Сабақ барысында кездесетін әдеби терминдер



жүктеу 429.31 Kb.
бет1/2
Дата07.11.2022
өлшемі429.31 Kb.
#23419
түріСабақ
  1   2
1604290439 (1)

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫ
Оқу мақсаты:
  • әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;
  • көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс – әрекеті арқылы образын ашу.

Сабақ барысында кездесетін әдеби терминдер:
  • Әдеби жанр – ауызша және жазбаша жазылған көркем шығармалардың түрі.
  • Шығарманың сюжеті – шығармада баяндалған оқиғалар тізбегі.
  • Шығарманың фабуласы – шығармадағы тұтас оқиғалар мазмұнын қысқаша баяндау.

«Қобыланды батыр» жыры – қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп, ірі – ірі эпос айтушылардың қолынан өткен.
Жырдың ертегілік және тарихи – реалдық арқауы бар. Сюжеттің аңыздық ұйытқысы Оғыз – Қыпшақ ұлысы кезінде туа бастаған. Жырдың бергі жердегі мазмұны моңғол, иран, жоңғар шабуылы, одан қалса қазақтардың кейінгі кезеңдерде қалмақтармен болған күресіне негізделген.
Қобыланды батыр жыры
Баяғы өткен заманда Қыпшақ елінде Тоқтарбай деген бір бай өмір сүріпті. Сексенге жетсе де, Тоқтарбай бір перзентке зар болады. Елу жастағы бәйбішесі Аналықты ертіп алып, бала сүю үшін барлық киелі жерлерге барып шығады. Ақыры тілектері қабыл болып Қобыланды деген ұл, Қарлығаш атты қызды болады. Қобыланды мықты жігіт болып өседі. Алты жасында жылқысын бағып жатқан Естеміске барады. Естеміс сары ауыз балапан Қобыландыға садақ атуды, киік аулауды, жауынгерлік өнерді барлығын үйретеді. Арада біраз жылдар өтеді. Бір күні Қобыланды таудың арғы бетінде Қызылбас деген ел бар екенін біледі. Ол елдің ханы Көктім аймақ екенін, оның Құртқа деген қызы барынан хабардар болады. Хан қызына үйлену үшін ай астындағы бақанға қағылған алтын теңгені атып түсіру керектігін естіп, дереу жолға шығады.
Қобыланды Қызылбас елін өз мергендігімен таң қалдырып, алтын теңгені атып түсіріп, Құртқаға үйленбек болады. Алайда, сол мезетте Қызыл ер батырдан «Құртқаны алам десе, әуелі мені жеңсін»- деген хабар келеді. Қобыланды батыр айқаста Қызыл ер батырды жеңеді. Көктім аймақ қызын ұзатады. Құртқаға қырық түйе қазына, қырық құл, қырық күң жасау беріп сапарға шығарып салады. Бұл сапарда Құртқа көшінің алдынан бір үйір жылқы шығады. Жылқы шетінде жайылып жүрген көк биеге Құртқаның бірден көзі түсіпті. Қобыланды сол биені иесінен сұрап алады. Көк бие құлындайды. Құртқа құлынның аяғын жерге түсірмей, бірден өз шапанына орап алады. Арада біраз уақыт өтеді. Қазан деген батыр Ноғайлының Қырлы және Сырлы деген қалаларын басып алады. Бұны естіген қырық мың үйлі елден шыққан Қараман батыр ашуланып, қол жинап Қазан батырға аттану үшін Қобыландыға келеді.
Алайда Құртқа «Бұл соғысқа Тайбурыл дайын емес» деп Қобыланды мен Тайбурылдың соғысқа аттануына қарсы болады. Сонда да Қобыланды Тайбурылға мініп жолға шығады. Қобыланды Қараман батырды қуып жетеді. Бір қаланы өзі жалғыз жаулап алады. 12 күннен кейін Қобыландыға Қараман батыр келіп көмек сұрайды. Екеуі бірге Қырлы қалаға соғысқа аттанады. Бұл соғыста Тайбурыл алты қабат ордан секіріп, қаланың қақ ортасына түседі. Қобыланды Қазан батырды, оның қырық мың әскерін жалғыз өзі жеңеді. Жауды жеңген соң Қараман Қобыландыға былай дейді:
-Мына әскердің барлығын жіберейік те, жолдан Көбікті ханның жылқысын айдап кетейік,-дейді. Қобыланды келіседі. Осы жолда жылқының ішіндегі тарлан ат Тайбурылға жеткізбейді. Бұл жорықта батырлар шаршап, ұйықтап кетеді. Осы сәтте Көбікті хан келіп Қобыланды мен Қараманды тұтқынға алады. Баласы Біршімбайды қалмақтың ханы Алшағырға жіберіп, Қобыландының елін шап деп бұйрық береді. Арада біраз уақыт өтеді. Зынданда жатқан Қобыланды мен Қараманды Көбікті ханның қызы Қарлыға құтқарады. Зынданнан шыққан Қобыланды ашуланып, Көбікті ханды, өз елін шапқан қалмақтың ханы Алшағырды өлтіреді. Сөйтіп еліне қайтып, Құртқа екеуі бақытты да баянды ғұмыр кешіпті.

жүктеу 429.31 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет