Сабақ №14 Тақырып: Жанашырлық жанға қуат Құндылық: қиянат жасамау



жүктеу 41.26 Kb.

Дата25.03.2017
өлшемі41.26 Kb.
түріСабақ

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары 

 

Мектеп:   Мортық орта мектебі    Мерзiмі: 24.11.2016 ж        Сабақ № 14 

Тақырып:  Жанашырлық – жанға қуат 

Құндылық: қиянат жасамау 

Қасиеттер:  жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік 

Мұғалiм:     Айтжанова А.Х.     Сынып : 6    Оқушылар саны:9 

 

 



Сабақ мақсаты:оқушыларға  қиянат жасамау құндылығы негізінде 

жанашырлық туралы түсініктерін кеңейту.  



Міндеттері: 

1.Оқушыларға жанашырлық ұғымы туралы түсінік беру. 

2. Оқушылардың бойындағы мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық 

сезімдерін дамытуға ықпал ету. 

3.Оқушыларды  жанашыр, қамқор болуға, жақын адамдарға мейірімділік 

танытуға тәрбиелеу. 



Ресурстар:(құрал

дар, мәлiметтер) 

Оқулық,  жұмыс 

дәптер, 

интерактивті 

тақта,  ватман, 

маркер. 

Сабақ барысы: 

-

 



Ұйымдастыру кезеңi.  

1.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

нұрға бөлену.mp3

 

      Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды 

айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді 

жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен) 

  Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге     

  қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі    

  орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын    

  таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды,    

  тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.  

 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол 



біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің 

қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді 

істейді және баршаға көмектеседі.  

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек 

жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат 

құралына айналды. 

 

Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты 



және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, 

құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.  

Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана 

көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой 

келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып

жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды 

туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға, 

таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген 

адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын. 

 

Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, 



өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр 

бағыттаңыз. 

Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде... 

Мен - Нұрмын » 

 

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... 



 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем 

сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. 

Сабақ 

барысын 

талдау: 


 

Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға 

болады.Рахмет!  

          Балалар, қандай әсер алдыңыздар? 



          Олай болса балалар, осы нұрды жүрегімізге сақтап қалайық.

 

5 Т- ны еске алу.

 

Тәртіп


 

Талап


 

Тыныштық


 

Тазалық


 

Татулық


 

 

2.Үй тапсырмасын тексеру: 

 Тапсырма: жұмыс дәптерде 29 бет.  3-тапсырма. «Бауырмалдық» сөзжұмбағын 

шешіп, талдау. 

 

Жауаптары: 1. Мейірбандық 2. Ата 3. Бауыр 4. Ағайын 5. Қамқор 6. 



Жомарттық 7. Дарқандық 8. Әдептілік 9. Дәстүр 10.Ауызбірлік 11. Татулық   

3.Дәйексөз.  

Өзіңе де өзгеге де жақсылық тіле... 

                                     А. Йүгінеки 

3.1. Дәйексөзді оқу 

3.2. Дәйексөздің мәнін ашу 

- Осы дәйексөзді қалай түсінесіздер?  

3.3 Дәйексөзді дәптерге жатқа жазу 

3.4. Мұғалімнің түйінді  сөзі. 

Жақсылыққа  жақсылық  –  әр  адамның  міндеті.  Тек  қана  жақсылықты  ойлап, 

адам баласына  оймен, сөзбен,  іспен риясыз жақсылық жасау керек. Өйткені 

айналаңа жақсы, игі іс жасасаң жаның жай тауып, рақатқа бөленесің.   

 

4. Мұғалімнің сыйы .   Асығыс үкім.  Аңыз әңгіме.  

Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол 

есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты 

өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште 

тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне 

көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты 

өшіріп қойған екен.  

Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның 

мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы 

қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех 

арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп 

жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді.  

Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. 

Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн 

қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған 

шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз 

жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді:  

- Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос 

жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін!  

Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін 

күнделігінде достарына қатысты мәлімет бар еді.  

Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де тыңдамай, оны оқи бастайды. 

Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс 

көрдім... Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп – 

қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!»  



Мәтін бойынша сұрақтар: 

1.

 



Аңыздан не ұқтыңыздар?  

2.

 



Неге аңыз «Асығыс үкім» деп аталады? Әкесінің әрекетін қалай атауға болады? 

3.

 



Баласы неліктен осындай әрекетке барды деп ойлайсыңдар?  

 


4.

 

Баланың бойында қандай жақсы қасиеттер бар? 



5.

 

Сіздердің өмірлеріңізде біреуге жанашырлық танытқан кездеріңіз болды ма?  



5.Шығармашылық іс-әрекеттер, топтық жұмыс. 

5.1. Топқа бөлу реті 

        Балаларды сөз арқылы топқа бөлу.  «Жанашырлық»,  «қамқорлық».  

5.2. Тапсырмаларды орындау 



1 топ  

Тапсырма:  Жұмыс  дәптерде      31  беттегі  1  –  тапсырмаға  назар 

аударыңыздар.  Мәтінді  оқыңыздар.  Мәтінді  басшылыққа  алып,  біреуге  зиян 

келтірмеу үшін қандай  ережелерді ұстану қажет екенін жазып беріңіздер.    

     Жақсылық істеуден жалықпа. Істеген жақсылығыңа өкінбе, өкінгенің өзіңе 

зиян. Біреуге жақсылық істесең, оның көңіл-күйі қаншалықты шат болса, сенің 

көңілің де соншалықты көтеріліп шадыман болар. Егер біреуге жамандық істеп, 

оның  көңілін  қапа  қылсаң,  сен  одан  да  артық  қапа  боласың.  Сен  біреуге 

жамандық қылсаң, саған да жамандық келеді.(Қабуснамадан) 



2 топ 

Тапсырма: Жағдаятты талдаңдар. 

   Жұмыстан келген анасы ұлына: - Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен?-

деді. 

-

 



Жата беріңіз,- деді кітаптың қызығына түскен ұлы назар аудармастан.  

Анасы төсегіне барып жатты да, ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды 

өтінді. Ұлы орнынан салдыр – күлдір еткізіп, ренжи тұрды да, үн-түнсіз оның 

өтінішін орындады. (В.Воробьев) 



1.

 

Бала анасына жанашырлық білдіре алды ма? 

2.

 

Сен оның орнында болсаң не істер едің? 

Екі топ тапсырмаларын қорғайды. 

 Қорытындылау. 

 

6.Топпен ән айту 

JAKSI ADAMDAR(2).mp3

 

 « Жақсы адамдар»  Әні мен сөзі: А. Оралов 

1. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. 

Табаныңның астында жатады әлі 

Пенделіктен өресі аспағандар 



Қайырмасы: 

Жақсы адамдар, жақсы адамдар, 

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. 

Жақсы адамдар, жақсы адамдар, 

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. 

Жақсы адамдар. 

2. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. 

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, 

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар 



Қайырмасы:  

Жақсы адамдар, жақсы адамдар 

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар 

Жақсы адамдар, жақсы адамдар, 

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар 

Жақсы адамдар. 

 

7. Үй тапсырмасы 

 «Жанашырлық таныту барлық кезде қажет пе?» деген сұраққа жауап жазу.  

   №15 сабақ 56-58 бет Рыза Акдемір аударған: С. Дағайқызының        «Он екі 

миллион»  мәтінін оқу. 

 

8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.  

 


 

https://infourok.ru/zinzi-tanu-sabaini-zhospari-zidi-de-zgeni-de-ayala-574732.html 

   Ниеттес, тілектес, сыйлас адамдардың бір-біріне деген ниеттестігі мен 

тілектестігін білдіретін көңіл – күйі жанашырлық болады. Сонымен қатар



қиын жағдайға тап болған адамдарға қамқорлық көрсету, жәрдем беру де 

жанашырлықтың іс жүзіндегі көрінісі. Сабағымызды қортындылай келе, 

сіздерге жанашырлық танытып , риясыз жақсылық жасау жайлы бейнебаянды 

көруге ұсынамын. 

Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет! 

Сау болыңыздар!

Передай Добро. Бумеранг добра..mp4



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал