Сабақ жоспары пəн Қазақ əдебиеті Мұғалім Нұрбергенова Қанияш Мектеп, сынып



жүктеу 52.9 Kb.

Дата07.09.2017
өлшемі52.9 Kb.
түріСабақ

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ



 

 

Пəн 

Қазақ əдебиеті 

 

Мұғалім  

Нұрбергенова Қанияш 

Мектеп, сынып 

Ақтөбе қаласы, №1 орта мектеп, 

9-сынып 

Сабақ тақырыбы 

Махамбет  Өтемісұлының өмірі, 

шығармашылығы 

 

Сабақтың мақсаты 

 

Білімділік: Ақын поэзиясының мазмұны мен мəнін  

ұғындыру, ондағы азаматтық, отаншылдық рухын 

сезіндіру. Тілдік, көркемдік ерекшелігіне талдау жасата 

отырып, оқушыларға ақынның өз бейнесі мен Исатай 

тұлғасын таныту.  

Дамытушылық: Оқушыларды өзіндік ізденіске 

жетелеу, дəлелді пікір, тұжырымды ой айтуға үйрету, 

сөйлеу мəдениетін дамыту.  

Тəрбиелік: Азаматтық тəрбие беру, ұлттық сана-

сезімін қалыптастыру.  

 

Сабақтың түрі 

Аралас 


Сабақтың əдісі 

Сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, мəнерлеп оқу, 

сөздікпен жұмыс, ой толғаныс т.б. 

Көрнекілігі 

Электронды презентация, электронды оқулық, 

 

 

 



http://bilimland.kz/index.php/kz/

 сайты 


Пəнаралық байланыс 

Тарих, музыка 



Сабақтың барысы 

 

1. Ұйымдастыру кезеңі 

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын қадағалау.  

 

2. Үй тапсырмасын сұрау  Бұқар жырау «Ай, Абылай» өлеңі. 

 

Жаңа сабақ 

 

Мұғалімнің 



кіріспе 

сөзі: 


Балалар, 

Махамбет 

шығармашылығымен  танысамыз.  «Бүкіл  ХІХ  ғасыр 

əдебиетінде  қимыл  мен  күрес  жырын  Махамбеттей 

қып жырлаған өзгеше ақын болған емес» деп М.Əуезов 

айтып кеткен.  Ал, Фариза Оңғарсынова: 



Махамбет! Махамбет! 

 

Білмеймін, жел ме, сел ме, 



Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме 

Əділетсіз дүниенің қабырғасын, 

Махамбетше  сөгер  жан  кездесер  ме…-  деп 

толғанады. 

Иə, он алты  жасында  Беріш руының жезтаңдай ақыны 

атанған  Махамбетті  бүгінгі  ұрпақ    кім  деп  таниды?    Ой 

бөлісіп көрейік. 

 

Махамбеттің өзі туралы жырлаған өлеңдері:  

1. 

Мен, мен, мен едім. 



2. 

Менің атым – Махамбет. 

3. 

Мен – кескекті ердің сойымын. 



4. 

Əй, Махамбет жолдасым. 

5. 

Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны. 



6. 

Ұлы арман. 

7. 

Мұнар күн  т.б. 



 

 

http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/8241-



7_maxambet_otemisuly_men_men_men_edim

 

 



«Мен,  мен,  мен  едім»  өлеңін  оқып,  тыңдап  өлеңнің 

астарына  үңілу,  мұндағы  «МЕН-нің»  мағынасын 

ашу: 

Махамбет 

өлеңдерінде 

«Мен» 


сөзі 

жиі 


қолданылады.  Ондағы  «Меннің»  мəні  ерекше.  Бұл 

өлеңдегі  «Меннің»  астарында  мол  сыр  бар.  Мағынасы 

терең.  Мұндағы  «Мен»  –  Махамбеттің  бүкіл  болмысы, 

Махамбетттің  күрескерлік  əлемі,  Махамбеттің  батыр 

жүрегі. Осы «Мен» арқылы оның ісі, күрескерлігі, ерлігі, 

елге  деген  махаббаты,  елдің  тəуелсіздігіне  деген 

жауапкершілігі, дұшпанына деген ыза-кегі көрінеді. 

 

МЕН – мақсаты анық, мұраты айқын, ойы нық болмыс. 



МЕН – елін  Еділдің бойы ен тоғайға қондырсам деген 

асыл арман иесі. 

МЕН  –  кескілеспей  басылмайтын,  боз  ағаштан  биік 

батыр. 


МЕН  –  ойшыл,  дана.  Елі  мен  жері  үшін  мазаланған 

тұлға. 


МЕН – ғұмыры күйзеліспен, құсалықпен өткен жан. 

 

Махамбеттің  асқар  таудай  аға  тұтып,  ерге  тірек, 



халыққа көсем санаған, аруағын ардақтап өткен адамы 

– Исатай.  

 

 

Махамбетің  Исатайға  арналған  өлеңдерін 



атау: 

 

 



1.  Тайманның ұлы Исатай. 

2.  Исатай деген ағам бар. 

3.  Тарланым. 

4.  Мінкен ер. 

5.  Мұнар күн. 

6.  Ұлы арман. 

7.  Біртіндеп садақ асынбай. 

8.  Ереуіл атқа ер салмай. 

9.  Арғымаққа оқ тиді. 

10. Мінгені Исатайдың ақ табан-ай. 

11. Исатай сөзі. 

12. Арыстан одан кім өткен?  т.б. 

13.  

«Тарланым»,  «Арыстан  одан  кім  өткен,,,»,  «Мұнар 

күн»    өлеңдерін  мəнерлеп  оқытып,    мазмұны  мен 

мəнін ашқызу: 

Махамбеттің  Исатайды  соншама  дəріптеуінің 

негізгі  түйіні  —  "қызғыштай  болған  есіл  ердің”  ерлігі 

жолдасты тастамайтындығын да ғана емес, сол ерлікті 

патшаға,  ханға,  билерге  қарсы,  еңбекші  бұқараны 

жауыздардың 

қанды 

шеңгелінен 



босату 

үшін 


жұмсағандығында.  Махамбет  Исатайды  халық  үшін 

белдескен  ер,  батыр,  ел  басшысы,  қамқоры  етіп 

суреттейді.  Исатай  өліміне  ақын  қабырғасы  қатты 

қайысады.  Исатай  қазасына  байланысты  өлеңдерінде 

де  ақын  оның  бейнесін  тереңдеп  аша  түседі.  

http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/8024-

5_maxambet_otemisuly_munar_kun

 

Оқушылар тыңдайды. Алған əсерлерімен бөліседі. 



"Мұнар  күн”  —  Махамбеттің  батыр  өліміне 

арналған классикалық шығармаларының бірі. 

Өлең "Мұнар да, мұнар, мұнар күн” деген жолмен 

басталады.  Күн  неге  мұнар  тартқан?  Бойың  мұздап 

кеткендей, "мұнар күн” бір сұмдықтың хабаршысындай, 

не  боп  қалды?  "Буыршын  мұздан  тайған  күн”.  Жаңағы 

сезімің  одан  əрі  ұлғаяды.  Табаны  бұдырлы  буыршын 

мұзға  тайса,  ол  —  жақсылық  емес.  Ақын  осындай 

поэтикалық  қарама-қарсы  өрнектер  аркылы  оқушысын 

алға  жетелейді,  оны  үлкен  бір  оқиғаға  əзірлейді, 

көңіліне  қайғы  бұлтын  ұялатып,  өзінің  негізгі  ойына 

алып келеді. 

Махамбет  Исатай  қазасын  бүкіл  ел  қазасы 

ретінде  көрсетеді.  Ақынның:  "Ағайынның  басы  еді, 

алтын  ердің  қасы  еді.  Исатайды  өлтіріп,  қырсық  та 

шалған  біздің  ел”,  "серкесінен  айырылып,  сергелдең 

болған  біздің  ел”  деуі  де  содан.  Өйткені  Исатай  —  ел 

басшысы.  Исатай  бейнесі  ақын  жырларында  асқан 



 

көркемдікпен,  шеберлікпен  өрнектелген.  XIX  ғасырдың 



бірінші  жартысындағы  əдебиетте  адам  образын 

сомдауда Махамбет тамаша шеберлік танытқан. 

 

Махамбет 

жырларының 

құрылысына,  

көркемдік ерекшелігіне талдау:  

Махамбеттің жыр еткен тақырыбы ерлік, халықты 

ерлік  қимылға  үндеу.  Сондықтан  жайма-шуақ  жəй 

кездегі  көңіл  күйін  көрсетуге  қолайлырақ  келетін  11 

буынды  өлеңдерден  гөрі,  қимыл-əрекетті,  алыс-жұлыс, 

жортуыл  тəрізді  өмір  құбылыстарын  суреттеуге 

лайықты  жыр  ағымы,  7-8  буын  аралас  келетін  өлең 

ырғағы оған анағұрлым ыңғайлы тəрізді.  

Он  бір  буынды  өлең  Махамбетте  біреу-ақ. 

"Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай". Басқа өлеңдерінің бəрі 

де не 7 мен 8 буыннан, не таза 7 буын болып келеді.  

Махамбет  өлеңдерінде  (11  буынды,  қара  өлең 

ұйқасымен  келетін  бір-ақ  өлеңін  есепке  алмағанда)  үш 

түрлі ұйқасты кездестіреміз: шұбыртпалы, кезекті, ерікті 

ұйқастар.  Ақын  көбінесе  шұбыртпалы  ұйқас  пен  ерікті 

ұйқасты  көбірек  қолданады.  Өйткені  бұл  екі  ұйқастың 

екеуі  де  ақынның  айтайын  деген  ой-пікірін  дəл  беруге 

ыңғайлы, белгілі бір заңды өлшеуге бағынған шумақты, 

ұйқасты  өлеңдерден  шеңбері  тарлық  етпейтінге 

ұқсайды.  

 

Интерактивті тақтада

 

Ақын өлеңдері:     Толғау 



Стилі:   

1.  Халықтың сол кездегі сөйлеу тілі    

2.  Бұқар өлеңдерінің таңбасы 

3.   Эпос тілі 

 

 

Құрылысы :    



1.  Шұбыртпалы 

2.  Кезекті 

3.  Ерікті 

                           

Махамбет  поэзиясының  тілі  – шын  мəнінде 

халықтық  тіл.  Ақын  өз  кезіндегі  қазақ  халқының  тіл 

байлығынан  қажетінше  ала  да,  оны  өзінің  керегіне 

жарата  да  білген.  Махамбет  шығармаларының  тілі  əрі 

көркем,  əрі  образды,  əрі  өткір,  əрі  күшті  болуымен 

қатар,  əр  сөзі  орынды,  əр  жағдайдың  өзіне  лайықты, 

соған  тəн  болып  келеді.  Оның  тілдерінің  күштілігі, 

көркемдігі мазмұнға бағыныңқылығында. Мысалы:  



 

Мұнар да, мұнар, мұнар күн,  



Бұлттан шыққан шұбар күн.  

Буыршын мұзға тайған күн,  

Бура атанған шөккен күн,-  

деген  үзіндідегі  "мұнар",  "шұбар"  деген  эпитеттерді 

алсақ,  бұл  эпитеттердің  батырлардың  өз  бастарына 

жəне ел басына түскен ауыр халдерін суреттеп беруде 

үлкен  мəні  бар.  Хан  мен  билердің  ел  басына  туғызған 

қара  күнін,  басқа  күндерден  айрықша  көрсету  ушін, 

ақын сол күннің бейнесінде оқушыларының көз алдына 

елестету  үшін  "күн"  деген  сөздің  алдына  "шұбар", 

"мұнар" деген эпитеттерді қолданған.  

Махамбет  өлеңдерінде  эпитет,  теңеу,  əсірелеу, 

литота,  ауыстыру  мағынасында  қолданылатын  фигура 

өзара  байланысты  түрде  де  жиі  ұшырайды.  Бұлардың 

өзара  байланыстары  ақынның  сөзге  шеберлігін 

дəлелдейді.  Бұл  жағынан  алып  қарағанда  да 

Махамбеттің  көркем  сөз  ұстасы  екендігінен  ешкім  шек 

келтіре алмайды. Мысалы:  



Кермиығым, кербезім!  

Керіскендей шандозым!  

Құландай ащы дауыстым!  

Құлжадай айбар мүйіздім!  

Қырмызыдай ажарлым!  

Хиуадай базарлым!  

Теңіздей терең ақылдым!  

Тебіренбес  ауыр  мінездім!-  деген  үзіндіде  метафора, 

теңеу, эпитет бір-бірімен байланысып келетінін көреміз. 

Мұндағы образдар шебер қолданылған.   

Халел  Досмұхамедұлы  Махамбетті  «Алып  ақын, 

домбырашы»  десе,  1937  жылы  Мұхтар  Əуезов 

«Махамбет 

əрі 

батыр, 


əрі 

ақын-жырау, 

əрі 

домбырашы»  деп  жазған.  Махамбет  күйлері  бүгінгі 



күнге  дəл  өзінің  тағдыры  секілді  қиыншылықтармен 

жетті.  Махамбет  күйлерін  іздеп  тауып,  оны  ғылыми 

айналысқа түсірген ғалым Нəубет (Нығмет) Көшекбаев. 

 

Махамбеттің  күйлері:  «Қайран,  Нарын»,    «Жұмыр-



Қылыш»,  «Өкініш»,  «Қиыл  қырғыны»,    «Жайық  асу»,  

«Исатайдың Ақтабаны-ай», «Шілтерлі терезе» 

 

 



 

Үйге тапсырма 

 

1.  Тақырыпты оқу. 



2.  «Тарланым», «Мұнар күн» өлеңдерін жаттау. 

 

Қорытынды   



«Жұмыр қылыш» күйін тыңдату. 

Сəйкестендіру 

 

 



 Махамбет Өтемісұлы туралы жазылған əдеби 

шығармалар: 

1.  Н. Шөреков «Махамбеттің жебесі». 

2.  М. Шаханов «Қараой» əңгімесі. 

3.  М. Ниеталиев «Алмас қылыш». 

4.  Ф. Оңғарсынова «Арыстан еді-ау Исатай». 

5.  Т. Əлімқұлов «Нарынқұм трагедиясы». 

6.  Ə. Əлімжанов «Исатай-Махамбет». 

 

Дұрыс жауаптары

1.  Н. Шөреков «Исатай-Махамбет» поэмасы. 

2. М. Шаханов «Нарынқұм трагедиясы». 

3. М. Ниеталиев  «Арыстан еді-ау Исатай» поэмасы. 

4. Ф. Оңғарсынова  «Алмас қылыш». 

5. Т. Əлімқұлов «Қараой» əңгімесі. 

6. Ə. Əлімжанов «Махамбеттің жебесі». 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал