С ы н сарбазы Рымбек Әріптес туралы әңгіме



жүктеу 54.13 Kb.

Дата04.03.2017
өлшемі54.13 Kb.

С ы н сарбазы -

Рымбек 


Әріптес туралы әңгіме 

Тағдырын таспадай тіліп, өмірін өнегелі 

өріп, артындағы ұрпағына үлгі боларлық ай-

шықты із қалдырған, ел үшін шыбын жанын 

шүберекке түйіп, әділетсіздік пен шындық үшін 

шыр-пыры шығып қызмет еткен жанның бірі -

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, 

қарт журналист Рымбек Мәмбетов. 

Рекең қолына қалам алған сонау 

желкілдеген желең кезінен шау тартқан шақу-

атты шағына шейін өзі өмір сүрген орта мен 

қоғамның көлеңкелі тұстары, келеңсіз құбылы-

старын ешкімнің қас-қабағына қарамай жазып, 

өткір-өткір мәселелерді қозғады. Аудандық 

«Арқа еңбеккері» («Тоқырауын тынысы») 

газетінде ұзақ жыл табан аудармай, облыстық 

«Орталық Қазақстан» басылымында меншікті 

тілші болып әр уақыттары қаны мен сөлі сорға-

лаған сын мақала, қырсыздардың құтын 

қашырған фельетондар жазған. Рекең ел 

ішінде үлкен абырой мен беделге ие. 

Рекең алды-артын аңғарып, айналасына 

байыппен қарауға бағыт-бағдар сілтеген ұла-

ғатты ұстаздарының қатарына кезінде Қара-

ғанды, Шығыс Қазақстан облыстық газет-

терінде, республикалық «Лениншіл жас» 

(қазіргі «Жас Алаш») секілді жастардың бас 

басылымын басқарған Бейсенғали Тәйкі-

манов, сол тұстардағы Қарағанды облыстық 

«Советтік Қазақстанның» ертеректегі қызмет-

кері Оспанбай Орынтаев және Ақтоғай аудан-

дық «Арқа еңбеккері» газетінің «қаранары» 

Смекең (Смағұл Ибраев), жаны жайсаң, пейілі 

дархан өте зиялы аудан айнасының және бір 

көшбасшысы Қасжан Ағеділов секілді қазақ 

журналистикасының тарландары мен арланда-

ры болғанын мақтанышпен еске алып отыра-

ды. 


Сонымен қатар Рекең тұстастары, бүгінгі 

майталман қаламгерлер Серікбай Алпысов, 

Мақсым Омарбеков, Қасым Орынбетов, Кәрім 

Сауғабаев, Төкен Оразбековтерді қатты 

қадірлейді. Артынан еріп, өкшесін басқан 

інілері Дәуітәлі Стамбеков, Үмітай Жармаған-

бетов, Серік Ақсұңқарұлы, Бағдат Омашев. 

Балтабек Әбеуовтермен тонның ішкі бауындай 

араласып, шығармашылықтың шырғалаңын 

бірге кешкен. 

Өз басым Рекенді кейінгі 7-8 жылдан бері 

білемін. Аңқылдаған ақжарқын. Үлкенмін деп 

міндетсімей, өзін біздермен әрдайым терезесі 

тең дәрежеде ұстайтын. Алғаш Рекеңмен мені 

марқұм Ақтоғайдың Мұқағалиы атанған адуын-

ды ақын, жасындай жарқылдаған журналист 

Үмітай Жармағанбетов таныстырған. Үмкең 

Рекенді «Сары шал» деуші еді. Сары шал мен 

газетке тілші боп келген сәтте денсаулығына 

байланысты үйінде отыр екен. Ұзақ жыл қағаз 

бен қорғасын, газет майы, «Екі көз екі шырақ 

маңдайдағы, Көретін құбылысты қай-қай-

дағы», - деп, дауылпаз ақын Қасым жырлаған 

жанарының нұрын жеп қойыпты. Сары шал ана 

«Көктемнің он жеті сәті» аталатын кеңес бар-

лаушысы жайлы шытырман оқиғалы фильмдегі 

Айсман секілді бір көзіне құрым байлап 

жүретін. Қанша дегенмен саналы ғұмыры осы 

газетке арналған адам үйге сыйып отыра ал-

майтыны да рас. Содан болар, әйтеуір салып 

ұрып аптасына бір-екі мәрте редакцияға келіп 

тұратын. 

Ұзақ жыл қызметте үзеңгілес жүріп 

үйренісіп кеткендіктен бе? Әйтеуір Үмкең жасы 

үлкен болса да, Сары шалмен қатты қалжың-

дасатын. Аңғал да аңқау Рекеңнің басынан не 

қилы қызықты күлкілі жайға ұшырған хикаяла-

рында да қисап болмайтын. Сары шал редак-

цияға келген сайын әлбетте, сондай хикаялар-

дың бірі әңгіме арқауына айналатын. Сондай 

оқиғаның бір парасы былайша өрбиді. 

«Бір күні мына «соққандар» («соққандар» 

деп Рекең Үмкең, Серік, Балтабектерді айта-

ды) ойбай, ресторанға «свежи» сыра кепті, біз 

кетсек бірден күдік туады. Сары шал осы ша-

руаны өзің тындыр, - деп, қолқалап болмады. 

Бұлардың айтқандарын орындамасаң, бәрібір 

тақымдап қоймайды. Сосын жарайды, барсам 

барып келе қояйын деп, келісе кеттім. Қолыма 

мына қулар ұстатқан дәу шелекті ала салып 

көшеге тарттым. Тобылғы торы сыраны нән 

шелекке шүпілдетіп құйғызып алып, кері ұрып 

келе жатқам. Қайдан сап ете қалғанын қайдам, 

бір қарасам, қарсы алдымнан Қаскеңнің (Қас-

жан Ағеділов - редактор) шыға келгені. - Өй, 

Рымбек, андағың немене?! - деп, мөймілдеп 

тұрған шелегіме секем ала көз тастап, маған 

шүйіле қарады. Кейде адамның қысылғанда 

бар ғой, қиыннан қиыстырып, жол тауып 

кететіні бар, құдай-ау. Мен де жұлып алғандай 

Қаскеңе: -«Келініңіз дүкенге сұйық май әкелді, 

әкеле сал дегесін» - деп, өп-өтірік мәймөңке-

леп жатырмын. Қаскең қулығы жоқ, аңғал, 

кісіге сенгіш еді ғой. «Әй, Рымбек, келіннің 

ығымен жүрсең, өлмейсің, дұрыс-дұрыс, - деді 

де - жарықтықтың көпіршуін-ау, - деп, таңда-

ған кейіп танытып жайына жүре берді» деп 

аяқталса, екінші бірісі былайша желісі мен 

жүйесін табады: 

- Бірде мына соққан (өзінің жиі қолданатын 

сөзі) «Әй, сары шал, мына бір өлеңге пікір ай-

тып жіберші», - деп, біреудің өлеңін алдыма 

тастай салды. Көзімді атүсті жүгіртіп, (бұл 

құрдымның мені тақырға отырғызғысы келіп 

отырғанын қайдан білейін) бас салып «осыны 

да өлең деп, қай мақұлық мынаны шатып 

жүрген», - деп дүрсе қоя бермеймін бе? Сол-

ақ екен, мына қу өңін бұзып алып: - «Әй, сары 

шал, сен кімге сын айтып отырғаныңды білесің 

бе әуелі, бұл ұлы орыс халқының ұлы шайыры 

Пушкиннен қазақтың ұлы ақыны Абай жасаған 

аударма, мынауынды тірі жан естімесін десең, 

тап осы қазір ауызбастырық бер, әйтпесе, 

құрисың»,- дегенде, жүрегім тас-төбемнен 

шықты. Жалма-жан бір қызыл шұнақты (он 

сомдық) суырып алып, Үмкеңнің қолына ұста-

та салып, ойбай, Үмкенжан, дымың ішіңде бол-

сын, еш пенденің құлағына тигізе көрме бұл 

жайды, - деп, әзер құтылғаным бар, - деп 

қарап отырар еді Рекең. Міне, Рекеңнің осы та-

қылеттес хикаялары келген сайын көңілімізді 

бір көтеріп, желпіндіріп тастайды. Кейінгі 5-6 

жыл Рекең қалаға қоныс аударып, көз жазып 

қалған едік. 

Осы жазда Сары шал ауылға ат басын 

бұрып, арнайы келіп, ағайын-туғанның қазасы-

на бата жасап, көңіл айтып, қуаныштарымен 

құттықтап, біраз аунап-қунап қайтты. Әдет-

тегідей газет редакциясына соғуды да ұмытқ-

ан жоқ. Өткен-кеткен жайлардың басын шалып 

шер тарқатып дегендей, бұл жолы да арқа-

жарқа болыстық. 

Алпыстың асқарынан асқан Рекең жайлы 

күні бүгінге шейін ешкім жылы лебіз білдір-

мепті. Өз-өзін дәріпте деп жалпылдау - ол 

кісінің мінезіне жат, Сары шалдың сол қылы-

ғын білетін мен осы келгенінде өмір-дерегінен 

шым-шымдап, майдан қыл суыртпақтағандай 

сыр тартып көргем. 

Рекең 1937 жылы Қоңырат ауданына қа-

расты Қоңырат кенішінде (қазіргі Ақтоғай ауда-

ны, Шығыс Қоңырат кентінде) дүниеге келген. 

Әкесі Рахымжан кеніште жұмысшы, қазақтың 

тұңғыш темір тұлпарды тізгіндеген шопырла-

рының бірі, (Рахаңның шыққан тегі Қарқаралы-

ның Қара, шек-шегінен, бірақ, осы Ақтоғайға 

сіңісіп, Рекең өзін ақтоғайлықпын деп 

есептейді). Бертін ел билеп, атқа мінер атанып, 

ферма басқарған. Жүйрік ат ұстап, алғыр тазы 

жүгіртіп, сейіл құрып, сері атанған. Рахаңның 

атқұмарлығы сондай, бір атты 1 киіз үй, 1 бұ-

заулы сиыр, 6 центнер бидай беріп алыпты. 

Кейіндеу «Калининқара» атанған ол ат бәйгенің 

алдын бермейтін жүйрік болыпты. Әкетіп бара 

жатқан сауаты мен білімі болмаса да, Рақаң-

ның ел танып, кісі сыйлай алатын қасиеті бо-

йына туа біткен. Шаңырағына талай-талай игі 

жақсы мен жайсаң түсіп, дастарқанынан дәм 

татқан. Солардың бірі жоғарыда аты аталған 

Бейсекең. Бейсекең Рахаңды ел ішінде сырдың 

суы сирағынан келмейтін «Сартыс басқарма» 

атандырып кеткен көрінеді. 

Рекеңнің балалық шағы бірқалыпты алаң-

сыз өткен. Мектеп бітіріп, Қарағанды педаго-

гикалық институтына оқуға түскен. Жоғары 

білім алған бетте Шығыс Қазақстан облысы-

ның Күршім ауданына қарасты Маралиха се-

лосына жолдама алады. «Шығыс Қазақстан об-

лысына барасың дегенде салып ұрып Осекеңе 

бардым. Осекең: - Қарағым, Рымбек жұмса-

ған жерге бар. Ел көресің, жер көресің, ысы-

лып өмірлік тәжірибе жинап қайтасың, - деген 

ақылын айтты. Ол жақта Бейсенғали Тайкіма-

нов деген ағаң қызмет жасайды. Әкеңнің көзін 

көрген, жақсы кісі. Орналасуыңа, жұмысқа 

тұруыңа қол ұшын берер, - деп, толқыған 

көңілімді демдеп тастады. Сөйтіп жеңгеңді 

ертіп, туу қиыр шығыс шеттегі Алтай өңірінен 

бір-ақ шықтым. Обалы қане, Бейсекең менің 

кім екендігімді естіген бетте жаны қалмай, 

қолынан келген бар жақсылығын үйіп-төкті. 

Бірер жыл Маралиха селосында қызмет 

істедім. Жөргек иіскеп, сәбилі болып, қос 

бірдей Алтай, Марал атты балаларымыз өмірге 

кеп, қуаныштан жүрегіміз жарыла жаздады. 

Бейсекең қашан Алматыға қызмет бабымен 

ауысқанша қанатының астына алып араласып-

құраласып тұрдық. Алматыға кетер кезінде 

өзіне шақырып алып: - Айналайын, Рымбек, 

әкеңмен азын-аулақ дәмдес болдық. Міне, 

өзіңмен де тумасақта туғандай боп қалып едік, 

амал жоқ, қоштасқалы тұрмыз. Алды-артынды 

байқайтын есті баласың, сен менің ақылымды 

алсаң, елге қайт. Бұл жақ қанша жайлы болға-

нымен, сырт жер, бөтен ел, түбінде қысылған-

да қолтығыңнан демейтін ағайын арасына бар-

ғаның жөн, - деді. Қара тұтып, пана тұтып 

жүрген Бейсекең анандай дегенсін, қой болмас 

деп, елге оралдым. «Ай-хай, менің өз үйім, кең 

сарайдай боз үйім», - деп Жиренше шешен ай-

тқандай, өз елің, өлең төсегің емес пе? Елге 

келіп, сүрінгенде демеген, құлағанда жебеген 

ағайын-туыс, құлын-тайдай тебіскен жора-жол-

дастармен қауыштық» - деп, Рекең өткен өмір 

белестеріне көз жүгіртіп, ағынан жарылған. 

Рымбек Мәмбетов қылышынан қан тамған 

кеңестік кездің өзінде аудан хатшыларының 

өзіне азуын басып, тісің батырған жүректі жур-

налист. Оның қаламынан туған «Төбелес төрт 

сағатқа созылды», «Арқарды атқан кім?», «Қой-

маға тон келіп, қойыпты тең бөліп». «Әркімдер 

дүрлігісті, Әбекеңе жүгірісті», «Жоғалған дәннің 

ізі» т,б. сол тұстағы қоғамның келеңсіз құбы-

лысы мен жағымсыз жақтарын өткір әшкере-

лейтін сын мақала, фельетондары аудандық, 

облыстық, тіптен республикалық басылым 

беттерінде жарияланып, талайдың құтын 

қашырып, мазасын алған. Соның салдарынан 

бәз-біреулер соңынан шырақалып түсіп, қуда-

лауғада ұшырапты. «Әй, Үмкен-ай, (менің елде 

ұшыраспайтын есімімді есіне сақтай алмаға-

сын, осылайша атап кетті. Бәлкім, бауырындай 

болып кеткен әріптес інісі Үмітайды есіне түсіре 

ме екен. Ол жағы түсініксіз) мен не көрмедім, 

Дәркен Жұмағұлованың кесірінен жұмыстан да 

қуылдым ғой. Бір қыс, бір жаз аудандық жол 

жөндеу мекемесінде (ДЭУ) жазда қара жұмыс-

шы, қыста от жағар (кочегар) болдым. Мына 

Мәнайдың(Бегімбетов)әкесіТөлеутай, қазіргі 

Кәрімбек молда бәріміз бірге жұмыс істедік. 

Екеуі де қарапайым, сондай жақсы кісілер. 

Менің газеттен шығып кеткеніме жанашырлық-

пен, түсіністікпен қарап, иығыма аса ауыртпа-

лық артпайтын. Бірақ, «аққа құдай жақ» деген-

дей, бір жылдан соң қызметке қайыра шақы-

рып алды. Оған негізінен күш салған иманды 

болғыр, жарықтық Смекең», - дейді газеттегі 

пайғамбардай табынатын ұстазы туралы Ре-

кең. Иә, Сары шал Ақтоғай журналистикасын-

да өзіндік қолтаңбасы мен ізін қалдырған 

қаламгер. Өміргедеген өкпе-ренішім жоқ. Тек 

жалғыз-ақ, әттеген-айым көкірегімде алтын 

кембедей жасырын жатқан алдымдағы ағала-

рым, тұстастарым, өкшелес інілерім, қарапай-

ым ел ішіндегі сұңғыла азаматтар туралы еш-

теңе тындыра алмай (жаза алмай) отырғаным 

болмаса - деп, Сары шал көзінің көрмей қалғ-

анына қапаланды. Расында ұлын ұяға, қызын 

қияға қондырып, немере сүйіп отырған, 

құрметті демалыстағы адамда не арман бар 

дейсіңғой. Әлбетте, солайы-солай боп көрінуі 

кәдік. Әйтсе де әркімнің көкейінде бір-бір 

түйткіл жататыны хақ. Және бір ғажабы Рекең 

мен осы аудан үшін, халық үшін көз жанарым-

ның сәулесін сарықтым-ау, денсаулығымнан 

айрылдым-ау, не болмаса осынша жыл журна-

листика саласында тер төгіп, еңбегім еленбеді-

ау деп, мекиеннің әтешіндей мекіреніп, 

міндетсінген де емес. Тегінде нағыз елжанды, 

кісілігінен кішілігі басым жан ғана істеген ісі мен 

еткен еңбегінің өтеуін тілемесе керек. Биылғы 

баспасөз саласының төл мерекесі қарсаңын-

да «Тоқырауын тынысы» газетінің редакторы 

тарапынан облыстық Журналистер одағынан 

ауданымыздың қарт журналисін марапаттауды 

сұраған. Өкінішке қарай, ол өтінішіміз орын-

далмады. Негізі халық үшін аянбай тер төккен 

жандардың еңбектерін елеп, мерей-

мәртебесін асқақтатып отырсақ, өзімізді-

өзіміз сыйлағанымыз, өзімізді-өзіміз бағалаға-

нымыз деп түсінген жөн. Олай болса, Ақтоғай 

журналистикасының қатары селдіреп, сиреп 

қалған тарланбоз қаламгерлерінің қадіріне 

жете білейік, ағайын. 



Мүсіркеп СЕЙІТАХМЕТ. 

АҚТОҒАЙ ауданы. 



Орталық Қазақстан.- 2005.- 11 қаңтар.- 6б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал