Сабақ барысында оқытушының жүйелі түрде студент білімін бағалауы



жүктеу 45.11 Kb.
Дата08.11.2022
өлшемі45.11 Kb.
#23545
түріСабақ
Студенттердің білімін бағалау жүйесі

Студенттердің білімін бағалау жүйесі
Семестр бойынша ағымды, аралық және қорытынды бақылау жүргізіледі.
Ағымды бақылау - әр дәріс, сабақ барысында оқытушының жүйелі түрде студент білімін бағалауы.
Аралық бақылау - әр семестрдің 8-ші және 15-ші аптасында студенттердің білім деңгейін (үлгерімін) тексеру. Ол бекітілген академиялық күнтізбе бойынша жүргізіледі.
Қорытынды бақылау-пәнді оқыту аяқталғанда студенттің білім деңгейін тексеру үшін жүргізіледі. Қорытынды бақылаудың түрлері: жазбаша немесе ауызша емтиханды өткізу түрі, тестілеу.
Әр бақылау барысындағы ең жоғарғы балл - 100 ( 7 апта, 15 апта). Бақылаудың барлық түрін және студенттің білім деңгейін бағалауды оқытушы өткізеді. Бұл баға қорытынды бағаның 60% құрайды. 40%-ы қорытынды емтиханда жиналады. Пән бойынша қорытынды бағаға ағымды, аралық және қорытынды бақылаудың бағасы (нәтижесі) кіреді.
Студенттердің білім, білік, дағдылары төменде көрсетілген жүйе бойынша бағаланады. Білімді бағалау балл жинау принципімен жүргізіледі, барлық оқыту және бақылау түрлері ескеріледі .
Студенттердің білім деңгейін бағалау жүйеге

Бағалық %-дың мазмұны

Әріп бойынша бағалау көрсеткіші

Цифр бойынша көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау %

95-100

А

4,0

өте жақсы

90-94

А-

3,67




85-89

В+

3,33

Жақсы

80-84

В

3,0




75-79

В-

2,67




70-74

С+

2,33

Қанағаттанарлық

65-69

С

2,0




60-64

С-

1,67




55-59

Д+

1,33




50-54

Д

1,0




0-49

F




Қанағаттанарлықсыз

Пән білімінің жалпы баллдық бағасының бөлінуі

Бағаланатын бағдар (позиция)

1-8 аптадағы бағалау мөлшері

9-15 аптадағы бағалау мөлшері

Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері

Электронды журналға балл қоюдың кезеңі

Ағымдық бақылау







Әрбір бағалауға 100 баллдан

Апта сайын (бірінші аптадан басқа)

СӨЖ







Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан

4,7,11, 14 апталарда

Аралық бақылау







Әр аралық бақылауға 100 баллдан

8 және 15 аптада

Кіру рұқсатының рейтенгісі




R1




8 апта

Кіру рұқсатының рейтенгісінің


R2




15 апта

Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі

R= (R1 + R2)/2




15 апта




Емтихан

Е




16-19 апта




Қорытынды баға

І = R*0.6+E*0.4








Баға қоюдын критерилері

Бақылау түрі

max баға

Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі

Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.- 5 балл үй тапсырмасын орындауы практикалықлық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары) ӨСӨЖ


Әр сабақта

СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3




СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес

СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3




СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес

СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3




СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес

СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3




СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес

Аралық бақылау 1: Жоба қорғау Жоба идеясы Жоба сипаттамасы Жобаның тұсаукесері




3 апта 6 апта 8 апта

Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3




15 апта

Курс саясаты:
- дәріс және семинар сабағына қатысуға міндетті, сабаққа қатысу жағдайы студенттің рейтингісіне әсер етеді;
- сабаққа кешікпеу, сабақтан қалмау, ауырып қалған күнде анықтама қағазын тексеру;
- сабақ үстінде сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонын айыру;
- оқу процесіне белсенді қатысу, үй тапсырмасын орындау;
Академиялық тәртіп және этика саясаты:
- шыдамды болу және басқаның ойын, пікірін тыңдай, сыйлай білу;
- әдеп ережелер мен нормаларын ұстану.
- өздігінен білім алуға дағдылану
«Психологиялық-педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні бойынша дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары



Тараулар бойынша лекция тақырыптары

Сағат саны

Апта

Әдебиеттер


Мамандыққа жалпы мінездеме. Психология мамандық ретінде. Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби іс –әрекеті. Педагогтың тұлғалық сапалары мен кәсіби біліктілігі.


7 апта

1, 3, ,5, 24 3, 6, 27 3,5,3




Білім беру жүйесіндегі педагог-психологтың құқықтық дәрежесі. Педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы психология –педагогикалық қабілеттілік. Педагогикалық іс -әрекеттің көптүрлігі. Қазіргі кездегі педагогтың құзыреттілігі және имиджі.


15 апта

3,5,7 1,17,15 27,3 14,33 2,4


Барлығы






Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарын орындауға ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар
Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік жұмыстары педагогикалық және психологиялық білім беруде елеулі орын алады. Себебі студенттің оқытушымен жүргізетін өздік жұмыстары кезінде студенттер теориялық алған білімдерін практикада қолдана алуға үйренеді. Сондықтан да студенттің оқытушымен жүргізетін өздік жұмыстары мазмұны мен жүргізілу әдістемесіне ерекше назар аударылуы қажет.
Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік жұмыстары «Психологиялық -педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәнінен алған теориялық білімдерін, игерген іскерліктерін, меңгерген дағдыларын жетілдіруге игі ықпалын тигізеді. Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік жұмыстары барысында студенттер лекция барысында ұсынылатын негізгі және қорытынды әдебиеттермен жұмыс жасап, олармен жұмыс жасау барысында білімдерін толықтырады.
Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік жұмыстары негізгі мақсаттары:
Студенттердің теория жүзінде алған білімдеріе сүйене отырып, өз беттерімен білім қорларын жинауға дағдыландыру;
Ғылыми материалдан негізгісін бөліп алуға үйрету;
Теориялық материалдарды практикада қолдануды үйрену;
Түрлі мазмұндағы жаттығуларды жүзеге асыра алу;
Педагогикалық, психологиялық түрлі жағдаяттарды шеше алуға үйрету және т.б.
жүктеу 45.11 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет