С. В. Ларин // Математика в школе №8, 2007



жүктеу 52.95 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі52.95 Kb.

58 

Сонымен,  «Егер,  мұғалім  математика  сабағында  қазіргі  заманғы 

сандық білім беру жүйелері, яғни Geogebra бағдарламасын үнемі қолданып 

отырса,онда  ол  оқушыларға  математиканы  ғылыми  жағынан  түсіндіре 

отырып,  олардың  пәнге  деген  қызығушылықтарын  және  білім  сапасын 

арттырады және өзбетінше жұмыс жасауға дағдыландырады.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. 


Ларин,  С.В.  Вычисления  с  помощью  виртуальных  геометрических 

инструментов / С.В. Ларин // Математика в школе – №8, 2007,  

2. 

Байназаров Т. «Геогебраға кіріспе» әістемелік құрал, Астана 2013 



3. 

http://ru.wikipedia.org/wiki/GeoGebra 

4. 

http://www.geogebra.org/cms/ru/ 



5. 

Жұбаев Қ.Геометрия пәнін оқыту әдістемесі//Алматы, 1997 

 

 

УДК 37.02 



 

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ 

 

Дуйсебекова А.Е. 

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 

институты, Арқалық қ. 

Мажибиева Б.Ж. 

Астана қаласындағы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік 

лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің, Астана қ. 

 

 



Ақын әрі жазушы Ы.Алтынсарин – аса  көрнекті этнограф, ағартушы-

педагог,  қазақ  жазба  әдеби  тілінің  негізін  қалаушы  ретінде  әдебиеті 

тарихында  өшпес  із  қалдырған  тұлға.  Ағартушының  педагогикалық, 

философиялық, 

әдеби 

мұрасын 


зерттеушілер: 

А.Ф.Эфримовтың 

«Ы.Алтынсарин»,  Ә.С.Сыдықовтың  «Ы.Алтынсариннің  педагогикалық 

көзқарасы»,  Ә.Дербісалиннің  «Ы.Алтынсарин  –  ұлы  педагог,  ағартушы, 

жазушы»,  Ә.Ламашевтің  «Ыбырай  Алтынсарин»,  С.Әсіповтің  «Ыбырай 

Алтынсарин  –  ұлы  ағартушы»,  С.Қалиев,  С.Ұзақбаева,  М.Балтабаев, 

М.Жармұхамедовтердің  еңбектеріне  зер  салсақ,  оның  оқу-әдістемелік 

ізденуі,  мұғалімдік  қызметі,  ұлтымыздың  білімі  мен  мәдениетіне  қосқан 

үлесі,  ана  тілінде  төл  оқулықтар  жазуы  –  қазақ  жастарының  келешегіне 

аманаттаған рухани мұрасы болды [1].  

Ыбырай  Алтынсарин  баланың  дүниені  тануы  ана  тілі  арқылы  өзін 

танудан  және  туған  халқының  өнерін  танудан  басталады  деп  түсінді. 

Сондықтан  да  жастардың  ақыл-ойын  дамыту,  адамгершілік  қасиеттерін 

жетілдіру,  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  –  мектептің  міндеті  деп  түйіндей 

отырып,  оны  жүзеге  асырудың  жолдары  ана  тілі  оқулықтары  мен 

хрестоматиялар  екенін  өз  тәжірибесінде  айқын  дәлелдеген.  Ұлы  педагог 

балаларды  сапалы  оқытуға  ерекше  мән  беріп,  мынадай  ұсыныстарды: 


59 

оқыту  мен  тәрбиелеу  мәселесіндегі  мұғалімнің  шешуші  рөлі;  барлық 

сыныптарға  арналған  бағдарламаның  болуы;  қазақ  мектептерінде 

оқулықтарды  пайдалану  жолдары;  мектептің  оқу-материалдық  базасын 

нығайтуды аса қажетті басымдықтар екендігін атап көрсетті. 

Ол  қазақ  мектептерінде  білім  берудің  дидактикалық  негіздерін 

саралап,  мұғалімдерге  арналған  әдістемелік  еңбектерінде  оқытудың 

мақсатына,  мазмұнына,  әдісіне  ерекше  тоқталды  және  ол  үшін  орыс 

педагогтарының ілімдерін негізге алды. 

Ә.Сыдықов  «Ы.Алтынсаринннің  педагогикалық  идеялары  және 

ағартушылық  қызметі»  атты  еңбегінде  Ыбырай  ашқан  мектептер  жүйесін, 

оқу-тәрбие  ісінің  мазмұнын  сараптай  келе,  оқытудың  дидактикалық 

принциптерін ұсынғандығын ғылыми тұрғыда дәлелдеген [2,7 б.]. 

Ы.Алтынсарин балаларға білім беру мен оларды дамыту үшін мұғалім 

мен  оқушының  бірлесіп  жасайтын  оқу  іс-әрекетін,  өзара  қарым-қатынаста 

қолданылатын 

амал-тәсілдерін 

«аса 


пайдалы 

әдіс» 


деп 

біледі. 


Ы.Алтынсарин  өзі  өткізген  семинарында  мұғалімдерге  оқушыларға  оқу 

материалын  жеткізу  үшін  әртүрлі  оқыту  тәсілдерін  тиімді  қолдану 

керектігін,  әдістерді  дұрыс  таңдап  алу  жолдарын,  оқытудың  тәрбиелік 

ұғымын  түсіндіріп,  қандай  әдісті  қай  уақытта  қолдана  алуы  мұғалімге 

байланысты  екенін  атап  көрсеткен.  Ол  оқыту  әдістері  дегеніміз  – 

балаларды  ғылымға  талпындыру,  өздігінен  білім  алуға  құмарландыратын 

жол деп біледі.  

Ағартушы-ұстаз  сабақта  балалардың  ойлау  қабілетін  арттыратын 

жаттығулар  қажет,  мысалы,  әңгімелеу,  түсіндіру  арқылы  оқыту  әдістері. 

Ол  әңгіме  әдісін  қолдану  барысында  балаларға  қойылатын  сұрақтардың 

жүйелі  болуын,  қойылған  сұраққа  баланың  толық  жауап  беруін  үнемі 

қадағалап,  қазақ  балаларының  бойында  білуге  құмарлық,  тапқырлық, 

дарындылық 

қасиеттерінің 

молдығын 

дәлелдеген. 

Сондықтан 

да 


шәкірттерінің  ыждағаттылығына  ризашылықпен  қарады.  Ағартушының 

оқу  материалын  балаларға  түсіндіру  мақсатында  көрнекілік  әдісін  де 

қолданғанын  көреміз.  Ол  көрнекілік  заттарды  қолдануда  табиғи  заттар, 

суреттер  пайдаланып,  құбылыстарды  суреттеу,  олардың  қасиеттерін 

салыстырып,  қорытындылар  жасауға  дағдыландыру  –  бала  білімін 

тереңдетіп, есте cақтау қабілеттерін жетілдіретіндігін ескерткен. 

Ы.Алтынсарин  өзінің  оқыту  әдістерінің  ішінде  аударма  әдісін 

пайдаланып,  балалардың  екі  тілде  еркін  сөйлеу,  ойлау,  жазу  дағдыларын 

қалыптастыруға  күш  салған.  Мұғалімдерге  берген  кеңесінде,  әдістемелік 

нұсқауларында  «орысшадан  қазақшаға,  қазақшадан  орысшаға  аударуды» 

оқыту тәсіліндегі басты негіздердің бірі деп санады. 

Қазіргі  кездегі  кіріктіре  оқыту  (интеграция)  әдісін  Ы.Алтынсарин  өз 

тәжірибиесінде 

қолданғанын 

байқауға 

болады. 


Ол 

хрестоматия 

оқулығында  химия,  физика,  география,  жаратылыстану  ғылымдарынан, 

ғылыми  техника  жағынан  да  түсінік  берген.  Оның  жазған  хаттарында 

балаларға  тиянақты  білім  беруді  өмірмен  байланыстыру,  оқыту  әдістерін 

жетілдіру  жөніндегі  ақыл-кеңестер  молынан  кездеседі.  Бір  сөзбен 

айтқанда,  ағартушы-педагог  ұсынған:  ауызша  баяндау  әдісі,  әңгіме  әдісі, 


60 

түсіндіру  әдісі,  көрнекілік  әдісі,  аударма  әдісі,  тәжірибе-зертханалық  әдіс, 

кіріктіру  әдісі,  жеке  тұлғаны  дамыту  сынды  оқыту  әдістері  бүгінгі  таңда 

жаңашылдыққа жол ашты деуге болады. 

Ы.Алтынсариннің  дәстүрлі  білім  саласындағы  оқыту  әдістері 

жетілдіріліп,  мектептің  оқу-тәрбие  жүйесінде  қолданылуда.  Оның  әдеби 

мұралары  бүгінгі  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  оқу  бағдарламалары 

мен  оқулықтарынға  еніп,  сабақтан  тыс  жұмыстарда  да  оқытылып  келеді. 

Ағартушы-ұстаздың  әрбір  еңбегінен  оқушылар  рухани  азық  алып, 

эстетикалық  талғамдары  жетіліп,  білім  мен  тәрбиенің  үйлесімі  үндестік 

тауып,  тағылымды  сабақ  алады.  Осыған  орай  орта  мектептегі  әдебиет 

пәнінен  Ы.Алтынсарин  шығармаларын  заман  талабына  сай  оқытудың 

үлгісін ұсынуды жөн көрдік. 

Тақырыбы:  Ы.Алтынсарин  «Өсиет  өлеңдер»,  «Әй  достарым!»  



«Әй, жігіттер!». Ыбырай аудармалары 

Ыбырай  –  қазақ  балалар  жазба  әдебиетін  дамытушы,  қазақ 

әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы. Қазақ халқының үлкен мақтанышы, ұлы 

ұстаз,  тұңғыш  ағартушы-ғалым,  шебер  жазушы,    фольклоршы-этнограф 

Ы.Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. 

Шығармашылық тапсырма түрлері: 

1.Ақын замандастары және біздің замандастар 



Пайдаланылған қосымша әдіс түрі: «Кубизм» 

Қажетті жабдықтар: әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы». 

Жаттығуды  орындау  барысы:  оқушылар  екі  топқа 

бөлінеді,  әр  топ  оқушыларына  әр  қырына  тапсырма 

жазылған «ойын тасы» беріледі.  

Топтың  әр  мүшесі  «ойын  тасын»  лақтырады.  Ойын 

тасындағы  нөмірге  сәйкес  шығарманың  «деталін» 

айтады.  Уақытты  үнемді  пайдалану  және  оқушыларды 

қысқа да нұсқа сөйлеп дағдыландыру үшін, уақыт шектеп 

берген тиімді. (7-8 минут) 



Талқылауға берілетін шығарма нысандары: 

1.  «Ойланыңыз!».  «Алтын  шеттеуік»  -  Не  нәрсенің  де  құр  сыртына 

қарап  қызықпа,  асылы  ішінде  болар,  «Полкан  деген  ит»  -  Ұлық  болсаң, 

кішік бол 

2.  «Талдаңыз!».  Мына  фигураларды  құрастырыңдар.  Қандай 

шығарманың  кейіпкерлері?  Мазмұнын  естеріңе  түсіріңдер.  Сатылай 

кешенді талдау жасаңдар.  

- Шығарма аты  

- Тақырыбы  

- Идеясы  

- Кейіпкерлері  

- Оқиға барысы  

Ақынның әлеуметтік мәселе қозғай отырып, заман 

келбетін сипаттаудағы мақсатын аш 

Замандастар туралы өз пікірің? 

 

 



61 

- Түйінді ой  

- Өз ойыңыз, пікіріңіз 

3.  «Мазмұндаңыз  және  өмірмен  байланыстырыңыз!».  Сұрақтар 

негізінде мазмұндау.  

4. «Зерттеңіз!». Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні? 

5.  «Қолданыңыз!».  Әңгіме  негізінде  тренинг  немесе  көрініс 

ұйымдастыру 

6.  «Қарсы  шығыңыз!»  Не  нәрсенің  де  құр  сыртына  қарап  қызықпа, 

асылы ішінде болар 



Тиімділігі: «Кубизм» белсенді оқыту түрінің әдеби көркем шығарманы 

талдауға, өткен сабақты қорытындылауға тиімділігі жоғары. 



Ыбырай  Алтынсаринның  өмірі  мен  шығармашылығына  байланысты 

тест тапсырмалары (ZipGrade әдісі арқылы жүзеге асырылады) 

1. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» кірген біраз материалдарды 

қайдан алғандығын тап 

А) Жыраулар поэзиясы 

В) Асан Қайғы  

С) Бұқар жырау 

Д) М.Жұмабаевтың «Педагогика » кітабы 

Е) Д.Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово» кітабы 

2.  Ы.Алтынсариннің  ұрлық,  барымтаның  түбі  қорлық  екенін  дәлелдеген 

туындысын тап. 

А) «Қыпшақ Сейітқұл» 

В) «Бір уыс мақта» 

С) «Жақсылыққа жамандық» 

Д) «Таза бұлақ» 

Е) «Тәкаппаршылық» 

3. Ы.Алтынсарин еңбегін бағалай көрсеткен С.Көбеев шығармасын көрсет. 

А) «Орындалған арман» 

В) «Бақытсыздардың бір күні» 

С) «Қазақ ауылындағы тұңғыш мектеп» 

Д) «Үлгілі бала» 

Е) «Үлгілі тәржіма» 

4.  Ы.Алтынсариннің  өмір  үшін  күресудің  жолын  білмейтін  шыдамсыз 

еңбекке  икемі  жоқ  жанның  қандай  болатынын  көрсеткен  әңгімесін 

белгілеңіз. 

А) «Алтын айдар» 

В) «Қыпшақ Сейітқұл» 

С) «Лұқпан хәкім » 

Д) «Бай баласы мен жарлы баласы» 

Е) «Әке мен бала» 

5. Сәйкестікті тап. Әңгімелеріндегі кейіпкерлерді сәйкестендір. 

1. «Бай баласы мен жарлы баласы» А) Антон 

2. «Таза бұлақ»  В) Абдулла 

3. «Дүние қалай етсең табылады» С) Жолаушы 

4. «Жамандыққа жақсылық» Д) Асан мен Үсен 



62 

6.  «Аспаннан  рақымменен  күн  төнгенде  ,  Қуанып  қыбырлайды  жердің 

жүзі...» деген өлең тармағындағы суретті сөз. 

А) Метафора  

В) Эпитет  

С) Кейіптеу  

Д) Теңеу  

Е) Метанимия 

7. Ыбырайдың қоғамдық еңбектерін ата. 

8. «... жалаңаяқ та болса жүріп жүруді дүниенің бір қызығы деп білер еді-

ау», бұл Ыбырайдың қай кейіпкерінің сөзі? 

А) Салиха 

В) Абдулла  

С) Сақып  

Д) Сейітқұл  

Е) Антон 

9.Ы.Алтынсариннің  арман  еткен  мектебінің  қашан,  қайда  ашылғандығын 

анықта 


А) 1864ж. Торғай 

В) 1876ж. Петербург 

С) 1861ж. Орынборда 

Д) 1859ж. Ырғызда 

Е) 1860ж. Троицк 

10. Ы.Алтынсариннің әңгімесін тап.  

А) «Анау-мынау» 

В) «Туған еліме » 

С) «Асыл шөп» 

Д ) «Күз» 

Е) «Жәмила қыз» 

Кемеңгер  ұстаз  Ы.Алтынсариннің  ұлағатты  сөздері  мен  әдеби 

мұралары  халық  педагогикасында  үлкен  орын  алады.  Ы.Алтынсарин 

барлық  еңбектерінде  жеке  адамның  жоғары  қасиеттерін  қалыптастыруда 

еңбек,  адамгершілік,  ақыл-ой  тәрбиесінің  ерекше  орын  алатынын  атап 

көрсетті.  Оларды  қазіргі  таңда  ұлттық  мәдениет  пен  салт-дәстүрді 

насихаттауда,  білім  мен  тәрбиені  заман  талабына  сай  жетілдіруде  тиімді 

пайдалану қажет. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  А.Ф.Эфримов «Ы.Алтынсарин», Алматы, 1982.;  

2.  Ә.Дербісалин  «Ы.Алтынсарин  –  ұлы  педагог,  ағартушы,  жазушы»,  Алматы, 

1982.;  Жарықбаев  Қ.,  Қалиев  С.  Ыбырай  Алтынсариннің  тәлім-тәрбиелік 

мұралары - Алматы,1990.;  

3.  Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин .- Алматы, 1991.;  

4.  Әсіпов С. Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы.- Алматы, 1989. 

5.  Сыдықов  Ә.  Ыбырай  Алтынсариннің  педагогикалық  идеялары  мен 

ағартушылық қызметі.-Алматы, 1969. 

6.  Алтынсарин Ы. Шығармалары.-Алматы: жазушы, 1990. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал