Сақ Қайрат Өмірбайұлы



жүктеу 54.66 Kb.

Дата11.06.2017
өлшемі54.66 Kb.

 



Сақ Қайрат Өмірбайұлы.  



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

ф.ғ.к., доцент, ЕҰУ профессоры 

www.enu.kz

 

 

 

ЕРКІН СӨЗ ЕЛДІК МҮДДЕГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ КЕРЕК 

 

  

 

Ата  заңымыздың  20-бабында:  «Сөз  бен  шығармашылық  еркіндігіне 

кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. 

 

Әркімнің заң жүзінде тиым салынбаған ақпаратты кез келген тәсілмен 



еркін  алуға және таратуға құқы бар. ҚР мемлекеттік құпиясы болып табылатын  

мәліметтер  тізбесі    заңмен  белгіленеді»  деп  еркін  сөзге  айқара  жол  ашылған. 

Баспасөз  бостандығының  арқасында  Тәуелсіздіктің  20  жылында  еліміздің 

бұқаралық  ақпарат  құралдары  сандық  тұрғыдан  да,  сапалық  тұрғыдан  бірнеше 

есе  өсті.  Мәселен,  «1990  жылы  республикада  552  БАҚ  тіркелген  болса,  1991 

жылы оның саны 744-ке, 1992 жылы бұл көрсеткіш 1052-ге жетті, ал 1998 жылы 

республикада  1334    газет,  280  журнал,  202  телекомпания, 

74 


телерадиокомпания,  80  радиокомпания,  33  ақпарат  агенттігі  ресми  тіркеліп 

(Сарсенбаев  А.  Новые  информационное  пространство  РК:  проблемы  и 

перспективы.  –Алматы:  Ақыл  кітабы,  1998,  54  б.)  жұмыс  істеген  болса,  ҚР 

Байланыс  және  ақпарат  министрлігінің  ресми  дерегі  бойынша  2011  жылдың  1 

қаңтарындағы    Қазақстан  бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы  мәлімет 

мынадай: 

 

Барлық есепке қойылғаны – 10557; 



 

Есептен алынғаны – 5466; 



 

Қайта есепке қойылғаны – 1878; 



 

Жалпы қызмет жасап тұрғаны –2994; 



 

Соның 436-сы – мемлекеттік, 2558-і – мемлекеттік емес БАҚ



 

Оның  қазақшасы  –  571;орысшасы  –  976;  қазақша    және  орысшасы  – 



1078; қазақша,орысша,басқа тілдерде – 369; 

 



оның ішінде: мерзімді  басылымдары – 2726; 

 



соның  1863-ы  –  газеттер;  оның  328-сы  –  мемлекеттік,  1535-і  – 

мемлкеттік емес, қазақшасы – 468; орысшасы – 665; қазақ және орыс тілінде – 

605; қазақша,орысша,басқа тілдерде – 125; 

 



Журналдар  –  863;оның  ішінде:  мемлекеттік  –  172;  мемлкеттік  емес  – 

691;  қазақшасы  –  115;орысшасы  –  309;  қазақша,орысшасы  –  268; 

қазақша,орысша,басқа тілдерде – 171; 

 



Электронды  БАҚ  –  267;  соның  63-і  –телекомпания;  оның  ішінде: 

мемлекеттігі – 11; мемлкеттік емесі – 52; 

 

Радиокомпаниялар – 42; оның мемлекеттігі – 5; мемлкеттік емесі – 37; 



 

Кабельді теледидар операторлары – 146; 



 

Спутниктік тарату операторлары – 6; оның мемлекеттігі – 1;  



     мемлкеттік емесі – 5; 

 



 

Ақпараттық агенттіктер – 11; оның мемлекеттігі – 1; мемлкеттік емесі – 

10; Қазақша ақпарат тарататыны – 0; орысша – 3; қазақша,орысша – 3; 

          қазақша,орысша,басқа тілдерде – 5; 

Масс-медиа  негізінен  ірі  қалаларда  –  Астанада,  Алматыда,  облыс 

орталықтарында  шоғырланған.  Әрі  бұрынғысынша  аудандық  аз  тиражды 

газеттерді шығару ісі де жалғасып келеді. 

 Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облысының бұқаралық  

ақпарат құралдарына талдау жасай кетуді де жөн көріп отырмыз. 

 



 

тіркелген 185 БАҚ-тың  8-і – телеарна; 177-і – газет; 

 

сол 177 газеттің 105-і республикаға тарайды;  



 

177-нің  36-сы  –  қоғамдың  саяси  газет,  67-сі  –  ақпараттық  танымдық 



газет;  

 



177-нің  11-і  өзбекше,  26-сы  орысша,  140-ы  –  қазақша  жарияланатын 

басылым; 

 

140-тың 37-сі – қысыр әңгіме газеттер. Олардың аттары: «Айтылмаған 



сыр»,  «Бір  өкініш,  бір  үміт»,  «Еркектер  әңгімесі»,  «Жеті  серік»,  «Жол  серік», 

«Қараңғы бөлме хикаялары», «КГБ (кремет газет бұл)», «Күнделік», «Құдаша», 

«Қызық  хикая»,  «Қызықты  әңгімелер»,  «Қысыр  әңгіме»,  «Сыр  сұхбат», 

«Сырласайық оңаша», «Тағдыр» т.б. болып келеді. 

 

177-нің  11-і  өзбек  тілінде,  оның  2-уі  қазақ  -  өзбек  тілінде  шығады;  11 



өзбек  тілді  газеттің  2-уі  қоғамдық-саяси,  3-уі  мәдени-әдеби,  1-уі  ғылыми 

педогогикалық, 2-уі ақпараттық жарнамалық, 3-уі ойын-сауықтық басылым; 

 

177-нің  26-сы  орыс  тілінде,  оның  9-ы  қазақ  -  орыс  тілінде  жарық 



көреді. 26-ы орыс тілді басылымның 3-уі медициналық, 6-уы қоғамдық-саяси, 1-

уі ауыл шаруашылық, қалғаны жарнамалық, ойын-сауықтық газет; 

 

Республикаға  тарайтын  аудандық  газеттер  де  бар.  Олар:  «Намыс.kz» 



қоғамдық-саяси  газеті,  айына  2  рет  Қазығұрт  кентінде,  «Жеті  сыр»  қоғамдық-

саяси  газеті  Жетісайда,  «Жетісай  жарнамасы»  апталық-жарнамалық  басылымы 

Жетісайда, «Қаратау тәжі» Кентауда, «Киелі Қазығұрт» ақпараттық газеті айына 

2  рет  Қазығұрт  ауылында,  «Көп  жаса»  ақпараттық-танымдық  газеті  Қазығұрт 

ауылында,  «Робита»    өзбекше  ақпараттық-жарнамалық  газеті  Сайрам  ауданы 

Ақсу  кентінде,  «Еркін  ой»  ақпараттық-сараптамалық  газеті  Сайрам  ауданы 

Тассай ауылында шығады. 

Қазақстанда  шығатын  басылымдардың  негізгі  бөлігі,  нақты  айтсақ,  85-90 

пайыздандан  астамы  мемлекеттік  емес  болып  табылады.  Мемлекеттік  емес 

басылымдар  жергілікті  әкімшіліктердің  қолдауымен  (билік  органдарының 

өкілдері)  елдің  барлық  аймақтарында  жұмыс  істеуде.  Астана  мен  Алматыда 

бірнеше мемлекетік республикалық газет-журнал шығарылады,  республикалық 

мемлекетік телевизия мен радиостанциялар хабар таратады.  

 

Ресми  статистиканың  Қазақстандағы  басылымдардың    көпшілігін 



тәуелсіз  етіп  көрсеткеніне  қарамастан,  БАҚ-тың  негізгі  бөлігі  билікке    адал. 

Оған  масс-медианың  билікке  жақындығы,  басылымдардың  мемлекеттік 

қаражатты алып отыруы және басқадай жағдайлар себепші болып отыр.  


 

 



Соңғы  жылдары  меншік  түріне  қарамастан  БАҚ-қа  мемлекеттік 

әлеуметтік  тапсырыс  жариялау  таралған,  яғни  республикалық  және  жергілікті 

мемлекеттік  органдар  БАҚ-та  түрлі  тақырыпта  әлеуметтік  маңызы  бар 

ақпаратты  жариялау    конкурсын  жариялайды.  Масс-медиа  конкурсқа  өтініш 

жібереді, оның жеңімпаздары әдеттегідей билікке ыңғайлы басылымдар болады. 

2009  жылы  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігі  ақпараты  бойынша  БАҚ 

мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  шеңберінде  1,1  млрд.  теңге  (7,3  млн.  АҚШ 

долларын) алды. 

 

Қазақстандағы  бұқаралық  ақпарат  құралдарының    меншік  иелері  – 



көбінесе  коммерциялық  корпорациялар,  қаржылық  өндірістік  топтар,  ал 

аймақтарда ірі және орта деңгейдегі бизнесмендер.Әдетте меншік иелері өздерін 

БАҚ  иесі  екенін  жария  қылмайды:  басылымдардың  ресми  меншік  иелері  

жекеменшік  компаниялар немесе делдалдар болып табылады. 

 

Республикада  бірнеше  ірі  медиа-холдинг    бар,  олардың  иелері  не 



қаржылық-өндірістік топтар, не ірі бизнесмендер. Сонымен қатар, холдингтерге 

мемлекеттік  бұқаралық  ақпарат  құралдары  да  біріккен  кездер  болды  («Арна 

медиа»  холдингі  –  «Хабар»,  «Ел  арна»,  «Қазақстан»,  CaspioNet  телеарналары, 

«Қазақ радиосы», «Хабар», «Шалқар», радиостансалары, «Егемен Қазақстан», « 

Казахстанская правда» газеттері, «Қазинформ» ақпараттық агенттігі  және «Нұр 

Отан» партиясы иелік ететін «Нұр медиа» холдингі – «Астана» телеарнасы, НС 

және РДВ радиостансалары, «Айқын», «Литер», «Түркістан» және басқалар).  

 

Түрлі    қолданып  жатқан  шараларға  қарамастан  республикада  қазақ 



тілді және орыс тілді масс-медианың арасындағы алшақтық азаймай тұр, соңғы 

кезде бұл екі бағыт  мүлде бөлек екі әлемде жүргендей.  Кейбір қазақ және орыс 

тілдерінде    шығатын  басылымдар  болмаса,  елдің  негізгі  екі  тілінде  шығатын 

БАҚ  өзара  әріптестік  қарым-қатынасқа    бармауда.  Жоғарыда  аталған    екі  тілді 

басылымдардың    редакцияларының  өзінде    қазақ  және  орыстілді 

журналистердің әріптестік қарым-қатынасы жартымсыз.. 

 

Мұның өзі Қазақстан БАҚ-ның мазмұнына кері әсер етуде, кейде БАҚ 



қарама-қарсы,    қайшылықты  мазмұнда  болып  келуі  мүмкін,  қазақ  тіліндегі 

басылымдар орыс тілді  БАҚ-та көтерілген мәселелер туралы жазбайды немесе 

керісінше.  Бұл  халықтың  теріс,  тіпті  қарама-қайшылықты  мәлімет  алуына, 

тілдік топтар арасында түсініспеушіліктің  туындауына алып келеді. 

 

Сонымен  қатар,  қазақ  және  орыс  тілді  журналистердің  арасында 



тақырып таңдауда, баяндауда, кәсіби деңгейде үйлесімсіздік байқалуда. 

 

Кейінгі кезде журналистиканы әркім өз білгеніне қарай пайдаланғысы 



келетін жағымсыз тенденция етек алып бара жатқанын айтпасқа болмас. Ондай 

дертті  аластаудың  жолы  –  журналистиканың  қоғам,  ел  алдындағы  негізгі 

міндетін  анықтай  түсіп,  халық  мінберіне  айналдыру.  Егер  ол  тек  биліктің  қол 

шоқпары  болып қалса, немесе ат  төбеліндей ақшалының сойылын соғып кетсе,  

ақ  жолдан  адасатыны  анық.  Ақпарат  монополияланған  жерде  пікір  алуандығы 

бұзылады.  Ақиқат  айтылмайды.  Ахмет  Байтұрсынұлы  айтқандай,  журналист 

«халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болуы керек. Журналиске одан асқан мәртебе 

жоқ.  Ондай  абыройлы  істі  келте  ойлайтын    кісі  емес,  кемел  толғайтын  жан 



 

атқара  алса  керек.  Бұл  мамандыққа  университеттік    білімнің  қажеттігі  де 



сондықтан.  

Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: « ... Біз еркін БАҚ 

иелері журналист ұжымдарының өздері болатындай жағдайға келуіміз керек. Ол 

адамдар  жолсыздықты  сынға  алатын,  алайда  патриот,  өз  Отанын  сүйетін  және 

қоғамның  тыныш,  қалыпты  өмір  сүруін  қалайтын  адамдар  болғанны  жақсы. 

...Журналистік ұжымдардың жемісті әрі емін-еркін жұмыс істеуі үшін қазіргіден 

де көбірек  жағдай жасау жөн. Сонда Қазақстанда ашық қоғам да болады, еркін 

баспасөз де болады»,- деген сөзі жоғарыдағы ойымызды шегелей түсетіні хақ. 

 

БАҚ-тың  рөлі  қоғамда  орасан  зор  екенін  айтқан  қайраткерлер 



баршылық.  Солардың  бірі  –  саясаттанушы  әрі  публицист  Э.Берк  1776  жылы 

баспасөзді  «Төртінші  билік»  ретінде  санап,  соңында  айрықша  пікір  қалдырып 

кеткен. 

 

Президент  Н.Ә.Назарбаев  2005  жылғы  кезекті  Халыққа  Жолдауында:  



«Сөз бостандығын, ақпарат алу мен  таратуды қамтамасыз ететін барлық қажетті 

құқықтық және басқада шарттар алдағы уақытта да дәйекті түрде жасалады  әрі 

қорғалатын болады. 

 

Сонымен қатар сөз бостандығын пайдаланудағы шектен шығушылыққа 



қатаң тосқауыл қойылуы шарт»,- деп атап көрсеткен еді. Бұл жерде Елбасының  

«тосқауыл  қойылуы  шарт»  деген  сөзі  қоғамдық  жауапкершілік    мәселесін 

меңзеп  тұрса  керек.  Алматыда  өткен  ІҮ  Еуразиялық  медиа-форумда  осы  ойын 

былай  айқындай  түсті:  «Баспасөздің  еркіндігі  мен  оның    қоғам  алдындағы 

моральдық  жауапкершілігі  арасындағы  тепе-теңдікті  таба  білу–  бүгінгі 

форумның  күн  тәртібіндегі    ең  басты  мәселелерден  болады  деп  есептеймін,- 

деген Елбасы  өз пайымын былай сабақтайды: Сөз бостандығы шексіз емес. Ол 

табындыратын ғана емес, талқандайтын да  қуатты күш. Ол саясатты жасап 

қана  қоймайды,сонымен  бірге  ел  тағдырына  ықпал  ететін  қоғамдық  пікір  мен 

қалың  бұқараның  санасын  да  сомдайды.  Сондықтан  сөз  бостандығы  дегенді 

журналистік  ар-ұждан  жауапкершілігі  деп  те  танығандарыңыз  жөн.  Тәуелсіз 

БАҚ дегеніміз – аса қымбат құндылық.  Журналист қандай мәселені  қаузаса да  

парасат шеңберінен шықпауы керек». 

 

Елбасының  аса  құнды  ойының  өміршеңдігін  әлем  мойындайтын 



тұлғалар  пікірі  мен  тарих  сабақтары  тапжылтпай  айқындайды.  Наполеон 

Банапарт: «Саған қарсы бағытталған 400 мылтықтан гөрі төрт баспасөздің қарсы 

тұрғаны  әлдеқайда  қауіпті»  десе,  1973  жылы  Чилиде  болған  төңкерісте 

Сальвадор  Альенде:  «Менің  қолымнан  әскердің  кетіп  қалғаны  түк  емес  еді. 

Менің  қолымнан  БАҚ  кетіп  қалды  ғой  »,-  деп  еңірегенде  етегі  жасқа  толған.  

1980  жылдары  атышулы  Збигнов  Бзенжинский  Польшаға  емін-еркін  ұшып 

келіп, ешқандай кедергісіз дәрістер оқып тұрды. Оны БАҚ жабылып жариялап 

жатты. Нәтижесі қандай болғанын айтып жатудың өзі артық. 

Сөзімнің соңында Алаштың аяулы азаматы  Жүсіпбек Аймауытовтың 1925 

жылдың 5 мамырында жариялаған «Ел газетке не жазбақ?» деген мақаласынан 

үзінді  келтіргім  келеді:  «  ...жанына  жағымды,  тілі  батарлық  сөздер  басылмаса, 

ондай  газет  бағасын  жоймақ,  кім  көрінгенге  қолжаулық,  майлық,  шылым 

орауыш, тағы бірдеңе болмақ ». Әріптестер осы айтылған қағиданы әманда есте 


 

ұстайтын болайық. ХХ ғасыр басында «Оян, қазақ!» деп жар салған Міржақып 



Дулатовша айтсақ, «қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» 

екенін жадымыздан шығармайық. Еркін сөз елдік мүддеге қызмет етуі керек. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал