С. торайғыровтың публицистикасы



жүктеу 72.46 Kb.

Дата16.02.2017
өлшемі72.46 Kb.

 



 



С.ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ 

  

М.Б.Шындалиева 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан 

ПМУ Хабаршысы.Филологиялық серия.№36 2010. Свидетельство №4533-Ж 



 

1912-1913 жылдар аралығында «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» 

(«Шәкірттерге»),  «Ендігі  беталыс»,  «Оқудағы  мақсат  не?»,  «Анау-мынау», 

«Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма  хат», «Шығамын тірі болсам адам 

болып»,  «Түсімде»,  «Жазғы  қайғы»,  «Қымыз»,  «Кешегі  түс  пен  бүгінгі  іс», 

т.б. ӛлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. 1913 жылдың күзінде 

Троицкіге  қайтқан  Торайғыров  «Айқап»  журналына  жауапты  хатшы  болып 

жұмысқа  орналасып,  «Ӛлең  һәм  айтушылар»,  «Ауырмай  есімнен 

жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі ӛлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішіңде оқу, 

оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды.  

С.Торайғыров 

ӛзінің 


публицистикасында 

материалға 

ерекше 

әлеуметтік,  саяси  тереңдік  бере  отырып,  публицистикалық  бастамаға  басты 



орын  береді.  Әдетте  публицистикалық  шығармада  ӛмірді  кӛрсетуде  

қарапайымдылыққа, келтірілген суреттің қоғамдық ойын мазмұндауға бейім, 

мұнда образдық жүйе екінші орынға қойылады. Публицистика  - әлеуметтік-

саяси  құбылыстардан,  ӛнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығының,  мәдениеттің 

түйінді  мәселелерінен  келелі  ой  қозғау,  пікір  айту  үшін  таптырмайтын 

форма.  Ӛз  пікірінің  шындыққа  сай  екендігіне  оқырман  кӛзін  жеткізу  үшін 

жазушы  сұрақтар  қоя  отырып,  оған  жауапты  ӛзі  қайтарып,  болған  оқиға 

дәйектерін  суреттейді.  Мұнда  сюжет  емес,  публицистикалық  тапсырма 

ұйымдастырушы  элемент  болып  саналады.  Ӛмірдің  әр  қырын  автор 

кӛкейіндегі  сұрақпен  байланыстыра  отырып,    шығармадағы  публицистика 

әрқашан  бірінші  орында  тұрады.  Публицистикалық  туындыда  автор 

әлдеқайда  кеңірек  кӛсіле  алады,  оқушысының  санасы  мен  сезіміне  бірдей 

әсер  етуге  тырысады,  оқушымен  тікелей  әңгімелесіп,  шүйіркелеседі,  ӛзі 

суреттеген картина турасында ойласуға шақырады.  

Сұлтанмахмұттың 1913 жылдары жазған публицистикалық туындылары 

қазақ халқының ӛмірінде болып жатқан сан қилы оқиғалар, заманның рухани 

кӛркі  туралы  болып  келеді.  Ол  публицист  ретінде  ӛз  кезеңіндегі  ӛмірдің 

ӛзекті  мәселелеріне  үн  қосып  қана  қоймай,  журналистиканың  күрделі 

жанрларының  бірі  –  очерк  жазуда  да  ӛзінің  білімділігін,  әдеби  әзірлігін 

байқата  алған  талант  иесі.  Саяси  қайраткер  қыруар  қоғамдық  жұмыстармен 

қатар,  публицистикалық  еңбектер  жазып  қана  қоймай,  редакторлық, 

баспагерлік жұмыстарды да қоса атқарған. 

С.Торайғыровтың журналистік шығармашылығындағы назар аударатын, 

рухани мұра ретінде қабылдап, қызығып оқитын бір саласы  -  оның тарихи-

әлеуметтік мәселелерге байланысты жазған публицистикалық  очерктері дер 

едік. Публицистикалық очерктерінде алған тақырыбын терең зерттеп, кӛрген, 



 

білген, кӛкейіне түйгендерін оқушысына ұсынып отырған. С.Торайғыровтың 



шығармашылығына  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор 

Ә.Марғұлан  былай  деп  баға  береді:  “...Ауылған  келгенде  ӛзін  басқадан 

жекелеп,  ылғи  ойға  батумен,  бір  мәселелерді  іздеумен  уақытын  алатын. 

Сұлтанмахмұтта  ешбір  жеңілтектік,  бос  сӛзге  үйір  болу  деген  жоқ  еді.  Ол 

оқымаған жай халықтың арасында отырса да, ылғы мәдениет мәселесі туралы 

әңгіме айтып отыратын ” 

1,211 б


,-дейді. 

Ӛз  кезеңінде  автор  әрбір  тарихи  оқиғаларға  байланысты  жеке 

кӛзқарасын білдіріп, қазақ халқының ұлттық мүддесін әр қырынан алып, ХХ 

ғасыр  басындағы  тӛңкерістердің  шиеленісу,  қазақ  халқына  тигізіп  отырған 

әсерін  нақты  ғылыми  тұрғыдан  дәлелдеп  береді.  1918  жылы  жазған 

“Социализм”  деген  публицистикалық  очеркінде  заман  талаптары, 

Қазақстандағы  саяси  ағымдардың  құрамы,  мақсат-мүддесіне  кеңінен 

тоқталады.  Онда  әлеуметтік-саяси  құбылыстарға,  қазақ  халқының  түйінді 

мәселелеріне  байланысты  ой  қозғау,  пікір  айту,  қарапайым  халықпен  сыр 

шертісу  формасын  таңдаған.  Публицист  ӛз  ойы  мен  сезімі  арқылы  ӛз 

дәуірінің  тынысын,  сол  кездегі  ӛмір  картинасын  кӛз  алдыңызға  елестетеді. 

“Міне  Жан  Жак  Руссо,  Толстой  секілді  данышпандардың  «мәдениетті  жер 

жұтса,  е,  демеймін»  деп  мәдениеттен  қарайған  себебі  осы.  Неғұрлым  дене 

азығы – ӛнер ӛскен сайын адам баласының бақытсыздығының ӛскені ” 

?,43 



б

,-  деп  оқушымен  шын  сыр  бӛлісіп,  шүйіркелеседі.  Бұл  публицистикалық 



очерктің  ерекшелігі  автор  кӛкейіндегі  ойды  ӛз  атынан  баяндап,  ой-ӛріс 

диапозонын,  ақыл-парасатын,  әр  қилы  мағлұмат-бағдардың  молдығын 

байқата білген. 

Бұл  шығармасында  публицист  сол  кездің  де,  бүгінгі  күннің    де  күн 

тәртібінен  түспей  отырған  мәселелер  туралы  ӛз  пікірін  білдіреді.  Мұнда 

публицистикалық  очерктің  компоненттері  молынан  пайдаланылып, 

фактілерді  іріктеп,  шығармашылық  електен  ӛткізіп,  әлеуметтік  мәні  бар 

мәселелерді  қозғай  білген  деуге  болады.  Публицист  сол  кездегі 

замандастарының  рухани  кӛркі  мен  сыр-сипатын  жақсартуға  шақырып, 

уағыздайды. Ол әр туындысында ӛнер, әдебиет, құлдық мәселесі, дене азығы 

туралы  да  айта  келе,  нәтижелі  үгіт-насихат  жүргізгенін  де  айқын  кӛруге 

болады.  Сонымен,    автордың  -  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  тұрмысындағы 

оқиғалар  мен  құбылыстарды  батыл,  терең  талдап,  тартымды  тілмен  жазған 

тегеурінді публицист деуге толық негіз бар. 

С.Торайғыров  ӛзінің  публицистикалық  қарымын  тіл,  әдебиет,  ӛнер 

мәселесіне бұрған тұста оқырмандармен тікелей әңгімелесіп, ӛзі әңгіме етіп 

отырған  мәселе  турасында  халықпен  ойласуға  шақырады.  “Қазақ  тіліндегі 

ӛлең кітаптары жайынан”,  «Жаңа кітап»,  «Ӛлең һәм айтушылар», «Ескі сӛз» 

атты  мақалаларында  публицистикалық  сарындағы  кең  философиялық 

түйіндермен  құнды  мәселе  тӛңірегінде  әңгіме  қозғайды.  Автор  ауқымды 

мәселелерді қозғап, қазақ елінің зәру проблемаларын публицист кӛзімен кӛре 

білген.  Сол  кездегі  саясатты  бағалай  отырып,  қорытындылары  мен 

тұжырымдарын әрі нанымды, әрі дәлелді бейнелейді. 


 

Бұл  туындыларда  нақты  ӛмір  шындығын  кӛркем  публицистикалық 



тұрғыдан  ашып  кӛрсетуге  бағындырған.  Келтірілген  фактілердің  бәріне 

дерлік 


кӛркем 

публицистикалық 

тұрғыда 

талдау 


жасауға, 

ӛз 


қабылдауындағы,  түйсігіндегі  бейнені  суреттеуіндегі  факті  туралы 

әңгімелейді.  

1913-1914  жылдары    «Айқап»  журналында  редакциясына    хатшы 

болып  орналасады.  Осы  журналды  қызмет  істеген  жылдары  әр  ӛнерге  бой 

ұрып, ӛлең, әңгіме, мақаланы ӛндіріп жазған кезі екен. «Қазақ тіліндегі ӛлең 

кітаптары  жайынан»,  «Ӛлең  және  айтушылар»,  «Қазақ  ішінде  оқу,  оқыту 

жолы қалай?» деген проблемалық мақалаларын жазады. Осы мақалаларымен 

қоса  басқа  да  маңызы  зор  кітаптары  жазғаны  туралы  сұлтанмахмұттанушы 

Б.Кенжебаев:  «...Бұлардан  басқа  да  ол  «Тентектің  жинаған  шоқпары», 

«Тамшы» деген кітаптар жазып баспаға береді. Бірақ ол кітаптары жоғалып 

кетеді» [1,6-б],- дейді. 

1913  жылы  жазған  «Қазақ  ішіңде  оқу,  оқыту  жолы  қалай?»  атты 

проблемалық мақаласы қазақ арасында оқу оқытып жүрген молдалар туралы. 

Молда  атанған  адамдардың  ескі  жолды  таңдағандары  да,  жаңа  жолды 

таңдағандары  да  ғылым  мен  педагогикадан  хабарсыз  екенін  мақала  авторы 

ӛкіне  жазады.  Бұл  проблемалық  мақалада  автор  осы  жолдан  шығудың 

жолдарын ұсынады. 

Осы  журналда  қызмет  істеп  жүргенде  «Жаңа  кітап»  атты  рецензиясы 

шығады. Бұл М.Дулатовтың «Азамат» деген кітабына сын ретінде жазылған. 

Автор М.Дулатовтың бұл кітабына талдау жасай келе баспасы таза, бұрынғы 

жазғандарына  қарағанда  бӛтен  тілден  аршыңқы,  мағынасы  тереңірек  деп 

бағалай  келе:  «Әсіресе  қышуға  тиетін  жері  «Иә  алла»,  «Қайтер  едің?» 

«Газета,  журнал»  деп  бастағандары.  Қара  жамылып,  қайғы  жұтып  тұрған 

кезде  жазған  ғой.  Кейбір  уәзіндері  бірінен  бірі  қысқа  ойнақы  емес, 

оқушының  арбасы  сазбен  жүргендей  ауырланып  шығарлық»[2,87-б],-  деп 

сынайды.  Алдыңғы  туған  шығармаларға  кӛш  жүре  түзелер  деген  ниетпен 

құрық  тигізбеген  сыншы  кез  келген  шығарманың  мінін  бастан  түзеу  керек 

екенін  де  жазады.  Бұл  рецензияны  жазу  барысында  Сұлтанмахмұт 

«жаманның барынан жоғы жақсы» деген принципті ұстанғанын байқаймыз. 

1913  жылы  осы  журналда  С.Торайғыровтың  «Қазақ  тіліндегі  ӛлең 

кітаптары  жайынан»  атты  сыни  мақаласы  жарық  кӛреді.  Автор  бұл 

мақаласында  «Зарқұм»,  «Салсал»,  «Алпамыс»  сияқты  қисса,  ертегілердің 

қазақ әдебиеттіндегі алып келген орнына тоқталады. Мұнда да қазақ тілінде 

шыққан  ӛлең  кітаптарының  тілі,  кӛркемдігі  жайынан  үзінділер  келтіре 

отырып сынаған тұстары ұтымды. Бұл мақаласында автор сол кезде шығып 

тұрған  газет-журналдар  туралы:  «Қазақ  секілді  қараңғы,  кӛшпелі  халықтың 

ішінде  шыққан  газет,  журналдың  малтықпай  тез  жүріп,  жеңіл  кетулері  сол 

етпеттен  тұруларының  арқасы,  ӛйтпесе,  Самарқан,  Түркістан,  Бұхара, 

Ташкент жақтағы газеттер секілді адым жер шықпай, арбасы тӛңкіріліп қала 

берер  еді.  Олар  мәдениетті  болғаны  қайда?  Атам  заман.  Ата-бабаларымыз 

ӛнер-білімді сол жақтан іздеген»[2,91-б],- дей келе, жаңа газеттер мен кітапта 

туып тұрған кезде де бұрынғыларымыз «хикаят» болса да тілі қазақша, рухы 



 

қазақ рухына жақын келетіндіктен де ӛзін сүйіндіруші еді деп пікір айтады. 



Жаңа газеттер мен кітаптарды ӛзге тілдің сӛздері кӛп кездесетінін сынай келе 

публицист  осы  мәселеге  аса  мін  беруге  шақырады.  Қайда  қазақ  тілі,  қайда 

қайысқан назым деген сауал да қояды. «Бұзылған қанымызды түзеп, қарайған 

кӛңілімізді  жуып,  жанымызға  пайда,  дертімізге  шипа  болады-мыс  деген 

жарыпсал  жаңа  әдебиетімізді  «нысаны  нұсқаған  қол,  кӛрсеткен  жолы  жоқ 

құр  «қатын  ойбайға»  айналып,  әркім  соны  ән  кӛріп  бара  жатқан  соң,  қазақ 

жазушылары-ау,  алдарыңа  салып  айтып  отырмын:  құр  ойбай  дегенмен 

ойбайдың  да  ойбайы  бар  ғой,  жылайдың  да  жылауы  бар  ғой»,-  дей  келе, 

туыстағы  тұрмыс  дерті  мен  анық  аты  жоғалмайтын  ӛнер  туғызатын  кез 

келгенін айтады.  Басқаларға қарағандай пайғамбардың жүрегінен құйылған 

құрандай соқыр кісі сыбдырынан танырлық аққұла Абай ӛлеңдерінің қасиеті 

туралы публицист тӛгілте жазады.  А.Байтұрсыновтың «Қырық мысалынан» 

үзінділер  келтіре  отырып,    әділ,    шын  деп  баға  береді.  С.Торайғыров  бұл 

сыни  мақаласында  қазақ  тілінде  бастырмалатып  жазылған  кӛп  кітаптарда 

қазақтың  иісі  де  жоқ  екенін,  рухы  нашар,  ана  тілімізді  алаланып,  тілдің 

ағыны  теріске  бейімделіп  бара  жатқан  шындықты  бүкпесіз  жазады.  Бұл 

мақаланы  жазып  отырғанда  сынап  жазып  отырмағанын,  кӛзге  ұрып  тұрған 

кемшіліктерге  шыдай  алмай  қолына  қалам  ұстағанын  автор  былай  жазады: 

«Бұларды  мен  мен  сыншы  болып  сынап  жазып  отырғаным  жоқ:  сыншы 

болуға  ӛзім  сыннан  ӛткен  кісі  емеспін.  «Сабасына  қарай  піспегі»  деп 

кӛргенімше кӛзге шыққан кӛсеудей сүйелдерін ғана кӛрсетіп отырмын. Шын 

тездің  қолына  түсіп  түзете  бастаса,  бір  журналды  бір  кітаптың  сыны 

толтырара әдебиетімізді бар деп атауға болады»[2,95-б],- дейді. 

1913 жылы «Айқап» журналының №21 санында  «Құран бұзған » атты 

мақаласы жарияланған. Мұнда Қазан қаласында Харитонов басып шығарған 

құран  кітабына  сын  жазады.  Бұл  да  құран  кітаптарын  аударудағы  сол  кзде 

жіберіліп  отырған  қателіктер  мен  тіл,  стиліндегі  кемшіліктерін  кӛрсеткен 

құнды мақала болып есептеледі. 

С.Торайғыров  сӛз  тұсындағы  қазақ  ақын-жазушыларының  ішіндегі 

әдебиет теориясы мен мәселелерін тереңнен қозғаған авторлардың бірі. Ол ӛз 

заманында  шыққан  ӛлең  кітаптарына  қысқа  рецензия  жазудың  шеберлігін 

кӛрсете алды.  Бұл тек қысқа рецензия ғана деп қабылданған жоқ, керісінше, 

ӛз  тұстастарының  арасында  қазақ  әдебиетінің  тарихындағы  кӛркем  ӛнерге, 

әдебиетке тұңғыш анықтама берілген теориялық мақала да болып табылады. 

«Айқап»  журналында  аз  ғана  уақыт  қызмет  еткен  ақын  1914  жылы 

жазда  туған  елі  Баянауылға  оралады.  Ел  ішінде  мәдени-ағарту  жұмысын 

жүргізетін «Шоң серіктігі» деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. 

Осы  жылы  орысша  оқу  іздеп  Семейге  барған  Торайғыров  діттеген  оқуына 

түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай кӛңіл-күй әсерімен «Ләпет 

бұлты  шатырлап»,  «Алтыаяқ»  сияқты  ӛлеңдер  жазады.  «Ендігі  беталыс», 

«Тұрмысқа»,  «Бір  адамға»,  «Туған  еліме»,  «Сымбатты  сұлуға»,  «Қыз  сүю», 

«Гүләйім»,  «Ӛмірімнің  уәдесі»,  «Жан  қалқам»,  «Гүл»,  т.б.  ӛлеңдерін,  1915 

жылы  «Кім  жазықты?»  атты  ӛлеңмен  жазылған  романын  дүниеге  әкелді. 


 

Шығыс  Қазақстанда  жалданып  бала  оқытқан  ол  1916  жылдың  күзіне  дейін 



әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 

1916 жылы 9 ақпанда «Қазақ» газетінде С.Торайғыровтың «Жазықсыз 

тамған қан» атты әңгімесі «Торайғыр» деп қол қойылып шығады. 

1913 жылы 2 ақпанда «Қазақ» газетінің жарық кӛруіне арналған «Міне, 

алақай»  ӛлеңі  жарияланады,  қазақ-қырғыз  елдерінің  жаугершілік  кезеңі 

туралы «Жалаңаш баба» аңыз-әңгімесі жарияланады. 

1916  жылы  осы  газетте  жарық  кӛрген  «Жазықсыз  тамған  қан» 

әңгімесінде  әдет-ғұрып,  салт-сана  құрбаны  болған  жастардың  ӛлімі  туралы 

жазылады. 

1917  жылы  Семей  қаласында  шығып  тұрған  «Сарыарқа»  газетінің  екі 

санында  «Әлиханның  Семейге  келуі»  атты  мақаласы  жарияланған.  Бұл 

оқиғалы  очерк  сипатында  жазылған  туындысы.  Оқиғалы  очерк  -  қазақ 

әдебиетінде  кӛрнекті  орын  алатын  очерктің  белсенді  түрі,  себебі,  әрдайым 

жазуға  лайық  ғажайып  оқиғалар  болып  жатады  және  оқырмандарға 

эмоциялық әсер беру қызметін де атқарады. Бұл туралы Тӛлеубай Ыдырысов: 

«Очерктің бұл түрінің «оқиғалы» деп аталуы әсте бірыңғай оқиғаны суреттеу 

деген  сӛз  емес.  Очерктің  бәрінде  де  негізгі  кейіпкер  болып  еңбек  адамы 

алынатыны  сияқты,  бұл  түрдің  де  түп  қазығы  -  адам»  [3,88  б],-  дейді. 

Жазушылар ӛмірде болып жатқан ғажайып оқиғалардың куәгері ғана болып 

қоймайды,  қаламгер  тіліне  тиек,  шығармасына  арқау  етіп  ӛзі  куә  болған 

оқиғаларды  алады.  Оқиғалы  очеркте  де  кӛркемдік  элементтермен  қатар, 

деректер, авторлық шегініс, публицистикалық ой мен түйін қатар жүреді. 

Сұлтанмахмұттың оқиғалы очерктерінің қайсысын алсақ та, қазақ елінің 

тұрмыс-тіршілігін, кең байтақ ӛлке, небір батыр, қарапайым адамдар туралы, 

олардың басынан кешкен оқиғалар, талай қызық тағдырлар жайлы толғайды. 

Ӛмір  құбылыстарын  үңіле  зерттеген  очеркші  жаңалық  пен  жақсылықтың 

жаршысы  болу  мақсатында  оқиғалы,  мазмұны  тартымды  очерктерді  ӛмірге 

әкеліп отырған. 

Семей  қаласына  Әлихан  Бӛкейхановтың  келуі  туралы  бұл  очеркінде 

автор  Әлиханды  кӛп  халықтың  асыға  күткенін  былай  суреттейді:  «...жұрт 

қадыр кісісін кӛргенде мұндай сүйсінбес. Әркім түрегеліп аяқбасқан жерінде 

қуаныштан  бір-екі  минут  есінен  айырылып  па,  әйтеуір  дағдарыңқырап 

тұрды»  [4,105-б],-  дей  келе,  Әлиханның  аман-сәлем  құттықтайды  қабыл 

алғанын білдіріп, қысқа ғана сӛйлеген сӛзі де келтіреді. 

Торайғыров публицистиканың жанрларын жаңа арнада дамытты. Ол ӛз 

публицистикалық  мақалаларында  ӛмірдегі  сан  түрлі  мәселелерді  кеңінен 

қамтып,  ӛршіл  ой-түйіндерін  бүкпестен,  ӛткір  де  ашық  насихаттауға 

тырысты.  Алғашқы  «Таныстыруда»  Алашорда  қозғалысы  ӛкілдерін  елге 

таныту  мақсатын  кӛздеді.  Ә.Бӛкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатовтарды 

таныстырып, олардың «бірі - күн, бірі - шолпан, бірі – ай» екендігін жазады, 

алаштықтардың  қазақ  халқының  тәуелсіздігі  жолындағы  еңбектерін 

саралады.  Алаш  ӛкілдерімен  қоса,  қазақтың  кӛрнекті  тұлғалары  Абай  мен 

Шәкерімді ерекше атап кӛрсетеді.  


 

Публицистика Торайғыров шығармашылығының табысы. Мұнда автор 



аз ғұмырында кӛзімен кӛріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс 

ӛткелдерін  ӛзіне  ғана  тән  үнмен  ашына,  ақтара  жазады.  С.Торайғыров 

публицистикасына  арқау  болған  кейіпкерлер  түрлі  кәсіппен  шұғылданған 

әділетті қоғам құрғысы келетін адамдар.  

Торайғыров публицистикасы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы 

шындығын,  ондағы  жаңашыл  ой-пікірдің  дамуын  танытатын  үлкен  белес. 

Оның  ізденістері  «шындықтың  ауылын  іздеумен»  байланысты,  оның 

реализмі  бұлтақсыз,  жалтақсыз  айтылған  шындыққа,  әлеуметтік  тіршіліктің 

шынайы суреттеріне негізделген, оның теңденциясы да сыншыл.  

С.Торайғыровтың  публицистикалық  мұрасынан  байқайтынымыз  -  қай 

туындысын  алсақ  та,  ӛз  кезеңінің  желпінісін,  келелі  істердің  әуенін,  дәуір 

үнін,  сол  оқиғалардың  лебін  сезініп  отыруға  мүмкіндік  бар.  С.Торайғыров 

ӛмір кешкен дәуір мен орта ӛзінің күрделілігімен ерекшеленеді. Публицистің 

ӛз  заманында  атқарған  ісі  мен  журналистік  мұрасы  баспасӛз  тарихындағы 

тұтас жүйе болып саналады. Ол - қазақ елінің ұлт мәселесіне, тіл, әдеби-сын 

мәселесіне  үн  қосып,  бірнеше  дүркін  мақалалар  жазып,  қоғамдық-саяси 

мәселелер  тӛңірегінде  публицистік  қарымын  танытқан  қоғам  қайраткері, 

мұсылман  халықтары  арасынан  шыққан  талантты  ақын  ғана  емес,  қаламы 

қарымды  журналист  ретінде де  қазақ баспасӛзі  тарихында  ӛзіндік  орны  бар 

тұлға. 


 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары.  Алаш мұрасы. -  Алматы: 

Алаш, 2005. 

2.

 

Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі 



Алматы: Қазақ университеті, 1968. 

3.

 



Ыдырысов Т. Очерк туралы ойлар. - Алматы: Жазушы, 1976. 

4.

 



 Торайғыров С. Шығармалары. 3 том. – Алматы: Алаш, 2005. 

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал