Сабақ барысында қолдану а. М. Адаева №58 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі, Астана қаласы



жүктеу 62.22 Kb.

Дата12.03.2017
өлшемі62.22 Kb.

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІ 

ӘДІСТЕРІН САБАҚ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНУ 

А.М.Адаева 

№ 58 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі, Астана қаласы 

 

Елбасымыз   Н.Ә.  Назарбаевтың  халыққа  жолдауында  айтқанындай 



 «Болашақта  ӛркениетті  дамыған  елдердің  қатарына  ену  үшін  заман  талабына 

сай білім қажет. Қазақстанда 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-

білім.  Қазіргі  заманда  жастарға  ақпаратты  техникамен  байланысты  әлемдік 

стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру   ӛте  қажет  »деп  атап  кӛрсеткеніндей, 

инновациялық  әдіс-тәсілдерді  кеңінен  қолдану  жаңаша  білім  берудің  бір 

шарты.  


Болашақтың  бүгінгіденде  нұрлы  болуына  ықпал  етіп,  адамзат  қоғамын 

алға  апаратын  күш  тек  білімде  ғана.  Қай  елдің  болмасын  ӛсіп  ӛркендеуін 

,ӛркениетті  дүниеде  ӛзіндік  орын  алу  оның  ұлттық  білім  жүйесінің  деңгейіне, 

дамыту  бағытына  байланысты.  Қазіргі  кезде  білім  беру  саласын  ,қамтудың  әр 

түрлі  техникалық  құралдарын  пайдаланусыз  елестету  мүмкін  емес. 

Сондықтанда,  уақыт  талабына  сай  білім  мазмұнын  жаңарту  –бүгінгі  күннің 

басты  міндеті.  Еліміздің  білім  беру  жүйелерінде  ХХІ  ғасыр  жастарына  білім 

беру мен тәрбиелеу бағытында сан    алуан жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда 

қоғам  алдында  қойылып  отырған  басты  міндеттердің  ең  бір  ӛзектісі  –бүкіл 

білім  жүйесін  түбегейлі  жаңартып,дүниежүзілік  деңгейге  сәйкес  келетін 

жастарға  сапалы  білім  беруге  жағдай  жасайтын  және  олардың  үйлесімді 

дамуына  ,жеке  бастың  тұлға  ретінде  қалыптасуына  бағытталған  жаңа  үлгідегі 

әдістеме жасау. 

Ал  мұғалімнің  негізгі  ұстанған  мақсаты-білімнің  жаңа  үлгісін 

жасап,белгілі  бір  кӛлемдегі  білім  мен  білік  дағдыларын  меңгерту,оқу 

материалын  қаншалықты  меңгергенін  бақылаудың  сан  түрлі  жаңа  әдіс-

тәсілдерін іздестіру ,жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. 

Оқыту  процесінің  нәтижелі  және  сапалы  болуы  әдістеменің  тиімді 

шығармашылықпен  жүзеге  асырылуына  байланысты.  Ол  мұғаліммен 

оқушының жұптаса жұмыс атқаруы.Оқу әдістері мәселесі теоретикалық  әрі іс-

тәжірибелік тұрғыдан ӛзекті мәселе болып қала береді .Оқу үдерісінің ӛзі, ұстаз 

бен оқушының қызметі ,осыған сәйкес ,оқу нәтижесі де оның шешіміне тәуелді. 

Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің  ӛзіне тән әдістері шығады. 

Қазақ  тілі  сабағында  сӛздік  қорын  дамытуда  мынадай  әдіс-тәсілдер  арқылы 

жүзеге  асады.  Ол  сұрақ-жауап,  сӛйлесу,  әңгімелесу,  түсінігін  айтқызу, 

кӛрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс,мәтінмен жұмыс әдістері. 

Әр мұғалім мектептегі білім сапасын арттыру үшін: 

Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану. 

Әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру. 

Заман  талабына  сай  технологияларды  қолдану  ауқымы  ӛзгеріп отырады. 

Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді , жүйелі пайдалану керек. 

Инновациялық  білімді  дамыту,  ӛзгеріс  енгізу,  жаңа  педагогикалық 

идеялар  мен  жаңалықтарды  ӛмірге  әкелу  уақыт  талабы.  Бұрынғы  оқушы  тек 


тыңдаушы,  орындаушы  болса,ал  қазіргі  оқушы  ӛздігінен  білім  іздейтін  жеке 

тұлға, еркін ойлаушы азамат  екендігіне мән беруіміз керек.Қазіргі оқушы: 

Дүниетанымы, қабілеті жоғары . 

Дарынды ӛнерпаз. 

Ізденімпаз ,талапты. 

Ойы ұшқыр. 

Еркін ойлай отырып,ойын еркін жеткізе алатын. 

Ӛз алдына мақсат қоя білетін оқушы болып қалыптасуы қажет. 

Әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе ,сабақтарда түрлі 

әдіс-тәсілдерді 

қолдана 

отырып,ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды  пайдалану  білім  берудегі  ең  маңызды  әдістерінің  бірі болып 

табылатынына  кӛзіміз  жетіп  отыр.Осы  технологиялар  арқылы  оқушылардың 

сабақтарымда 

сын 


тұрғысынан 

ойлау 


қабілеттерін 

дамыта 


отырып,тұжырымдау,  пайымдау,  дәлелдеу,салыстыру  дағдыларын  дамыта 

алдым.Жаңа  технологияларды  ,техникалыққұралдарды  сабақта  жан-жақты 

қолдану  ,мұғалімнің  кӛптеген  қиындығын  қызметтерін  жеңілдетіп,осы 

іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. 

Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  заңында  :   «Білім  беру  жүйесінің 

басты  міндеттерінің  бірі  –білім  беру  бағдарламаларын  меңгеру  үшін  жағдай 

жасау керек ,»деп кӛрсетілген. 

Білім беру мен білім алудың жаңа әдіс –тәсілдері 

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» 

Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны-диалог .Диалог оқушылардың 

сӛйлесу  әрекетін  ,сұрақтарды  дұрыс  қоя  білуде  ,ақпарат  алмасуда  ,жалпы  тіл 

үйренуде  таптырмас  жұмыс  түрі.Әртүрлі  тақырыпта  диалог  құру  мынадай 

нәтиже береді: 

- Сабақта белсенділік жоғарлайды. 

-Сӛздерді есте сақтау қабілеті дамиды. 

-Дұрыс сӛйлемдер құрауға дағдыланады. 

-Оқуға қызығушылықтары артады. 

Сонымен қатар оқушылар жұпта және топта ӛзара диалогты жүзеге асырады. 

Диалогтік  оқытуда  жүзеге  асыруда  пікірталас,  рӛлдік  ойын,  зерттеушілік 

әңгімеәдістерін  пайдалануға  болады.  Бұл  әдіс-тәсілдер  оқушының  қандай 

деңгейде тұрғанын білуге кӛмектеседі. 

Барлық  оқушыларға  кез-келген  мазмұнға  сыни  тұрғыдан  қарап,  екі 

ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға  саналы  шешім  қабылдауға  сабақтарда 

үйрету. 

Бағдарламаның құрылымы үш деңгейден тұрады. 



1.Қызығушылықты ояту. 

Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады,белсенділігі 

артады, 

оқушыларды 

психологиялық 

тұрғыдан 

дайындай 

отырып,қызығушылықтарын 

ояту 

стратегияларының 



бірін 

таңдай 


отырып,қызықты  сұрақтар  қою  арқылы  оқушыларды  жаңа  сабаққа  тарту.Бұл 

қызығушылықты ояту кезеңі-« жаңа білімге кӛпір салу» 



2.Мағынаны ашу. 

Оқушы  жаңа  ақпаратты  бұрынғы  біліммен  ұштастыра  түседі.Бұл  кезеңді  іске 

асыру  үшін  бірнеше  тәсілдер  бар.Олар  болжау  кестесі  ,ойлан,жұптас,ортаға 

сал,ӛзара  оқыту  т.б  .  Осы  әдіс-тәсілдерді  қолдану  кезеңді  ең  тамаша  кезеңге 



яғни  оқушының  ӛздігінен  білім  алу  ӛзін-ӛзі  ӛзектілендіру,  танымдық 

қабілеттерінің  даму  ,шығармашылық  іс-әрекетінің  ояну  бір  сӛзбен  айтқанда 

ӛзіндік еңбек ету кезеңіне айналады. 

3.Ой толғаныс . 

Оқуды  қорытындылау  .  Оқушылар  ӛз  ойлары  мен  байқаған  ақпараттарды  ӛз 

сӛздерімен айта біліп,ӛзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып 

шешім  қабылдайды  ,топпен  бӛлініп  берілген  тапсырмалары  болса  ӛздері 

дәлелдейді,кӛрсетеді, бағалайды. 

«Сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту  »технологиясын  қолдану  төмендегідей 

нәтиже береді: 

Білім алушының белсенділігі артады. 

Пәнге қызығушылығы оянады. 

Ӛзіндік кӛзқарасын білдіруге мүмкіндік беру . 

Зерттеуге икемділігін дамыту. 

Сӛйлесу әрекеті белсенділігін арттыру. 

Білім алушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай біледі. 

Басқаларды тыңдай білуді ,кез-келген жауапқа түсіністікпен қарауды біледі. 

Жалпы,  сыни  тұрғысынан  ойлайтын  оқушылар  белсенді  болады,олар 

сұрақтарды қойып  дәлелдерді талдайды. 

«Сын тұрғысынан ойлау –сынау емес ,шыңдалған ойлау» 

Сыни ойлау –бұл қабылдаудың ,түсінудің ,ӛзін қоршаған ақпараттық кеңістікке 

деген объективті кӛзқарасымен сипатталған адамның зияткерлік қызметінің бір 

түрі  бұл-жаңа  мағынаға  толық  сұрақтар  қою,әртүрлі  нақты  дәлелдер 

шығару,тәуелсіз ойластырылған шешім қабылдау қабілеттері. 

Аталған  тәсілдерді  сабақтың  үшсатылы  құрылымы  менмәтінінінде  қолдану, 

технологиялық  циклді  толық  жаңғырту  болып  табылады.Ол:Шақыру-Ұғыну-

Рефлексия. 

«Шақыру  »кезеңі  тақырыпты  талқылауға  ұсынады  және  оқушылардың  осы 

тақырыпқа ойлануына ,мәселелерін қарастыруына септігін тигізеді. 



«Ұғыну  »кезеңі  –ақпаратпен  тікелей  жұмыс  жүргізіледі.Технология  әдістері 

мен  тәсілдері  оқушының  белсенділігін  сақтауға  ,оқудың  немесе  тыңдаудың 

мәнін арттыруға мүмкіндік береді. 

«Рефлексия»кезеңі 

–ақпарат 

талданады,түсіндіріледі,шығармашылық 

тұрғыдан ӛңделеді. 

Ӛз  сабақтарымда  сыни  ойлауға  бағытталған  түрлі  тапсырмалар  арқылы 

дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда  ғана  ӛз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы 

шыңдалып белгілі-бір жетістіктерге жететініне кӛз жеткіздім.Бағалау нәтижесін 

анықтау үшін қолданылатын тәсіл,оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі 

кемшіліктерін  жоюда  ,оның  үлгерімінің  нәтижелі  болуына  ықпал  ететін 

фактор,мектеп  тәжірбиесіндегі  бағалау  баға  қоюмен  шектелетін  нәрсе  емес,ол 

материалды  меңгеру  фактісімен  қатар  оның  себептерін  анықтауға  мүмкіндік 

беретін оқытудың маңызды құрамды бӛлігі болып табылады. 

СТО технологиясының артықшылықтары : 

Ӛз білімінің сапасына деген жауапкершілік артады. 

Кез-келген  мәтін  түрімен  және  ауқымды  ақпарат  кӛлемімен  жұмыс  істеу 

машықтары дамиды. Оқушылар ақпаратты ықпалдастыру дағдысын меңгереді. 



Әртүрлі  тәжірибені,идеялар  мен  түсініктерді  ұғыну  негізінде  ӛз  пікірін 

қалыптастыру ,ой қорытындылары мен дәлелдердің логикалық тізбектерін құру 

дағдысы туындайды. 

Шығармашылық және талдау қабілеттері ,ӛзге адамдармен тиімді жұмыс істеу 

машықтары  дамиды,айналасындағыларға  қатысты  ӛз  ойын  нақты,сенімді  әрі 

дұрыс  жеткізу  дағдысы  қалыптасады.Аталған  стратегияларды  пайдалан 

отырып,мен кӛп жетістіктерге жеттім. 

Білім  берудегі  ақпараттық   -  коммуникациялық  технологиялардың  тиімділігі 

келешек  ұрпақтың  жан-жақты  білім  алуына,  іскерлігі  мен  шығармашылығын 

еркін  дамытуға  жол  ашатын  педагогикалық  -  психологиялық  жағдай 

жасауында. 

Интерактивті  әдіспен  сабақ  ӛткізу  кезінде  оқытушы  кеңесші  ,серіктес 

рӛлін  атқарады.Ал  топ  белсенді  түрде  әрекет  ете  отырып,бірін-бірі 

қолдау,толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. 

Бұл  әдістің  негізгі  мақсаты  –оқу  процесінің  барлық  сатысында  біріккен 

әрекетке жағдай жасау . 

Интерактивті  әдістердің  мәні  –әрбір  оқушының  оқушылармен  ӛзара 

белсенді байланыста болып, мұғаліммен бірлесе отырып,компьютермен жұмыс 

жасап,  оқу-танымдық  нәтижеге  жетуі.  Бұл  әдістер  оқыту  барысында 

тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден бір әсер етеді. 

Сабақта  интерактивті  әдістерді  пайдалануда  мынадай  шарттар  орын  алулары 

тиіс:  мақсатты  нақты  белгілеу,мұғалім  оқушылардың  топпен  жасалатын 

жұмыстарының  мәнін,  ережесін  түсініп,  топпен  жұмыс  жасауға  дайын 

екендіктеріне толық сенімді болу керек. 

Заман  талабына  сай  технологияларды  қолдану  арқылы,  түрлері  ӛзгеріп 

отырады. Бірақ басты технологияларды тиімді жүйелі қолдану керек . 

Инновациялық технологиялар: 

-Жобалау технологиясы. 

-Саралап-даралап оқыту технологиясы. 

-Дамыта оқыту технологиясы. 

-Модулдік оқыту технологиясы 

-Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы 

-Сатылай  комплексті талдау технологиясы 

-Деңгейлеп оқыту технологиясы. 

Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға кӛмектеседі. 

Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады. Оқушылардың 

әрқайсысының деңгейін анықтай аласың, оқушылардың кӛбін бағалай аласың. 

Оқушыларды  ізденіске  баулып  ,  ӛзбетімен  жұмыс  істеуге  үйретесің.  Олардың 

қабілеттері,  сӛз  саптау  еркіндігі,  ұйымшылдығы,  шығармашылық  белсенділігі 

артады. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға , шығармашылығын шыңдауға,ӛзіне 

деген кәсіби шеберлігін жетілдіруге кӛмектеседі. Бастауыш білім–үздіксіз білім 

берудің  алғашқы  сатысы.  Осыған  сәйкес  оқушыны  шығармашылық   бағытта 

жан-жақты  қабілетін  дамыту-бүгінгі  күннің  талабы.  Осы  талап  тұрғысынан 

алғанда, оқу –тәрбиесін ұйымдастырудың түрлі әдіс –тәсілдерін іздестіру, жаңа 

технологияны  тиімді  пайдаланудың  маңызы  зор.  Ӛз  тәжірибемде 

оқушыларымды  шығармашылыққа  баулу  үшін  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді 

қолдандым. 

Арнаулы біртақырыпта пікірталас тудыру. 



Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешу. 

Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыстар. 

Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бӛліктерге бӛлу, ат қою. 

Қиялдау арқылы рӛлге бӛліп оқыту. 

Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру. 

Ой шапшаңдығын, сӛз байлығын дамытуда ӛлең шумақтарын  құрастыру. 

Ӛз ойларын еркін жазу. 

Ситуациялық сұрақтар қою. 

Тақырыпты жан-жақты қарау, сұрақ –жауап әдісімен талдау. 

Сӛз  соңында  айтарым,  қазіргі  оқу  үрдісінде  әртүрлі  әдіс-тәсілдер   кеңінен 

қолданылып жүр. 

Сабақты 


әртүрлі 

әдіс–тәсілдерді 

қолданып, 

түрлендіріп 

ӛткізу 

оқушыларымыздың  білімге  ,оқып  –үйренуге  құштарлығын  арттыратыны  анық 



.Ұстаз қандай әдіс-тәсілді қолданса да,мақсат біреу –ол оқушыларға тиянақты  

да  сапалы  білім  беру.  «Алдыңа  ұлы  мақсат  қойсаң  ,ұлылыққа  жетесің»деп 

данышпан ақындарымыз айтпақшы ,барлығымыз бірге күш жұмсап,ел ертеңіне 

сеніммен  қарасақ  қана  алдымызда  тұрған  кӛптеген  қиыншылықтардан 

қиналмай  ӛтеміз деген ойдамын. Әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына 

сай  болатын  ,ең  алдымен  ұлттық  жаңа  әдістемелердің  бүр  жаруына,  оның 

ӛркендеп,  тереңге  тамыр  жайып  жас  ӛскіннің  алып  бәйтеректей  қатайып, 

нығаятынына нық сенемін . 

Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды 

дамуын  жобалаушы.  Әлемдік  деңгейге  сай  жаңарған  әдістемемен  оқытуды 

меңгеру  үшін  мұғаліммен  жоғары  құзырлықты  ұйымдастырушылықты 

қабілеттілікті,  оқушыларды  қазіргі  қоғамның  түбегейлі  ӛзгерістеріне  лайық 

бейімдеу,  оларды  зерттеушілік  дағдыларын  дамыту  бағыты  талап  етіледі. 

Қазіргі 


кезеңде 

республикамызда 

білім 

берудің 


жаңа 

жүйесі 


жасалып,қазақстандық  білім  беру  жүйесі  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге 

бағытталуда.  Білім  беру  саласында  оқытудың  жаңа  педагогикалық 

технологияларын практикада   меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты  маман болу 

мүмкін  емес.  Ал  жаңа  технологияны  меңгеру  оқытушының  интеллектуалдық, 

кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  басқа  кӛптеген  адами 

келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  білімгер  тұлғасын  дамытып,  оқу 

тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі. 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  қазіргі  мұғалімнің  қоғамдағы  орнын  бағалай 

отырып:  «Сіздер  мен  біздер  тек  болашақ  буынды  ғана  емес,  жалпыазаматтық 

қадір-қасиеттердің  мән-маңызын  түсінетін,  жаны  да  тәні  де  таза,  білімді 

патриот  азаматтар  буынын  тәрбиелеуге  міндеттіміз»  деген  еді.Ұстаздық 

қызметті  ерекше  ұлықтаған  халқымыз  ӛзінің  ең  қымбаттысын–балаларын 

оқытып,  тәрбиелеуде  бізге  мұғалімдерге  тапсырған.  Сондықтан  кездесетін 

қиындықтарға  қарамастан  білім  беру  сапасын  арттыру,  баланы  жеке  тұлға 

ретінде алып қарап тәрбиелеу-мұғалімдер қауымының міндеті. 

 

 

 

 

 

 


Әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Бастауыш сынып 2013 №5 

2.

 



Бастауыш сынып 2014 №3 

3.

 



Бастауыш сынып 2014 №6 

4.

 



Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы 2014 №4 

 5. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы 2014 №5



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал