басым 

және  барлық  жерлерде  таралған  оқу  процесінің 

ұйымдастырылуы. Осы ретте оқудың негізгі ныса-

ны сабақ болып табылады. Сабақ жүйесі сабақты 

ұйымдастырудың  сұрауды,  түсіндіруді,  бекітуді, 

үй  тапсырмасын  қамтитын    құрылымымен  ерек-

шеленеді;  Сабақтың  мақсаттары:    танымдық,  да-

мытушы, тәрбиелік.



13

  циклдік  комиссия  (әдістемелік  бірлестік)  –  

бірқатар ұқсас пәндер оқытушыларының бірлесті-

гі. Циклдік комиссия кемінде 3 адамнан тұратын, 

оқу жоспарының құрылымын есепке алғанда, ұқ-

сас пәндер оқытушыларынан құралады. 



Сабақ  кестелерін  құрастыруға  қойылатын 

жалпы талаптар:

Кестеде барлық оқу топтары үшін әрбір модуль 

мен  пән  бойынша  оқу  сабақтары  туралы  толық 

ақпарат  (күні,  уақыты,  орны  және  сабақтардың 

түрі)  қамтылуы  тиіс.    Оқу  сабақтары  дәрістер, 

консультациялар,  семинарлар,  практикалық  са-

бақтар,  зертханалық  жұмыстар  және  т.б.  түрінде 

өткізіледі. 

Сабақ кестесін құрастыру кезінде оқу апталарын 

есепке  алу  «тақ»  және  «жұп»  апта  (алым/бөлім) 

қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Апталарды 

санау оқу жылының басында қалыптастырылады 

және  бірінші  тақ  (алым)  аптадан  бастап  барлық 

оқу жылы ішінде тура нөмірлерге ие болады.  

Оқу  жұмысының  барлық  түрлерінің  оқу  са-

бақтары үшін академиялық сабақ 45 минуттан ас-

пайды. Бір қос сабақтың ұзақтығы 2 академиялық 

сағатты немесе 90 минутты құрайды.  

Сабақ кестесін құрастыру кезінде бір оқу тобын-

да  модульдер  немесе  пәндер  бойынша  аудитори-

ялық сабақтардың ұзақтығы күніне 8 академиялық 

сағаттан  артық  ұсынылмайды  (дене  шынықтыру 

және факультативтік пәндер бойынша сабақтарды 

есепке алмағанда). Сабақ кестесіне бір модуль не-

месе пән бойынша теориялық сабақтарды күніне 


14

екі сағаттан артық қосуға жол берілмейді. 

Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім 

алушылардың тамақтануы мен белсенді демалуы 

үшін  ұзақтығы  жеткілікті  үзілісті  көздеуі  тиіс. 

(«Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңы-

ның 48-бабының 5-тармағын қараңыз)

Модульдер мен пәндер бойынша оқу сабақтарын 

қос сабақ түрінде ұйымдастыру кезінде бір күнде 

әрбір қос академиялық сағаттан кейін кемінде 10 

минутты құрайтын үзіліспен төрт қос сабақтан ар-

тық жоспарланбайды.  

Білім алушыларға бір аптада түсетін оқу жүкте-

месінің (оқу сабақтары) ең көп көлемі Техникалық 

және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға 

міндетті стандартымен айқындалады. Оқу жылы-

ның ұзақтығы мереке күндерін қоса алғанда 40 ап-

тадан артық жоспарланбайды.  Оқу жылы екі се-

местрге (жартыжылдық) бөлінеді.   

Білім саласындағы уәкілетті орган оқу аптасы-

ның басқа тәртібін белгілемесе, жексенбі және Қа-

зақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ме-

реке күндерін қоспағанда, барлық күндер оқу күн-

дері болып саналады. Сенбі күндері өнеркәсіптік 

кәсіпорындардың  өндірістік  зертханаларында  са-

бақ өткізуді жоспарлау ұсынылмайды.  

Оқудың  сабақ  кестелері  қалың  қағазда  түзе-

тусіз және өшірусіз анық басып шығарылуы тиіс. 

Сабақ  кестесіне  директордың  оқу  жұмысы 

жөніндегі орынбасары қол қояды, директор бекі-

теді және семестр немесе сессия басталғанға дей-

ін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей, көру үшін қол-

жетімді, арнайы бөлінген орындарда ілінеді.  

Сабақ  кестесінің  электрондық  нұсқасы  кол-



15

ледждің сайтында орналастырылады.  Сабақ кесте-

лерінің даналарын оқу орнының істер номенкла-

турасына сәйкес сақтау ұсынылады (5 жылдан кем 

емес). 

Оқытушылар  ауырып  қалған  (іссапар,  демалыс 



және т.б.)  жағдайда қолданыстағы сабақ кестесін-

де көзделген оқу сабақтарын ауыстыруды оқу ор-

нында  қабылданған  арнайы  журналда  өндірістік 

ауыстырудың  күні  мен  уақытын,  оның  себебін 

және ауыстыруға рұқсат берген басшының Т.А.Ә. 

көрсете отырып, тіркеу ұсынылады. 



Сабақ кестелері:

-  білім  алушылардың  оқуы,  тәрбиеленуі  және 

дамуы үшін анағұрлым оңтайлы жағдайлар жасау;

- білім алушылар мен оқытушылардың қызметі 

үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- оқу орындары ұйымы қызметінің оңтайлы жұ-

мыс  режимін  қамтамасыз  ету  мақсатында  құра-

стырылады.



Оқудың  сабақ  кестелерін  құрастыру  кезінде 

мыналарды басшылыққа алу ұсынылады:

-  сабақ  кестесі  тұрақты  болуы  тиіс,  барлық  се-

местрге құрастырылуы, оқу жұмыс жоспарларында 

көзделмеген  оқу  сабақтарын  қамтымауы  тиіс.  Са-

бақ кестесінде оқу модульдері мен пәндердің толық 

атауын, оқытушының тегін және сабақтарды өткізу 

орнын көрсету қажет.

- кіші топтар бойынша оқудың сабақ кестелерін 

сабақтарды  әр  түрлі  оқытушылар  жүргізетіндей 

етіп құрастыру қажет. Факультативтік сабақтарды 

өткізу үшін бөлек сабақ кестесі құрастырылады.


16

- оқудың сабақ кестесі оқу күні ішінде оқу про-

цесінің үздіксіздігін, білім алушылардың оқу жұмы-

сының  (аудиториялық  және  өздік)  бір  апта  ішінде 

тең бөлінуін, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шараларды 

өткізу мүмкіндігін көздеуі тиіс. 

-  оқудың  сабақ  кестесі  күндізгі  оқу  сабақтары 

таңғы сағат 8-ден ерте басталмайтындай, ал кешкі 

ауысым сабақтары сағат 22.00-ден кеш аяқталмай-

тындай етіп құрастырылуы тиіс.  Осы ретте оқудың 

басталу және аяқталу уақыты жергілікті жағдайлар 

мен көліктік қамтамасыз етуге сүйене отырып, оқу 

орнының қарауы бойынша өз бетінше белгіленеді.   

Барлық оқу топтары бойынша оқу сабақтарын бір 

мезгілде, бір сағатта бастау ұсынылады.  Оқу орны 

бірнеше оқу ауысымымен жұмыс істеген кезде ауы-

сымдар арасындағы үзілістер 40 минуттан кем бол-

мауы тиіс.



Оқудың сабақ кестесін құрастыру кезінде:

-  оқу  жоспарының  модульдері  мен  пәндерін 

жұмыс күні шегінде және апта күндері бойынша 

білім алушылардың педагогикалық дұрыс жүкте-

луін қамтамасыз ететіндей бөлу; 

- модульдер мен пәндер бойынша сабақ түрлерін 

меңгеру қиындығына және санитариялық нормалар 

мен қағидалардың талаптарына қарай орынды алма-

суын ескеру;

-  барлық  оқу  кабинеттерінің,  зертханалардың, 

оқу-өндірістік  шеберханалар  мен  полигондардың 

мүмкіндіктерін бір күн ішіндегі барынша көп жүк-

телуін ескере отырып пайдалану ұсынылады

-  оқу  зертханалары  мен  оқу-өндірістік  шебер-

ханалардағы  оқу  модульдері  бойынша  сабақтар-


17

ды теориялық білімнен кейін оқу күнінің соңында 

көздеу орынды. 

2. Оқудың сабақ кестелеріне қойылатын 

психологиялық-педагогикалық талаптар

2.1.  Оқудың  сабақ  кестесін  құрастыру  кезінде 

білім алушылардың оқу аптасының әр түрлі күн-

деріндегі  ақыл-ой  қабілетін  ескеру  қажет.  Педа-

гог-психологтардың  пайымдауына  сәйкес,  білім 

алушы  жастардың  ақыл-ой  қабілетінің  деңгейі 

аптаның  ортасына  қарай  өсіп,  аптаның  басында 

(дүйсенбі)  және  соңында  (жұма)  төмен  болады. 

Сондықтан бір апта ішіндегі оқу жүктемесі оның 

ең  көп  көлемі  сейсенбіге  және  (немесе)  сәрсен-

біге  келетіндей  етіп  бөлінеді.  Осы  күндері  сабақ 

кестесіне ең қиын модульдер мен пәндер немесе 

қиындығы жағынан орташа және жеңіл модульдер 

мен  пәндер  енгізіледі,  бірақ  олардың  көлемі  ап-

таның қалған күндеріне қарағанда көбірек болуы 

тиіс.  


2.2.  Үйде  дайындалуға  көп  уақытты  талап 

ететін оқу модульдері мен пәндері бір күнге топ-

тастырылмауы тиіс. Жаңа материалды түсіндіруді, 

бақылау  жұмыстарын  оқу  аптасының  ортасында 

2-ші және 3-ші сабақта өткізу қажет.  

2.3.  Оқудың  сабақ  кестесін  құрастыру  кезінде 

бөлімшелердің  меңгерушілерімен  және  циклдік 

комиссиялардың  төрағаларымен  бірлесіп,  әрбір 

оқу  модулі  мен  пәннің  мазмұнын  меңгеру  қиын-

дығын ескере отырып, оқу ретін және ауысу ықти-

малдығын  анықтау  қажет.  Осы  ретте  негізгі  оқу 

модульдері  мен  арнайы  пәндерді  2-ші  және  3-ші 

сабақтарға жоспарлау қажет. 


18

3. Сабақ кестелерінің түрлері

 3.1. Күндізгі оқу бөлімінде білім алушылар-

дың сабақ кестесі. Күндізгі оқу бөлімінде білім 

алушылардың  оқу  сабақтары  бір  семестр  ішінде 

біркелкі  бөлінеді.  Білім  алушыларға  бір  аптада 

түсетін міндетті оқу жүктемесінің ең көп көлемі 

(академиялық сағатпен) Техникалық және кәсіптік 

білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стан-

дартына сәйкес анықталады. Оқу сабақтарын өт-

кізу  бірінші  басшы  бекіткен  техникалық  және 

кәсіптік білім беретін оқу орнының жұмыс регла-

ментіне сәйкес күндізгі уақытта жоспарланады.  



3.2. Кешкі оқу бөлімінде білім алушылардың 

сабақ кестесі. Кешкі оқу бөлімінде білім алушы-

лардың сабақ кестелері бір семестр ішінде біркелкі 

бөлінеді. Бір апта ішіндегі аудиториялық сабақтар-

дың ең көп көлемі Техникалық және кәсіптік білім 

берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты-

на сәйкес күндізгі оқу бөлімі үшін көзделген оқу 

уақытының тиісті көлемінен 70% мөлшері есебіне 

сүйене  отырып  анықталады.  Сабақтарды  өткізу 

бірінші басшы бекіткен техникалық және кәсіптік 

білім  беретін  оқу  орнының  жұмыс  регламентіне 

сәйкес кешкі сағаттарда жоспарланады.  

3.3. Сырттай оқу бөлімінде білім алушылар-

дың сабақ кестесі. Сырттай оқу бөлімінде білім 

алушылардың  оқу  сабақтары  зертханалық-емти-

хандық  сессия  нысанында  өткізіледі  және  оқы-

тушы  мен  білім  алушының  оқу  жұмыстарын 

және  бақылау  іс-шараларын  (білім  алушыларды 


19

ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау) бірік-

тіреді.  Сабақтарды өткізу сәйкесінше қыс және жаз 

мезгілдерінде оқу жылында 2 рет жоспарлау ұсы-

нылады. Бір апта ішіндегі аудиториялық сабақтар-

дың ең көп көлемі Техникалық және кәсіптік білім 

берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты-

на сәйкес, күндізгі оқу бөлімі үшін көзделген оқу 

уақытының тиісті көлемінен 30% есебіне сүйене 

отырып  анықталады.  Бір  күн  ішінде  сабақтарды 

өткізу  бірінші  басшы  бекіткен  техникалық  және 

кәсіптік білім беретін оқу орнының жұмыс регла-

ментіне сәйкес жоспарланады.  

3.4. Аралық аттестаттау кестесі. 

Аралық аттестаттау кестесі оқу жылы ішінде 2 

рет, сәйкесінше қыс және жаз мезгілдерінде күндіз-

гі және сырттай оқу бөлімдерінің білім алушыла-

ры үшін құрастырылады.  Аралық аттестаттаудың 

ұзақтығы,  яғни  Техникалық  және  кәсіптік  білім 

берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты-

на сәйкес білім алушыларды аралық аттестаттауға 

бөлінетін оқу уақыты - 2 оқу аптасынан артық бол-

мауы және дипломдық жұмысты орындауды қоса 

алғанда,  қорытынды  аттестаттауға  бөлінетін  оқу 

уақыты 8 оқу аптасынан артық болмауы тиіс. 

Техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кей-

інгі  білім  беру  ұйымдарында  білім  алушылар-

ды аралық аттестаттау білім берудің мемлекеттік 

жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірлен-

ген  оқу  жұмыс  жоспарлары  мен  бағдарламала-

рына  сәйкес,  курстық  жобаларды  (жұмыстарды), 

сынақтар  мен  емтихандарды  қорғау  нысанында 


20

жүзеге асырылады, осы ретте сынақтар және кур-

стық  жобаларды  (жұмыстарды)  қорғау  емтихан-

дар басталғанға дейін өткізіледі. Курстық жобалар 

(жұмыстар)  осы  пән  бойынша  курстық  жобаны 

(жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді мең-

геруді қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлігі 

немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады. 

Егер  ағымдағы  семестрдің  оқу  жоспарында 

осы  пән  бойынша  емтихан  немесе  қорытынды 

сынақ  түріндегі  аралық  аттестаттау  көзделмесе, 

сынақтар кейінгі семестрге өтетін пәндер бойын-

ша өткізіледі. 

Сараланған  бағалары  («өте  жақсы»,  «жақ-

сы»,  «қанағаттанарлық»  және  «қанағаттанарлық-

сыз») бар сынақтар курстық жобалар (жұмыстар), 

кәсіптік  практика,  сондай-ақ  тізбесі  оқу  жұмыс 

жоспарына  сәйкес  анықталатын  арнайы  пәндер 

бойынша өткізіледі.  

Білім  алушыларды  аралық  аттестаттауға  дай-

ындық кезеңінде консультацияға бөлінген уақыт-

тың жалпы бюджеті есебінен консультациялар өт-

кізіледі. 

Аралық  аттестаттау  кестесімен  олар  бойынша 

емтихан  оқу  жұмыс  жоспарларында  көзделген 

оқу модульдері мен пәндері бойынша оқу топта-

ры  үшін  емтихандар  мен  консультациялар  өткізу 

күні, уақыты және орны айқындалады. Аралық ат-

тестаттау кестесі ол басталар алдында бекітіледі.  


21

4. Күндізгі оқу бөліміндегі білім алушылардың 

сабақ кестесін құрастыру тәртібі 

4.1. Оқу бөлімі сабақ кестесін құрастыру үшін, 

директордың күндізгі оқу бөлімінде білім алушы-

лар үшін оқу процесін ұйымдастыру туралы бұй-

рығын  және  бекітілген  жұмыс  регламентін  бас-

шылыққа  ала  отырып,  ағымдағы  оқу  жылына 

бекітілген оқу топтарының санына, білім алушы-

лардың  ауыспалы  құрамына,  оқу  процесінің  ке-

стесіне  және  барлық  іске  асырылатын  маман-

дықтар  бойынша  оқудың  қолданыстағы  жұмыс 

жоспарларына талдау жүргізеді және диспетчердің 

жұмыс журналын қалыптастырады.  

Оқу бөлімінде семестрлер бойынша есепке алу 

журналын  жүргізу  ұсынылады,  оған  барлық  оқу 

топтары, оқу жұмыс жоспарларында көзделген оқу 

модульдері мен пәндері, сабақ түрлеріне бөлінген, 

бір  апта  ішіндегі  оқу  сабақтарының  сағат  саны, 

білім алушыларды аралық аттестаттау нысандары, 

сабақтарды өткізуі жоспарланған оқытушылардың 

тегі енгізіледі. Оқу бөлімі жүргізілген талдаудың 

негізінде  және  семестрлер  бойынша  есепке  алу 

журналын пайдалана отырып, оқу топтарын және 

модульдер  мен  пәндерді  бөлімшелер  бойынша 

бөлудің  үзінді  көшірмелерін  құрастырады    (қоса 



берілген 1-нысанға сәйкес). 

Толтырылған  үзінді  көшірме  нысаны  танысу 

және ұсыныстар беру үшін циклдік комиссияларға 

беріледі. Өз кезегінде, циклдік комиссиялар білім 

алушылардың  ауыспалы  құрамының  оқу  топта-

рына,  оқу  жоспарларына  және  ұсынылған  үзінді 

көшірмелерге  талдау  жүргізеді,  олардың  түрлері 


22

бойынша  сабақ  өткізу  үшін  жоспарланған  оқы-

тушылардың тегін анықтайды. Толтырылған үзін-

ді көшірмелер оқу бөліміне ескертпеде көрсетіл-

ген  күннен  кешіктірілмей  қайтарылады.    Үзінді 

көшірмелерді  толтыру  кезінде  циклдік  комисси-

ялардың  төрағаларына  сабақ  кестесін  құрастыру 

барысында және арнайы модульдер мен пәндердің 

оқытушыларының  жұмысын  жоспарлау  кезінде 

ескерілуі тиіс ерекше жағдайларды көрсету мүм-

кіндігі беріледі. Оқу бөлімі үзінді көшірмеде көр-

сетілген ерекше жағдайларды көрсетілген жағдай-

лардың  орындалуы  сабақ  кестелерін  құрастыру-

дың  жалпы  қағидаттарына  қарама-қайшы  келме-



ген жағдайда ескереді. 

23

1-ныс

ан

Циклдік к

омиссия _______________________ Оқу ныс

аны________________________

   ___________ о/ж_______ ж/ж арна

лған т

опт

ар

ды және м

оду

льдер мен пәндер

ді бөлу

дің 

үзінді көшір

ме

сі

Р/с №

М

оду

ль 

мен  пәннің  ат

ау

ы

Топ  нөмірі

Бір с

е-

ме

ст

рдегі 

апт

а с

аны

Бір а

пт

адағы с

аға

т с

аны

Оқыт

ушының 

тегі А.Ә.

Бақыла

у ныс

аны

Дәрі

-

стер

ЗП

ӨО

жКП

Бар

-

лығы

Емти

-

ха

н

Сынақ

КЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Еск

ер

тпе: 

1. Үзінді көшір

ме б

елгіленг

ен мер

зімде: дейін т

олтырылып, оқу бөліміне ұсынылуы тиіс.

2. 

То

лтырылған 

үзіндінің 

көшір

ме

сі 

сабақ 

ке

сте

сі 

бекітілг

енг

е 

дейін 

циклдік 

ко

миссияда 

сақт

алуы тиіс.

3. Үзінді көшір

ме түсінікті және мұқият т

олтырылуы тиіс.

4. 

Қаж

ет 

бо

лған 

кез

де 

үзінді 

көшір

ме

де 

м

ам

андандырылған 

зер

тх

ана

лар

дың 

нөмір

-

лері көрс

етілуі тиіс.

Оқу бөлімі _____________ 

       КЕ

ЛІСІЛДІ: Циклдік к

омиссияның төрағасы _____________ 

24

4.2.  Сабақ  кестесін  құрастыру.  Сабақ  кестесін 

құрастырудың  негізгі  кезеңі  мамандықтар 

бойынша білім алушылардың барлық оқу топтары 

үшін  оқу  модульдері  мен  пәндерін  бөлу  болып 

табылады.    Бөлу  бөлімдер  бойынша  арнайы 



бланкіде  (қоса  берілген  2-қосымшаға  сәйкес) 

жүзеге асырылады. 

Сабақ  кестесінің  бланкісінен  ақпарат  әрбір 

циклдік комиссия және әрбір оқытушы бойынша 

бөлек  қалыптастырылатын  оқу  сабақтарының 



карточкаларына (қоса берілген 3-нысанға сәйкес) 

ауыстырылады.  Оқу  бөлімінде  карточкалар  апта 

күндері бойынша және оқу топтары, сабақ түрлері 

және  оқу  кабинеттері  мен  мамандандырылған 

зертханалардың  жүктелемесі  көрсетіле  отырып 

толтырылады.  



25

2-ныс

ан

Мам

андығы _______________________________________к

урсы_______ т

обы  _____________ 



М

оду

льдер мен 

пәндер

дің а

та

уы

Оқу у

ақыты

-

ның көлемі 



аға

т)

Емтих

ан

 



еме

ст

р)

1-с

ем.

18 а

пт

а



аға

т-

пен)

2-с

ем.

12 а

пт

а



аға

тпен)

Бір а

пт

адағы 

саға

т с

аны

Оқыт

ушының Т

.А.Ә.

1-с

ем.

2-с

ем.

1-мо


ду

ль

36



1

36

-



2

-

2-мо



ду

ль

102



-

54

48



3

4

Жиыны



36

Оқу бөлімі _____________ 

  

КЕ

ЛІСІЛДІ: 

Циклдік 

ко

миссияның 

төрағасы___________

26

3-ныс

ан

  ___________ о/ж _____ ж/ж арна

лған оқу с

абақт

арының к

ар

то

чк

асы

Циклдік к

омиссия _______________________________________ 

Апт

а күні 

Оқыт

ушы ______________________

8.00 – 9.35

9.45 – 1

1.20

11.40 – 13.15

13.25 – 15.00

15.10 – 16.50

17.00 – 18.35

18.45 – 20.20

Дүйсенбі

Сейс

енбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Еск

ер

тпе: 

1.

 К



ар

то

чк



а б

елгіленг


ен мер

зімде: 


______ дейін оқу бөліміне ұсынылуы тиіс.  2.

 К

ар



то

чк

аның көшір



ме

сі с


абақ к

есте


сі б

екітілг


енг

е дейін с

ақт

алуы тиіс.



3.

 Сабақ к


есте

сін с


алыстырып тек

сер


у _____________ дейін жүргізіле

ді. 


4.

 Бекітілг

ен 

қоңыра


у 

ке

сте



сіне 

сәйк


ес 

сабақт


ар

дың 


баст

алуы 


мен 

ұзақтығы  



Са

лыстырып тек

сер

у күні мен у

ақытын а

лдын а

ла к

еліс

у

27

4.3 Факультативтік сабақтар кестесін 

құрастыру

Факультативтік  сабақ  –  техникалық  және 

кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқытыла-

тын міндетті емес оқу курсы (пән).

Факультативтік сабақтардың функциялары:

1) пәндік-жоғарылату: факультативтік сабақтар-

да  білім  алушылар  жекелеген  пәндерді  меңгеру 

деңгейін жоғарылатады; 

2) уәждеу: факультативтік сабақтарда іздеу, та-

нымдық, шығармашылық қажеттіліктерін қанағат-

тандыру  есебінен  көптеген  білім  алушыларда 

зерттеу пәніне деген тұрақты танымдық уәждеме 

қалыптасады;

Факультативтік сабақтардың мақсаттар бойын-

ша түрлері:

-  білім  алушылардың  кәсіптік  біліктілігін  қа-

лыптастыру; 

- білім алушыларды жалпы мәдени дамыту;

- білім алушыларды зерттеу қызметіне қатысты-

ру;


Факультативтік сабақтардың ұзақтығы бойынша 

түрлері: ұзақтығы әр түрлі факультативтердің ұй-

ымдастырылуы мүмкін және орынды: оқу жылы, 

жартыжылдық ішінде.

Факультативті  өткізу  ұзақтығын  таңдау  тақы-

рып  пен  мазмұнға,  білім  алушылардың  қы-

зығушылығына және т.б. байланысты. 

Факультативтік  сабақтарды  өткізу  үшін  бөлек 

сабақ кестесі құрастырылады.

Факультативтік пәндер аптасына 4 сағаттан ас-

пайтын есептен оқу орнының оқу жұмыс жоспа-


28

рында  көзделеді  және  оқу  үшін  міндетті  болып 

табылмайды.  Факультативтер  кестесіне,  бірінші 

кезекте, оқу жұмыс бағдарламаларында көзделген 

оқу жұмысының түрлері енгізіледі. Мысалы, дене 

шынықтыру бойынша сабақтар.

Арнайы модульдер мен пәндер бойынша факуль-

тативтік  сабақтар,  негізінен,  оқу  ауысымына  қа-

рай, оқу күнінің басына немесе соңына жоспарла-

нады, бұл, біріншіден, факультативтік сабақтарға 

қатысу міндетті болып табылмайтындықтан, білім 

алушылардың  сабақтарында  үзілістердің  пайда 

болуына  жол  бермеуге  мүмкіндік  береді,  екінші-

ден, факультативтік модульдер мен пәндер бойын-

ша сабақтар өткізу үшін топтарды қайта қалыпта-

стыру мүмкіндігі пайда болады.  



4.4. Аудиториялық қорды бөлу

Сабақтарды  оқу  орнының  оқу  корпустарының 

оқу кабинеттері бойынша бөлу кезінде оқу бөлімі 

циклдік комиссиялардың үзінді көшірмелерде ұсы-

нылған шарттары мен тілектерін, оқу топтарының 

құрамын, оқу кабинеттеріндегі отырғызу орында-

рының  санын,  сабақтарды  арнайы  жабдықталған 

оқу кабинеттерінде, зертханаларда, оқу-өндірістік 

шеберханаларында  және  оқу  полигондарында 

жоспарлау  қажеттілігін  ескереді.  Циклдік  комис-

сияларға бекітілген мамандандырылған оқу каби-

неттерінің, зертханалар мен оқу-өндірістік шебер-

ханалардың  қамтылуын  жоспарлау  оқу  сабақта-

рының  карточкаларында  жүзеге  асырылады.  Оқу 

бөлімінде апта күндері бойынша карточкалар, оқу 


29

топтары,  сабақ  түрлері  және  мамандандырылған 

оқу  кабинеттерінің,  зертханалар  мен  оқу-өн-

дірістік  шеберханалардың  жүктемесі  көрсетіле 

отырып,  оқу  сағаттарын  оқытушылар  арасында 

бөлудің тарификациялық тізімі толтырылады. 

Зертханаларды және тиісті жабдығы бар басқа 

да  мамандандырылған  кабинеттерді  қоспағанда, 

аудиториялық қор барлық құрылымдық бөлімше-

лер мен оқу нысандары үшін ортақ болып табыла-

ды.  Аудиториялық қордың тиімді пайдаланылуын 

бақылауды оқу бөлімінің қызметкерлері оқу жылы 

ішінде жүзеге асырады. 

4.5Сабақ кестесін келісу және бекіту.  

Толық дайындалған сабақ кестелері циклдік ко-

миссиялардың төрағаларына және бөлімшелердің 

меңгерушілеріне келісуге беріледі.  Сабақ кестесін 

келісу  бір  апта  ішінде  жүргізіледі.  Осы  кезеңде 

циклдік  комиссиялардың  төрағалары  мен  бөлім-

шелердің  меңгерушілері  ұсынған  қажетті  өзгері-

стер мен толықтырулар талқыланады, қабылдана-

ды және кестеге енгізіледі. Сабақ кестесін циклдік 

комиссиялардың төрағаларымен келісу оқу бөлімі 

дайындаған және циклдік комиссияларға берілген 

оқу  сабақтарының  карточкалары  негізінде  жүр-

гізіледі.  Ескертулер  мен  толықтырулар  ескеріле 

отырып  түзетілген  сабақ  кестесі  электрондық 

түрде ресімделеді. Сабақ кестесінің соңғы нұсқа-

сы оқу бөлімімен, директордың оқу ісі жөніндегі 

орынбасарымен келісіледі және оны оқу орнының 

бірінші  басшысы  бекітеді  (қоса  берілген  4-ны-



санға сәйкес). 

30

4-ныс

ан

__________ оқу жылының_____ жар

тыжылдығына арна

лған с

абақ к

есте

сі

Апт

а 

күні 

са

-

бақ

уақыт

Мам

андық 

то

п

ау

д №

то

п

ау

д №

то

п

ау

д №

М

оду

ль, пән

оқы

-

тушы

М

оду

ль, 

пән

оқыт

ушы

М

оду

ль, пән

оқыт

ушы

Дүйсенбі

Сейс

енбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма 

31

5. Сырттай оқу бөлімінің білім алушылары 

үшін сабақ кестесін құрастыру тәртібі

5.1  Сырттай  оқу  бөлімінің  білім  алушылары 

үшін сабақ кестесін құрастыру қолданыстағы оқу 

жұмыс  жоспарлары  негізінде  және  оқу  жылына 

бекітілген сырттай оқу бөлімінің білім алушыла-

рының  ауыспалы  құрамына  және  оқу  процесінің 

кестесіне  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Сабақ  ке-

стесін құрастырудың дайындық кезеңінде диспет-

чердің  жұмыс  журналы  дайындалады  және  зерт-

ханалық-емтихандық сессияның сабақ кестесінің 

арнайы  бланкінде  оқу  курстары  бойынша  сабақ 

кестесін құрастыру жүзеге асырылады.  

5.2  Сабақ  кестесін  құрастыру.  Сабақ  кестесін 

құрастыру  процесі  оқудың  жұмыс  жоспарында 

әрбір пәнді оқуға көзделген күндер саны ескеріле 

отырып,  зертханалық-емтихандық  сессия  өткізу 

күндері  бойынша  жүзеге  асырылады.    Құрасты-

рылған  сабақ  кестесі  келісу  үшін  оқу  бөлімінен, 

өз  кезегінде,  зертханалық-емтихандық  сессия 

кестесінің  бланкінде  көрсетілген  мерзім  ішінде 

құрастырылған  сабақ  кестесіне  түзетулер  енгізу 

мүмкіндігіне ие болатын пәндік-циклдік комисси-

яларға жіберіледі.  Сабақ кестесін құрастырудың 

келесі кезеңі сырттай оқу бөлімінің білім алушы-

лары  үшін  зертханалық-емтихандық  сессияның 

үзінді  көшірмелерін  қалыптастыру    болып  табы-

лады . 

5.3  Аудиториялық  қорды  бөлу.  Сабақ  кестесі 



бөлімше  меңгерушілерімен  және  циклдік  комис-

сиялардың  төрағаларымен  келісілгеннен  кейін, 

оқытушыларды  бөлу  және  аудиториялық  қорды 


32

орналастыру процесі жүзеге асырылады, бұл зерт-

ханалық-емтихандықсессияның  келісілген  ке-

стесінекейбір өзгерістер енгізуге әкелуі мүмкін.  

5.4 Сабақ кестелерін келісу және бекіту.  Толық 

дайындалған  кесте  сырттай  оқу  бөлімінің  білім 

алушыларына  арналған  сабақ  кестесінің  арнайы 

нысаны  бойынша  электрондық  түрде  ресімде-

леді, онда пәндердің атауы, оқытушылардың тегі, 

білім  алушылардың  әрбір  жеке  тобына  арналған 

сабақтарды  өткізу  күні,  уақыты  және  орны  көр-

сетіледі,  сабақ  кестесі  сәйкесінше  курстар  және 

мамандықтар  бойынша  ресімделеді.    Сабақ  ке-

стесін оқу орнының басшысы бекітеді.  



6. Аралық және қорытынды аттестаттау ке-

стесін құрастыру тәртібі

Модульдер мен пәндердің тізбесін, білім алушы-

ларды  аралық  аттестаттауды  жүргізу  нысанын 

білім беру ұйымдары оқудың жұмыс бағдарлама-

лары  мен  жоспарларына  сәйкес  белгілейді  және 

оқу жылының басында оқу-тәрбиелеу процесінің 

кестесіне енгізеді. 

Техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кей-

інгі  білім  беру  ұйымдарында  білім  алушыларды 

аралық аттестаттау білім берудің жалпыға міндет-

ті мемлекеттік стандарттары негізінде әзірленген 

оқудың  жұмыс  жоспарлары  мен  бағдарламала-

рына  сәйкес,  курстық  жобаларды  (жұмыстарды), 

сынақтар  мен  емтихандарды  қорғау  нысанында 

жүзеге асырылады, осы ретте сынақтар және кур-

стық  жобаларды  (жұмыстарды)  қорғау  емтихан-

дар басталғанға дейін өткізіледі. Курстық жобалар 


33

(жұмыстар)  осы  пән  бойынша  курстық  жобаны 

(жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді мең-

геруді қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлігі 

немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады. 

Егер  ағымдағы  семестрдің  оқу  жоспарында 

осы  модуль  немесе  пән  бойынша  емтихан  неме-

се қорытынды сынақ түрінде аралық аттестаттау 

көзделмесе, сынақтар келесі семестрге өтетін мо-

дульдер,  пәндер  бойынша  өткізіледі.    Сынақтар 

ағымдағы  бақылау  нәтижелері  бойынша  қойыла-

ды және кестеге енгізілмейді.

Сараланған сынақтар курстық жобалар (жұмы-

стар), кәсіптік практика, сондай-ақ тізбесі оқудың 

жұмыс  жоспарына  сәйкес  анықталатын  арнайы 

модульдер бойынша жүргізіледі.

Күндізгі,  кешкі  және  сырттай  оқу  бөлімінде-

гі  білім  алушылармен  аралық  аттестаттауды  ұй-

ымдастыру мақсатында, жыл сайын аралық атте-

статтау кезеңіне емтихандар мен консультациялар 

кестесі  құрастырылады.  Аралық  аттестаттау  ке-

стелері оқу жылына бекітілген оқу процесінің ке-

стесіне сәйкес және оқудың қолданыстағы жұмыс 

бағдарламалары  мен  жоспарлары  негізінде  құра-

стырылады.  

Аралық аттестаттау кестесін құрастыру кезінде 

мынадай шарттарды ескеру ұсынылады:  

- аралық аттестаттауды өткізу мерзімі оқу про-

цесінің кестесінде бекітілген мерзімге сәйкес ке-

луі тиіс;  

-  білім  алушыларға  әрбір  емтиханға  дайында-

луға кемінде 3 күн берілуі тиіс

- бір емтиханда екі оқытушының болуын ескере 

отырып жоспарлау. 



34

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 

білім беру ұйымдарында білім алушыларды қоры-

тынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде және 

оқудың жұмыс жоспарларында көзделген мерзім-

де техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 

білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стан-

дарттарында айқындалған нысанда жүргізіледі. 

Мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөлімі ұй-

ымының оқу процесі кестелері үнемі сәйкес келе 

бермейтінін ескере отырып, бір мамандықтың те-

ориялық сабақтар кезеңін басқа мамандық бойын-

ша аралық аттестаттау кезеңіне салу орын алады.  

Мұндай  жағдайларда,  егер  оқытушы  теориялық 

оқу мен аралық аттестаттауда бір уақытта болса, 

бөлімше  меңгерушілері  тиісті  циклдік  комисси-

яның  төрағаларымен  бірлесіп,  оқытушы  аралық 

аттестаттауда болған күні теориялық сабақ жүргі-

зетін оқытушыны ауыстыруды алдын ала көздеуі 

тиіс.  


35

7. Оқудың сабақ кестелерінің орындалуы мен 

аудиториялық қордың пайдаланылу 

тиімділігін бақылау

7.1.  Оқудың  сабақ  кестесінің  құрастырылуын 

және оның орындалуын жалпы бақылауды дирек-

тордың оқу ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асы-

рады. 

7.2.  Директордың  оқу  ісі  жөніндегі  орынбаса-



ры, бөлімше меңгерушілері сабақ кестесінің құра-

стырылуын және лауазымдық міндеттеріне сәйкес 

оқу процесінің барысында оның іске асырылуын 

бақылауды жүзеге асырады және ол үшін жауапты 

болады.  

7.3. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:



 оқу жоспарларына және жұмыс бағдарлама-

ларына  сәйкес,  сабақ  кестесінің  құрастырылуын 

тексереді; 

  әрбір  оқу  кезеңінде  аудиториялық  қордың 

сабақ  басталуына  дайындығын  бақылайды,  оны 

бөлуді жүргізеді.

7.3.3. Бөлімшелердің меңгерушілері:



 бекітілген сабақ кестесінің іске асырылу про-

цесін бақылайды;



 аудиториялардың дайындығы және оқытушы-

лардың сабақ өткізу үшін кіруге рұқсатын қамта-

масыз ету;

 кестеге сәйкес сабақ өткізу

 сабақтардың уақтылы басталуы мен аяқталуы; 

  пайдаланылатын  аудиториялардың  кестеде 

көрсетілгендерге сәйкес келуі;



 сабақ кестесіне келісілген өзгерістер енгізеді 

және қажет болған жағдайда қосымша аудитория-

лар бөледі. 


36

Оқудың  сабақ  кестелерінің  орындалуын 

ағымдағы  бақылауды  оқу  бөлімінің  қызметкер-

лері жүзеге асырады. Директордың немесе дирек-

тордың  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасарының  өкімі 

бойынша  аудиториялық  қордың  пайдаланылу 

тиімділігін,  оның  жай-күйін  және  сабақ  кесте-

лерінің  орындалуын  тексеру  бойынша  арнайы 

уақытша комиссиялар құрылуы мүмкін. 

Колледж ішіндегі бақылаудың негізгі объектісі 

білім  беру  процесі  болып  табылатындықтан,  са-

бақ кестелерінің орындалуын бақылауды колледж 

ішіндегі  бақылау  жоспарына  енгізу  ұсынылады.  

Колледж  ішіндегі  бақылау  қорытындылары  оқу 

орнының педагогикалық, әдістемелік кеңестерінің 

отырысына шығарылады. 



37

Қазақстан Республикасының пайдаланылған

нормативтік құқықтық актілері мен 

Заңдарының тізімі

1.  Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  23 

қарашадағы №414- V Еңбек кодексі (2016 жылғы 06 

сәуірдегі өзгерістерімен және толықтыруларымен);

2.  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңы (2016 жылғы 09 сәуірдегі өзгерістерімен және 

толықтыруларымен);

3.  Техникалық  және  кәсіптік  білім  берудің 

жалпыға  міндетті  мемлекеттік  стандарты  (ҚР 

Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қау-

лысы);

4. Оқушыларға жалпы білім беретін және интер-



наттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және 

оқыту  жағдайларына  қойылатын  санитариялық-э-

пидемиологиялық талаптар (ҚР ДСМ 2003 жылғы 

25 шілдедегі бұйрығы); 

5. Оқу сабақтарының кестесі туралы Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

1999 жылғы 20 қазандағы № 03-04-07-2600 нұсқа-

улық хаты;

6. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымда-

ры қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР Үкіметінің 

2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы);

7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кей-

інгі  білім  беру  ұйымдарында  білім  алушылардың 

үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  және  қо-

рытынды  аттестаттау  өткізудің  үлгілік  ережелері  

 (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мини-

стрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы  

2016  жылғы  13  мамырдағы  жағдай  бойынша    өз-

герістерімен және толықтыруларымен);

8.  Скакун  В.А.  «Кәсіптік  білім  беруді  ұйымда-



стыру және оның әдістемесі», Мәскеу, 2007.

38




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал