С. Торайғыров атындағы Павлодар



жүктеу 0.57 Mb.

бет1/5
Дата17.02.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4   5

ГА

З

Е

Т 2

0

01 Ж

Ы

Л

Д

Ы

Ң 2 С

Ә

У

ІР

ІН

Е

Н 

Б

А

С

ТА

П Ш

Ы

ҒА Б

А

С

ТА

Д

Ы

С. Торайғыров атындағы Павлодар 

мемлекеттік университетінің газеті

29 тамыз, жылан жылы 2013

№ 7-8 (156-157)

ШОҚАН ЖӘНЕ ӘЛКЕЙ 

4

 бетте

9

бет



ТАРИХ 

ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ 

ХАЛЫҚ

4

бет



Ғ.Ж. ЕЛМҰРАТОВ,

саясат 

ғылымдарының 

кандидаты, 

С. Торайғыров

атындағы ПМУ 

доценті

Еліміздің саяси, əлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі 

болып  табылатың  Ата  Заңымыз  1995  жылдың  30  тамызында 

қабылданған. Адам жəне оның өмірін, қүқытары мен бостан-

дықтарын Конституция елдің ең қымбат қазынасы деп танып, 

мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ата Заң туралы айтқан сөзін-

де: «Егемен еліміздің мемлекеттілігін, тəуелсіздігін, демокра-

тиялық  құндылықтарын  айғақтайтын  бірден  бір  құжат  –  бұл 

Конституция»,  –  деген.  Кез-келген  демократиялық  мемле-

кеттің бағытты дамуына ықпал ететін заңды іргетасы – Конс-

титуциясының болуы ажырамас қасиеті. Дүние жүзінде конс-

титуция  негізінде  жəне  соның  аясыңда  барлық  мемлекеттік 

механизм  жұмыс  істейді.  Елдің  саяси,  экономикалық,  əлеу-

меттік  тұрақтылығы  конституцияның  дұрыс  жұмыс  істеуіне 

байланысты.

1995  жылы  қабылданған  Конституция  мемлекеттік  басқару 

жүйесі,  меншік,  азаматтардың  құқықтары  мен  еркіндіктеріне 

қатысты міндеттерді жаңаша шешті. Республика мемлекеттік 

билігінің тəуелсіздігі – оның мемлекетаралық басқа бір мемле-

кеттің билігіне бағынбауы, оның дербестігін, сөзсіз саясаттық 

қүқыктық субъектілігін білдіреді. Ешқандай басқа мемлекеттің 

Қазақстанның ішкі істеріне араласуға құқығы жоқ, өйткені ол – 

егеменді ел.

Мемлкеттік  билік  тармақтарға  бөліну  принципіне  сəйкес 

заң  шығарушы,  атқарушы  жəне  сот  тармақтарына  бөлінеді. 

Конституция  Парламенттің,  Үкімет  пен  Жоғарғы  Соттың  мін-

деттерін дəл белгілеп, шек қоятын жəне біртұтас мемлекеттік 

биліктің барлық тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуін қам-

тамасыз  етуде  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  өкі-

леттілігі  қисынды  шешімін  тапқан.  Конституция  Қазақстан 

Республикасын  демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  жəне 

əлеуметтік  мемлекет  ретінде  орнықтырды.  Конституциямыз-

да  жазылғандай,  Қазақстан  біртұтас,  Президенттік  басқару 

жүйесіне  негізделген  мемлекет.  Бүл  жүйе  бойынша  мемле-

кет  басшысы  жалпыхалық  сайлаған  Президент  болады.  Ол 

Премьер-Министрді, Үкіметті тағайындайды.

Конституцияның  негізінде  жаңа  заңнама  қалыптасты.  Аза-

маттық қоғамдағы қатынастарды, еркін кəсіпкерлікті реттейтін 

азаматтық құқық одан əрі дамытылды.

Ата Заң еліміздің тиімді дамуына, қоғам мен саяси институ-

тардың демократиялануына, мемлекеттің жаңаруын тереңде-

туге ықпал жасай алатын үлкен стратегиялық мүмкіңдік болып 

табылады.

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  дамыған  на-

рықтық  экономикасы  бар  демократиялық,  тəуелсіз  жəне  құ-

қықтық мемлекеттің қалыптасуына сенімді алғышарттар жаса-

ды деп нақты айтуға болады. Қазіргі таңда Қазақстан, өңірлік 

көшбасшы  ретінде  жаңа  бастамаларды  алға  тарта  отырып, 

дүниежүзілік  қауымдастықта  кіммен  болса  да  терезесі  тең 

мемлекет болып танылды.

 



ҒА

ЛЫ

М О



Й

Ы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 



КОНСТИТУЦИЯСЫ – ЕЛ 

МЕМЛЕКЕТТІГІНІҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

ГОТОВИМ 

КАДРЫ НОВОЙ 

ФОРМАЦИИ

Конституция – 

тәуелсіздіктің кепілі

7

бет



1 Сентября – начало 

нового пути в мир знаний

12

бет


2

№ 7-8 (156-157) тамыз, жылан жылы 2013

Жаңалықтар желісі

В  этом  году  Павлодарский  го-

суниверситет  подтвердил  до-

стойный  результат  2012  года,  со-

хранив  свои  высокие  позиции  в 

системе  высшего  образования 

Казахстана  и  заняв  пятое  место 

среди  лучших  многопрофильных 

вузов Республики.

Национальный  (генеральный) 

рейтинг лучших вузов Казахстана 

формируется  на  основе  анализа 

академических 

статистических 

показателей,  оценки  экспертов 

и  опроса  работодателей.  Ауди-

тория  Национального  рейтинга 

достаточно  многочисленна.  Это 

абитуриенты и их родители, рабо-

тодатели,  академическая  обще-

ственность и администраторы ву-

зов, международные организации 

и государственные органы.

Главная цель рейтинга – помочь 

абитуриентам  сделать  правиль-

ный  выбор  между  различными 

вузами, дать рациональную моти-

вацию  для  вложения  инвестиций 

в образование.

Сегодня  ПГУ  им.  С.  Торайгы-

рова  является  крупным  регио-

нальным  вузом,  сочетающим 

классические принципы с новыми 

образовательными  программами. 

С  каждым  днем,  шаг  за  шагом, 

улучшая  свои  образовательные, 

научные,  организационно-обще-

ственные  позиции,  университет 

формирует  вокруг  себя  иннова-

ционное  образовательное  про-

странство, 

подтверждая 

тем 

самым высокий статус инноваци-



онно-ориентированного вуза.

Деятельность 

университета 

тесно  связана  с  экономической  и 

социокультурной жизнью региона: 

удовлетворяя потребность регио-

на  в  высококвалифицированных 

специалистах,  ПГУ  им.  С.  Торай-

гырова  является  единственным 

высшим  учебным  заведением  в 

Павлодарской  области,  осущест-

вляющим 


трехступенчатую 

(бакалавриат,  магистратура  и 

докторантура  PhD)  подготов-

ку кадров по широкому спек-

тру специальностей.

Выпускники  ПГУ  им.  С.

Торайгырова  –  это  квали-

фицированные  специали-

сты  в  самых  различных 

областях  жизнедеятель-

ности.

Достойное  участие 



Павлодарского  госу-

ниверситета  в  наци-

ональных  рейтингах 

способствует 

по-

вышению  статуса 



вуза  и  его  конку-

рентоспособности 

в  условиях  вхож-

дения 


системы 

высшего  образо-

вания  Казахстана 

в  международное  образователь-

ное пространство.

АСТАНА – ЕЛДІГІМІЗДІҢ 

НЫШАНЫ

2013 жылдың 5 шілдесінде С. Торайғыров атындағы Пав-

лодар  мемлекеттік  университетінде  «Қазақстанның 

әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Астана қаласының 

тарихи  маңызы»  атты  ғылыми-практикалық  конферен-

ция өз жұмысын бастады.

ҚР  Тұңғыш  Президенті  Н.Ə.  Назарбаев  өзінің  «Қазақстан 

жолы»  атты  еңбегіндеге:  «Ел  дамуының  жаңа  кезеңінде  жаңа 

астана  Қазақстан  ұлтын  біріктіретін  еліміздің  бас  қаласы  ғана 

болып  қалмауы  керек.  Астана  қарқыны  қаурыт  экономикалық 

белсенділікті  қамтамасыз  ете  отырып,  болашақта  бүкіл  Еура-

зияның экономикалық мегаполистерінің біріне айналуы тиіс», – 

деген сөзі бар. Осы сөздер қаланың жобасы тұрмақ, əлі қаланың 

орны анықталмаған сəтте айтылған екен. Бұл – Ұлт Көшбасшы-

ның асыл арманы еді. Егерде ауқымды мұратты ниет ететін ар-

ман болмаса, онда ұлы жеңістер мен жетістіктердің де болмасы 

анық. Бүгінде Қазақстанның төрінде сəулеті асқан, дəулеті арт-

қан Астана қаласы бой түзеді. Енді Астана – Қазақстанның мақ-

танышы əрі жүрегі.

Конференцияны  ашқан  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар 

мемлекеттік  университетінің  ғылыми  жұмыс  жəне  инновация 

жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов конфе-

ренция қатысушыларына Астана қаласының өткені мен бүгініне 

ғана  танылып  қоймай,  ертеңіне  де  көз  салуларына  өз  септігін 

тигізер деген үмітпен оларға сəттілік, шығармашылық табыстар 

тіледі.


Конференцияда  Павлодар  мемлекеттік  университетінің 

əкімшілігінің, факультет декандарының Астана қаласының тари-

хи маңызы туралы баяндамалары ұсынылды.

МАГИСТРАНТЫ ПГУ ПОЛУЧИЛИ 

ДИПЛОМЫ ОБ ОКОНЧАНИИ УЧЁБЫ

Делегация құрамында «Сібір ашық 

университеті» 

қауымдастығының 

атқарушы  директоры,  Ұлттық  Томск 

мемлекеттік  университетінің  ақпа-

раттандыру  жөніндегі  проректоры, 

профессор, ф.-м.ғ.д. Владимир Дем-

кин,  Ғылыми  жұмыс  жөніндегі  про-

ректор  Григорий  Дунаевский,  ғылым 

басқармасы  басшысы  Иван  Ивонин 

болды.


Іс-сапардың  шеңберіңде  Томск  ға-

лымдары  С.Торайғыров  атындағы 

ПМУ-дың басшылығы жəне ғалымда-

рымен кездесті.

Кездесу  мақсаты  –  жоғарғы  оқу 

орындар  аралық  ынтымақтастығын 

арттыру  негізінде  Қазақстан  Рес-

публикасы мен Ресей Федерациясы 

арасындағы  қатынастарды  нығай-

ту  жəне  де  мəдени  диалог  арқылы 

ұлттық  білім  жүйелерінің  сапасын 

жетілдіру.

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар 

мемлекеттік  университетінің  Ғылы-

ми  жұмыс  жəне  инновация  жөніндегі 

проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан 

Ержанов  өз  сөзінде:  «С.Торайғыров 

атындағы Павлодар мемлекеттік уни-

верситеті  «Сібір  ашық  университеті» 

қауымдастығының  мүшесі  болды. 

С.Торайғыров  атындағы  ПМУ  Томск 

университетімен  бірлесіп  əріптестік 

терең  қарым-қатынасын  одан  əрі  қа-

рай да күшейте береді», – деп мəлім-

деді.

Кездесу  барысында  ПМУ  мен  ТМУ 



арасындағы  академиялық  ұтқырлық 

бағдарламасының  негізінде  студент-

тер  мен  магистранттарды  академия-

лық алмасу мəселелері қарастырыл-

ды. Атап айтсақ, физика бағытындағы 

«Ақпараттық үрдістер жəне жүйелер» 

атты магистерлік бағдарламаға негіз-

делген  екідипломдық  білім  беру  жү-

йесі  бойынша  ПМУ  жəне  ҰТМУ  ара-

сында Меморандумға қол қойылды.

Томск  ғалымдары  магистратураға 

түсу  жөніндегі  мəселелерді  түсіндіру 

мақсатымен  С.  Торайғыров  атында-

ғы  Павлодар  мемлекеттік  универ-

ситетінің  Физика,  математика  жəне 

ақпараттық  технологиялар  факуль-

тетінің студенттерімен кездесті.

Сонымен қатар, Павлодар облысы-

ның  Кəсіпкерлік  жəне  өнеркəсіп  бас-

қармасында С. Торайғыров атындағы 

ПМУ, ҰТМУ жəне аймақтық кəсіпорын-

дар  арасында  бірлескен  инновация-

лық  ғылыми  зерттеулер  мəселелері 

жөнінде дөңгелек үстел өтті.

ПГУ В ПЯТЕРКЕ ЛУЧШИХ

СОГЛАСНО НАЦИОНАЛЬНОМУ (ГЕНЕРАЛЬНОМУ) РЕЙТИНГУ-2013 ЛУЧШИХ ВУЗОВ КАЗАХСТАНА, 

ПАВЛОДАРСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. С. ТОРАЙГЫРОВА ВНОВЬ ВОШЕЛ В ПЯТЕРКУ 

ЛУЧШИХ МНОГОПРОФИЛЬНЫХ ВУЗОВ НАШЕЙ СТРАНЫ.

ПМУ БІЛІМ КӨКЖИЕГІН БАҒЫНДЫРУДА

Ұлттық Томск мемлекеттік университетінің белгілі ғалымдары-

нан құрылған делегация арнайы іс-сапармен С.Торайғыров атында-

ғы Павлодар мемлекеттік университетіне келді.

6  июля  2013  года  в  Павлодарском  государственном  уни-

верситете им. С. Торайгырова состоялось вручение дипломов 

магистрантам вуза.

Проректор  по  учебной  работе  Павлодарского  госу-

дарственного  университета  имени  С.  Торайгырова, 

д.п.н., профессор Нелли Пфейфер, открывая торже-

ственное мероприятие, поздравила выпускников по-

слевузовского  образования,  отметив,  что  магистра-

тура  сегодня  –  это  второй  уровень  трехуровневой 

системы  высшего  образования,  которая  выпу-

скает профессионалов с более углубленной 

специализацией,  способных  на  решение 

сложных задач определенного професси-

онального направления.

Вхождение  в  международное  образо-

вательное  пространство  способство-

вало  переходу  ПГУ  им.  С.  Торайгырова 

на новый уровень системы высшего об-

разования.  Успешное  внедрение  трех-

ступенчатой  подготовки  кадров  –  бака-

лавриат,  магистратура  и  докторантура 

PhD – стало гарантией качественного ву-

зовского образования.

В  этом  году  Павлодарский  госунивер-

ситет выпустил 126 магистров, из них 58 

получили  дипломы  с  отличием.  Вруче-

ние дипломов было приурочено к празд-

нованию 15-летия столицы Республики 

Казахстан.

Бе

тті даяр

лаған Ж

анар 

ЕЛЕШОВ

А


№ 12 (134) 

желтоқсан, қоян жылы 2011

3

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің газеті



Жаңалықтар желісі

Бетті даярлаған 

Құралай ШАЙМАРДАНОВА

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ



2013  жылдың  26  шілдесінде  «KC 

Cottrell»  (Оңтүстік  Корея)  компаниясы-

ның  вице-президенті  Донг  Енг  Со  мен 

компанияның  белді  қызметкерлері  Қа-

зақстандық-Корей  аймақаралық  жəне 

«жасыл» энергетика саласындағы эконо-

микалық  ынтымақтастығы  қалыптасқан 

Павлодар облысына қызметтік іс-сапар-

дың  аясында  С.  Торайғыров  атындағы 

Павлодар  мемлекеттік  университетінің 

ғылыми зерттемелерімен танысу мақса-

тымен университетке ат басын тіреді.

ПМУ САЙТЫ 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

РЕЙТИНГТЕ 6 ОРЫНҒА 

БОЙ КӨТЕРДІ

Халықаралық  «Webometrics 

Ran king  of  World  Universities» 

(Вебометрикс)  университеттік 

веб-сайттардың  рейтингісі  бо-

йынша  С.Торайғыров  атындағы 

Павлодар  мемлекеттік  универ-

ситетінің білім беру порталы ай-

қындамасын нығайтты.

2013  жылдың  2  тамызы  күні 

www.psu.kz сайты Қазақстанның 

ЖОО-ның  арасында  6  орынға 

ие  болды  деп  мəлімдеді.  2013 

жылғы  ақпандағы  көрсеткіш-

терге  сүйенсек,  С.  Торайғыров 

атын дағы  ПМУ  сайты  содан 

бері 4 сатыға көтерілді.

Вебометрикс 

халықаралық 

рейтингісі  Испанияның  Ұлттық 

Зерттеу Кеңесінің Ақпарат жəне 

құжат  орталығының  зерттеу 

тобына  кіретін  Киберметрика 

зертханасымен  2004  жылдан 

бастап жүргізіледі.

Webometrics  рейтингі  Интер-

нет-сайттар  арқылы  университ-

теттердің  ғылыми-зерттеушілік 

жетістіктерін  жанама  түрде  ба-

ғалауға мүмкіндік береді.

2013  жылдың  6  та-

мызында 


С. 

Торайғы-


ров  атындағы  Павлодар 

мемлекеттік  универси-

тетінің Ғылыми Кеңесінің 

мәжіліс  залында  Павлодар 

өңірінің  белгілі  тарих-

шыларының  қатысуымен 

«Қазақстан  Республика-

сының  білім  және  тарих 

дамуының  келешегі  мен 

өзекті  мәселелері»  атты 

дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш іс-шараның өзегі – 

Мемлекет  басшысы  Нұрсұл-

тан  Əбішұлы  Назарбаевтың 

«Тарих  толқынындағы  халық» 

атты  тарихи  зерттеулердің 

арнаулы  бағдарламасы  бол-

ды. Бұл бағдарламаның негізгі 

мақсаты  ретінде  Қазақстан-

ның  тарих  ғылымының  ал-

дыңғы  қатарлы  əдіснама  мен 

əдістеме  арқауында  сапалық 

серпінді  жүзеге  асыруына 

жағдай  жасауды;  қазақтардың 

ұлттық  тарихының  көкжиегін 

кеңейтуді,  ұлттың  жаңа  тари-

хи  дүниетанымын  қалыптас-

тыруды,  Қазақстанның  жаңа 

тарихының  жиырма  жылының 

мəнін  пайымдауды  айтуға  бо-

лады.

Соған 


байланысты, 

ҚР 


Мемлекеттік  хатшысы  Марат 

Тəжиннің  Қазақстан  Респуб-

ликасының  ұлттық  тарихын 

зерделеу  жөніндегі  ведомст-

воаралық  жұмыс  тобының  ке-

ңейтілген  отырысында  жаса-

ған  баяндамасында:  «Біздің 

тарихнамамыз  өзінің  əдіс-

темелік  жəне  тілдік  құралын 

қатты  өзгертуге  тиіс.  Қазақс-

танның  тарих  ғылымының 

алдында  нақты  сынақ  тұр,  ол 

сынақтың  жауабын  табуға  əб-

ден-ақ  болады»,  –  деген  сөзін 

атап өтуге болады.

С.  Торайғыров  атындағы 

ПМУ-да  өткен  дөңгелек  үс-

телге  ПМУ  ғалымдары,  атап 

айтсақ,  Дамыту  стратегиясы 

бойынша  жəне  тəрбие  мен 

əлеуметтік  жұмыс  жөніндегі 

проректор,  с.ғ.д.,  профессор 

Арман  Əкішев,  Философия 

жəне  мəдениеттану  кафедра-

сының доценті, т.ғ.к. Гүлфайруз 

Жəпекова,  т.ғ.к.,  Тарих  кафед-

расының  доценті  Қайрат  Бат-

талов, т.ғ.к., Тарих кафедрасы-

ның  доценті  Ернұр  Рахимов, 

сонымен қатар, ПМПИ ғылыми 

жұмыс  пен  халықаралық  бай-

ланыстар  жөніндегі  проректо-

ры,  т.ғ.к.  Əсем  Ілясова,  т.ғ.д., 

ПМПИ  профессоры  Гүлфира 

Өтепова,  «Нұр  Отан»  ХДП  қа-

лалық  филиалы  төрағасының 

бірінші  орынбасары,  т.ғ.к.  Ар-

ман  Ешмұратов,  Талдау  жəне 

конфессияаралық  қатынастар 

орталығының  директоры,  т.ғ.к. 

Гүлнəр Раздықова жəне де үкі-

меттік  емес  ұйымдардың  қыз-

меткерлері қатысты.

Дөңгелек  үстел  аясында  та-

рихи фактілердің жүйелеу мен 

жіктеу  қажеттілігі,  Қазақстан 

тарихы бойынша жаңа оқулық-

тарды  шығару,  еліміздің  тари-

хи  əдіснамасын  қайта  қарау, 

бірыңғай  ұлттық  тарихи  тұжы-

рымдаманы  шығару,  тарих  ға-

лымының менеджментін өткізу 

секілді мəселелер талқыға са-

лынды.


ПГУ И БГУ: МЕЖРЕГИОНАЛЬНОЕ 

ИННОВАЦИОННОЕ СОТРУДНИЧЕСТВО



31  июля  2013  года  Павлодарский 

государственный  университет  им. 

С.  Торайгырова  (г.  Павлодар,  Респу-

блика Казахстан) и Башкирский госу-

дарственный университет (г. Уфа, Ре-

спублика  Башкортостан)  подписали 

Меморандум о научно-образователь-

ном инновационном сотрудничестве.

Встреча  руководства  крупнейших 

вузов  двух  государств  состоялась  в 

рамках официального визита делегации 

Павлодарской области во главе с руко-

водителем области Е. Арын в город Уфа 

(Республика  Башкортостан)  с  целью 

развития  и  укрепления  межрегиональ-

ного сотрудничества.

Меморандум  был  заключен  для  раз-

вития  образования  и  научного  иннова-

ционного  потенциала  сторон,  а  также 

для более полного взаимного информи-

рования о развитии инноваций в обеих 

странах.

В  соответствии  с  подписанным  до-

кументом, 

научно-образовательное 

инновационное  сотрудничество  будет 

осуществляться  путем  проведения  со-

вместных научных и образовательных 

конференций,  семинаров,  выполне-

ния  совместных  научных  проектов 

и  образовательных  программ  по 

инновационным направлениям.

Также  запланирован  двусто-

ронний  обмен  преподавателями 

обоих вузов посредством чтения 

лекций,  работы  в  библиотеках, 

лабораториях,  совместного  из-

дания  сборников  научных  тру-

дов  и  обмен  студентами  в  рам-

ках  программы  академической 

мобильности  Павлодарского  го-

суниверситета.

2  августа  2013  года  Регио-

нальный  центр  инноваций  и 

трансферта  технологий  Пав-

лодарского государственного 

университета  им.  С.  Торай-

гырова  провел  семинар-со-

вещание «Энергосбережение 

на предприятии».

В  последние  годы  иннова-

ционным, передовым во всех 

отношениях  направлением  в 

нашем  государстве  являет-

ся  развитие  альтернативных 

преобразователей  энергии 

(«зеленая»  энергетика).  На 

недавно  состоявшемся  VII 

Астанинском  экономическом 

форуме Президент Казахста-

на Нурсултан Назарбаев под-

черкнул:  «Переход  к  «зеле-

ной» энергетике и внедрение 

«зеленых»  технологий  –  это 

растущий  вектор  глобальной 

экономики… Казахстан наме-

рен  развивать  возобновляе-

мые источники энергии».

На 


семинар-совещание 

«Энергосбережение на пред-

приятии»  были  приглашены 

эксперт  по  энергоменед-

жменту  ТОО  «ЭнергоАудит 

Казахстан»  Гомар  Кажкенов, 

заместитель  председателя 

правления  по  развитию  АО 

«Астана-Энергия» 

Хархан-


бай  Жупархан  (г.  Астана), 

президент 

общественного 

фонда 


«Бизнес-инновации 

«Даналық»  Сергей  Старчук, 

генеральный  директор  ТОО 

«EcoWatt»  Марат  Комбаров 

(г.  Алматы),  специалисты  по 

энергетическому аудиту ТОО 

«KaztonikaNT»  (г.  Астана), 

ТОО  «ASTerra»  (г.  Астана), 

ученые в области энергосбе-

режения ТОО «НПФ «КазЭко-

Терм»  (г.  Астана),  начальник 

отдела  государственных  за-

купок  Управления  образова-

ния  Павлодарской  области 

Индира Есимханова, главный 

специалист  отдела  развития 

промышленности  Управле-

ния  развития  предпринима-

тельства  Павлодарской  об-

ласти  Гульмира  Жансеитова, 

ведущие 

промышленные 

предприятия  гг.  Караганды, 

Павлодара и Аксу.

От Павлодарского государ-

ственного  университета  им. 

С.Торайгырова  в  мероприя-

тии  приняли  участие  ученые 

вуза  в  области  инновацион-

ных  технологий:  директор 

Регионального  центра  инно-

ваций и трансферта техноло-

гий  Сергей  Смайлов,  дирек-

тор  научно-технологического 

парка  «Ертіс»  Жумабек  Ома-

ров,  декан  энергетического 

факультета, к.т.н., профессор 

Александр  Кислов,  препо-

даватели  факультета  метал-

лургии,  машиностроения  и 

транспорта.

В  ходе  семинара  были  об-

суждены  такие  важнейшие 

вопросы,  как  производство 

ветротурбин и строительство 

ветроэнергетических  стан-

ций на их базе в Казахстане.

В выставочном зале участ-

ники семинара ознакомились 

с  научными  достижениями 

сотрудников  ПГУ.  Как  ре-

зультат:  заключены  догово-

ра  о  сотрудничестве  с  ТОО 

«КаztonikaNT»  (г.  Астана), 

ТОО  «ASTerra»  (г.  Астана), 

ТОО  «ЭнергоАудит  Казах-

стан»  (г.  Павлодар),  ТОО 

«EcoWatt» (г. Алматы).



В ПГУ ПРОШЕЛ СЕМИНАР ПО ЭНЕРГОСБЕРЕЖЕНИЮ

ПМУ ТАРИХШЫЛАРЫ «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ» 

БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қонақтарды  қарсы  алған  ПМУ-

дың  Дамыту  стратегиясы  бойынша 

жəне тəрбие мен əлеуметтік жұмыс 

жөніндегі  проректоры  Арман  Ақы-

шев олардың назарына техникалық 

ЖОО  негізінде  ашылған  ПМУ-дың 

тың  зерттемелерімен  таныстырып 

қана қоймай, бастамалардың тари-

хына да үңіле кетті.

«Ертіс»  ғылыми–технологиялық 

паркінің  директоры  Жұмабек  Ома-

ров  ПМУ  ғалымдарының  қуаты  4 

кВт  желді-генераторлық  қондырғы-

ның жобасын, жобалау бағдармала-

рын  жəне  алюминий  қалдықтарын 

қайта  өңдеу  қондырғыларын  шет 

елдік  қонақтардың  назарына  ұсын-

ды.

Арнайы іс-сапардың аясында «KC 



Cottrell»  компаниясының  қызмет-

керлері  ПМУ-дың  Ғылыми-техно-

логиялық  паркімен,  Технологиялық 

трансферт  жəне  инновациялардың 

аймақтық  орталығымен,  ғылыми 

зертханаларымен  танысып  шықты. 

Қонақтар  «Жануарлар  биотехноло-

гиясы», «Өсімдік биотехнологиясы» 

зертханаларының,  Қуат  үнемдеу 

орталығының  тың  жұмыстарынан 

хабардар  болды.  Орталықтың  ға-

лымдары  зерттеп  шығарған  басты 

қондырғы  –  суды  электр  тогы  раз-

рядтарының  күшімен  зарарсыздан-

дыратын құралы.

Жалпы  айтқанда,  «KC  Cottrell» 

компаниясының  басшылығы  мен 

қызметкерлері бұл кездесу екі мем-

лекет арасындағы өзара тиімді əріп-

тестіктің  одан  əрі  дамуына  ықпал 

ететініне үмітті екендігін білдірді.


4

№ 7-8 (156-157) тамыз, жылан жылы 2013

Тұлға

Қазақ  тарихы  мен  мəдениеті,  əде-

биеті мен фольклоры, өнері, этнография-

сы,  жəне  археологиясы  жайында  қыруар 

зерттеу жасаған қазақтың біртуар даныш-

паны  энциклопедияшыл-ғалым  академик 

Əлкей Хақанұлы Марғұлан өз еңбектерін-

де  қазақ  халқының  рухани  байлығы  мол 

екенін дəлелдеді.

Əлкей Хақанұлының жеке тұлғалар өмірі 

мен қызметіне үлкен көңіл бөлуінің өзі кез-

дейсоқ  емес.  Ғалым  жеке  тұлғалардың 

өмірін зерттеу арқылы, ол өмір сүрген қо-

ғамдағы тарихи оқиғаларды да жан-жақты 

көрсете білді.

«Шоқан» десе кім-кімнің де көз алдында 

патша офицерінің киімін киген ашаң жүзді, 

қияқ мұртты, өткір де ойлы көзді жап-жас 

жігіттің елестейтіні аян. Өйткені, оның осы 

суреті  жұртшылық  арасына  кең  тараған. 

Ал осынау бірегей тұлғаның жан-дүниесі-

не  терең  бойлап,  оның  жұмбақ  та  сырлы 

əлемінен  сыр  тартып  көрдік  пе?!  Əлекең 

бастаған  санаулы  ғалымдарды  айтпасақ, 

қалың  көпшіліктің  Шоқан  туралы  түсінігі 

мектеп  бағдарламасындағы  бірді-екілі 

мəліметтерден əрі аспасы мəлім.

«Шоқан туралы терең зерттеу еңбектер 

жазып,  жан-жақты  зерттей  алған  бірден-

бір  ғалым  Əлкей  Марғұлан.  Басқа  зерт-

теушілер  болмады  демейміз,  бірақ  Шо-

қанның  данышпандығын  халыққа  оны  өз 

деңгейінде  жеткізген  тек  Əлкей  Марғұлан 

ғана»  –  дейді  ғалым  шоқантанушы  Едіге 

Уəлиханов.

Шынында  да  солай,  себебі,  Əлекең  на-

ғыз  энциклопедияшыл-

ғалым  еді.  Ол  филолог, 

өнертанушы,  археолог, 

этнограф, 

публицист, 

қырқыншы  жылдардағы 

кейбір  мақалаларын  қа-

расақ,  нағыз  əдебиетші. 

Шоқан да этнограф, био-

лог, тарихшы, мəдениет-

танушы, публицист, тіпті 

жазушы  дейміз.  Оның 

эпистолярлық  мұрасы  – 

үлкен  əдеби  шығарма-

ның  жүгін  арқалаған 

дүние.  Отыз  жасқа  тол-

май  өмірден  өткен  бір 

ғана  тұлғада  жан-жақты 

қабілеттердің  бірдей  қа-

лыптасуы  оның  даныш-

пандылығы.  Данышпан-

дылықты  –  Құдай  берді, 

қазақ дүниесі – Шоқанды 

данышпан  қылып  шы-

ғарды.  Ə.Марғұлан  да 

данышпандардың  қата-

рында.  Сондықтан  да 

Шоқанды терең əрі жан-

жақты  зерттей  алды. 

Шоқанды  түсіне  білді. 

Шоқандай тұлғаны зерт-

тейтін  адамға,  ең  алды-

мен, үлкен білгірлік, ғұламалық қасиет қа-

лыптасу керек.

Кеңес  дəуірі  кезеңінде  40-жылдарға 

қарай  Шоқан  Уəлихановтың  шығарма-

шылығы  мен  биографиясына  белсенді 

зерттеу  жұмыстары  басталады.  Көпте-

ген  тарихшылар,  əдебиетшілер,  геог-

раф-ғалымдардың  атсалысуымен  Шоқан 

биографиясынан  оның  қолжазбалары, 

суреттері,  мақалалары,  аудармалары  та-

былған  болатын.  Х.  Əділгиреев,  Х.  Айда-

рова,  М.  Əуезов,  С.  Мұқанов  жəне  тағы 

басқалары Ш. Уəлиханов мұраларын зерт-

теуге атсалысқан. Осы жұмысқа Ə. Марғұ-

лан белсенді қатыса бастайды.

Əлекең  1955  жылдан  бастап  Абай 

мен  Шоқан  тақырыбына  қайта  оралды. 

Ə.Марғұланның ізденгіштігі мен тапқырлы-

ғының маңызды айғағы мен зор табысы – 

Шоқан  Шыңғысұлы  Уəлиханов  еңбектерін 

іздестіру, табу, қалпына келтіру, жариялау 

жолындағы  қажырлылығы  болып  табы-

лады.  Көпжылдық  еңбек  жұмысының  нə-

тижесінде  Ш.  Уəлихановтың  1958  жылғы 

шығармалар  басылымы,  ал  1961  –  1972 

жылдардағы  Шоқанның  академиялық  бес 

томдық шығармалар жинағы жарияланған 

болатын.


Бұл ұлан-ғайыр еңбекті атқаруда Əлеке-

ңе дем берген Мұхтар мен Қаныш сияқты 

қазақтың  аяулы  азаматтары  еді.  Əле-

кең  бүкіл  КСРО-дағы  архивтерді  ақтара 

отырып, Шоқанның қаламынан туған 300-

дей  шығармасын  тапты.  Оларға  ғылыми 

өңдеу  жасап,  бүкіл  қара  жұмысын  атқар-

ды. Шоқан жазбаларының көпшілігі бұрын 

жарық  көрмегенін,  жазу  тəсілінің  қиынды-

ғын,  ойлау  жүйесінің  тым  еркіндігін,  кей 

ж ұ м ы с ы н ы ң 

шала  аяқталға-

нын 

ескерсек, 



Əлекең  атқарған 

жұмыстың  жүгі 

орасан.

Бұл 


ғылыми 

ізденіс  ондаған 

жылдарға 

со-


зылды, 

соның 


нəтижесінде  ғұ-

лама  Шоқан  ту-

ралы 300 беттен 

аса өмірбаяндық 

кітап жазып, қол-

жазбасын  қал-

дырды.  Шоқан 

Уəли хан о втың 

150  жылдығына 

орай бес томдық 

қайта  басылған-

да,  Əлекең  қар-

тайса  да,  игі  істің 

басында жүрді. Бі-

рақ, Əлекеңнің ай-

туынша,  орыстың 

əскери  ведомст-

воларында жатқан 

көптеген қағаздар-

ды  қолға  түсіру 

мүмкін  болмапты. 

Тіпті,  саяси  жағ-

дайға  байланысты 

Шоқанның 

«Ке-

несары  қолының 



Алатау  қырғызда-

рымен  соқтығыс-

қан тарихи оқиғаға 

арналған» мақала-

сын  шығармалар 

жинағына 

енгізу 

мүмкін болмады.



Академик  баба-

мыз:  «Шоқанның  мұраларын  мен  студент 

кезімнен  зерттеп  келемін.  Оның  көбі  жа-

рыққа  шығып,  бес  том  болып  топталды. 

Бірақ,  Шоқанның  ойымен  əдемі  жазылған 

(қол қойылмаған) материалдар əлі де көп 

кездеседі. Оларды жиып бастырса, өзі бір 

том болып шығуы анық. Бұлар – көбінесе 

саясат, тарих, этнография, өнер, дін тура-

лы ойлар», – деп есіне түсіретін.

Шоқан мұрасын көп жылдар бойы зерт-

теудің  заңды  жалғасы  ретінде,  Ə.Марғұ-

лан  «Шоқан  мен  Манас»  атты  еңбегінде 

қыруар  іс  тындырды.  Бұл  жұмыста  Əлкей 

Хақанұлы  қырғыз  эпосы  «Манастың»  əр-

түрлі  нұсқаларын  салыстыра  отырып, 

зерттеудің нəтижесінде оған ғылыми тал-

дау  жасап,  Ш.Уəлихановтың  «Манасты» 

зерттеуге  қосқан  үлесін  де  анықтап,  нақ-

тылай түсті.

Əлекең  Шоқан  еңбектерін  қаз  қалпына 

келтіріп  қана  қойған  жоқ,  байыпты  зерт-

теді.  Шығу  тарихын,  ой  түйісін  көпке  ұқ-

тырды.  Көп  мақалаларына  түр,  түс,  нəр 

берді.  Өскен  ортасын  сипаттап,  барлық 

пікрлес,  мақсаты  бір  жолдас-жораларына 

дейін тауып, халық ұлының өшіп бара жат-

қан  ұлы  бейнесін  жаңғыртып,  патриоттық 

үлкен қызмет атқарды. Өмірінің ең ұтымды 

сəттерін Ə.Марғұлан Шоқанның өмірі мен 

шығармашылығын  зерттеуге,  ұлы  ғұла-

маның еңбектерін басып шығаруға ар-

наған болатын.

Əлкей  Марғұлан  сияқты  үлкен  ғалым-

ның  қалтықсыз  көңіл,  адал  ниетін  оның 

естеліктерінен  де  аңғаруға  болады: «Мен 

өмірімнің  көп  жеңіс  беретін  шағын,  қай-

рат-қуаты  мол  жылдарын 

Шоқанды  əлемге  танытуға 

арнадым.  Мүмкін  сол  се-

бептен  кезектегі  өзімнің 

еншімнен қағыс қалған шы-

ғармын, көкіректе сайраған 

талай  ойлар  бар  еді.  Бі-

рақ,  өкінбеймін.  Шоқан  көп 

адамдар  ғұмырын  арнауға 

тұратын жан. Ол өте алғыр, 

көптеген ұшқыр ойдың иесі 

еді, оның еңбегінің ұрпаққа 

түгел жеткізбеу обал бола-

тын болды», – деп жазатын 

Əлкей Хақанұлы.

Шоқанға  арнаған  жылы 

сөздерінің  көбін  біз  Əлкей 

Хақанұлының  өзіне  қайы-

рар едік, өйткені ол Шоқан-

танудың  негізін  қалаушы. 

Шоқантану  əлі  де  болса 

құпияға  толы,  ақтаңдақта-

ры  мол.  Өкініштісі,  акаде-

миктің бұл ғылыми ерлігіне, 

шоқантану  ісіндегі  зор  ең-

бегіне арналған зерттеулер 

əзірше жоқ.

2010  жылдың  күзінде 

С.  Торайғыров  атындағы 

ПМУ-ге  академиктің  жеке 

мұрағаты  түскен  еді.  Сол 

бай  қорды  зерттеу  үшін 

оқытушылар  мен  студенттерден  тұратын 

жұмыс  тобы  құрылған  еді.  Зерттеу  бары-

сында қорда жинақталған құжаттардың 80 

пайызы Əлкей атамыздың Шоқан мұрасын 

зерттеуге арналған материалдары болып 

шықты.  Бұған  дейін  бұл  қор  академиктің 

қызы  Дəнел  апайдың  қолында  сақталған 

еді.

Ғалымның  жеке  қорына  жол  ашылуына 



байланысты  оның  шоқантанудан  қалдыр-

ған зор мұрасын зерттеуге мүмкіндік туды. 

Ə.Х.  Марғұланның  Шоқан  мұрасын  зерт-

теуге арналған құжаттар бір жылдай уни-

верситет  ғалымдары  мен  студенттердің 

зерттеу  нысанында  болды.  Қордағы  құ-

жаттар Əлкей Хақанұлының шоқантану ісі-

не қосқан зор үлесін ашып көрсетеді.

Қор  материалдарынан  академиктің 

1941  жылдан  бастап  1985  жылға  дейінгі, 

яғни дүние салғанға дейін Шоқан мұрасын 

зерттеумен  айналысқаны  дəлелденді. 

Архивтегі  құжаттар  Ш.Уəлихановтың 

өмірбаяны  мен  шығармашылық  мұрасын 

ашып  көрсетеді.  Мұнда  1956-1967  жыл-

дары  Ш.Уəлихановтың  алғашқы  5-том-

дық жинағын дайындағанда жинақталған 

құжаттар  мен  қолжазбалар  сақталған. 

Яғни,  бұл  академик  Ə.Х.  Марғұланның 

шоқантану бойынша жеке мұрағаты деуге 

болады.

Зерттеу нəтижесінде екі басылым жарық 



көрді: «Опись рукописного фонда – лично-

го  архива  академика  А.Х.Маргулана»  (кө-

лемі 160 бет) жəне «Из наследия А.Х. Мар-

гулана»  атты  құжаттар  мен  материалдар 

жинағы  (көлемі  200  бет).  Келісілгендей, 

академиктің жеке қоры Қазақстан Респуб-

ликасының Ұлттық мұрағатына тапсырыл-

ды.


Данышпанды  танитын  данышпан  ғана. 

Бұл ақиқат! Ұлы Абайды Ұлы Мұхаң таныт-

са, данышпан Шоқанды ғұлама Əлекең ғы-

лым барша жұртқа танытты. Бұл оның на-

ғыз ерлігі, ғалымның ерлігі. Сірə, тұлғаның 

ғұламалығы,  данышпандығы  дегеніңіз  де 

осы болса керек!

 



Ернұр Рақымов,

С. Торайғыров ат. ПМУ доценті,

тарих ғылымдарының кандидаты

ШОҚАН ЖӘНЕ ӘЛКЕЙ

«ШОҚАН ТҰЛҒАСЫ – МҰХИТТА ЖҮЗІП ЖҮРГЕНДЕЙ.

ОНЫҢ ТАМАША ТАЛАНТЫ КӨРІНБЕЙ ЖАТАТЫН АЛЫП МҰЗ СИЯҚТЫ.

ОЛ ТУРАЛЫ ӘЛІ БІЛЕТІНІМІЗДЕН, БІЛМЕЙТІНІМІЗ КӨП».

Ә.Х. МАРҒҰЛАН

№ 12 (134) 

желтоқсан, қоян жылы 2011

5

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің газеті



Сіз білесіз бе?

1. КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯ 

БОЙЫНША БІЛІМ АЛУДЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. Бір оқу сағатты 50 минутқа тең.

2. Бір жыл бойғы əр пəн бойынша сту-

денттің оқу көлемінің жүктемесі креди-

пен өлшенеді.

3.  Студент  ИОЖ  формасы  бойынша 

ЭПК пəндерінің ішінен эдвайзер көмегі-

мен  таңдау  арқылы  оқу  бағдарламасы 

өздігімен ұсынлады.

4.  Студенттің  оқытушыны  таңдауға 

мүмкіндігі бар.

5.  Оқыту  бағдарламасының  меңгеру 

кезінде СӨЖ-дің рөлі мен сапасы арта-

ды.


6.  Білім  алушылардың  оқу  жетістігі 

үздіксіз бақыланады.

7.  Студенттің  білімі  балдық-рей-

тингтік жүйе бойынша бағаланады.

8. Студенттің кейбір пəндер бойынша 

басқа да білім беру мекемелерінен, со-

нымен қатар шетелде де білім алуына 

мүмкіндігі бар.

9. Кредиттік технологиялық білім алу 

жинақтаушы жүйе бойынша жүргізіледі. 

Демек,  білім  алудың  барлық  деңгейі 

бойынша  бұрын  жинаған  кредиттердің 

өсімдік есебі есепке алынады.

2. ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 

ҚАЛЫПТАСУЫ

Барлық  оқытылып  жатқан  пəндер  3 

кезеңге – жалпы білім беру (ЖБП), ба-

залық  (БП),  кəсіптік  (КП)  болып  бөлі-

неді. Əр кезеңде пəндер өзара міндетті 

жəне элективті болып жіктеледі.

Пəндерге  тіркелу  электорондық  түр-

де университеттің оқыту порталындағы 

студенттің  жеке  кабинетініен  жүргізі-

леді.


Тіркелудің  мерзімі  аяқталмай  тұрып 

студент  тіркеу  формасына  кез  келген 

өзгертулер  жасауға  құқығы  бар.  Қайта 

тіркелу қажет болған жағдайда деканат 

арқылы  оқыту  жұмысы  бойынша  про-

ректордың атына себепті арызбен шы-

ғуға болады.

Белгілі  пəнге  тіркелген  студенттер 

саны  алдын  ала  бекітілгеннен  аз  бол-

са,  онда  пəн  альтернативті  пəнге  ал-

мастырылады.  Егер  альтернативті  пəн 

де  ашық  болмаса,  онда  студенттерге 

эдвайзерлер арқылы басқа пəнге жазы-

луға ұсыныс жасалады.



2.1  Академиялық  күнтізбе  жəне 

оқыту кестесі

Оқу  жылы  академиялық  мерзімдер-

ден  (семестр),  аралық  аттестациялар-

дан,  каникулдар  мен  тəжірибелерден 

тұрады.  Оқу  жылы  1  қыркүйектен  бас-

талып,  бітіруші  курстардан  өзгелерге 

15 аптадан тұратын екі семестер білім 

алу міндетті.

Каникулдық мерзім 7 аптаға созыла-

ды.  Сонымен  қатар,  оқу  жылының  ор-

тасында  2  апталық  демалыс  беріледі. 

Семестерде  оқытудың  барлық  форма-

лары бойынша студенттер екі рубеждік 

бақылаудан  өтеді.  Білім  алушылар-

дың  қосымша  білім  алу  қажеттілігін 

қанағаттандыру  үшін,  академиялық 

қарыздарын  өтеу  үшін  немесе  оқыту 

жоспарындағы  айырмашылықты  тең-

геру мақсатында университетте ақылы 

негізде 6 апта бойына жазғы семестер 

ұйымдастырылады.

2.2.  Студенттің  өзіндік  жұмысы 

(СӨЖ)

Кредиттік  технология  бойынша  сту-

денттің  өзіндік  жұмыс  жасауы  өте  ма-

ңызды.  СӨЖ  бойынша  міндетті  эле-

менттерді  (барлық  пəндер  бойынша 

дайындық,  бағдарламалардың  жеке 

тақырыптарын өздігінше зерттеу, бақы-

лау  шараларына  дайындық)  нұсқалық 

бөлімдерді  жəне  əртүрлі  тапсырма-

ларды  (рефераттар,  есептік  жəне  гра-

фикалық  жұмыстар,  курстық  жобалар, 

жұмыстар  т.б.)  орындау  міндеттелген. 

Белгілі  бір  пəнге  арналған  СӨЖ  түр-

лері  оқыту  бағдарламасы  (Syllabusom) 

бойынша  бекітіледі.  СӨЖ  түрлері  мен 

тапсырмаларына  дайындалу  үшін 

оқытушы  студенттерді  уақытысында 

Syllabus-пен қамтамасыз етуі тиіс.



2.3.  Студенттердің  кəсіптік  тəжіри-

бесі

Студенттер  оқу  барысында  МОС 

мамандақтарына  сай  əртүрлі  кəсіптік 

тəжірибелерден  өтеді.  Мысалы:  оқу, 

оқу-танымдық,  танымдық,  тілдік,  педа-

гогикалық, кəсіптік, диплом алдындағы 

т.с.с.  тəжірибелерден  өтеді.  Сырттай 

бөлімдегі студент өз мамандығына сəй-

кес жұмыс жасап жүрген болса, кəсіптік 

жəне педагогикалық тəжірибеден боса-

тылады.  Бұл  жағдайда  студент  жұмыс 

орнынан  анықтама  мен  оның  кəсіптік 

қызметі  жайын  баяндайтын  мінездеме 

ұсынуы қажет.

Себепті  сылтаумен  тəжірибеден  өте 

ал маған студент деканның рұқсатымен 

ға на  басқа  мерзімде  тəжірибеден  өтуі 

шарт.


Қанағаттанарлық  бағаға  ие  болған, 

себепсіз тəжірибеден өте алмаған сту-

дент  кафедраның  белгілеген  уақытын-

да ақылы түрде қайта өтуі тиіс болады.



2.4.  Бақылау  жүйесі  мен  студент-

тердің оқу жетістігін бағалау

2.4.1.Студенттердің оқу жетістігін бақы-

лау  ішкі  жəне  сыртқы  (мемлекеттік)  ба-

қылаудан көрініс табады. Ішкі бақылау – 

белгілі  бір  пəн  бойынша  алуан  түрлі 

бақылау  тапсырмалар  негізінде  жүргізі-

летін  оқу  жетістігін  тексеру  түрі.  Ал, 

сыртқы бақылауға оқу жетістігінің сыртқы 

бағасы  (ОЖСБ),  мемлекеттік  қорытын-

ды  аттестация,  студенттің  оқу  жетістігін 

тексеретін ЖОО-ның кез келген түріндегі 

бақылауын жатқызуға болады.

Студент  үлгерімінің  ағымдағы  бақы-

лауы  –  оқыту  пəнінің  əр  тақырып  пен 

бөлімі  бойынша  білім  алуышының  оқу 

жетістігін жүйелі түрде тексеру.

Ағымдағы бақылау қорытындыларын 

оқытушы  электорондық  журналда  не-

месе  университет  порталындағы  сту-

денттің жеке кабинетіне енгізеді.

Рубеждік  бақылау  –  студенттің  оқуы 

жетістігін  оқытушының  тексеруі,  тест 

бойынша жəне академиялық күнтізбеге 

(семестрде 2 рет) сай бекітілген пəннің 

басқа  да  формалары  (модуль)  бойын-

ша тексеру.

Қорытынды  бақылау  емтихандық 

сессия кезінде емтихан (жазбаша, тест, 

ауызша, аралас) түрінде өтеді.

Емтихандар басымдықпен өтеді. Тест 

немесе аралас формада компьютерлік 

тестілеу арқылы өткізіледі. Ауызша яки 

жазбаша  емтихандарды  есеп  құрасты-

ру,  кестелерді  құру  сияқты  негізгі  қабі-

леттерді  айқындау  мақсатында  белгілі 

бір пəн бойынша тапсырады.



2.4.2.  Оқу  жетістіктерінің  бағалау 

жүйесі

Білім  алушының  оқу  жетістігі  (білімі, 

іскерлігі,  қабілеті,  құзіреті)  халықара-

лық  тəжірибеге  сай  балдық-рейтингтік 

жүйе  (БРЖ)  бойынша  100  балдық  өл-

шеммен бағаланады.

Семестердің ортасында жəне соңын-

да 100 балдық меже бойынша ағымда-

ғы  үлгерім  (АҮ)  бағаланады.  Рубеждік 

бақылаудың бағасы да (РБ) 100 балдық 

меже  бойынша  бағаланады.  АҮ  жəне 

РБ  бағаларының  қорытынды  бағасы 

бойынша  студенттің  рейтингтік  (Р1 

жəне Р2) пəн бойынша бағасы: Р1(2) = 

АҮ1 (2)*0,7+РБ1(2)*0,3.

Пəн  бойынша  қорытынды  баға  тек 

студент  рейтингтік  кіру  рұқсаты,  қоры-

тынды  бақылаудан  жоғары  бағаға  ие 

болған жағдайда ғана есепке алынады. 

Себепсіз  қорытынды  бақылауға  келе 

алмаған жағдайда «қанағаттанбарлық» 

деп бағаланады.



2.4.3.  Рубеждік  жəне  қорытынды 

бақылаудан өту тəртібі

  Пəн  бойынша  рубеждік  бақылауға 

оқытудың  жұмыс  бағдарламасына  сай 

тексерілген  модуль  бойынша  барлық 

талаптарды  орындаған  əрі  ағымдағы 

үлгерім  бойынша  баллдары  бар  сту-

дент өтеді.

Пəн  бойынша  емтиханға  мына  сту-

денттер қабылданбайды:

–  оқытудыың  жұмыс  бағдарламасы-

ның  талаптьарын  орындамаған  сту-

денттер;


–  курстық  жобаны  қорғамаған  сту-

дент;


–  рейтингтік  рұқсаты  бойынша  баға-

лауы жоғары болмаған жағдайда.



2.4.4.Емтихандарды өткізу тəртібі

Емтихандар  мына  тəртіппен  өткізілуі 

шарт:

– Тесттілеу əдісі, компьютерлік тестті-



леу. Бақылаудың бұл түрінде бір нұсқа-

да 50 сұрақ болуы тиіс.

– Бақылаудың аралас түрі пəндік ба-

қылауларда  қолданылады.  Бағалау 

кезінде мыналар тексеріледі: 1) теория-

лық білім (тесттілеу əдісі) жəне 2) прак-

тикалық  білім  жəне  қабілет  (ауызша 

жəне жазбаша).

–  Жазбаша  түрде  студенттің  шығар-

машылық қабілетін тексеру, жобаларды 

есептеу, теоремалық дəлелдеу кезінде 

қолданады.

– Тілдік бағыттағы (аударма ісі, фило-

логия,  т.б.)  мамандықтар  үшін  ауызша 

емтихандар өткізіледі.

–  Шығармашылық  формада  емтихан 

қабылдау  шығармашылқ  бағыттағы 

(орындаушылық  өнер,  дене  тəрбиесі 

жəне спортт.б.) мамандықтар бойынша 

білім  алып  жүрген  студенттерден  қа-

былданады.

2.4.5.Курстан курсқа ауысу немесе 

курсты қайта оқу

Жазғы семестр нəтижесінің есебімен 

оқу  жылының  қорытындысы  бойынша 

тіркеу бөлімі оқу жетістігінің орташа ба-

лын (GPA) шығарады.

Толық курстық бағдарламаны игерген 

студент  өтпелілік  балды  жинай  алма-

са, өзінің GPA балын жоғарлатуы үшін 

жаздық семестрде ақылы түрде кейбір 

пəндер бойынша қайта оқып, қайта ем-

тихандар тапсырылуына мүмкіндік ала-

ды.


Жазғы  семестрдің  нəтижесімен  оқу 

жылының  қорытындысы  бойынша  өт-

пелілік балл келесі жылдық оқу курсы-

на қала береді.

Мемлекеттік білім тапсырысы бойын-

ша білім алып жүргендер қайта оқу кур-

сына  қалған  болса,  онда  мемлекеттік 

оқу грантынан айырылады.



3.СТУДЕНТТЕРДІҢ 

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

Академиялық  ұтқырлық  дегеніміз 

білім  алушылардың  белгілі  академия-

лық мерзімде семестер немесе бір оқу 

жылына  басқа  жоғарғы  оқу  орнында 

(ел  ішінде  яки  шетелде)  білім  алуы. 

Студент  меңгерген  оқыту  бағдарлма-

сы бойынша кредит түрінде өз жоғарғы 

оқу  орнында  оқуын  жалғастыру  неме-

се  басқа  жоғары  оқу  орынында  оқуын 

жалғастыру мақсатында міндетті түрде 

сынақтан өтуі шарт.

Сыртқы  (халықаралық)  академиялық 

ұтқырлық  дегеніміз  –  білім  алушылар-

дың шетелдік ЖОО-да білім алуы.

Ішкі  (ұлттық)  академиялық  ұтқырлық 

дегеніміз  –  білім  алушылардың  елдегі 

алдыңғы қатралы ЖОО мен ғылыми ор-

талықтарда білім алуы.

Білім  алушылар  өздігімен  ЖОО-ды 

(шетелде немесе елде) таңдап алуына, 

өзіне қажетті деген пəндер тізімін анық-

тап,  бағдарламаның  үйлестірушісіне 

тапсырыс  беруге  мүмкіндіктері  бар. 

Сонымен  қатар,  ЖОО  жəне  білім  беру 

бағдарламалары  өз  елінде  аккредита-

цияланған  əрі  білім  беру  мекемелері 

мен  білім  беру  бағдарламаларының 

реестріне енгізілуі шарт. Таңдап алын-

ған  ЖОО  рейтингі  жоғары  жоғары  оқу 

орындардың қатарында болуы да тиіс.

Академиялық  ұтқырлық  бойынша 

білім алушының дəлелдейтін қорытын-

ды  құжаты  егер  қазақстандық  ЖОО 

болса қазақ жəне орыс тілінде, шетел-

де оқыған болса, ағылшын тілінде тол-

тырылған оқытудың транскрипті болып 

табылады.

Академиялық  ұтқырлық  бойынша 

сұрақтар  туындаған  болса,  өз  дека-

наттарыңызға  немесе  Академиялық 

ұтқырлық  орталығына  хабарлассаңыз 

болады.

СТУДЕНТТІҢ ҚОЙЫН 



КІТАПШАСЫНА

№ 7-8 (156-157) тамыз, жылан жылы 2013

6

Білім-ғылым



Принятие  и  реализация  Государ-

ственной  Стратегии  «Казахстан-2050» 

обусловили  особые  требования  к  об-

разовательной  системе  нашей  страны. 



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал