Сабақ алмай, бүгінгімізді бүтіндеп, болашаққа батыл қадам жасау қиын екені белгілі. Ж а ң а 2 0 0 4 жылдың



жүктеу 37.41 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі37.41 Kb.
түріСабақ

"ЕҢБЕК ЕТКЕНІҢ ЕҢСЕСІ ЖОҒАРЫ, 

ТЕР ТӨККЕННІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛМАҚ" 

ӘКІММЕН ӘҢГІМЕ 

Аманбек Түсіпханұлы, өткеннің 

өкініші һәм өркенді өткелдерінен 

сабақ алмай, бүгінгімізді бүтіндеп, 

болашаққа батыл қадам жасау қиын 

екені белгілі.  Ж а ң а  2 0 0 4 жылдың 

табалдырығына табан тіреген тұста 

келер жылдың келешегін қалай 

елестетеміз? 

- Тәуелсіз еліміздің туын көтерген бар-

шамыз бүгінгі мерейлі мереке қарсаңында 

өткенімізге қанағат, келер күнімізге ама-

нат болтын тұстарымызды ой талқысынан 

өткізіп аламыз. Сол арқылы шыққан 

биіктеріміз бен алган асуларымыздың бары 

мен базарын, абыройы мен ажарын жұрты-

мыздың жадында жаңғырта отырып, бола-

шақ баспалдақтарының негізін қалаймыз. 

Бұл - өсіп өркендеу, дамып-жетілу үстіндегі 

халықтың, ертеңіне саналы түрде сүрлеу 

бастаган елдің, мәртебесі мен мұратын 

адамзаттық өркениеттің ұлы шыңына 

жеткізуге ниеттенген мемлекеттің бүгінгі 

болмыс-бітімі десек, қателеспейтініміз анық. 

- Ақыл-ойдың алыбы - Абай атын 

алған ауданымыз саусақпен санар-

лықтай соңғы жылдары айтарлық-

тай жетістіктерге жетіп, рейтингтік 

көрсеткіштері жағынан облысымыз-

дың басқа селолық аудандарымен 

салыстырғанда көш ілгері келеді, 

бірақ жетіспеушіліктер де жоқ емес. 

Осының себебі мен салдары, күнгейі 

мен көлеңкелі тұстары турасында 

айтып берсеңіз? 

- 2003-2005 жылдары "Ауылды қол-

дау жылдары" деп жарияланган 

Мемлекетіміз басшысының Қазақстан хал-

қына Жолдауынан туындайтын міндеттерді 

сараптай отырып қоғамдық-саяси, 

әлеуметтік-экономикалық бағыттарымызды 

дұрыс айқындаудың арқасында ауданы-

мызда айтарлықтай шаралар атқарылды. 

Атап айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс 

көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,3 

есе өсіп, 7,7 млрд теңгені құрады. "Абай 

құю-механикалық заводы" ЖШС 

мен "Қарағанды Тексти-Лайн" 

ПКФ ЖШС импорт алмастыру 

бағдарламасына қатысып келеді 

"Абай құю-механикалық заводы" 

ЖШС өндірісте ферросилиция 

(ФС-65), ферросиликомарганец 

құрыш өндірісіне 110 Г13Л сияқ-

ты өнімнің жаңа түрлерін өндіре 

бастады. 

Ауылды қолдау және дамы-

ту бағдарламасы бойынша 2003 

жылы 236,2 млн. теңге бөліп, 200 

жұмыс орнын ашуды көздедік. Ал 

осы уақытта 270,7 млн.теңге 

қарастырылып, жаңадан 334 

жұмыс орны ашылды. 

Сонымен қатар аудандық 

бюджеттің есебінен аз қамтылғ-

ан азаматтарды қолдау мақса-

тында 7 селолық округтен 100 

адам еңбек ететін, бау-бақша бап-

таумен айналысатын 13 бригада 

құрылды. Ол үшін 2,5 млн. теңге 

бөлінді. 

Бюджет қаржысы есебінен 165 ада-

мға өз ісін ашу және мал сатып алуға 3,9 

млн. теңге көлемінде материалдық көмек 

берілді. 

Ауыл шаруашылығы өнімнің көлемі 

2554,6 млн. теңгені құрап өткен жылмен 

салыстырғанда 107%-ке артты. Мал басы 

мен мал өнімдерін өндіру жедел қарқын-

мен өсіп келеді. 

Қазір ауданымызда 17733 ірі қара. 

13917 қой-ешкі, 2150 жылқы, 11266 шо-

шқа және 540 мың бас құс өсірілуде. 

Үстіміздегі жылы 4231 тонна ет, 17413 

тонна сүт, 67110 мың дана жұмыртқа, 13,2 

тонна жүн өндірілді. 

Егістік алқабын ұлғайту, бос жатқан 

жерлерді орынды пайдалану нәтижесінде 

жаңадан 13 шаруа қожалығы ашылып, 32 

адамға жұмыс табылды. 

Ағымдағы жылы дәнді дақыл, картоп, 

көкөніс түрлерінен тәп-тәуір өнім алынды. 

Күзгі жиын-терін кезінде гектарынан 11,4ц. 

түсімділікпен 22,8 мың тонна дәнді дақыл, 

220ц. түсімділікпен 19,8 мың тонна кар-

топ, 233ц. түсімділікпен 5241 тонна көкөніс 

түрлері жинады. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша "Прод-

корпорация" ААҚ-ның облыстық өкілдігіне 

("Сайбер" ААҚ - "Қойбас" ЖШС) 3000 тон-

на бидай, коммерциялық сатып алу бойын-

ша 5595 тонна ("Жер Арна" ЖШС - "Лей-

ла"ЖШС) астық тапсырылды. Сондай-ақ, 

астық қорын құру үшін Шахтинск қаласы-

на 1000 тонна, Теміртау қаласына 1500 

тонна бидай жөнелтілді. 

Осы жылы аудан аумағында 16 шағын 

бизнес кәсіпорны құрылып, 145 жеке 

кәсіпкер тіркелді және олардың арқасында 

кәсіпкерліктің үлес салмағы 10%-ке артты. 

Шағын және орта бизнес субъектілері 1010 

млн. теңгенің өнімін өндіріп, бюджетке 67,5 

млн. теңгенің салық төлемдерін түсірді. 

Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 106 

пайызға орындалып, алдын-ала болжаудан 

жоғары 23млн. теңге түсті. 

- Экономикалық көрсеткіштердің 

өсуі ауданымыздағы әлеуметтік аху-

алдың жақсаруына әсерін тигізері 

анық. Яғни, экономика сауықпай, 

әлеуметтік салалар алға баспайды 

емес пе? Мемлекет басшысының 

барлық деңгейдегі әкімдердің  а л -

дына қойған кедейшілікпен күрес 

бағдарламасы қалай орындалуда? 

- Иә, үстіміздегі жылы 2771 адам 

жұмыспен қамтамасыз етілсе, бұл өткен 

жылмен салыстырғанда 715 адамға артық. 

2002 жылғы көрсеткіш бойынша жұмыс-

сыздар саны 2 есеге азайтылды. 745 жаңа 

жұмыс орны ашылып, қоғамдық-ақылы 

жұмыстарға 957 адам, кәсіптік оқытуға 134 

адам жіберілді. Жұмыспен қамту орталы-

ғына өтініш білдірген жастардың 90 пай-

ыздан астамының тілегі қанағаттандырыл-

ды. Жалпы алғанда аз қамтылған азамат-

тарды әлеуметтік қорғауға жергілікті бюд-

жеттен 46 млн. теңге бөлінді. 

Бюджеттік ұйымдарда барлық 

әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақы-

лар, еңбекақылар уақытында төленеді, 

ешқандай қарызымыз жоқ. 

2003 жылы білім беру саласында 3 

мектеп ашылды. 2 мектепке толықтай 

жөндеу жұмыстары және барлық мектеп-

терге ағымдағы жөндеу жұмыстары 

жүргізілді. 

Ауданымыздың мектептеріне 77 сыны-

пқа мебельдер, 12,1 млн. теңгеге оқу-

әдістемелік әдебиеттер сатып әперілді. Жал-

пыға бірдей оқыту қорынан аз қамтылған 

оқушыларды тегін тамақтандыру, денсаулық-

тарын сауықтыру, оқу құралдары мен киімдер 

әперу үшін 3,8 млн. теңге жұмсалды. 

Ауданымыздың денсаулық сақтау 

жүйесі жақсарып келеді. Қазір 2 аурухана, 3 

емхана, 2 жедел жәрдем станциясы, 11 СДА, 

13 ФАП жұмыс істейді. Топар кентінде 30 

төсектік тубуркулез диспансері ашылып, 25 

адамға жаңа жұмыс орны табылды. Ауыл-

дың тұрғындарын дәрі-дәрмек түрлерімен 

қамтамасыз ету үшін 9 селолық және кенттік 

округтерде дәріханалар ашылды. Жеңілдікке 

ие науқастар дәрілерді тегін алады. 6 СДА, 

10 ФАП-қа толық жөндеу жұмыстары жа-

салды. 


Мәдениет бөлімінің құрамында 18 

кітапхана, 12 клуб, 1 аудандық мұражай 

бар. Ауылдағы кітапханалар үшін 1,4 млн. 

теңгеге жаңа әдебиеттер, компьютерлер 

мен мебельдер сатып әпердік. Сондай-ақ, 

Сарепта ауылында модельдік кітапхана 

құрылды. 

Агрогородок селосындагы клубқа то-

лық жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 3 се-

лолық клубқа жеке жылыту жүйесі қойыл-

ды. 

Әлеуметтік сала объектілері қыстан 



қысылмай шығу үшін отынмен қамтамасыз 

етілді. 


Аудандық бюджет есебінен 13 көп 

қабатты үйдің, 7 көшенің үйлеріне жөндеу 

жұмыстары жүрпзіледі. Облыстық бюджет 

есебінен 9,7 шақырымдық су құбырлары 

желісі ауыстырылды. 

Осылардың бәрін қысқаша ғана бірде 

мысал, бірде нұсқа, енді бірде сабақ ретінде 

айта отырып, тұғырымыздың тұрақты бол-

ғанын жете сезіне түсеміз. 

- Аманбек Түсіпханұлы, Жаңа 



2 0 0 4 жылда аудан халқына 

газетіміз арқылы қандай тілегіңізді 

жеткізгіңіз келеді? 

- Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сали-

қалы саясаткер, сарабдал басшылғы арқа-

сында Қазақстан жан басына шаққанда 

ішкі жалпы өнім деңгейі бойынша ТМД 

елдері арасында Ресейден кейін 2-ші оры-

нға шықты, іс жүзінде барлық әлеуметтік-

экономикалық салалар бойынша көш бас-

таушылар тобында енеді. Халықаралық 

аренада құрметтелетін егемен мемлекет 

құрдық. Экономиканы нарықтық арналарға 

көшіріп, жоғары экономикалық өсімге қол 

жеткіздік, ырықтанған саясатқа келіп отыр-

мыз. Қазіргі кезең алға тартып отырған сы-

нақтарға лайықты жауап бере аламыз. Ең 

бастысы, Қазақстандықтар балалары мен 

немерелерінің болашағы үшін 

қауіптенбестен, алдағы күндерге сеніммен 

қарай алады. 

Баршаңызға зор денсаулық, бақыт пен 

береке, жаңа жақсылықтар мен толағай 

табыстар тілеймін! 



Әңгімелескен: 

Саян НЕСІПОВ. 

Абай-Ақиқат.-2003.-27 желтоқсан 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал