С. Т. т г. д., Эл-Фараби атындагы



жүктеу 47.64 Kb.

Дата07.09.2017
өлшемі47.64 Kb.

Рысбекова С. Т.  - т.г.д.,

Эл-Фараби атындагы 

Қазац үлттыц университеті

МӘНШҮКТІҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  шарықтау  шегі  болып  табылатын  ¥л ы   Отан  соғысының 

аяқталғанына  биыл  67  жыл  толады.  Осы  уақыт  аралығында  сол  қасіретті  соғысқа  қатысып, 

халқымызды  ғана  емес  сонымен  қатар  Европа  халқын  басқыншылардан  азат  еткен  батырлар  (майдан 

мен  тылда  ерлік  пен  қажырлылықтың  теңдесі  жоқ  үлгісін  көрсеткендер)  қатары  сиреп,  олардың  үл- 

қыздары, немере-шөберелері ¥ л ы  Жеңістің нэтижесін көруде.

¥ л ы   Отан  соғысының  басталуы,  себептері,  оқиғалары,  майдан  жауынгерлерінің  ерліктері  мен 

тылдағы  еңбек  адамдарының  даңқты  істері  жөнінде  сол  кездің  өзінде,  соғыстан  кейінгі  жылдарды, 

қазіргі  кезде  де  көптеген  кітаптар  мен  мақалалар  жазылды,  кинолар  шығарылды.  Дей  түрғанымен  де, 

соғыс жылдарындағы тарихымыздың ақтаңдақтары толықтай ашылды деп айту қиын.

¥ л ы   Отан соғысы жылдарындағы майдандағы ерліктің тамаша адам  айрықсыз үлгісін көрсеткен 

Шығыстың  қос  жүлдыздары  -   Мэншүк  Мәметова  мен  Әлия  Молдағүлова  жөнінде  де  көп  айтылды, 

жазылды.  Бірақ олардың  өмірінің  белгілі  бір  кезеңдерінің сыр-қырлары толықтай  баяндалды  деп  айту 

ерте ғой дейміз.

Кеңестер  Одағының Батыры Мэншүк Мәметова жөнінде көп еңбектенген  -тарих ғылымдарының 

кандидаты  Исатай  Нәсекенүлы  Кенжалиев.  Ол  өзінің  кітабын  жазу  барысында  тек  мүрағат 

материалдарымен  шектелмей,  республикалық  кітапхананың  жауапты  қызметкері  Айман  Мәметова, 

анасы  Майра  Садаққызы  Мәметова,  Мэншүктің  бөлесі  И.Б.Жүмабаевпен  кездесіп,  сүхбаттар  алып, 

Мэншүктің  өз  әкесі  Жеңсігәлі  Әлиев,  Әмина  Мэметова  туралы  шынайы  мәліметтер  берді.  Исатай 

Жүмабаев  Эмина  апайдан  Ахмет  Мэметовтің  кітаптары  мен  фотосын  алып  қалғанын,  соларды 

жариялау  мүмкіндігін  берсе,  Майра  Садыққызы  Мэншүкті,  оның  ата-анасы  Әлиевтерді  1928  жылдан 

білетінін  баяндайды.  Мэншүк  Мәметованың  өмір  жолы  мен  қызметін  жан-жақты  зерттеуге  көп  күш 

салған  тарихшы  И.Кенжалиев  дедік.  Мэншүк  жөнінде  еңбек  жазған  басқа  да  зерттеушілер  бар 

екендігін  атап  кетейік.  Оның  өмір  жолы  мен  жауынгерлік  қызметін  баяндаған  -  көрнекті  тарихшы, 

академик  М.Қозыбаев  пен  С.Честнов.  Олардың  «Бессмертие»  деген  кітабы  бар.  Майдандас  серіктері 

Ж.Жүмақанов,  А.И.Прокопенко,  А.Халимулдин,  естелік  жазушы  Ш.Сыздықовты,  көркем  эдебиетте 

С.Мүқанов,  М.Хакімжанова,  халық  жазушысы  Ә.Нүршайықовтарды  атауға  болады.  Мэншүктің 

балалық шағын баяндаудан бүрын оның ата-аналары кім болды деген сүраққа жауап беруге тиіспіз деп 

ойлаймын.

Бір  айта  кететіні,  Мэншүктің  өмірі  мен  қызметі,  оның  туып-өскен  жері,  әке-шешесі,  ағалары, 

тума-туыстары  туралы  арнайы  толық  ғылыми-зерттеу жүмыстары  жоқтың  қасы.  Мүрағат қүжаттарын 

жэне  естеліктерді  салыстыра  отырып,  Мэншүктің  ата-аналары  (көпше  түрде  айтып  отырған  себебіміз 

туған  ата-анасы  мен  асырап  алған  ата-аналыр  болғанын  білеміз)  туралы  мынадай  мәлімет  бергелі 

отырмыз.


Мэншүктің өз әкесі Жеңсігәлі мен асырап алған әкесі Ахмет Мәметүлының туған жерлері - Бокей 

Орда топырағы.  Шеркеш  руының  аталығы  (шежіресі)  бойынша  Жеңсігэлінің экесі  Әлі  мен Ахметтің 

әкесі Мамыт немере  ағайынды болып келеді.  Шеркеш руының шежіресіне коз салсақ:  Шеркеш руының 

Қойыс  арысынан  тарайтын  Қашқыншыдан  Қалыке,  одан  Қүлмамбет,  одан  Ердесін  мен  Менесін 

тарайды.  Ердесіннен  Қожық,  одан  Досет,  Кошкінбай,  Әубекер,  Әлі,  соңғыдан  Жеңсігәлі,  одан  Нағи 

(1910 ж. туылған), Қадір (1916ж.) жэне Мэншүк (1922ж.). тарайды.

Қүлмамбеттің  екінші  баласы  Менесіннен  Нүрлыбек,  одан  7  ағайынды  Тойлыбай,  соның  біреуі 

Мамыт,  одан Ахмет тарайды.  Сөйтіп,  Мэншүктің туған әкесі  Жеңсігәлі  мен  асырап алған әкесі Ахмет 

2-3  атадан қосылатын туыс екендігін шығарып аламыз.

Жеңсігэлінің  жолдасы,  Мэншүктің  туған  анасы  Тойылша  Есенғалиқызының,  руы  беріш. 

Жеңсігәлі жэне  Тойылшамен жақсы  араласқан Күніш  апайдың  баяндауынша  1929  жылы  Жеңсігәлінің 

жасы 45-те, Тойылша 41-42-де дейді.

20-шы  жылдардың  бас  кезінде  қазақ  даласында,  соның  ішінде  Бөкей  Ордасында  аласапыран 

кезең орын алды.  Елдегі  азамат соғысы мен ақ гвардияшыларға қарсы күрес,  ашаршылық қазақтардың 

туған  жерлерінен  көшуіне  мэжбүр  етті.  Әкімшілік  басқару  бөлуі  бойынша  1920-1925  жж.  қисым 

орнына  уездер,  аудандар  қүрылады.  Таловка  қисымының  терістік  батысы  Жақсыбай-Қамысты  арасы 

Тарғын  қисымының  терістік  шығысы  қазір  Жәнібек  ауданы  болды.  Міне,  осындай  кезде  түрмыс 

қыспағынан бүрынғы Нарын қисымы қазіргі  Орда ауданындағы Жиекқүмдағы қонысынан осы ауданға 

Мэншүктің оз ата-анасы көшіп келеді.  Мэншүктің (кейде Мәнсия)  өз анасы Тойылша 

1932


жылы қайтыс болған.  1934 жылдары Жеңсігәлі де қайтыс болады.  Үлкен үлы Нағи Орал педагогикалық 

институтына түсіп  білім  алады.  Қадір  де  осы жоғары  оқу  орнына түсіп,  каникул  кездерінде  Ордадағы



Қанат  (Ахметтің туған  інісі)  пен  Майраның үйіне  барып түрды.  Олар  Қадірдің  киімі,  азық-түлігі,  жол 

шығынын өз мойындарына алып отырды.  Қадірдің мінезі инабатты, әдепті, үрыс-керіске араласпайтын, 

жуастау  болды.  ¥ л ы   Отан  соғысы  басталғанда  Қадір  Жеңсіголіүлы  Әлиев  Мастексай  мектебінде 

жүмыс  істеп  жүрді,  сол  жерден  майданға  аттанды  жэне  хабарсыз  кетті.  Жоғарыда  айтқанымыздай, 

Нағи Жеңсіголіүлы Әлиев оқып жүрген кезден бауыр-туыстарымен хабарласпай кетті.

Ахмет  Мамытүлы  өз  қолымен  жазған  тіркеу  қағазында  1894  жылы  желтоқсан  айында  Орда 

ауданында  кедей  жанүясында  дүниеге  келдім  деп  жазған.  Бүл  мэлімет  Батыс  Қазақстан  облысы 

мұрағатында  сақталған.  Ахмет  1938  жылы  халық  жауы  атанып  түтқындалган  болатын.  Сондағы 

жауаптау материалында (1.02.1938ж.).  1895 жылы желтоқсан айында қазіргі  Орда ауданының Жиекқүм 

ауыл советіндегі «Қойтоғыт» деген қоныста (селода) дүниеге келіппін, Қанат деген (1899ж.  туған) інім, 

Майра  деген  келінім,  эйелім  Эмина  бар  деп  көрсетеді.  Туған  жылы  бойынша  алшақтық  (1  жыл) 

болғанымен,  туған жерінде  өзгеріс  жоқ.  Ахмет  ауыл  мектебінде  сауатын  ашқан.  Орысша тіл  үйреніп, 

адамдармен  қарым-қатынас  жөнін  біледі.  Жастайынан  өлең  шығаратын  қабілеті  болды.  Жәнібек 

төңірегіндегі  орыс  байларына  жалданып,  кейін  С.Мендешев,  С.Жанболатов,  Қ.Басымовтармен  Өфеге 

(Уфа)  де  барады.  Жасынан  зерек,  көпшілік  арасында  өлең,  жыр,  әдеби,  тарихи  эңгімелер  тыңдап, 

жаттап,  қайтадан  аудармай  айтып  машықтанады.  1912  ж.  18  жасар  Ахметтің  Қазаннан  алғашқы  өлең 

жинағы  жарық  көреді.  1913  жылы  Ахмет  Мамытүлы  Өфедегі  «Ғалия»  медресесінде  оқиды.  Ортадан 

жоғары  білім  беретін  бүл  діни  оқу  орнында  бөкейлік  Н.Манаев,  кейін  атақты  тіл  маманы  қазақтың 

алғашқы  профессоры  Қажым  Басымов,  Бейімбет  Майлиндер  білім  алған.  Сол  кездегі  қазақ  тілі, 

әдебиеті,  мэдениеті  мэселелерін  талқылап,  шешісуге  араласқан.  «Садақ»,  «Қазақ»  газеттерінде 

шығармаларын  жариялаған.  Өз  үлтының  мүддесі  үшін  қоғамдық,  саяси  ағымдар  мен  қозғалыстарға 

қатынасқан.  Алаш қозғалысындағы екіге  бөлінуден кейін әуелі Торғай,  содан Бөкей кейін Жымпитыға 

келіп  «Ерік»  газетінде  жүмыс  істеп  жүргенінде  сонда  Әмина  Сүлейменқызымен  танысады.  Әмина  - 

Нүралы  ханның  шөбересі.  Әмина  апай  1907  жылы  Батыс  Қазақстан  облысының  Тайпақ  ауданында 

«Тайпақ»  деген түрақта дүниеге келген.  Ахмет  1920-1929 жылдар  арасында Ордада түрып,  1922 жылы 

Саратов  университетінің  медицина  факультетіне  оқуға  түседі.  Каникул  кездерінде  Жэнібек  стансасы 

маңында  колхозда  түратын  ағайыны  Жеңсігэлі  Әлиүлына  жэне  жеңгесі  Тойылшаға  келіп  жүреді. 

Үйленгендеріне  біраз  уақыт  өткенімен  балалары  болмаған  Ахмет  ағасының  жалғыз  қызы  Мәнсияға 

бауыр басты.  Ерке өскен Мәнсияны анасы «Моншағым» дейтін.  Тілі элі шықпаған сәби өзін «Мэншөк» 

деп  атап  кетеді.  Кішкентайынан  адамға  үйір,  үйіне  келгендердің  қасында  жүретін,  шүйіркелесіп, 

кететін.  Өңі  қара торының әдемісі,  қыр  мүрынды,  дөңгелек,  жайнаған қара көзді  сүйкімді  бала  болды. 

1928  жылы  Әминамен  келісе  отырып,  жоралғы  болсын  дегендей  Жеңсігэлі  эйелімен  рүқсат  етіп 

Мәншөкті Ахметтер Сарытауға алып кетеді.

Кішкентайынан  пысық,  болмашы  нәрсеге  өкпелеп,  шыдамсыздық  білдірмейтін  Мэншөк  қалаға 

келгеннен  кейін  көп  нэрсені  көріп,  орыс,  татар  балаларымен  араласып  тез  тіл  үйреніп  кетеді.  Жаз 

мезгілінде  Жәнібекке  келіп  жүреді.  Ахметтің  өз  қолымен  жазған  өмірбаянында  1922-1927  жж. 

Сарытауда оқыған,  1928  ж.  Маңғыстау  ауданында тексеру  отрядының  бастығы,  1929- 

1970


жж.  Семей  өңірінде денсаулық сақтау  бөлімінде инспектор,  1930-193 Іжж.  Венерология институтының 

директоры,  Қазақ  Денсаулық  сақтау  халық  коммиссариатының  коллегия  мүшесі,  Алматы  қалалық 

атқару комитетінің мүшесі  болып сайланды.  1931-1932 жылдары (шілде айына дейін)  Сарытаудың тері 

жэне  венерология  поликлиникасында  аспирант  болды.  Сол  1932  жылдың  жаңынан  Орал  қаласына 

облыстық денсаулық бөліміне жүмысқа жіберіледі.

Әмина Ахметпен  бірге  Сарытауга  барып,  университеттің  педагогика  факультетінің лингвистика 

бөліміне  оқуга  түсіп,  1928  ж.  бітіреді.  1928  жылдың  шілдесінен  1930  жылга  дейін  Семей  Совет  -  

партия  мектебінде  оқытушы,  1930-1931  жж.  Алматыда  мектеп  методисі,  1930-1932  жж.  Сарытау 

университетінде  аспирант  болды.  1932-1933  жж.  Орал  қаласында  облыстық  оқу  бөлімінде,  1933-1938 

жж.  Қазақ  оқу  агарту  халық  комиссариатында  әдіскер  болып  істеді.  Соңгы  қызмет  орны  -  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институты.  1932  жылы  Ахмет  інісі  Қанат  пен  келіні  Майраны 

Оралга  қолдарына  алады.  (Түрган  үйлері  қазіргі  Мәншөк  Мэметова  мүражайы  орналасқан  бүрынгы 

Нариманова,  қазіргі  Сарайшық  41-ші  үй).  Мэнсия  қазақ  мектебінде  оқыды.  Ол  Ахметті  өте  жақсы 

көрді.  Әкесі  де  қызына елжіреп,  тиісті  қамқорлық жасап,  оқуын,  киінуін  бақылап отырды.  Мәнсия екі 

тілді жетік меңгеріп, сабақты өте жақсы оқыды.  Ол өте зерек, үгымтал, өнерге қүмар, эншілігі бар қолы 

іскер  болды.  Бүл ең  алдымен өзінің жаратылысынан болса,  соган қоса оның анасының тәрбиесі мен эр 

қалада  балалар  бақшасы  мен  багым  үйлерінде  тәрбиеленуі  де  эсер  етті  гой  деп  ойлаймыз.  Ахмет  те, 

Эмина  да  Мэншөкке  өздерінің  өгей  екендігін  ешбір  білдірмей  тэрбиеледі,  барлық  жагдайды  жасады. 

Би,  эншілік өнерге  бет бүра бастады.  Өсе келе  алдына зор мақсаттар қоя білді.  Әкесінің қасында жүріп 

дәрігерлік,  санитарлық  жүмыстармен  танысып,  кей  жагдайда  әкесіне  көмек  көрсетіп,  шприцпен  дэрі 

егуге  бейімделді.  Жазгы  мезгілде  пионер  лагерлеріне  экесімен  барып,  медицина  қызметінің  сырымен 

жақынырақ таныса бастады.



Қоғамдық  жүмыстарға  белсене  қатысты.  Пионер,  комсомол  жүмыстары  балғын  Мэнсияны 

рухани  шынықтыра  түсті.  Оның  бойында  көп  қасиет  қалыптасты.  Мэнсия  жас  кезінен  жомарттыққа 

жаны жақын,  қолы ашық болды.  Үй жүмысында ата-анасына көмек көрсетіп, дене шынықтырумен көп 

шүғылданған.  Соның  бэріне  уақыт  тапты.  Алайда  Мәнсияның  өмірін  күрт  өзгертіп,  балғын  балалық 

шақты ерте  аяқтауға мэжбүр еткен жағдай  болды.  Ол -   1938 жылы ақпанда әкесі Ақметті НКВД  -  УГБ 

қамауға  алып, 

«халық  жауы» 

деген 


айып  тақты. 

«Алаш 


қозғалысына 

байланысы 

бар, 

А.Байтүрсыновпен  бірге  болған,  С.  Мендешевті  қолдаған»  деген  айып тағылып,  тінту жүргізіліп,  1938 



жылы ақпан айының аяғында атылған.

Бірақ бүл хабарды отбасы да, Мэнсия да білген жоқ.  Ол әкесінен бас тартпады.  Әке жолын қуып, 

медицина  институтының  жүмысшы  факультетіне  (рабфак)  түсіп,  оқыды.  Жас  Мәнсияның  өмірінде 

туындаған тағы да бір ауыр жағдай ¥ л ы  Отан соғысының басталуы болды.

Қазіргі  кезде  Орал  қаласында  Мәншөктер  түрған  үйде,  Семей  медицина  академиясында  жэне 

Орда ауданындағы М.Мәметова атындағы ауылда Мэншөк мұражайлары  бар.



Пайдаланылган әдебиеттер тізімі:

1.  Қозыбаев М.,  Честное С.,  Бессмертие А.,  1964.

2.  Кәкішев Т.,  СадацА.,  1986.

3.  Кенжалиее И. Мәншөк батыр.  Орал,  2005.

4.  Кенжалиее И.,  Рысбеков  Т.,  Қ.  Басымов.  Орал,  2008.

5.Сыздыцов 111. Мәншөктің өшпес ерлігі. А.,  1985.

6. Халимулдина А.И., Халимулдин А.К.,  Звездный час Маншук. А. 1985.

7. 


Ерлікмәңгі жасайды.,  Подвигу жить в веках.  Орал -  Уральск,  2010.

* * *


В  статье  приводятся  биографические  данные  из  жизни  Героя  Советского  Союза  Маншук 

Маметовой,  сведения о ее приемных родителях и родственниках.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал