С. Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған



жүктеу 0.68 Mb.

бет1/8
Дата03.04.2017
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

 

С.Сейфуллин 

атындағы дарынды балаларға арналған 

№11 ОҚМИК ұжымында 2013-2014 оқу жылының 

аяқталуына орай өткізілген «Ақ жол,  қымбатты жас 

түлек» атты соңғы қоңырау салтанатынан бұрын «Рах-

мет, саған, мектебім» ойын-сауық кеші, «ХІ Жұлдыздар 

шеруі» өткізіліп, мерекелік көңі-күйімен ерекшеленді, 

мұнда мектептің 255 үздігі марпатталды.

Салтанатты  шараға  облыс  әкімі  Н.А.Ноғаев, 

мектептің әр жылғы түлектері: «Алаш» сыйлығы 

иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, белгілі жазушы 

Қайыр Бектұрғанов, облыстық білім басқармасының 

басшысы А.Ә.Мыңбаева, мектепті бітіруші 56 түлек, 

ата-аналар, т.б. қатысты.

Соңғы қоңыраудан соң мектеп түлектері үшін тәтті 

дастарқан жасалып, соңынан «Болашаққа қадам ба-

сып үмітпен, қоштасамыз алтын ұя мектеппен» атты 

тәрбие сағаты өткізілді.

 

 

 

(Өз тілшімізден)

ұ   с   т   а   з   ы

№8-9 (289-290)

11 маусым,

2014 жыл

 

Ақпараттық, танымдық және әдістемелік басылым

Ж А Й Ы Қ

 СОҒЫЛДЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

С т р а н и ц ы 

и с т о р и и

«Өрлеу» 

БАҰО өкілі 

мен кездесу 

О

заттар шеруімен ерекше мереке

И н с т и т у т   т ы н ы с ы 

В Западно-Казахстанском филиале 

АО НЦПК «Өрлеу» проводился день па-

мяти жертв репрессии.

Мероприятие началось с печальной 

музыки, исполненной на кобызе, после 

минуты молчания выступил замести-

тель директора института по учебно-

методической работе. Затем работни-

ки посмотрели документальный фильм 

«Қазақ қасіреті» («Трагедия казахов»), 

слушали доклад «Шырмалған шындық – 

таңбаланған іздер табы» («Исковеркан-

ная правда – меченные следы»). Работ-

ники института смотрели видеоролики 

о знаменитых людях, верных сынов Ка-

захстана, которые несправедливо несли 

клеймо с названием «враг народа», по-

клонились их верности своим идеалам и 

подвигу в истории. Так же на этом ме-

роприятии были прочитаны стихи, про-

слушаны кюи и песни на данную тема-

тику и т.д.  

20 мамыр күні институтымызға 

арнайы іссапармен  келген  «Өрлеу» 

АҚ басқармасы төрайымының орын-

басары Қабдыкәрімова Жанбота 

Жетілбекқызы әуелі тренерлермен, со-

дан соң институт қызметкерлерімен 

кездесу өткізді. 

Басқосуда «Өрлеу» басшылығының 

өкілі  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  орта  білім  беру 

жүйесін жаңғыртудағы жаңа мазмұн, 

еліміздегі НЗМ жобалары, отандық 

тәжірибені халықаралық деңгеймен 

кіріктіру,  білім  және  тәрбие 

жүйесі, білім беру бағдарламаларын 

жаңарту, қысқа мерзімді курстарды 

жаңаша дайындау,  бағалаудың жаңа 

жүйесі, т.б. маңызды бағыттары 

туралы мазмұнды баяндама жасап, 

қызметкерлердің пікірін тыңдап, жа-

уап берді. 

 «Өрлеу» басқармасының өкілі 

түстен кейін Оралдағы Назарбаев 

зияткерлік мектебінде кездесу өткізіп, 

оның базасымен, іс-тәжірибесімен 

танысты. 

Қиындығы  мен  қызығы  мол  тағы  бір  оқу  жылы 

аяқталды. Ахмет Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ 

ауласында соғылған соңғы қоңырау үні әсіресе осы 

мектепті бітіретін үш бірдей 11-сынып оқушылары 

үшін әрі қуанышты, әрі сәл жабырқау сәттерді алға 

тартқандай. Мектеп директоры Кенжеков  Сансыз-

бай Домбайұлының құттықтау сөзі де, көк тудың 

желбірегені, әнұран әуезі де бұл күннің мән-маңызын аша 

түсті.

Мектеп бітірушілер әдемі мерекелік көйлектерін киіп, 

соңғы вальстерін жұптаса, дөңгелене билеп, әсем әндерін 

шырқауда. «Қазақстаным» әнін әуелеткен мектеп түлегі, 

республикалық, облыстық байқауларға қатысып, әр түрлі 

жүлделерге ие болған Құрманәлі Әнарудың өнеріне де 

жиналғандар ризашылықпен қол соқты. 11 жыл бойы 

тәрбие мен білім нәрін бойларына құйған ұстаздарға, мек-

тепке деген қимастық сезіммен түлектері қол бұлғайды. 

Биылғы мектеп түлектерінің сынып жетекшілері 

Құспанова Даршын Кенжебекқызы, Оразалиева Мәншүк 

Бақтығұлқызы,Төлешқалиева Гүлзада Ержанқызы да ерек-

ше жауапкершілік пен толқу әсерінде.

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенің – қасқағым, - деп, ұстаздар атынан сөз 

алған Құспанова Д.К., ата-ана Бекарыстанова Ғ.Б., мек-

теп бітірушілер Амангелдиев Н. мен Анесова Р., Жәңгірхан 

атындағы БҚАТУ өкілі Бекқалиева А.Қ. ақ жол, сәт сапар, 

мол бақыт тілеп, жарқын болашаққа жөн сілтегендей. 

11 сыныпты бітіруші Есенжолова Бақытнұр 10 сынып 

оқушысы Есенғожиева Ақмаралға Білім кілтін табыстады.

«Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғаңдар!» 

деген тілекпен шарлар, көгершіндер көкке ұшырылды. 

Мерекелік салтанат мектеп акт залындағы мектеп 

бітірушілері мен өнерпаздарының есептік концертіне 

ұласты, «Жас ұлан» тобындағылар 2013-2014 оқу жылы 

түлектеріне өздері жасаған сыйлықтарын естелікке тап-

сырды.

 

 

 

 

(Өз тілшімізден)  

«Мектебім, өзіңді қия алмай барамыз ...»

 

2

Жайық ұстазы

11 маусым, 2014 ж.

“Невада-Семей” халықаралық 

қозғалысына - 25 жыл

Ғасырлар таңбасы - “Капустин Яр”

А қ ж а й ық мектептерінде 

Д і н т а ну негіздерін 

о қ ы ту  туралы

П

а т р и о т и ч ес ко е 

во с п и т а н и е   д ет е й

Дәстүрлі жас мамандар байқауы

Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану 

музейінің филиалы табиғат және экология музей 

қызметкерлері ұйымдастыруымен антиядролық 

«Невада-Семей» Халықаралық қозғалысының 25 

жылдығына орай «Ғасырлар таңбасы – «Капу-

стин Яр» ғылыми конференциясы  өткізілді.

Конференцияда музей меңгерушісі К.Алмұханова 

мен музей экскурсия жүргізушісі А.Темірғалиеваның 

алғы сөзінен кейін Батыс Қазақстан инженерлік-

гуманитарлық университетінің студенттері 

Қазақстан Республикасы территориясындағы 

әскери полигондар,оның биосфераға тигізетін 

әсері,  экологиялық  жағдайдың  құқықтық 

реттелуі, т.б. проблемалық тақырыптарда ба-

яндама жасады. Биология ғылымының кандида-

ты, аталған институт доценті М.Зиналиеваның 

ғылыми жетекшілігімен студенттер Н.Кишкина, 

Ж.Байтақова,  Н.Балакова,  А.Ахметова, 

Г.Мырзахан, Ж.Карлова, зоология ғылымының 

маманы, аға оқытушы Д.Гилманованың ғылыми 

жетекшілігімен студент Е.Есеняров өз баянда-

маларында «Невада-Семей» қозғалысы кезінде 

ашылған  полигон  құпиялары  мен  адамдар 

денсалығына тигізген орасан зор зардаптары ту-

ралы проблемалық мәселелерді қозғады.

Конференцияда екі алпауыт елдің (АҚШ пен 

Ресей) жанталаса қарулануының салдарынан 

ядролық қаруды сынақтан өткізудің қасіретті 

зардабын өзге елдердің бейбіт халқы тартып, 

соғыссыз құрбандық болғаны айтылды. Мәселен, 

АҚШ атом қаруын Ұлыбританияда, Қытай, 

Франция, Үндістан және Пәкістан жерінде сы-

наса, КСРО  Қазақстанның шұрайлы жерлерін өз 

сынақ айлағына айналдырды. Қырық жыл бойғы 

жасырын жүргізілген ядролық сынақ полигоны 

қазақ даласының 19 млн. гектар жерін алып жат-

ты. Онда тек атом бомбаларын сынаумен ғана 

шектелмей, жаңа соғыс зымырандары мен соғыс 

техникалары да сынақтан өткізілетін болған. 

Атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы Семей 

өңірі Курчатов  қаласындағы 1949 жылғы сынақ 

ең алғашқы жарылыс болыпты. Өз халқынан 

жасырып, «бейбітшілік мақсатында» деген же-

леумен осылай басталған сынақтар жер астын-

да да, жер үстінде де жасалып, саны 500-ге 

жетіпті. 

Сынақтар ордасы аталған Семей, Абай, 

Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы, Азғыр, На-

рын, Тайсойған полигондары тажал ошағына 

айналды. Соның ішінде жасырын сынақтар 

өткізілген полигондардың басым бөлігі біздің 

батыс өңірімізге қарайды екен. Олар: Нарын, 

Ембі, Тайсойған, Азғыр. Батыстағы төрт 

облыс аймағына еніп, алты миллион гектар 

жерді алып жатқан «Капустин Яр» полиго-

ны тағы бар. Бұл полигонның орталығы Волго-

град қаласы маңында болса, сынақ алаңы яғни 

әскери техниканың үш жердегі «құлау аймағы» 

Батыс Қазақстан мен Атырау облысы тери-

ториясында. Біріншісі – Нарындағы «Хаки», 

екіншісі – Жаңақаладағы «Казанька», үшіншісі – 

Атыраудағы «Тайсойған». Бұлардың бәрі конфе-

ренцияда ұйымдастырылған «Ғасырлар таңбасы 

– «Капустин Яр» көрмесінде жасалған картада 

айқын көрсетілген. 

1964-1969 жылдардағы жарылыс салдары-

нан жоғарыда аты аталған ауыл тұрғындары 

155-3500 мкр/сағат гамма сәулесін алған, ал 

сол  кездері  жарылған  атом  бомбасының 

жарылысының күші Херосимаға тасталған бом-

бадан 65 есе артық болған. Тек осы ауылдар 

ғана емес, осы полигондарға жақын орналасқан 

облысымыздағы алты аудан – Ақжайық, Бөкей 

ордасы, Жәнібек, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе 

аудандарының 150 мың тұрғыны денсаулығынан 

зардап шегіп, өмір сүру жасы қысқарған. Сол кез-

де Қазақстан Республикасы бойынша адамдар 

ғұмыр жасының ұзақтығы ер адамдар үшін 64, 

әйелдер үшін 71 жас болса, Бөкей ордасы ауда-

нында тұрғындардың орташа өмір сүру жасы 

ер адамдар үшін 58, әйелдер үшін 61 жыл болған. 

Дәрігерлер білмейтін ауру түрлері пайда бо-

лып, өңір экологиясы зардап шеккен. Өсімдіктер 

радиоактивті және химиялық улы заттармен 

ластанған. Зымырандар ұшырылған аймақтарда 

шөптегі гептил шектеулі мөлшерден 10 есе, та-

лий мың есе артықтығы анықталған. Қазірдің 

өзінде зерттеу жұмыстары кезінде Қаратөбе, 

Қазталов, Жаңақала,Тайпақ, Бөкей ордасы 

аудандарының су көздері радионуклидтік және 

ауыр металдармен никель, қорғасын, марганец, 

кабальт құрамдары мөлшерден жүздеген есе 

артық болған. Бұған қоса, топырақтағы мұнай 

өнімінің қалдықтары да 1,5 - 32,6 есеге дейін 

безпириннің көлемі 1,2 - 25,5 есеге дейін асып 

кеткені зерттеліп анықталыпты. Бұлардың бәрі 

түсініксіз жағдайда малдың, жабайы киіктердің 

жаппай қырылуына әкеліп соқтырған.

Көрмеден  алынған  тағы  бір  мәлімет: 

1990 -1992 жылдардағы «Нарын» қоғамдық 

қозғалысының жұмыстары, қозғалыс жетекшісі 

Кәкен Көбейсіновтың үш мәрте осы мәселелермен 

Елбасына баруы, «Капустин Яр», «Азғыр» поли-

гондары сынақтарынан зардап шеккен тұрғындар 

үшін арнайы Әлеуметтік Бағдарламаға қол 

жеткізілгендігі, Жаңақала ауданы орталығында 

сауықтыру орталығы ашылғандығы туралы ма-

териалдар бар. Сонымен қатар көрмеден Ресей 

Федерациясының Қазақстандағы әскери полигон-

дарды жалға алғандығы жөніндегі анықтаманы 

да табасыз.

Алайда, 2010 жылғы Вашингтондағы, 2012 

жылғы Сеулдегі, 2014 жылғы Нидерландияның 

Гаага қаласындағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі 

үшінші ғаламдық саммит шешімдеріне сай біздің 

Призидентіміздің ұстанымдарына қарамастан, 

қазақ жерінде «Капустин Яр» полигонында сынақ 

жұмыстары жалғасуда екенін айта кету керек. 

Конференцияға  қатысушылар  музей 

қорындағы «Капустин Яр», «Азғыр» полигонда-

рына қатысты жәдігерлер мен құжаттарды 

тұңғыш рет көрермен назарына ұсына отырып, 

өз баяндамаларында қазақ жеріндегі «Нарын» 

полигондарының толықтай жабылуы жөніндегі 

талап-тілектерін алға тартады.

Конференцияға БҚО экология департаментінің 

бас маманы А.Жұмағазиев, БҚО табиғи ре-

сурстар және табиғат пайдалануды реттеу 

басқармасының  бас  маманы  Ф.Сұлтанова 

қатысып, облыс экологиясы мен табиғатының 

жай-күйі туралы сөз сөйледі.

Конференция Нарын құмындағы тұрғындар 

қасіретін баяндайтын «Нарын тағдыры  - ел 

тағдыры» бейнефильмімен аяқталды.

                                                             



 Рысты ХАЛАУҚЫЗЫ,

Орал қаласы

 

«Мемлекет 



адамның өмір сүруі мен 

денсаулығына қолайлы қоршаған 

ортаны қорғауды мақсат етіп қояды»

 (Қазақстан Республикасы 

Конституциясынан) 

Батыс  Қазақстан  облыстық  білім 

басқармасының  мектепке  дейінгі,  жал-

пы орта, техникалық және кәсіптік білім бе-

ру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік 

кабинетінің ұйымдастыруымен 2014 жылдың 

30 сәуірі күні дарынды  балаларға  арналған  

мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 

облыстық қазақ мектеп-интернат кешені база-

сында  «Дінтану негіздері факультатив курсын 

ұйымдастырудың тиімді жолдары»  тақырыбында  

облыстық дінтану пәні мұғалімдері мен аудандық, 

қалалық  білім  бөлімдерінің  әдіскерлерінің 

қатысуымен облыстық семинар-практикум 

оздырылды. Семинар- практикумның көздеген 

мақсаты - «Дінтану негіздері»  пәнін  оқытатын  

мұғалімдердің  кәсіби  шеберлігін, біліктілігін 

көтеру, орта білім беру жүйесін  жаңа технология-

лар  арқылы білім беруді насихаттау,панорамалық  

сабақ  көрсету арқылы оқушылардың ақпараттық 

мәдениетін қалыптастыруда оқытудың тиімді 

түрлері мен  әдістерін іздеу, оқу үдерісіне енгізуді 

дамыту, тәжірибе алмасу.

Семинар-практикумға мектепке дейінгі, 

жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім бе-

ру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік 

кабинетінің  директоры  А.О.Хамзина,  Ба-

тыс Қазақстан облысы бойынша Дін істері 

басқармасы,  діни  бірлестіктермен  байла-

ныс бөлімінің жетекшісі Семгалиева Баянгүл 

Қуандыққызы «Қазақстандағы діни жағдайдың 

өзгеруі  және    дінтану  негіздерін  оқыту 

мәселелері»,  «Жайық» деструктивтік діни 

ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету 

орталығының төрағасы Абдрахманов Азамат 

Талғатұлы «Жалған діни ағымдардан жастар-

ды қорғау және оның алдын-алу», М.Өтемісұлы 

атындағы  Батыс  Қазақстан    Мемлекеттік 

Университеті, тарих және құқық факультеті, 

«дүниежүзі  тарихы  және  әлеуметтік-саяси 

пәндер» кафедрасы, ф.ғ.к, доцент  Науанова 

Құрманай Мәдиқызы «Особенности и проблемы 

преподавания курса религиоведения» атты баян-

дамаларын көпшілікке ұсынды.

Сонымен, қатар  №42 «Ақ ниет» МГ тарих 

пәнінің мұғалімі А.М.Сисекешова «Дінтану 

негіздері сабақтарында оқушылардың жұмысын 

ұйымдастырудың тиімді жолдары» атты баянда-

масымен өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар-практикум барысында «Дінтану 

негіздері» факультатив пәнінің мақсаты мен 

маңыздылығы туралы сөз қозғалып, аталған 

пәннің жастардың дүниетанымы мен санасының 

қалыптасуына және көп ұлтты әрі көп конфессия-

лы мемлекетте ұлтаралық, дінаралық татулықты 

қалыптастырудағы маңызы баяндалды. 

Сонымен қатар, пән мұғалімдеріне зайыр-

лы мемлекетте діннің өмір сүру формасы және 

өскелең ұрпақты дәстүрлі емес діни ағымдардың 

ықпалынан қорғау секілді мәселелер түсіндірілді. 

Семинар-практикум  барысында пәнге қатысты 

көптеген сауалдар қойылып, мамандар тарапы-

нан жауаптар берілді.

Семинар-практикумның екінші бөлімінде 

пән мұғалімдері панорамалық сабақтар көрсету 

арқылы өздерінің әдістемелік тәжірибесімен 

бөлісті.  Соның  ішінде,  айта  кетерлік, 

Шыңғырлау  ауданы,  Қылышев  атындағы 

ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі Э.И.Сапашева 

өз тәжірибесімен бөлісіп, дінтану сабақтары ба-

рысында оқушыларға арналған жұмыс дәптерін 

ұсынды.


Тасқала  ауданы  Қ.Сәтбаев  атындағы 

ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі И.Г.Байдушев, 

Теректі ауданы Ақсуат ЖББОМ тарих пәнінің 

мұғалімі Е.Курманов, №34 МГ тарих пәнінің 

мұғалімі Б.Нагиева сынды жас мамандар өз 

тәжірибесімен  бөлісті.

Әдістемелік  тұрғыда  семинар  тиісті 

деңгейде  өтті.  Семинарға  қатысушылар 

ұйымдастырушылардың жақсы деңгейдегі 

дайындығын, белсенділігін атап көрсетті.

Семинар  барысында,  мұғалімдер  өз 

сабақтарында  оқыту  әдістемелігінің  сан 

түрлі формалары мен түрлерін оқушылардың 

қызығушылығы мен белсенділігін арттыруда 

кеңінен қолданды. 

Д.ШАКАЕВА,   

БҚО білім басқармасының 

МДЖОТ жКББ  ұйымдарының  

облыстық оқу-әдістемелік 

кабинетінің әдіскері

Аудандық білім бөлімінің  жұмыс  жоспа-

рына сай, жылма-жыл  дәстүрге айналған 

жас мамандар байқауы біздің Ғ.Махамбетов 

атындағы ЖББОМ де өткізілді. 

Жас мамандар жетекшісі А.Губашеваның 

ұйымдастыруымен  оздырылған бұл байқауға 7 

маман қатысты.

-  Байқауды  өткізудегі  мақсат  – 

адамгершілігі жоғары, интеллектуалды жеке 

тұлғаны тәрбиелейтін ауыл мұғалімін анықтау, 

олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызын арт-

тыру, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін наси-

хаттау және тарату, ауыл мектептерін да-

мыту  бағдарламаларына жаңа технологиялар-

ды енгізу және  мұғалім мәртебесін  көтеру, - 

деді оқу ісінің  меңгерушісі О.Қалыбаев.

Байқауға қатысушы  сайыскерлер әуелі 

өзін-өзі  таныстырады. Оған қоса, бейнема-

териал, репортаж, фильм түрлерінде озды-

рылды. Өздерінің таңдаған сыныптарында 

интерактивті тақтаның көмегімен шеберлік 

сағаттарын  өткізді.  Әрқайсысы  өмірлік  

ұстанымдарын ту етіп, ашық сабақ беруде 

ізденімпаздық, ой ұшқырлықтарын байқата 

білді. Ситуациялық жағдаяттардан өтіп, ата-

ана мен оқушылар арасындағы педагогикалық, 

этикалық қатынастары туралы  пікірлерін 

ортаға салды. «Болашақ мектеп жас маман 

көзімен» атты бөлімінде әр ұстаз қиялындағы 

мектептің макетін  дайындап, болашақтағы 

армандарына тұжырым жасады.

Әділқазылардың  шешімімен  байқау 

қорытындысында, І.Қабжанова «Шығармашыл  

ұстаз»,  А.Искакова  «Өнерлі  ұстаз», 

Ш.Құбашева «Эрудит ұстаз» деп танылды.  

ІІІ орын Э.Тлебалдыға, ІІ орын Т.Қарғабаевқа, 

І орын Ш.Ниязқызына бұйырды. Ал инфор-

матика пәнінің мұғалімі Нұрзада Кубаше-

ва бас жүлдені  иеленіп, «Ең үздік жас ма-

ман» атағына  лайық деп  саналды. Мектеп 

әкімшілігі жас ұстаздарды дипломдармен ма-

рапаттап, арнайы сыйлықтар  тапсырды.

Ж.МҰХАМБЕТҚАЛИЕВА,

Ғ.Махамбетов атындағы 

ЖББОМ тәлімгері,

Ақжайық ауданы

“ Ж ы л   о қ у ш ы с ы   -   2 0 1 4 ”

«Асыл тастан, өнер жастан» деп да-

на  халқымыз  айтқандай,  дәстүрлі 

«Жыл оқушысы» сайысына  оқушылар 

өз  білімдері  мен  ой  ұшқырлығын  са-

раптау мақсатында қатысты.  Шараның 

мақсаты: жыл қорытындысы бойынша әр 

сыныптағы белсенді, лидерлік қабілетімен 

қоса, білім жетістіктері бар оқушыларды 

анықтау, шығармашылық қабілеттерін да-

мыту, ұжымның намысын қорғай білетін 

және еңбексүйгіш азаматтарды тәрбиелеу. 

Оқушылар презентация түрінде өзін-өзі 

таныстырды, «Жүзден жүйрік, мыңнан 

тұлпар» интеллектуалды блиц - сұрақтарға 

жауап берді, «Біз Қазақстанның жарқын 

болашағымыз» атты эссені орыс, қазақ, 

ағылшын тілдерінде жазды және портфо-

лио дайындап  тапсырды. Жалпы сайысқа 

12 оқушы қатысты, сайыс соңында 8 сынып 

оқушысы Серік Мұхтар мектепішілік «Жыл 

оқушысы -2014» атағына ие болды.




  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал